Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_OBZhD_2014-2015zh.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  • өмір-тіршілік қауіпсіздігі курсының негізгі мақсаты:

    • қауіп – қатерді тани білу : оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.

    • болғалы тұрған қауіпө-қатердің алдын алу.

    • Қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

    Қауіпсіздік – бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқаруы керек.

    1-ші міндет – нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификациясы). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек.

    - Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау қауіп тудыратын, іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.

    2-ші міндет – адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.

    3-ші міндет – осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық тәуелсіздік орнату мүмкін емес.

    Қауіп – қатердің көздері деп

    1. Адамның өзі

    2. Өмір сүру ортасының элементтері

    3. Адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері.

    Қауіптіліктің белгілер бойынша жіктелуі.

    Қауіпсіздік

    А дамның, табиғаттың және материалдық құндылықтардың қорғану жағдайы.

    Қауіп-қатер.

    • Қ оршаған ортаға үлкен зардабын, зианын тигізетін құбылыс, процесс, уақиға.

    Шыққантегі бойынша

    - табиғи

    - техногенді

    - антропогенді

    - экологиялық

    - биологиялық

    Жинақталған орны

    - литосфералық

    - гидросфералық

    - атмосфералық

    Зардап зианы бойынша.

    - әлеуметтік

    - техникалық

    - экологиялық

    Әсер ету әдістері

    - физиологиялық

    - химиялық

    - механикалық

    - биологиялық

    -физиологиялық жүйке

    Уақыты бойынша

    - соқпалы

    - комулятивті

    Байқылу саласы бойынша

    - өндірістік

    - тұрмыстық

    - спорттық

    -биологиялық

    Салдары бойынша

    - ауру табу

    - жарақат алу

    - әлсіреу

    - өрт

    Әрекет сипаты бойынша

    - сырбырлығы

    - белсенділігі

    —

    Өмір сүру ортасындағы қауіп-қатердің көзі мен деңгейі.

    Адам өмір ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқасында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады. Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады.

    • қорғау объектісі ретінде

    • қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде

    • қауіп-қатердің көзі ретінде

    Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп-қатері.

    Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.

    Өмір сүру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсер ететін факторлар.

    1. Атмосфералық ауа.

    Бұл ғаламшардың (планета) өмірі жердің азоттан, оттегімен, көмір қышқыл газымен, гелиден тұратын газ қабаты.

    Биолоиялық процесс үшін оттегінің маңызы зор. Ал көмір қышқыл газы фотосинотез процесі үшін мңызы зор. (өсімдіктер үшін). Адам О2 тыныс алады. 2-3 минут ғана тыныс алмауы мүмкін. Әрі қарай шыдай алмайды. Тамаққа шыдауы мүмкін , бірақ оттегімен тыныс алмауғы шыдай алмайды.

    Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына :

    • өнеркіәсіп орындарының кейбір салалары

    • автоклік

    • жылу энетгиясы жатады

    Ең көп тарайтын улы заттар – углеводтың оксиді (СО) күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиді (NO) көмірсутегі, қатты заттар (шаң). Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.

    Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы.

    Екі түрі бар.

    1. Түтіннен немесе қндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың туман .

    2. фотохимиялық смог - өткір газбен аэророзольдің қою тумансыз жиынтығы

    Фотохимиялық смог 1940 –шы жылы жылдарда Лос-Анджелс қаласында байқалған, қазірде планетамыздың барлық дерлік бұрыш-бұрыштарында көрінеді.

    Қышқыл жаңбыр – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыр” деген атты бірінші қолданады. Негізінде қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосфералық химиялық және физикалық реакцияларының әсерәнен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі.

    Хлор мен азот қосындылары озондық қабыққа немесе ауаға көтерілуінің негізгі көздері.

    • ұшақтардың шығаратын газдары

    • зымырандардың шығаратын газдары

    • вулкан газдары

    • фреонды пайдаланатын технологиялар

    • атом жарылыстары.

    Бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Тіршілік қауіпсіздігінің негізгі мақсаттары қандай?

    2. Тіршілік қауіпсіздігі түсінігі.

    3. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

    4. Қауіптілік түсінігі.

    5. Қауіпсіздік түсінігі.

    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер: 8(5-15б),5(5-7б)

    Қосымша әдебиеттер: 1(ст 263),10(10-17б),15(5-15б)

    Дәріс № 2. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер.

    Дәрістің мақсаты:Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР заңымен ұйымдастырушы құрылымын оқыту.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР заңы: табиғи және техногенді тж халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерін қорғаудың негізгі принциптері; ұйымдардың тж саласындағы міндеттері; халықтың тж саласындағы құқықтары мен міндеттері,тж ескерту,тж жою. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу ҚР үкіметінің қаулысы.

    "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заң.

    "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 05.07.97. ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруа-шылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекөттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі.

    Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бүзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтөнше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмүндалған.

    Зілзала бүл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.

    Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.

    Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.

    Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.

    Авария - технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бүзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі өрежесін бүзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың қүлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мүнай өнімдері, түтанғыш сүйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.

    Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.

    Ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

    - өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, өткiзуге;

    - төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi туралы немесе пайда болуы туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнiнде хабардар етуге;

    - қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезiнде әскерилендiрiлмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдiстерiн үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететiн жергiлiктi жүйе құрып, оны үнемi әзiрлiкте ұстауға;

    - қарауындағы өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлерде, соларға iргелес аумақтарда бекiтiлген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтiру және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге;

    - заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру шараларын жүзеге асыруға мiндеттi.

    Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша қызметiнде төтенше жағдайлардың пайда болу қатерi басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерiн жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар құрылуын, дайындалуы мен әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

    Ұйымдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын табыс етеді.

    Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясында келтірілген мәліметтер тізбесі мен оларды ресімдеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

    Ұйымдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралардың, арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларының орындалуына дербес жауап бередi.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы

    Қоғамдық бiрлестiктер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, олардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау жөнiндегi шараларға Қазақстан Республикасының заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады.

    Төтенше жағдайларды жоюға қоғамдық бiрлестiктерден қатысушылардың мемлекеттiк аттестация қуаттаған арнайы даярлығы болуға тиiс.

    Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары

    Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

    - Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерлерде болғанда өздерi душар болуы мүмкiн қатер туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралары туралы хабардар болуға;

    - азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан және олар тигiзетiн зардаптардан қорғау мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей жүгiнуге, жеке және ұжымдық үндеулер жолдауға;

    - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға арналған басқа да мүлiктi пайдалануға;

    - төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;

    - төтенше жағдайларды жою барысындағы мiндеттердi орындау үшін оларды тарту кезiнде өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген залал үшiн өтемақылар мен жеңiлдiктер алуға;

    - зақым алуына немесе ауруға шалдығуына байланысты еңбек ету қабiлетiнен айырылған, зақымданудан немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айырылған жағдайда, егер олар төтенше жағдайларды жою жөнiндегi мiндеттерiн атқару салдарынан болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға;

    - төтенше жағдайлар салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеуге құқығы бар.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға мыналар жатады:

    - ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн аварияны, зiлзала мен апатты болжау және олардың қаупi туралы хабарлау;

    - төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.

    -табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге талдау жасау.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жариялылық пен ақпарат

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат ұйымдар қызметiнiң қаншалықты қатерлi және зиянды екенi, қажеттi қауiпсiздiк, зардаптар, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелерi арқылы жариялануға тиiс.Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.

    Мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi құрылады.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау iсiн арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкiн.

    Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен жалпы орта бiлiм беретiн мекемелерде, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлердегi ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм беру, бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау ұйымдарында, төтенше жағдайдағы iс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орнындағы ұйымдарда жүргiзiледi.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қорғану шаралары

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуiн, шығындар мен залалды мүмкiн болғанынша барынша азайту үшiн мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиiс:

    - сейсмикалық жағынан берiк құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiгiн күшейту;

    - гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық қорғану шаралары;

    - көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiкте төтенше жағдайларды болғызбау үшiн коммуникациялар жүйелерiн жетiлдiру;

    - қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қорғану шаралары;

    - өрттерге (жарылыстарға), iндеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсiмдiктерi мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

    - арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар. Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiне байланысты қызметi Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандырылуға тиiс.

    «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

    Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және жұмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы құқықтары міндеттерін анықтады.

    Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу.

    Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.

    Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.

    Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшыраған аумақ.

    Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:

    - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);

    -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).

    Табиғи:

    1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты

    ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).

    2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан

    болған өрт, жер сілкінісі).

    З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы, су басу).

    4. Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс).

    Жасанды:

    1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз, өзен,

    темір жол).

    2. Әндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,

    термикалық).

    3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).

    4. Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік,

    терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).

    Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.

    Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бүл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

    Табиғаттағы тосын жағдай

    Табиғаттағы тосын жағдай - бүл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.

    Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар.

    Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.

    Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бүған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады.

    Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялык, жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу қүралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.

    Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық қүралдардың болуы) және климаттық - географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, үшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей, тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді.

    Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды.

    Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір~ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен қүстардың арасында аштан өледі. Түрпайы түрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілім етеді. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенің, тамақ пен түрақ табу және адамдарға оралу керектігін үғуына тиіс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінөді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.

    Авария - орны (бақытсыздық болған климаттық-географиялық аймақ). Нақ осы фактор тірі қалудың бүкіл стратегиясы мен практикасын анықтайды.

    Шөлейт (құрғақ дала). Жартылай шөлейтте үзақ уақыт тірі қалу өз бетімен елді мекенге төмір жол мен тас жолға, қар қалың жатқан жерлердегі - ойпаттағы, жырадағы, сайдағы және басқа қатпарлы жерлердегі қардан жасалынған қорғанға кез болғанда ғана мүмкін.

    Шөл. Шөлде қысқа мерзімде тірі қалу үшін жақын елді мекенге баруды ойластыру керек. Елді мекендер алыс болған немесе өзінің түрған жерін білмеген жағдайда жақсы көрінетін жерде қомақты лагерь жасау үсынылады.

    Жазғы уақытта түщы судың едәуір қорысыз тірі қалу мүмкін емес! Жазда шөлде үзақ уақыт болу үшін күн көзін қалқалайтын жерге күрке жасау, авариялық дабылдар орнату, суды пленкалық бу конденсаторларының көмегімен алумен түщы суды тәулік бойы бақылау, бақытсыздық белгісін беру қажет.

    Түнде шөлде жарық дабылы анық көрінеді (шам, от, жарық).

    Күндіз мүлдем жүруге болмайды! Түнде тек қысқа қашықтыққа жүруге болады.

    Шөлде адам дененің кебуінен, ыстық пен күннің өтуінен, улы жыландар мен өрмекші тектестердің шағуынан қаза болуы мүмкін.

    Бақылауға арналған сұрақтар:

    1. АҚ құрамаларына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілер даярлау қандай көлемде жүргізіледі?

    2. ТЖ және АҚ ҚР Агенттігі, оның құрылымы, мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары?

    3. АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері?

    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер: 1(120-126б),4(13-18б)

    Қосымша әдебиеттер: 1(20-263), 4(8-12)

    Дәріс № 3 ҚР азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері, құру істеу принциптері.

    Дәріс мақсаты: Азаматтық қорғанысты (АҚ) ұйымдастыру және жүргізу-мемлекеттің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды функцияларының бірін оқыту, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар минстрлігінің ролі, негізгі міндеттері және ұйымдастырушы құрылымын оқыту.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    АҚ міндеттері: басқару,хабарлау және байланыс жүйелернің тұрақты даярлығын ұйымдастыру,дамыту және қолдау, азаматтық қорғаныс күштерін құру,орталық және жергілікті атқарушы органдар,ұйымдар персоналдарын дайындау және халықты оқыту.ТЖ ауданындағы жағдайды қадағалау және зертханалық бақылау:шаруашылық жүргізу салалары мен обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар кешенін өткізу,қорғаныс құралдарының және жеке қорғаныс құралдарының қорларының және АҚ бас мүлкінің қажетті қорын жинақтау ,әзірлікте ұстау.Іздеу,құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу.зардап шеккен халықтың тіршілігін қамтамасыз етуді және оны қауіпсіз аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру. АҚ ұйымдастыру принциптері. АҚ шараларын жүзеге асыратын ұйымдар.

    І Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымымен рөлі.

    Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. 1914-1918-ші жылдардан бастап ұшақтардың пайда болуына байланысты болды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. 1920 жылдары әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. 1961 жылы Азаматтық қорғаныс деп аталына бастады. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымымен жасау министрліктерге →облысқа→қала→аудан→әкімшілікке жүктелген.

    ІІ Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:

    Әр қоғамда ең басты, бағалы нәрсе –адам, сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру –негізігі мақсат. Адамдарды қорғай білу –мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

    - Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. Азаматтық қорғаныс ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

    І Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымымен рөлі.

    Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. 1914-1918-ші жылдардан бастап ұшақтардың пайда болуына байланысты болды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. 1920 жылдары әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. 1961 жылы Азаматтық қорғаныс деп аталына бастады. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымымен жасау министрліктерге →облысқа→қала→аудан→әкімшілікке жүктелген.

    ІІ Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:

    Әр қоғамда ең басты, бағалы нәрсе –адам, сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру –негізігі мақсат. Адамдарды қорғай білу –мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

    - Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. Азаматтық қорғаныс ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

    Азаматтық қорғаныс міндеттері:

    -Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу.

    - Төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету (Барлық өнімдердің қажетті мөлшерде өндіре алу).

    - Зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу.

    - Апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу.

    - Зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету.

    - Төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу.

    - Өндіріс орындарындағы апаттық көрші тұрған объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру.

    - Адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық , химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өтікзу.

    -Территорияны , техниканы, киміді тамақты улы радиоактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

    Шаруашылық кешен -- өз алдына маетриалдық баланысы бар, банк бөлімшесінде өзінің жеке тобы бар мекемені айтады.

    Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:

    1. Республикадағы Азаматтық қорғаныс штабы.

    2. Облыстық, қалалық, аудандық штабтар.

    3. Министрліктер бойынша жергілікті жердегі мекемелерде Азаматтық қорғаныс штабтары немесе қызыметкерлері.

    4. Азаматтық қорғаныс ұйымдарының кезекшілік қызыметкерлері мен байланыс орындары.

    Азаматтық қорағныстың күштеріне жататындар:

    1. Азаматтық қорғаныс әскерлері.

    2. Ауқымдық не Министірліктерге бағынатын жасақшылар.

    3. Арнайы жасақшылар.

    Басқару орындары:

    1. Қазақстан Республикасының Прьемер-министрі.

    2. Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы.

    3. Төтенше жағдай жөніндегі комиссия.

    4. Облыс әкімі.

    5. Қала әкімі.

    6. Аудан әкімі.

    7. Әр мекемедегі бірінші бастық – Азаматтық қорғаныстың бастығы болып есептелінеді. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдында бірден-бір жауапты адам.

    III Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу:

    Адамдарды төтенше жағдайларға алдын-ала дайындау маңызды жұмыс. Төтенше жағдайда (паника) жаппай үрей, қорқыныш , асып-сасушылық, үрейлену тууы мүмкін. Сондықтан адамдарды Төтенше жағдайда қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар, өткізу қажет. Азаматтық қорғаныс қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік т уындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған (паникаға) адамдарды тоқтатуға болады. Содықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.

    VI Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуден Азаматтық қорғаныстың міндеттері:

    Азаматтық қорағныс қызыметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық аудандық басшылығымен жүреді. Азаматтық қорағныс қызыметінің мемлекеттік құрылымдарға сәйкес құрылады.

    Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

    1. Территориялық –дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады.

    2. Өндірістік –дегеніміз жұмыс саласындағы әр Министрлік бойынша жергілікті, жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорағныстың орындары болады.

    Азаматтық қорағаныс күштеріне.

    • Азаматтық қорағаныс әскерлері.

    • Мини стрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылыр.

    • Арнайы жасақшылар оларға: Азаматтық қорағанысы мен Төтенше жағдай құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғарғы оқу орынындағы әскери емес жасақшылар.

    Азаматтық қорағаныстың бастығының жанынан штаб құрылады, барлық ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі.

    Азаматтық қорғаныс штабының бастығы азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады. Әрбір төтенше жағдйда дабыл хабарын тез арада халыққа жеткізудің маңызы өте зор. Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар, және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады . Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын-ала аудару үшін Сирена, өндірістік гудоктар арқылы “Тыңдаңыздар баршаңызға ”—деп аталатын “Внимание всем” ескерту хабарлары беріледі.

    \\\

    Азаматтық қорағаныс—штабы

    Азаматтық қорағаныс-бастығы

    Жалпы қызмет атқаратындар.

    Б іріктірілген күштер.

    Құтқарушылар.

    Топ.

    Команда.

    Отряд.

    Топ.

    Команда.

    Отряд.

    Механика күштері.

    Азаматтық қорғаныс қызметтері.

    Барлау қызметі.

    Байланыс қызметі.

    Медициналық қызметі.

    Өрт сөндіру қызметі.

    Техникалық қызметі.

    Радиациядан қорғау қызметі.

    Химиялық қарудан қорғану қызметі.

    Қоғамдық, тамақ, сауда қызметі.

    Басқа да қажетті қызметтер.

    Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс - әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми турде анықтау негізінде жүргізіледі.

    АҚ-ның негізгі міндеттері:

    • басқару, хабарлау және байланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;

    • АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекеттке тұрақты әзірлікте болу;

    • орталық, жергілікті және атқарушы органдардың , ұйымдардың қызметкерлерін дарлау және халықты үйрету;

    • радиацияилық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;

    • АҚ әскери құрамалардың жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;

    • шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын атқару жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

    • қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын , жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-ның өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау;

    • халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;

    • құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

    • азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік (биологиялық) зақымдауын, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

    Азаматтық Қорғаныстың Төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері

    Қазақстан Республикасының Азаматтық қорганысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.

    Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жәй күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери дортина мен әскрери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды.

    Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі.

    Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттері «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.

    Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

    Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы

    Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негізгі буын болып табылатын шаруашылық объектілері маңызды орын алады. Шаруашылық объектілерінде АҚ барлық шараларының негізі қаланды, мұнда соғыс уақытында жқмысшылар мен қызметшілерді қорғау, оъектілер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзге де кешнді шаралар жүргізілді.

    Шаруашылық объектілірінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы 1- суретте көрсетілген.

    Негізгі қамтамасыз етуші құрамалар шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жәй күйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы ҚР-ның Заңына сәйкес жауапгершілікті оның бірінші бастығы көтереді, ол объект Азаматтық қорғаныстың бастығы болып табылады.

    АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкімдрі барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті.

    Объект Азаматтық қорғанысы бастығының жанынан АҚ мәселісі бойынша Объектідегі бүкіл практикалық қызметті ұйымдастыратын АҚ- штабы – АҚ бастығының басқару органы құрылады. Ол объектінің көлемі мен маңыздылығына байланысты АҚ штаттық қызметкерлерінен және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазымды тұлғалар есебінен жасақталады. Штаб өз жұмысын объект АҚ бастығының шешімдері негізінде ұйымдастырып жүргізеді.

    1-сурет. Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы

    РҚ және ХЗҚ

    АҚ- штабының бастығы объект АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ бастығының атынан объектідені АҚ мәселесі бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.

    Шаруашылы объектілерінде АҚ және ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инженерлік, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау және басқа қызметтері құрылуы мүмкін. Ауылшаруашылығындағы өндіріс объектілерінде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау қызметі құрылады. Қызметкерлердің мақсаты – құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күш пен құралдарды даярлау және осы күштердің аталған жұмысты орындауына басшылық ету.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері болып табылатындар:

    • халықты қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс іс-шараларының кешенін жоспарлау мен жүзеге асыру және төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту, қазіргі заманғы жеңу құралдарын пайдалану;

    • құтқару және дереу жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету және зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

    • тағайындалуы бойынша жұмыстарды өткізуге олардың дайындығын қолдау, арнайыландырылған қалыптастыруды құру мен дайындау;

    • бағыныңқы органдардың басқаруын ұйымдастыру мен қажетті материалды-техникалық құралдармен оларды қамтамасыз ету;

    • басқарушы құрамды дайындау, төтенше жағдайларда халықты қорғау тәсілдері мен әрекеттеріне оқыту, қазіргі талқандау құралдарын қолдану;

    • жоғары дайындық деңгейінде Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік басқару жүйесін құру мен қолдауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың туындауы мен туындау қаупі туралы халықты хабардар ету, қазіргі заманғы құралдарды қолдану;

    • радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаушыларды (ластаушы) үнемі қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру;

    • сәйкес басқару органдары мен әскери командалық күштерге, ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру мен қолдау;

    • бағыныңқы ұйымдардың эвакуациясы мен анықтап алу жұмыстарын басқару, олардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану, қауіпсіз аймақтарға аудандарды орналастыруды дайындау бойынша іс-шараларды қабылдау;

    • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің жоспарларын әзірлеу, бағыныңқы ведмостволық буындарда жоспарлауды басқару;

    • құтқару жұмыстарын өткізуге шешім қабылдау үшін Азаматтық қорғаныс бастықтарының сәйкесінше ұсыныстарын дайындау;

    • сәйкес Азаматтық қорғаныс бастығы қойған міндеттерді орындауда қызметтердің құралдары мен бағыныңқы күштерін басқару;

    • төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту жөніндегі, салалар мен ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды басшылыққа алу;

    • қызметтер белгігенген тәртіпте өткізетін Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қаржыландыру мен материалды-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету, олардың резервтерін құру, төтенше жағдайларды ескерту жөніндегі іс-шараларды қабылдау, құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды қамтамасыз ету, зардап шеккендерге көмек көрсету;

    • қызметтердің құзыреттіліктері негізінде Азаматтық іс-шаралар кешенінің тікелей басшылық етуін жүзеге асыру.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар негізгі қызметтері мен олардың міндеттері

    АҚ және ТЖ инженерлік қызметі.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар инженерлік қызметі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын инженерлік қамтамасыз етілуі мақсатымен құрылады.

    Қызметтің міндеттері:

    • төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-шараларды инженерлік қамтамасыз ету жұмыстарын дайындау және өткізу, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану;

    • инженерлік қалыптасуларды құру мен ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және қарумен жабдықтау;

    • қорғаныс құрылыстарының қорын жинауды ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру;

    • әскери уақытта қорғаныс құрылыстарын қорының жеткіліксіз қорын жеделдетіп салу жоспарларын әзірлеу;

    • нысандарда құтқару және басқа төтенше жағдайларды жүргізуде, зақымдану ошақтарына жақындағанда бастапқы аудандарда Азаматтық қорғаныс күштерінің әрекетін қамтамасыз ету;

    • құрылыс нормалары мен ережелерін, жаңа қабылданатын жобаларды келістіру;

    • сейсмикаға берік ғимараттардың, құрылыстардың, тұрғын үйдердің құрылысы мен пайдаланылуын бақылау;

    • республиканың сейсмикалық қауіпті аудандарында гидротехникалық және басқа ғимараттардың, үймереттердің сейсмикалық жағынан күшейтуды өткізуді бақылау, геологиялық құрылымдарға оның ықпалы мен пайдалы кен қазбаларын барлау перспективасын есепке ала отырып; ұйымдардың құрылысы, кеңейтілуі, қайта салынуы мен техникалық қайта салыну жобаларында, өнеркәсіп аймақтарында, елді мекендерде, территорияларын салу мен аудандық жоспарлау сұлбаларын құрғанда Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын іске асыруды бақылау.

    АҚ және ТЖ медициналық қызметі.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі (Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметі) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын медициналық қамтамасыз ету, зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсету мақсатымен құрылады.

    Қызметтің міндеттері:

    • төтенше жағдайлардың медициналық-салдарының деңгейін азайтуды қамтамасыз ететін республикадағы бірыңғай саясатты негіздеу мен өткізу;

    • Азаматтық қорғаныстың медициналық іс-шараларын жүзеге асыру, емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу;

    • төтенше жағдайлардың медика-санитарлық, эпиедмиологиялық және гигиеналық салдарын болжау, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану, ықтимал шығындарды азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

    • медициналық қалыптасуларды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және құралдармен жабдықтау;

    • зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге үнемі дайындықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдау ошақтарында медициналық қызмет күштері мен құралдарын алғашқы қатарға қоюды қамтамасыз ету;

    • медициналық қызметті уақытында көрсету, зақымданғандарды эвакуациялау мен емдеу, зардап шеккендердің денсаулығын еңбекке қайта баулу арқылы жылдам қайтару, төтенше жағдайлар мен зақымдану аймақтарындағы қайтарымсыз шығындардың ең көп мөлшерде азаюы, сонымен бірге медициналық эвакуация сатысы мен жолдарында мүгедектер көрсеткіштерін азайту;

    • төтенше жағдайлардың психоневрологиялық және эмоционалды әсерін азайтуға бағытталған емдеу-алдын-алу іс-шараларын өткізу, халыққа зарарсыздандыру құралдарын қолдану және оларды жылдам зарарсыздандыру;

    • халықтың санитарлық ыңғайлылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде елді мекен аймақтары мен зақымдалған жақын территорияларда жаппай жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуын алдын алу;

    • құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу кезіәнде жеке құрамның денсаулығын сақтау, оларға қажетті медициналық қызмет көрсету;

    • қаза болғандарға сот-медициналық сараптамасы мен еңбекке жарамсыздығын жоғалту бағасына болжау, жарақат ауырлығының дәрежесін анықтау үшін зақымдалушыларға сот-медициналық куәландыру;

    • халықты өзіндік және өзара көмек көрсетуге оқыту;

    • медициналық мекемелерде медициналық препараттардың қорын жасау.

    АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі.

    Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметі Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы іс-шараларын қамтамасыз ету, қоршаған орта мен мүлікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатымен құрылады.

    Қызметтің міндеттері:

    • Төтенше жағдайлар аймақтарында өрттің алдын алу мен өртті сөндіру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу;

    • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметтерінің жоспарын әзірлеу мен уақытында жоспарға түзету енгізу;

    • қалалардың, аудандардың, елді мекендер мен ұйымдардың ірі өрттерге қарсы беріктігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың уақытында орындалуын (техникалық, ұйымдастырушылық және өрт-сақтандыру және т.б.) жүзеге асыру, сонымен бірге құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды өртке қарсы қамтамасыз етуге, оларды сөндіруге қажетті шараларды құруды қамтамасыз ету;

    • төтенше жағдайлар аймақтарында өртке қарсы қызметтің үнемі дайын болуын құру, дайындау және қолдау;

    • өртке қарсы қызмет жүйелері мен байланыс, ақпарат тарату құралдарын, басқару пунктерінің дайындықта болуын құру және қолдау;

    • өртті сөндіру мен ескерту бөлімінде қазіргі заманғы құралдарды қолдануда, төтенше жағдайларда халықтың әрекетін дайындау мен оқытуға қатысу;

    • төтенше жағдайларды ескерту мен шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, халықты олардың салдарынан қорғауды жүзеге асыру;

    • мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесін нығайту мен қарулық қабілеттілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде жеке құрамды өртке қарсы жабындар мен жер төлелермен, қорғану құрылыстарын өрт техникасымен қамтамасыз ету, жарықпен бөлу іс-шараларын өткізу;

    • өрт техникасын, өрт-техникалық жабдықтарды және өрт сөндіруші құралдардың қорын үнемі дайындықта ұстау;

    • елді мекендер мен ұйымдардың бөлімшелерінің ведомостволық меншіктілігі мен жеке меншік түріне қарамастан өртке қарсы дайындылығын қамтамасыз ету, және де өртті сөндіруде олардың әрекеттерін басқару;

    • өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының есебін жүргізу.

    АҚ және ТЖ жанар-жағар май материалдары қызметі.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жанар-жағар май материалдарының қызметі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда халыққа жанар-жағар май материалдарымен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметін құру, Азаматтық қорғаныс күштерін қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.

    Қызметтің міндеттері:

    • Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін бейбіт және соғыс уақытына жанар-жағар май материалдарының қорын жоспарлау мен құру;

    • төтенше жағдайлар аймақтарында Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету;

    • тұрақты және стационарлы құю станцияларының жұмысын есепке алу мен бақылау, жанар-жағар май материалдарына арналған сыйымдылықтың болуы, сонымен бірге Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз етуге арналған республиканың құю станцияларының мүмкіндіктерін бақылау;

    • құтқару және шұғыл жұмыстардың орнын, эвакуацияланатын халыққа жанар-жағар май материалдарын жеткізу.

    АҚ және ТЖ жолдар мен көпірлер қызметі.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың жолдар мен көпірлер қызметі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Азаматтық қорғаныс іс-шараларын өткізгенде жолдар мен көпірлерді жөндеу мен қалпына келтіру, жол-көпір қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруға арналған.

    Қызметтің міндеттері:

    • Азаматтық қорғаныстың жол және арнайы іс-шараларын бейбіт және соғыс уақытында ұйымдастыру мен орындау;

    • тағайындалуына қарай қызметтердің әрекеттерге дайындығын құру мен қолдау;

    • төтенше жағдайлар аймақтарында құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізгенде апатты-құтқару қызметінің қалыптасуы мен Азаматтық қорғаныс күштердің әрекеттерін қамтамасыз ету;

    • республиканың автожол желісін, ондағы ең маңызды нысандарды техникалық жабу;

    • автомобиль жолдарының жағдайын барлауды ұйымдастыру мен жүргізу;

    • төтенше жағдайлар туындағанда көлік коммуникацияларының зақымдалуын жою, қазіргі заманғы құралдарды қолдану;

    • күштер мен қаруларды құтқару және шұғыл жету орындарына жеткізу үшін өту құрылғылары мен бағанды жол жабдықтары, зардап шеккендерді және материалдық құралдарды эвакуациялау.

    АҚ және ТЖ жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мақсатымен, ауыл шаруашылық өнімдерін және мал шаруашылығы өнімдерін, су көздерін қорау мақсатымен құрылады.

    Қызметтің міндеттері:

    • ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін қорғау жөніндегі іс-шараларды, мал шаруашылығы мен өсімдіктер өнімдерін, су көздері мен сумен қамтамасыз ету жүйелерін радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданулардан қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау;

    • зақымданған жануарларды ветеринарлық және фитопатологиялық саралау, өңдеу, емдеуді ұйымдастыру;

    • зақымданған жануарларды еріксіз қорғауды және оларды көмуді ұйымдастыру;

    • жануарлар мен өсімдіктердің жайылым жерлерін, егінді жерлерін және өнімдерін зарарсыздандыру;

    • ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығындағы малды қауіпсіз аймаққа көшіру (апару) жұмыстарын ұйымдастыру;

    • қажетті жем мен қажетті заттар қорын құру;

    • қызметті құру жөніндегі әрекеттерге дайындықты құру мен қолдау, оларды жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз ету;

    • зарарсыздандырушы заттармен, медициналық заттар қорымен қорларды құру және уақытында жаңартып отыру;

    • төтенше жағдайлардағы әрекеттерге елді мекеннің халқын оқытуды ұйымдастыру және өткізу.

    АҚ және ТЖ ақпараттық қызметі.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар ақпараттық қызметі Азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау негізінде халыққа уақытында және дұрыс ақпарат беру мақсатымен құрылады.

    Қызметтің міндеттері:

    • Халықты төтенше жағдай қаупі туралы хабардар ету жөніндегі ақпаратпен теле, радио құрылым мекемелермен меншік түріне байланыссыз Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын әзірлеу мен орындау;

    • Төтенше жағдайлар жағдайларындағы әрекет пен қазіргі зақымдау құралдарын халықтың қолдануын оқыту, территориялар мен халықты қорғау мәселелерін жаппай жариялау құралдары арқылы ұйымдастыру;

    • Республика территориясында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ресми ақпаратты отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен жинауды, жалпылау мен ұсынуды және оны халыққа жеткізуді ұйымдастыру;

    • Төтенше жағдайлар туындағанда шұғыл жағдайды жарықтандыру мәселесі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет координациясы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану;

    • Төтенше жағдайларда адамдардың жүріс-тұрыстары ережелері бойынша ескертулер, плакаттар, буклеттер, кішкене кітапшалар мен басқа да әдебиеттерді әзірлеу мен басып шығаруға қатысу;

    • Азаматтық қорғаныс күштерінің оқу және дайындық орындарынан, апаттық-құтқару қызметтерінің қалыптасуынан, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасы органдарының мәжілістерінен, конференцияларынан, симпозиум мен халықты, территорияны, ұйымдарды қорғау мәселелері жөніндегі басқа да іс-шаралардан репортеждерді ұйымдастыру;

    • Төтенше жағдайлар мен Азматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі оқу кинофильмдерін көрсетуді ұйымдастыруда мәдениет мекемелеріне көмек көрсетіп, бақылау;

    • Жоғалған адамдар, жоғалған мүлік, құтқару-апаттық жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпараттық материалдар мен тізімдердің жариялануына азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына көмек көрсету;

    • Жақын және шетел мемлекеттерінен келген бұқаралық ақпарат көздерінің өкілдеріне құзырлы органдармен бірге ұйымдастыру, мүмкін техникалық көмек көрсету, ақпараттармен және шұғыл пресс-релизбен қамтамасыз ету;

    • пресс-конференцияларды, брифингтер мен кеңес берулерді қызметтің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша шетелдік және отандық журналистер үшін ұйымдастыру.

    АҚ және ТЖ байланыс және хабардар ету қызметі.

    Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар байланыс және хабардар ету қызметі Азаматтық қорғанысты басқару органдарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты және басқару органдарын уақытында хабардар етуді ұйымдастыру, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.

    Қызметтің міндеттері:

    • Төтенше жағдайлар қаупі мен туындайы туралы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету;

    • Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын бейбіт және әскери уақытта жалпы мемлекеттік, ведомствалық мекемелер мен байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз ету;

    • Кез-келген заңды тұлғаға тиесілі жұмыс істеп тұрған байланыс жүйелері мен түрлерінің үнемі дайындығын олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне байланыссыз халықты төтенге жағдайлар туралы бейбіт және соғыс уақытында хабардар ету;

    • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқару органдарымен бірлесе отырып халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың өтуі, территорияны және ұйымдарды қорғау, құтқару және шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аудандары мен зақымдану ошақтарында өткізу туралы байланысты жоспарлау мен ұйымдастыру;

    • Байланыс және хабарлар ету жүйесін дамыту мен жетілдіру;

    • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын автоматтандырылған басқару жүйесін құру;

    • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі сигналдарды тарату (қабылдау) ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

    • Облыстардың, қалалардың, аудандардың Азаматтық қорғаныс бастықтарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның басшыларын, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктерінде байланыс құралдарының үнемі дайындықта болуын ұстау, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету;

    • Байланыс құрылымдарын құруды, ұйымдастыру мен тармақтауды, олардың дайындығын, жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз етілуін басқару;

    • Байланыс желілері мен құрылыстарында апаттық жұмыстарды жүргізу;

    • Байланыс және хабардар ету құралдарының жағдайын, олардың тез арада қалпына келуі мен істен шыққан жағдайда жөнделуін жүйелі түрде бақылау мен сапалы қызмет көрсету;

    • Басқа министрліктер мен ведомостволардың байланыс құрылымдарымен Азаматтық қорғаныс күштерімен, апаттық-құтқару құрылымдарының қызметтерімен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметімен, арнайы тұтынушылармен, жергілікті атқарушы органдармен бейбіт және соғыс уақыты кезінде төтенше жағдайларды басқаруда басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты ұйымдастыру;

    • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына халықаралық(қалааралық) сөйлесулерді, телеграф және почта байланыстарын уақытында бөлуді қамтамасыз ету, олардың тапсырыстарына сәйкес белгіленген нормалар бойынша басқа тұтынушылармен байланысты, сонымен бірге келісім-шарт негізінде барлық деңгейдегі байланыс пен хабардар етуді пайдалану-техникалық жағынан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

    • Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу;

    • Туындаған жағдай туралы деректерді жинау, оларға талдау жасау, қызмет бастықтарының шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды әзірлеу, орындаушыларға дейін міндеттерді қою мен жеткізуді, уақытша және тұрақты сұлба бойынша байланысты қалпына келтіру, орындауды бақылауды ұйымдастыру;

    • Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында Азаматтық қорғаныс күштерінің қозғалысын байланыспен қамтамасыз ету, белгіленген бағыттар бойынша халықты жылжытуды қамтамасыз ету.

    Бақылау сұрақтары:

    1. АҚ құрамаларына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілер даярлау қандай көлемде жүргізіледі?

    2. ТЖ және АҚ ҚР Агенттігі, оның құрылымы, мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары?

    3. АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері?

    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер: 1(120-126б),4(13-18б)

    Қосымша әдебиеттер: 1(20-263), 4(8-12)

    Дәріс №4. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар.

    Дәріс мақсаты: Қауіпсіздік түрлерінің еңбек қызметі кезінде процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған мағлұматтарды ұғындыру.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Жіктелуі, агрегаттық күйі, адам ағзасына түсу жолдары, зиянды заттың таралуы және түрленуі, зиянды заттардың әсері және сезгіштігі. Зиянды заттардың аралас әсері. Зиянды заттардың құрамын нормалау.Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану,кәсіби және тұрмыстық аурулар.

    Қауіпті еңбек жағдайлары- белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер десаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

    Егер өндірістік қауіптіліктің активтілігі жоғары болып, адам ағзасы оған үйренісе алмаса, адамның бірқалыпты өмір сүру жағдайы бұзылады, денсаулығы нашарлайды. Осы жағдайда кәсіби аурулар мен жарақаттар туындайды.

    Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары көп ретте техникалық тұрғыдан алға басушылықтың арқасында, өндірістің техника мен технологияның жетілдірілуі арқасында қамтамасыз етіледі. Алайда еңбек инспекциясы жүргізетін тексерістер еліміздің көптеген кәсіпорындарында қолданынылатын машиналардың, құрал-жабдықтың, тетіктердің және еңбек құралдарының техникалық күйі стандарттардың, нормалардың талаптарын және оларды пайдалану ережелеріне сай келмейді. Шектен тыс тозған негізгі өндірістік қорлар мен шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер жағдайында техногенді факторлардың қоршаған орта мен халыққа тигізетін зиянды әсері күннен –күнге ұлғайып келеді. Бұл тұрғыдан аса үлкен алаңдаушылықты тау-кен металлургиясы саласының кәсіпорындары туғызады, себебі,мұндағы негізгі қорлардың 40% жуығы тозған. Өндірістік жарақаттануды, әсіресе жұмыскерлердің өліміне әкеліп соқтыратын жазатайым оқиғалардың ең жоғарғы деңгейі құрылыс саласында тіркеліп отыр. Биікте орындалатын және жер қазумен, көтергіш тетіктерді пайдаланумен байланысты жұмыстар жұмыскерлердің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. Көптеген жағдайларда объектілерде қажетті қауіпсіздік шаралары, жеке қорғану құралдары қолданылмайды. Еңбекті қорғау мәдениетіне барлық деңгейлерде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқықтарын қамтамасыз ету кіреді.

    Экологиялық заманауи талаптарға сай еңбекті қорғау мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өндіріс орнындағы қауіпті және зиянды факторлармен қатар ондағы атмосфералық ауаның жай күйіне де ерекше назар аудару қажет.

