- •Лекция тақырыптары
- •1 Бөлім. Психологияға кіріспе
- •2 Бөлім. Іс-әрекет және қарым-қатынас
- •1. Адам аралық қарым-қатынастар психологиясы
- •2. Қарым-қатынас құрылымы:
- •3. Қарым-қатынас механизмдері:
- •3 Бөлім. Танымдық психикалық үрдістер.
- •6. Қабылдаудың қасиеттері.
- •Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы ретінде: белгілер, ойлау формалары, ойлау операциялары.
- •6. Сөйлеу туралы түсінік.
- •4 Бөлім. Тұлғаның эмоционалды –еріктік сферасы
- •5. Бөлім Тұлға психологиясы.
- •Индивидуалдылық ұғымы. Индивидуалдылықтың продуктивті және инструменталды көріністері.
- •Шетелдік психологиядағы тұлға құрылымы жайлы жалпы түсінік.
- •6 Бөлім. Тұлғаның жеке-типологиялық қасиеттері.
- •1. Темперамент жайлы түсінік.
- •2.Темпераменттің физиологиялық негіздері.
- •3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.
- •2. Жеке адам дамуының қозғаушы күшi.
- •9 Бөлім. Әлеуметтік психология
- •Бақылау:
4 Бөлім. Тұлғаның эмоционалды –еріктік сферасы
Глоссарий:
Эмоция латын тілінен аударғанда ‘emoveo’, яғни қобалжу деген мағынаны білдіреді. Эмоция – бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.
Эмоция - адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне, пікіріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан көрінеді.
Шаттану –мұң, үрей мен қорқу, масаттану, өкіну осылардың барлығы адамның тітіркендіргіштерге психикалық реакциясының түрлерін көрсетеді.
Эмоцияның субъективтілігі - адамдағы барлық психикалық құбылыстар субъективті болады, ол адамның өмірлік тәжірибесіне, жағдайына, ұстанымдарына байланысты болады, бірақ субъективтілік эмоцияда ерекше аңғарылады.
Эмоцияның полярлылығы - оның өзі эмоцияның анықтамасынан бастау алады, яғни қанағаттану мен қанағаттанбау қажеттіліктерінің ағымдық процесі.
Эмоцияның фазалығы - эмоцияның динамикасына байланысты болады. Бір эмоциялық жағдайдың өзінде қысым мен бәсеңдік, қозу мен тынышталу көрінеді.
Аффект - («аффект» - сөзінің мағынасы жалпы алғанда қанағаттанудың әртүрлілігі, ауырсыну, тілек) – ол эмоцияның бірте-бірте күшеюінен көрінеді.
Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция.
Стресс - бұл күтпеген шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер, жылдам шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез-құлық стресстік күйлер болып табылады.
Көңіл күй – адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекеттеріне өң беретін ұзақ эмоциялық күй.
Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады.
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері.
Моральдік сезімдер - қоғам талабына орай, адамның өз мінезіне лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйді білдіреді.
Эстетикалық сезімдер –әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззәттану, рухани күшін арттыру сезімі.
Зияттылық сезім - адамның таным әрекетімен байланысты. Шығармашылдық пен өнерге деген көңіл – күй қатынасынан туындайды.
Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттау.
Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару.
8-тақырып. Сезім және эмоция. Ерік
Дәріс мақсаты: Студенттерде сезім және эмоция, ерік мәселелері туралы білімдерін тереңдету.
Қарастырылатын сұрақтар:
Сезім және эмоциялық белсенділік.
Тұлғаның еріктік белсенділігі
Дәріс тезисі.
1.Сезім және эмоциялық белсенділік. Тұлғаның эмоционалды белсенділігі бірнеше атауларға ие: сезім, аффект, құмарлық, эмоция. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан , қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы.
Эмоция – оң немесе теріс бастан кешудің организмге мәнді өзгерістер әкелуі. Бұл өзгерістер органикалық өзгерістер нәтижесі немесе таным іс-әрекетіне байланысты рефлекторлы туындауы мүмкін. Эмоция тамаққа қажеттілікте, қандай да міндетті шешуде немесе адамның терең ойға, қиял кезінде көрінетін реакциялары.
«Эмоция психологиясының» негізін салушы Бенедикт Спиноза : адам денесінің әрекетке мүмкіндігін жоғарылататын немесе төмендететін, ықпал жасайтын немесе шектейтін және осы жағдай идеяларын аффект деп атады.
Қазіргі кездегі теорияларға сәйкес эмоция жайлы теориялардың пайда болуырефлекторлы психофизикалық және қысымның танымдық анықтамасына және оған мән берумен шартталған.
Эмоционалды белсенділік сәйкес құрылымдармен жүзеге асырылады: олар тұлғаның қажеттіліктері, құндылықтары және эмоционалды сапалары.
Сезім – эмоционалды реакциялардың белгілі түрлеріне деген тұрақты бейімділік. Олардың кейбіреулері туа берілген, ал кейбіреулері өмір барысындағы тәрбие мен тәжірибеден қалыптасады. Сезім мысалдары: патриоттық, ата-аналық сезім, әуенге деген сүйіспеншілік.
Айналадағы қоршағандардың барлығы дерлік эсоция тудырмайды. Адамның эмоциясын тудыратын заттар және құбылыстар шеңбері бар, адамның эмоциясының молдығы адамның эмоциялық мәдениет деңгейін және эмоционалды жан-жақтылығын көрсетеді.
Өмір адамнан эмоциялық тұрақтылықты және күрделі жағдайларда қарсылық көрсетуді талап етеді.
Перл Изардтың теориясы бойынша базалық эмоциялар ретінде келесі эмоцияларды көрсетеді:
қызығушылық;
қуаныш;
таң қалу;
қайғы;
ашу;
жек көру;
қорқыныш;
ар-намыс;
ұялу;
кінәлілік т.б.
Эмоционалды процесс екі қабатты құрылымға ие: 1- қабат нақты сезімдерді; қорқыныш, қуаныш, қайғы т.б. бастан кешіру.
2-қабат арнайы емес үлкен және кіші шамадағы эмоциялы қысымдар. Ол стресс деген атау алған.
Стресс – бұл ақыл мен дененің бейімделушілік қабілеттеріне қойылатын талаптар.
2.Тұлғаның еріктік белсенділігі. Ерік күшінің құрылымы 3 буыннан тұрады.
1-буын- әрекетке итермелеудің қалыптасуы;
2-буын - эмоциямен өзара әрекеттестік;
3-буын – күрделілікті меңгеруге арналған күштерді жұмылдыру.
Ерік адамның физиологиялық функцияларды жүзеге асырудағы ырықты қозғалыстардың базасында дамиды. Алғашында балада қандайда бір ырықты қозғалыстарға белсенділік болмайды. Өскен сайын балада психофизиологиялық механизмдердің дамуына байланысты ырықты қозғалыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі артады.
Адам дамуының белгілі кезеңдерінде еріктік механизмдер танымдық процестер мен эмоционалдық аймақтарда көрінеді. Адам өмірдегі күрделілікке қарсы тұруда белсенді және тұрақты бола бастайды. Өзін-өзі ұстау дамиды, мінез-құлық еріктің кешені ретінде көрінеді.
Бақылау сұрақтары:
Эмоцияның формалары қандай?
Еріктік акт сипаттамасы.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.
Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.
Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.
Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.
Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999
Қосымша әдебиеттер
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.
Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.
