Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ ЛЕКЦИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626 Кб
Скачать
☆

5. Бөлім Тұлға психологиясы.

ГЛОССАРИЙ:

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі.

Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Тұлға – мәдени-тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері.

Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді.

Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.

Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған.

Мазасыздық – бұл шынайы және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу.

Психика – адамның ішкі әлемі ретінде түсіндіріледі, өзіндік бақылау мүмкіндігі бар.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Генезис - (грекше – туу, пайда болу, даму) қайсыбір құбылыс, заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесін де бейнелейтін ұғым.

Данышпандылық – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежесі.

Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.

Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейд атымен байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда кең тараған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады.

9-тақырып. Тұлға түсінігі. Тұлғаның құрылымы. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары

Дәріс мақсаты: Студенттерде тұлға түсінігі, тұлғаның құрылымы, қазіргі кездегі тұлғаның теориялары туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тұлға түсінігі.

  2. Тұлғаның құрылымы.

  3. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары.

Дәріс тезисі.

1. Тұлға түсінігі. Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері мен мінез-құлық тұрақтылығын шарттайтын индивидуалды сипаты және мінез-құлық тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы.

Адам индивид болып дүниеге келгеннен кейін, қоғамдық өзара қатынастар және процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады.

Бұл-адамның қоғамдық байланыстарға түсіп, субъект сапасында көрінуіне байланысты жүзеге асады. Өз кезегінде адамның индивидтік, тұлғалық және субъектік деңгейлерінің даму ерекшеліктерінің қайталанбастығы индивидуалдылықты көрсетеді.

Қазіргі психологияның барлық мектептерінің тұлға жайлы өз көзқарастары бар.

Бихевиоризм бағыты бойынша тұлға сыртқы оң және теріс нығайтуларға байланысты әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер.

Бихевиоризм бағытында тұлғаның мінез-құлқы, оның ішкі толғаныстарына емес, әрекет жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне байланысты. Машинаның түсі оның жылдамдығына әсер етпейтін сияқты, адам әрекетіне психика, сана, мінез де әсер етпейді.

Психоанализ бағытында тұлға адам қуаты құрылымы, адам қуаты бағыттылығы, адам қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады.

Психоанализ бойынша адамға қандай инстинктивті күштер әсер еткенін білу арқылы адамның қазіргі кездегі ғана емес және өзгерген жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз.

Бұл пікір авторы психоанализ бағытының өкілі Эрих Фромм. Оның ойынша, шығармашылық психоанализ өкілдері «адам тұлғасы туындауының теориясы және практикасын, оның өзіндік «Менінің» қалыптасу» әдісіне айналдырған.

Когнитивті психология

Тұлғаға негізгі сипаттар бойынша анықтама береді. Негізгі сипаттар ретінде: шындыққа қатысты зерттеушілік бағдар, тағдырын дербес белгілеу және әлеуметтік ортадағы белсенді әрекетті көрсетеді.

2.Тұлғаның құрылымы. Тұлғаның өмірлік бағдарлануы. Бағдарлану – бұл көзқарастар және сенімдермен нығайтылған құндылықтар, қажеттіліктер, алдыға қойған мақсаттарының құрылымы. Бағдарлану – мақсаттар мен түрткілерде көрінеді. Мақсат бұл бағдарлануға талпыныс, ал түрткі қуат, ішкі мәнділік береді.

Бағыттылық – тұлғаның негізгі жетекші өмірлік мақсатын анықтайтын мотивациялық құрылымы. Бір адамдар шығармашылыққа, біреулері қажеттілікке, кейбір адамдар жасампаздыққа, кейбіреулері бұзушылыққа, кейбірі қоғамда дұрыс, кейбірі жат, теріс бағдарланған. Кейде адамның бағдарлануында нақтылық, айқындылық көрінбейді. Адам бағыттылығы жайлы теориялар өте көп. Соның бірі австрия философы Эдуард Шпронгердің тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға байланысты бағдарлану типтері.

  1. теориялық;

  2. экономикалық;

  3. эстетикалық;

  4. әлеуметтік;

  5. саяси;

  6. діни.

Кеңестік психологияда «тұлға бағыттылығы» түсінігін С.Л.Рубинштейн 1940 жылы жарық көрген «Жалпы психология негіздері» кітабында енгізген. Бұл түсініктің енгізілуі адамның қажеттілік, қызығушылық, идеал, бейімділік, бағдар, бағыттылығына байланысты болады. Тұлғаның бұл жүйелерінің құрылымын талдау адамның неге талпынатынын анықтауға мүмкіндік береді.

3. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары. Гуманистік психологиядағы тұлғаны түсіну (К. Роджерс, А.Маслоу). Гуманистік келісте адам жағымды рухани қасиеттерімен жоғарғы рухани қажеттіліктер тән деп қарастырылады (өзін, өмірдің мәнін, әлемдегі орнын, сұлулыққа қажеттілігін, үйлесімділігін, түсінуге ұмтылу). Гуманистік психологияда адамды жағымды жақтарымен ғана қабылдайды және жақсы қырларына сенеді. Абрахам Маслоу - ХХ ғ. 60ж. Гуманистік психология терминін енгізген. Гуманистік психология психикалық дені сау, гармониялық тұлғаны зерттеді, яғни өзінің даму шыңына, өзін-өзі жетілдіруге жеткен адам. Бұндай тұлғалар тек ¼ % құрайды, ал қалғандары иерархияның кез-келген сатысында болады. Адам өзінің тағдыры үшін жауапты, өзін –өзі жетілдіруге ұмтылады, бүкіл өмір барысында жетілу, өзгеру, қалыптасу процесі болады. Маслоу бойынша гуманистік теорияның негізі әр бір адамды уникалды, ұйымдасқан, бір бүтін ретінде қарау керек.

