- •Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы
- •Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
- •Бұрмалы жетектер
- •Бекеттік бағдаршамдар. Бекеттік бағдаршамдарды басқару сұлбасы. Сигнализация
- •Басқару және бақылау аппараттары
- •Төртсымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Дөңестік бұрмалы жетекті басқару сұлбасы
- •Бұрмалы электржетектерді басқару әдістері
- •Бекеттің блокты-түймелі жоспары. Бмро жүйесінің негізгі атқарушы және жинақтаушы блоктары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
- •Бмро-бн жүйесінің ерекшеліктері
- •Сұрыптау дөңестерін механикаландыру және автоматтандыру жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
- •Дөңестік рельс тізбектері
- •23.1 Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •23.2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •Блокты дөңестік автоматты орталықтандыру
- •Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш
- •Вагондық баяулатқыш
- •Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
- •Электрлік орталықтандыру постары
- •29.1 Сурет – Электрлік орталықтандыру постында құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары
- •Микропроцессорлық құрылғылар базасындағы перспективті эо жүйелері
- •Әдебиет
Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
Электрлік орталықтандырудың құрылымдық сұлбасы. ЭО құрылымдық сұлбасына ЭЦ орталық постының аппаратурасы, сонымен қатар алаңдық технологиялық құрылғы кіреді. Орталық посттың аппаратурасына ЭО басқару пульті кіреді, ол аралық бекеттерде таяқшамен (табло) бірге орналасқан. Ірі бекеттерде шығарылатын таяқшалар орналасады. И
Дәстүрлі түрде ЭО постының аппаратурасын жиынтықтық және атқарушы топтарға бөледі. Жеке түрде басқару және бақылау аппаратурасы қарастырылады, ол алаңдық құрылғылармен кабельдік сыммен жалғанған, олардың негізгісі тұрақты немесе айнымалы токты бұрмалық эленктр жетектері, рельс тізбектері және бекеттік бағдаршамдар. Басқару және бақылаудың басқа объекттеріне релелік шкафтар, батареялық құдықтар, маневрлік бағаналар мен төбелер, жолдарды шектеу құрылғылары, бұрмаларды пневмоүрлеу құрылғылары, автоқосқыштардың контактілерін электрлік қыздыру және тағы басқа құрылғылар жатады.
Электрлік орталықтандыру жүйелерінің классификациясы.
Бұрмалар, бағдаршамдар және ЭО жүйелері арасындағы тәуелділіктерді қамтамасыз ету әдісі бойынша орталық (ОТ) және жергілікті (ЖТ) тәуелділіктер бойып бөлінеді, ал алаңдық объекттерді электрлік қоректендіру әдісі бойынша – орталық және жергілікті қоректендіру болып бөлінеді. 1950 жылдардың ортасынан ЭО релелік жүйелерді тек қана орталық тәуелділік және орталық қоректендірумен жобалайды. Электрлік қоректендіру құрылғылары мен қондырғыларының концентрациясы жүйенің техникалық қызметін жақсартады және ақауларды іздеуді жылдамдаттырады.
Алаңдық объекттерді басқару әдісі бойынша телемеханикалық (ТМБ) және қашықтықтық (ҚБ) ЭО басқару объекттері қолданылады, сонымен қатар бөлінген және маршрутты басқару пайдаланылады.
Маршруттардың секцияларын тұйықтау және ажырату әдісі бойынша топтық және секциялық тұйықтау және ажырату болып бөлінеді. Стативті және блоктық ЭО посты аппаратурасының құрастырылымы қолданылады, ол электрлік сұлбаның тұрақты немесе шлангты жөндеуі арқылы орындалған.
ЭО жүйесінің электрлік сұлбасының қолданылатын элементті базасының түрі бойынша релелік, гибридті немесе релелік-процесоорлық және микропроцессорлық түрлері болады.
Бекеттерде поездар қозғалысын басқарудың кеңінен қолданылатын релелік жүйелері өзінің функционалды мүмкіндіктері мен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоғары деңгейде. Бірақ олардың материал сыйымдылығы өте жоғары, әсіресе күміс пен мыс шығындары бойынша, энергия сыйымдылығы жоғары, ол аккумуляторлық резервті құру кезіндегі шығындар бойынша, және де қымбат тұратын техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Релелік типті ЭО құрылғыларының 50 % өзінің физикалық ресурсын шығарды.
