Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ ЛЕКЦИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626 Кб
Скачать
☆

2 Бөлім. Іс-әрекет және қарым-қатынас

Глоссарий:

Коммуникация - мәлімет беру.

Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін қарым-қатынас компоненті.

Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі.

Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар – экстроверттер.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру

Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Байланыстар құру қажеттілігі – Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Гиперкомпенсация. Компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады. Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі. Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді.

Генеративті қатынас – бұл адамның ақыл – ой және эмициональды күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей отырып тани білу.

Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.

Сәйкестік дағдарысы – Э.Эриксон теориясында бозбала не бойжеткен “мен кіммін?” “мен қайда барам?” деген сұрақтарға қысыла жауап іздейтін уақыт кезеңі.

Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.

Темперамент (Temperament). Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).

Ұжымдық санасыздық. Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі. Т.б. ұғымдар

3-тақырып. Іс-әрекет туралы түсінік

Дәріс мақсаты: Студенттерде іс-әрекет туралы түсінік туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. Іс-әрекет анықтамасы.

  2. Іс-әрекеттің жетекші түрлері.

Дәріс тезисі.

  1. Іс-әрекет анықтамасы. ІС-ӘРЕКЕТ (Деятельность.) – Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады. Адамның іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғалымдар зерттеді. Іс-әрекет-адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Психология-іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ой тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет – құрамына психика енетін, обьекті мен субьект арасындағы шынайы байланыс. Жеке адам қандайда бір іс-әрекетті орындай отырып, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі кезінде адамда эмоциялар пайда болады, еріктік қасиеттер көрінеді, қатынастар, көзқарастар қалыптасады және т.б.Психикалық деп аталатын, адамның күйлерінің, ерекшеліктерінің және үрдістерінің жүйесі іс-әрекетте білінеді, дамиды, қалыптасады. Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі — қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет субьект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның санасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рол атқарады. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалдық құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Адам үшін ең маңызды іс-әрекет – үйрену. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды.

Шынайы сыртқы әрекеттен ішкі психикалық әрекетке өту үрдісі интериоризацияның көрнекті мысалы ретінде балалардың санауды меңгеру үрдісін келтіруге болады.Адамның іс-әрекетінің сыртқы (физикалық) және ішкі (психикалық) жақтары үздіксіз байланыста болады. Сыртқы жағы – адамның сыртқы әлемге ықпал етуін қамтамасыз ететін қозғалыстар. Оларды ішкі (психикалық) әрекет анықтайды және реттейді. Сыртқы әрекетті ішкі әрекеттің экстериоризациясы ретінде қарастыруға болады, өйткені адам іс-әрекетте оның анық елестетілмеген жобасын жүзеге асырады. Сыртқы іс-әрекетті әрекеттің ішкі жобасы қадағалайды. Адам жасалатын әрекетті бейне және ой түрінде алдын ала жобаланған әрекетпен салыстырады. Егер іс-әрекет үрдісін үлгі түрінде көрсетсек, онда ішкі жобадағы құрылымдар мынадай ретпен жасалады: қажеттілік -мотив-мақсат-міндет, ал бұл кездегі сыртқы жоба көрінісі мынадай: іс-әрекет-қылық-операция-қозғалыс. Таза ішкі, таза сыртқы әрекеттердің болмайтынын естен шығармау керек. Қажеттілік-рухани және материалдық болады. Психологияның міндеті мынада: іс-әрекеттің «сыртқы жағын» зерттей отырып, «ішкі жағын» ашу, нақтырақ айтқанда, психиканың іс-әрекеттегі шынайы рөлін түсіну.

Іс-әрекет- бұл адамның әлеммен қарым-қатынастарының динамикалық жүйесі.Осы қатынастар кезінде обьектіде психикалық бейне пайда болады. Мінез-құлық дағдылары – адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білу және оларды өз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін көрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек).

  1. Іс-әрекеттің жетекші түрлері. Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: Ойын, оқу, еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Ойын – өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар.

Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Кішкентай бала (1-2) зат болмаса әрекетті көрсете алмайды, бірақ оның сөйлеуінің дамуына байланысты мұндай әрекеттердің болуы мүмкін. Балалардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Ойын түрлері: рөлдік ойын, құрастыратын ойын, сюжеттік-рөлдік ойындар.

Оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері алмаса отырып, әрбір адамның өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан кейін болып, еңбекке даярлайды. Жалпы мақсаты бойынша еңбекке жақындап, ойыннан ерекше түрде айрықшаланады: оқуда, еңбекте сияқты, тапсырмаларды орындау, тәртіпті сақтау керек және оқу жұмысы міндеттерден құралып келеді. Оқудағы тұлғаның жалпы мақсаты енді ойын емес – еңбек. Сонымен оқудың негізгі мақсаты – бұл болашақ өзіндік еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы – адамның алдыңғы еңбегі жасаған қорытынды нәтижелерді меңгеру. Оқыту – білімді беру және меңгерудің екі жақты үрдісі, оған оқушы мен оқытушының ара-қатынасы енеді; оқу-енжар қабылдау емес, оқытушы беретін білімдерді жай ғана алу емес, оларды меңгеру. Білім, бейімділік, икемділік. Адамда да оқу оның мінез-құлқының саналы түрде реттелуі кезеңінде ғана, 6-7 жасқа таман болады. Мектепке бару – бала өміріндегі жауапты кезең. Оқи бастағансоң оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады.

Еңбек. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен тығыз байланысты. Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Іс-әрекеттің анықтамасы қандай?

  2. Жетекші іс-әрекет түрлерін сипатта.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

4-тақырып. Қарым-қатынас

Дәріс мақсаты: Студенттерде қарым-қатынас, қарым-қатынас механизмдері, түрлері туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. Адам аралық қарым-қатынастар психологиясы.

  2. Қарым-қатынас құрылымы.

  3. Қарым-қатынас механизмдері.

Дәріс тезисі.