- •Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық құқық саласындағы қр заңнамасы
- •1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың пайымы
- •Пайдаланылатын терминдер мен айқындамалар
- •Ағымдағы ахуалды талдау
- •Мақсаттар мен міндеттер
- •Орындау кезеңдері және межеленген нәтижелер
- •Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы бағыттары
- •Тұжырымдаманы іске асыруды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Мақсаттар мен міндеттер
Тұжырымдаманың мақсаты ақпараттық саладағы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғауды кепілдік беретін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін құру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер кешенін шешу қажет:
1) елдің ұлттық ақпараттық инфрақұрылымы мен бірыңғай ұлттық ақпараттық кеңістігінің қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін дамыту;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біртұтас мемлекеттік техникалық саясатты әзірлеу және іске асыру, оның ішінде ақпаратты қорғаудың ұлттық жүйесін дамыту және нығайту;
3) ақпараттық саладағы жеке тұлғаның құқықтарын және қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау;
4) отандық ақпараттық кеңістікті дамыту;
5) ақпараттық саланы реттейтін заңнаманы жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының жаһандық ақпараттық желілер мен жүйелерді құру және пайдалану процестеріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету (халықаралық ынтымақтастық).
Орындау кезеңдері және межеленген нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі мүдделі мемлекеттік органдардың, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың, қалың жұртшылықтың күш-жігерін шоғырландыру деңгейіне байланысты болады.
Тұтас алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 5 жылдың ішінде жүзеге асырылады.
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесі бойынша мыналарға қол жеткізілетін болады:
1) ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды дамыту;
2) санкцияланбаған қол жеткізуге, ақпаратты жоғалтуға немесе бұрмалауға әкелетін оқиғаларға жол бермеу қамтамасыз етілетін болады;
3) ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жыл сайын 100% аттестаттау қамтамасыз етілетін болады;
4) тұтынушылардың отандық ақпараттық өнімге деген сұраныс деңгейі 2012 жылы - 35%, 2013 жылы - 40%, 2014 жылы - 45%, 2015 жылы - 50%, 2016 жылы - 55% құрайды;
5) БАҚ-тағы отандық контент үлесін 50% деңгейде ұстап тұратын болады;
6) Интернет желісіне қолжетімділігі бар азаматтардың үлесі ұлғаяды, ол 2012 жылы - 34,6%, 2013 жылы - 35,2%, 2014 жылы - 35,8%, 2015 жылы - 36%, 2016 жылы - 36,6% құрайды;
7) ақпараттық қауіпсіздік проблемасынан ақпараттық жүйелердегі іркілісті жоюды қамтамасыз ету деңгейі 2016 жылға қарай 20 минутқа дейін қысқартылады;
8) отандық компьютерлік жабдықтардың, жинақтаушы, оқшау (перифериялық) құрылғылардың және бағдарламалық өнімдердің өндірісі қамтамасыз етіледі;
9) өнеркәсіп орындарының инновациялық белсенділік деңгейі жоғарылайды;
10) ақпараттық саланы, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде реттейтін нормативтік-құқықтық база жетілдіріледі;
11) ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында кадрмен қамтамасыз ету жүйесі жетілдіріледі.
Осы Тұжырымдаманы іске асыру:
1) азаматтардың толық, сенімді және уақтылы ақпаратты алуға, сақтауға және таратуға конституциялық құқықтарын іске асыруға;
2) Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық қарым-қатынастарға тең құқылы қатысуына;
3) мемлекеттік саясатты тиімді ақпараттық қамтамасыз етуге;
4) өте маңызды ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге;
5) бірыңғай ұлттық ақпараттық кеңістіктің үздіксіз жұмыс істеуі мен сенімді қорғалуына ықпал етеді.