    Өндіріс факторлары қауіпті және зиянды болып екіге бөлінеді:

    Өндірістің қауіпті факторы - бұл белгілі жағдайда адамға әсер ете отырып, жарақатқа немесе кенеттен оның денсаулығының бұзылуына әкеп соқтырады.

    Жарақат— бұл сыртқы әсерден организм ұлпасының зақымдануы және оның функциясының бұзылуы. Жарақат – жұмысшының еңбек міндетін орындау барысында қауіпті өндірістік фактордың әсерінен өндірісте болатын келеңсіз жағдай нәтижесі.

    Қауіпті өндірістік факторларға:

    • электр тогы;

    • қыздырылған денелер;

    • биіктен жұмыс жасаушының немесе әртүрлі заттардың құлауы;

    • атмосфералық не одан жоғары қысымда жұмыс жасайтын қондырғылар т.б. жатады.

    Өндірістің зиянды факторы - белгілі жағдайда адамға теріс әсер етіп, оны ауруға немесе оның жұмыс қабілетін төмендетуге әкеледі.

    Бұл факторлар өндірістік фактордың деңгейіне байланысты адамға қолайсыз әсер ететін соңғы нәтижелерімен анықталынып қоймайды, ол ұзақ әсер етумен де анықталынады.

    Зиянды өндірістік факторлардың әсерінен пайда болатын ауруларды кәсіптік аурудеп атайды.

    Зиянды өндірістік факторларға:

    • жағымсыз метеорологиялық жағдайлар;

    • ауа ортасының шаңдануы мен газдануы;

    • шу, инфра және ультра дыбыстар, діріл;

    • электромагниттік өрістің, лазерлік және иондаушы сәулеленулердің болуы т.б. жатады.

    Мысалы, «Балқаш» өндірістік бірлестікте құрамындағы, жобаланатын цех, зияндығы бойынша 1-классқа жатады.Балқыту цехының жұмыскерлеріне көп мөлшерде өндірістік құралдармен, электр тоғының сымдарымен, жүк көтергіш және қозғалмалы механизмдермен, теміржол және жеңіл көлікпен жұмыс істеуге тура келеді.

    Өндіріс үдеріс барысында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мынадай сипатта көрініс береді: Балқыту бөлімінде: Шу, жылудың үлкен мөлшерде бөлінуі, SО2 газдануы; Конвертер бөлімінде: Шу, дірілдеу т.б. Анодтық бөлімде: Шу, жылудың үлкен мөлшерде бөлінуі. Зиянды заттардың мөлшерінің артуымен қатар, өнеркәсіп цехы пәтерлі ауданнан, желдетілген жағынан 1000м арақашықта орналасқан. Цех ғимаратының ауасынан уытты және улы газдар мен шаң-тозаңдардың түзілуі және олардың ауаға шығарылады. Бұл тұрғындар денсаулығына қауіп төндіретін фактор. Штейнмен шлакты құю кезінде электрлі пешке штейн миксері мен шлак миксеріне SО2мен жылудың үлкен мөлшері бөлінеді. Операторлардың жұмысы сыртқы ортаның жоғарғы температурасы, табиғи жарықтың жоқтығы, электрлік ток, статикалық электр сияқты физикалық қауіпты және зиянды өндіріс факторларының әсерімен байланысты. Сонымен қатар, цехтағы шудың дыбыс деңгейі 60-70 дБ құрайды, цехта ұзақ болу қатер мөлшерінің өсуіне, әр түрлі кәсіби сырқаттардың туындауына әкелуі мүмкін. Өндірістің зиянды факторының адам организміне ауысым бойына әсер етуі қосымша жарақатқа алып келуі мүмкін. Мысалы, кейбір операциялардың шұғыл қайталанып істелуінің нәтижесінде адам тез шаршайды да, оның жұмыс қабілеті төмендей бастайды.

    Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нақты шекарасы жоқ. Мысал ретінде жұмысшыға балқыған металдың әсерін қарастырайық. Адам балқыған металдың тікелей әсерінен термиялық күйік алады, яғни нәтижесі ауыр жарақатқа әкеп соқтырады, одан ары өліммен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде балқыған металдың әсері қауіпті өндірістік фактор болып табылады.

    Ал егер адам үнемі балқыған металмен жұмыс жасаса, одан шығатын сәулелі жылу әсерінен организімінде биохимиялық өзгерістер болып, жүйке мен жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысы бұзылады. Сонымен бірге инфрақызыл сәулелердің ұзақ әсері көру мүшесінің, яғни көз жанарының бұлдырауына алып келеді. Бұл жерде балқыған металдың сәулелену жылуының жұмысшы организміне әсері зиянды өндірістік фактор болып табылады. Қауіпті факторға тән - бұл бірден тез әсер етуі, ал зиянды факторға тән- бұл ұзақ әсер етуі болып табылады. Кейбіржағдайларда зиянды фактордың адам организміне қысқа уақытта әсер етуінің салдарынан жарақат пайда болады. Бұл жарақат оқыс оқиғалар сияқты тергеліп, және есепке алынады. Бұл жарақатқа жататындар:

    • өткір уланулар;

    • жылу соққылары;

    • үсулер;

    өндірісте найзағайдың әсерінен адамның зақымдануы. Жұмыс жасаушыға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын еңбек жағдайының күйі еңбек қауіпсіздігі деп аталады.

    Өндірістік санитария —бұл өндірістікзиянды факторларды болдырмайтын немесе азайтатын ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық заттардың жүйесі.

    Техника қауіпсіздігі — қауіпті өндірістік факторлардың жұмыс жасаушыларға әсерін болдырмайтын ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық заттардың жүйесі.

    Өрт және жарылыс қауіпсіздігі — өрт пен жарылысты жою және алдын алу, олардың салдарын азайту бағытындағы ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық заттардың жүйесі.

    Қауіпті және зиянды факторлар өзінің әсер ету табиғаты бойынша жіктеледі: (1кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар)

    • физикалық;

    • химиялық;

    • биологиялық;

    • психофизиологиялық болып бөлінеді.

    Физикалық факторларға:

    -машиналар мен механизмдердің қозғалатын бөліктері, жабдықтардың қорғалынбаған қозғалатын элементтері, жылжымалы бұйымдар, дайындалынатын бұйымдар мен материалдар ;

    -жұмыс аймағындағы ауа температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі, жабдықтар беттерінің температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі ;

    - ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен жылдамдылығы ;

    - электр тізбегіндегі кернеу деңгейінің қауіптілігі ;

    • шу, діріл, инфра және ультракүлгін деңгейлерінің жоғарылығы ;

    • табиғи жарықтың болмауы немесе кемшіндігі, жұмыс аймағындағы жарықтанудың жеткіліксіздігі, жарықтың ашықтығының жоғарылығы,қарама-қарсы түстің төменділігі, тікелей және шағылысқан жылтырауықтар, жарық ағынының жоғарылығы ;

    • жабдықтардың, аспаптардың, дайындалынған бұйымдардың беттеріндегі кедір-бұдырлар, қабыршақтар, өткір жиектер;

    • жұмыс орнының еденнен (жерден) едәуір биіктікте орналасуы ;

    • ультра күлгін және инфра қызыл радиация деңгейлерінің жоғарылығы ;

    • электромагниттік сәулелер, статикалык электрлік ;

    • электр және магнит өрістерінің кернеулігінің жоғарылығы ;

    • ауаның иондануының жоғарылығы немесе төменділігі;

    • жұмыс аймағындағы радиоактивтік сәулелердіңдеңгейінің жоғарылығы ;

    • жұмыс аймағында барометрлік қысымның жоғарылығы немесе

    төменділігі .

    Химиялық факторларға адам организміне зиянды заттар жатады:

    • тыныс алу жолдары;

    • адамның терісі арқылы;

    -ас қорыту жүйесі арқылы енеді. Адам организміне тыныс алу жолдары арқылы еніп,жалпы улы әсер туындатады:

    • мұрынның шырышты қабығына, ауыздың куысына және көзге тітіркендіргіштік ;

    • адам организмінің реактивтігін тез өзгертетін сенсибилизациялық, аллергиялық ;

    • мутагендік (тұқым қуалаудағы тектік өзгерістер) ;

    -адамның репродукциялау функциясына өсерін тигізеді.

    Биологиялық факторларға:

    • ауру тудыратын микроорганизмдерге;

    • ауру тудыратын макроорганизмдерге (күрделі организмдер);

    Микроорганизмдер (өте ұсақ организмдер) адамның организміне:

    • бактерия (өте ұсақ организм) түрінде;

    • вирус (жұқпалы ауруды қоздырушы микроб) түрінде;

    • риккетсий (бактерияға ұқсас қозғалмайтын микроорганизмдер) түрінде;

    -спирохет (кейбір жұқпалы ауруларды тудыратын бактериялар) түрінде;

    • тұмау (микроорганизмнің қозуынан туатын бактериялар) түрінде кіреді.

    Макроорганизмдер:

    • өсімдік тектес;

    • жануар тектес болып бөлінеді.

    Психофизиологиялық факторларға:

    Бірінші:

    Физикалық шамадан тыс жүктеу;

    - статикалық жүктемелер;

    - динамикалық жүктемелер;

    - адамның қозғалу белсенділігінің шектелуі кіреді.

    Бұлшық еттің статикалық жүктемелері адам денсаулығына және жұмыс қабілетіне қолайсыз әсер етеді. Ол жүктемелер:

    -статикалық жүктеме кезіндегі қажетті күштің шамасымен;

    - еңбек операциясын уақытша амалсыздан тіктұрып орындауымен анықталынады.

    Атап айтқанда:

    • жеңіл(егер адам жұмысты ерікті дене тұрысындаорындаса);

    • ауырлығы орташа (егер адам ауысым бойына сменаның 10-25 % амалсыз) тік (дене тұрысында)атқарса;

    • ауыр (егер тік тұрып жұмыс жасау 50 % болса);

    -өте ауыр (егер ол 50 % коп болса).

    Екінші:

    Жүйке-психикалық шамадан тыс жүктеу:

    - ақыл-ойдың шамадан тыс болуы ;

    -дүниедегі сыртқы құбылысты, әсерді қабылдайтынжәне талдайтын көздің шамадан тыс жұмысістеуі;

    • еңбектің бір қалыптылығы ;

    • сезім әрекетіне бой алдырғыштығы шамадан тысболуы .

    Негізгі фактор түрлерінің жіктелуі мен пайда болуы көздері

    Физикалық:

    • Механикалық (биіктік, машиналар,механизмдер, құрал-жабдықтар);

    • Діріл;

    • Акустикалық тербеліс (инфрадыбыс, шу, ультрадыбыс);

    • Электромагниттік сәулелену, инфрақызыл (жылулық) сәулелену, лазерлік сәулелену, ультракүлгін сәулелену, айнымалы электромагниттік сәулелену);

    • Тұрақты электр және магнит өрісі (статикалық электр тогы, тұрақты электр өрісі, тұрақты магнит өрісі);

    • Иондаушы сәулелену ;

    • Электр тоғы;

    • Температураның төмендеуі мен жоғарылауы

    Химиялық:

    • Шаң;

    • Уытты және улы газдар;

    • Уытты және улы сұйықтар.

    Биологиялық:

    • Микроағзалар (бактериялар, вирустар);

    • Макроағзалар (өсімдіктер, жануарлар).

    Психофизиологиялық:

    • Физикалық шамадан тыс жүктеме;

    • Жүйке-психикалық шамадан тыс жүктеме;

    Еңбек қауіпсіздігінің негізгі нормалануы

    Жоғарыда айтылғандай еңбек қауіпсіздігі жағдайында жұмыс жасаушыға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері болмайды.

    Еңбектің қауіпсіз жағдайлары- қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары.

    Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі- өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік- техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талптарына сәйкестігі.

    Өндірістік процестің қауіпсіздігі- өндірістік процестің нормативтік- техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі.

    Қауіпсіздік техникасы – жұмысшыға қауіпті өндірістік факторлардың әрекетін болдырмау әдісі мен ұйымдық- техникалық іс шаралар жүйесі.

    Өндірістік санитария – жұмысшыға зиянды өндірістік факторларының әрекетін болдырмаудағы санитарлық- гигиеналық, ұйымдық іс- шаралар жүйесі.

    Еңбек жағдайларының қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге өндіріс орнының әкімшілік ұйымы жауапты.

    Техникалық қауіпсіздік қызметінің негізгі міндеті - өндірістік жарақат пен кәсіби ауруларды ескерту мақсатында техникалық- ұйымдық, санитарлық- гигиеналық іс- шараларды жүзеге асыру болып табылады.

    Шынайы өндірістік жағдайда жұмыс жасаушыларға қауіпті және зиянды әсері болмайтын технологиялық процесті ұйымдастыру мүмкін бе? Бұл міндет қауіпсіз техника жасаумен эквивалентті. Дегенмен, абсолютті қауіпсіздікке жету техникалық тұрғыдан алғанда мүмкін емес, экономикалық тұрғыдан алғанда тиімді емес, өйткені қауіпсіз техника жасау бағасы оны қолданудағы эффекттен асып түседі. Сондықтан заманауи машиналар, қондырғылар, құрылғылар мен приборлар жасауда максималды қауіпсіздікке жетуге тырысады, олармен жұмыс жасауда тәуекелділікті минимумға келтіреді, бірақ ол параметр нөлге келтірілуі мүмкін емес.

    Қауіпсіздік нормалары- қызметкерлердің еңбек қызметі кезінде процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормалдарды, ережелерді рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер.

    Белгілі қауіпсіздік нормативтері екі топқа бөлінеді:

    шекті рауалы концентрация (ШРК) – зиянды химиялық және биологиялық заттардың жұмыс аймағы ауасындағы қауіпсіз мөлшерін сипаттайды;

    шекті рауалы деңгей (ШРД) – физикалық зиянды және қауіпті өндіріс факторларының (шу, діріл, ультра және инфрадыбыс, электромагнитті өріс, иондаушы сәуле т.б.) қауіпсіз мөлшерін сипаттайды.

    Психофизиологиялық зиянды өндіріс факторлары ерекше нормаланады. Онда еңбек жүктемесінің параметрлері мен ол көрсеткіштердің адамға әсерімен сипатталады.

    Іс жүзінде қауіпсіздік нормативтері келесідей қолданылады: жұмыс аумағының ауасында бензин буы бар делік, оның жұмыс жасаушыға қауіпсіздігін анықтау қажет. Нормативті құжат (ГОСТ 12.1.005-88 «Жұмыс аймағының ауасы. Жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар») бойынша сол заттың ШРК 100 мг/м3 құрайды. Ал анықталған мөлшері 90 мг/м3 құрайды, яғни жұмыс жасаушыға зиянсыз деп есептеледі. Керісінше болғанда, бензин буының артық концентрациясын қауіпсіз мәнге дейін азайту үшін арнайы шаралар жүргізіледі, бұл жағдайда ағымды-сору вентиляциясы қолданылады.

    Өндіріс жағдайындағы кернеу мен токтың адамға қауіпсіз мөлшерін (ШРД) анықтау үшін де анықтамалық әдебиеттен керекті мәнді табады. Ауыспалы ток жиілігі 50 Гц (өндірістік жиілік) адамға әсері 1с артық болғанда қауіпсіз мән келесідей: кернеу — 36В, ток — 6 мА (1 мА = 10'3А).

    Көрсетілген мәннен артығы адам үшін қауіпті. Барлық жоғарыда көрсетiлген факторларға қатысты мәселелерге мемлекет араласу қажет, яғни мемлекеттік нормалау және стандарттау жасалады. Мысалы, психофизиологиялық факторларға Атом электр станцияларының(АЭС) қызметкерлері, диспетчерлер, темiржолшылар мамандықпен шұғылданатын адам жұмыс берушiсiмен ұжымдық келiсiмшарт жасаса өте ыңғайлы болады. Дүние жүзiнде қауiптi және зиянды өндiрiс факторлардың нормаларын сақтауда бақылаушы органдар бар: техникалық инспекциялар, санитарлық инспекция, кәсiподақ, еңбек министрлiгi т.б..

    Бақылау сұрақтары:

    1.Қауіп ұғымының мәні туралы түсіндіріңіз?

    2.Зиянды өндірістік факторларды ата?

    3. Қауіпті өндірістік факторларды ата ?

    Әдебиеттер:

    1. ҚР-ң «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» Заңы, 5 шілде 1996 ж.

    2. Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев А.М. Защита населения и территорий в черезвычайных ситуациях. Учебное пособие.-М.: Изд-во АСВ, 1999.

    3. Кукин П.П. Безопасность жизнедеятельности. – М.: Высшая школа, 2003

    4. АманжоловЖ.К., Балабас Л.Х. Безопасность жизнедеятельности. – Астана: Фолиант, 2009. – 125 с.

    Дәріс №5. Радиациялық және химиялық қауіптілік.

    Дәріс мақсаты: Радиациялық және химиялық қауіптілік туралы ұғындыру.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Иондаушы сәуле шығару. Сыртқы және ішкі сәулелену.Олардың адам ағзасына әсері.Экспозициялық, жұтылған баламалы дозалар.Сәулеленетін тұлғалардың және сындарлы органдар топтарының санаттары. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Сәуле ауруы және басқа да аурулар. Иондаушы сәуле шығарудың мекендеу ортасына әсері. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері - негіздеу, оңтайландыру,нормалау. Санитарлық сақтандыру шаралары. Химиялық барлау аспаптары.

    Иондаушы сәулелердің жалпы сипаттамасы.

    Иондағыш сәулелену- зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден және фотондардан тұратын сәулелену, олар ортасымен әсерлескен кезде белгілері әртүрлі иондар түзеді.

    Сәулеленудің келесі түрлері бар:

    α-сәулеленуі – оң зарядталған гелий ядроларының ағыны, иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада таралу ұзындығы 3-11см, ағза тіндерінде бірнеше микрон.

    α – сәуле аз еніп кету қабілетімен сипатталады, бірақ ингаляциялық жолдар арқылы организмге еніп иондаушы қабілеті жоғары. Қөрганыс-респиратор, фильтрлеуші противогаз.

    β-сәулеленуі – оң зарядталған электрондардың немесе теріс зарядталған позитрондардың ағыны, иондандырғыш қабілеті аз, енгіштік қабілеті басым, ауада таралу ұзындығы 10-15м, ағза тіндерінде бірнеше мм.

    β - α – сәулеге қарағанда көп еніп кету қабілетімен сипатталады, бірақ иондаушы қабілеті төмен. Қорғаныс-респиратор теріні қорғайтын құрал ОЗК, Л-1.

    γ-сәулеленуі- радиоактивтілік айналым кезінде шығатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны, енгіштік қабілеті өте үлкен, ауада таралу ұзындығы жүздеген метр, иондағыш қабілеті үлкен емес.

    γ - сәуле өте күшті еніп кету қабілетімен сипатталады, қазіргі уақытта бұл сәуледен қөрғану тәсілі табылмаған. Метро және қорғаныс құрылыстарда жасырыну арқылы коэфициентін тек төмендетуге болады.

    Сыртқы және ішкі сәулелену. Олардың адам ағзасына әсері.

    Рентген сәулеленуі- табиғаты жағынан гамма-сәулеленуге ұқсас, бұл заттағы жылдам электрондарды тежеу кезінде жасанды түрде пайда болатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны.

    Нейтрондық сәулелену- нейтрондар ағыны., ядролық реакторларда уран, плутоний ядроларының бөліну реакциясы кезінде пайда болады. Енгіштік қабілеті үлкен, себебі нейтрондардың заряды жоқ.

    Иондағыш сәулелену көзі- иондағыш сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті радиоактивті зат немесе қондырғы.

    Табиғи сәулелену көзі- табиғи текті иондағыш сәулелену көзі.

    Техногенді сәулеленуге ұшырау – пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа қалыпты да және апат жағдайларындағы техногендік сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырауы.

    Жабық көздері- пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез келген иондаушы сәулелену көздері.

    Ашық көздер- мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде, белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Бұл кезде тек сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар персонал қосымша ішкі сәулеленуге ұшырауы да мүмкін.

    Радиобелсенділік- бұл өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелер (α-бөлшектер, β-бөлшектер, γ-квант, т.б.) шығарып, басқа элемент атомының ядроларына айналуы.

    Радиобелсенділіктің айналу түрлері:

    α-ыдырау- реттік номері үлкен,табиғи белсенді элементтерге тән.

    Электрондық β-ыдырау- табиғи да, жасанды да белсенді элементтерге тән.

    Позитрондық β-ыдырау- кейбір жасанды радиобелсенді зотоптарда байқалады.

    Сәулеленуге ұшырау- иондағыш сәулеленудің адамға әсері.

    Табиғи сәулеленуге ұшырау- ИС табиғи көздерінен шығатын сәулеленудің әсеріне ұшырау.

    Техногенді сәулеленуге ұшырау- пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа, қалыпты жағдайларда да және апатқа ұшыраған жағдайларда да, техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырауы.

    Қызметкер- сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтін (А-тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін (Б -тобы) адамдар.

    Халық- иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезіндегі қызметкерді қоса алғандағы барлық адамдар.

    Доза- радиациялық гигиенада иондаушы сәулеленуді сандық бағалауы үшін қолданылатын түсінік.

    Доза қуаты- уақыт аралығындағы дозаның (сіңірілген, эквивалентті, эффективті) өсуінің сол уақыт аралығына қатынасы.

    Доза шегі- қалыпты жұмыс жағдайында орнатылған шегінен аспауы тиіс техногенді сәулеленудің жылдық эффективті немесе эквивалентті дозасының мөлшері.

    Сәулелену әсерінен физиологилық және биохимиялық құбылыстардың бұзылуы. Жоғарыда айтылғандай, ДНК молекуласына сәулелену әсері тиген жағдайда ДНК түзілуінің тежелуі оның күрделі молекула болып жинақталу фазасында болады. Жасушада бұл құбылыс ферменттің қатысуымен өтеді. Сәулеленген жасушада ДНК түзілуіне жауапты фермент – полимерпезаның әсері тежеледі. ДНК синтезінің тежелуі жасушада тотығу құбылысы кезінде бейорганикалық фосфорды байланыстырып алуды тоқтатады.

    Сәулелену жілік майында эритроциттердің түзілуін тежеуілдетеді. Сәулелену табиғи иммунитеттердің барлық түрін әлсіретеді. Үлкен мөлшермен сәулеленгенде жасуша жарғақшасының калий ионының өткізгіштігіне үлкейіп, калийдің жасушадан өтіп кетуіне себеп болады. Қалыпты жағдайда калий ақуызбен байланысты түрде болып, бұлшық еттің қозу құбылысына қатысады. Сәулеленген жануарлар ағзасының салмағы азаяды, ол ақуыздың ыдырауына, май қорығындағы май қорының азаюына байланысты.

    Сәулелену әсерінен толып жатқан биохимиялық өзгерістер өтіп, ағзада әр жақты өзгерістер болады. Креатин құрамында азот бар, үш аминқышқылының қатысуымен (аргинин, глицин, метионин өз молекулаларын креатин құрамына береді) бауырда түзілетін күрделі зат. Бауырда түзілген креатин қанның құрамына өтіп, қанның ағымымен бұлшық етке жетеді. Креатин бұлшық етте фосфор қышқылымен қосылып фосфокреатинді құрады.

    Креатиннен су молекуласының ыдырап бөлінуінен креатинин пайда болады. Қалыпты жағдайда креатинин зәрдің құрамымен ағзадан бөлінеді. Сәулелену әсерінен креатининнің ағзадан бөлінуі көбейеді. Сәулеленген бұлшық ет бауырда көптеп түзілген креатининді жеткілікті пайдалана алмауы мүмкін.

    Фосфокреатин бұлшық еттің жиырылуында маңызы ерекше – ол химиялық энергияны механикалық жұмысқа айналдыруға қатысады.

    Адамның тіршілік ету ортасының жағдайына байланысты сәулелену

    Адамның өмір сүріп отырған жеріне, ішкен судың сапасына, тұрған үйінің құрылыс материалына сай сәулелену әр деңгейде болады. Теңіз беті деңгейіне сай жазық далада ағзаны қоршаған орта ғарыштың жоғары энергялы электрондардан, фотондардан,нейтрондардан тұрады. Таулы жердің 1500 м биіктігінде теңіз беті деңгейімен салыстырғанда сәулелену мөлшері жылына 160-240 миллиард. Өзеннің түбіндегі топырақ құрамына байланысты судың радиациялану деңгейі әр түрлі болады.

    Ауаның құрамында радон және торон мөлшері адамның өмір сүріп тұрған жеріне, жыл мерзіміне, геологиялық және метеорологиялық жағдайларына байланысты. Радон – 222 адамның денесінің құрамында болатын радий элементінің ыдырауының продуктысы. Ауасы шаң – тозаң қалаларда радон концнтрациясы ауылдық жерге қарағанда шамамен 3 есе жоғары. Радон және торон, олардың ыдырауынан пайда болатын продуктылары ашық кеңістік жерден салыстырғанда үйде жоғары. Үйдің ауасында радон және торон концентрациясының жоғары болуының себебі – топырақ. Топырақтың құрамындағы ауа подвалға жиналады, содан соң үйге өтеді. Олардың ең үлкен концнтрациясы қысқы айларда, топырақ пен ауаның арасында ауа алмасуы бұзылған кезде байқалады.

    Егер адамның өмірі 70 жасқа тең болса, оның өкпесінің дозасы 16 рентген (тек атмосфера ауасымен тыныс алған жағдайда) және “терең” жерде салынған бөлмеде ұзақ уақыт болғанда 150-160 рентген. Бұдан ауылдық жердегі тұрғындармен салыстырғанда қала тұрғындарының өкпесінің сәулелену дозасы анағұрлым жоғары.

    Тұрғын үйлер және өндіріс үйлерінің қабырғасы сыртқы гаммарадиациядан сақтағанымен, үй қабырғаларының өзі гамма – сәулелену әсерінің бұлағы болып саналады.

    Үлкен қалаларда сәулелену әсерінің деңгейі құрылыс материалдарда радиоактивтік элементтердің мөлшеріне байланысты деген ғылыми болжам бар. Бұл әсіресе үйлердің сыртын гранитпен қаптағанда, арықтардың жағалауын гранитпен әсемдегенде үйдің ауасындағы радиоактивтілік атмосфераға қарағанда 1-2 есе жоғары. Үйдің ауасын терезені, есікті ашып желдеткенде 20 минут ішіінде ауаның радиоактивтілігі 1,5-3 есе төмендейді.

    Көрсеткіш сызықтарының тұсындағы сандар радиацияның миллиард мөлшері. Көрсеткіш төмен болса, ғарыштық сәулеленудің мөлшері, ал жоғары болса, Жердің радиоактивтілігінің әсер ететін мөлшері. Қисық көрсеткіш ағзаның өзіндегі изотоптардың радиоактивтік мөлшері.

    Қр радиоактивті заттарды өндіретін объектер.

    Өте күшті ұлы заттарды қолданатын және өндіретін объектердің барлығы сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлеріне және айналасындағы халық үшін өте қауіпті.

    ҚР бес ядролық реакторлар бар:

    Біріншісі ядолы физика институты, Алматы қаласының жанында Алатау поселкісінде орналасқан. Реактор типі ВВ РК-10 (Қазақстан сусулы реакторы). Медециналық мақсатта қолданады.

    Екінші ядролық еактор тез нейтронды БН-350. Ақтау қаласында орналасқан суды тұзщыландыру үшін қолданады.

    Үшеу алдыңғы Семей ядролық полигонында орналасқан, қазіргі уақытта сөндірілген, алдын әскери-ғылыми мақсатта пайдаланылған.

    Радиоактивті объектілерде авария кезінде адамдардың іс - әрекеті.

    Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер жер бетінде кошуі мүмкін, табиғи суларды және т. б. зақымдау мүмкін. Көптеген жғдайларда тау жыныстарында уран топырақ беткі қабатындағы суларға өтіп, үлкен арақашықтарға тарайды. Егер оның жолында уранды адсорбциялаушы геологиялық құрылымдар кездесетін болса, оның концентрациясы көбейіп кетуі мүмкін геологиялық процестердің ұзақ уақыт өтетінін ескерсек (он және жүз мың жыл).

    Уранның қайта екінші жинақталуы тұралы бір неше мысал келтіруге болады. Ежелгі жануарлардың сүйектерінің қалдықтарында 0,1-0,9% дейін концентрацияларда кездеседі. Кейбір көмір орындарында уран 0,01-0,09% дейін жинақталған. Организмге уранның өзі түскенде радиоактивті қауіпті емес, ол тек үлау мүмкін. Себебі уранның радиациялық белсенділігі өте төмен.

    Радиациялы қауіпті болып уранның ыдырау процесінде пайда болатын өнімдері (радон) және радиоактивті элементтер (технеций, прометий, полоний сонымен қатар Менделеевтің периодтық жұйесінде осы элементтерден кейін орналасқандар).

    Радон радийдің ыдырау нәтижесінде пайда болатын өнімі. Бұл түссіз, иісі жоқ газ, ауадан 7,5 есе ауыр. Радон топырақ қабатынан жердің барлық жерінде бөлінеді, бірақ оның концентрациясы әр-түрлі жерде әр-түрлі, сонымен қатар құрылыс материалдарында бөлінеді: цемент, қиыршық тас, кірпіш, т. б. Барлық жыныстарда уран және торий кездеседі. Мысалы гранитте оның концентрациясы жоғары болуы мүмкін. Құрылыс материалдарында пайда болған радон бөлмелерге дуалдарда пайда болған жарықтар арқылы бөлмеге өтуі мүмкін. Егер бөлме желдетілсе, құрылыс материалдарында және ғимарат тұрған топырақ қабатында уран және радий концентрациясы жоғары болса, онда өте қауіпті. Адам өмірінің узақ уақыт бөлмеде өткізетін есепке алсақ, қауіпті сәулеленуді алуы мүмкін. Көп жағдайларда дуалдарды герментизациялау (герментативті бояу) және бөлмені желдету арқылы радонның әсерін төмендетуге болады.

    Химиялық қауіпті объектілектілерді және химиялық ТЖ жіктеу.

    Өте күшті әрекеттеуші үлы заттарды өндіретін, сақтайтын және қолданатын өндіріс объектілерінде авария кезінде адамдарды, өсімдіктерді, жануарларды жаппай зақымдауы мүмкін. Өте қауілті үлы заттарды өндіретін химиялық объектер: целюлоза-қағаз, қорғаныс, мұнай өндіретін, түсті және қара метал өндіретін, минерал тынайтқыштарын өндіретін объектер. Республика көлемінде 400 химиялы қауіпті объектер бар.

    Өте күшті әрекеттеуші үлы заттарды өз газдарының қысымымен жабық қоймаларда сақтайды. Қоймалардың зақымдалу немесе бұзылу нәтижесінде сүйық заттардың қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді, күшті әрекеттеуші үлы заттар кқайнап кетеді (қайнау температурасы –20 0С) және атмосфераға бу және газ күйінде ауаға бөлінеді. Олар ұлкен арақашықтыққа тарап, зақымдау ошағын түзеді.

    Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.

    Хлор жасыл—сары түсті өткір исі бар газ.Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады. Қайнау температурасы –– 34,6°С яғни хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. Адамның тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі. Бірінші көмек противогаз кигізу керек., ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығары, оттегімен демалдырған жөн. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртін иіскету керек. Ыстық сүт, шай беріп жылы жерге науқасты орналастыру керек.

    Аммиак нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі қопарылыс жасауға қабілетті Адамның тыныс мүшелеріне , көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентрациясы адамның нерв жүйесіне қатты әсер етеді . Теріні көзді күйдіріп не үсіріп жібереді. Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ертіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ертіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады. Аммиактың (Ай-2) №2 ұясындағы таблетканы ішу керек.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Улы заттардың қоршаған ортаға таралуы қалай жүреді?

    2. Радиациялық және химиялық зиянды әсерлерді анықтау құралдарының қызметі қандай?

    3.Улануды болдырмау немесе сақтану шараларының кешенін ата?

    4. Радиация адам ағазасына қалай әсер етеді?

    Негізгі әдебиеттер:

    1. Исанов К.Ш. Обеспечение безопасности жизнедеятельности человека.Алматы,Жеті жарғы,1999.

    2. Действие населения в чрезвычайных ситуациях. Под ред. Андреева А.М.М.,1992.

    3. Обеспечение безопасности жизнедеятельности. Под ред. Сюнькова В.Я.М.1995.

    4. Репин Ю.В. Основы безопасности человека в экстремальных ситуациях,Алматы,Демеу,1994.

    5. Ильчаев А.А. Популярная энциклопедия выживания. Челябинск,1996.

    Қосымша әдебиеттер:

    1. Закон РК “О ЧС природного и техногенного характера “от 5 июля 1997г. Казахстанская правда.1997.12 июля.

    2. Мариновский П.И. Животные предсказывают землетрясения. Алматы. Кайнар, 1992.

    3. Детям и взрослым о землетрясениях.ГКЧСРК.Алматы 1997.

    Дәріс №6. Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі. Жүйенің даму кезеңдері.

    Дәріс мақсаты: студенттерге техносфералық қауіпсіздіктің ұғымдарын түсіндіру.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Техносфера.Заңдылықтар және оның даму көрсеткіштері.Индустриялық қоғам адамының биосферамен, техносферамен және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуінің құрылымдық сұлбасы.Техносфераның дамуына демографиялық жарылыстың, халықтың кенттенуінің, энергетиканың, көліктің, өндірістің және экономиканың басқа салаларына әсер етуі. Жағымсыз факторлардың жиынтығы жоғары техносфера аймақтары. Техносфераның қауіпсіздік жүйелері.

    Адамзат тарихындағы өркениеттің дамуы игіліктерді алу және тұтыну мақсатымен қоршаған материалдық әлемге әсер ету арқылы адам қолымен жасалған құрал-жабдықтардыжетілдіру бағытында жүзеге асырылды. Ғылым мен мен техника жетістіктерін, еңбектің техникалық жарақтануы, алдыңғы идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің артуы және оларды тәжірибеге ендірумен ендірумен байланысты өндірістің үздіксіз жетілуі ғылыми-техникалық жетістік деп аталады. Ол адам іс-әрекетінің барлық салаларын, соның ішінде қоршаған табиғи орта жағдайын елемей, табиғи ресурстарды игеру көлемінің артуын және технологияны жетілдіруді қамтиды.

    Ғылыми-техникалық жетістіктер антропоцентрліқ мақсаттарға бейімделген, яғни халықтың артып отырған қажеттіліктерін қнағаттандыруға негізделеді. Осының барысында биосфераға бөтен заттардың ену құбылысы байқалды, нәтижесінде биосферадағы экологиялық тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамның шаруашылық іс-әрекеті табиғи ортаға тұрақты әсер ететін факторға айналды, табиғатты өзгерте отырып, оның даму заңдылығына қарсы өзгерістерді туындатты. Қазіргі таңда, адамның барлық өндірістік іс-әректтерінің нақты анықтамасы техногенез деген атауға ие. Экологиялық көзқарас тұрғысынан, техногенез адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде биоталық айналымның тұйықтылығы мен тепе-теңдігін бұзатын, өзгертетін зат, күш және үдерістерді биосфераға ендіруге қабілетті техниканың пайда болуы. Мұндай ұстаным геохимияда қолданатын техногенез түсінігімен қиысады(А.Е.Ферсман 1937, А.И.Перельман 1970). Техногенез түсінігін алғаш рет ғылыми айналымға орыс ғалымы А.Е.Ферсман енгізген. Ол бұл түсінікті адамның геохимия іс-әрекеттермен байланыстырады. Ғалым оны геохимияның

    Техногенез қамтыған планета бөлігі ерекше жүйе - ноосфераны көрсетеді. В.И. Вернадский 1944 жылы өз еңбегінде: Ноосфера - біздің планетадағы жаңа геохимиялық құбылыс. Мұнда алғаш рет адам ірі геологиялық күшке айналды. Ол өз еңбектерімен және санасымен өз өмірін қайта құруға болады, бұрынғымен салыстырғанда, түбегейлі өзгертуге болады. Біздің алдымызда көптеген шығармашылық мүмкіндіктер ашылуда», - деп жазды. Ноосфера планетарлық құбылыс, планеталардың дамуының ерекше кезеңі, ерекше қабат ретінде қарастырылады. Ноосфера геохимиясы мен техногенезді зерттеу табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, табиғатты қорғауды, қоршаган ортаның ластануымен күресудің теориялық негіздерін қалыптастырды.

    Атмосферада техногенді газдармен бірге СО2 концентрациясының артуы жылулық әсерді(парникті эффект) күшейтуде, яғни Күн радиациясының Жерге түсетін инфрақызыл сәулесін атмосфераның төменгі қабаты сіңіреді. Бұл "ғаламдық жылыну" деп аталатын атмосфера, гидросфера және Жер үстіндегі орташа температураның жоғарылауына алып келеді.

    Соңғы 30 жылда атмосфераның төменгі қабаты мен құрлық бетінде СО2 концетрациясы 0,6 құрады, бұл энергияның үлкен мөлшерінің қосылғандығын көрсетеді. Температураның жоғарылауынан, топырақ ылғалдығынан, судан, еріген мұздан көмірқышқыл газы қосымша бөлінеді, яғни судағы СО2 ерітіндісі температураныңартуына байланысты жылдам төмендейді.Одан басқа техногенді қышқыл тұнбалар биотаға тікелей теріс әсер ете отырып, топырақ карбонатынан, судан, грунттан СО2 ығыстырып шығарады. Осы жағдайда, ұазіргі техносфера биосфераны ығыстырып, орнын алмастырумен қатар, биосфераның орта түзуші қызметін бұзады. Биосфераның қызметтері бұзылғаннан кБиосфераның қызметтері бұзылғаннан кейін,техносфераға да қауіп төнеді. Себебі, техносфера биосфера ортасы мен ресурстарын пайдаланатындықтан, биосферадан тыс өмір сүре алмайтындығы дәлелденеді.

    Қоғам дамуының қазіргі кезеңі өндіріс құралдарының техникасы мен технологиясының ұзақ даму тарихын қамтиды.

    Техногенез негізін адамның алғашқы жаққан "оттары" құрайды. Отынды пайдалана отырып, адам өзінің мекен ету ортасын кеңейтті, аңшылықпен және қосымша қажетті заттарды жинаумен, тағам дайындаумен айналысты, болашақ термотехнология мүмкіндігін туындатты. Неолит дәуірінде еңбектің кәсіби бөлінуі және қолөнер дамыды. Бірақ адам баласы отын энергиясын айналдыруды үйренбеген болатын. Бұл дәуір бұлшық ет энергетикасы дәуірі еді, себебі адам өз күшімен мүмкіндіктерін жүзеге асырып отырған, кейіннен жануарлар күші пайдаланылған.

