Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lek №3 Қауіпсіздік ҚР заннама.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы бағыттары

Тұжырымдаманың міндеттерін іске асыру үш бағытты дамытуды талап етеді:

1) заңнамалық және нормативтік-әдістемелік;

2) ұйымдастырушылық-өкімдік және ұйымдастырушылық-техникалық;

3) кадрлық.

Заңнамалық және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бағыты бойынша ақпараттық салада ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді үйлестіру, оның ішінде ұлттық деңгейде ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың өзара іс-қимыл моделін айқындау, ақпараттық терроризмге және ақпараттық қылмысқа қарсы іс-қимылды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында біртұтас мемлекеттік техникалық саясатты әзірлеуді, БАҚ-ты дамыту жөнінде заңнамалық және институционалдық шараларды қабылдауды қоса алғанда, мемлекет пен қоғамның әріптестігін дамыту мәселелерін шешу талап етіледі. Атап айтқанда, елдің ақпараттық қауіпсіздік саясатын тұжырымдау жөніндегі жауапты органдар айқындалады, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы іске қосылған мемлекеттік органдардың жауапкершілік салаларының аражігі ажыратылады, сондай-ақ оларды ведомствоаралық тиімді үйлестіру тетіктері жасалатын болады. Бұдан басқа, ақпараттандырудың аса маңызды объектілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігіне әсер ететін ақпараттық жүйелер мен ресурстар тізбесі айқындалады.

Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біртұтас мемлекеттік техникалық саясат (бұдан әрі - АҚМТС) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге, ресурстарға және оларды қолдайтын инфрақұрылымға қойылатын ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай стандарттарды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етуге бағыттайды. Атап айтқанда, ақпараттық-техникалық даму және ақпаратты қорғау, оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық және техникалық актілерді өзектілендіру талап етіледі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар ақпараттық қауіпсіздік деңгейлері бойынша жіктелетін болады, техникалық және бағдарламалық құралдарды сертификаттау, ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне аттестаттау рәсімдері жетілдіріледі, осы саладағы халықаралық ынтымақтастық дамиды, ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне және мемлекеттік құпияларды қорғауға жауапкершілікті арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар тұжырымдамалатын болады.

Бұдан басқа, бүгінгі күннің болмысы заңнаманың қолданыстағы нормаларын заңнаманың жеке саласына - ақпараттық құқыққа бөлу, сындарлы ақпараттық инфрақұрылымды қорғау мәселелері бойынша заңнаманы әзірлеу, ақпараттық құқық бұзушылықты қылмыстық жазаланатын әрекеттерге жатқызу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу талап етіледі, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерде авторлық құқықты сақтау мәселелерін қосымша құқықтық регламенттеу, дербес деректерді қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру, Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесінің сақталуын қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы халықаралық құқықтық нормаларды жетілдіру талап етіледі.

Баяндалғанмен қатар, телерадио хабар тарату саласындағы қызметті реттеуге, телерадио хабар таратудың эфирлік цифрлық, кәбілді, спутниктік және басқа да түрлері саласындағы жұмыстардың заманауи бірыңғай стандарттары мен параметрлерін орнатуға, отандық телевизия және радиоарналардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін, бірыңғай нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру қажет.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің трансшекаралық сипатын ескере отырып, осы салада тең құқықтық халықаралық ақпарат алмасу қағидаттарына сай келетін халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру талап етіледі.

Жаһандық ақпараттық инфрақұрылымды пайдалану, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды террористік және басқа да қылмыстар мақсатында пайдаланудың алдын алу, анықтау, жолын кесу және салдарын жою саласындағы Қазақстан Республикасының және шет елдердің құқық қорғау органдарының арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру саласында мемлекетаралық қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтық нормаларды әзірлеу осы саладағы стандарттар мен сертификаттаудың ұлттық жүйесін халықаралық жүйемен үндестіру талап етіледі.

