Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_OBZhD_2014-2015zh.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

12. Материально-техническое обеспечение дисциплины

Специализированные учебные лаборатории (аудитории, кабинеты)

№

Наименование и принадлежность помещения

Количество посадочных мест

1.

1-10 Аудитория «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері»

18

2.

1-12 Аудитория «Основы безопасности жизнедеятельности»

12

Зав. кафедрой:

Согласовано: Зав. отделом комплектования библиотеки:

(пункты 4,5)

6-БӨЛІМ

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік және таратылатын материал, қолданылатын әдебиеттер тізімі)

Дәріс №1. Кіріспе

Дәріс мақсаты:Қауіпсіздік туралы түсінік бере отырып, тіршілік үшін маңызды қорғаныс әрекеттерін,құралдарын,жалпы қорғаныс тәсілдерін ұғындыру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Пәннің тақырыбы және міндеттері. Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролі.Адамдардың қорғау қызметінің эволюциялық дамуы: қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларда қорғау,тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі.

Тіршілік қауіпсіздігі-адамның өмір сүру ортасы мен қауіпсіз-қарым қатынасын, оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Азаматтық қорғаныс-бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы тж факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектілері-өнеркәсіптік ауылшаруашылық өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс- әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым-бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

Қауіптілік дегеніміз-белгілі бір жағдайда адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсерін тигізетін процесстер, құбылыстар. Қауіптілікті сипаттайтын белгілер саны талдау мақсатына байланысты кеміп немесе өсіп отырады.

  1. Пәннің тақырыбы және міндеттері.

Негізі

  • Адам жерде пайда болғаннан бастап, ылғи өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, ылғи адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте:

  • Қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім ) яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады.

  • Толық қауіпсіздік ьолмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысы деңгейде болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]