ААҚ «РЖД» басқармасы бұл мәселені микропроцессорлық негіздегі жаңа техниканы енгізу арқылы шешті. Бұл жүйелер жаңа сапаға ие.
ААҚ «РТЖ» сигнализацияның техникалық және технологиялық жабдықтлуы, теір жол блокировкаы ен орталықтандырылының жабдықталуының бағдарламасында автоатика мен телемеханика құрылғыларының ғылыми-техникалық саясатының негізгі бағыттары қабылданған:
Диагностика мен бақылаудың орналастырылған құралдары бар микропроцессорлық техника негізінде автоматика құралдарының кешендік қолданылуы;
Диагностика және қашықтық мониторинг фнкциялары бар қозғалы қарқынының дәрежесімен және түрлі құрылымы бар темір жол теліміне бейімделген микропроцессорлық интеграцияланған маршрутты басқару жүйесін құру;
Фирмалық және сервистік қызмет көрсетуді пайдаланып, ұжымдық ақпараттық жүйелері мен техникалық диагностика құралдарын енгізу негізінде күйі бойынша құрылғыларға қызет көретуге ауысу арқылы қызмет көрсету құрылғыларының технологиясының құрылыдық өзгеруі;
Электротехникалық зауыттардың өндірістік базасы негізінде дамуы – АҚ Элтеза біріккен электротехникалық зауыттар – қызет көретілмейтін құрылғы, заманауи электрондық өнімді шығаруға бағытталған;
Кадрлық саясаттық өзгеруі, ЖОО және орташа арнайы оқу орындарында жоғары мамандандырылған мамандарды дайындау үшін шарттар құру, өндірітік жағдайларда шаруашылық жұмысшыларының мамандануын көтеру.
Соңғы жылдары пайда болған, ЭО-ЕМ, МПО-2, Ebilok-950 типті микропроцессорлық орталықтандыру жүйелері, сонымен қатар ЭО-МПО осы талаптарға жауап береді.
ЭО құрылғыларына ПТЭ талаптары.
ЭО құрылғысы қатаасыз ету керек:
Бұрмалар мен бағдаршамдардың өзара хабарласып тұйықталуы;
Берілген маршрутты қоршайтын бағдаршамды бір уақытта жабатын бұрма қиығын бақылау;
Бұрма күйін бақылау, басқару аппаратында бұрмалық секциялар мен жолдың бос болуын текеру;
Бұрмалар және бағдаршамдарды маршрутты және жеке басқару мүмкіндігі, бұрманы жергілікті бақаруға беру, маневрлік бағдаршамдардың көреткіші бойынша маневрлік қозғалытар жасау.
ЭО құрылғылары келесі әрекеттерді орындамау керек:
Бос емес жолға орнатылған маршрут кезінде кірі бағдаршамын ашу;
Қозғалмалы құрам астында бұрманы ауыстыру;
Егер бұрмалар керекті жерге қойылмаса, берілген маршрутқа сәйкес бағдаршамды ашу;
Маршрутқа кіретін бұрманы ауыстыру немесе берілген маршрутты шектейтін ашық бағдаршам кезінде қарама қарсы маршруттың бағдаршамын ашу.
Орталықтандырылған бұрмалардың жетектері мен тұйықтағыштары орындау керек:
Бұрманың шеткі күйі кезінде үшкірінің рамалық рельке ығысуы және крестовинаның қозғалмалы өзекшесінің усовикке ығысуы;
Үшкір мен рамалық рельс немесе қозғалмалы өзенкше мен усовик арасындағы саңылау 4мм және одан да көп болса, крестовинаның қозғалмалы өзекшесі немесе бұрма үшкірінің тұйықталуын болдырмау;
Басқа үшкірін рамалық рельстен 125 мм-ге қашық орналастыру.
Релелік орталықтандырудың қауіпіз сұлбаларын құру ерекшеліктері.
Релелік орталықтандыру құрылғылрындағы поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сенімділігі жоғары релелік аппаратураны қолдану; қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде қозғалысқа рұқсат беретін бағдаршамның ашылуын болдырмайтын электрлік сұлбаларды пайдалану; ЭО алаңдық және посттық құрылғыларының апатсыз жұмыс істеуі мен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсету көмегімен ПТЭ талаптарын орындау арқылы жүзеге асады.