Ұйымдастырушылық-өкімдік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бағыты бойынша ақпараттандырудың аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік саласында, оның ішінде ақпаратты қорғаудың жүйесі саласында біртұтас мемлекеттік техникалық саясатты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру талап етіледі. Осы мәселені шешу үшін ақпараттық кеңістік мониторингінің біртұтас мемлекеттік жүйесін құру, Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталығының ақпараттық жүйесін және инфрақұрылымын құру талап етіледі. Бұдан басқа, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы инновациялық даму, атап айтқанда инновациялық қызметті, ҒЗТКжТЖ (ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар) отандық базасының негіздері мен ақпаратты өңдеу және қорғаудың бағдарламалық және техникалық құралдары өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық желісін жетілдіру, ақпараттық технологиялар саласындағы аса маңызды инфрақұрылымды қорғау жөніндегі күш-жігерді үйлестіру үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталығын құру, Интернет желісіне мемлекеттік органдардың қол жеткізуінің бірыңғай шлюзін дамыту, мемлекеттік органдар үшін Бірыңғай электрондық пошта жүйесін дамыту, мемлекеттік органдардың резервтік деректер қорын сақтаудың кемінде екі аумақтық ажыратылған орталығын құру, Қазақстан Республикасының киберкеңістігінде ұлттық сәйкестендіру жүйесін дамыту, киберқауіпсіздік тораптарын құру, «электрондық үкіметтің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің рұқсат етілмеген қол жеткізуді, ақпаратты жоғалтуды, бұрмалауды болдырмауға бағытталған сапасы мен сенімділігін арттыру талап етіледі.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге аттестаттау жүргізуді қамтамасыз ететін болады, бұл ақпараттық жүйелердің іркіліс уақытының азаюына мүмкіндік береді.

Телерадиобағдарламалардың отандық өндірісінің үлесін көбейту мақсатында мемлекеттік органдарды тақырыптық бағыттарды дайындауға белсенді қатыстырумен, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру практикасы жалғасатын болады.

Азаматтардың отандық контентке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық спутниктік желіні әрі қарай дамыту бойынша, оның ішінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және спутник арқылы таралатын, телерадиоарналар тізбесін қалыптастыру мәселелері бойынша шаралар қабылданатын болады.

Телерадиоарналарды іріктеу кезінде қамту көрсеткіштері (өз аудиториясының болуы, әртүрлі мақсатты топтарды қамту), контент сапасы (әлеуметтік маңызы, тақырыптық саралану, рейтингтер, өзіндік ақпараттық өнімдерінің болуы), нарықта жұмыс істеу тәжірибесі, штаттың біліктілігі, тиісті құрал-жабдық пен үй-жайдың және басқалардың болуы критерий болуы тиіс.

Осы конкурс отандық телерадиоарналарды сапалы және бәсекеге қабілетті контент жүргізу мен таратуға ынталандыратын болады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында цифрлық эфирде хабар таратуды ендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу талап етіледі.

Басқа мемлекеттер, трансұлттық корпорациялар, түрлі бейформал құрылымдар тарапынан, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық санаға жасырын әсер етуді анықтау және болдырмау жөніндегі мақсатты саясат жүргізу, бұқаралық ақпарат тарату жүйесі арқылы терроризм, діни және этностық экстремизм, сепаратизм идеологиясының және басқа да қоғамға қарсы көріністердің таратылуына қарсы күресті жандандыру талап етіледі.

Интернеттің жаһандық ақпараттық желісінің қазақстандық сегментін дамыту мен реттеудің оңтайлы моделі енгізіледі, жағымды мазмұндағы контент өндірісін, отандық интернет-БАҚ-ты дамытуды, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды ынталандыру тетіктері әзірленетін болады.

Осы іс-шаралардың іске асырылуы елдің имиджін ілгерілету мақсатында қазақстандық БАҚ-тың Орталық Азия мен халықаралық ақпараттық кеңістікте қатысуын күшейтуге бағытталған.

Бұдан басқа, ғылымды, технологияларды және техниканы дамытудың басым бағыттары бойынша зерттеу жобаларын жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамитын болады.

Кадрмен қамтамасыз ету бағыты бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, оның ішінде ақпараттық терроризмге және ақпараттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын бөлімшелерін кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешу талап етіледі. Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша оқу және білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыру мәселесі өте маңызды.

Осы Тұжырымдаманы іске асыру мәселелерін ұйымдық қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар осы Тұжырымдамадан туындайтын, тиісті іс-шараларды стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету мақсатында, қазір жұмыс істеп тұрған Ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия тиісінше қайта атала отырып, оның мақсаттары мен міндеттері аясы кеңейтілетін болады.

Тұжырымдаманы іске асыруды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]