    XX ғасырдағы техногенездің даму нәтижелері

    Көрсеткіштер

    Ғасырдың басы

    Ғасырдың соңы

    Жалпы әлемдік өнім, млрд долл./жылына

    60

    25000

    Техносфераның энергетикалық қуаттылығы, ТВт

    1

    14

    Халық саны, млрд адам

    1,6

    6,0

    Тұщы суды тұтыну, км/жылына

    360

    5000

    Биотаның алғашқы өнімін өндіру, %

    1

    40

    Орман жамылғысы алып жатқан аумақ ауданы, млн км2

    57,5

    50,0

    Шөл даланың артуы, млн км2

    -

    1,7

    Түр санының қысқаруы,%

    -

    -20

    Техносфера алып жатқан құрлық ауданы,%

    20

    60

    XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген мәселелер ойлап табылды, арқылы шешіледі деп есептелген болатын. Ғасыр аралығында көптеген жаңалықтар ойлап табылды, техника күрделеніп өзгерді, дамыды, бірақ адам баласындағы мәселе төмендеді ме? Жоқ. Керісінше, адам өмір сүретін ортаға қауіптер төне бастады.

    Техногенез және оны жасаушы ретінде адам мүмкін емес "экологиялық қоймаларды" игеруге талпынды, сондықтан табиғи экологиялық жүйелер мен үдерістерді қыса отырып, биосфера экологиясына күшті ықпал етті. Биосфера эволюциясындағы биологиялық айналым "технологиясының" ауысымына қарағанда, техногенез кезеңдері, технологияның негізгі типтерінің алмасуы жылдамдықпен жүруде. Адамзаттың алып техникалық әлеуеті ішкі тұрақсыздыққа ие. Адам ортасы мен биосфера шекарасындағы жоғары концентрациядан қауіп ошағы пайда болды (ядерлік отын, уландырғыш заттар, қарулардың барлық түрлері), бұл ошақ көздері биосфераға қауіп төндіріп қана ұоймай, өзін-өзі жойып жіберу қасиетіне де ие.

    XX ғасырда техногенез ғаламдық сипат алды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің жиынтық нәтижесі ретінде көрінетін техносфераның жылдам қарқынмен кеңеюіне және таралуына жағдай жасады.

    Техногенез тұрғысынан алып караганда, табиғи ресурстар коғамдық өндірісте пайдаланылатын, адам баласының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тамақ өнімдері, минералды шикізаттар, энерготасымалдаушылар, әуе кеңістігі, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыратын нысандар. Адам баласы үшін табиғи ресурстар көзі - әртүрлі деңгейде пайдаланылатын литосфера, атмосфера, гидросфера және тірі ағзалар болып табылады.

    Техносфера ресурстары - бұл зат, энергия мен ақпарат ағымдары мен күштер, материалдар, яғни олар:

    1.Шаруашылық циклдердің ішкі звеносын құрайды, пайдалылық қызметін атқаруымен байланысты осы звенога негізгі қатысушы;

    2.Өлшенетін сандық көріністе бейнеленеді: массасы, көлемі, тығыздығы, концентрациясы, қарқындылығы, қуаттылығы, құны;

    3.Уақыт бойынша өзгерістер жағдайында іргелі сақтау заңдылығына бағынады.

    Адам пайдаланатын табиғи материалдық және энергетикалық ресурстар табиғи ресурстар деп аталады. Осы жағдайда, табиғи ресурстар адам баласы пайдаланатын ресурс көзі ғана емес, тірі табиғат ресурстары болып табылады.

    Техносфералық ортада да барлық табиғи ресурстардың шектелу (таусылу) зандылығы орын алған.

    XX ғасырдағы техногенездіңдаму нәтижелері

    Көрсеткіштер

    Ғасырдың басталуы

    Ғасырдың аяқталуы

    Жалпы әлемдік өнім, млрд долл/жылына

    60

    25000

    Техносфераның энергетикалық қуаттылығы ТВт

    1

    14

    Халық саны, млрд. адам

    1,6

    6,0

    Тұщы суды тұтыну, км/жылына

    360

    5000

    Биотаның алғашқы өнімдерін тұтыну, %

    1

    40

    Орман жамылғысы бар аумақтар млн. км2

    57.5

    50.0

    Шөл дала аумағының артуы, млн. км2

    -

    - 1.7

    Түр санының қысқаруы, %

    -

    -20

    Техносфера алып жатқан құрлық ауданы, %

    20

    60

    Техногенездің басқа да көрсеткіштері.Өндірілетін элементтер саны біркелкі емес. Мысалы, С жыл сайын өндіру млрдтоннамен өлшенсе, Ғе —жүздеген миллионмен, Н§ - мындаган, Рі - ондаган тоннамсн љндіріледі. Б.њл айырмашылык кљптегсн себептермен байланысты. Мысалы, АІ және Ті элементтері XX ғасырдың аяғына дейін пайдаланылмаған, себебі оны алу технологиясы өте күрделі әрі қымбат болатын. Тағы да ескеретін бір жағдай элементтердің таралуы. Шындығында, Auөндіру адамзат баласы үшін құнды, оны өндіру Ғе-ні өндірумен салыстыруға мүлдем сәйкес келмейді. Мысалы, кларк Au 4,3-10-7, а Ғе - 4,65, 10 млн есе үлкен. Sі и Gе - химиялық аналогтар, Gе элементі Sі элементіне ұқсас. Бірақ Sі - таралуы бойынша екінші элемент, ал Gе сирек кездеседі (кларк 29,5 и 1.4-10"4). СондықтанSі - құрылыс негізі (кірпіш, бетондар, цемент және т.б.), ал Gе аз ғана көлемде өндіріледі. Егер кларк Gе 29га тең болса, онда бұл элемент үлкен қолданысқа ие болар еді. Ғе (XIX - жүзжылдық "темір ғасыры") рөлі оныңқасиетінеғана емес,үлкен кларкпен байланысты. Сондықтан элементтерді өндіру кларк бірлігімен өлшенеді. Бұл шама технофильді - Т деп аталады. Ол К Жер қыртысындагы Dэлементін жылдық өндіру қатынасына тең.

    Антропогенез маңызды түрде биосфераның қалыптасуы мен жағдайын өзгертеді. Қалыптасқан антропогенді ландшафтар, техногенді зоналар, жасанды аймақтарклиматгыңөзгеруіне, қоршаған ортаның тән емес компоненттермен ластануына әкеліп соқтырды.

    Ядролық жарылыстар мен «ядролыққыс» мүмкіндігі. XX ғасырдың орта шенінде - қоршаған ортаға ядролық жарылыс нәтижесінде жаңа қауіп төнді, енді қоршаған ортаға жоғарытоксинді радиоактивті изотоптар - 87Sr,137Сs, 131І және т.б. түсе бастады. Ядролық қарудың барлықтүрлерін қолдануға тыйым салу туралы шешімдер қабылдау қажет. Тұщы су ресурстары біркелкі таралмаған: судың булануы 150 мм-ден 4000 мм-ге ауыткыған жағдайда құрлықтың әртүрлі орындарындағы жауын-шашынның Жерге түсетін жылдық саны 0 мм-ден 12500 мм-ге ауытқиды. Құрлықтың 63%-ға жуық ауданы су қоры аз аумақ деп танылады, мұнда судың булануы түсетін жауын-шашын мөлшерінен асып түседі.

    Ядролық соғыс атмосфераның күшті тозаңдануының салдарынан (ядерлік қыс) климаттыңғаламдық салқындауы қаупі төніп тұр. Ол өркендеуді, жалпы биосфераны бұзады. Сондықтан геохимиялық талдау мәселені ядролық соғыстың мүмкін емес тұжырымдамасына әкеліп соғады.

    Техногенезді оңтайландыру

    Техногендік жүйелерді оңтайландыру жүйелердің уақытша тұрақтылығы мен дамуды қамтамасыз ететін жағымды және жағымсыз кері байланыстардың диалектикалық бірлігін талап етеді. Өзінің маңызы жағынан техногендік жүйе басқарылуға жатады. Оны қалыптасуы үшін басқаруды жүзеге асыратын орталыққажет.Дегенмен, техногенді жүйелерде басқарылу орталықтары жоқ, олардың жеке бөліктері - зауыт, егіс алаңы, транспорттық артерия және т.б. орталықтан өз бетінше басқарылады. Бұл ортаның ластануына, өзін-өзі реттеуге, теріс кері байланыстардың әлсізденуіне әкеліп соғады. Сондықтан техногендік жүйелерді орталықтандыру аумақты ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі, әр жүйеде оңтайландыру міндеттерін шешетін бөліктер арасындағы қатынастарды реттейтін басқару орталығы болуы керек.

    Мұндай міндеттер экономикалық географияда бұрыннан бері қарастырылып келеді (классикалық еңбектер Вернадский және Н.Н.Колосовский). Олардың әдістемесін геохимиктер ескеру керек. Қазіргі уақытта электрэнергиясын өндіру қиын осы әлеуеттің1/4 пайдаланылады. Әлемде мыңдаған ГЭС жалпы электрлік қуаттылығы 660 ГВт құрайтын ГЭС жұмыс істейді. Дегенмен де, гидроәлуетті майдаланудың артуына экономикалық және экологиялық шектеулер қойылған.Қоршаган табиғи ортаны қорғау - коршаған табиги орта жағдайын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жэне ұдайы ендіру, сақтауға багытталган мемлекеттік жүие қоғамдық шаралар жүйесің қамтиды жэне қолданбалы экологияның бір бөлігі болып табылады.

    Бақылау сұрақтары:

    1.“Техносфера” ұғымын қалай түсінесіз?

    2. Техносфера факторларын түсіндіріңіз?

    3. Өнеркәсіп орындары – атмосфераны ластаушы факторлар.

    Әдебиеттер:

    [Негізгі әдебиеттер: №2, 48-188 беттер, №7, 89-212 беттер. Қосымша әдебиеттер: №14, 239-256 беттер, №13, 247-399 беттер, №16, 209-358 беттер]

    Дәріс №7.Адамды және мекендеу ортасынан табиғи және техногенді текті зиянды және қауіпті факторлардан қорғау

    Дәріс мақсаты:Табиғи, техногенді және антропогенді текті қауіптіліктер көздерін ескерту мен тұрғындарды қорғау.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Қауіпті аймақтар және қызмет аймақтары туралы ұғымдар,олардың өзара орналасуының мүмкін нұсқалары.Қызмет аймақтарындағы қауіптіліктерді төмендету принциптері: қауіптілік көздерін жетілдіру,экобиоқорғау техникасын және қорғау жүйелерін қолдану, жеке қорғау құралдарын және қорғаныш құралдарын қолдану. Тіршілік әрекеті аймақтарында қауіпсіздікті іске асыру әдістері.

    Зілзаланың қысқаша сипаттамасы

    Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың айтарлықтай бөлігінің қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарының үлкен шығынын алып келетін, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттарды өлім-жетімге ұшырататын табиғи құбылысы.

    Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

    Зілзаланың пайда болу себебі мен сипаттамасын білу дер кезінде шаралар қабылдауға, олардың кейбіреулерінің қиратқыш күшін азайтуға мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

    Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш өзеннің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи спаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

    Жер сілкінісі

    Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі менжер астының қозғалысы. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.

    Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализция, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындары-цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүлінушілік жасайды.

    Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 процентке жуық өндірістік потенциалы осы аймақта шоғырланған.

    Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмоқауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30 -ті шоғырланып, тұрғын үй қорының 35 % - не жуығы орналасқан, республика халқының 40% - тұрады.

    Жер сілкінісі қауіпті аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндіріс өнеркәсіп кәсіп-орындары, жасанды және су қоймалары, жарылыс қауіпті бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы аса қауіпті.

    Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимараттың зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.

    Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады. Қопырылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б, шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.

    Жер сілкінісінің жанама шығына да орасан зор: өндірістік циклдың уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, ықтимал қайталама дүмпітуді күтуіне ұдайы жүнжу жағдайындағы адамдардың еңбек және шаруашылық белсенділігінің төмендеуіне, олардың денсаулығының нашарлауына байланысты әлеуметтік күрделі ахуал пайда болады.

    Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарынан келтіруге болады.

    Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту, сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту, сейсмотөзімді ғимараттарды жобалау және салу, салллықтың сейсмикалық білімін жақсарту, басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау.

    Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарына және өзге іс шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

    Сел

    Сел – тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары бұзылуынан болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын.

    Сел ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, моренді, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

    Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздықтың тез еруінен, биік таудағы өзендерден бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.

    Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетпен және Тарбағтай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.

    Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.

    Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

    Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай- ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керк. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.

    Егер сел тасқынының жолында сіздің елді мекенде тоған нығайтылса, үйінділер тұрғызылады, сел ұстағыштар құрылады, айналма каналдар қазылады, сіз бұл жұмысқа қатысуға тиіссіз.

    Сел тасқынына тап болған адамға қолда барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығарукерек.

    Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бтінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

    Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар еретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне бртендеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

    Егер апат сел тасқынына елді мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына қалыптасқан жағдайды ескеріп әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады

    Қар көшкіні

    Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың ш/метр тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.

    Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь – Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.

    Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-600-пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айларында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

    Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

    Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті.

    Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек, егер олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпинистер мен туристербұған жыл бойы әзір болуға тис. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.

    Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкіннің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, әрбір қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.

    Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылады.

    Опырылмалар

    Опырылма – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

    Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғлдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Асаірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы үлкен Алматы өзені жатады.

    Опырылмалар жылдың кез келген уақытында, әдетте, тіктігі 190С жуық жартастарда болады. Ірі қопарылмалардың алаңы 50-60га дейін жетеді.

    Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскілерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи гео морфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйшігін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.

    Халық қатысатын қопарылмалардан қорғайтын шараларға су арнасын бұру, ағаш отырғызу әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу және т.б. Қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ крандарын жауып, жарық пен басқа да электр приборларын ажырату қажет.

    Қар басу

    Қар басу – табиғаттың тосын күштерікөріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына алып келеді.

    Қардың басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болс, кедергілер орнатылады. Жолдың, ғимараттың шетінен желге қарсыбағытта расы 15-20метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

    Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері жоғалған адам мен малды іздеу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге, жол менүй-жай төңірегіндегі қарды тазалау, жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.

    Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

    Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқышты радиаторжағынан қымтау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

    Егер жылыңғыңыз келсе, далаға шығып, түтін трубасын газдың ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз. Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзарғанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.

    Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі құрылғылар мен заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстарды электр желілерінің және олардың тіректерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

    Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уқыт болса, жалпы қоршаулар, жолдың ғимараты шетінен 15-20метр қашықтықта жер соғатын жақтан қалқндар орнатылады.

    Дауыл

    Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30м жылдамдықпен соғатын жел.

    Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пйда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ атынан бұзылуы әсер етеді.

    Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарына алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

    Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қаылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материлдардң қолайлы үлгілері көрсетілуі тиіс. Дауыл өзінің алапат күші бойынша инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем емес деңгейде әсер етеді.

    Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.

    Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл- сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады.

    Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шараы ретінде таянған қауіп туралы халыққа хабарлаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесімен қатар дауылдарда қауіптілік деңгейі бойынша аудандастыру болып табылады. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуі тиіс.

    Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған бойда мыналарды істеу қажет:

    • Панахананы, жертөлені әзірлеу. Есікті, терезені, шатырдағы люкті нығыздап жабу, есік пен терезенің жел соғатын жағын ашық қалдыру, ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігн сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту.

    • Төбеден, ложиядан, самалдықтан жел ұшырап кету қауіпі бар заттарды алу.

    • Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу.

    • Газды, электр энергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару.

    • Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, мханизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек, ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн, жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тиым салынады, далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, іздеу немесе жерде етпетінен жату керек, орманда болған болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жқындамаңыз, дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз, зардап шеккендерді іздеу.

    • Егер дауыл шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз. Үй хайуанаттарын оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қаму керек.

    • Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет.

    • Егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.

    • Егер дауыл сізді елді мекеннен қашық жерде жүргенде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты тоқтату керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шаырым және одан асқан жағдайда жүру қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалды от жаққан жақсы.

    • Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзңізге шаң мен тас, бірнәрсе түспеу үшін арнайы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәйнегіңіздің бүйірін қолыңызбен жауып қорғаңыз. Желден тығылатын қандай да бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қырлы жерін пайдаланыңыз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады.

    • Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды халықпен бірге адамдарды қираған ғимараттар мен өзгеде жайлардан шығарады және оларды қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне алып барады

    Су басу

    Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы.

    Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздықтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады.

    Сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кент бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе ұзақ жаңбырдың салалары болып табылады.

    Судың көтерілуінен болатын субасуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурызда, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз маусымда болады.

    Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстікте, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейнінің өзендерінде байқалады. Олар көбінесе жойқын болып келеді. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынынның ерекшелігі белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы болып табылады.

    Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырыу және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен ушыға түсуде.

    Кептеуілдер мен тосқауылдардан болатын қиратқыш салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, шығыс Қазақстан өзендері болып табылады.олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.

    Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылу жағдайында тасқын қас қағым сәтте болуы мүмкін.

    Қалған жағдайларда су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды көпті уақыт бар. Алайда олардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, күз жүрген кезде өзен жағалауында тоқтамаған дұрыс. Қар еріген және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүрген өте қауіпті. Судың қосымша көлемі батпақтардың өткізгіштігін азайтады, сондықтан тіпті тексерілген учаскінің өзі кедергіге толы және өте қауіпті болуы мүмкін.

    Апатты су тасқыны кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.

    Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілетін сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

    Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқын судан болатынындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас жүүйесі бар: судың басуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.

    Отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету. Қайықтың болуы (кәдімгі және үрмелі). Жақын орналасқан жердің топографиялық биік нүктелеріменысу. Жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу. Тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауылды қою, топырақ төгу.

    Халыққа көшудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радиохабар торабы мен теледидар бойынша, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

    Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, көшу кезіндежаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жергілікті жағдайға, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да мәліметтер хабарланады.

    Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние мүлкімен бірге көшіріледі. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендер бойынша жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың тұрғын алаңдарына қоныстандыру жолын орналастырады.

    Кәсіпорындар мен мекемелерге қауіп төнген жағдайда жұмыс режимі өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтатылады. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамадр судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс. Әкімшілік нұсқауымен жұмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жазу құралдарын пайдаланған жөн.

    Үйден шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды, құндылықтарды, аса қажетті заттармен, екі-үш тәуліктік азық-түлік қорын алу ұсынылады.

    Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікт жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек.. Үйден шығардың алдында электр мен газды ажыратып, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңылауларды нығыздап жабу керек.

    Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып, сол үшін АҚ және Тж құрамаларының, әскери бөлімдерінің жүзу құралдарының экипажы мен басқа қолда бар күшпен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Құтқару құралдарын шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте баларға, ауру адамдар мен қарттарға көрселетінін есте ұстаған жөн.

    Табиғи өрттер

    Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала өрттері (егіс) өрттері болып табылады.

    Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

    Ормандағы өрттің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманды ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде пайда болады.

    Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

    Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-гірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материаолық құндылықтарды да құтқара алады.

    Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орнымен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдалануға тиіс, әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10м аспаса, оған кіруге болмайды.

    Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену қанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

    Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата жауып, түтіннен жоғарлай немесе тізерлей қозғалу керек.

    Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса балконды, авариялық люкпен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Егер былай етуге мүмкіндік болмаса, балконға шығып келген құтқарушыларға белгі беріңіз.

    Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті білуге тиіс.

    Өндірістік авариялар, апаттар және олардың салдары

    Өндірістік авария – бұл өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы. Олар материалдық құндылықтарды зақымдауға немесе жоюға адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеліп соқтырады. Өндірістік авариялар салдарынан сипаты оның түрі мен көлеміне кәсіпорынның бұл болған кездегі жағдайының ерекшелігіне байланысты.

    Әдеттегідей, ірі авариялардың аса қауіпті салдары өрттер мен жарылыстар болып табылады, олардың нәтижесінде өндірістік және тұрғын ғимараты, техника мен қондырғы қирайды немесе зақымдалады. Өнеркәсіп орындары баллондары мен құбыр өткізгіштері,қазандықтар,шахтадағы көмір шаңы мен газ, жиһаз және ағаш өңдеу комбинаттарындағы ағаш шаңы мен лак-бояу заттары жоғары қысымнан жиі жарылады. Авариялар кезінде пайда болған өрт пен жарылыс, өз кезегінде, электр өткізгіші зақымдалуынан, газқұбырының қирауынан, істеп тұрған от қондырғысы мен прибордың жанып кетуінен осындай құбылыстарын қайталама себебі болуы мүмкін. Темір жол және құбыр өткізу өртке бейім және жарылғыш жүктерді тасуда үлкен жүктеме көтереді. Бірқатар жағдайда, әсіресе мұнай, химия жәнегаз өнеркәсібі орындарында атмосфераның газдануы, мұнай өнімінің улы сұйықтардың және қатты әсер ететін улы заттың төгілуі авария туғызады.

    Автомобиль, су және әуе көлігінде авариялар болып тұрады, темір жолдағы апаттар да қауіпті. Ірі авариялардың қауіпті саны цех ғимараттары мен көлік тораптарының зақымдалуы болып табылады. Металл құрылғыларының қатты ысуынан болған өрт кезіндегі цех жабынының құлауы ортақ сипат.

    Ғимараттың, құрылыстың құлауы өздігінен болмайды, оны тудыратын жанама факторлар, атап айтқанда, тар жерге адамдардың жиналуы, өткен темір жол құрамаларының қатты дірілдетуі, жоғарғы қабаттарда жүктеменің шектен тыс көп болуы. Бұл адам құрбандықтарына, авариялық ғимараттарды бұзуға, жаңа құрылыс үшін үлкен шығын жұмсауға алып келеді.

    Энергетика жүйелері мен коммуналдық жүйедегі авариялардан адамдар сирек қаза болады. Алайда осындай үлгідегі авариялар халықтың тіршілігіне айтарлықтай қиындық туғызады. Әсіресе қысқы уақытта тіпті ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп нысандарының жұмысын тоқтатуға себеп болады.

    Өнеркәсіптік тазалау ғимараттарындағы авариялар тосын қиындықтарды туғызады. Бұл тек қана объектілердің қызметшілеріне және жақын елді мекендердегі тұрғындарғ ауыр ықпалымен ғана байланысты емес сондай-ақ қоршаған ортаға тиісті, улы және жәй зиянды заттарды шығаруы мен де қауіпті.

    Гидродинамикалық авариялар негізінен гидротехникалық ғимараттардың, әсіресе тоғандардың бұзылуынан туындайды. Гидротехникалық ғимараттар су қорын пайдалануға, сондай-ақ су апатының жойқын күшімен күресу үшін арналған. Гидротехникалық ғимараттар әртүрлі: су ұстағыш (тоған, бөгет және т.б), су өткізгш (каналдар, құбыр өткізгіші, су жинағыш, науа т.б), су қабылдағыш, су жинағыш, арнайы шлюздер, кеме Жалпы және арнаулы гидротехникалықғимараттар біріңғай кешенге гидроторапқа бірігеді.

    Гидротораптағы гидродинамикалық авариялар апатты су басу себебі болып табылады, оның жойқын күші мен салдарын жер сілкінісімен ғана салыстыруға болады.

    Еңістегі аудандарды су басу қаупі тоған, бөгет және гидротораптар бұзылған кезде пайда болады. Ғимараттар мен тұрақ жайды шайып кететін және бұзатын жылдам да қуатты су ағыны аса қауіпті.

    Жойқын толқынның биіктігі мен жылдамдығы гидро ғимараттың бұзылуы көлеміне және жоғарғы және төменгі бедердегі биіктіктің әр түрлілігіне байланысты.

    Су басу нәтижесінде шаруашылық объектілерінде, темір жол және автомобиль жолдарында авариялардың болуы және ауыл шаруашылығына, көпір ғимаратттарына елеулі залал келтіруі мүмкін.

    Соңғы он жылдықтағы адамның әртүрлі ирригациондық, гидротехникалық ғимараттарды, көпір өткелдері бар авто-жолдарды және т.б. салу жөніндегі белсенді қызметі техногендік сипаттағы су тасқынын тудыруға себеп болады.

    Тоғандардың, бөгеттердің бұзылуынан болған тосын су тасқыны жағдайында халықты ескерту, барлық қолда бар техникалық құралдырмен, оның ішінде қатты сөйлейтін жылжымалы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі.

    Су басудың аяқ астынан пайда болуы халықтың ерекше өзін өзі ұстауы мен іс-әрекетін қажет етеді. Тоған бұзылған кезде қкатты су валвның құралатындығын ескере отыра ықтимал су басу аймағында тұратын әр адам судың ең жоғарғы көтерілу деңгейін білуге тиіс, осыған орай қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекет ету керек. Су аяқ асты көтерілсе өздеріңізбен бірге жылы киімді, тамақты, құжатты, ақшаны алып, жоғары қабатқа немесе шатырға, көтерілу керек. Жұмыста болған кезде әкімшілік өкімі бойынша белгілегне тәртіпті сақтай отырып, дөңес жерге немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу заттарын пайдаланған жөн.

    Сақтандыру қауіпсіздігінің жеке шараларына мынаны жатқызуға болады: күрделі құрылыс тұрғызу, отбасының барлық мүшелерін жүзеге үйрету, қайықтың болуы, т.б.

    Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу барлық жүзу құралдарыны экипажын тарта отырып, жедел жүргізіледі.

    Егер суда қалсаңыз, судың түбіне қарай тартатын ауыр киімнен босанып, жүзгіш затты, ағашты, бетінде жүзіп жүрген басқа заттарды іздеп тауып, көмек көрсету қажет. Егер жағалау алыс болмаса, ағысқа қарсы баяу қарқынмен қырқындай отырып жүзу керек. Жағаға шыққан бойда су киімді сығып, жағалаумен жоғары көтеріліп, желден қорғанатын пана іздеп, көмек күту қажет.

    Олардың салдары- су тораптарының зақымдалуы мен қирауы, адамдардың жарақаттануы үлкен аумақтың су астында қалуы.

    Өндірістік авариялардың ебептері зілзала, құрылысты салу мен жобалау кезінде жіберілген ақаулар, техникалық жүйенің монтажы кезіндегі қателер, өндіріс технологиясы мен ғимаратты, көлікті, қондырғыны, механизмді пайдалану тәртібі бұзылуы мүмкін. Өндірістік авариялар, сондай-ақ еңбек және технология тәртібінің төмендігі, техника қауіпсіздігі тәртібін орындамау, бақылау-өлшеу және қорғаныс аппаратурасыен нашар жабдықтау, өрт сөндірудің озық жүйесін, әсіресе өрт және жарылыс қаупі бар нысандарда нашар енгізу, ғимарат, құрылыс, қондырғы және т.б.тиісті қадағалаудың жоқтығы нәтижесінде болуы мүмкін.

    Авариялардың айтарлықтай бөлігі кейде жобалау сатысында нысан мен жергілікті жағдай ерекшелігін бағаламаудан болады. Мұндай жағдайда аварияның түпкілікті себебі климаттық жағдай мен қызу өндіріс ортасы ықпалынантөменгі температура әсерінен қорғалмаудан, қатты ылғалдан, қалың қардың басуынан және т.б. болатын тозудан қорғаныс құрылғысының жоқтығы болуы мүмкін.

    Жекелеген құрылысты пайдалану бұзу да аварияға алып келеді. Атап айтқанда, уемент зауыттарында ғимаратты пайдалану барысында жинақталған өндірістік шаңды өз уақытында тазаламағандықтан цехтардың құлаған оқиғалары да байқалды.

    Құрылыстар мен құрылғыларды салу мен монтаждау кезінде де авариялар болып тұрады. Олардың себебі, әдеттегідй, құрылыс нормалары мен жұмыс жүргізу жобаларын сақтамау, орындалған жұмыстың төменгі сапасы болып келеді. Қазіргі металл құрылғылары жеңіл орындалады, сондықтан олар монтаж ақаулығына мұқиятсыз тасуға және пайдалану тәртібінің бұзылуына өте сезімтал келеді.

    Адамның тікелей қызметіне байланысты пайда болатын авариялардың үлес салмағы жоғары болып қалып отыр. Барған сайын «адамдық» фактор, яғни өндіріс барысындағы адамның орны, оның кәсібилілігі, іске көзқарасы еңбек тәртібі бірінші кезекке қойылуда.

    Әрбір нақты авария – бірнеше себептер жиынтығын, бірқатар қолайсыз факторлар үйлесімінің нәтижесі. Жобалау кезінде жіберілген қателіктер, құрылыс және монтаж кезіндегі қателермен ұштасады. Осының барлығы дұрыс пайдаланбаумен қатерді күшейте түседі. Мұның арты аварияға алып келеді. Нысандардағы аварияларға алып келетін «адамдық» факторға өндіріс процесі мен техника кауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы жатады.

    Кәсіпорындағы авариялардың ықтимал пайда болу себебін зерттеу және жұмысшылар мен қызметшілер және жақын тұратын халық үшін кәсіпорын туғызатын қауіпті жан-жақты бағалау, біріншіден, аварияларды ескерту жөніндегі шараларды дұрыс анықтауға, екіншіден, адамдарды қорғау және залалды азайту бойынша қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді

    Өрттер

    Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

    Өрт барлық жерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.

    Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады. Миллиардтаған теңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп-сәтте түтін мен күлге айналады. 1999жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн. теңгеге материалдық залалалып келді. 2000 жылы республикада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568-і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады.

    Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі.

    Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.

    Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолын кедергі қою немесе ор қазу, алдыңғы жағын өртеу, ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру және басқалар.

    Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көміп, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

    Өрттен сақтандыру – оны ескерту, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.

    Бүкіл республика аумағында орман өрті мәселесін түбегейлі шешу бірқатар күрделі ұйымдық және техникалық міндеттерді шешуге, бірінші кезекте жоспарлы тәртіппен жүргізілетін және орман өрттерінің пайда болуын, таралуын және сақтандыру жұмыстарын жүргізуге байланысты.

    Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркәсіп орындары 6 категорияға: А, Б, В, Г, Д, Е. Әсіресе А категориясына жататын мұнай өңдейтін және химиялық кәсіпорындар, мұнай өнімдерінің қоймасы және т.б. жатады. Көмір шаңның, ағаш ұнтағын, сондай-ақ В категориясына жататын өзгеде нысандар мен ағаш кесуі, ағаш өңдеу, ұста, ағаш ыдыс өндірісі және В категориясына жататын өзге нысандарды қауіпті.

    Бүкіл құрылыс материалдары 3 топқа бөлінеді:

    Жанбайтын - бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданбайтын, үгілмейтін және иістенбейтін материалдар.

    Қиын жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын, немесе үгілетін және от көзі болған жағдайда жануын жалғастыратын, от жоқ жағдайда жануын немесе иістенуін тоқтатаын материалдар.

    Жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін материалдар.

    Жанатын материалдардан салыңған ғимарат пен құрылыс өте қауіпті. Тіпті жанбайтын ғимарат пен құрылыс оттың ықпалы мен жоғары температураға белгілі бір уақытқа ғана төзе алады. Құрылғылардың отқа төзімділік шегі үлкен шарықшақ пайда болмайтын, құрылғы құламайтын қарсы жағы 200 градусқа дейін қызбайтын уақыт мөлшерімен анықталады.

    Ғимарат пен құрылыс отқа төзімділігіне байланысты 5 топқа бөлінеді:I, II, III, IV, V топ. күйдіреді, ал кейбір жағдайларда бұл іс қайғылы аяқталады. Бос разеткалар арнайы қақпақтармен жабылуға тиіс.

    Әрбір тосын жағдайда шақыратын 01 – өрт қызметі телефон нөмірін білуге тиіс.

    Егер лифтінің ішінде қалсаңыз еш уақытта абдырамаңыз, өйткені арнайы тежегіштер (ұстаушы) жүйесінің арқасында лифтінің шахтаға құлауы мүмкін емес. Лифтінің кез-келген жылдамдығында ол автоматты түрде жұмыс істейді.

    Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін болса, жақын жерде қоқыс иістенсе пайдалану да аса жағымсыз. Мұндай жағдайда лифт шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс істейді. Тіпті от аймағына түспей-ақ жаңған азық-түлікпен уланып қалуға болады.

    Өрттен сақтандыру өндірістің, қала құрлысының, ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен салудың технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның шаралары ғимаратты, жобалау, салу, жаңғырту, көлік құралдарын пайдалануда және тұрмыста ескеріледі. Өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды Мемлекеттік өртті қадағалау органдары шұғылданады.

    Өрттен сақтандыруға былайша жеткізіледі:

    • өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, енгізу және бақылау;

    • жасалған обьектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен жобалауды енгізу;

    • өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау;

    • өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын, ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу;

    • халық арасында техникалық-өрт білімін насихаттау;

    Өрттен сақтандыру объект түрлері бойынша жүргізіледі, тұрғын ғимараттарын, қоймаларды, базалар мен дүкендерді, өнеркәсіп объектілері мен көлікті, ауыл шаруашылығы саласының ұйымдарында.

    Тұрғын үй ғимараттарын өрттен сақтандыруда жылыту, электрмен жабдықтау жүйесіне, газ приборларына байланысты өрт шаралары қарастырылады.

    Қоймадағы, базардағы және дүкендегі өрттен сақтандыру, ғимараттар салынған кезде олардың арасындағы өртке қарсы алшақтықты сақтауды, ішкі өртке қарсы су құбырын, оларды өрт және өрттен қорғау дабылдарымен жабдықтауды үлкен қойма ғимараттарын өртке қарсы қабырғалармен белуді, жылдам тұтанатын және жанатын заттарды бөлек сақтауды, пешпен және газбен жылытуға тиым салуды және басқа шараларды қарастырады.

    Өнеркәсіп объектілеріндегі өрттен сақтандыру, объектінің өрт қауіптілігінің тиісті санатын, ғимараттар мен тұрақтардың отқа берік деңгейде орындалуын, ғимараттар арасындағы өртке қарсы алшақтықтарды салуды, жылдам тұтанатын және жанатын материалдарды қоймада негізгі аймақтан бөлу және басқа шаралар.

    Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері:

    Өрт жағдайында халықты іс-әрекетке даярлау мақсатында қоғамдық ғимараттағы өртті сөндіру бойынша өртке қарсы жаттығуларды жүйелі өткізу, ғимараттың қосымша шыға берістеріне еркін баруды қамтамасыз ету қажет. Өрт пайда болған және оның өшіруі кезінде ұстамдылық, жағдайды жедел бағалау, қабілетін ұстап, дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзің адбдырамай, жүйкеңді жұқартпай, басқалардың үрейленуіне жол бермеген жөн.

    Өрт кезінде өрт сөндіру құралдары бар болса, өрт сөндіргішті қолдану, ішкі өрт су құбырының аспа насосын қосу, орамдарды босату, су ағысын отқа бағыттау немесе оны су құбыры, құдық, өзен суының, құмының, көмегімен сөндіру. Шағын өрт ошағын тығыз жамылғылармен сөндіру қажет.

    Өртпен күресте және зардап шегушілерді құтқаруда сіз үшін ауаның жоғарғы температурасының, шаңның, көміртегі тотығы консентрациясының, ғимарат пен үйдің ықтимал құлауының аса қауіпті екендігін есіңізге ұстаңыз.

    Есте ұстаңыз!!!

    Егер зат (жағдай) 10 метрге дейін қашықтықта көрнекі түрде көрінбесе, онда түтіндену концентрациясы өте қауіпті!

    Өрт сөндіру кезінде ең алдымен өрттің таралуын тоқтатып, одан кейін аса лапылдаған жерлерде жалынды өшірген жөн. Бұл жағдайда судың ағысын жалынға емес, жанған төбеге бағыттау керек. Егер тік төбе жанса, суды жоғарыдан төмен бағыттау қажет. Шаңданған ғимаратта ертті суды шашырату арқылы сөндірген жөн, өйткені ол түтіннің және температураның төмендеуіне ықпал етеді.

    Егер үйде (пәтерде) шағын өрт ошағы пайда болса, тез су құйыңыз немесе ауыр ылғалды матамен жабыңыз. Жанған киімді жамылғы жабумен, оны лақтырумен және су құйып сөндіреді. Жалынды жерге аунау арқылы әлсіретуге болады.

    Жанғыш сұйықтарды ең жақсысы көбік құраушы құрамдармен құм немесе топырақ шашу, сондай-ақ шағын ошақтарды ауыр жамылғы жабумен өшіруге болады.

    Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі

    Өрт сөндіру құралдары былайша бөлінеді:

    • қолда барлар (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.);

    • табельдік (өртсөндіргіш, балта, шелек).

    Өртсөндіргіштер – өрттің пайда болуы сатысында оны сөндіруге арналған техникалық құрылғы.

    Өртсөндіргіштер өрт сөндіру құралдың түріне, корпусының көлеміне, өртсөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.

    Өртсөндіргіш құралдары түрі бойынша: сұйық, көбіне көмірқышқылды, аэрозольды (хладонды), ұнтақты құрамы.

    Корпус көлемі бойынша:

    • корпустың көлемі 5 литрге дейінгі қолмен босататын аз литражды;

    • корпустың көлемі 5-10 литрге дейін қолмен босататын өнеркәсіптік;

    • корпустың көлемі 10 литрден астам стационарлық және жылжымалы.

    Өртсөндіргіш құрамды беру әдісі бойынша:

    • заряд компоненттерінің химиялық реакциясының нәтижесінде пайда болған газ қысымымен;

    • өртсөндіргіш корпусында орналасқан арнайы балынан берілетін газды қысымымен;

    • өртсөндіргіш корпусына айдалған газ қысымымен;

    • өртсөндіргіш құралының жеке қысымымен;

    Жіберу қондырғысының түрі брйынша:

    • вентильді затворы бар;

    • пистолет үлгісіндегі ішқату – жіберу қондырғысы бар;

    • пиропатроннан жіберілетін;

    • қысымның тұрақты көзімен жіберілген;

    Өртті үлкен көлемде аэрозольмен сөндіру генераторлары әлемде үлгілері көп осы заманғы өртсөндіру құралдары (ОӨҚ) болып табылады.

    Олар жылдам тұтанатын сұйықтардың (бензин және басқа мұнай өнімдері, органикалық ерігіштер және т.б.), қатты материалдардың (ағаш, оқшаулау материалы, пластмасса және т.б.) сондай-ақ электр қондырғыларын (күштеу және жоғары вольтты қондырғылар, тұрмыстық және т.б.) өртенуін сөндіреді.

    ОӨҚ сілтілі және сілтілі-топырақты металлды, сондай-ақ ауасыз тұтанатын заттарды сөндіруге жарамсыз.

    Генератор зарядының жануы кезінде бөлінетін аэрозоль-газ қоспасы қорғалатын затты, тіпті қағазды бүлдірмейді, ал аэрозольдің бөлшектерін шаңсорғышпен алуға немесе сумен шаюға болады.

    ОӨҚ генераторлары қол (СОТ-5М) және стационарлық болып бөлінеді. СОТ-5М генераторы қорғайтын көлем 40т.м. дейін СОТ-1 қорғайтын көлем 60 т.м. дейін.

    СОТ-5Мгенераторын қимылға келтіру үшін:

    • жіберу торабының қалпақшасын алу;

    • бауды қатты тарту;

    • жанған бөлмеден шығу қажет;

    СОТ-1 генераторын қосу үшін арнайы жіберу торабы пайдаланады. Қорғалатын көлемдегі температура 90оС жеткенде қосылатын жіберудің термохимиялық тораптарын қолдану, егер олар бірнешеу болса, әрбір генераторға біржола толық істеуге мүмкіндік береді.

    Жіберудің электротоптарын қолдану СОТ-1 генераторларын өрт дабылы бар нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қорғалған бөлмеде СОТ-1 генераторын орнату арнайы кронштейннің көмегімен жүргізіледі.