Темір жол автоматикасындағы электрлік сұлбалар бақылау және басқару функцияларын тарату және орындауды жүзеге асыру үшін, жүйедегі әрекеттер алгоритміне сәйкес элементтер арасындағы тәуелділікті қамтамасыз ету үшін қолданады. Сондықтан ЭО барлық сұлбалары кез келген элементтің істен шығуы кезінде поездар қозғалысына қауіпті жағдау болмайтындай құрады, және де ондағы істен шығулардың жалпы саны минимал болуы керек.
Электрлік сұлбалардағы істен шығулар екі түрге жіктеледі: қауіпті, бұл кезде поездар қозғалысының қауіпсіздігі бұзылады, және қорғаныш, бұл кезде поездар қозғалысының қауіпсіздігі бұзылмайды. Қауіпті ақауларға жатады: құрам астында бұрманың ауысу мүмкіндігі, бұрманың жалған бақылануын алу. Ал қорғаныш ақауларына жатады: бұрма бос кезінде және рельс тізбегі істен шыққан кезде бұрманың ауыстырылмауы, маршрутқа кіретін бұрмалық аймақтар немесе қабылдау жолының жалған бос болуы кезінде бағдаршамның ашылмауы.
Релелік орталықтандырудың электрлік сұлбаларында қауіпті ақаулар болмайды, ондағы ақаулар қорғаныш болып табылады. Жеке электрлік элементтер арасында қауіпті ақаулар болмас үшін, кез келген сұлбадағы ақау бағдаршамның ашылуына мүмкіндік бермейтіндей немесе тыйым салу алауына жабылуын қамтамасыз ететіндей өзара байланыс орнатылады.
Элекрлік сұлбалар келесі ақаулар кезінде олардың жұмысында қауіпті жағдай тумайтындай құрылады: электр тізбегінің үзілуі немесе біріктірудің бұзылуы, жерге қатысты сұлбаның оқшаулануының төмендеуі, жанып кету немесе сақтандырғыштардың болмауы, электр қоректендіргіштерінің өшірілуі немесе сөндірілуі, рұқсат етілген шектен жоғары шамада қоректендіру кернеуінің тербелуі, конденсаторлардағы, жартылай өткізгіштердегі және контактісі жоқ аспаптардағы қысқаша тұйықталу, поляризациялық якорьдің істен шығуы, кез келген контактінің тұйықталуы немесе тұйықталмауы, реленің электрлік немесе уақыттық сипаттамаларының өзгеруі, реле немесе трансформаторлар орамындағы үзілу және тұйықталу, резистор кедергісінің артуы немесе жоғалуы және тағы басқа.
ЭО барлық сұлбалары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуына байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сұлбалар жатады. Ондай сұлбаларға бұрмалық электр жетектерінің қосылу, бағдаршам лампаларының, жолдық бөгеу аспаптарының қосылу схемалары жатады. Ондағы ақаулар орнатылған маршрутта бұрма үшкірінің орын ауыстыруына, бағдаршамдардағы рұқсат лампаларының жануына әкеледі. Сонымен қатар бұрма күйін бақылау, рельс тізбегінің күйін бақылау сұлбалары, бағдаршам лампасының жану сұлбасы жатады, олар маршрутты тұйықтау және ажырату, орнату сұлбаларына қатысады. Бұл топқа маршруттың дұрыс орнатылуын қамтамасыз ететін және қозғалмалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маршрутты орнату, тұйықтау және ажырату сұлбалар кіреді, және де – ЭО құрылғыларының істен шыққан кезінде бағдаршамды ашпай поездар қозғалысына рұқсат беру үшін қолдануға болатын индикацияны бақылау сұлбасы жатады.
Бірінші топ сұлбаларын құру үшін бірінші класс сенімділіг бар аспаптар мен релелер қолданылады, олар жөндеу және сымдардың жоғары сапасы кезінде қауіпті ақаулардың пайда болуын болдырмайды. Сонымен қатар ондай сұлбаларда қозғалыс қауіпсіздігінің кез келген технологиялық шарттарының бұзылуынан және басқару пультында пломбланбаған батырмалармен оператордың дұрыс емес манипуляциясынан қорғайды, 4с уақытқа дейін рельс тізбегінде шунттың жоғалуынан, бағдаршам лампаларының жануынан және сақтандырғыштардың жануп кетуінен қорғайды.
