- •26.05.2011 Ж. Хаттама №10
- •Қабынудың этиологиясы
- •Қабынудың патогенезі
- •IX тәсім. Қабынудың фазалары
- •X тәсім. Қабынудың плазмалық (гуморальдық) медиаторларының әрекеті
- •Гематогендік жасушалар Гистиогендік жасушалар
- •XII тәсім. Қабыну ошағындағы жасушалардың толысуы және басқа жасушаларға айналуы
- •Қабынудың терминологиясы мен классификациясы
- •Қабынудың морфологиялық нысандары
- •Тәжірибелік сабақтың оқу картасы
- •Білімді бағалауға арналған негізгі сұрақтар:
- •Білімді қорытынды бағалауға арналған сұрақтар:
- •Тесттілік с±раќтары:
- •Ситуациялық есептер:
- •Тесттілік с±раќтардың жауаптары:
- •Ситуациялық есептердің жауаптары:
- •22.06.10. Басуға қол қойылды
Гематогендік жасушалар Гистиогендік жасушалар
В-лим-фоцит
Т-лимфо-цит
Моно-цит
Нейтрофил
(жойылады)
Мезенхиманың камбийлік
Эпителийдің
камбийлік
Эпителийлік жасуша
Гистиоцит
Фибробласт
Фиброцит
Лаброцит
Макрофаг
Макрофаг
Талшықты құрылымдардың түзілуі
Плазмалы жасуша
Эпителиоид жасуша
Алып жасуша
XII тәсім. Қабыну ошағындағы жасушалардың толысуы және басқа жасушаларға айналуы
Қабынуды реттеу. Қабынудың даму барысы гормондық, жүйкелік және иммундық әсер арқылы реттеледі. Гипофиздің соматотроптық гормоны, дезосикортикостерон, альдестерон сияқты қабынуды үдететіні (қабынуды үдеткіш гормондар), ал глюкокортикоидтар мен гипофиздің адренокортико-тропты гормоны бәсеңдететіні (қабынуды тежейтін гормондар) белгілі жайт. Холинергиялық заттар қабынуды үдететін гормон сияқты қабынулық медиаторларды көбейтсе, адренергиялық заттар, керісінше, медиаторлар белсенділігін бәсеңдетіп, қабынуды тежейтін гормон тәрізді әсер етеді. Қа-бынулық үрдістің даму қарқыны мен бейнесіне иммундық ахуалдың да ықпа-лы бар. Қабыну, әсіресе антигенмен дем бергенде (сенсибилизация) өте қар-қынды; қабынудың бұл түрі иммундық, яғни аллергиялық қабыну деп аталады.
Қабынудың ақыры оның этиологиясы мен сипатына, организмнің ахуа-лы мен ол дамыған мүшенің құрылымына байланысты. Тіндер ыдырағанда қалатын өнімдерді ферменттер ыдыратып, фагоциттер сіңіріп жояды. Жасу-шалар көбейе келе, қабыну ошағына біртіндеп дәнекер тін өседі. Егер қабыну ошағы онша үлкен болмаса, бұрынғы тіндер қайта қалпына келеді. Қабыну ошағы тым ауқымды болса, зақымды жерді тыртықтық дәнекер тін жайлайды.
Қабынудың терминологиясы мен классификациясы
Көбіне белгілі бір тін немесе мүшенің қабынуын атау үшін, оның латынша немесе грекше атауына itis, ал қазақша немесе орысша атауына ит суффиксі жалғанады. Мысалы, кеуде қуысының сірі қабықшаcының қабынуы pleuritis - плеврит, бүйректің қабынуы nephitis – нефрит, қызыл иектің қабынуы gingivitis – гингивит деп аталады. Кейбір мүшелер қабынуының арнайы атауы бар: айталық, бадамша бездің қабынуы - ангина (баспа) (грекше: ancho - тұншықтыру, басамын), өкпенің қабынуы - пневмония, дененің кейбір қуыстарына ірің жиналуы – эмпиема (мысалы, плевра эмпиемасы), шаш (түк) фолликулдарымен қоса, оның төңірегіндегі май безі мен тіндердің қабынуы - фурункул (латынша: furare - ашулану) деп аталады.