    Жарылыстар

    Жарылыс – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энеогияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. (Қысым бұзу). Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гилрарликалық соққы толқындарын құрайды.

    Жарылу қауіпі бар объктілерге қорғаныс, мұнай өндірумен және ұқсатушы, мұнай-химия, газ, химия,тоқыма объктілері, нан өнімдері мен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын сұйықтар, сұйытылған қоймалары жатады.

    Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан қант және ағаш шаңынан және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағыттаған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:

    • жарылыс кезінде ең жоғарағы қысымға тең жүктеме көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау;

    • жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;

    • жарылу қауіпі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;

    • жарылыс кезінде пайда болған қысымы шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;

    • жарылысты жаншу (жарылу қауіпі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра арнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады).

    Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілрдегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай-ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.

    Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

    1. Қазақстанда болуы мүмкін зілзалаларды атаңыз!

    2. Жер сілкінісінің қарқындылығы қалай есептеледі, шартты түрде қандай түрлері бар?

    3. Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандарды атаңыз?

    4. Таулы аудандарда болатын зілзала түрлері?

    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер: 6(15-21б),8(156-213б)

    Қосымша әдебиеттер: 15(62-79б)

    Дәріс №8. Әр түрлі сипатты төтенше жағдайларды жіктеу.

    Дәріс мақсаты: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды анықтау.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    ТЖүш негізгі жіктеу белгісі: пайда болу сферасы бойынша,ведомствалық тиесілігі бойынша, тж аймағының масштабы бойынша.Табиғи сипаттағы тж.Техногенді сипаттағы тж.

    ҚР –ның 1996 жылғы 5 шілдедегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы Қазақстан республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын‑ алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді; мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салдарының бірі болып табылады. Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлкететтік органдардың өкілеттіктері ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзге де анықтамалар қамтылған.

    Дүлей зілзала бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиылдан бұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шаруашылығы малдарының шетінуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.

    Дүлей зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала. Төтенше жағдайлардың көбісі адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, күртік, орман және дала өрттері. Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. Дүлей зілзалалар бірінен –бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер кең өріс алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы.

    Авария-технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы. Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олардың ерекшелігіне байланысты авриялардың әдеттегідей зардаптары жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін.

    Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтардың қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіненен пайда болады.

    Апат-бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

    Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:

    Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен болады.

    Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткіш алынады. Зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ.

    Түрі бойынша:

    Табиғи (табиғи немесе дүлей зілзала)

    Жасанды (антропогендік,атап айтқанда адам факторы әсерінен болады)

    Табиғи:

    1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, әдеттегіден тыс аптап, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер);

    2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі);

    3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу);

    4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы,олармен соқстығыс).

    Жасанды:

    1. Көліктік(космостық, авациялық, автомобильдік,теңіз,өзен, темір жол);

    2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық);

    3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық);

    4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, терроризм, маскүнемдік нашақорлық, токсикомания).

    Әрбір апат ошақ құруға алып келеді. Бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ бұл- төтенше жағдай.

    Төтенше жағдай –адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуіші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіру мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілк жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады, бұл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айырықша шешім қабылдауды талап етеді.

    Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

    1. Пайда болу саласы бойынша;

    2. Ведомоствалық қатыстылығы бойынша;

    3. Аймақтық таралуы бойынша.

    Пайда болу саласы бойынша ТЖ:

    табиғи;

    техногенді;

    жанжалдыболып бөлінеді.

    Табиғи төтенше жағдайларға:

    • геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);

    • геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы);

    • метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т.б);

    • теңіздегі гирологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар ағыны және т.б);

    • гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);

    • табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік);

    • адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы ( эпизоотиялар);

    • ауылшарушалық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитоотиялар) жатады.

    Техногенді төтенше жағдайларға:

    • Транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магистральді өткізу құбырларындағы авариялар);

    • Өрттер (жарылыс);

    • ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

    • РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

    • СҚЗ тасталымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

    • Ғимараттардың кенеттен құлауы;

    • Электр- энергетикалық жүйелердегі авариялар

    • Коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілеріндегі авариялар;

    • Тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

    • Гидродинамикалық авариялар (плотиналардың бөгеттердің бұзылуы) жатады.

    Жанжалды сипатты төтенше жағдайларға:

    • қарулы шабуыл;

    • кейбір аймақтардағы толқулар;

    • соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

    Ведомствалық қатыстылығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

    • құрылыста;

    • өндірісте;

    • халыққа үй-жайлылық және коммуналды - тұрмыстық қызмет көрсету саласында;

    • көлікте;

    • ауылшаруашылықта;

    • орман шаруашылығында;

    • көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнайөткізгіштер).

    Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

    • Объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі.

    • Жергілікті (таралуы елді мекендерде, аймақта, обыста, шектеледі);

    • Аймақтық(таралуы бірнеше обыстарда шектеледі);

    • Кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағына таралады).

    Қазақстан Республикасына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, цунамидан, тайфуннан және табиғи шымтезектік өрттерден басқа барлық түрлері тән.

    Табиғаттағы тосын жағдай

    Табиғаттағы тосын жағдай – бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай. Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану,табиғи ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененің суынуы,улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы,жұқпалы аурулары. Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар (суық, аптап, аштық,шөлдеу, шаршау, экоулану,тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді. Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта фактолары: температура және ауаның ылғалдылығы, күн радиациясы, жауын шашын, атмосфераның барометлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна,жер магнит өрісінің ауытқуы жатады. Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялық жабдық,дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар. Материалдық жағдайға (жабдықтау,авариялық құралдардың болуы) және климаттық-географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін.Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманда жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді. Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез -келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту-еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу- тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефонның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс әуесқойларын жатқызуға болады Белсенді демалыстың альпинизм,суға шомылу, тауға шығу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды. Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір-ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен құстардың арасында аштан өледі. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілін етеді.Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенін, тамақ пен тұрақ табуға және адамдарға оралу керектігін ұғынуға тиіс. Алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінеді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.

    Адамның табиғаттағы өзін -өзі ұстауының кейбір тәртіптері.

    Күн шығыстан шығып, батысқа батады. Егер таңертең күнге қарап тұрсаңыз солтүстік сол жағыңызда,ал оңтүстік оң қолыңыз жағында болады. Көптеген өсімдіктер нағыз компас болып табылады. Бақшадағы күнбағар,ормандағы кейбір гүлдер, тіпті бұлтты күннің өзінде бастарын күнге қаратады. Итқонақ пен қына және тебірткелер көлеңкені жақсы көреді. Со.ндықтан олар негізінен ағаш бұталарының, тастар мен ағаш түбірінің солтүстік жақтан қаралау және дөрекілеу. Бұл әсіресе қарағайда, қайыңда, теректе анық байқалады. Құрғақ, ыстық ауа райында емен мен қарағайдың майы оңтүстік жақтан көбірек бөлінеді. Құмысқалар өздерінің тұрағын ағаштардың, томарлардың, бұталардың оңтүстік жағынан салады, құмырсқа илеуінің оңтүстік жағы солтүстік жағына қарағанда жайпақтау болады. Қайтатын құстар көктемде міндетті түрде солтүстікке, күзде оңтүстікке ұшады. Халықты осы бір қарапайым жоалғасын біле отыра сіз орманда болғанда бағдар жасауға жеңіл болады. Орманға жалғыз баруға, адасып кетуіңіз мүмкін. Еш уақытта өз жолдастарыңыз туралы ұмытпаңыз. Орманда бірге болу қажет. Бір-біріңізден ажыраған бойда жолдасыңызды табу үшін айғайлай бастаңыз. Көрінген жаққа жүгіруге болмайды. Адасқан жаағдайда ешбір үрейленуге болмайды. Отырыңыз, сабаңызға түсіңіз және белгілі бір дыбыстың төңіректен шығуын есту үшін мұқият құлақ түріңіз: машина, поезд шуы, кеме дабылы, итттің үруі, үй жануарлары мен құстардың шуы, адамдардың жақындығын білдіретін басқа дыбыстар. Дыбысты естіген бойда оны естіген жаққа қарай бұрылыңыз және сол бағытпен жүріңіз. Егер дыбыс жақындаса, онда сіздің дұрыс келе жатқандығыңыз. Егер сіз адассаңыз , ал жолда өзен немесе үлкен жылға кездессе ағыс бойымен төмен жүріңіз. Бұл жол, әдеттегідей үйге алып келеді. Бағдар жасау үшін биік ағашқа шығып, шығу жолын межелеуге болады. Найзағай жарқылдаған кезде жеке тұрған ағашқа жасырынуға болмайды. Ең жақсысы бұтақ астында немесе шағын орманда жасырынған жөн. Найзағай көбінесе еменге, терекке, талшынға, шегіршінге түседі (сирегірек шыршаға, қарағайға, шамшатқа түседі), өте сирек ақ қайынға, үйеңкіге түседі. Бейтаныс жерлерде әр уақытта жергілікті тұрғындардан «жылан ордалары» туралы сұраңыз. Орманға саңырауқұлақ пен жидек жинау үшін барғанда міндетті түрде етік киіңіз. Жыланды көргенде оған тиіспей, айналып өтіңіз. Егер улы жылан басын көтеріп, ысылдасса, бұл оның шабуылға әзірленгендігін білдіреді. Тек өздеріңіз таныс саңырауқұлақ пен жидекті жинаңыз. Табиғат аясында жүргенде адамдар ұқыпсыздықтан өрт шығаруы мүмкін. Ормандағы өртке лақтырылған сіріңке, темекі немесе сөндірілмеген от себеп болуы мүмкін. Ең жақсысы отты ескі алау орындарында жаққан жөн. Отты құрғақ шөпті және құрғақ ағашпен қатар жағуға болмайды. Кетер кезде оттың сөндірілігіне көз жеткізу керек. Отта сөнбеген шоқтарды қалдыруға болмайды, өйткені соққан жел оның жалынын үдете түсіруі мүмкін. Жалынды сынған бұтақпен, кішкентай ағашпен немесе күртешемен әлсіретуге болады. Жанған шөпті аяқпен таптауға немесе топырақ шашу арқылы өшіруге болады. Ормандағы өрт кезінде желег қарсы жүру керек. Елді мекендерден тыс жерлерде сиырға немесе бқаға жақындамау керек. Жолда табын кездессе оны айналып өтіңіз. Бұзаулардан сақ болыңыз. Өйткені оның мүйізі шығар кезде басы қышиды, сондықтан жарақаттауы мүмкін.

    Тәуекелдік факторлары-бұл авариялық жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін факторлар. Оған ауру, зілзала, аштық, ыстық және шөл,суық, қорқаныш, әлсіреу,жалғыздық, авария орны жатады. Аштық- бұл азық- түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайды организмнің күйігі. Жағдайға байланысты аштық:

    • мүлде аштыққа су жоқ кезде;

    • толық аштыққа- азық –түлік қоры, бірақ сумен қамтамасыз етілуі шектелмеген жағдайда;

    • ішінара аштыққа- азық- түлік қоры жектілікті болған жағдайда адам тағаммен бір немесе бірнеше витаминдер, белоктар, углеводтар және т.б.

    Ыстық. Шөлдеу. Авариялық жағдайға қатысты «ыстық» түсінігі бірнеше ахуалдың жиынтығы қоршаған ауаның температурасы, күн сәулесінің жиілігі, топырақ бетінің температурасы, ауа ылғалдылығы,. Желдің болуы немесе жоқтығы, яғни авария болған жердің климаттық жағдайлары.

    Суық. Статистикалық мәліметтерге сәкес адамдардың 10-15% туристік маршруттарда суыну құрбандықтары болады. Суық адамға үлкен деңгейде қысқы уақыттта қауіпті.

    Қорқыныш. Қорқыныш өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез –келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы. Қорқыныш сезімнің күшеюіне кез –келген кездейсоқ оқиғи- ауа райының бұзылуы, қозғалыс құралының сынуы, бағдардан айырлу және т.б. қызмет етуі. Жарылыс, жер сілкінісі, көлік құралдарының соғылысуы және басқа кездейсоқ қауіптерде қорқыныш сезімі болады. Әр адам қорқынышты өзінше қабылдайды және түрлі жағдайларда ол әртүрлі болуы мүмкін. Авариялық жағдайға түскен адамдар үшін өзін -өзі ұстаудың бірнеше түрлері тән:

    • жүнжіп қалу – адам қауіппен кездескен сәтте бірден абдырап қалады;

    • белсенді-жедел іс -әрекеттен сипатталады (бей- берекет қимыл);

    • қисынды- адам төтенше жағдайжағы іс -әркеттерге кәсіби және психологиялық тұрғыдан дайындалған (өрт сөндірушілер, теңізшілер).

    Әлсіреу. Әлсіреу- авариялық жағдайлардың тұрақты серігі, үнемі ой шырмауында және тұрмыс істеудің салдары болып табылады. Бірден сары уайымға салыну және қатты қимылдау жағдайында адам аса қысқа мерзімде әлсіреу мүмкін. Белгілі бір нерв жүйесі қалыптасқан адамдарға үздіксіз ақыл-ой еңбегі ашушаңдыққа келуі мүмкін. Ол күндіз–түні ойлау, жауапкершілікті қатты сезіну, іштей сары уайымға салынудан пайда болады. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау, тамақтардың бір сарындылығы, шектен тыс ойнау балаларды жылдам шаршатады.

    Жалғыздық. Апатпен бетпе–бет келген адамның алдында физикалық, сондай-ақ моральдық тұрғыдан мәселелер шығады. Жалғыз адамға от жағатын жерді жабдықтау, күртік қарда жол салу,азық түлік табу қиын, арнайы құралдарсыз белгісіз жерлерден өту кезінде сенімді сақтық пен көптеген басқа тірліктерді ұйымдастыру қиын.

    Тірі қалу факторлары- бұл төтенше жағдайдағы іс -әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін-өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық ұйымдастыру.

    Өмірге құштарлық. Аврия жағдайында ерте ме кеш пе күш азайып, жүйке әлсіреп, бұдан әрі тырбану қисынсыз болып көрінсе, адамның жігері жасиды. Адамды бойкүйездік, немқұрайдылық биледі.Ол құтқарылатындығына сенбейді және күш жігерді аяғына дейін жұмсамай, азық-түлік қорын пайдаланбай қаза болады. Статистика кеме күйрегеннен кейін құтқару құралдарына жеткен адамдардың 90% нің үш тәулік бойынша моральдық факторлардан өлетіндігін дәлелдейді. Тірі қалуға «менің өлгім келмейді» дейтін жалаң тілек емес, «Мен өмір сүруге тиіспін!» деп қойылған мақсат көмектеседі.

    Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

    1. Төтенше жағдай дегеніміз не?

    2. Төтенше жағдайлардың жіктелінілуін атаңыз.

    3. Табиғи төтенше жағдайлар дегеніміз не?

    4. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай?

    5. Жанжалды төтенше жағдайларды атап көрсетіңіз.

    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер: 3(97-101б), 4(18-22б)

    Қосымша әдебиеттер: 4(№9), 10(18-81б), 16(391-425б)

    Дәріс №9. Төтенше жағдайларда экономика обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы.

    Дәріс мақсаты:Бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-дағы экономика объектілер жұмысының тұрақтылығы туралы білу

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Жұмыс істеу тұрақтылығы ұғымы.Бейбіт және әскери уақыттың тж экономика обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы.Экономика обьектісінің өндірісті жылдам қалпына келтіруге әзірлігін бағалау. Экономика обьектісінің тж жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарылату принциптері мен әдістері.Персоналдың қорғану тәсілдерін арттыру принциптері.АҚ нормаларының өнеркәсіптік және азаматтық обьектілерге қоятын талаптары.

    Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі АҚ шаралары

    Осы заманғы зақымдау құралдарынан сәтті қорғану көп жағдайда халықтың өзін-өзі ұстауына, оның қарсылас шабуылы кезінде және Азаматтық қорғаныс хабарлау дабылы бойынша дұрыс іс-әрекетіне байланысты.

    Барлық азаматтар осы мерзімде ТЖ және АҚ органдарды жүргізетін шараларды орындауға белсенді қатысуға, атап айтқанда:

    • ТЖ және АҚ органдары дабылдарын, әмірін, өкімін өз уақытында алуын қамсыздандыруға;

    • Қорғаныс ғимараттарын, жеке қорғаныс құралдарын және көшіру шараларын жүргізуді даярлауға;

    • Өрттен қорғау шараларын жүргізуге;

    • Үйді (пәтерді) радиоактивті шаң мен аэрозольдан қорғаудан даярлауға;

    • Жарықпен алдандыруды ұйымдастыруға;

    • Азық-түлік тағамын жем-шөпті және суды зақымданудан қорғауды;

    • Малдарды қорғауға;

    • Жұқпалы аурулар шараларын жүргізуге міндетті.

    Халықтың қарсыластың шабуылы қаупі кезіндегі іс-әрекеті. Бүкіл халықты қарсыластың ықтимал шабуылы туралы ескерту үшін үкімет шешімі бойынша шабуыл қауіпі жарияланады. Шабуыл қауіпі туралы ел халқына ТЖ және АҚ органдарына жедел хабарды радиотораптар, теледидар және өзге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды сонымен қатар үкіметтің тиісті шешімімен немесе қаулысы қоса беріледі.

    Қауіп кезеңінде хабарлау дабылын өз уақытында алу үшін әрбір кәсіп орында, әрбір үйде радиоқабылдағыштар, радиохабары желісіне тұрақты қосылып тұруға ал теледидар өз телеорталығының негізгі бағдарламасында тұруға тиіс. Ауылшаруашылық нысандарының жергілікті радиотоптарын тәулік бойы жұмысқа көшіру егіс жұмыстары, алыстағы жайлауға кеоген кезде және басқа жерлерде болған кезде транзисторлық қабылдағыштарды өзіңізбен бірге алып жүрген дұрыс. Осының бәрі халыққа күн мен түн уақытында елдің кез келген нүктесінде билік органдарының өкімін және АҚ хабарлау дабылын қабылдауға, тиісінше қорғануға өз уақытында даярлануға мүмкіндік береді.

    Қазіргі жағдайда қарсылас шабуылы қауіпі мерзімінің созымдылығын, қорғаныс шараларын жүргізу үшін қанша уақыт қалғандығын және қарсылас ядролық соққыны қанша уақыттан кейін беретіндігін болжау мен анықтау қиын. Бұл мерзім бірнеше күнге созылуы мүмкін, алайда әрдайым ең қысқа уақытқа есептеген жөн, өйткені шабуыл қауіпі шынайы шабуылға ұласуы мүмкін. Сондықтан нақты, бүкіл күш-жігерді жұмсай отыра, қалған қымбат уақыты қисынды әрбір азаматтан қатаң тәртіп пен ұйымшылдық, қисынды нақты әрекет, дербестік пен батылдық талап етіледі. Қысқа мерзімде өзіңді, жанұяң мен баспанаңды қорғауға даярлау қажет.

    Қарсылас шабуылы кезінде барлық азаматтар осы уақытта өткізілетін бір қатар шараларды орындауға қатысуға міндетті. Олардың негізгі белгілері төменде беріліп отыр.

    Ұжымдық қорғаныс құралдарын даярлау

    Қорғаныс ғимараттарын халықты даярлайды. Бейбіт уақытта кәсіпорын мен халық мұқтажы үшін пайдаланылған ғимарат қысқа мерзімде баспана ретінде қайта жабдықталады. Оларға нарлар мен орындықтар орнатылады, желдету мен қимылдатудың дұрыстығы тексеріледі. Ауылды жерлерде жасырыну үшін жертөле, шұңқыр қойма пайдаланылады, олар жетпесе панахана ретінде көкөніс қоймасы, сүрлен траншеялары бейімделеді.

    Жеке қорғаныс құралдарын даярлау

    Шабуыл қауіпінің жариялануымен кәсіпорындарда жеке қорғаныс құралдарын береді. Алған газқағарды тексеру қажет, бұл үшін қорапшаның түбіндегі саңылауды жабады және терең тыныс алады. Егер ауа газқағарға өтсе онда газқағар ақаулы немесе дұрыс жиналмаған. Ақауды жедел жою керек. Газқағардың түпкілікті жарамдылығын арнайы камера тексереді. Газқағарды, шлем-масканы киердің алдында иісін кетіру үшін шүберекпен сүртеді (егер газқағар бұрын пайдаланылмаса) немесе заласыздандырылады (егер бұрын пайдаланылса). Егер алдын-ала шаңнан қорғайтын маска немесе мақта, мақта дәкісі даярланбаса онда оларды жедел жасау қажет.

    Теріні қорғау үшін тиісті киім мен аяқ киімді іріктейді. Термометр, йод, мүсәтір спирті, дәкі, мақта, жүрек дәрісі, ас содасы, антибиотик, сульфаниламиды және т.б. салынған үй дәрі-дәрмек қобдишасын даярлау маңызы бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін аса маңызды, өйткені оларға жеке дәрі-дәрмек қобдишасы және химиядан қорғайтын пакеттер өз уақытында жеткізілмеуі мүмкін.

    Көшіру шараларын жүргізу.

    Халықты көшіру мен қоныстандырудың басталуы және тәртібі туралы кәсіпорын мен тұрғын үйді пайдалану кеңсесі арқылы хабарлайды. Көшірілуге немесе қоныстандырылуға тиіс халық өзімен бірге өшірілуге немесе қоныстандырылуға тиіс халық өзімен бірге 3 күнге жететін азық-түлікті, төлқұжатты жеке бастың куәлігін, әскери билетін, еңбек кітапшасын, зейнет куәлігін, білім туралы құжатты, балалардың тууы туралы куәлікті бірге алуға тиіс. Балалардың қалтасына осындай мәліметтерді тігіп немесе салып қойған жөн. Пәтерден шығар алдында электрды, газды ажыратып, терезені мқұқият тығындап, пәтерді жауып, кілті ПИК өкілдеріне табыстау қажет.

    Ауыл тұрғындары көшіп келген қала халқын қабылдауға даярлануға тиіс. Олар келген адамдарға қонақ жайлылық танытып түсіністікпен қарауға, баспана тауып беруге және жұмысқа тұруға жәрдемдесуге тиісті.

    Өрттен қорғауға шараларын жүргізу

    Тұрғын үйлердегі өрттерді ескерту үшін терезелердегі перделерді алып, оның орнына ішінен ақ бояумен сырланған қалқан қағу қажет. Шыныны мүмкіндігінше әк немесе бор ерітіндісімен тығындаған жөн, жихазды, суреттерді, кітаптарды, терезе арасындағы қабырғаларға қояды.

    Киімді, аяқ-киімді және басқа заттарды шабаданға немесе шкафқа салады. Шатырды баспалдақ орындағы, дәліздегі артық заттарды алады, керосинді, бензинді және басқа таңғыш материалды үйден шығарып, қауіпсіз орынға алып барады. Өрт сөндіру құралдарын даярлайды: жуынатын жер, бөшкеге, баққа су құяды, жәшікке құм толтырады, өрт жабдығын даярлайды, өрт крандары мен өртсөндіргіштермен жұмыс бабын тексереді.

    Жарық пен алдандыруды ұйымдастыру

    Қалада, үйде, пәтерде жарық пен алдандыруды өткізу туралы өкім алынғаннан кейін бұл шара кешікпей жүргізіледі. Шабуыл қаіупі болу мүмкін жерлерде жарық әлсіретеді. Қараңғы түсісімен үйлердің терезесі ішкі жарық сырттан көрінбеу үшін пердемен, қалқамен жабылады. Перде үшін жарық өтпейтін және жанбайтын материал қолданылады. Пердені әрбір жағынан кемінде 20 см етіп терезеден кеңірек жасайды. Қараңғыландыру сапасы бүкіл халықтың ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне байланысты, өйткені жабылмаған терезе бүкіл елді мекендегі жарық тиімділігін едәуір төмендетілуі мүмкін.

    Үйді (пәтерді) радиоактивті шаң мен аэрозольдің өтуінен қорғауды даярлау

    Ауыл жерлерде зақымдаушы фактор жер үсті ядролық жарылыс кезінде пайда болатын радиоактивті зақымдау болуы мүмкін.

    Үйді (пәтерді) радиоактивті шаңнан және УЗ аэрозольдары мен бактериялық заттардың өтуінен қорғау үшін есікпен терезедегі бүкіл қуысты тығындап, мұржаның сорғышын жауып есікке резинадан немесе химиялық материалдардан жасалған нығыздағыштар қою қажет.

    Арнайы ауа тазалау қондырғысы жоқ осылайша даярланған ғимараттарда оларды желдету үшін саңылау қалдыру қажет, оған матаның бірнеше қабатын жауып, алымбалы қалқанмен жабады. Бұлай етуі мүмкін болмаса ғимаратты желдету үшін ара-тұра есікті ашып отырады, алайда мұндай сәтте есіктің ойығына мата-перде ілінеді, жауып.

    Азық-түлік пен суды үй жағдайында сақтау

    Азық-түлікті үй жағдайында целлофанға, пергаментке орап резиналы матаға немесе полиэтиленнен істелінген қақпа, ағаш немесе үйеңкі жәшіктеріне ішіне қағаз салып орналастырады. Қақпағы мықты жабылған бөлшектерді пайдалануға болады. Ауылды жерлерде азық-түлікті жертөле мен погребте сақтаған жақсы. Суды шелекке, канистрға құяды. Ыдыстың үстін кленкамен немесе пленкалы материалдармен жабады. Ауыз су қорын тәулігіне әр адам үшін 3-5 литр есептейді (тамақ дайындау үшін).

    Малды қорғау

    Ауыл тұрғындары азық-түлік пен жем шөпті, суды қорғау мен қатар малды аман алып қалу үшін шаралар қолданылуы қажет. Жау шабуылы қауіпі кезінде малды жаюды тоқтатып, оны қорада қамап ұстау керек.

    Малды қорғау үшін бірінші кезекте бұрыннан бар шаруашылық жайларды пайдаланған жөн, бұл үшін оларды тиісті ретте ыңғайластыру қажет, атап айтқанда оны жан-жақты қымтайды, барлық саңылауды, есік пен терезені тығындайды есіктің сыртына мата қаптайды, желдету құбырлар үшін сүзгі даярлайды. Бірнеше терезені жарық үшін қалдырады, алайда бұл терезелерге алынбалы ағаш қалқандарын шегелеп, оның сыртын қара қағазбен немесе өзге материалмен жабады. Есіктерді барынша қымтайды осындай ретпен қымталған мал қорларына қолайлы етіп жасалынған температура мен ауа қысым арқасында газ тектес, тұман тектес заттар мен шың өте алмайды.

    Барлық мал қорлар мен құс фермаларында ашық суат жоқ болса, су мен жем қоры жасалады.

    Асыл тұқымды мал үшін қолдан қорғаныс құралдарын жасайды (қап, брезент), атап айтқанда қорғаныс маскасы, қорғаныс жамылғысы, қорғаныс шұлықтары.

    Ферма мен мал қорасында өрттен қорғау шараларын ұмытуға болмайды. Бұл үшін оның жанына су мен құм әкелінеді, өртсөндіргіш қойылады, сондай-ақ өзгеде шаралар жүргізеді.

    Эпидемияға қарсы шаралар

    Соғыс қимылдары кезінде жаудың жұқпалы және өзге ауруларды туғызатын құралды пайдалану нәтижесінде, адамдар әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін.

    Қазір жұқпалы аурулардың түп тамырына жақын болашақта балта шабалмайтындығы айдан анық болып отыр және адамның құдіреттілігі туралы жалған сенімнен гөрі патологиялық мәселелерінің адамзат пайда болған уақыттан бері болып келе жатқандығы мойындайтын уақыт жетті. Эпидемиологтар, дүйім медицина жқртшылығы, көптеген мемлекет қайраткерлері жұқпалы аурулар мәселелерін шешу жағдайына алаңдаушылық білдіруде және олардан сақтандыру жолындағы мемлекеттік саясатты қайта қарауда.

    Халық жеке гигиеналық қарапайым тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды негізгі үйреншікті белгілері бойынша ажырата білуге, ал ауру ошағы пайда болған кезде карантин мен обсервация жағдайындағы жүріс-тұрыс тәртібіне бағынуға тиіс.

    Тыныс жолдары зақымданған кезде инфекцияны беруші ауа болып табылады. Бақытқа қарай, зақымданған тамшылардың отыруы есебінен және көптеген қоздырғыштардың беріксіздігінен оның өзін-өзі тазалау процесі жылдам жүреді.

    Жұқпалы аурулардың пайда олуы мен таралуын ескерту үшін бейбіт уақыттағы кез-келген төтенше жағдайда сақтандыру және эпидемияға қарсы шараларды дұрыс және өз уақытында өткізудің үлкен маңызы бар.

    Сүт пен суды ішер алдында міндетті түрде қайнату керек, көкөніс пен жидектерді қайнатылған сумен мұқият жуу керек, ал ет-балық азық-түлікті жақсылап пісіру қажет.

    Егерде мал артынан ауру белгілері байқалса дереу мал дәрігерге хабарлану тиіс.

    Талап етілетін жағдайында белгілі бір аумақта және жабық бөлмелердің ішінде дезинфекция ісін жүргізуге арналған құрал аппарттар әзір болу міндет.

    Әуе шабуылы қауіпі кезінде халықтың іс-әрекеті

    Халыққа хабарлау негізгі әдісі – радио мен теледидар жүйелері. Сиреналарды пайдалану ұйғарылады. Сондықтан қазір кәсіпорындардың көлік құралдарының, гудоктарының берілуі Азаматтық қорғаныс хабарының «Баршаның назарына!» (Әуе дабылы! емес) жаңа ескерту дабылы екендігін білдіреді. Оны естігенде, абдырамаңыз. Бірден жергілікті үкімет орындарының немесе ТЖ жөніндегі басқарманың бөлімінің шұғыл хабарын есту үшін радио мен теледидарды (үйде, жұмыста) қосыңыз. Дыбыстық дабылдар белгіленгеннен кейін (сиреналар,гудоктар және т.б.) ақпарат бес минут бойында беріледі.

    Азаматтық қорғаныстың әуе шабуылының қауіпін ескертетін «Әуе дабылы!» екендігін біледі. Мұндай жағдайда халық өз пәтерін, жұмыс орнын көлік құралын жылдам тастап шығып қорғаныс панаханасына жасырынуға тиіс.

    Егер де дабыл сізді жұмыс орнында ұстап қалса, онда сол кәсіпорынның арнаулы нұсқасында айтылғандай станогіңізді өшіріп электр қуатын, газды, су айырып бірден панаханаға бет алу керек. Тоқтаусыз істейтін өндірісте агрегаттар мен технологиялық линиялары қауіпсіз жұмыс қалпына келтіріп, жақын жерді паналау керек.

    Егер де әуе дабылын сіз көшеде естісеңіз АҚ мен ТЖ қоғамдық күзет жұмыскерлерінің нұсқауымен жақын жерде орналасқан панаханаға бару керек. Қала көлігінде жүру барысында кездессе, онда оның тоқталуын күтіп, асықпай сабырлық сақтап шығып жақын панаханаға бару керек. Егер де ол табылмаса оның орнына метро, жерасты өту жолдарын, қоймаларын пайдалану керек.

    Әуе дабылы кезінде қоғамдық жерде болсаңыз, сол жердегі әкімшілік нұсқасын тыңдап берілген бағытпен аяқ басу керек.

    ТЖ мен АҚ органдары ескерту жібергенсоң барлық оқу орындары, оқу үрдісі тоқтатылады және оқушылар мен оқытушыларды қорғау панаханаларына жеткізу шаралары іске асырылады. Сол жерде адамдар жеке басты қорғану құралдары мен панахана ішіндегі тәртібі туралы ескертпелері жасалады.

    Ауыл аумағындағы халыққа, әуе дабылы хабарлану сәтінде, алдын-ала даярланған тиісті панаханаларға бет алады. Панаға бару алдында үйідін шам жарығын, пеш, электр плита, керосинка және т.б. құралдар өшіріліп, өзімен бірге жеке дара қорғану құралдарын алып жүргені дұрыс.

    Адамдарға егін егістігінде жұмыс қызуында әуе дабылы хабары болса: сай, арық, апан-шұңқұрларын панаға айналдыру керек.

    Халыққа әуе шабуыл қауіпі өтті деген келесі ауызекі хабары беріледі:

    «Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар!... Әуе дабылы тоқтатылды! Жұмыс орындарыңызға, үйлеріңізге қайта беріңіз. Ауыр жарақат, егде адамдарға жәрдем беруді ұмытпаңыз. Өз қоларыңызға жеке басты қорғану құралдарын әр уақытта ұстап жүріңіз. Біздің хабарымызды мұқият тыңдаңыз».

    Жату шапқыншылығынан зардап шеккен аудандарында ТЖ мен АҚ органдары орындалып жатқан іс шаралар туралы және т.б. мәліметтер беру тиіс.

    Аман қалудың ең қолайлы тәсілі – қорғаныс ғимараттарын өз уақытында, соның ішінде: берік жер асты қоймалары, қазба орындары, сай, үңгір, арық деген секілді жерлерді паналаған дұрыс.

    ТЖ жағдайларына басшы құрамына, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі

    Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30.09.93 жылы «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» № 969 Қаулы қабылдады.

    Осы Қауыл негізінде «ТЖ жағдайларына басшы құрамына, АҚ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі» әзірленеді.

    Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу және төтенше жағдайлардың салдарынан қорғану Қазақстан Республикасы халқының міндеті болып табылады.

    Халық үшін негізі міндет – қалыптасқан тосын жағдайда дұрыс әрекет етуге, өз-өзіне көмек көрсете білуге үйрену.

    АҚ бойынша халықтың әртүрлі санаттарын даярлау мен оқытуды және ТЖ-дағы іс-әрекетерді ұйымдастыру

    АҚ және ТЖ басшы құрамын даярлау Республикалық курстарда, даярлау мен оқыту орталықтарында, біліктілікті көтеру оқу орындарында (БКОҚ), оқу-әдістемелік жиындарда (оқу жылы басталар алдында) және тікелей ұйымдарда 15 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізіледі.

    БКОҚ-да АҚ және ТЖ мәселесіне оқу уақытының 10-15% бөлінеді.

    АҚ құрамаларын даярлауды ұйым басшылығы ұйымдастырады және 15 сағат көлемінде, оның ішінде 9 сағат жалпы тақырып және 6 сағат арнайы тақырыптар бойынша практикалық сабақ өткізіледі.

    АҚ құрамаларымен жылына 2 рет жеке құрамды хабарландыру және жинау бойынша жаттығу өткізіледі, бұның барысында олардың жасақталуы, техникамен, мүлік-аспаппен жарақталуы, сондай-ақ іс-әрекеткедаярлығы тексеріледі.

    Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау

    Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.

    Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен, автобуспен, автомобиль шанағымен.

    Иықтап- көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды.

    Арқалап - көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғы арасына иығын беріп тұрады және бір тізесін бөгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.

    Қолмен - көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынан құшақтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді.

    Екі көтерушімен– «қол ұстасып», «бірінің артынан бірі» және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды.

    «Бірінің артынан бірі» тасымалдауында көтерушінің біреуі зардап шегушіні арт жағынан келіп шынтағымен оның қолтығынан ұстайды, екіншісі зардап шегуші аяғының арасына арқасын тосып, екі аяғын табанынан ұстайды.

    Жатқан жағдайында жарақат алушыны тасымалдау үшін көтерушілер оған сау жағынан жақындап тізерлей отырады. Бас жағында тұрған көтеруші бір қолын арқа астына екіншісін белдің астына жібереді, басқа көтеруші екі қолын оның балтыры астына жібереді, ал жарақаттанған адам бірінші көтерушінің мойынан құшақтаййды.

    Зембіл арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық – көрпе, киім, арқылы қолайлы жағдай жасау керек. Зембілге жатқызу шарты: зембілді зардап шегушінің жарақат жағынан қояды; 2-3 адам сау жағынан бір тізесін бүге отырады, қолдарын ақырын зардап шегушінің астына жіберіп, оны бір сәтте көтереді. Осы мезгілде үшінші не төртінші адам зембілді зардап шеккеннің астына қояды, ал көтерушілер абайлап жатқызады.

    Автомобиль шанағында тасымалдау

    Автомобиль шанағына тиеу алдында оны даярлау қажет: артқы жағдауын және зембіл қол құлағы үшін барлық құлыптарды ашады, белбеулерді жазады, шанақтан ауыстырмалы зембілді шығарады.

    Тиеу барысында санитарлық жасақшы буыны зембілді бас жағымен ашылған шанаққа кіргізеді. «Жан-жаққа» өмірі бойынша 4-ші мен 1-ші нөмерлілер зембілдің оң жағында, ал 2-ші мен 3-ші нөмірлі сол жағынанда тұрады. Көтер - командасы бойынша топ зембілді қажет биіктікке көтеріп зембілдің бас жағын аяғына сабымен шанақтың жиегіне қояды. Кіргіз әмірі бойынша зембілді шанаққа итереді. Оны жүргізуші немесе еріп жүретін адам қабылдайды.

    Автобус ішінде жарақат алғандарды тасымалдау барысында осы айтылған ережелер орындалады. Зембілдерді терезе арқылы кіргізуге болады. Автобус ішіңде оны санжасақшылар қабылдайды.

    «Қолмен», «арқалап», «иықтап» тасымалдау әдістері егерде зардап шегушінің сүйегі сынбаған жағдайда ыңғайлы, ал сынған жағдайында «екі көтерушімен» қолайлы.

    Санитарлық зембілдер

    Санитарлық зембілдер стандартты өлшемдері бар: 221,5 см ұзындығы, ені - 55 см, биіктігі - 16 см, массасы 10 кг дейін. Зембілді жиналған (оралған) төрінде сақтайды әрі тасымалдайды.

    Зембілді бір уақытта 2 адам ашады. Белбеулерді жазып, бағаналарды қол ұстағыш арқылы керіп матаны тартып қояды Одан кейін тіземен тіректі сырт еткен дыбыс естілгенше басып, әдіп тігісінің қалайша жабылғандығын тексереді. Бас жағына жастық не басқа қолда бар жұмсақ затты қояды.

    Зембілді жинау барысында екі тасушы бір уақытта құлып тиектерін ашады, тиектерді өздеріне қарай тартады, зембілді жартылай жинап, аяқтармен жоғары аударады, сонда мата зембілден кері бағытқа төңкеріледі, одан кейін бағаналарды әбден тақайды, зембілді аяғына қойып матаны үш орап белдіктермен бекітеді.

    Тасымалдауды жеңілдету үшін зембілге арнаулы белдіктер орнатылады. Ол – 360 см ұзындығы бар екі 6,5 см шетінде металды тоғасы бар брезентті белдік. Тоғыстан 1 метр аралықта брезент жапсырмасы тігілген, ол белдіктің бос шетін өткізіп тоғыста бекітуге мүмкіндік береді. Сонда белдік сегіздік секілді болады.

    Зембілмен зардап шегушілерді тасымалдағанда белдікті сегіздік сықылды қайыстырады. Тұзақтар тасушының жанында болған жөн, ал айқасқан жері арқада-жауырындар деңгейінде болған дұрыс.