Екінші топқа қозғалыс қауіпсіздігі тәуелді емес сұлбалар жатады. Ондай сұлбаларға басқару аппараттарынан маршрут пен индикацияны тұйықтау және ажырату сұлбаларына бұйрықты жіберуді қамтамасыз ететін сұлбалар кіреді, олар оператор жұмысын жеңілдетуге және құрылғының техникалық күйін бақылауға арналған. Бұл топқа маршрутты типті ЭО жеке жүйелерінде кодтық релені пайдаланытын маршрутты жиын релесінің сұлбасы жатады. Бірақ басқару объектілерінің күйі жайлы хабарлайтын индикация сұлбаларын бірінші топқа жатқызу керек, себебі поездтың нақты жағдайы туралы ақпарат алмау поездар қозғалысының қауіпсіздігін бұзады.
Бірінші және екінші топ сұлбаларының жұмысының өзара байланысы келе і талаптарға жауап беру керек. Екінші топтағы темір жол автоматикасы жүйесінің сұлбасындағы кез келген ақау бірінші топ сұлбасының жұмысында қауіпті жағдай туғызбау керек. Сенімділік классы бірден төмен реле контактілері жәнебатырма мен коммутатор контактілері бірінші топтың электрлік сұлбаларына электр тізбегінің басында немесе соңында ғана қосады.
Сұлбаларды құрудағы юарлық ерекшеліктер әртүрлі релелік аппаратура негізіндегі ЭО жүйелерінде, сонымен қатар процессорлық техникасы бар жүйелерде түрлі сұлбалардың талдауында қолдануға болады.
Қауіпсіз релелік сұлба құрудың негізгі ережелері. Бұл ережелер темір жол автоматикасы мен телемеханикасының релелік жүйелерінің эксплуатациясы мен жобалануы, дайындалуының ұзақ уақыттық тәжірибесі негізінде құрылған. Төменде релелік орталықтандыруда пайдаланылатын қауіпсіз сұлбаларды құрудың негізгі әдістері қарастырылған.
Реленің бастапқы күйін таңдау. Реленің бастапқы күйі, реленің іске қосылғаны кезінде істен шығу кезде жүйе қорғаныш күйге ауысатындай, болу керек. ЭО қолданылатын жүйенің бастапқы күйі келесі жағдайлармен сипатталады: жолдық телімдер, бұрмалық секциялар және бекеттің қабылдау-жіберу жолдары қозғалмалы құрамнан бос болу керек; бекеттік бағдаршамдар жабық; бұрмалық электр жетектер нормаль күйде және бұрманың нормаль күйінің бақылануын береді. Сондықтан ЭО жүйесінің бастапқы күйінде, маршрутты тұйықтау және бақылау қызметін атқаратын реленің электр тізбектерімен ток ағып өтеді. Қалған релелер токсыз күйде болады және ДСП мен қозғалмалы құрамның белгілі бір әрекеттері кезінде ғана қосылады. Сондықтан кез келген істен шығу кезінде (үзілу, қысқаша тұйықталу және т.б.) жүйе бөгеттік күйге келеді, бұл кезде бағдаршам ашықмайды және бұрмалар қозғалмайды.
Кіші бекеттер ЭО жүйесінде маршрутта бұрманың орналасуын бақылау бақылау-маршруттық реле көмегімен орындалады (БМ), олар ДК бақылау бұрмалық реленің контактілері арқылы қосылады, бұл кезде БМ әрбір реленің қоздыру тізбегі ДК бір реленің артқы контактісі арқылы тұйықталады және маршрут бойынша бұрманы орналасуын бақылау тізбегі құрылмайды, маршрут орнатылмайды және бағдаршам ашылмайды.
Барлық маршруттың дұрыс орнатылуын тексеру, тұйықтау релесін өшіру, бағдаршамды ашатын ГС және БС сигналды релесін қосуды ортақ сигналды реле орындайды. Ол реле нормаль өшірілген және сигналды батырманың басылу контактісі мен маршруттың орнатылуын бақылау релесіне сәйкес артқы контактілердің тұйықталуы кезінде олар қоздырылады. ОС реленің қоздырылған кезінде және оның тізбегінің бүтіндігі бұзылған кезде реле өшіріледі және бағдаршам жабылады.