А. Маслоу тұлғаның қажеттіліктерін түсіндіру үшін қажеттіліктер иерархиясын ұсынды (1954). Ол бойынша қажеттіліктердің ең біріншісі физикалық қажеттілік болса, ең жоғарғы өзін-өзі өзектендіру деді. Қажеттіліктер иерархиясы келесідегідей:

  • физиологиялық қаж-к (тамақ ішу, сексуалдылық, өзін өзі қорғау қаж-і)

  • қауіпсіздік және қорғаныс, сенімділікке деген қаж-гі ( материалды, денсаулыққа, қартайғанда қамтамасыз етілетіне сенімділік)

  • сүйіспеншілік, әлеуметтік қаж-р (кейбіреулерде қарым-қатынасты түсіну қаж-гі, өте жақсы көрген адамы, ал басқасы онша емес)

  • өзін-өзі сыйлау, сый-құрметке қажеттілігі ( престиж, статус)

  • өзін-өзі өзектендіру қажеттілігі, тұлғаның даму қаж-гі

Бұндағы басыңқы қажеттілік төменде орналасқан, ол одан жоғары орналасқан қажеттілікті мотивтілік мөлшерін сезгенде қанағаттандырылған болуы керек. Бір типтегі қажеттілік 2-ші қажеттілікке өткенге дейін қанағаттандырылуы қажет. Маслоу бойынша иерархияда жатқан қажеттіліктер адамның мотивациясы негізінде жатқан негізгі принцип болып табылады. Адам қажеттіліктер иерархиясына қаншалықты жоғары көтерілген сайын, оның сапасы, индивидуалдылығы , психикалық денсаулығы жоғарылайды. Гуманистік психологияда тұлға-қоғамдағы адамның өмір әрекетіндегі пайда болған психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Бұл бағыт ХХ ғ. 50-60 ж. біршама дамыды. Гуманистік психология бастапқыда нейрофрейдистік концепцияға қарсы тұрды, яғни адамзаттың мінез-құлқы қанағат алуға, агрессияға, қоғамнан қорғауға тәуелді дегенге қарсыласты. Олар мінез-құлықтың көзі ретінде туғаннан пайда болған альтрустик мотив деп қарастырды. Осы бағыттың бір өкілі К. Роджерс. Ол өзінің әдіс терапиясында дәрігер пациентке қысым көрсетпеуі керек. Дәрігер мен пациент арасындағы контакт өзара сыйластыққа негізделуі керек. Роджерстің тұлға теориясының негізі өзіндік бағалау категориясы болып табылады. Баланың үлкен адаммен қарым-қатынасы нәтижесінде оның өзі туралы түсінігі қалыптасады. Бірақта өзіндік бағалау конфликсіз қалыптаспайды. Көбінде қоршаған ортаның бағалауы өзіндік бағалауға сәйкес келе бермейді. Адам қоршаған ортаның бағалауын қабылдау керек пе, әлде өз бағалауында қарау керек пе деген таңдауда қалады. Күрделі органикалық бағалау үрдісі жүреді, яғни бағалаудың көзі бастапқыда баланың ішкі организмінде жатады. Осылайша, Роджерс нейрофрейдизмдегідей, тұлғаның дамуы туғаннан пайда болған тенденция арқылы анықталады. Әлеуметтік рол тек сырттай. Гуманистік бағыттың өкілі А. Маслоу. Ол бойынша адамның негізгі қажеттілігі-ол өзін-өзі өзектендіруге тырысу. Өзін-өзі өзектендіру деген не дегенге Маслоу былай жауап береді: «Өзін-өзі өзектендіруші адамдар қандай да бір іспен әуестенген. Олар бір іске берілген, олар үшін ол өте құнды, бағалы болып табылады». Тұлғаның өмірінің әр сәтінде таңдау кездеседі: алға жылжу, кедергілердіжеңу, жоғарғы мақсатқа жету немесе күресуден бас тарту. Өзін-өзі өзектендіруші тұлға-үнемі алға ұмтылады, кедергілерді жеңеді. Өзін-өзі өзектендіру-бұл үнемі даму немесе өз мүмкіндіктерін практикада іске асыру процесі болып табылады. Маслоу бойынша - өзін-өзі өзектендіру туа пайда болатын құбылыс, ол адамның табиғатына жатады. Адам мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылыққа деген қажеттілікпен туады. Ол адамның ядросын құрайды. Адам осы қажеттіліктерді жүзеге асыра алуы қажет. Сәйкесінше, өзін-өзі өзектендіру туа пайда болған қажеттіліктердің бірі. Американдықтар: Маслоу Абрахам Харольд (1908-1970); Роджерс Карл Рэнсом (1902-1987) және Виктор Франкл- «адам өмірі уникалды, өйткені ешкім оны қайталай алмайды»; Эрих Фром.