Қабынудың классификациясында ағымы және морфологиялық нысанын ажырату үшін экссудация немесе пролиферация фазасының басымдығы ескеріледі. Қабыну үдерісі ағымы тұрғысынан, жедел, жеделдеу және созылмалы, экссудациялық және пролиферациялық фазаның өзара басымдылығына қарай, экссудациялы және пролиферациялы (өнімдік) қабыну деп жіктеледі
Қабынудың морфологиялық нысандары
Экссудациялы қабыну кезінде экссудациялы фаза басым болып, тіндер мен дене қуыстарына экссудат (жалқық) жиналады. Экссудаттың құрамы мен қабынудың дамыған жеріне қарай, экссудациялы қабыну: 1) ұйымалы; 2) фибринді; 3) ірінді; 4) шіритін; 5) геморрагиялы; 6) катарлы және 7) аралас түрлерге жіктеледі.
|
Сурет №1. Ұйымалы қабыну күлдірейді. Бояуы гемотаксилин эозин |
Морфологиялық бейнесі. Сірі қабықшалы қуыстарға экссудат жиналып, оған сыдырылған мезотелийдің бірен-сараны және бірліжарым нейтрофильдер араласады. Бұл экссудат - ылайсаң сұйықтық. Сірі қабықша толыққанды болады. Ұйымалы менингиттің де бейнесі тап осындай. Кілегейлі қабықшалар қабынса, толыққанды болып, экссудатқа сыдырылған эпителий мен шырыш араласып, ұйымалы катар дамиды. Ұйыма-лы экссудат бауырдың синусоидтық кеңістіктерінің төңірегіне, миокардтың – бұлшықет талшықтарының арасына, бүйректің – шумақтар қабықшасының саңылауына жиналады. Тері қабынса, мысалы күйсе немесе үсісе, эпидермисі-нің астына сұйықтық жиналып, күлдірейді.
Даму себептері. Ұйымалы қабыну күйгенде, үсігенде, химиялық факторлар немесе әр түрлі инфекция (туберкулез микобактериясы, Френкель диплококкі, менингокок, шигеллалар), организмнің өзіндік уларының (мысалы, тиреотоксикоз, уремия) әсерінен дамиды.
Ақыры, әдетте зардапсыз, қолайлы. Бұл қабыну ішкі мүшелерде (бауыр, жүрек, бүйрек) созылмалы ағымды болса, оның ақырында склероз дамуы мүмкін.
Әсері мүшелер қызметінің зақымдалу дәрежесіне сәйкес болады. Үлпершек қуысына жиналған экссудат жүректің жұмысын қиындатса, плевра қуысына жиналған экссудаттың қысымынан паренхимасы қабысып, өкпеде коллапс дамиды.
Фибринді қабыну кезінде қан тамырларынан шыққан фибриноген тіндердің зақымдалған (некрозды) жерінде фибринге айналып, фибринді қабыршық түзеді. Некрозды аймаққа тромбопластин көп жиналып, бұл үдеріске қолайлы жағдай туады. Фибринді қабыну кілегейлі және сірі қабықшаларда дамиды; ішкі мүшелердің қалың қабатында сирек байқалады.
Мофологиялық бейнесі. Кілегейлі немесе сірі қабықшаларды ақшыл-бозғылт түсті қабыршық жабады («қабыршықты қабыну»). Ол некроздың тереңдігі мен эпителийдің түріне қарай, астындағы тінмен тығыз жалғаспай, фибринді қабынудың крупты түрі, тығыз жалғасып, дифтериттік түрі дамиды.
|
Сурет №3 Фибринді қабыну (макро) Бояуы гемотаксилин эозин |
|
Сурет №2 Фибринді қабыну (микро). Бояуы гемотаксилин эозин |
Дифтериттік қабыну (грекше: diphtera – жарѓаќ ќабыршыќ) кезінде фибрин терең жайылған некроздық өлексеге сіңеді. Ол көбіне кілегейлі қабықшаларда дамиды.