Тқйықтау релесі З орнатылған маршрутты тұйықтайды. Нормаль күйде З реле қоздырылған және маршрут тұйықталмаған. Сигналды реленің қоздырылу моментінен бастап, ОС тұйықтау релесі өшіріледі және якорьді жіберіп, маршрутқа кіретін бұрмалардың ауыстырылуын болдармайды. Тұйықтау релесіндегі З тізбектегі ақау оның өшірілуіне және маршруттың тұйықталуына әкеледі.
ЭО сұлбаларында қабылданған реленің бастапқы күйі өзара байланысқан. Ондай өзара байланыс келесі қорғаныш ақауларды бақылауға мүмкіндік береді: ОС ортақ сигналды релесінің артқы контактісі жабысқан кезде маршрут тұйық болып қала береді; тұйықтау релесінің артқы контактісі жабысқан кезде ГС сигналды релесінің қоздыру тізбегі құрылмайды және кіріс бағдаршам ашылмайды; ОС ортақ сигналды реле тізбегі үзілсе, немесеГС сигналды релесінің тізбегі үзілсе, бағдаршам жабық болып қалады; тұйықтау релесі З тізбегі үзілсе, бұрмалар тұйықталады және олар ауыспайды.
Реленің өшірілуін тексеру. Егер реле орамы қоректендір көзінен 1 классты басқа реленің немесе төменгі класс релесінің артқы контактісімен өшірілсе, бірінші класс релесінің нақты өшірілуін тексеру керек. Ірі бекеттің релелік орталықтандыру сұлбасында маршрутты дайындаудың дұрыстығын тексеруді жеке секциядан тұратын бақылау-секциялық БС релелер орындайды. БС релелер маршрут трассасы бойынша ортақ тізбекке жалғанған, маршруттың орналасуының дұрыстығының барлық шарттары орындалған кезде бір уақытта қоздырылады. Ол тізбектегі істен шығу БС барлық релесінің өшірілуіне әкеледі және бқл маршруттың бағдаршамы ашылмайды. БМРЦ тізбегіндегі СП жүйесіндегі бұрмалық-жолдық блокта маршрутты реленің М өзіндік блоктау тізбегі БС бақылау-секциялық реленің артқы контактілерімен өшіріледі. М релесінің артқы контактісімен тұйықтау релесінің қоректендіру тізбегі үзіледі. Маршрутты және тұйықтау релесінің өшірілуін тексеру маршрутты тұйықтау, орнату және бақылау дұрыстығын алуда ғана мүмкін С сигналды реленің қоздырылуымен жүзеге асады. С сигналды реле тізбегіндегі ақау оның өшірілуіне және бағдаршамның жабылауына әкеледі.
Реле қайталағыштарын пайдалану. 1 класс реле контактілерінің санын арттыру үшін олардың қайталағаштарын қолдануға болады. Қайталағыштар сұлбасында орамдардың тізбектей немесе каскадты жалғануы қолданылады. Соңғы жағдайда басқару объектісінің жауапты тізбегіне соңғы реле-қайталағыштың контактісі жалғануы керек. Бұл кезде негізгі реле қосылса, оның қайталағышы өшіріліп тұрса, қауіпті ақауды анықтау үшін жұмыстың қосымша талдануы қажет.
Қоректендіру көзінен релені ажырату. Ауа және кабель сызықтары жоқ және жылытылатын релелік бөлмеде орналасқан, ЭО постты құрылғыларының сұлбасында қоректендіру көзін бір полюсті ажыратуға болады. Себебі жөндеу сымдар қатынаса алмайды және В релесі қосылмайды. Реле орамының шығыстарының бірі қоректендіру көзінің бір полюсіне қосылу керек. Егер бұл ереже орындалмаса, сұлбаға қорек беретін, сымдардың бірі үзілсе, екі немесе одан да көп реленің жалған іске қосылуы үшін айналып өту жолдарының болуына сұлбада қосымша талдау жүргізіледі. Жылу берілмейтін бөлмеде бірінші класс сенімділікті релелерде қоректендіру көзінен екі полюсті ажыратылу болу керек.
