Тыныс алу жүйесі
Шағымы жоқ.
Дем алуы мұрын арқылы, еркін. Дем алу типі кеуделік. Кеуде торының формасы астениялды, симметриялы, тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Тыныс алу жиілігі – 18 рет/мин.
Пальпациялағанда кеуде торының эластикалылығы сақталған, ауырсынусыз. Дауыс дірілі қалыпты, симметриялы.
Салыстырмалы перкуссияда барлық өкпе бетінен анық, ашық өкпелік дыбыс естіледі.
Топографиялық перкуссияда:
Өкпенің жоғарғы қыры.
Өкпе ұшының биіктігі |
Оң |
Сол |
Алдынан |
3см |
3см |
Артынан |
VIIмойын омыртқа деңгейінде 3см сыртқа |
|
Кернинг кеңістігінің көлденең ені |
6см |
6см |
Өкпенің төменгі шегі
№ |
Топографиялық сызықтар |
Оң |
Сол |
1 |
L. parasternalis |
V қ.а. |
- |
2 |
L. mediaclavicularis |
VI қ. |
- |
3 |
L. axillaries anterior |
VII қ. |
VII қ. |
4 |
L. axillaries media |
VIII қ. |
VIII қ. |
5 |
L. axillaries posterior |
IX қ. |
IX қ. |
6 |
L. scapularis |
X қ. |
X қ. |
7 |
L. paravertebralis |
ХI кеуде омыртқаның сүйір өсіндісі |
|
Өкпенің төменгі қырының жылжымалылығы
Топографиялық сызықтар |
Оң |
Сол |
L. mediaclavicularis |
4см |
- |
L. axillaries media |
6см |
6см |
L. scapularis |
5см |
5см |
Аускультациялағанда: өкпенің барлық бетінен везикулярлы тыныс естіледі. Сырылдар, крепитация, плевра үйкеліс шулары анықталынбайды.
Жүрек – қан-тамыр жүйесін тексеру
Объективті қарағанда жүрек маңы өзгеріссіз. Шеткі қан-тамырлар үлкеймеген. Жүректің проекциясында пульсация білінбейді. Жүрек тондары анық, ырғақты.
Пальпациялағанда жүрек ұшы түрткісі V қабырға аралығында L.mediaclavicularis sinistra-дан 1,5см оңға қарай орналасқан. Ені 1,5см2. Күші мен биіктігі орташа. Пульс екі қолында симметриялы, ырғақты, толықтығы, күші, кернеуі орташа дәрежеде. PS = 70рет/мин, AD=135/80мм.с.б.б.
Перкуссияда:
Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекаралары
Оң |
Сол |
жоғарғы |
Төс сүйегінің оң жақ қыры бойымен IV қ.а. |
L. mediaclavicularissinistra сызығы бойынша V қ.а. |
L. parasternalis сызығы бойынша ІІІ қ.-ның төменгі қыры |
Абсолютті жүрек тұйықтық шекаралары
Оң |
Сол |
жоғарғы |
Төс сүйегінің сол жақ қыры бойымен IV қ.а. |
L. mediaclavicularissinistra-дан V қ.а. 2см ішке қарай |
L. parasternalissinistra бойынша IV қ.а. |
Тамыр шоғырының ені кеңейген. Биіктігі ІІ қабырға деңгейінде. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының көлденең өлшемі 11см.
Жүрек ұшында және он жақтан II қабырғааралықта систолалық шу естіледі.Аускультациялағанда жүрек тондары анық, ритмі дұрыс.
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ
Жалпы қарағанда: жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Ауыз қуысын қарағанда ауыздың шырышты қабаты құрғақ, ақшыл қызыл түсті, таза. Аузынан ацетонның иісі шығады. Тілінің беті ақ жабынмен жабылған.
Ішін қарағанда қалыпты формалы, симметриялы, тыныс алуға біркелкі қатысады. Көк тамырлары ұлғаймаған.
Пальпация:
Беткей пальпацияда іш терісі ылғалды, ауырсынусыз, тері асты шел майы жақсы дамыған.
Терең сырғымалы пальпацияда (Образцов – Стражеско – Василенко бойынша):
Ішектер |
Сипаттамасы |
Сигма тәрізді ішек |
ауырсынусыз, беті тегіс, эластикалы консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, ұзындығы 25см , жылжымалылығы 3 – 4 см, шұрылдамайды |
Соқыр ішек |
ауырсынусыз, беті тегіс, тығыздау консистенциялы, түбі дөңгеленген цилиндр тәрізді, диаметрі 3 см, ұзындығы 9 см, жылжымалылығы 2 – 3 см, шұрылдайды |
Мықын ішек және құрт тәрізді өсінді |
мықын ішек ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі см, қозғалмалы, шұрылдайды; құрт тәрізді өсінді пальпацияланбайды |
Өрмелі тоқ ішек |
ауырсынусыз, беті тегіс, жұмсақ, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды |
Төмендеген тоқ ішек |
ауырсынусыз, беті тегіс, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды |
Көлденең тоқ ішек |
ауырсынусыз, жұмсақ, орташа тығыз консистенциялы, көлденең орналасқан цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалмалы, шұрылдамайды. Кіндіктен 1 см жоғарырақ анықталады |
Асқазан және қалтқы |
асқазан кіндіктен 2 – 3 см жоғары пальпацияланады, білік тәрізді; қалытқы кіндіктен 3 – 4 см жоғары оң жақ тік бұлшықеттің жанында пальпацияланады, жиырылған цилиндр тәрізді, сипағанда шұрылдайды |
Перкуссияда: іштің барлық бетінде әр түрлі дәрежедегі тимпаникалық дыбыстар естіледі.
Аускультацияда: іштің барлық бетінде ішектік перистальтика шулары естіледі.
Бауыр, өт қабы және көкбауыр пальпациясы: бауыры қабырға доғасы бойымен, шеті эластикалы, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз; өт қабы пальпацияланбайды; көкбауыры пальпацияланбайды.
Курлов бойынша бауыр перкуссиясы:
l. mediaclavicularis dextra |
10 см |
l. mediana anterior |
9 см |
Сол жақ қабырға доғасы |
8 см |
Курлов бойынша көкбауыр перкуссиясы:
Ені: 4 см
Ұзындығы: 6 см