    Зембілмен тасымалдағанда бір қатар ережелерді сақтау керек. Жазық жермен жүргенде зардап шегушіні аяғын еркін жазып ал, егер, оның халі шүкір болса, оның басын алға қаратып тасымалдаған жөн. Бұл артта келе жатқан көтеруші жарақат алғанның бетін яғни хал-ахуалын қадағалауына мүмкіндік береді, керек болса тасымалдауды тоқтатып қажетті жәрдем керсету үшін де қажет.

    Тасушыларға өкшелерін баса қалыспай жүрудің қажеті жоқ, керісінше баяу, төмпеш-ойықтарды айналып жылжыған дұрыс.

    Тауға қарай көтерілгенде зардап шегушінің басын алға, ал төмен түскенде артқа қаратып жылжыған дұрыс. Аяғы сынған жарақат алушыларды керісінше тасиды. Жалпы көтерілу не төмен түсу кезінде зембіл көлбеу күйінде болуға тиіс. Ол үшін: көтерілу кезінде артта келе жатқан адам зембілді өз иығына дейін көтереді, ал төмен түсуде осы әдісті алда келе жатқан адам қайталайды.

    Арнаулы зембіл жоқ кезінде оны қолда бар (бақан, таяқша, пальто, көрпе, қап және т.б.) құралдардан жасайды. Ондай зембілдер адам салмағын мықты көтеретіндей болу керек. Көтергіш белдіктерді 2-3 белдіктер, брезент, жайма, жуан жіп арқан кесінділерінен жасауа болады.

    Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

    1. Аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты деп қай заңда, қай бабында айтылған?

    2. Төтенше жағдайларда шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар?

    3. Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері қандай?

    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер: 3(238-245б), 4(201-210б)

    Қосымша әдебиеттер: 7(279-283б), 8(248-258б), 9(10-25б)

    Дәріс №10. Төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері.

    Дәріс мақсаты: Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы АҚ шараларын білу.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Халықты қорғау принциптері.ТЖ және қазіргі зақымдау құралдарына қорғау бойынша шаралар.Бейбіт және соғыс уақытында халықты инженерлік қорғау.Халықты эвакуациялау бойынша шараларды ұйымдастыру.ТЖ дәрігерге дейін көмек көрсету.ТЖ психологиялық аспектілері.

    Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау

    Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен химиялық зақымдану салдарынан жиынтығы түсініледі.

    Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдану ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

    Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

    • химиялық зақымдану көлемі мен сипатын анықтау;

    • олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен әсер етуін талдау;

    • адамдардың зақымдалуын болыдмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нүұсқаларын іріктеу.

    Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

    • ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

    • Улы заттардың шығарылу ( төгілу), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;

    • Адамдардың қорғану деңгейі;

    • Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрлыстардың сипаты;

    • Ауа райы ( жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі) .

    Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

    Ауаның вертикалдық тұрақтылығы 3 деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

    Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын ішкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаныың төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жасайды.

    Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады, изотермия кезінде жердің 20 - ЗОм биіктік шегінде ауаның-температурасы жердікімен шамалас. Ол жауың-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертенгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конверцияга (таңертең) және керісінше (кешкі) көпшелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

    Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамаммен күн батардан 2—2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

    Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

    Қарсылас жақ улы затгы пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізіңде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, текникака мен мүліктің зақымдануын ьгқтимал бағалайды.

    Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөнііндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойынша жургізіледі. Химиялық шабуьлға қатысушы қүрамдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны) улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымыранған, төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).

    Химиялық оқ-дөрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда болады, ол алғашқы бұлт деп аталады. Осы бұ лттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жагына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түрінддегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ қолдану негізінен аэро-дік бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін авиациялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрозоль бүлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіңе отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды закымдайды.

    Әртүрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріңдегі УЗ уақыт өте буланады. Аэрозольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буынан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.

    Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ тарылып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ уақыт өте азаяды, тиісінше қорғалмаган адамдардың зақымдану ізасын алу қауіпі төмендейді.

    Ластанған ауаның таралу тереңдігі химиялық қару қолданған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар-жоғы мен елді мекендер қүрылысының тығыздығына байланысты.

    ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.

    Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с).

    ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған)

    улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 20°С –тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемдіне тең болатындығын ескеру керек. Қайнау температурасы 20°С -тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.) сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.

    ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.

    Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдану салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызмметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөніне шаралар әзірленеді.

    Объектілердегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын заласыздандыру жөніндегі жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адамдарды кошіру карастырылу мүмкін.

    Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жумысының нақты жағдайы АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын, жумысшылар мен кызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құралдарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс.

    Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жумыс жүргізу ушін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.

    Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері.

    Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады. Төтенше жағдайларды ескерту және іс -әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінекн басқа ғаламдық, кауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқөылды жауындар мен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда.

    Адам өміріне қауіпті затарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарымен салыстиыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғалар, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілікністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді. Республика аумағында атом энегетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтары мен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдлайлар мемлкеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеу жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

    Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.

    Халықты қорғау принциптері-бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі белгіленген ережелер. Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық үйғарымын ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.

    Осы заманғы зақымдау құралдарының халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар:

    1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу.

    Ол мыналарды қамтиды.

    А) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларды әзірлеу. АҚ жоспарлау- Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады;

    Б) Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру:

    В) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалауға әзірлікте ұстау;

    Г) көшіру шараларын даярлау;

    Д) бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.

    2.Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлануы және өткізу.

    АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР қарулы күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар. Республика басқару органдарына әзәрленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығы байланыс бойынша негізгі мәселелер енгізілген.

    • Даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;

    • Комендатттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;

    • Гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;

    • Зақымдау ошақтарында зілзала, ірі авария мен апат болған кезінде барлау ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, тікұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін;

    • радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу;

    • көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар;

    • санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;

    • халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.

    Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындаушы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.

    Халықты қорғаудың негізгі әдістері

    Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынанжәне төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

    Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

    ♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;

    ♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

    ♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

    ♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

    ♦ азық-түлік, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдануда қорғау;

    ♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

    ♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

    ♦ зақымдау айиақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

    ♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

    Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

    Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі апаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттарына жүйесін қолдануды қарастырады.

    Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

    Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қаупі нақты төнеген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

    Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

    Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

    Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен «Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.

    Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсірету арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

    Халықты қорғау республика Азаматтық қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар- ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс - әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

    Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

    Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

    Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.

    Өндіріс күштерін осы заманға зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау-маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазірде осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерге адамдарды паналатуға арналған қорғаныс ғимарттарының әр түрлі үлгілерні жасау болып табылады.

    Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

    Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойына бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде тұрғызылуға тиіс.

    Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болу қажет.

    Панаханалар

    Панаханалар жан - жақты қымталған құрылғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

    Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісімен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс.

    Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тірішілігін қамтамсыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебімен қол жеткізіледі.

    Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынғанпанаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады, олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) -50-200 адам.

    ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

    ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған ыдыстар, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар кіреді.

    ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш-желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланылады.

    Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

    Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға әкелінген ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

    Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы , кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель.

    Тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролық жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады.

    Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жергілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарға топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Адамдарға жасырынуға арналған ұңғымаларды қымта үшін ағаштар қойылады, брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация және жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мүмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумуляторлы батареяларды пайдаланылады. Ұңғымаларда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады

    Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)

    РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай – ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп – қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, алғандарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.РҚО-ға бірқатар талаптар қойылады.Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді әлсіреп қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам көп келеиін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінің бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпіштен қосымша қалқа немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіріберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

    РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

    Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелері жатады.

    Панахананы электрмен жабдықтау қаланың(обьектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

    Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде обьекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

    Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м² және үшярусты нар кезінде 0,4м² болуға тиіс.

    Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне -----қыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін клозет немесе резервуар – шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.

    Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

    Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің бәріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.

    Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың ортақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.

    РҚО – қарапайым желдеткіш немесе механикалык желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жүмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.

    Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі. Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО – ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі. Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі. Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс. РҚО құрлысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.

    Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

    Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана – қуыстарды (ашық және жабық) салады.

    Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыру аралық кезең блоып табылады.

    Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан жарық сәулесінен және өткіш радиациядан шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды.

    Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай –ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

    Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық – 40 – 50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдігі 180 – 200 см, жоғарыдағы ені 110 – 120 см және төмендегі ені – 80 см болады

    Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50 – 60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10 – 15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам.

    Кіреберістер түйіспелі учаскеге үшбұрышты болып жасалады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жасалады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон құрылғысымен және басқа материалдармен ыңғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық – түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады.

    Қуысты жабынды бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6 – 0,7) және дереу жабады.

    Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.

    Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады.

    Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығыптұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады.

    Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қаупі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстың қорғаныс қабілеті РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс.

    Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі

    Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының камендатыны болып табылатын командир жүргізеді.

    Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата тыңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжатар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.

    Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.

    Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғиматтағы тәртіпті сақтауға тиіс.

    Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.

    Қажесіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлікпен ауыз суына тиым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарттар демалады. Онда дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.

    РҚО-да жоғарыда келтірілген келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.

    Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жерімен ондағы заттарды ылғи шүберекпен сүрту қажет. Азық – түлік пен суды ластағыш затты түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.

    Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауы тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүгізіледі. Қарсылас жоқ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.

    Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.

    Кіреберістер мен авариялық шағаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші шығар есікті ашуға шар қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есік сүйемен және сына арқылы ілшегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан әрі жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жіргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейіе зардап шеккендер, балалар мен қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі.

    Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі

    Қорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырын орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командирі) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады.

    Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.

    Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде, сондай-ақ оны жекеленген бөліктерінің – кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған- қымталған бөліктердің, баулықтардан және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез-келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандыруға тиіс. Қорғаныс ғимаратының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, қоршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзге де бұзылуына тиым салынады.

    Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс. АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс күтіп ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паопорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимаратының жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш сүзгіш және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу меемелерімен өрт командирімен, телефон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс. Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын бастығы белгілеген тәртіппен жүгізілетін жыл сайынғы және арнайы қадағалауда тексеріледі.

    Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады.

    Қорғалған қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгешектерде тұруга тиіс.

    Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуға тиіс.

    Температура қысқа уақытта бейбіт уақытта бөлмелерін пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есігі ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.

    Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.

    Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтыруға тиіс. Дәрет жинауға арналған авариялық резевуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс.

    Бейбіт уақытта пайдалананылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.

    Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін мыне іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

    • қорғаныс қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба көрсеткіштерді және “Кіру” жарық дабылын қою;

    • қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлік пен материалдардан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау;

    • Инженерлік-техникалық қондырғылардың тоқтатылуын жүргізу;

    • Қорғалған-қымталған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және жеңіл экрадарды алу;

    • Технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу;

    • Қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру;

    • Бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылатын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңылауларын жабу және қымтау;

    • Авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;

    • Желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қоедырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру;

    • Қорғаныс ғимаратының қымталуын тексеру;

    • Бейбіт уақытында пайдаланылмайтын санитарлықтораптарын ашу;

    • Сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбыры жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою;

    • Ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу;

    • Дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен,прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;

    • Ғимаратты жеделдету;

    • Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау.

    Қорғаныс ғимаратының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсеті буынның басшылығымен жүргізіледі, халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кетуі тәртібін бақылауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

    1. Осы заманғы зақымдау құралдарының халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері қандай?

    2. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарының түрлерін ата!

    3. Қарапайым жасырыну орындары қай кезде қолданылады?

    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер: 6(95-148б), 7(55-74б)

    Қосымша әдебиеттер: 11(288-310б),12(89-96б)

    Дәріс №11. Жаппай жою қаруынан қорғау.

    Дәріс мақсаты: Жаппай жою қаруының түрлерімен әсер ету қаупі туралы түсіндіру.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Жаппай жою қаруының ерекшеліктері мен қолдану салдарының жалпы сипаттамасы.Ядролық қаруды қолдану кезіндегі тж.Жою факторлары,қирау және радиациялық зақымдау факторлары.Қорғау әдістері мен құралдары.Химиялық қаруды қолдану кезіндегі тж. Химиялық қарудың жіктелу және токсикологиялық сипаттамалары.Зақымдау аймақтары және ошақтары.Биологиялық қарудың жіктелуі.Жаппай жою құралының жаңа түрлері,қорғау әдістері және құралдары.халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.Қорғау тәсілдері.Қорғану ғимараттары, баспаналар.

    Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде. Ғаламдық апат — бірқатар іргелес мемлекеттердің аумағын қамтитын апат; мүндай апаттардың болу мерзімі 30-40 жылда бағаланады, оның салдарынан зардап шеккен халық саны 100 мың адамнан асып, экономикалық шығын 100 млрд. доллардан аса болады. Мүндай салдар ірі көлемді техногенді азаматтық және әскери сипаттағы ядролық реакторларда, ядролық циклдегі мекемелерде, атом сүңгуір қайықтарында, химиялық қару сақталатын қоймаларда, қатты эсер ететін улы заттар бар ірі химиялық мекемелерде болған апаттармен байланыстырылады. Ғаламдық залалы бар табиғи апаттарға ірі жер сілкінісін, вулкандар атқылауын, цунами, алапат дауылдарды жатқызуға болады.

    Ядролық қарудың жарылыс ошағы

    Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

    Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су)астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластаужәне электрлік магниттік импульс жатады.

    Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайдаболуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

    Жарықты сәуле болу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

    Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

    Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

    Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды.

    Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

    Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, прибролады, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады.

    Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивтік ластануға зерттеу жасау қажет.

    Химиялық қарудың жарылу ошағы

    Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

    Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

    • зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.);

    • улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;

    • соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;

    • әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген;

    • қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

    Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

    Бактериологиялық (биологиялық) қарудеп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

    Бұл қарудің қауіптілігі – приборлардың жиынтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

    Биологиялық қару

    Адамзат дамуының тарихында өркениеттің жетекші күштері болып тарих және алға ұмтылу болып табылады. Ғылым жаңалықтары қоғам дамуының түрткісі болса, ал этикалық келтірулер ашылған жаңалықтарды жүзеге асыратын сілтемелер ретінде болып келген.Ғылымның арқасында адам өз иелігіне бу машинасын, ядролы реакторды, компьютер және пенициллинді алды. Қаруды сол ғалымдар, сол зертханаларда ашқан. Кез-келген ғылыми жетістіктер екілі технологиялар, жақсылық пен жамандықты көздеуші құралдар ретінді бағаланулары мүмкін. Солардың бірі адамдардың биологиялық қаруды ойлап тауып, оларды пайдалануын айтсақ болады.

    Адамзат дамуының қолданбалы тұрақты модельдерін құрастыру терииториялардың кеңейтілу мәселелерін, ұдайы өсу ретімен байқалатын ресурсты-демографиялық кризиспен және тағы басқа факторлармен байқалады. Бұл факторлардың көбісі адамдардың табиғи ресурстарды пайдалануда шектеулерге, нәрестелердің дүниеге келулеріне, халықтың білім алуына және т.б. әсерін тигізеді. Мұндай шешілмеген жағдайлар адамзатқа кері әсерін тигізетін биоагрессиялар, биотерроризм және «экологиялық соғыстарға» әкеліп соғады. Мысалы, биологиялық терроризм ресми түрде АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің потенциалды қаупі болып табылады. Мұндай шешімге келу бұл мемлекетте болған террористік акциялардан кейін, сондай-ақ биология және биотехнология ғылымдарының жоғыры дәрежеде дамуы себеп болып отыр.

    Биологиялық қауіп.Кез-келген деңгейлі және шығу тегі әртүрлі(микроағзалар және приондардан бастап, көпұлпалы паразиттерге дейін) биологиялық патогендердің медициналы-әлеуметтік, технологиялық, ауылшаруашылық және коммуналды сфераларға тигізетін кері әсері.

    Биологиялық қауіпсіздік. Биолого-әлеуметтік төтенше жағдайлардың көзі әсерінен туындайтын қауіптерден адамдардың, ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің , қоршаған ортаның қорғану жағдайы.

    Биологиялық терроризм. Саяси және материалды сипатта көзделген мақсаттарға жету үшін адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қауіпті биологиялық агенттерді қолдану.

    Биорегуляторлар. Ағзада өтетін процесстерге әсерін тигізетін шығу тегі биологиялық болып келетін заттар (мысалы, токсиндер).

    Генетикалық модификацияланған ( құрастырылған) ағзалар. Ағзаның қасиеттерін өзгертетін геномы жасанды түрде өзгертілген микро- және макроағзалар.

    Биологиялық қауіптің көздері. Адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін табиғи және техногенді биологиялық факторлардың қосындысы.

    Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру. Заң нормаларын сақтау, санитарлы-гигиеналық және санитарлы-эпидемиялық ережелерді, технологиялық және ұйымды-техникалық талаптарды орындау, сондай-ақ заңды, санитарлы-гигиеналық, санитарлы-эпидемиологиялық, ұйымдық және техникалық шараларды адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің жұқпалы аурулардан сақтану мақсатында өткізу.

    Экопатогендер. Қоршаған орта объектілерін зиян келтіретін шығу тегі табиғи және техногенді факторлардың қосындысы.

    Қауіпті биологиялық агенттер. Адамдар, жануарлар және өсімдіктер ауруларын шақыратын, қоршаған ортаны бүлдіретін патогенді микроағзалар, токсиндер және паразитті ағзалар. Биологиялық қару агенттері және биотерроризм құралдары ретінде қолданылатын биоагенттер туралы 1 және 2 Қосымшада келтірілген.

    Бактериологиялық (биологиялық) қару. Қарсыласты, ауылшаруашылық жануарларын, ауылшаруашылық дақылдарды тірідей құрту үшін қолданылатын биологиялық құралдармен снарядталған арнайы қару және жеткізу құралдары бар соғыс приборлары.

    Токсинді қару. Шығу тегі әртүрлі токсиндердің қасиеттерін құртатын биологиялық қарудың бір түрі.

    Токсиндер. Микроағзалардың токсинді өнімдері, жануарлы және өсімдікті табиғи улар немесе химиялық синтез арқылы алынған олардың аналогтары, биологиялық активтілігі жоғары және жоғарғы жануарлар үшін төтенше токсикалық (рицин, дифтириялық токсин, ботулиникалық токсин және т.б.) ақуыздар.

    Генетикалық қару. Генетикалық модификацияланған микроағзалардың қасиеттерін және нуклеин қышқылының арнайы құрастырылған молекулаларын құртуға арналған биологиялық қарудың бір түрі.

    Биоқауіпсіздік мәселелерінің пайда болу тарихы.Ауру тарататын микроағзаларды қару құралдары ретінде пайдалану идеясы инфекциялы аурулардың әсерінен көптеген адамдар қаза болып, ал соғыс шаралары әсерлерінен пайда болатын эпидемиялар әскер сандарын қысқартатынынан туды. Мысалы, 1741 жылы Мексика және Перуді жаулап алу операциясына қатынсқан 27 мың ағылшын әскерилерінің 20 мың әскері сары ауру лихорадкасына шалдыққан. 1733 – 1865 ж.ж. Еуропада болған соғыстар нәтижесінде 8 млн. Адам қаза болған, олардың ішінде 6,5 млн. адам инфекциялы аурулардың нәтижесінде қаза болған. (Е.И. Смирнов. Войны и эпидемии. М., 1984).Соғыс жағдайында тыныштық жерлердегі эпидемиялар әсерінен өнеркәсіптер, көлік, тіпті мемлекеттік аппарат таратылатын жағдайда болған.Қазіргі таңда инфекциялы аурулар соғыс қимылдарына айтарлықтар қиындықтар, әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, американ солдаттарының Вьетнамға қарсы соғыс кезіндегі шараларында инфекциялы аурулардың әсерінен қаза болған әскерлерге қарағанда 3 есе көп әскер соғысқа жарамсыз болып қалған.

    Ең алғашқы мақсатты бағытталған және мұндай қарудың жүйелі түрде дайындалуы ХХ ғасырдың басында басталған болатын. Оған биологиялық ғылымдардың жоғарғы дәрежедегі жетістігі және патогенді микроағзалардың таралу жолдарының түбегейлі зерттелгендігі негіз болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия биологиялық құралдардың пайдалануын жүзеге асырды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары биологиялық қаруды құруда мелитаристік жапондар айтарлықтар жұмыстар жүргізді. Оккупацияланған Манчужурия территориясында жапондар екі ірі ғылыми-зерттеу орталықтарын (№ 731 және №100 отрядтары) құрып, зерттеу және өндірістік бөлімдерімен ғана айналыспай, биологиялық құралдардың тек жануарларда ғана емес, сондай-ақ қамаудағы тұтқындар мен Қытайдың бейбіт халқында жүргізетін тәжірибелік полигондары болған.1941 жылдан бастап, АҚШ-да биологиялық қаруды соғыста қолдануға байланысты зерттеулер мен жұмыстар жүргізілді, арнайы әскери ғылыми-зерттеу бөлімі құрылды, ірі зерттеу лабораториялары салынды, Миссипипи штатында тәжирибелік лаборатория, Арканзас штатында биологиялық құрылғыларды өндіретін және сақтайтын өнеркәсіптер, Юта штатында полигон және т.б. объектілер салынды. Биологиялық қаруды құру жөніндегі жұмыстардың көбісі жабық түрде және жасырын түрде жүргізілді.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде империалистік ммлекеттердің биологииялық және химиялық қаруды қолданылуы көпшілік назарына теріс әсерін тигізді. 1925 жылдың 17 маусымында Женева қаласында соғыста улы және басқа да типтес газдарды, бактериологиялық құрылғыларды пайдалануға тиым салынған Протоколға қол қойылды. Прогрессивті күштердің айтарлықтай жеңісі болып, 1972 жылы бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды өндіруге, шығаруға, сақтауға және оларды жоюға қол қойылған Конвекция болып келді.

    Бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды өндіруге, шығаруға, сақтауға тиым салу оларды жою туралы конвекци.Аталған конвекция 3 данада орыс, ағылшын, испан, қытай және француз тілдерінде толтырылып, 10 сәуір 1972 жылы депозитарий – мемлекеттер қол қойды. 1975 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесімен ратификацияланған.Қазіргі таңда Конвекцияға Израиль, Мысыр, Танзания, Сомали, Непал және басқа бірқатар мемлекеттерді қоспағанда 148 мемлекеттер кірген. Конвекция мәтіні 15 баптан тұрады.

    Бірінші бап – биологиялық қаруды өндіруге, шығаруға, сақтауға және жинақтауға тиым салады.

    Екінші бап – Конвекцияға кіретін мемлекеттер биологиялық қару қорларын жоюға міндетті.

    Үшінші бап – мемлекетті биологиялық қару технологиясын басқаларға бермеуіне міндетті.

    Конвекция мерзімсіз және олардың нәтижелері әр 5 жыл сайын Халықаралық конференцияларда талқыланады.

    Биологиялық қауіптің негізгі көздері:

    1. Инфекциялы аурулардың пайда болуы және эпидемиялары

    2. Эпизоотиялар

    3. Эпифитотиялар

    4. АБиологиялық қауіпті жерлердегі авариялар және диверсиялар

    5. Патогенді микроағзалардың нақты резервтері

    6. Экожүйеге қауіпті флора мен фауна өкілдерінің патогенді микроағзалардың шекараралық тасымалдануы

    7. Биологиялық терроризм

    8. Биологиялық қаруды қолдану

    Қазіргі таңда дәлелденген жоспарланған және болған биотеррористік акт туралы мәліметтер 3 Қосымшада келтірілген.

    Радиaция түсінігі

    Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келіп отырады. Дозаның өлшем бірліктері 3.1-кестеде берілген.

    1 – кесте. Дозаның өлшем бірліктері

    Физикалық өлшем

    Жүйелік емес бірлік

    Жүйелік бірлік

    Жүйелік еместен жүйелік бірлікке өту

    Радиоактивті көздегі нуклидтің активтілігі

    Кюри (Ки)

    Беккерель (Бк)

    1Ки=3.7·1010Бк

    Экспозициялық доза

    Рентген (Р)

    Кулон/килограмм (Кл/кг)

    1Р=2,58·10−4Кл/кг

    Жұтылған доза

    Рад (рад)

    Грей (Дж/кг)

    1рад=0,01Гр

    Эквивалентті доза

    Бэр (бер)

    Зиверт (Зв)

    1бэр=0,01 Зв

    Экспозициялық дозаның қуаты

    Рентген/сек (Р/c)

    Кулон/килограмм в секунду (Кл/кг*с)

    1Р/c=2.58·10−4Кл/кг*с

    Жұтылған доза қуаты

    Рад/секунда (Рад/с)

    Грей/cекунда (Гр/с)

    1рад/с=0.01Гр/c

    Эквивалентті доза қуаты

    Бэр/cекунда (бэр/с)

    Зиверт/cекунда (Зв/с)

    1бэр/c=0.01Зв/с

    Интегралды дазо

    Рад-грамм (Рад-г)

    Грей-килограмм (Гр-кг)

    1рад-г=10−5Гр-кг

    Жылына адам 200 мР радиация мөлшерін қабылдайтындығы белгілі. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радиация қабылдайды. Иондалған сәулеленудің табиғи көзі 3.2-кестеде берілген. Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радиацияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радиациялық доза 0,1 бэрден аспауы керек.

    2 – кесте.Иондалған сәулеленудің табиғи қайнар көзі

    Негізгі қайнар көзі

    Жылдық орташа дозасы

    Доза%

    Бэр 36

    Космос (теңіз деңгейіндегі сәулелену)

    30

    0,10

    15,3

    Жер (қатты қабат, су, құрылыс материалдары)

    50-30

    0,5-1,3

    68,8

    Адам денесіндегі радиоактивті элементтердің мөлшері

    30

    0,30

    15,1

    Басқадай көз қоры

    2

    0,02

    1

    Жылдық орташа доза

    200

    2

    -

    Кәсіби мамандарды дайындайтын оқу орындарында шекті рауалы дозаның (ШРД) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы тиісті. 70 жыл өмір сүрген адам радиациялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін.

    Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радиация алатыны дәлелденген.

    Радиацияның әртүрлі көздері күнделікті тұрмыста да кездеседі (3.3-кесте).

    3 – кесте.Жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену

    Қайнар көзі

    Жылдық дозасы

    Табиғи радиацияның бір бөлігі

    Мбэр Мзе

    Медициналық аспаптар (флюорография – 370м бэр, тістің рентгеографиясы – 3 бэр, өкпе рентгеографиясы 2-8 бэр)

    100-150

    1,0-1,5

    50-75

    2000км биіктігі 12км ұшақтармен ұшу жылына 5 рет

    2,5-5

    0,02-0,05

    1,0-2,5

    Телевизор көру (күніне 4 сағат)

    1

    0,01

    0,5

    АЭС

    0,1

    0,001

    0,05

    ЖЭЦ (тас көмір жағатын) 20км қашықта

    0,6-0

    0,006-0,06

    0,3-3

    Қорғану жолдары

    Ядролық қарудың ауа толқынның соққысынан, тек осы күшті есептен салынған баспана немесе панахана /убежище/ ғана сақтай алады.

    Жарықты сәулелену-бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан /жарылыс басында/ бірнеше мыңға дейін болады /жарылыстың аяғында/.

    Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

    Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

    Сәуленің мөлшері-калориямен анықталады.

    Жарық импулсі – 1 кал/см

    Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

    Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

    1-ші дәрежелі -4 кал/см; -болса,

    2-ші дәрежелі-4-7,5 кал/см;

    3-ші дәрежелі -7,5-12 кал/см/тері сыдырылады/;

    4-ші дәрежелі -12 жоғары кал/см/терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі/.

    Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғау алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

    Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары - сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

    Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

    Сәулелену дозасы депқоршаған ортада гр затты не куб.см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентген-Рентгеннасымен куб.см ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағынасымен 760мм болғанда -2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.

    Өткір радиация-әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

    Ашық траншея – 3 есе азайтады

    Жабық траншея – 7-10 есе

    Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе

    Бір қабатты тас үй – 10-15 есе

    Жер астындағы үйде – 7-15 /землянка/.

    Арнайы дайындалған жер асты үй – 400 есе

    Көп қаталлы үй подвалы – 100-400 есе

    Арнайы салынған баспана – 1000 есе

    Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды /еш зиянсыз/.

    Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ласайды – радиоактивті заттар жерге түседі.

    Оның 3 зонасы:

    1. қауіпті зонасы;

    2. күшті ластанған зонасы;

    3. аздау ластанған зонасы.

    Ластау /ластану/ мөлшеріне байланысты:

    • жарылыс түрінен /бомбаның/;

    • оның күшінен /неше мегатонна/;

    • жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

    • эпицентрден қашықтығынан;

    • жарылыс кезіндегі ауа райынан;

    • жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.).

    Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радияция деңгейі азаяды. Мысалы; 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді – 100% деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады /демалғанда, тамақпен, сумен/. Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.

    Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.

    Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

    Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайды болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.

    Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруыпайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.

    Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.

    Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шарушылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда /термос, бидон, графин, банкі/ сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

    Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цестерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауап алып жүреді.

    Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.

    Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге “ластанған” деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабуды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керке. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.

    Зардап шеккен жүрдегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары.

    Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігінде.

    Құтқару жұмыстары:

    • көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;

    • жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;

    • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ау баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;

    • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру,

    • оларды шығару;

    • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

    • халықты химиялық және радиацияланған аудандарды, су басқан аудандардан көшіру;

    • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;

    • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

    Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

    Бұл жұмыстарға мыналар жатады:

    • ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау;

    • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

    • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;

    • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

    • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

    • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

    Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайы, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар.../ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.

    Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсеті, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.

    Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек.

    Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.

    Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды қауіпті алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршаады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды.

    Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы керек.

    Табиғат дүлейіне-су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, қатты дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б. жатады.

    Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен саоынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар.

    Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жиынастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіружұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.

    Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайы анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т.б./ келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.

    Медициналық көмек көрсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі.

    Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық жгигиеналық шаралар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырған адамдарды құтқару жұмыстары тез ұйымдастырылады.

    Бұл жұмыс еш үзіліссіз адамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеу керек.

    Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды.

    Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар.

    Жоғарыда айтылғандай апат болған жерге келген жасақшылар АҚ бастығына барып өздерінің келгендерін баяндап, одан тапсырма алады. Осы тапсырманы орындау үшін өзі /жасақшылар командирі/ жағдайды түгел түсінуі керек, себебі өзі білмей тұрып ол тиімді шешім ала алмайды.

    Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмысты, оның көлемін, басқалармен ара қатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар істелетінін анықтап айтады. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштері қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдаланатындығы, осының барлығы өзіне және қарауындағы адамдарға белгілі болуы қажет.

    Ең бастысы-адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болса ол жерден көшіру /эвакуация/ болып табылады. Көшірілген адамдарды қай елді мекенге апарылатыны белгілі болуы керек.

    Жасақшылар командиріне жұмысты қашан бастауы керек, оларды ауыстыру, қайда жиналатыны т.б. мәселелерді анықтап алуы керек. Жұмысқа бұйрық берілген соң кіріседі. Бұйрықтар, қысқаша әрі түсінікті,анық жазылуы керек. Жұмыс кезінде оның барысын бақылап отыру да командирдің міндеті. Егер жағдай өзгеретін болса, онда қосымша міндеттер қойылуы, істелетін жұмыс, техниканы бекітуде өзгерістер т.б. болуы мүмкін.

    Жасақшылар командирі іс-жайды түгел біліп, бақылап отыруға міндетті.

    Мысалы: су тасыған жағдайды алайық, сол кезде не істеуіміз керек, қалай істелінеді. Су тасығанда алдымен адамдарды құтқару жұмыстары қолға алынады.

    Ол үшін барлау қызметі іске кіріседі. Бұл жұмысқа тез жүретін катерлер, тікұшақ немесе ұшақ бөлінеді. Суда қалып, зардап шеккендерге жүзгіш құралдар, құтқарушылар жіберіледі. Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушыларды құтқару құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар жасау, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмыста істегенде де қауіпсіздік шараларын сақтап адам шығыны болдырмауға тырысу керек.

    Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің /Уран-235, плутоний-239/ тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті мыңдаған тоннамен есептеледі.

    Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады:

    • ауа толқынының соққысы;

    • жарықты сәулелену;

    • өткір радиация;

    • радиоактивтік ластану;

    • электромагниттік импульс.

    Ауа толқынының соққысы – жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.

    Мысалы: 1 мегатонна күшпен жарылыста ауа толқынының жылдамдығы 9-сек- 5 км, 22 сек- 10 жетеді. Осындай қозғалыста ол кез-келген техниканы, өндіріс құралдарын қиратады. Ал адам ауа толқынынан зардап шегетіндігі өз алдына, сынған заттардың ұшқынынан да жарақаттанады. 1 шаршы см-ге күш түскенде ауа толқыны зор зардап әкеледі. Бұл ауаның қозғалу шапшаңдығы секундына 100 метрге жетеді. Егер 1 шаршы /см-ге 0,2-0,4 -200-400 гр/ салмақ түсетіндей күш болса адам жеңіл жарақат алады. /бас айналу, құлағы шулау, бас ауру/. 1 ш/см 0,5 /500 гр/ салмақтан асып кетсе, адам контузияға ұшырап, мұрыннан, құлақтан қан кетіп, сүйектері сынуы мүмкін.

    Радиациядан қорғану

    Радиоактивті заттардан қорғанудың физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері белгілі.

    Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің мәні дер кезінде қол-аяқты, денені жылы сумен жуып отыруға негізделген. Қолға арнаулы түрде дайындалған қолғаптар кию керек. Қатты радиоактивті элементтер бөлшектерінің ұсақ түйіршіктерінің ішкі ағзаларға өтіп кетпеуін мұқият қадағалап отыруы қажет.

    Ұсақ бөлшектер ішкі ағзаларға өтіп кеткен жағдайда оларды жедел түрде ағзадан шығару қыйындық туғызады. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларда қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді, сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ ұлпаларында жиналады да үздіксіз иондалған сәулелену қаупін тудырады.

    Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзасынан шығару қиын, оны тек кальциймен ығыстырып шығаруға болады.

    Тез еритін цезий – 137 бөлшектерін ағзадан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу талап етіледі. Радиоактивті элементтерді ағзадан тез шығару үшін қымыздық, сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде қолдану қажет. С, Д (сәбіз, редис) дәрумендерін ішу өте пайдалы. Арақ-шарап ішуге болмайды, олар радиацияның әсерін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір мәліметтерде Уран өндіретін шахталарда жұмыс жасайтын адамдардың азды-көпті арақ ішіп жүргендері бүгінге дейін өмір сүріп жатқаны белгілі.

    Радиациядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп атайды. Радиоактивті элементтер бөлшектерін ағзадан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттар пайдаланылады. Олар ағзаларды радиациядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді емдеу құралы ретінде пайдалануға болады. Дерттің шығу тегін анықтау үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.

    Сәуле терапиясымен қан ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады.

    Қазақстан азаматтарын радиациядан қорғау үкіметтің алдында тұрған аса күрделі мәселе. Әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда тұратын халықтың денсаулығы қатаң бақылауға алынуы қажет. Бүгінде адамзат баласы бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға қол жеткізіп, техника мен технология табыстарын дамыта түсуде. Олардың үдемелі түрде дамуы экология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Экология жердің тіршілік иелері - адамдар мен жануарлар, өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микрорганизмдер әлемінің табиғатта үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын зерттейді. Алынған мәліметтердің негізінде дабыл хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдерді қарқынды дамытып шығару жұмыстарын тиянақты жүргізеді.

    Соңғы кезде экология ғылымының саласы орасан зор ілгерілеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз айрықша кеңейе түсуде. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген табиғи көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін толық тапқан жоқ.

    Осы айтылғандарды қорыта келе, радиация (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге экологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.

    Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

    Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

    Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

    Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.

    Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары

    Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.

    Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

    Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.

    Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:

    • қауіпті зона;

    • күшті ластанған зонасы;

    • аздау ластанған зонасы.

    Ластау мөлшеріне байланысты:

    • жарылыс түрінен (бомбаның);

    • оның күшінен (неше мегатонна);

    • жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

    • эпицентрден қашықтығынан;

    • жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.

    Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.

    Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).

    Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.

    Радиациялық және химиялық барлау құралдары

    Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады.

    Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады.

    Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Радиация деген не және оның өлшем бірліктері қандай?

    2. Радиациялық ластану дегеніміз не?

    3. Радиациялық ластаушы көздерді ата

    4. Радиациялықапат деген не?

    5. Радиоактивті жауын дегеніміз не?

    6. Радиоактивті жауындар қалай пайда болады?

    7. Радиациядан қорғану тәсілдері

    8. Қазақстандағы радиациялық жағдайы қандай дәрежеде?

    9. Радиоактивті қалдықтар деген не?

    10. Сәуле ауруы неше кезеңнен тұрады және қалай дамиды?

    Негізгі әдебиеттер:

    №4 электрондық құрал. Қосымша әдебиеттер: №3, 106-119 беттер, №16, 315-358 беттер]

    Дәріс №12.Жерсілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру-практикалықшаралары.

    Дәріс мақсаты: Жерсілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру ұғымдарын түсіндіру.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Жер сілкіністері.Жер сілкіністерін жіктеу,кұшін өлшеу шкалалары.Жер сілкінісі кезіндегі ғимараттар мен обьектілердің бұзылуы.Жұмыс істеушілер және халық жер сілкінісі кезіндегі тәртібі.

    Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. 21-сурет Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған.

    Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.

    Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы

    Баллдар

    Жер сілкінісі зардабы

    0

    Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады.

    1

    Адамдарға еш білінбейді.

    2

    Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады.

    2,5-3,0

    Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады.

    3,5

    Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады

    4-4,5

    Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін.

    5

    Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады.

    6

    Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.

    6,5

    Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды.

    7,0

    Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады.

    7,5

    Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін.

    8

    Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады

    8,5

    Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады.

    9

    Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді.

    Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

    Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.

    1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.

    Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:

    • сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;

    • сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;

    • халықтың сейсмикалық білімін арттыру;

    • хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

    • жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

    Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті

    Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

    Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.

    Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.

    Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.

    Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек.

    Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.

    Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.

    Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.

    Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.

    Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.

    Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.

    Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.

    Бақылау сұрақтары:

    1.Жер сілкінісіне жанұялық дайындықтың маңызы неде?

    2.ТЖ қызметінің жер сілкінісі кезіндегі әс әрекеттері?

    3.Құтқару және іздестіру жұмыстарының ерекшеліктері?

    Негізгі әдебиеттер: №5, 77-99 беттер, №6, 76-120 беттер. Қосымша әдебиеттер: №3, 51-135 беттер, №3, 61 – 78 беттер, №14, 147- 283 беттер, №16, 61-128 беттер]

    Дәріс №13.Стихиялық апаттарда, өрттерде,өндірістік обьектілерде апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау

    Дәріс мақсаты: Стихиялық апаттарда, өрттерде,өндірістік обьектілерде апаттарда және жарылыстарда халықты қорғауұғымдарын түсіндіру.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Орман және дала өрттері.Гидрологиялық тж.Геологиялық қауіпті құбылыстар.Адамдардың инфекциялық науқастығы.Ішкі және сыртқы өрттің жалпы сипаттамасы.Адамдарды өрттен қорғаудың алдын алу және қорғау тәсілдері.Жарылғыш заттарды , газ-ауа және шаң-ауа қоспаларын жіктеу.Жер беті және әуе,жер асты жарылыстарынан соққылық толқынның таралуы.Жоғары қысымды жүйені пайдалану қауіпсіздігі.

