- •Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық құқық саласындағы қр заңнамасы
- •1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың пайымы
- •Пайдаланылатын терминдер мен айқындамалар
- •Ағымдағы ахуалды талдау
- •Мақсаттар мен міндеттер
- •Орындау кезеңдері және межеленген нәтижелер
- •Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы бағыттары
- •Тұжырымдаманы іске асыруды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Пайдаланылатын терминдер мен айқындамалар
Елдің ақпараттық қауіпсіздігі осы құжатта өзара байланысты екі аспектімен қаралады: техникалық және әлеуметтік-саяси.
Техникалық аспект ақпараттың тұтастығын, жасырын болуын және қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды авторсыз қолжетімділіктен, пайдаланудан, ашудан, бұзудан, өзгертуден, оқудан, тексеруден, жазудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.
Әлеуметтік-саяси аспект ұлттық ақпараттық кеңістікті және бұқаралық ақпарат тарату жүйелерін Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін мақсатты келеңсіз ақпараттық және ұйымдық әсер етуден қорғау болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік техникалық саясаты - Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі, мыналарды:
киберкеңістікте ақпаратты өңдеуді, беруді, сақтау мен қорғауды;
бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеуді, пайдалануды, қорғауды реттейтін көзқарастар, қағидалар мен практикалық әдістер жиынтығы.
Ақпаратты қорғау жүйесі - мемлекеттік органдар және ұйымдар жиынтығы, олар пайдаланатын ақпаратты қорғау техникасы, сондай-ақ ақпаратты қорғау саласындағы тиісті құқықтық, ұйымдастырушылық - өкімдік және нормативтік құжаттармен белгіленген қағидалар бойынша ұйымдастырылған және жұмыс істейтін қорғау объектілері.
Ақпараттық соғыс - ол әдеттегідей әскери күшті пайдаланбай, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қақтығыстар жүргізу тәсілі, қоғам мен мемлекетті тұрақсыздандыру үшін ақпараттық жүйелерге, процестер мен ресурстарға, аса маңызды және басқа да құрылымдарға зиян келтіру, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерді бүлдіру, халықты жаппай психологиялық үгіттеу, сондай-ақ қарсылас тараптардың мүдделеріне орай шешім қабылдауға мемлекетті мәжбүрлеу мақсатында ақпараттық кеңістіктегі қарсы күрес сияқты соғыс түрі.
Ақпараттық инфрақұрылым - ақпарат түзу, дайындау, түрлендіру, беру, пайдалану және сақтау үшін пайдаланылатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің техникалық құралдарының жиынтығы.
Ақпараттық кеңістік - ақпаратты түзумен, дайындаумен, түрлендірумен, берумен, пайдаланумен, сақтаумен байланысты әсер ететін, оның ішінде жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен өзіндік ақпаратқа әсер ететін қызмет саласы.
Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) - ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін, қылмыс түрі.
Ақпараттық терроризм - ақпараттық ресурстар пайдаланылатын немесе (және) оларға ақпараттық кеңістікте әсер ететін террористік мақсатта жүзеге асырылатын қызмет.
Ақпараттандырудың аса маңызды объектілері - ұзақ уақыт кезеңге жұмыс істеуінің тоқтауы немесе бұзылуы елдің қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының немесе инфрақұрылымының жекелеген салалары үшін не тиісті аумақта тұрып жатқан халықтың тыныс-тіршілігі үшін төтенше жағдайға немесе айтарлықтай келеңсіз салдарға әкелетін ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілері.
Контент - бұқаралық коммуникация құралдарын кез келген ақпараттық маңызды толтыру. Бұқаралық коммуникация құралдары деп бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, телевизия, интернет) мен бұқаралық ықпал ету құралдарының (театр, кино, цирк, көріністер, әдебиет) жиынтығы түсініледі.
Қоғамдық сана - қоғамдық тұрмысты бейнелейтін және оған әсер ететін сезімдер, көңіл-күй, көзқарастар, идеялар, теориялар жиынтығындағы қоғамның рухани өмірі. Қоғамдық сана оның жеке адамдарын құрайтын жиынтығына жинақталмайтын, дербес тұтас жүйе ретінде қаралады.
Электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат (ақпараттық деректер қоры).
