Эпикриз
Науқас: Смагулов Амангельды Муксынович 15.01.15-23.01.15 аралығында облыстық клиникалық ауруханада,эндокринология бөлімшесінде емделді.
Түскендегі диагнозы: Клиникалық диагноз: Қантты диабет I тип,ауыр дәрежелі, декомпенсация стадиясы
Клиникалық диагнозы:Қантты диабет I тип,ауыр дәрежелі, декомпенсация стадиясы .
Макроангиопатия:Дисциркуляторлы энцефалопатия ІІ дәреже.Артерияльды гипертензия 1 сатысы,қауіп 4(ҚД)
Микроангиопатия: Диабеттік пролеферативті ретинопатия,дистальды симметриялық полинейропатия II сатысы.Диабеттік гастропатия
шағымдары: Үдемелі әлсіздікке,ауыздың құрғауына, шөлдеуге, гликемияның тұрақсыздығына ,тағам қабылдағаннан кейін эпигастрия аймағында ауырсынуға,салмағының азаюына, екі көзінің көруінің нашарлауына, аяқ ұштарының ұюы және тоңуы,бұлшықеттердің тырысуы,есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады.
ANAMNESIS MORBI
Ауру дебюті жедел түрде 36 жасында жедел манифесті кетоацидозбен көрініс берген.Интенсифицирілген инсулинотерапия алады.Стационарда эндокринология бөлімшесінде ретті ем қабылдап отырады. Қазіргі уақытта Актрапид 8 ЕД тамақтанудан алдын және 22:00 протофан 12 ЕД қабылдайды.2015жылы 1-2 қаңтарда гипогликемиялық жағдайға ұшыраған,жедел жәрдем шақырып,осы уақыттан кейін протофан иньексиясын қабылдауын тоқтатты.Глюкометр арқылы глюкозасын бақылап отырады.Гликемия 1,0-20,0 ммоль/л. Диета сақтауға тырысады. 45 жасқа дейін жыл сайын ОКДБ да эндокринологиялық бөлімде ем қабылдап отырған. Соңғы госпитализацияда 2013 жылы ОКА эндокринология бөлімшесінде бірнеше рет емделді.Жағдайының жақсаруымен шығарылды.Қазіргі госпитализация жоспарлы түрде, гликемияның деңгейін коррекциялау үшін,инсулинотерапия дозасын көтеру,асқыну трапиясы.
Anamnesis vitae: Басынан өткен аурулар: Боткин ауруымен ауырған.
Эпидемиологиялық анамнез: науқас айтуы бойынша туберкулез, гепатит, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған.
Отбасы анамнезі: Отбасы құрған. Жалпы әлеуметті жағдайы орташа
Науқастың айтуы бойынша әпкесінен тұқымқуалаған.
Аллергологиялық анамнезі: көрініс бермеген.
Зиянды әдеттері жоқ.
Status praesensОбъективті қарау мәліметтеріне сүйене отырып: Науқастың жалпы жағдайы инсипидарлы синдромға байланысты орташа ауырлық дәрежеде. Есі анық, берілген сұрақтарға жақсы жауап береді. Қозғалыс қалпы белсенді. Төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі – нормостеникалық. Тері жамылғысы және беткей кілегей қабаттарының түсі қалыпты, тері жамылғысы құрғақ, тургоры және эластикалық қасиеті төмендеген. Шел май қабаты орташа дамыған. Шеткері ісінулері жоқ. Көзінің шырышты қабаты ақшыл-қызыл, склерасы ақ. Шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Бұлшықеттерінің жалпы әлсіздігі, симметриялы, қалыпты дамыған. Сүйек – буын жүйесі көзбен қарағанда деформацияланбаған, сипағанда және соққылағанда ауырсынбайды. Буынның жергілікті аймағы жылы, аздап өзгермеген, қозғалысы сақталған, жұмысы шектелмеген. Омыртқа жотасы қисаймаған. Бас формасы қалыпты, мұрын, құлақта ақаулары жоқ. Ерні құрғап-жарылған.Дене температурасы - 36,6 С
Зерттеулер:Жалпы қан анализі:Эритроцит -5,0 х1012; Гемоглобин-140 г/л,Түстік көрсеткіш -0,9ЭТЖ-16 мм/сағ; Лейкограмма: лейкоциттер -3,8 х10 9л;
Жалпы зәр анализы: Түсі – сары Мөлдірлігі –мөлді Тығыздығы –1020,
Реакциясы – қышқыл, Ақуыз –319мг Лейкоцит –1-2 в п/зр, Эритроцит –жоқ
Жалпақ эпителий -4-5 Қант –11,0 м/л Ацетон- ---
Қаның биохимиялық анализі:
Жалпы ақуыз - 71г/л, Глюкоза – 9,2 ммоль/л, Мочевина – 5,3 мкмоль/л, Креатинин – 50мкмоль/л АлАТ – 9,80ед/л, АсАТ – 10,60ед/л, Жалпы билирубин – 21 мкмоль/л, Холестерин -7.3 мкмоль/л,Триглициридтер – 2.9ммоль/л
Қанда қантты тәуліктік өзгерісін анықтау:
02.02.201 5 10,5моль/л 03.02.2015 -13.8 ммоль/л; 04.02.2015 -12,7 ммоль/л
05.02.2015 -8,8ммоь/л; 08.02.2015 -8,9ммол/л;12.03.2015 -5,0 ммоль/л
ЭКГ:Ырғағы синусты, ЖСС -80ЭОС қалыпты
Офтолмолог: диабетикалық пролиферативті ретинопатия
Невропатолог: дистальды симметриялы полинейропатия
Тәртіп:
Науқастың тәртібі декомпенсация кезеңіне байланысты тәртіп 2
2.Емдік тамақтану:емдәм 9
Мақсаты:қабылдайтын көмірсулар деңгейін төмендету.
Ұсынылады:көмірсуы аз тағамдарды қолдану:жұмыртқа,балық,қышқыл сүт өнімдері,көкөністер,жемістер,гречкалық ботқа.
Белоктар-120г;майлар -120 г;көмірсулар -120г;энергетикалық құндылығы -2300ккал.Тағамды аз порциядан алты рет ішу.