    Табиғи өрт

    Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.

    Кесте . Отпен қамтылған ауданы бойынша орман өрттерінің топталуы.

    Орман өртінің классы

    Отпен қамтылған ауданы,Га

    Тұтанып жайлап жана бастауы

    Кіші өрт

    Үлкен емес өрт

    Орташа өрт

    Ірі өрт

    Катастрофалық өрт

    0,1-0,2

    0,2-2,0

    2,1-2,0

    21-200

    201-2000

    2000 жоғары

    Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті

    Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

    Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.

    От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.

    Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.

    Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:

    Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

    Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

    Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

    Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

    Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру

    Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.

    Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

    Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

    Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

    Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар

    Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.

    Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.

    Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.

    Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.

    Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.

    Өртті сөндіру құралдары мен жолдары

    Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.

    Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай

    Гидрогеологиялық сиппаттағы төтенше жағдайға: су тасқыны, сел, қар көшкіні жатады. Бұл төтенше жағдайға теңіздерде кездетін гидрогеологиялық құбылыстарды да жатқызуға болады. Олар цунами т.б.

    Су тасқыны

    Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады. 2002 жылы болған глобалды күннің жылынуы және нөсер жаңбыр Еуропалық елдерін су алып кетуіне әкеліп соқты. Су тасқын таулы аймақтарында да көп болып тұрады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы 5-10 м\с дейін жетіп, екпіндеп аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатып әкетеді.

    Цунами – су астында болған жер сілкінісі әсерінен пайда болған ұзындығы үлкен гравитациялық толқын. Толқынның биіктігі цунами басталған жерде 0,1-5м болса жағада -10м, ал клин тәрізді бухталарда және өзен шеттерінде -50м-ге дейін жетеді. Цунами көп жағдайларда Тынық және Атлантикалық мұхитта болып тұрады. Цунамиден сенімді қорғау жоқ. Қорғаудың сейсмикалық органдарға толқынның жақындап келе жатқанын дер кезінде хабарлау.

    Су басу

    Су басу - өзеннің, көлдің және теңіздің суының деңгейінің көтерілуіне байланысты құрғақ жердің көп бөлігін су алып кетеді. Көптеген су басудың себептері де нөсерлі жаңбырдың жаууы, қар мен мұздардың үздіксіз еруіде жатады.

    Судың көтерілуінен болатын су басу Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Оңтүстік Қазақстанда мұндай жағдай ақпан-наурыз, ал оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілде айларында болады. Су басу елді мекендерге үлкен нұқсан адам мен көптеген материялдық шығындар әкелуде.

    Биологиялық төтенше жағдай

    Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады. Эпидемия дегеніміз адамдар арасындағы инфекциялық аурудың кең таралуы және бұл аурудың сол территориядағы тіркелген санының бірнеше есе өсіп кетуі.

    Инфекциялық аурулар 4 топқа бөлінеді.

    • ішек инфекциялары;

    • тыныс алу жолдарының инфекциясы;

    • қандық (кровенные) (трансмиссиялық)

    • сыртқы қабат (покров) инфекциясы (контакты).

    Қазақстанда климаттық географиялық сипатына қарай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған. Сонымен қатар Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша полиомемит, бруцеллоз, туберкулез, мидың қабыну, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса қиын аймақтарға жатады.

    Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облыстарында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай сарышұнар және тышқандар болып табылады.

    Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан обылысында, әсіресе Өзбекстан мен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалды.

    Жұќпалы аурулар және одан саќтандыру

    Ќазаќстанның ланғайыр аймағында әртүрлі климаттың географиялыќ сипаттамалардың әр түрлігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошаќтары дамыған, коптеген елді мекендердегі гигиеналыќ жағдайлардың төмендігінен ерекше ќауіпті және басќа да жұќпалы аурулардың таралуына барлыќ алғы шарттар жасалған. Сонымен ќатар олардың пайда болуына халыќаралыќ байлааныстардың кеңеюі, ќанағаттанарлыќсыз санитарлыќ-гигиеналыќ жағдайлармен ұштасќан үлкен өзгерістер, халыќтың көшіп ќонуы, елдердің арасындағы медициналыќ ќұралдарды дер уаќытында жеткізуге кедергі келтіретін экономикалыќ байланыстардың тұраќсыздығы сияќты факторларда ыќпал етеді.

    Ќазаќстанда іш сүзегі, дизентерия және басќада ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, ќызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың ќабынуы, вирустыќ гепатит, сүзек, безгек, іш сүзегі, тыныс жолдарының вирустыќ инфекциялары және т.б. тіркелген.

    Алматы, Ќызылорда, Оңтүстік Ќазаќстан облыстары бұл аурулар кеңінен тараған аймаќ болып табылады.

    Бактериялы дизентерия мен ішек инфекциялары бойынша, Ќызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Ќазаќстан және Жамбыл облыстары ең ќолайсыз аймаќ болып табылады.

    Жыл сайын Ќазаќстанда вирустың гепатиттің 40-70 мың жағдайы тіркеледі.

    Ќазаќстан аумағында обаның белсенді табиғи ошағы орналасќан. Оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнаќ, тышќанның түрлері болып табылады.

    Туляремияның жайылымдыќ және далалыќ ошаќтары Батыс Ќазаќстан мен Алматы облысында орналасќан. Оны таратушылар тышќан тәріздес кеміргіштер. Мидың кенеден ќабынуы тіркелген. Оның табиғи ошағы Алматы, Шығыс Ќазаќстан облыстарында, сондай-аќ Алматы ќаласында кездеседі.

    Ќазаќстанда ара тұра Ќырым безгегі таралған. Ќу безгегі Ќазаќстанның барлыќ облыстарында кездеседі. Республикада сырттан келген малярия жағдайы кездеседі.

    Сібір жарасы барлыќ облыстарда жыл сайын ішінара кездесіп отырады. Етті даярлаудың ветеринарлыќ-санитарлыќ және санитарлыќ-гигиеналыќ ережесі бұзылған кезде осы жұќпалы ауру кеңінен таралуы мүмкін.

    Жұќпалы аурулардан саќтандыру шаралары үш бағыт бойынша жоспарланып жүргізілуге тиіс:

    • инфекция көзін залалсыздандыру;

    • инфекция берілетін жолды бекіту;

    • адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін арттыру.

    Инфекция көзіне ыќпал етуде жұќпалы ауруларды өз уаќытында аныќтаудың, оларды ертерек оќшауландыру және дәрігерлік емнің маңызы зор. Мұнда халыќтың санитарлыќ сауаттылығын арттыру, жұќпалы аурулардың негізгі белгілерін білудің, дәрігерге өз уаќытында барудың маңызы зор.

    Инфекцияның берілу жолын бұзу үшін жеке және ќоғамдыќ гигиена ережелерін саќтауды, азыќ-түлікпен дайын өнімді әзірлеуді, саќтау мен тасымалдауды, суды пайдаланудың санитарлыќ-гигиеналыќ және технологиялыќ ережелерін орындауды баќылау ќажет.

    Халыќтың инфекция ќоздырштарына төзімділігін арттыру үшін саќтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе гамма глобулиндерді егу жолымен де котеруге болады.

    Дезинфекция-топыраќта, суда және сыртќы ортаның басќа да объектілерінде ауру таратќыш микробтарды жою.

    Дезинфекция әдістері физикалыќ, механикалыќ және химиялыќ болып бөлінеді.

    Физикалыќ әдістер: от, ыстыќ ауа, ќайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалыќ әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялыќ әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен ќышќылын т.б. заттарды пайдалану.

    Дезинсекция-жұќпалы аурулардың ќоздырғыштарын тарататын жәндіктермен (бит, бүрге, кене) күресу. Химиялыќ әдіс гексохлоран, хлорофост, ДДТ-ны пайдалануға негізделген.

    Дератизация-кеміргіштермен (егеуќұйрыќ, тышќан, май тышќан, сарышұнаќ, суыр) күрес: Ол механикалыќ және химиялыќ әдіспен жүргізіледі.

    Адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты саќтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина мен анатоксинді егу жолымен жасалады.

    Обсервация-инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оќшауландыру, шектеу, емдеу, саќтандыру және арнайы эпидемияға ќарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар ќарастырылады: күшейтілген медициналыќ баќылау, ќолайсыз аймаќтың халќы мен байланысты шектеу немесе толыќ тоќтату, арнайы емдеу, саќтандыру және санитарлыќ-гигиеналыќ шараларды жүргізу.

    Карантин-ошаќты толыќ оќшауландыруға және ондағы жұќпалы ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылыќ және медициналыќ шаралар. Карантин кезінде ол ќамтылған аймаќќа ќарулы күзет ќойылады.

    Карантин кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналыќ баќылау, арнайы емдеу-сауыќтыру және эпидемияға ќарсы шаралар ќарастырылады.

    Әрбір адам, егер оның ауданында арнайы шара белгіленсе (карантин, обсервация) мына ережелерді орындау керектігін естерінде ұстаған жөн:

    • жалпы пайдаланылатын жерді, жићазды, киімді, аяќ киімді, тұраќты дезинфекциядан өткізуді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюды, санитарлыќ тазалыќтан өтуді;

    • дезинфекциялаушы заттарды пайдалана отырып, ғимаратты күн сайын ылғалды әдіспен жинауды;

    • тыныс органдарын жеке ќорғау ќұралдарын (маска) киюді;

    • балаларға үйден рұќсат етпеуді;

    • өздері бейтаныс адамдармен ќарым-ќатынас жасамауды;

    • жеке гигиена ережесін ќатаң саќтауды: әсіресе тамаќ ішердің алдында ќолды дезинфекциялаушы ерітіндімен және сабындап ыстыќ сумен жууды;

    • тамаќќа ќойылатын санитарлыќ-гигиеналыќ талаптарды саќтауды: суды тек тексерілген көзден ғана алуды, су мен сүтті ќайнатуды;

    • барлыќ азыќ-түлікті ќуырып, ќайнатќаннан кейін ғана пайдалануды, нанды отта немесе пеште ќыздыруды, жеміс пен көкөністі ыстыќ сумен жууды;

    • егілу мен дәрі ќабылдауды вакцинаны, сарысуды, антибитиктер мен басќа да дәрі-дәрмекті дәрігердің рұќсаты бойынша өз уаќытында ќабылдауды-ќұрбандыќтар санын ќысќартып ќана ќоймай, жұќпалы ауруларды тез жоюға көмектесетіндігін есте ұстаған жөн.

    Эпизоотия мен эпифитотия

    Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды бездек, аусыл және лептоскулез.

    Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің әкелу көлемі ұлғайып, шекаралас елдердегі эпизоотиялық ахуал нашарлығы ол республиканың ветеренарлық ахуалына кері ықпалын тигізуде.

    Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарында шешек етек ала бастады. Өсімдік аурулары арасында тозу және сентериоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда байқалып, осы аурулардың таралуына түрткі болып отыр.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Орман және дала өрттердің туындау себептерін ата?

    2. Адамдарды өрттен қорғаудың алдын алу және қорғау тәсілдері ата?

    3. Адамдардың инфекциялық науқастығы туралы не білесің?

    Қосымша әдебиеттер:

    №3, 56- 12 беттер, №11, 407-428 беттер, №7, 108-138 беттер, №15, 388- 421 беттер]

    Дәріс №14.Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

    Дәріс мақсаты: Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу ұғымдарын түсіндіру.

    Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

    Мақсаты,құрамы,тағайындалуы,жүргізуді ұйымдастыру,апаттан құтқару жұмыстарын және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі жұмылдырылған күштер,оларды жүргізу тәсілдері. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі. Құтқару және шұғыл жұмыстарды басқару негіздері.ТЖ нәтижесінде өндірістік обьектіде қалыптасқан жағдайды барлау және бақылау. Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі.ТЖ салдарын жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау.

    Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары

    Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

    Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

    Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

    • құтқару;

    • арнаулы (жедел);

    • қосалқы.

    Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

    • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

    • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

    • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

    • зардап шеккендерді апат болған жерден көшірумыналарды қамтиды;

    • өрт сөндіру ;

    • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

    • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

    • осал құрылыстарды күшейту.

    Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқаружұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.

    Қосалқы жұмыстарқұтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

    • аландарды тазалау;

    • техника орнату;

    • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

    • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.

    Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.

    Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

    • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

    • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

    • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

    • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

    • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

    • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

    • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

    • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

    Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.

    Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымензақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:

    • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;

    • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;

    • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;

    • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;

    • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;

    • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

    Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

    Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

    Қызметтердің негізгі міндеттері:

    • мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;

    • ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;

    • зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;

    • ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;

    • жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;

    • қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;

    • дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;

    • төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

    Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:

    • хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;

    • оларды көшіріп, қоныстандырады;

    • зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;

    • хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;

    • улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.

    АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:

    • барлау;

    • инженерлік қамсыздандыру;

    • химиялық қамсыздандыру;

    • медициналық қамсыздандыру;

    • көлікпен қамсыздандыру;

    • материалдық-техникалық қамсыздандыру;

    • гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

    Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

    Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі

    Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

    Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек.Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.

    Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек.

    Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді.Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

    Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі.

    Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ және су жүйелерін ажырату болып табылады.

    Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

    Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

    Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

    Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.

    Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары

    Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.

    Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

    Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.

    Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:

    • қауіпті зона;

    • күшті ластанған зонасы;

    • аздау ластанған зонасы.

    Ластау мөлшеріне байланысты:

    • жарылыс түрінен (бомбаның);

    • оның күшінен (неше мегатонна);

    • жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

    • эпицентрден қашықтығынан;

    • жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.

    Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле менрадиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.

    Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).

    Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.

    Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары

    Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

    Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

    • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

    • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

    • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

    • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

    • оларды шығару;

    • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

    • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

    • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

    • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

    Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

    Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:

    • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;

    • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

    • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;

    • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

    • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

    • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

    Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады.

    Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.

    Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.

    Алғашқы медициналық көмек:

    • зақымданушыға газқағар кигiзiп, зақымданған аймақтан әкету;

    • көз бен аңқаны сумен мұқият шаю, көздi сүртуге болмайды, өйткенi бұл жағдайда тiтiркену күшейедi;

    • 2-3 минуттың бойында түтiннен қорғайтын қоспамен (ампуладан) демалдыру, егер тiтiркену тоқтамаса тыныс алуды 5-10 минуттан соң қайталау.

    Медициналық тiрекке көздiң, тыныш жолдары мен терiнiң қатты тiтiркену құбылыстарымен зақымданғандар ғана жiберiледi.

    Психохимиялық әсер ететiн УЗ-ға BZ және лизергин қышқылы диэтиламидi (ДЛК) түрiндегi адамдарды уақытша қатардан шығаратын химиялық қосылыстар жатады.

    BZ заттармен уланған кезде зақымданушыда құштарлық көңiл күйi пайда болады (мастануды сезiну), бұдан кейiн жүрiс-тұрыс бұзыла бастайды, бұлшық еттiң әлсiреуi байқалады, бұдан әрi орталық нерв жүйесiнiң зақымдану белгiлерi анық бiлiне бастайды. Зақымданушы уақыт пен тұрған жерiн зорға болжайды. Күздiң қарашығы кеңейедi, кiлегейлi қабықтар мен терi ұлпалары құрғайды, жүрек соғысы күрт жиiлейдi. Психикалық және жүрiс-тұрыс қозуы, ретсiз сөйлеушiлiк байқалып, ара тұра тежеледi. Зақымданудың ауыр дәрежесiнде сана көмескiленедi, уақыт пен тұрған жердi ажырата алмайды, тiл көрмеледi, мазасыздық, қауiп, қорқыныш билейдi, күзге басқа заттар елестейдi және құлақ шала естидi. Мұндай сезiмдер зат әсер еткеннен кейiн 2-3 сағаттан соң пайда болады.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін ата?

    2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды басқару негіздерін ата?

    3. ТЖ нәтижесінде өндірістік обьектіде қалыптасқан жағдайды барлау және бақылау туралы не білесің?

    Негізгі әдебиеттер: №9, 22-69 беттер, №7, 89-212 беттер. Қосымша әдебиеттер: №14, 239-256 беттер, №13, 247-399 беттер, №16, 209-358 беттер]

    7-БӨЛІМ

    Семинар (тәжірибе) жоспары

    «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері»

    пәні бойынша семинарлық (тәжірибе) жұмыстардың жоспары:

    Семинарлық жұмыс №1

    Тақырыбы: Жеке қорғаныс құралдары

    Жұмыстың мақсаты:ТЖ кезінде жеке қорғаныс құралдарының түрлерімен таныстыру және дұрыс пайдалана білуге үйрету.

    Семинар сабақты өткізу формасы:пікірталас

    Семинарда қарастырылатын сұрақтар:

    1.Тыныс органдарын қорғау

    2. Теріні қорғайтын құралдар

    3. Медициналық қорғаныс құралдары

    Семинарлық жұмыс №2

    Тақырыбы: Алғашқы медициналық көмек

    Жұмыстың мақсаты:тақырыпты игеруде студенттердің танымдық әрекетін дамыту.

    Семинар сабақты өткізу формасы:пікірталас

    Семинарда қарастырылатын сұрақтар:

    1.Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек

    2.Суға кеткен адамға бірінші медициналық көмек.

    3.Тырысу болған кезде тәжірибелік кеңес

    4.Сильвестр әдісі

    5.Радиоактивті заттармен зақымданғанда көрсетілетін көмек

    Семинарлық жұмыс №3

    Тақырыбы: ТЖ жөнінде оқу-жаттығу түрлері

    Жұмыстың мақсаты:тақырыпты игеруде студенттердің танымдық әрекетін дамыту.

    Семинар сабақты өткізу формасы:Іскерлік ойын

    Семинарда қарастырылатын сұрақтар:

    1. Арнайы тактикалық оқулар

    2.Командалық-штабтықоқу

    3.Кешендіоқу

    4.Объектілікжаттығу

    5. Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар

    Семинарлық жұмыс жұмыс №4

    Тақырыбы: Өрттен қорғану шаралары

    Жұмыстың мақсаты: тақырып бойынша студенттердің білімін бекіту, ізденімпаздығын дамыту.

    Семинар сабақты өткізу формасы:Іскерлік ойын

    Семинарда қарастырылатын сұрақтар:

    1. Өрттің түрлері және туындау себептері

    2. Өрттен қорғану шаралары

    3. Өрт сөндіру құралдары

    Семинарлық жұмыс №5

    Тақырыбы: Электр тоғынан зақымданудан қорғану шаралары

    Жұмыстың мақсаты: тақырып бойынша студенттердің білімін бекіту, ізденімпаздығын дамыту.

    Семинар сабақты өткізу формасы:Іскерлік ойын

    Семинарда қарастырылатын сұрақтар:

    1. Электр тогының қауіптілігі туралы түсінік

    2. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетіналғашқы көмек

    3. Энергия нысандарының жанында жүріп-тұру ережелері

    4.Электр қауіпсіздігі бойынша ескертуші белгілер

    Семинарлық жұмыс №6

    Тақырыбы: ТЖ туралы түсінік

    Жұмыстың мақсаты: студенттің теориялық білімін толықтыру

    Семинар сабақты өткізу формасы:Іскерлік ойын

    Семинарда қарастырылатын сұрақтар:

    1.Төтенше жағдай туралы түсінік.

    2.Көшкін туралы түсінік

    3.Жер сілкінісі

    4.Құйын

    5. Опырылу

    Семинарлық жұмыс №7

    Тақырыбы: ҚР бойынша орын алған ТЖ сипаты

    Жұмыстың мақсаты: студенттің теориялық білімін толықтыру.

    Семинар сабақты өткізу формасы:Іскерлік ойын

    .

    Семинарда қарастырылатын сұрақтар:

    1.Найзағайдан қорғану шаралары

    2. Найзағайға қалай дайындалу тәсілдері

    8-БӨЛІМ

    Пәнді оқып білу туралы әдістемелік нұсқау

    өзгерту

    8.Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқау

    Пәннің мақсатыстуденттерді адамның мекендеу ортасымен(өндірістік,тұрмыстық,қалалық) қауіпсіз өзара әрекеттесу негіздерімен және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен таныстыру болып табылады.

    Пәнді оқытқандағы міндет:

    1) Студенттердi бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайдан тұрғындарды қорғау әдiстерiн үйрету.

    2) Химиялық және радиациялық барлау құрылғыларын үйрету.

    3) Жұмысшыларды негiзгi инженерлiк қорғауды, сонымен бiрге өндiрiстiк қызметтегi шаруашылық аймақтарды қорғауды үйрету.

    Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс:

    • Адамның жұмысқа қабілеттілігін және денсаулығын сақтауға кепілдік беретін,оның экстремальды жағдайларды әрекет етуге дайындайтын,тиімді кәсіптік қызметтің техника қауіпсіздігіне және адамның қорғалғандығына қойылатын талаптар мен үздіксіз бірлігі туралы түсінігі болуы тиіс;

    • ТЖ саласындағы ҚР заңдамалық актілерін: адам-мекендеу ортасы жүйесіндегі тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің теориялық негіздерін: адамның мекендеу ортасымен және қызметтің ұтымды жағдайларымен өзара әрекеттесу негіздерін; техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қаупсіздігі мен тұрақтылығын арттыру құралдарын және әдістерін; төтенше жағдайларда өндірістік обьектілер мен техникалық жүйелердің жұмыс істеу тұрактылығын зерттеу әдістерін, қауіпті және төтенше қауіпті жағдайлар мониторингінің әдістерін,тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарудың нормативтік-техникалық және қйымдастыру негіздерін білуі тиіс;

    • Жағымсыз әсерлер параметрлерін бақылау және олардың деңгейлерін бағалау,тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін арттыру бойынша шараларды жоспарлау және жүзеге асыру ептілігі болуы тиіс;

    • Құтқару жұмыстары жоспарлау және қатысы,жеке қорғаныс құралдарын қолдану және зардап шегушілерге дәрігерге дейін көмек көрсету дағдылары болуы тиіс;

    Кесте 8.1

    №

    Жұмыс түрі

    Тапсырманың мақсаты мен

    мазмұны

    1

    Дәріске қатысу

    Теоритикалық материалды

    меңгеру

    Ағындық сұрау

    Бақылау сұрақтары,

    сабаққа қатысып отыруы бойынша

    3

    2

    Тәжірибелік

    сабақ

    Алынған мәліметтер мен зерттеуді

    мазмұндау

    Жазбаша,ауызша сұрау,

    сұрақтарды талқылау

    Әрбір сабақ қорытындысы бойынша

    2

    3

    БОӨЖ

    Тақырыпты оқу барысында туындаған сұрақтар бойынша студенттерді топтық және жекелей

    консультациялау.

    Жазбаша жұмыстар

    Әрбір сабақ қорытындысы бойынша

    1

    4

    БӨЖ

    Студенттің оқу материалын өзіндік меңгеруі

    Жазбаша жұмыстар

    Әрбір сабақ

    қорытындысы бойынша

    1

    5

    Аралық

    бақылау

    Игерілген

    білімді

    тексеру және бақылау үшін

    Жазбаша,ауызша сұрау,

    сұрақтарды талқылау

    Семестрде 2 рет

    2

    Кесте 8.2

    Пәннің рейтинг жоспары

    Білім алушының үлгерімін ағымдық бақылау:

    №

    Білім алушының орындайтын жұмыстарының атауы

    Баллдар саны

    1

    Дәрістік курсқа қатысқаны, оқытылуға ұсынылған тақырыпты талқылау белсенділігі

    20

    2

    Практикалық және семинар сабақтарына дайындалу және қатысу

    40

    - қарастырылатын тақырыптың сұрақтарына ауызша жауап

    10

    - қарастырылатын тақырыптың сұрақтарына жазбаша жауап

    10

    - берілген тақырып бойынша блок-схемалар құрастыру

    5

    - қарастырылатын тақырыптар бойынша есептер шығару

    15

    3

    СОӨЖ тапсырмаларына дайындалу және тапсыру

    40

    Ағымдық бақылаудың жалпы балы

    100

    9-БӨЛІМ

    Курстық жұмыс, тәжірибелік жұмыс жасау, зертханалық жұмыс жасалуының әдістемелік нұсқау

    А.Курстық жұмыс пән бойынша

    қарастырылмаған

    Б.Тәжірибелік(семинарлық) жұмыстар

    бойынша әдістемелік нұсқау

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

    МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

    «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ»КАФЕДРАСЫ

    ҚАРАТАЕВА А.М

    «Okn 2111 тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері»

    пәні бойынша семинарлық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

    Барлық

    мамандықтардың студенттеріне арналған

    Ақтау – 2012 ж.

    ӘОТ 614.8.084

    Құрастырушы: магистр Каратаева Айзада Маскубаевна

    «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша семинарлық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- Ақтау:Ш.Есенов ат.КМТжИУ,2012,

    «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша семинарлық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқауда курс бағдарламасы,семинарлық жұмыстар, глоссарии,тест тапсырмалары,бақылау сұрақтары келтірілген.

    Рецензент:т.ғ.д,проф.Сугиров Ж.У.

    Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша баспаға ұсынылды.

    © Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

    технологиялар және инжиниринг университеті,2012ж

    Мазмұны

    1.Кіріспе...................................................................................................................................3

    2.Семинарлық жұмыстар……………………………………………………….……..…4

    3.Глоссарии.........................................................................................................................35

    4.Тест тапсырмалары........................................................................................................36

    4.1.Бақылау сұрақтары………………………………………………………………….41

    5.1-қосымша ТЖ туралы заң..........................................................................................42

    6.Қорытынды.......................................................................................................................46

    7.Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................47

    1.Кіріспе

    «Тіршілік әрекетінің негіздері пәні» студенттерге болашақ мамандардың тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын жете меңгерту басты мақсат болып саналады.

    Еңбек аумағында жеке қорғаныс құралдарын пайдаланудың маңызы мен мәні туралы және өндірістік зияндылықтан туындайтын кәсіби аурулар туралы мағлұмат беруді көздейді.Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан қорғану шараларын жетік меңгертуді жүзеге асырады.

    Пән негізінен адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға,төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға,сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешенімен таныстырады.

    Еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды,адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуді,оны іске асыру тәсілдерін,техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану,шаруашылық жүргізуші және техникалық жүйе объектілерінің дағдылы мен төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығы, төтенше жағдай салдарын болжау және бағалауды, халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғаужәне оларды жою жөніндегі шараларды жүргізуді оқытады.

    №1-ші семинарлық жұмыс

    Тақырыбы:Жеке қорғаныс құралдары

    Теориялық мағлұмат

    Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

    Тыныс органдарын қорғау құрал-жабдықтарынагазқағарлар(сүзгіш және оқшаулағыш), респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.Тыныс алу жолдарын қорғайтын қарапайым құралдарға мақта-дәке таңғыштар және шаңға қарсы мата маскалар жатады.

    1915жылы академик-химик Н.Д.Зелинский көмір негізінде сүзгіш газқағар ойлап тапты.

    Газқағарлароқшаулағыш және сүзгіш болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады.

    Оқшаулағыш газқағарлар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал сүзгішгазқағарлар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Сүзгіш газқағарлардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпы әскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Оқшаулағыш газқағарлардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респираторлар тыныс алу органын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және мақта-дәке таңғыштар тыныс алу мүшелерін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды (1-сурет).

    1-сурет. Жеке қорғаныс құралдарының топтастырылуы

    Теріні қорғайтын құралдар

    Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемделген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері оқшаулағыш (жалпы әскерлік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және сүзгіш (қорғаныс сүзгішті киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.

    Егер қарапайым киімдерге сабынды-майлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

    Медициналық қорғаныс құралдары

    Медициналық қорғаныс құралдары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар кешені.Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарды айтады. Антибактериалдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады.Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

    Дәрі-дәрмек қобдишасында жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсіретуге және залалды әсердің алдын алу үшін,көмек көрсетуге арналған арнайы антидот препараттары және радиопротекторлар болуы керек.

    Семинарлық жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқау

    Жұмыстың мақсаты:ТЖ кезінде жеке қорғаныс құралдарының түрлерімен таныстыру және дұрыс пайдалана білуге үйрету.

    Тапсырма: 1.Семинар-пікірталастың шартымен танысу;

    2.Семинар-пікірталасқа қатысып, берілген тақырыптарды ашуға

    ат салысу.

    Семинар-пікірталас студенттердің өзіндік жұмыстарының белсенді ұжымдық формасы болып табылады, яғни семинар сабақтарының бұл түрі студенттердің өзіндік жұмысын шығармашылыққа бағыттап, ұжымдық ақыл-ой әрекетін ізденіске ұмтылдырады.

    Семинар-пікірталас қатысушылардың диологтік сөйлесуі ретінде ұйымдастырылып,нәтижесінде талдаудың практикалық тәжірибесі, болашақ маманның теориялық – практикалық ойы қалыптасып, теориялық мәселелер шешіледі.

    Семинар сабақтарының ұжымдық теориялық формасы ретіндегі ерекшелігі–теориялық бағыт бойынша әр студенттің талдауға белсенді қатынасуына,сонымен қатар мәселені шешу жолдарын көрсетуге,оның дұрыстығы мен дәлелдемесін бағалауға мүмкіндіктің болуы.

    Семинар – пікірталастың келесідей маңызды жақтары бар:

    -студенттердің белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын арттырады;

    - ұжымдық ой-пікірлер қалыптасып, топ мүшелерінің пікірлері бойынша

    ортақ тұжырым жасауға жасауға үйретеді;

    - кітаппен жұмыс,баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін

    қалыптастырады;

    - студент өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

    - оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндіктерін тудырады.

    Семинар – пікірталастың өтуі келесідей кезеңдерден тұрады:

    1.Пікірталасқа оқытушы мен студенттің дайындығы:

    1.1 Оқытушының пікірталас тақырыбымен танысуы; семинарды өткізу әдістемесін жасауы;баяндамалар мен оппоненттерді таңдау;пікірталас нәтижелері бойынша кіріспе сөз бен қорытындыға дайындалу; материалдарды іріктеу; пікірталас мерзімін бекіту; студенттерге көмек;

    1.2 Студенттерге пікірталас сұрақтарын бөліп беру;

    1.3 Кеңес беру, студенттермен жеке әңгіме;

    1.4 Бақылау;

    1.5 Студенттерді пікірталас өткізу әдістемесімен таныстыру.

    2.Барлық студенттердің пікірталасқа уақытында және сапалы дайындалуы:лекция және оқулық материалдарын оқу;ұсынылған әдебиеттермен жұмыс; фактілер және т.б. жинау.

    3. Пікірталас өткізу барысында оқытушы мен студенттердің жұмысы: пікірталас жүргізушінің кіріспе сөзі (оқытушы және студент),сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып, оны өткізу тәртібі мен басқа ұйымдастыру сұрақтары талданылады.

    4. Пікірталастың қорытынды кезеңі:баяндамашы тақырып бойынша қысқаша мазмұнын айтады, пікірталас мазмұны бойынша жүргізуші қорытынды жасайды,оппоненттер баяндамашыға сыни пікір айтады және баға береді.

    Семинар–пікірталас барысында студентке жүргізуші ролі берілсе,ол оқытушыдан пікірталасты ұйымдастыру міндетін алып,студенттердің біріне баяндама дайындауға тапсырма береді,талдау барысын бақылайды, түсініктер мен терминдерді қолданылуын қадағалайды және т.б.

    Сондай-ақ студенттер арасында оппонент, логик, психолог, эксперт тағайындалады.

    Оппонент ғылыми баяндамаларға пікір айтады. Ол тек қана баяндамашының негізгі бағытын ғана айтып қоймай, оның қате тұстарын көрсетіп,оны шешудегі өз ұсынысын айтады.

    Логик баяндамашы мен оппоненттің талдауларының логикалық қателіктерін тауып,ұғымның анықтамасын келтіріп,дәлелдемелер мен гипотезаларды талдайды.

    Психолог семинар-пікірталас кезіндегі студенттердің өзара әрекеті мен қарым-қатынасын,біріккен әрекеттегі кемшілігіне жауап береді.Асығыс айтылған ойларға байланысты туындайтын дауды болдырмайды,оны әзілге айналдыру,диалогты өткізу ережелерін қадағалап отырады.

    Эксперт пікірталастың нәтижесін бақылайды, ұсынылған гипотеза мен ұсыныстардың дұрыстығын, жасалған тұжырымдардың дәлдігін тексереді. Жалпы пікірталастың өтуіне сипаттама береді.

    Пікірталасқа қатысушы басқа студенттер оның жүргізілуін қадағалап баяндамашы,оппонент,рецензентке сұрақтар қойып,пікірталастың кез-келген кезеңіне белсенді қатынасып,толықтырып,өз ойларын айтады.

    Әрине негізгі рольді оқытушы атқарады.Ол пікірталасқа студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік жасайтын дайындық жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.Оқытушы семинарда қаралатын мәселені анықтап, баяндамашыға негізгі және қосымша әдебиеттерді іріктейді,ұжымдық жұмыстағы студенттердің міндеттерін,рольдерін бөліп беріп,пікірталасқа жалпы қорытынды жасайды.

    Семинарда қарастырылатын тақырыптар:

    1. Тыныс алу жолдарын қорғау құралдарының мәні мен маңызы.

    2. Теріні қорғау құралдарының ерекшеліктері және қолданыс аясы.

    3. Медициналық қорғаныс құралдары тиімділігі.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Противогаздың жұмыс жасау механизмі қандай?

    2. Тыныс жолдарын қорғаудың мәні неде?

    3. Медициналық қобдишада не болуы керек?.

    4. Алғашқы көмектің адам өмірін сақтап қалудағы маңызы қаншалықты?

    Әдебиеттер

    1. ҚР Еңбек туралы заңы, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы», Алматы « Жеті жарға» -2004ж

    2. С. Арпабеков «Өмір- тіршілік қауіпсіздігі» Алматы-2004ж

    3. Сағындықова Н.Т. Еңбекті қорғау-мұнай газ және инженерлік техникалық мамандық студенттеріне арналған оқу құралы,Ақтау-2008ж

    4. С.В. Белов, В.А. Девисилов, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова Безопасность жизнедеятельности. Учебник для студентов.М.: Высш. школа,2000г

    5. «Охрана труда в электроустановках» Под редакцией проф.

    Б.А.Князевского Москва Энергоатомиздат 1983г

    №2-ші семинарлық жұмыс

    Алғашқы медициналық көмек.

    Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек

    Теориялық мағлұмат

    Су жер бетінің 71% аып жатыр.Қазақстанда 38мың су қоймалары бар.Оның ішінде 13мыңы қауіпті акватория болып табылады.Акватория-белгіленген шекарасы баар су учаскесі.қауіпті акваториялар-бұл халықтың жаппай шомылу аймағы ретінде қолданылатын жағажайлар,сауықтыру еңбек лагерлері,балық аулауға,мұнай алуға арналған орындар,порттар,жағалаулар.Ежелгі гректер,сүңги алу сияқты қажетті деп санаған.Суда қайғылы жағдайға ұшырамас үшін,сууда өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережесін сақтау қажет:

    --тыйым салынған жерлерде шомылуға болайды;

    --танымайтын жерде шомылуға болмайды;

    --шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды,суға көпірлерден,жағалаудағы бөгетшелерден секіруге болмайды;

    -- шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;

    --өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп келуге болмайды;

    -мас күйінде шомылуға болмайды;

    Егер сіз қайықта болсаңыз:

    *Құтқару заттарынсыз шомылуға шықпаңыз;

    * 14жасқа дейінгі балаларға шомылу заттарын қолдануға рұқсат етпеңіз;

    * Қараңғы батысымен қайықты қолданбаңыз;

    * Қайықтан суға сүңгімеңіз,суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;

    * Қайықтың ернеуіне және басқа бөлігіне отырмаңыз;

    * Кішігірім қайықта тік тұрмаңыз;

    * Лимиттің техникалық паспортында көрсетілген мөлшерінен көп жолаушылар мен жүкті

    алмаңыз;

    * Мас күйінде қайықпен жүзбеңіз;

    * Қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолданбаңыз;

    Осы ережелерді сақтамау,су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдың болуына соқтырады.

    Суға кеткен адамға бірінші медициналық көмек.

    Алдымен жылдам ойланып алыңыз.Жақын жерде құтқаратын құрал жоқ па№Сіздің жылдам жүзуіңізге батып бара жатқан адамға көмектесуіңізге ыңғайлы кез-келген құрал болуы мүмкін.Жақын жерде қайық па? Көмеккке жақын жердегі басқа біреуді шақыруға бола ма? Зардап шегушіні сізді міндетті түрде құтқарып аламыз деген сөздер арқылы көңілін сергіте аласыз.Егер сіз батып бара жатқан адамға жүзіп барсаңз,онда судың ең жоғарғы ағысын,желді,жағалаудың қашқтығыын т.б ескеріңіз.Күші кеткен адамға жақын келіп тыныштандырып,сергітіңіз.Егер осы әрекетіңіз іске асып,зардап шегушінің іс-әрекетін бақылайалатын болсаңыз,онда ол құтқарушыныңиығынан ұстау керек.Егер олай болмасаоонда онымен қатал қарым-қатынас жасаңыз.Кейбір нұсқаулықтарда өзіңіздің және зардап шегушінің өмірін аман алыпп қалу үшін,оны есінен тандыру керек деген ұсыныс беріледі.Сіздің осы әрекетіңіз:батып бара жатқан адамға жүзіп келіп,судың астымен жақын келіп,артқы жағынан басып алудың бір тәсілі арқылы (классикалық-шашынан ұстап) жағаға қарай тасымалдаңыз.Егер батып бара жатқан адам сіздің қолыңызды,мойныңызды немесе аяғыңызды ұстап алған жағдайда,өз-өзіңізді босатыңыз немесе сүңгіңіз зардап шеуші суға батпас үшін,сізді өзі-ақ жібереді.Егер ол судың астына кетсе,онда оны аман алып қалам деп судың астынан іздемеңіз.Егер зардап шегуші есінен танып қалса,онда оның беті үнемі судың бетінде болатындай етіп,қолыңызбен иегінен ұстап,жағаға қарай тасымиалдаңыз.Зардап шегушіні тез арада судан шығарып,есін жинауы үшін шара қолданыңыз:

    -ауыз,мұрын қуыстарын саусақпен құмнан нем есе балшықтан тазартыңыз;

    -тыныс алу жолдары бітеліп қалмас үшін,тілдің ұшын сыртқа тартып қолыңызбен ұстап тұрыңыз;

    -қысып тұрған киімнен босатыңыз немесе шешіп тастаңыз,зардап шегушінің басы кеуде клеткасынан төмен болатындай етіп,бүгілген тізеңізді немесе оралған буылтықққа ішімен төмен қаратып орналастырыңыз,тыныс жолдарынан сұйықтық шығып біткенше арқадағы екі жауырынның ортасынан мықтап басыңыз;

    -демалу жолдары мен асқазанды судан босатқаннан кейін жасанды дем алдыруға кірісіңіз;

    -өздігінен де алып жатқанын байқай қалсаңыз,жасанды дем алдыруды тоқтатыңыз да,мүсәтір спиртін иіскетіңіз;

    -зардап шегушіні тыныштықпен қамтамасыз етіп,оны жылытып,есін жиғаннан кейін ыстық шай беріңіз;

    -зардап шегушіні жақын арадағы медициналық мекемеге бағыттаңыз.

    Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде,алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын

    40-50о–қа етбетінен көтеріп,мүсәтір спиртін иіскетуге береді,аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

    Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн.Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

    Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:

    • ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;

    • тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;

    • жасанды тыныс алдыру;

    • қан айналымын қолдау.

    Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі:

    - Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен

    алынбалы протезді алады,ауызды сілекейден,балшықтан тазартады.

    - Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау

    үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.

    - Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару,суға батушыны

    етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және

    кеуде клеткаларын қысады,алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд

    қана жұмсалуға тиіс (2-сурет).

    Тырысу болған кезде тәжірибелік кеңес

    Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда,жұдырық жасап,қолыңызды бір жаққа қарай бірден лақтырып,жұдырығыңызды ашыңыз.Балтыр бқлшықеті тырысқанда бүгіліп,қолыңызбен аяғыңыздың табанын басын құшып,бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз немесе аяғыңызды судың астында созып және осы аяғыңыздың бармақтарын балтырыңызға тигізуге тырысыңыз.Содан соң балтырыңызды сылаңыз.Санның бұлшықеті тырысқанда,аяғыңызды сыртқы жағынан тілерсектен ұстаңыз,тізеңізді бүгіп артқа қарай созыңыз.Содан кейін саныңыздың бұлшық етін сылаңыз.

    Aлғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «aуызға-aуыз», «мұрынғa-aуыз» әдістерімен жүргізіледі.«Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды.Бір қолды мойынның астына,екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады,сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.

    Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады.Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді,содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді.

    2-Сурет. Зардап шегушінің тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару үшін келтірілетін қажетті жағдай

    Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет (3-сурет).Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе,онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.

    3-Сурет. «Ауызға –ауыз» әдісімен жасанды демалдыру

    «Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда,зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс.Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.

    «Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды.Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды,екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады.Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.

    Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды.Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді.Балалардағы тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс.

    Құрсақ төңірегінің қампайуы асқазанға ауаның барғанын көрсетеді. Алақанмен сырқаттың басы мен мойын жағына қарай іштің төңірегін аударып алақанмен сақтықпен қысады.

    Сильвестр әдісі жиі қолданылады.Зардап шегушіні шалқалай жатқызып,кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды.Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе,онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады.(4а-сурет).Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады,ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды (4б-сурет).Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады.Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп,ауаның кіруіне жол ашады.Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады,сөйтіп ауаны шығарады.

    а) б)

    4-Сурет. Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру:

    а) ауа жұту; б) ауа шығару

    Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16рет жасалады.Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса,ол зардап шегушіге тізерлей қарама- қарсы тұрады,оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.

    Шефер әдісі

    Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі.Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының байқалмауы.Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі.Оның жоқтығы–жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.

    Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі.Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (5а-сурет),оның басы қозғалмау үшін иығыныңастына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады,қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды.Бір саусақты кеудеге тікелей,екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды (5б-сурет).

    Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс.Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады,ол жағдайда кеудені 3-4смқысады.Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады.Мұндай қозғалыстар минутына

    60-тан кем болмауы тиіс.

    5-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру

    а) ауа жұту; б) ауа шығару

    Шефер әдісі (5-сурет)

    а) ауа жұту; б) ауа шығару

    6-Сурет. Жүректің сыртқы сылауы

    Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (6-сурет).Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді.Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (7б-сурет),ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (7а-сурет).

    Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды.Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.

    Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу,одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасандытыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады(7б-сурет).

    7-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.

    а) ауа жұту; б) ауа шығару

    Әртүрлі жағдаттардағы дәрігерге дейінгі көмек түрлері

    Хлор тері қабатын тітіркендіріп,күйікке алып келеді.Тері қабыршақтанып,қызарады,теріде аздаған ісік байқалады.Зардап шеккен адамның көкірек тұсы ауырады,құрғақ жөтел,ауырсыну мен көз ашу,жас ағу,зорға дем алу,құсу да болуы мүмкін және қозғалу мүмкіндігі бұзылады.

    Көмек: Мүмкіндігінше тездетіп тыныс жолдарын 2% ас содасы ерітіндісіне матырылған мақта-дәкемен жабу керек.Зардап шеккен адамды қауіпсіз аймаққа алып шығу керек.Аталған ерітіндімен дененің ашық жерлерін жуу,аузын шаю,көзін жуып,15минуттан кем емес және вазелин майын екі көзіне бірдей екі көзіне тамызу керек.Зардап шеккенге мүсәтір спиртінің буын иіскету керек.Асқазанын жумастан емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

    Радиоактивті заттармен зақымданғанда көрсетілетін көмек

    - зақымданған адамға респиратор немесе мақта-дәкелі таңғышты кигізу керек;

    - көзін жуу;

    - аузын шаю;

    - мұрын жолын жуу;

    - асқазанын шайып,белсендірілген көмір немесе іш жгірткіш ішкізу;

    - дененің барлық жерін жуу және дымқыл мақтамен сүрту;

    - киімін және аяқ киімін қатерсіздендіреді.

    Семинарлық жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқау

    Жұмыстың мақсаты:тақырыпты игеруде студенттердің танымдық әрекетін дамыту.

    Тапсырма: 1. Семинар-пікірталастың шартымен танысу;

    2. Семинар-пікірталасқа қатысып, берілген тақырыптарды ашуға

    белсене қатысу.

    Семинарлық жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқау

    Семинар-пікірталас студенттердің өзіндік жұмыстарының белсенді ұжымдық формасы болып табылады,яғни семинар сабақтарының бұл түрі студенттердің өзіндік жұмысын шығармашылыққа бағыттап, ұжымдық ақыл-ой әрекетін ізденіске ұмтылдырады.

    Семинар-пікірталас қатысушылардың диологтік сөйлесуі ретінде ұйымдастырылып, нәтижесінде талдаудың практикалық тәжірибесі, болашақ маманның теориялық – практикалық ойы қалыптасып, теориялық мәселелер шешіледі.

    Семинар–пікірталаста студентке жүргізуші ролі берілсе,ол оқытушыдан пікірталасты ұйымдастыру міндетін алып,студенттердің біріне баяндама дайындауға тапсырма береді,талдау барысын бақылайды, түсініктер мен терминдерді қолданылуын қадағалайды және т.б.

    Сондай-ақ студенттер арасында оппонент, логик, психолог, эксперт тағайындалады.

    Семинарда қарастырылатын тақырыптар:

    1.Тыныс алу және қан айналу жүйесі

    2.Жасанды тыныс алу техникасы

    3.Өкпе-жүрек реанимациясы

    Бақылау сұрақтары:

    1.Адам ағзасының сыртқы факторларға қарсы тұру қабілеті қалай аталады?

    2.Жасанды тыныс алудың маңызы қандай?

    Әдебиеттер

    1. Н. А. Чекалин., Г.Н. Полухина., Г. Г. Тугуши «Охрана труда в электротехнической промышленности» Изда-тво «Энергия», 1978 г.

    2. Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности Уч.Пособие-М: Инфра-М,2003г

    3. Приходько П.Г. Безопасность жизнедятельности Курс лекций Алматы Адилет 2000г

    №3-ші семинарлық жұмыс

    ТЖ жөнінде оқу-жаттығу түрлері

    Теориялық мағлұмат

    Арнайы тактикалық оқулар (АТО) бейбіт және соғыс уақытынан алынған мақсат бойынша міндетті орындаушы АҚ құрамаларын даярлаудың негізгі және аса тиімді түрі болып табылады.

    АТО даярлықпен өткізу кезінде АҚ құрамаларын даярлау бағдарламасын,АҚ құрамалар мен АТО ұйымдастыру мен өткізу бойынша нұсқаулықты,бейбіт және соғыс уақытында АҚ жоспарларын басшылыққа алу керек.

    АТО созымдылығы 4-8 сағат болуға тиіс.

    АТО даярлау мен өткізу кезінде мына құжаттар әзірленеді:

    • АТО даярлық пен өткізу туралы бұйрық;

    • АТО даярлығының күн тізбелік жоспары;

    • АТО өткізу жоспары;

    Командалық-штабтық оқу

    (КШО) ұйымдардаАзаматтыққорғанысбастықтарының, АҚжәнеТЖштабтарыменқызметтерінің,басшықұрамын, АзаматтыққорғанысқұрамаларыкомандирлерінтабиғижәнетехногендіксипаттағытөтеншежағдайларсалдарынажәнеАзаматтыққорғанысбойыншабіргедаярлаудыңнегізгітүрініңбіріболыптабылады.

    КШОжылсайын,егероларүстіміздегіжылыжоспарланса,КОжәнеОЖалдында,қалғанұйымдардабіртәуліктенаспайтынмерзімде,оныңішінде

    8сағатжұмысуақытындаоларүшіныңғайлыуақыттаөткізіледі.ҰйымдардаКШО-ныөткізубасшықұрамыныңоқутобындағы 15 сағаттықбағдарламааяқталғаннанкейінұсынылады.

    КШОөткізуүшін, әдеттегідей, мынақұжаттарәзірленеді:

    • ұйымдардаКШОөткізужәнедаярлықтуралыАҚбастығыныңбұйрығы;

    • ұйымдардағыКШОдаярлығыныңкүнтізбелікжоспары;

    • оқуға басшылықты ұйымдастыру схемасы;

    • басшылар орынбасарлары мен дәнекерлерінің жеке жоспары;

    • басқа қажетті құжаттар;

    Кешенді оқу (КО) Азаматтық қорғаныс бастықтарының,АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын,Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

    Оқудың созымдылығы барлық оқу сұрақтарының толық және сапалы пысықтауды қамсыздандыруға және екі тәуліктен аспауға тиіс.Жоғары тұрған АҚ бастығының шешімі бойынша оқу созымдылығы көбейтілуі мүмкін.

    КО-ға бүкіл басшы құрам,ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері, жеке құраммен,техникамен,прибормен және мүлікпен толық жарақталған құрамалардың ықтимал ең көп саны тартылады.

    Ұйымдарды КО жүргізу үшін мына құжаттар әзірленеді:

    • ұйым АҚ бастығының бұйрығы;

    • КО өткізудің күн тізбелік жоспары;

    • оқуды өткізу жоспары;

    • басшылар орынбасарларының (көмекшілерінің) дәнекерлерінің жеке жоспары;

    • оқуды қамсыздандыру үшін басқа да құжаттар (материалдық-техникалық, медициналық қамсыздандыру,барлау мен байланысты ұйымдастыру жоспары,қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық).

    Объектілік жаттығу (ОЖ) – бұл кешенді оқудың өткізудің уақыты мен орындалған шараларының көлемі бойынша қысқартылған,жеңілдетілген түрі.ОЖ созымдылығы 10сағатқа дейін.ОЖ-ға бүкіл басшы құрам,құрамалар мен ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері,сондай-ақ құрамаға кірмеген жұмысшылар мен қызметшілер тартылады.

    ОЖ өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

    • ұйымдарда ОЖ өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

    • ұйымдардағы ОЖ даярлығының күнтізбелік жоспары;

    • ОД өткізу жоспары;

    Оқудың барлық түрлеріне (КО, ОЖ, КШО, АТО) даярлықпен өткізудің нақты сұрақтары тиісті нұсқауларда көрсетілген.

    Сейсмоқауіпті аймақта орналасқан барлық ұйымда,оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде кемінде тоқсанына бір рет сейсможаттығу өткізіледі.

    Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар барлық ұйымда,оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде тоқсанына бір рет сел бойынша жаттығу өткізіледі.

    Жаттығулардың барлық түрлері ҚР ТЖ қызметінің дайындық жүргізуге арналған нұсқаулықтар бойынша өткізіледі.

    Семинарлық жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқау

    Жұмыстың мақсаты: тақырыпты игеруде студенттердің танымдық

    әрекетін дамыту.

    Тапсырма: 1. Семинар-пікірталастың шартымен танысу;

    2. Семинар-пікірталасқа қатысып, берілген тақырыптарды ашуға

    қатысу.

    Семинар-пікірталас қатысушылардың диологтік сөйлесуі ретінде ұйымдастырылып, нәтижесінде талдаудың практикалық тәжірибесі, болашақ маманның теориялық–практикалық ойы қалыптасып, теориялық мәселелер шешіледі.

    Тапсырма: 1.Іскерлік ойын шартымен танысу.

    2.Ойынға қатысып, берілген проблемалы тақырыптарды ашуға ат

    салысу.

    Іскерлік ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау:

    "Дайындық жаттығуларын жасайық"атты ойын теориялық білімді толықтыруға және оны жете түсінуге жағдай жасайды.

    Ойынды жүргізу тәртібі:

    1.Әрбір ойынға қатысушы ойын ережесімен толық танысуы керек.

    2.Ойыншы ойын ережесі бойынша бір проблеманы таңдауы керек.

    3.Ойыншы проблеманы шешу жолдарын ұсынады,студент жұмысы

    бағаланады.

    Бірінші кезеңде бұл ойынды іске асыру үшін әрбір студент бір проблеманы таңдайды,ол өзін сол топтың «ТЖ жөніндегі бас инженері» болып есептейді, сөйтіп өзінің шешімін шығарады.

    Екінші кезеңде өздерінің қызығушылығына байланысты студенттер бірігеді,ондағы негізгі проблема мынадай:

    Семинарда қарастырылатын тақырыптар:

    1.Арнайы-тактикалық оқу.

    2.Командалық-штабтық оқу.

    3.Нысандық жаттығу және кешенді оқу.

    4.ТЖ жөніндегі білімді насихаттау.

    5.ТЖ жөнінде ақпараттандыру.

    Үшінші кезеңде топтың пікірлерін топ инженерлері қорытындылап, осы негізгі проблемаларын шешу үшін апаттық жағдайда сауатты шешім қабылдаудың маңыздылығын байланысты факторларды келтіріп,жаттығудың мәні мен мазмұнын айқындайды.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Арнайы оқу-жаттығуларының маңызы қанша?

    2. Нысандық жаттығуды оқыту мерзімі қанша?

    3. ТЖ ақпараттандыру қалай жүзеге асырылады?

    Әдебиеттер:

    1.Н.А.Чекалин.,Г.Н.Полухина.,Г.Г.Тугуши «Охрана труда в электротехнической промышленности» Изда-тво «Энергия»,1978 г.

    2.Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности Уч.Пособие-М: Инфра-М,2003г

    3.Приходько П.Г. Безопасность жизнедятельности Курс лекций Алматы Адилет 2000г

    №4-ші семинарлық жұмыс

    Өрттен қорғану шаралары Теориялық мағлұмат

    Өрт-бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.Өрт қазіргі уақытта әр түрлі жолмен болады.Көбінесе тұрғын үйлерде көптеп кездеседі.Тұрғын үйлерде болатын өрттердің саны жалпы өрттің 57,7 % құрайды.Тұрғын үй – коммуналдық қызметі мен пәтерді жалға алушылардың өздерінің өртке қарсы іс шараларды орындамауынан мәселелер қиындай түсуде.Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады. Миллиардтаған теңгенің құндылықтары,тұрғын үйлер әп-сәтте түтін мен күлге айналады.1999жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн.теңгеге материалдық залал алып келді.2000 жылы республикада 15мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды.Бұдан 1087 адам зардап шекті,оның 568-і қаза болды.Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады.

    Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі.

    Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.

    Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері:жалынның жолын кедергі қою немесе ор қазу,ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру және т.б.Ормандағы өртті топырақпен көміп,оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады,маңайын күйдіреді.

    Өрттен сақтандыру – оны ескерту, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.

    Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркәсіп орындары 6 категорияға:А, Б, В, Г, Д, Е. Әсіресе А категориясына жататын мұнай өңдейтін және химиялық кәсіпорындар, мұнай өнімдерінің қоймасы және т.б. жатады.Көмір шаңның,ағаш ұнтағын,сондай-ақ В категориясына жататын өзгеде нысандар мен ағаш кесуі, ағаш өңдеу, ұста, ағаш ыдыс өндірісі және В категориясына жататын өзге нысандарды қауіпті.

    Бүкіл құрылыс материалдары 3 топқа бөлінеді:

    Жанбайтын-бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданбайтын,үгілмейтін және иістенбейтін материалдар.

    Қиын жанатын-бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын, немесе үгілетін және от көзі болған жағдайда жануын жалғастыратын,от жоқ жағдайда жануын немесе иістенуін тоқтатын материалдар.

    Жанатын-бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін,от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін материалдар.

    Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер–орман,орманды дала және дала өрттері (егіс) өрттері болып табылады.

    Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді.Тіпті кіші-гірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді.Құтқару жұмысына қатысатын адам,алғашқы медициналық көмекті білуге тиіс.

    Есіңізде болсын, от тілсіз жау.

    Ең басты өрттің пайда болуын ескерту.

    Өрт сөндіру құралдары былайша бөлінеді:

    • қолда барлар (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.);

    • табельдік (өртсөндіргіш, балта, шелек).

    Өртсөндіргіштер – өрттің пайда болуы сатысында оны сөндіруге арналған техникалық құрылғы.Өртсөндіргіштер өрт сөндіру құралдың түріне, корпусының көлеміне, өртсөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.

    Өртсөндіргіш құралдары түрі бойынша:сұйық,көбіне көмірқышқылды, аэрозольды (хладонды), ұнтақты құрамы.

    Корпус көлемі бойынша:

    • корпустың көлемі 5 литрге дейінгі қолмен босататын азлитражды;

    • корпустың көлемі 5-10 литрге дейін қолмен босататын өнеркәсіптік;

    • корпустың көлемі 10 литрден астам стационарлық және жылжымалы.

    Өрттен сақтандыруға былайша қол жеткізіледі:

    • өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, енгізу және бақылау;

    • жасалған обьектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен

    жобалауды енгізу;

    • өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау;

    • өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын, ұйымдарды,

    тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен

    тұрақты өткізу;

    • халық арасында техникалық-өрт туралы білімін насихаттау.

    Жұмыстың мақсаты:тақырып бойынша студенттердің білімін бекіту, ізденімпаздығын дамыту.

    Тапсырма: 1.Іскерлік ойын шартымен танысу.

    2.Ойынға қатысып, берілген проблемалы тақырыптарды ашуға ат

    салысу.

    Іскерлік ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау

    Семинарлық сабақ кезінде іскерлік ойын әдісін қолданудың маңызы зор.Мұндай ойындар пән бойынша игерген білімдерін бекітіп қана қоймай, оның маңыздылығы мен қазіргі жағдайына баға беруге үйренеді.

    Ойынды жүргізу тәртібі:

    1.Әрбір ойынға қатысушы ойын ережесі бойынша өз ролін таңдап алады.

    2. Әр ізденуші кезекпен баяндама жасайды, студент жұмысы бағаланады.

    Оқытушы сабаққа дейін 1-2 апта бұрын оның ойын түрінде өтілетінін хабарлайды.3-4студент «диссертант зерттеушілер» болып белгіленіп, оқытушымен бірлесе отырып,тақырыпты таңдайды,әдебиеттерді іріктеп, қорғауға дайындалады.Ғылыми мәліметтер мазмұны негізінен әдебиеттерден алынады,бірақ «диссертацияны» дайындау барысында «ізденуші» тақырыпқа өзінің үлесін қосуы,мүмкіндігінше зерттеуге байланысты теориялық мәселелерді аша білуі қажет.

    Сабақ басталарда оқытушы ойын ережесімен таныстырады.Әр ізденушіге дайындығы жоғары студенттерді «оппонент» ретінде белгілейді. Оқытушының өзі «ғылыми хатшы» ролін атқарады.Қалған барлық қатысушылар «ғылыми кеңес мүшелері» болып есептелінеді,ашық дауыс беру арқылы кеңес төрағасы сайланады.Келесі 5минут ішінде «ізденуші» өзінің оппоненттерімен пікірлеседі,ал «хатшы» және «кеңес төрағасы» мен «ғылыми кеңес мүшелеріне»олардың міндеттері мен құқықтарын,қорғауға берілетін уақыт туралы түсіндіріледі.

    «Ғылыми кеңес төрағасы» отырысты ашады.«Ізденуші» өзінің зерттеу тақырыбына сәйкес хабарлама жасайды (10 минут).Сұрақтарға жауап береді. Содан соң оппоненттер және сөйлегісі келгендерге сөз беріледі.Талқылаудан соң,жабық түрдегі дауыс беру өткізіледі.Барлық «кеңес мүшелері» бағалау парағын алып,қорғалған жұмысты 1балдан 10балға дейін бағалайды.Есептеу комиссиясы орташа балды тапқан соң,нәтижесін хабарлайды.

    Орташа 6 баллдан кем болмаса,қорғау жүзеге асты деп белгіленеді.

    Ойынның соңғы кезеңінде «ғылыми кеңес» пікірталасты ұйымдастырылып, «ізденушілердің баяндамаларын талқылайды.

    Сабақта 3студент өз тақырыбы бойынша «ізденуші» болып баяндама жасайды.

    Ізденушілер тақырыптары:

    1.Еңбекті қорғау талаптары және оларды оқыту

    2.Білімін тексеру шаралары.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Өрттен қорғануға оқыту қалай жүреді?

    2. Адамның қоғамдағы орны қандай?

    3. Адамның өрттен қорғау талаптарын орындамауы туралы көзқарастар.

    Әдебиеттер:

    1.П.П.Кукин, В.Л.Лапин и др. М-2002г «Безопасность технологических процессов и производств» /Охрана труда/

    2.Гринин А.С. Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности Уч.пособие-М-2002г

    3.Т.А.Хван,П.А.Хван «Безопасность жизнедеятельности.Практикум Ростов-на Дону-2006г

    №5-ші семинарлық жұмыс

    Электр тоғынан зақымданудан қорғану шаралары. Теориялық мағлұмат

    Электр тогының қауіптілігі туралы түсінік

    • Кез-келген кернеуде тұрған электр құрылғысы адам өмірі үшін

    қауіп тудырады.

    • Электр қондырғылары–бұл энергетиктер пайдаланатын жабдықтар, сонымен бірге біздің күнделікті тұрмысымыздағы барлық тұрмыстық приборлар.Адам денесінен өтетін ток қаншалықты көп болса,ол соншалықты оның өміріне қауіпті!

    Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін алғашқы көмек

    • Адамды электр тогы соққанда тоқ көзін бірден өшіруге,босатуға болмайды.Егер кернеулігі 1000В болса құрғақ таяқ,шүберек,киім т.б. қолданылады.Мұндай жағдайда аяғынан сүйреп,тоқ соққан жерден жарақаттанушыны міндетті түрде алып кетеді.Бұл кезде көмектесуші адамның қолы құрғақ болу керек.Қолды изоляциялау үшін диэлектрлік не бризент қолғап немесе қолды жай шүберекпен орап алу қажет.Өзінді жерден изоляциялау үшін резеңке галош сияқты аяқкиімдер көмек болады.Олар жоқ болса,тақтай немесе тоқ өткізбейтін төсеніштер салынады.Алғашқы көмек көрсету тәсілдері жарақаттанушы күйіне байланысты.

    Энергия нысандарының жанында жүріп-тұру ережелері

    Энергия нысандары–бұл электр таратушы ауа және кабель желілері, қосалқы станциялар,трансформаторлы қосалқы станциялар, таратушы пунктер.

    Электр қауіпсіздігі бойынша ескертуші белгілер

    • Электр қондырғыларына кездейсоқ кіріп кетуді болдырмас үшін, және осы арқылы адамдарды электр тоғына түсіп қалуды ескертетін арнайы ескертугі белгілер мен плакаттар бар.Олар кез-келген электр кернеуіндегі ауа желілерінің бағандарына,электр жабдығы тұрған түрлі электр щиттерінің есіктеріне,электр қондырғысын қоршап тұрған қоршаулар мен дуалдарға ілінеді немесе жазылады.

    Келеңсіз жағдай болмас үшін, төмендегілерді есте сақтау керек!

    1. электр тарататын,радио тарататушы және байланыс желілерінің салбыраған, үзілген сымдарына жақындауға болмайды;

    2. жерде жатқан сымға 8метр қашықтыққа дейін келу қауіпті;

    3. электр таратушы ауа желілерінің сымдарына жақын келгенде сіздің

    жолыңызда салбыраған және үзілген сымдардың жоқ екендігіне көз

    жеткізіңіз.

    Іскерлік ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау

    Жұмыстың мақсаты:тақырып бойынша студенттердің білімін бекіту, ізденімпаздығын дамыту.

    Тапсырма:1.Іскерлік ойын шартымен танысу.

    2.Ойынға қатысып, берілген проблемалы тақырыптарды ашуға

    ат салысу.

    Семинарлық сабақ кезінде іскерлік ойын әдісін қолданудың маңызы зор. Мұндай ойындар пән бойынша игерген білімдерін бекітіп қана қоймай, оның маңыздылығы мен қазіргі жағдайына баға беруге үйренеді.

    Ойынды жүргізу тәртібі:

    1. Әрбір ойынға қатысушы ойын ережесі бойынша өз ролін таңдап алады.

    2.Әр ізденуші кезекпен баяндама жасайды,студент жұмысы бағаланады.

    Оқытушы сабаққа дейін 1-2 апта бұрын оның ойын түрінде өтілетінін хабарлайды.3-4студент «диссертант зерттеушілер» болып белгіленіп, оқытушымен бірлесе отырып,тақырыпты таңдайды,әдебиеттерді іріктеп, қорғауға дайындалады.Ғылыми мәліметтер мазмұны негізінен әдебиеттерден алынады, бірақ «диссертацияны» дайындау барысында «ізденуші»тақырыпқа өзінің үлесін қосуы,мүмкіндігінше зерттеуге байланысты теориялық мәселелерді аша білуі қажет.

    Сабақ басталарда оқытушы ойын ережесімен таныстырады.Әр ізденушіге дайындығы жоғары студенттерді «оппонент» ретінде белгілейді. Оқытушының өзі «ғылыми хатшы» ролін атқарады.Қалған барлық қатысушылар «ғылыми кеңес мүшелері» болып есептелінеді,ашық дауыс беру арқылы кеңес төрағасы сайланады.Келесі 5минут ішінде «ізденуші» өзінің оппоненттерімен пікірлеседі,ал «хатшы» және «кеңес төрағасы» мен «ғылыми кеңес мүшелеріне» олардың міндеттері мен құқықтарын, қорғауға берілетін уақыт туралы түсіндіріледі.«Ғылыми кеңес төрағасы» отырысты ашады.«Ізденуші» өзінің зерттеу тақырыбына сәйкес хабарлама жасайды (10 минут).Сұрақтарға жауап береді.Содан соң оппоненттер және сөйлегісі келгендерге сөз беріледі.Талқылаудан соң,жабық түрдегі дауыс беру өткізіледі.Барлық «кеңес мүшелері» бағалау парағын алып,қорғалған жұмысты 1балдан 10баллға дейін бағалайды.Есептеу комиссиясы орташа балды тапқан соң,нәтижесін хабарлайды.Орташа 6баллдан кем болмаса, қорғау жүзеге асты деп белгіленеді.Ойынның соңғы кезеңінде «ғылыми кеңес» пікірталасты ұйымдастырылып,«ізденушілердің баяндамаларын талқылайды.Сабақта 3студент өз тақырыбы бойынша «ізденуші» болып баяндама жасайды.

    Ізденушілер тақырыптары:

    1.Электр қауіпсіздігі талаптары мен ережелері.

    2. Электр тоғынан жарақаттану факторлары

    3.Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету жолдары

    Бақылау сұрақтары:

    1.Электр қауіпсіздік туралы түсіндіріңіз?

    2.Электр қауіпсіздігінің талаптары қандай?

    3.Электр тоғының адамға әсері қандай?

    Әдебиеттер:

    1.Атаманюк В.Г.,Ширшев Л.Г. Акимов Н.И. Граждаснкая оборона- М: 1986г

    2.Денисов В.В.,,Денисова И.А. и др. Безопасность жизнедеятельности.

    Ростов на Дону-2000

    №6-шы семинарлық жұмыс

    Төтенше жағдай туралы түсінік.

    Теориялық мағлұмат

    Төтенше жағдай-адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін,олардың денсаулығына,қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін,халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,тіршілік жағдайын бұзған немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындайтын жағдай.

    КӨШКІН ҚАУПІНІҢ БЕЛГІСІ:

    Қыста қалың қар жауы,қардың бетінде үйінділер 20-30 см көбеюі;

    Суықтан ұзақ және терең тоңазуы әлде қыс мерзімінде жылынуы;

    Қардың үстіне жаңбырдың жаууы;

    Жазғы тұрымғы жылынуы;

    Таудың бөктерінде қатты желдің әсерінен қар бөгеттерінің пайда болуы;

    Тау бөктеріндегі қардың қалыңдығы 30-60см ден жоғары болса;

    Қардың отыруынан тау бөктерінде жарықтардың пайда болуынан.

    Көшкін жүретін қауіпті аймақта сақ болудың ережелері

    Барлық ақпараттық құралдардын тау өлкесінің жағдайы бойынша берілетін ақпараттардан хабардар болуға тырысыңыз.Көшкін жүру мерзімінде тауға баруды кейінге қалтырыңыз.

    Көктем кезінде түстен кейін өте сақ болыңыз,қар суланған кезде тау бөктерлерінен тез сырғанайды.Табиғатқа шығу кезенді жоспарлаңыз және ұйымдастырыңыз:орын және уақытпен демаластың ұзақтығын,жүретін бағытын көптеген (үйдегі, жұмыстағы) адамдар білу керек.Көшкін жүретін жерде айғайламаңыз және шуламаңыз.

    Көшкін жүретін жерде рюкзагыңызды бір жақ бауынан ұстап бір-бірлеп өтіңіз.Қар жамылған тау бөктерінде дем алуға тоқтаманыз және шатырлы лагерді орналастырмаңыз.Көшкін жүреді деген жерлерде автокөлік жолдарында келе жатып дем алуға көлектерінізді тоқтатпаңыз.Қар сырғып келе жаткан кезде жолынан кетуіне,жартастың артына тығылуына тырмысыңыз.

    ЖЕР СІЛКІНІСІ–жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтыққа берілетін жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі.3ай сайын отбасыңызбен жер сілкінісі болғанкезде үйдің,пәтердің барлық бөлмелеріндеқауіпсіз орындарға тығылуға жаттығу жасаудың маңызы зор.Кез-келген сәтте қорғаныш шараларын дұрыс әрі сауатты жасауға дағдылану керек.Көршілеріңізбен жер сілкінісі болған сәттегі қимылдар кешенін бірлесіп ойластырып қою қажет.Үйде ересек адам болмаған жағдайда балалардың іс-әрекеттерін айтып қою қажет.

    Жер қыртысындағы сейсмикалық толқындар тарайтын нүктені жер сілкінісінің ішкі кіндігі деп атайды.Жер сілкіну ішкі кіндігінің ең қысқа қашықтықтағы жер бетінің орнын жер сілкіну кіндігі деп атайды.

    Жер сілкінудің қарқындылығын 12баллдық сейсмикалық шкала бойынша бағалайды,ал жер сілкінудің энергетикалық санаты үшін магнитуданы пайдаланады.Жер сілкіну шартты түрде әлсіз (1-4 балл),күшті (5-6 балл) және қирататын (8 және одан да көп) деп бөлінеді.

    Жер сілкінісі кезінде шынылар сынады және ұшады,сөреде жатқан заттар құлайды,кітап сөрелері мен аспа шамдар шайқалады,төбенің балшығы құлайды,қабырғалар мен төбелерде сызаттар пайда болады.Бұның барлығы қатты шуылмен бірге болады.10-20секунд сілкілегеннен кейін жер асты дүмпулері күшейе түседі,нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстар қирай бастайды.Барлығы он шақты күшті дүмпулер бүкіл ғимаратты қиратады.Жер сілкінісі орта есеппен 5-20секундқа созылады.Сілкініс ұзаққа созылған сайын зардаптар ауырлау болады.Сахалин облысының Нефтегорск қаласындағы жер сілкіну кезінде (1995ж) қираған қала үйінділерінің астында 2000адам мерт болды.

    Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек

    Үйде,жұмыста,кинода,театрда,көлікте және көшеде болған кездегі жер сілкінуге алдын-ала іс-қимылдар жоспарлап алыңыз.Отбасы мүшелеріне жер сілкіну кезінде не істеу керектігін түсіндіріп және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.

    Құжаттарды,ақша,қалта шамын және қосымша батареяларды ыңғайлы жерде ұстаңыз.Бірнеше күнге жететін үйде ауыз су және консервілер қорын ұстаңыз.Кереуеттерді терезелер мен сыртқы қабырғалардан алып тастаңыз. Пәтердегі шкафтарды,сөрелерді және стеллаждарды бекітіп қойыңыз, жоғарғы сөрелер мен антресольдардан ауыр заттарды алып тастаңыз.

    Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, жеңіл тұтанатын сұйықтарды) жақсы оқшауланған сенімді жерде сақтаңыз.Қажет болған жағдайда электр желісін,газ бен суды өшіру үшін барлық тұрғындар газ және су құбырларының магистралді крандарының қай жерде орналасқандығын білуі тиіс.

    Жер сілкіну кезінде қалай әрекет жасау керек

    Ғимараттың тербелгенін сезген соң,шамдардың шайқалғанын, заттардың құлағанын көрген соң,үдеп келе жатқан шуды сынған шынының сыңғырын естіген соң байбалам салмаңыз (бірінші дүмпулерді сезгеннен бастап ғимарат үшін қауіпті тербелістерге дейін сізде 15-20 секунд уақытыңыз бар).Жылдам құжаттарды,ақша және қажетті заттарды алып ғимараттан шығыңыз.Жайлардан шыққан кезде лифтіні пайдаланбай басқышпен түсіңіз.Көшеге шыққаннан кейін ғимараттардан алшақтау,ашық кеңістікке барыңыз.Сабырлық сақтап,өзгелерді де тыныштандыруға тырысыңыз!

    Егер Сіз еріксіз бөлмеде қалып қойсаңыз,қауіпсіз жерге тұрыңыз:ішкі қабырғада,бұрышта,ішкі қабырға ойығында.Мүмкіндік болса үстелдің астына тығылыңыз – ол сізді құлаған заттар мен сынықтардан қорғайды.Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыз.Егер де сіздермен балалар болса оларды өзіңізбен қалқалаңыз!

    Дауыл-ең көп тараған табиғат апаттарының бірі.Әсіресе бұл жел, мұзда,теңізде,тауда өте қауіпті.Кез келген қатты жел қыста дауылмен,жазда шаңды,құмды дауылымен байқалады.

    Егер ашық жерде жел қатты тұрса,тез арада тығылу қажет.Жазық немесе құрлық далада-жерге жатып,тастан,қалың қамыстардан ұстап алу қажет. Киімнің алдың жауып,тыныс алу жолдарын шаң мен құмнан сақтану үшін, орап алу қажет.Өзімен бірге фляга су алып алу қажет.Тауда-болған жағдайда, шың басынан,асудан аулақ кеткен абзал.

    Қауіпсіз орындарда тығылу-ну орманда, үлкен қорғандардың артына жасырыну қажет.Сонымен қатар тасты және қауіпті аймақтардан алыс жүру қажет.

    Құйын-өте қауіпті.Құйын жылдмдығы 100м/с дейін жетеді,ең тез жылдамдығы 30-40 км/сағ.Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар,майда тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қаупті тудырады.

    Құйынның дауылдан айырмашылығы,ол кіші болып келеді,сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар.Тек қана құйынның бағытын және жылдамдығын анықтап,қарсы бағытта жүру қажет.Құйынға кезіккен жағдайда кез келген жерге қадалған заттан ұстап, бетті, әсіресе, көзді қолмен не болмаса матамен жабу қажет.Егер құйын, боран, дауылболады дегенді болжамшылардан естісеңіз,үйдің ауласындағы барлық заттарды жерге қағып, қатайтып қою қажет.Әсіресе бұл салмағы аз үй соғуға қажетті заттарға: тақтайша,фанерлерді,шифрларды ұшырып алып кетпейтіндей етіп байлау қажет.Бұл заттарды бір-біріне байлап,жерге нықтап қою қажет.Оларды сарайларға тығып,ұшып кетпейтіндей орында орналастыру қажет.Жел тұратын бетке қарап тұрған терезені фанерлермен немесе тақтайшалармен жапқан абзал.Алдын ала электр құралдарын сөндіріңіз,керосин шамын алыңыз.Сонымен қатар құрғақ тамақ ішпес үшін,артық баллонмен газ плитасын алыңыз.Сондай-ақ үйіңізге артығымен тамақ, су,ал қыс кезінде көбірек отын жинап қойыңыз.

    Дауыл,құйын құйын жақындап келе жатқаннан,үйіңіздің жағдайы нашар,дауылға төзбейді деген жағдайда,погребті паналаңыз (төсенгеш, жылы киім,су,тамақ,шырақ,міндеттті түрде күрек пен балта алыңыз).

    Опырылу-ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.

    Опырылу (опырылып құлау)-тау жыныстарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі.Оның анықтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жер асты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі,Есік,Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және т.б. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.

    Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:

    • Жаңбырдың көп жаууына байланысты,қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты,грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.

    • Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.

    • Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары,желге мүжілген тау жыныстары.

    Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:

    • Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау;

    • Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз;

    • Опырылған тік жардың қасына жоламау;

    • Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез,әрі айқай- шусыз өту;

    • Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.

    Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:

    • Үй құрылысын,сарай салғанда биік жерден,яғни тау жағынан бастау керек.

    • Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу

    • Үйдің айналасын таспен толтыру,суда жақсы көретін ағаштар,бұта, өсімдіктер отырғызу

    Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына әкеліп соқтырады.

    Әр адамның негізгі парызы-сел жүргенде,көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз.

    Қазгидромет орталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындарының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады.Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тыйым салынады.

    6.1-сурет Төтенше жағдайды топтау

    Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

    Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар

    Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар

    Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар

    Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)

    Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар

    Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар

    Сурет-6.2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау

    Сипаттамасы бойынша арнаулы 3 топқа жіктеледі:

    • құтқару

    • арнаулы (жедел)

    • қосалқы

    Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін,ТЖ сипатын және зақым-зардаптың адамға,қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады.

    Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша,ТЖ-ды оқшаулау,сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.Адамдарды құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды,олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді.

    ТЖ зардаптарын жою мынаны қамтиды:

    • халық пен ұйымдарды ТЖ қауіпі туралы құлақтандыру;

    • барлау жүргізуді,қирау дәрежесін,зақымдану аймағын,су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін,аудандары мен таралу бағытын және өзге де мәліметтерді анықтау;

    • тікелей қауіп төніп түрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

    • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылган күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

    • ТЖ аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

    • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру,сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

    • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

    • ТЖ аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттық қызметті ұйымдастыру.

    Іскерлік ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау

    Жұмыстың мақсаты:студенттің теориялық білімін толықтыру.

    Тапсырма:1.Іскерлік ойын шартымен танысу.

    2.Ойынға қатысып, берілген проблемалы тақырыптарды

    ашуға ат салысу.

    Ойын «конференция» түрінде өтеді.Тақырып бойынша баяндамашылар өз ойларын ортаға салады,жеке сұрақтар бойынша оппоненттер белгіленіп, қалған студенттер баяндамашыны,оппонент тұжырымдамасына толықтырып отырады.Жүргізуші немесе конференцияны басқарушы жоспар бойынша сұрақтарды талқылау барысында студенттердің сұрақтарды шешуін,соның төңірегінде пікірталас тудыра бағыт беріп отырады,бірақ өзі пікірталасқа қатыспайды.Конференция соңында тұжырым жасап қорытындылайды.