Сенімділігі 1 класстан төмен реле мен коммутациялық аспаптардың қолданылуы. Қауіпсіз сұлбаларда мұндай элементтерді пайдалану кезінде электр тізбектерде олардың контактілерінің тұйықталуын және ажыратылуын тексеру керек. Бірақ мұндай бақылау жеткіліксіз, сол себепті қауіпті ақаулардың болмауын тексеруге қосымша талдау керек. Поляризацияланған реленің жұмысын тексеру үшін олардың көшірмесін қолдану керек. Сенімділігі 1 класстан төмен реле контактілері сонымен қатар батырма, коммутациялық аспаптар және коммутаторлар контактілері тізбек соңында немесе басында орналасу керек, яғни қоректендіру көзінің полюстер жағынан және ауа мен кабель сызығы бар сұлбаларда. Ол кабель мен сымдардың қатынасуы кезінде аспаптың жалған қосылуын болдырмайды. Сызықты тізбектер өзара және сыртқы электр магнитті әсерден қорғалған болу керек, және де найзағай соғуы кезінде токтан.
Темір жол автоматикасы мен телемеханикасының қауіпсіз жүйесінің электрмен қамтамасыз ету сенімділігі техникалық жобалаудың нормаларына сәйкес 1 категорияның ерекше тобына жатуы керек. Электрмен қоректендіру көздері жерлендіру сигнализаторларымен жабдықталуы керек, оларда 1 класс релесі жұмыс істеу қажет. Сақтандырғыштардың біріктірілуін болдырмас үшін әрбір электр тізбегі бір сақтандырғыштан қоректену керек.
ЭО сұлбаларын құрудың жалпы принциптері. Орталық қоректену бар ЭО және бағдаршам мен бұрманы маршрутты басқару абр ЭО екі аспаптар тобынан тұрады: жиынтық және атқарушы. Жиынтық топтың релесі маршрутты орнату кезінде бұрмалық электр жетектерін басқару сұлбаларына оларды маршрутқа сәйкес ауыстыру үшін әсер етеді, және бағдаршамды ашу үшін маршрутты ажырату және орнату сұлбаларына әсер етеді. Атқарушы топ релесінің функциясы бағдаршам ашылғанда, барлық маршрут бойынша қозғалмалы құрамның қозғалысы кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды тексереді. Бұрмалар мен бағдаршамдар арасында блоктау тәуелділігін орындау үшін 1 класс сенімділігі бар реле пайдаланылады. Жиынтық топ сұлбалары екінші және одан төмен классты релелерден тұрады, себебі олардың функциясы қауіпсіздікпен байланысты емес.
Орталық қоректенуі бар релелік және релелік-процессорлық ЭО жүйелерінің маршрутты орнату және ажырату сұлбалары территориалдық принцип бойынша құрылған, яғни бекет жобасы бойынша. Функционалды байланыстарды орындаудың басқа әдістерімен салыстырғанда ол қарапайым және экономикалық жағынан тиімділігімен сипатталады, ол көптеген блоктау тәуелділігімен ерекшеленетін транспорттық есепті шешуге сәйкес. Бұл әдіс бойынша ЭО әрбір элементі (кіріс, шығыс және маневрлік бағдаршамдар, бұрмалық және бұрмасыз оқшауланған телім, қабылдау-жіберу пункттері мен орталықтандырылған бұрма) бекет жобасында жеке сұлбалық түйін ретінде көрсетіледі, олар арқылы функционалды мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып, барлық маршруттың тізбектері өтеді. Негізгі тізбектер бұрмалық бақылау релесінің контактілерімен байланысады, олар арқылы бұрманың әртүрлі орналасуы бар қарама-қарсы маршруттарды болдырмайды.
ЭО кезінде маңызды рөлді индикация құралдары ойнайды, олардың көмегімен ДСП құрылғылардың нормаль жұмысы және істен шығулар кезінде поездар қозғалысын ұйымдастыру бойынша шешім қабылдайды. Сондықтан жалған индикацияны алу қауіпті ақау болып табылады. Индикация құралдары (бақылау лампалары, ұяшықтар) бұрмалардың орналасуымен визуалды контакт үшін, бағдаршамдар күйі, рельс тізбегінің күйі, поездар қозғалысы мен маршруттар трассасы, жою режимі, жасанды бөлу және т.б. үшін арналған, сенімділігі 1 класс релесімен іске қосылу керек. Сенімділігі 1 класстан төмен реле контактілерімен маршрут жиынының бақылау ииндикациясын қосуға болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Электрлік орталықтандыру жүйесінің элементтік тобына қойылатын жалпы талаптар.
2. Жинақтаушы топ сұлбасының тағайындалуы және оған қойылатын талаптар.
3. Атқарушы топ сұлбасының тағайындалуы және оған қойылатын талаптар.
4-дәріс