Тінмен тығыз жалғасатын фибринді қабыршықты сыдырғанда орнында терең ақау қалады.
|
Сурет№4 Крупты қабыну (микро). Бояуы гемотаксилин эозин |
Даму себептері. Фибринді қабынуды Френкель диплококкі, стерепто-кокк пен стафилококк, туберкулез микробактериясы, дифтерия мен дизенте-рияның қоздырушысы, гриптің вирусы, т.б. көптеген себептер дамытады. Сондай-ақ, ол инфекциялық агенттерден ғана емес, эндогендік (мысалы, уремия) немесе экзогендік (алмаспен улану) улардың әсерінен де дамиды.
Ағымы, әдетте жедел, кейде созылмалы (мыс., сірі қабықшалардың туберкулезі) болады.
|
Сурет№5 Дифтириттік колит (макро) Бояуы гемотаксилин эозин |
Фибринді қабыршық жидіп, сыдырылған кезде кілегейлі қабықша ойылып, жара пайда болады. Крупты қабынудан кейінгі ойық жара терең болмайды, ал дифтеритті қабынудың ойық жарасы, әдетте терең, кейін оны тыртықтық дәнекер тін жайлайды. Сірі қабықшадағы фибринді экссудат толық тарап кетуі мүмкін.
Дегенмен, фибрин беріштеніп, плевраның, құрсақ қуысының, үлпершектің сірі қабықшасында бірікпелер (спайки) жиі қалыптасады.
|
Сурет№6 Абсцесс (пиогеннді мембранасы). Бояуы гемотаксилин эозин |
Әсері өте зор. Фибринді қабыну бірқатар аурулардан (дифтерия, дизентерия), уремия мен басқа да уытты себептерден дамитын үдерістердің морфологиялық негізі. Көмейде, кеңірдекте түзілген фибринді қабыршық тұншығу қаупін туғызса, ішектегі фибриндік қабыршық сыдырылғанда пайда болған ойық жарадан қан кетуі мүмкін. Фибринді қабыну кейде ұзақ уақыт жазылмай, ақырында тыртықтанған ойық жаралар қалдырады.
Ірінді қабыну. Қабынудың бұл түріне тән экссудатты негізінен нейтрофильдер құрайды. Ірің денешіктері деп аталатын өлі нейтрофильдер экссудаттың сұйық бөліміне араласып, ірің түзеді. Сонымен іріңнің негізі – нейтрофильдер.
Іріңнің құрамында лимфоциттер, макрофагтар, өлі тін мен микробтар да болады. Ірің – түсі сарғыш жасылдау, қоймалжыңдау сұйықтық. Лейкоцитте протеолиздік ферменттер көп, сондықтан іріңді қабынудың негізгі ерекшелігі – гистолиз, яғни тінді жидіту. Іріңді қабыну дамымайтын тін де, мүше де жоқ.
|
Сурет№7. Ми абсцессі (макро) Бояуы гемотаксилин эозин |
Абсцесс (іріңдік) – іріңді қабынудың ошақты түрі; ол ішіне ірің жиналған қуыс қалыптастырады. Айналасында біртіндеп грануляциялық тін жолағы пайда болып, құрамындағы капиллярлардан лейкоциттер шығып, кейін іріңдікті қабықша шектейді (сур. №6). Бұл қабықшаның зақымдалмаған тіндермен шектес сыртқы қабатын дәнекер тін талшықтары құраса, ішкі қабатын үнемі ірің түзіп тұратын грануляциялық тін түзеді. Іріңдіктің ірің түзіп тұратын ішкі қабаты пиогендік (ірің түзетін) мембрана деп аталады(сур. №7).
Флегмона – іріңді қабынудың жайылмалы түрі; оның даму барысында іріңді экссудат диффузды жайыла отырып, тіндердің арасына сіңіп, ажыратып, жидітеді(сур. №8).
|
Сур. №8. Майлы тіннің флегмонасы (микро). Бояуы гемотаксилин эозин |
Себебі. Іріңді қабынуды көбінесе іріңдеткіш микроорганизмдер (стафилококк, стрептококк, гонококк, менингокок), кейде Френкель диплококкі, іш сүзегініњ таяқшасы, туберкулез микробактериясы, саңырақұлақ-тар, т.б дамытады. Іріңді қабыну кейбір химиялық заттардың әсерінен, яғни асептикалық (микробсыз) жағдайда да дамуы мүмкін(сур. №9).