    Тақырып бойынша баяндамашы еліміздегі төтенше жағдайсаласындағы сұрақтарды шешу және болашақта олардың орын алуын болғызбау үшін өз жобасын ұсынады.Жоба сызба, кесте түрінде көрсетілуі тиіс.Онда істелінуі керек шаралар сатыларға бөлінуі тиіс.

    Ойынды жүргізу тәртібі:

    1.Ойын ережесі бойынша студенттер баяндама жасайды.

    2.Ойын қорытындысы бойынша сабаққа белсенділігіне байланысты, студент жұмысы бағаланады.

    Ойында қаралатын тақырыптар:

    1.Дүниежүзі бойынша ТЖ туындау себептері;

    2.ТЖ салдарынан орын алған бақытсыз оқиғалар.

    3.ТЖ заңдары және талаптары.

    Бақылау сұрақтары:

    1.Төтенше жағдай деген не?

    2.Төтенше жағдайдың туындаусебептері?

    3.Төтенше жағдайдың салдарын жою тәсілдері.

    Әдебиеттер:

    1.С.Арпабеков «Өмір- тіршілік қауіпсіздігі» Алматы-2004ж

    2.Сағындыкова Н.Т.Еңбекті қорғау-мұнай газ және инженерлік техникалық мамандық студенттеріне арналған оқу құралы,Ақтау-2008ж

    №7-ші семинарлық жұмыс

    Найзағайдан қорғану шаралары Теориялық мағлұмат

    Найзағай - бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ.

    Қаупі.Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең,ал оның температурасы 300000градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары).Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100мың км. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін.Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді.Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000адам қайтыс болады.Найзағай көбінесе қайда түседі?Найзағай бірінші биік затқа(талға т.б.) түседі.

    Найзағайға қалай дайындалу тәсілдері

    Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін,оған қарсы жерасты орасты орнатқыштарын орнату қажет.Табиғатқа шығу алдында ауа байы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса,басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз,онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз.Жарық жылдамдығының тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады.Мысалы:егер жарқылдан кейін найзағайға 5сек өтсе,онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.

    Егер дыбыс кешігуі жиіленсе,онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса,онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

    Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса,найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз:терезені,есікті,құбырларды жабыңыз.Пеш жақпаңыз,себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады.Телефонмен сөйлеспеңіздер:кейде найзағай бағаналардың арасында тартылған сымдарға түседі.Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне,антеннаға,терезе жанындағы орнықтарғыштарға,үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз,сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.

    Егер сіз орманда болсаңыз,қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына,әсіресе қайыңның,еменнің қастарына тығылмаңыз.

    Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз.Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.Жазық далада,егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз,қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбен ұстап отырыңыз.

    Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса,дереу тоқтатыңыз.Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. )шетке қойыңыз және 20-30м алыс тұрыңыз.Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса,машинадан түспей,терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.

    Іскерлік ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау

    Жұмыстың мақсаты: студенттің теориялық білімін толықтыру.

    Тапсырма: 1.Іскерлік ойын шартымен танысу.

    2.Ойынға қатысып, берілген проблемалы тақырыптарды ашуға ат

    салысу.

    Ойын «конференция» түрінде өтеді.Тақырып бойынша баяндамашылар өз ойларын ортаға салады,жеке сұрақтар бойынша оппоненттер белгіленіп, қалған студенттер баяндамашыны, оппонент тұжырымдамасына толықтырып отырады.Жүргізуші немесе конференцияны басқарушы жоспар бойынша сұрақтарды талқылау барысында студенттердің сұрақтарды шешуін,соның төңірегінде пікірталас тудыра бағыт беріп отырады,бірақ өзі пікірталасқа қатыспайды.Конференция соңында тұжырым жасап қорытындылайды.

    Тақырып бойынша баяндамашы еліміздегі ТЖ саласында қауіпсіздік жағдайын жасауды шешу және болашақта олардың орын алуын болғызбау үшін өз жобасын ұсынады.Жоба сызба,кесте түрінде көрсетілуі тиіс.Онда істелінуі керек шаралар сатыларға бөлінуі тиіс.

    Ойынды жүргізу тәртібі:

    1.Ойын ережесі бойынша студенттер баяндама жасайды.

    2.Ойын қорытындысы бойынша сабаққа белсенділігіне байланысты,

    студент жұмысы бағаланады.

    Ойында қаралатын тақырыптар:

    1.Найзағай бойынша болған ТЖ салдары

    2.Найзағайдан сақтанудың тиімді жолдары

    Бақылау сұрақтары:

    1.Найзағай қаупі деген не?

    2.Найзағайдың туындау себептері?

    3.Найзағайдың салдарын жою тәсілдері.

    Әдебиеттер:

    1.С. Арпабеков «Өмір- тіршілік қауіпсіздігі» Алматы-2004ж

    2.Сагиндикова Н.Т. Еңбекті қорғау - мұнай газ және инженерлік техникалық мамандық студенттеріне арналған оқу құралы, Ақтау-2008ж

    3.С.В. Белов, В.А. Девисилов, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова Безопасность жизнедеятельности. Учебник для студентов.М.: Высш. школа, 2000г

    3.Глоссарии

    Авария-технологиялық процестің бұзылуы,механизмдердің,жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы немесе бұзуы мүмкін авария,зілзала,апат аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

    Дүлей зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала.

    Зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

    Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы-өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру,оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат.

    Төтенше жағдай-адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін,олардың денсаулығына,қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін,халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,тіршілік жағдайын бұзған немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындайтын жағдай.

    Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін,су тасқыны және басқалар)табиғи өрт,індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар.

    Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы,радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария,үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы,бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі,тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

    Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаhандық болып бөлінеді.

    Төтенше жағдайларды жою-төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға,залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару,авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

    Төтенше жағдайлардың алдын алу-алдын-ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға,адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға,залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.

    4.Тест тапсырмалары

    1.Адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға,табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға,осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешенін қалай аталады?

    A) тіршілік қауіпсіздігі

    B) азаматтық қорғаныс

    C) шаруашылық объектілері

    D) ұйым

    E) апат

    2.Басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының,төтенше жағдай факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынының

    A) тіршілік қауіпсіздігі

    B) азаматтық қорғаныс

    C) шаруашылық объектілері

    D) ұйым

    E) апат

    3.Өнеркәсіптік ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс- әрекет ететін адамдар ұжымы...

    A) тіршілік қауіпсіздігі;

    B) азаматтық қорғаныс;

    C) шаруашылық объектілері;

    D) ұйым;

    E) апат;

    4.Бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобын...

    A) тіршілік қауіпсіздігі

    B) азаматтық қорғаныс

    C) шаруашылық объектілері

    D) ұйым

    E) апат

    5.Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы қай жылы қабылданды?

    A) 1990жылы 20 мамырда

    B) 1993 жылы 15 мамырда

    C) 1994 жылы 17 мамырда

    D) 1995 жылы 7 қаңтарлда

    E) 1997 жылы 7 мамырда

    6.Азаматтық Қорғаныс құрамалары не себептен құрылған?

    A)соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық

    құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған;

    B)азаматтық қорғаныс жасақтары әскерлері халықтың тіршілігін

    қамсыздандыру құтқару құрамаларын күшейтуді ұйымдастыру

    C)инженрлік барлауды ұйымдастыру

    D)жер сілкінісі болған кезде авариялық- құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

    E)апат болған кезде шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және олардың

    іс-әрекеттерін жан –жақты қамсыздандыру үшін құрылады

    7.Азаматтық қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері нешеге бөлінеді?

    A) 2

    B) 3

    C) 4

    D) 5

    E) 6

    8.Барлау,іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылатын құрама

    A) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерінің құрамалары

    B) инженерлік-техникалық

    C) авариялық іздестіру топтары

    D) құтқару құрамалары

    E) объектілік құрамалары

    9.Инженерлік барлауды жүргізу,үйінділерде жол мен өткел жасау,оның ішінде су кедергілер арқылы өтетен аспа жол жасау,өзге де инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылатын құрама

    A) авариялық іздестіру топтары

    B) инженрлік-техникалық

    C) объектілік құрамалары

    D) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерінің құрамалары

    E) құтқару құрамалары

    10.Халықтың тіршілігін қамсыздандыру,авриялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылған құрама

    A) авариялық іздестіру топтары

    B) инженерлік-техникалық

    C) объектілік құрамалары

    D) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерінің құрамалары

    E) құтқару құрамалары

    11.«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жаағдайлар туралы » заңы Қазақстан Республикасының аумағында қай жылы қабылданды?

    A) 1992 жылы 5 мамырда

    B) 1993 жылы 5 маусымда

    C) 1996 жылы 5 шілдеде

    D)1996 жылы 5 маусымда

    E) 1998 жылы 5 шілдеде

    12.Технологиялық процестің бұзылуы,механизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы қалай аталады?

    A) авария

    B) сел

    C) апат

    D) қар көшкіні

    E) жер сілкінісі

    13.Адамның тұтқиылдан пайда болған әрекеті,адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен,экономикалық және экологиялық шығынмен сипатталатын табиғат құбылысы қалай аталады?

    A) авария

    B) сел

    C) апат

    D) қар көшкіні

    E) жер сілкінісі

    14.Апаттар көлемі бойынша нешеге бөлінеді?

    A) 2

    B) 3

    C) 4

    D) 5

    E) 6

    15.Апаттар түрі бойывнша нешеге бөлінеді?

    A) 6

    B) 5

    C) 4

    D) 3

    E) 2

    16.Апаттар көлемі бойынша қалай бөлінеді?

    A) кіші,орташа, үлкен

    B) табиғи және жасанды

    C) табиғи және техногендік

    D) авариялық және апаттық

    E) жарықтық және жасанды

    17.Апаттар түрі бойынша қалай бөлінеді?

    A) кіші,орташа, үлкен

    B) табиғи және жасанды

    C) табиғи және техногендік

    D) авариялық және апаттық

    E) жарықтық және жасанды

    18.Апаттық табиғи факторларына қайссы жатады?

    A) тектоникалық,метеорологиялық,космостық

    B) космостық,тектоникалық

    C) теллурлық,космостық,метеорологиялық

    D) метеорологиялық,тектоникалық,топологиялық,космостық

    E) космостық,топологиялық

    19.Метеорологиялық апаттарға қайсысы жатады?

    A) өрт,су басу

    B) дауыл,циклон,құйын

    C) сел,сырғыма,қар көшкіні

    D) метеориттердің құлауы

    E) космостық денелердің құлауы

    20.Тектоникалық және теллурлық апаттарғақайсысы жатады?

    A) боран, құйын

    B) аяз, найзағайдан болған өрт

    C) жанартаудың атқылауынан пайда болған өрттер,жер сілкінісі

    D) боран,жел

    E) аяз,бұршақ

    21.Тектоникалық және теллурлыққа қандай факторларды жатқызуға

    болады?

    A) сел, сырғыма,қар көшкіні

    B) жанартаудың атқылауынан болған өрт

    C) метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы

    D) дауылдар,циклондар, құйын

    E) аяз,найзағай

    22 .Сел,сырғыма,қар көшкіні қандай факторларға жатады?

    A) метеорологиялық

    B) тектоникалық

    C) топологиялық

    D) теллурлық

    E) космостық

    23.Метеориттердің құлауы және басқа космостық денелердің құлауы,

    олармен қақтығыс қай факторға жатады?

    A) метеорологиялық

    B) тектоникалық

    C) топологиялық

    D) космостық

    E) теллурлық

    24.Космостық,авациялық,автомобильдік апаттар қандай факторларға

    жатады?

    A) метеорологиялық

    B) тектоникалық

    C) топологиялық

    D) космостық

    E) көліктік

    25.Бактериологиялық,эпидемиялық қай факорларға жатады?

    A) спецификалық

    B) тектоникалық

    C) топологиялық

    D) космостық

    E) теллурлық;

    Тесттің дұрыс жауаптары

    №

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    16

    17

    18

    19

    20

    21

    22

    23

    24

    25

    Дұрыс жауабы

    А

    В

    С

    В

    С

    D

    Е

    А

    В

    D

    С

    А

    С

    В

    Е

    А

    В

    D

    С

    С

    B

    C

    D

    E

    A

    4.1.Бақылау сұрақтары

    1.Төтенше жағдай дегеніміз не?

    2.Азаматтық қорғанысының төтенше жағдай кезіндегі халықтың тіршілігін

    қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері қандай?

    3.Радиациялық,химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборларына

    не жатады?

    4.Табиғаттағы тосын жағдай дегеніміз не?

    5. Бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдай дегеніміз не?

    6.Өндірістік авариялар,апаттар дегеніміз не?

    7.Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау дегеніміз не?

    8.Қоныстандыру және көшіру қалай жүргізіледі?

    9.Зақымдау ошағындағы химиялық ахуалды бағалау қалай жүргізіледі?

    10.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарына не жатады?

    11.Жер сілкінісі дегеніміз не?

    12.Радиактивті қатты әсер ететін заттармен және бактериалдық құралдармен

    зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек қалай жүргізіледі?

    13.Өндіріс орнының микроклиматына не жатады?

    14.Сәулелену дозасы дегеніміз не?

    15. Тұрғылықты халықты төтенше жағдайдан қорғау қалай жүргізіледі?

    16.Қоныстандыру және көшіру қалай жүргізіледі?

    17.Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдай дегеніміз не?

    18.Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау құралдарынан

    қорғау жөніндегі АҚ шаралары не жатады?

    19. Көшіру органдары олардың құрылымдары мен міндеттеріне не жатады?

    20. Адамға радиацияның әсері қандай?

    21.Жер сілкінісі кезіндегі инженерлік-медициналық және өрттік жағдайға

    баға қалай жүргізіледі?

    22.Алғашқы медициналық көмек көрсету қалай жүргізіледі?

    23.Салауатты өмір сүру негіздері дегеніміз не?

    24.Еңбек ету жағдайлары мен қауіпсіздігі дегеніміз не?

    25.Еңбекті қорғаудың түсініктеріне не жатады?

    1-қосымша

    5. Қр «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенще жағдайлар туралы» заңы (2010.19.03. Берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

    Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.

    Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары

    Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен түзiледi.

    Бұл Заң әлеуметтiк және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар:

    - жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету;

    - егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;

    - төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға азаматтық қорғаныс күштерiнiң қатысуы

    Азаматтық қорғаныс күштерi (әскери бөлiмдер, аумақтық және ведомстволық әскерилендiрiлмеген құрылымдар, мамандандырылған авариялық-құтқару қызметтерi) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға заңдарға сәйкес тәртiппен қатысады.

    Ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

    - өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, өткiзуге;

    - төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi туралы немесе пайда болуы туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнiнде хабардар етуге;

    - қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезiнде әскерилендiрiлмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдiстерiн үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететiн жергiлiктi жүйе құрып, оны үнемi әзiрлiкте ұстауға;

    - қарауындағы өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлерде, соларға iргелес аумақтарда бекiтiлген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтiру және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге;

    - заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру шараларын жүзеге асыруға мiндеттi.

    Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша қызметiнде төтенше жағдайлардың пайда болу қатерi басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерiн жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар құрылуын, дайындалуы мен әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

    Ұйымдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын табыс етеді.

    Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясында келтірілген мәліметтер тізбесі мен оларды ресімдеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

    Ұйымдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралардың, арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларының орындалуына дербес жауап бередi.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы

    Қоғамдық бiрлестiктер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, олардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау жөнiндегi шараларға Қазақстан Республикасының заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады.

    Төтенше жағдайларды жоюға қоғамдық бiрлестiктерден қатысушылардың мемлекеттiк аттестация қуаттаған арнайы даярлығы болуға тиiс.

    Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары

    Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

    - Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерлерде болғанда өздерi

    душар болуы мүмкiн қатер туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралары

    туралы хабардар болуға;

    - азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi

    төтенше жағдайлардан және олар тигiзетiн зардаптардан қорғау мәселелерi

    жөнiнде мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына

    тiкелей жүгiнуге, жеке және ұжымдық үндеулер жолдауға;

    - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға

    қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға

    арналған басқа да мүлiктi пайдалануға;

    - төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмiрiн, денсаулығын және жеке

    мүлкiн қорғауға;

    - төтенше жағдайларды жою барысындағы мiндеттердi орындау үшін оларды

    тарту кезiнде өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген залал үшiн өтемақылар

    мен жеңiлдiктер алуға;

    - зақым алуына немесе ауруға шалдығуына байланысты еңбек ету қабiлетiнен

    айырылған, зақымданудан немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс

    болған асыраушысынан айырылған жағдайда, егер олар төтенше

    жағдайларды жою жөнiндегi мiндеттерiн атқару салдарынан болса,

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға;

    - төтенше жағдайлар салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне

    келтiрiлген залалды өтеуге құқығы бар.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға мыналар жатады:

    - ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың

    пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн аварияны, зiлзала мен апатты болжау

    және олардың қаупi туралы хабарлау;

    - төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және

    мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.

    -табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы

    техникалық регламенттерге талдау жасау.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жариялылық пен ақпарат

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат ұйымдар қызметiнiң қаншалықты қатерлi және зиянды екенi, қажеттi қауiпсiздiк, зардаптар, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелерi арқылы жариялануға тиiс.Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.

    Мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi құрылады.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау iсiн арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкiн.

    Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен жалпы орта бiлiм беретiн мекемелерде, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлердегi ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм беру, бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау ұйымдарында, төтенше жағдайдағы iс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орнындағы ұйымдарда жүргiзiледi.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қорғану шаралары

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуiн, шығындар мен залалды мүмкiн болғанынша барынша азайту үшiн мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиiс:

    - сейсмикалық жағынан берiк құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiгiн күшейту;

    - гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық қорғану шаралары;

    - көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiкте төтенше жағдайларды болғызбау үшiн коммуникациялар жүйелерiн жетiлдiру;

    - қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қорғану шаралары;

    - өрттерге (жарылыстарға), iндеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсiмдiктерi мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

    - арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар. Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiне байланысты қызметi Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандырылуға тиiс.

    6. Қорытынды

    «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша семинар жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау- студенттердіадамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының,шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.

    Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.

    Әдістемелік құралдың мақсаты студенттерге өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру және тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;

    Семинарлық жұмыстарды меңгеру негінде студенттер пән тұрғысынан бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін және жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге үйренеді.

    1. Пайдаланылған әдебиеттер

    Негізгі:

    1.«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996.

    2.«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.

    3.Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Малеваный С.В., Медведева Н.М., Шарипханов С.Д., Хурсанов С.К., «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы, 2004.

    4.Безопасность жизнедеятельности Учеб пособие книга 1 – 2 Алматы Республиканские курсы ЧС и ГО 2002-2003гг

    5.С.В. Белов, В.А. Девисилов, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова Безопасность жизнедеятельности. Учебник для студентов.М.: Высш. шк., 2000

    6.«Безопасностьжизнедеятельности» Под общей редакцией д.техн.наук, проф.С.В.БеловаМосква «Высшая школа» 1999

    7.Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов С.В.Белов, А.А. Ильницкая. А.Ф. Козьяков и др. Под ред. С.В. Белова –М: Высшая школа, 2001г

    8. Приходько П.Г. Безопасность жизнедятельности Курс лекций Алматы Адилет 2000г

    9.С.Арпабеков «Өмір- тіршілік қауіпсіздігі» Алматы-2004ж

    10.П.П. Кукин, В.Л.Лапин и др. М-2001г «Безопасность технологических процессов и производств» /Охрана труда/

    11.Журавлев В.П. Защита населения и территорий в чррезвыйчайных ситуациях- М-1999

    12.Ю.В.Репин, Р.Шабунин. “Тосын жағдайда адам өмір қауіпсіздігін саќтау”.Алматы, Демеу, 1994 .

    13.З.А.Талханбаева «Өмір қауіпсіздігін сақтау».студенттерге арналған қысқаша лекциялар жинағы/ Түркістан. ХЌТУ баспаханасы. 2004ж – 87 б.

    14.Е.Дүйсенов. «Сел тасқындары». Алматы, Қазақстан 1996.

    15.Н.Алекссев. «Стихийные явления в природе». М., “Мысль, 1988 .

    16.Қ.М.Тұрланов, С.А.Қалқабаева. «Жедел медициналық жәрдем» Алматы: 2004.321 б.

    17.Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық. ҚР-ның төтенше жағдайлар министірлігі. Алматы қ, 2008. 136 б.

    18.«Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы». ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004.124 б.

    19.«Жер сілкінісі болған кезде болуы мүмкін жағдайларға баға беру әдістемесі». ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 40 б.

    20.Ә.Т.Мейірбеков,Т.П.Райымбердиев,Г.Ю.Башбенова«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Алматы,2010 48б.

    Қосымша:

    1.Т.А.Хван,П.А.Хван «Безопасность жизнедеятельности.Практикум Ростов-на Дону-2006г

    2.Денисов В.В.,Денисова И.А. и др. «Безопасность жизнедеятельности.» Уч. пособие. Ростов на Дону-2000

    3. В.Г.Атаманюк, Л.Г. Ширшев, Н.И.Акимов «Гражданская оборана» М-1987

    4.Гринин А.С. Новиков В.Н. «Безопасность жизнедеятельности» М-2002

    5.Правила пожарной безопасности в РК от 8 февраля 2006года № 35 2003-2007 /СД-диск/

    6.М.М.Сулейманов, Г.С.Газарян и др. «Охрана труда в нефтяной промышленности М -1980г

    7.«Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары». ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168 б.

    8.В.Ситникова. «Основы безопастности жизнедеятельности.» М., 1997.

    9.Белов С.В. «Безопасность жизнедеятельности». –М.: Высшая школа, 1999 -448с.

    10.Кукин П.П. « Безопасность жизнедеятельности».-М.: Высшая школа,2003

    11.Шубин Е.В. «Гражданская оборона». –М.: Просвещение, 1991 -154с.

    12.Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. «Безопасность жизнедеятельности».- Астана,Фолиант, 2009 -125с.

    13.Қ.С.Қалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев.«Өмір тіршілік қауіпсіздігі». Оқулыќ. Алматы 2004 ж.-256 б.

    14.С.Тайжанов. «Өмір ќауіпсіздігі негіздері». Оќу-әдістемелік құрал. Алматы.Дәнекер. –2004 -254 б.

    15.«Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі»,Алматы–2004.

    Өзгерту

    10-БӨЛІМ

    Студенттің өз бетімен жұмыс істеуі үшін материалдар: үй тапсырмасы текстерін басу,әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, еңбек сыйымдылығы мен әдебиеттері көрсетілген ағымдағы жұмыс түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, рефераттар мен басқа да тапсырмалар.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    Ш. ЕСЕНОВ атындағыКАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

    ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

    «Мұнай және газ» факультеті

    «Экология және өмір қауіпсіздігі» кафедрасы

    БЕКІТЕМІН

    Оқу ісі жөніндегі проректор

    _______ М.Б. Имандосова

    ________

    «ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ»

    ПӘНІНЕН БОӨЖ БОЙЫНША

    ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

    Барлық мамандыққа арналған

    АҚТАУ 2014

    «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері»

    пәні бойыншаБОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулық

    Университеттіңоқу-әдістемелік кеңесі бекіткен (23.04.14ж. күнгі №4 хаттама);

    Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы ұсынған (13.03.14ж.күнгі № 4 хаттама);

    Бюро төрағасы

    М.Р.Кулиманова

    Кафедра отырысында мақұлданған (28.02.14ж. күнгі № 7 хаттама);

    Кафедра меңгерушісі

    Г.Р.Кощанова

    Құрастырған:

    Аға оқытушылар

    А.М.Каратаева, Ж.К.Алтыбаева

    АЛҒЫ СӨЗ

    «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» жалпы білім пәндерінің барлық мамандықтарға міндетті компонент болып саналады.

    «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнін оқыту нәтижесінде студенттер өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздерін, төтенше жағдайда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерін, төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жоюды білу тиіс.

    Мақсаты: Еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау; адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру; техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану, шаруашылық жүргізуші және техникалық жүйе объектілерінің дағдылы мен төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығы, төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау; халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай—ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөнінідегі шешімдерді және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау.

    Мiндетi: 1) Студенттердi бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайдан тұрғындарды қорғау әдiстерiн үйрету. 2) Химиялық және радиациялық барлау құрылғыларын үйрету. 3) Жұмысшыларды негiзгi инженерлiк қорғауды, сонымен бiрге өндiрiстiк қызметтегi шаруашылық аймақтарды қорғауды үйрету.

    Студенттің өзіндік жұмысы көп қырлы және студенттің нақты білімі мен тәжірибелік ептілігі қалыптасу мақсатында нақты анықталған бағытқа ие болуы үшін қажет.

    Өзіндік жұмыстар БОӨЖ кестесіне сәйкес мерзімде қабылданады. Егер өзіндік жұмыстар уақытында тапсырылмаса, жұмыс қабылданбайды. Өзіндік жұмыстардың мазмұны тақырыптарға сай жасақталуы керек.

    БОӨЖ оқу процесіндегі нақты және қосымша материалдарды тиімді меңгеруге мүмкіндік береді. Студенттік өзіндік жұмысы студенттің өз алдына, жеке ізденістер жүргізуіне және алған білімін әрі қарай жетілдіруіне көмектеседі.

    Студент БОӨЖ-ға дайындалу кезінде келесі талаптарды орындауы тиіс:

    - оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

    - белгілі тақырып бойынша реферат (баяндама немесе презентация) дайындау;

    - белгілі тақырып бойынша конспект дайындау;

    - курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

    - статистика мәліметтерін талдау;

    - бұқаралық ақпарат жаңалықтарын талдау;

    - кәсіпорын іс - әрекетін модельдеу;

    - топтық жобаға қатысу;

    - глоссарий жасау.

    БӨЖ-тарын орындау және көркемдеу кезінде келесідей талаптар орындалуы тиіс:

    • өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;

    • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, оқытушыдан консультация алу;

    • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкестігін тексеру керек.

    Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға үйрену қажет және 2 немесе 3 студент топ болып топтық жоба жасауларына болады.

    Боөж тапсырмалары

    1. ТЖ Министрлігінің негізгі міндеттері және ұйымдастырушы құрылымы

    2. Объектілердегі АҚ және ТЖ жөніндегі шараларды жоспарлау

    3. Соғыс уақытындағы ТЖ зақымдаушы факторлар

    4. Жаппай зақымдау қаруларының түрлері. Олардың ерекшеліктері мен қолданылу салдары

    5. ТЖ психологиялық аспектілері

    6. Күшті әсер ететін улы заттардан халықты қорғау

    7. Жаралану, соғып алу, буынын шығарып алу, сыну кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету

    8. ТЖ-дағы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары

    9. Су тасқыны кезінде қорғану іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу

    10. Зақымдану ошақтарында Қжәне БҚЖ табысты жүргізу шарттары

    11. Еңбекті қорғаудың түсініктері

    12. Еңбек ету жағдайлары мен қаіпсіздігі

    13. Салауатты өмір сүру негіздері

    14. Алғашқы медициналық көмеккөрсету

    15. Жер сілкінісі кезіндегі инженерлік- медициналық және өрттік жағдайға баға

    16. Адамға радиацияның әсері

    17. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері

    18. Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі АҚ шаралары

    19. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдай

    20. Қоныстандыру және көшіру

    21. Тұрғылықты халықты төтенше жағдайдан қорғау

    22. Сәулелену дозасы туралы түсінік

    23. Радиактивті қатты әсер ететін заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек

    24. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

    25. Зақымдау ошағындағы химиялық ахуалды бағалау

    26. Өндірістік авариялар, апаттар

    27. Табиғаттағы тосын жағдай

    28. Төтенше жағдай аймақтары

    29. Азаматтық қорғанысының төтенше жағдай кезіндегі халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері

    30. Өрт жөнінде негізгі мәліметтер. Өртену түрінің классификациясы. Өнеркәсіптегі өртті сөндірудің тәсілдері мен құралдары

    31. Қазақстандағы аса қауіпті, әлеуметтік мәнді аурулар

    32. Қауіпті экологиялық жағдайларды, апаттарды, төтенше жағдайларды ескерту, ликвидациялау

    33. Адамның еңбек қызметі кезіндегі психологиялық процесстер. Еңбек процессі кезіндегі адамның психологиялық қателіктері

    34. Техногендік апаттар және алапаттар

    35. Еңбекті қорғаудың заңдарын бұзғаны үшін қызмет атқарушы адамдардыңжауапкершіліктері

    36. Тіршілік ортасындағы қауіптердің көздері мен деңгейі

    37. Қауіпті жағдайдағы құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен шұғыл қалпына келтіру жұмыстары

    38. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі

    39. Басшы құрамды, азаматтық құралымдарды даярлау жүйесі және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша халықты оқыту

    40. Өрт кезінде халықтың іс-қимылы

    41. Террористік акті қауіп-қатері және туындаған кезде халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы

    42. Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адамдарға әсері

    43. Төтенше жағдайлар (ТЖ) саласындағы ҚР заңды актілері мен ережелері

    44. ҚР азаматтарының ТЖ кезіндегі құқықтары мен міндеттері

    БОӨЖ тапсырмаларын орындаған кезде келесі талаптарды қолдана отырып, орындаңыз.

    1. Реферат – БӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде көрсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді.Осы жұмыс нәтижесінде пікірталас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

    Реферат келесідей бөлімдерден тұрады:

    Кіріспе (зерттелетін мәселенің жалпылай көрінісі, қойылған талаптардың мақсаты мен мазмұны, курстық зерттеудің методологиялық сипаттамасы беріледі)

    Негізгі бөлім (тақырыптың негізгі мәселесінің жан-жақты және терең талдануы арқылы тақырып толықтай ашылуы тиіс).

    Қорытынды (тақырыпты қорытындылау баяндалады).

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (құжат, материал,арнайы ғылыми әдебиеттер, кесте, сызба және т.б).

    Рефераттың көлемі – қолжазбамен 25 бетке дейін, компьютермен 10-15бет аралығында болады.

    Баяндама - белгілі тақырып бойынша мәліметтерді жинақтау болып табылады.

    Баяндама келесідей бөлімдерден тұрады:

    Негізгі бөлім (тақырыптың негізгі мәселесінің жан-жақты және терең талдануы арқылы тақырып толықтай ашылуы тиіс).

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (құжат, материал,арнайы ғылыми әдебиеттер, кесте, сызба және т.б).

    Баяндама көлемі – қолжазбамен 10 бетке дейін, компьютермен 5-7 бет аралығында болады.

    Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген тақырыпты әртүрлі сызбалар, кестелер, суреттерді және бейнематериалдарды пайдалана отырып құрастырады. Презентация тақырыптың қаншалықты ашылғандығына байланысты бағаланады.

    Рефератты (презентацияны, баяндаманы, конспектіні) қорғау – ауызша; қорғауға 10 минут беріледі.

    Жалпы жұмыс Times New Roman, 14 шрифт, аралық өлшем-1 болады және тақырыпқа сәйкес кесте (шрифт-12), сурет, диаграмма, статистикалық мәлімет, бұқаралық ақпарат жаңалықтары, слайд міндетті қамтылуы керек.

    Қорытынды

    «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша БОӨЖ жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау- студенттердіадамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының,шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.

    Әдістемелік құралдың мақсаты студенттерге өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру және тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;

    БОӨЖ меңгеру негінде студенттер пән тұрғысынан бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін және жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге үйренеді.

    Әдебиеттер тізімі

    Негізгі:

    1. Конституция Республики Казахстан. Законодательство: правовой справочник.- Юрист, 2013, Электронный ресурс

    2. Республика Казахстан. Законы. О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера. Ведомости Парламента РК. Закон РК : принят парламентом 2013, Электронный ресурс

    3. Республики Казахстан «О пожарной безопасности». Законодательство : правовой справочник.- Закон РК Юрист, 2013, Электронный ресурс

    4. Республика Казахстан.Законы. О гражданской обороне. Ведомости Парламента РК.- принят парламентом 2013, Электронный ресурс

    5. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. М.ФАИР-ПРЕСС,2002.-228 с.

    6. Правила пожарной безопасности в РК от 8 февраля 2006 года №35// Законодательство:правовой справочник. Закон РК .Юрист 2013, Электронный ресурс

    7. Журавлев В.П. Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях. М.:АСВ,1999г-586с.

    8. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельности. М.:Высшая школа, 1999г.-448с.

    9. Кукин П.П. Безопасность жизнедеятельности. М :Высшая школа, 2003 г-439с.

    Қосымша әдебиет:

    1. Шубин Е.В. Гражданская оборона.- М.:Просвещение, 1991.-154с.

    2. Кудряшов В. Катастрофы и аварии. Минск : Литература, 1996-364с.

    3. Юдин Е.Я., Белов С.В. Охрана труда в машиностроение. М.: Машиностроение, 1983-285с.

    4. Русан О.Н. Справочник по охране труда в машиностроение. Л.: Машиностроение, 1989-541с.

    5. Аманжолов Ж.К., Балабаев Л.Х. Безопасность жизнедеятельности. Астана: Фолиант, 2009-125с.

    6. Приходько П.Г.Безопасность жизнедятельности. Алматы, Адилет, 2000г

    7. С. Арпабеков. «Өмір- тіршілік қауіпсіздігі». Алматы-2004ж

    8. Оразбекова Р.Ж., С. Сырлыбекқызы. Еңбекті қорғау және өміртіршілік кауіпсіздігі. Актау: КГУТиИ, 2013.

    9. Т.А.Хван, П.А.Хван. «Безопасность жизнедеятельности. Ростов-на Дону-2006г

    10. С.В.Белова. Безопасность жизнедеятельности. Москва, Высшая школа, 2001г

    11. Тажигулова Б.К.Пожаровзрывозащита. Алматы: КазГАСА, 2004г

    12. Абдуразаков У.А. Первая помощь при травмах и острых заболеваниях. Алматы: ГЫЛЫМ, 2005г

    13. Исанов К.Ш. Обеспечение безопасности жизнедеятельности человека. Алматы.: Жеті жаргы, 1999г

    14. Репин Ю.В. Безопасность и защита человека в чрезвычайных ситуациях. М.: ДРОФА, 2005г

    15. П.П.Кукин, В.Л.Лапин, Н.Л.Пономарев. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность технологических процессов и производства (Охрана труда). М: ВЫСШ ШК, 2004г

    16. Кукин П.П. Безопасность технологических процессов и производств (Охрана труда). М: ВЫСШ ШК, 1999г

    17. Д.А. Кривошеин, Л.А. Муравей; Н.Н. Роева. Экология и безопасность жизнедеятельности. М: юнити-дана, 2000г

    18. Қ.Т. Жантасов, А.Т. Сүлейменов, С.П. Назарбекова, Б.Б. Маханоа, Е.Н. Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы: ЖШС "Дәуір", 2011ж

    19. Қ.Т. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. Наукенова, М.Қ. Жантасов. Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2012ж

    20. Сергеев В. С. Безопасность жизнедеятельности. М.: ГОРОДЕЦ, 2004ж

    11-БӨЛІМ

    Есеп беру құжаттарының үлгісі, диплом алды, өндірістік және оқу іс-тәжірибесінен өту бойынша әдістемелік нұсқаулар:

    Бұл пунктті пән спецификасы қажет етпейді)

    12-БӨЛІМ

    Студенттердің оқудағы жетістіктері (бақылау жұмысы тест өзін дайындау сұрақтардың тізімі, емтихан билеттері және т.Б.)

    12.Студенттердің оқудағы жетістіктері (бақылау жұмысы тест өзін дайындау сұрақтардың тізімі, емтихан билеттері және т.Б.)

    Бірінші аралық бақылауға арналған сұрақтар

    1.Төтенше жағдай аймақтары.

    2.Азаматтық қорғанысының төтенше жағдай кезіндегі халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері.

    3.Радиациялық ,химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлары.

    4.Табиғаттағы тосын жағдай.

    5. Бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдай.

    6.Өндірістік авариялар, апаттар.

    7.Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.

    8.Қоныстандыру және көшіру.

    9.Зақымдау ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.

    10.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.

    11.Жер сілкінісі туралы түсінік.

    12.Радиактивті қатты әсер ететін заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

    13.Өндіріс орнының микроклиматына түсінік.

    14.Сәулелену дозасы туралы түсінік.

    15. Тұрғылықты халықты төтенше жағдайдан қорғау.

    16.Қоныстандыру және көшіру.

    17.Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдай.

    18. Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі АҚ шаралары.

    19. Көшіру органдары олардың құрылымдары мен міндеттері.

    20. Адамға радиацияның әсері.

    21.Жер сілкінісі кезіндегі инженерлік- медициналық және өрттік жағдайға баға.

    22. Алғашқы медициналық көмек көрсету

    23. Салауатты өмір сүру негіздері

    24. Еңбек ету жағдайлары мен қаіпсіздігі

    25. Еңбекті қорғаудың түсініктері

    Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар:

    1.Еңбекті қорғаудың заңдарын бұзғаны үшін қызмет атқарушы адамдардың

    жауапкершіліктері

    2.Тіршілік ортасындағы қауіптердің көздері мен деңгейі

    3.Адам өмірінің қауіпсіздігінің негізі» курсының мазмұны мен мақсаты

    4.Қауіпті жағдайдағы құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен шұғыл қалпына келтіру жұмыстары

    5.Техногендік апаттар және алапаттар

    6.Қауіптілікті анализдеу

    7.Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік аспектісі

    8.Негізгі еңбек физиологиясы және тіршілік әрекетінің толық жабдықталған жағдайы

    9.Техносфераның негатив факторлары

    10.Негативті факторлардың адамға және техносфераға әсері

    11. Еңбекті қорғаудың басқару жүйесі.

    12.Адамның еңбек қызметі кезіндегі психологиялық процесстер. Еңбек прцессі кезіндегі адамның психологиялық қателіктері

    13.Қауіпті экологиялық жағдайларды, апаттарды, төтенше жағдайларды ескерту, ликвидациялау

    14.Қазақстандағы аса қауіпті, әлеуметтік мәнді аурулар

    15. Өрт жөнінде негізгі мәліметтер. Өртену түрінің классификациясы. Бу, шаң, газ қоспаларының өртену проссінің негізгі заңдылықтары. Өнеркәсіптегі өртті сөндірудің тәсілдері мен құралдары

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    Ш. ЕСЕНОВ атындағы

    КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

    ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

    БЕКІТЕМІН

    Оқу ісі жөніндегі проректор

    ____________ М.Б. Имандосова

    ____________

    «Мұнай және газ» факультеті

    «Экология және өмір қауіпсіздігі» кафедрасы

    5В070300-Ақпараттық жүйелер, 5В071800-Электр энергетикасы, 5В072900-Құрылыс, 5В090700-Кадастр, 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В070600-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, 5В070800-Мұнай-газ ісі, 5В071200-Машина жасау, 5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    мамандығы

    «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері»

    Пәні бойынша тест тапсырмалары

    АҚТАУ 2014

    «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері»

    пәні бойынша тест тапсырмалары

    Кафедра отырысында мақұлданған (11.06.14ж. күнгі № 19 хаттама);

    Кафедра меңгерушісі

    Тлепиева Г.Ш.

    Құрастырған:

    Доцент

    Маханбетова Р.Қ.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]