- •26.05.2011 Ж. Хаттама №10
- •Қабынудың этиологиясы
- •Қабынудың патогенезі
- •IX тәсім. Қабынудың фазалары
- •X тәсім. Қабынудың плазмалық (гуморальдық) медиаторларының әрекеті
- •Гематогендік жасушалар Гистиогендік жасушалар
- •XII тәсім. Қабыну ошағындағы жасушалардың толысуы және басқа жасушаларға айналуы
- •Қабынудың терминологиясы мен классификациясы
- •Қабынудың морфологиялық нысандары
- •Тәжірибелік сабақтың оқу картасы
- •Білімді бағалауға арналған негізгі сұрақтар:
- •Білімді қорытынды бағалауға арналған сұрақтар:
- •Тесттілік с±раќтары:
- •Ситуациялық есептер:
- •Тесттілік с±раќтардың жауаптары:
- •Ситуациялық есептердің жауаптары:
- •22.06.10. Басуға қол қойылды
Тәжірибелік сабақтың оқу картасы
Макроскопиялық бейнесіне қарап, ошақты іріңді қабынуды анықта. «Іріңді эмболиялық нефрит» атты макропрепараттан бүйректің капсуласы мен паренхимасының өзгерістерін, үрдістің қамтыған аймағына, көлеміне, реңіне назар аудар.
Микроскопиялық бейнесіне қарап, ошақты іріңді қабынуды анықта. «Іріңді эмболиялық нефрит» атты микропрепаратты кіші обьективпен іріңді қабыну ошақтарының көптігіне, ал үлкен объективпен бактериялық эмболды,экссудаттың құрамын анықтап қабыну ошағындағы бүйрек тінінің жағдайына назар аудар. «Атлас» 105 бет 106 сурет
Макроскопиялық бейнесіне қарап, крупты қабынуды анықта«Фибринді перикардит» атты макропрепараттың эпикард беткейін қамтитын фибринді қабыршақтың түсіне, оның астындағы ұлпамен қалай жанасқандығын анықтаңыз.
«Крупты пневмония» атты микропрепаратты кіші объективпен зақымдалған барлық альвеолаларға, ал үлкен объективпен альвеолаларға жиналған экссудаттың құрамына, фибрин жіпшелеріне және лейкоциттерге назар аударып, суретін салып, сипаттаңыз. «Атлас» 103 бет 104 сурет
«Асқазанның кілегейлі катарлы қабынуы» атты макропрепаратты қарап,кілегейлі қабаттың түсіне, оның қалыңдығына, қатпарларының биіктігіне, беткейіндегі экссудаттың мөлшері мен түсіне назар аудар.
«Дифтириялық колит» атты макропрепараттың ішектің қабырғасының қалындағына және кілегейлі қабатты жапқан фибринді қабыршаққа назар аударып, қабыршақтын астынғы тінмен тығыз байланыстығын сипаттаныз.
Білімді бағалауға арналған негізгі сұрақтар:
Қабыну ұғымына түсінік
Қабынудың морфогенезі
Қабынудың классификациялау ұстанымдары
Экссудативтік қабыну ұғымының маңызы
Экссудативтік қабыну түрлерінің морфологиялық сипаттамасы
Экссудативтік қабыну түрлерінің ақыры мен маңызын бағалау
Қабынудың анықтамасын игерту.
Қабыну үрдістерінің кезеңдерін,себептерін, морфогенезін түсіндіру.
Қабынудың классификациялау ұстанымдары
Экссудациялық қабынудың анықтамасын игерту.
Білімді қорытынды бағалауға арналған сұрақтар:
Қабынудың иммунитетпен байланысын түсіндір.
Қабыну үрдістерінің кезеңдері, морфогенезі.
Қабынудың классификациясы.
Экссудативтік қабыну түрлерінің морфологиялық сипаттамасы
Экссудативтік қабыну түрлерінің ақыры мен маңызын бағалау
Экссудативтік қабынудың анықтамасы.
Экссудативтік қабынудың түрлерін атаңыз.
Ұйымалы қабынудың этиологиясы, патогенезі.
Ұйымалы қабынудың клинико-морфологиялық сипаттамасы.
Фибринді қабынудың клинико-морфологиялық сипаттамасы.
Макро- және микробейнелік сипаттамасы.
Іріңді қабынудың этиологиясы, түрлері.
Іріңді қабынудың клинико-морфологиялық сипаттамасы.
Шіритін қабынудың клинико-морфологиялық сипаттамасы.
Катарлы қабынудың клинико-морфологиялық сипаттамасы.
Геморрагиялық қабынудың клинико-морфологиялық сипаттамасы.
Аралас қабынудың клинико-морфологиялық сипаттамасы.
Мүшелердегі экссудативті қабыну түрлерінің ақыры мен функциялық маңызы.
Жасөспірімдердегі тіндік реакцияның (қабыну кезеңі) ерекшеліктері.
Макро- және микробейнелік нышандары негізінде экссудациялық қабынудың түрлерін басқа потологиялық үрдістерден ажырату.