|
Сурет №9. Күйу кезіндегі флегмоналы қабыну(макро). Бояуы гемотаксилин эозин |
|
Сурет №9. Жүрек қапшығындағы ірің (макро). Бояуы гемотаксилин эозин |
Ақыры. Іріңді қабынудың ақыры үдеріс-тің ауқымына, микробтың вируленттілігіне және организмнің ахуалына байланысты. Қолайсыз жағдайда қоздырушы бактериялар бүкіл организмге жайылып, сепсис дамуы ықтимал. Егер үдеріс шектелсе, абсцесс өздігінен немесе хирургиялық тәсілмен жарылып, іріңінен босанған қуыс қабысады. Абсцестің қуысын грануляциялық тін толық жайласа, ол тін жетіле келе, іріңдіктің орнын тыртық басады. Кейде ірің қойылып, некроздық өлексеге (детрит) айналып, ізбестене келе, тасқа айналады (петрификация). Ұзақ дамыған іріңдік кµбіне амилоидоздың дамуына себеп болады.
Әсері. Іріңді қабынудың әсері ең алдымен оның тіндерді жидітіп, тікелей жанаспа немесе лимфогендік, гематогендік жолдармен жайылу қаупіне байланысты. Іріңді қабыну көптеген аурулар мен олардың асқынулық зардаптарының морфологиялық мәні.
Шіритін қабыну (гангреналы, ихорозды; грекше: ichor – қанды сарысу) қабыну ошағына шіріткіш бактериялар әсер еткенде дамиды. Бактериялар тінді шіріткенде, өте сасық газ түзілед.
|
Сурет№ 11 Геморрагиялық қабыну (микро). Бояуы гемотаксилин эозин |
Кейде эритроциттер тым көп болып, экссудат құйылған қан сияқты болады (мыс.: күйдіргілік менингэнцефалит). Көбіне геморрагиялы қабыну экссудатты қабынудың басқа түрлеріне қосарланады.
Ақыры. Геморрагиялық қабынудың даму себебіне байланысты.
Катарлы қабыну (грекше: katarrheo – ағамын), яѓни катар тек кілегейлі қабықшаларда ғана дамиды және шырыш тым көп бөлінеді. Экссудат ұйымалы да, шырышты да, геморрагиялы да болып, оның құрамына сыдырылған жамылғылық эпителий араласады. Катарлы қабыну жедел немесе созылмалы болады.
Жедел катар бірқатар инфекцияларға тән (мыс.: жоғарғы тыныс жолдарының респирациялық жедел инфекциялары кезіндегі жедел катар) Әдетте, катардың бір түрі басқа түріне – үйымалы катар шырыштыға, шырышты катар іріңдігі немесе іріңді-геморрагиялыға ұласып отырады.
Созылмалы катарды инфекциялық аурулар да (созылмалы катарлы бронхит), бейинфекциялық аурулар (созылмалы катарлы гастрит) да дамыта береді. Созылмалы катар кезінде кілегейлі қабықшаларда атрофия (атрофиялық катар) немесе гипертрофия (гипертрофиялы катар) үдерістері дамиды.
|
Сурет№12. Катарлы колит (макро). Бояуы гемотоксилин эозин |
Әсері. Катарлы қабынудың организмге әсері оның дамыған жері мен қарқынына және ағымына байланысты. Көбіне созылмалы сипат алып, асқынуға бейім (өкпе эмфиземасы, пневмосклероз) тынысалу жолдарының кілегейлі қабықшалары катарының маңызы зор. Асқазанның созылмалы катарының маңызы да айтарлықтай; µйткені ол ісіктің дамуына бастау болады.
Аралас қабыну кезінде экссудаттың бір түріне екінші бір түрі қосарланады. Сөйтіп, қабынудың ұйымалы-іріңді, ұйымалы-фибринді, ұйымалы-геморрагиялы немесе фибринді-геморагиялы деп аталтын түрлері дамиды. Көбіне экссудатты қабыну түрінің өзгеруіне қосымша инфекция немесе организм реактивтілігініњ өзгеруі себеп болады.
