- •Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы
- •Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
- •Бұрмалы жетектер
- •Бекеттік бағдаршамдар. Бекеттік бағдаршамдарды басқару сұлбасы. Сигнализация
- •Басқару және бақылау аппараттары
- •Төртсымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Дөңестік бұрмалы жетекті басқару сұлбасы
- •Бұрмалы электржетектерді басқару әдістері
- •Бекеттің блокты-түймелі жоспары. Бмро жүйесінің негізгі атқарушы және жинақтаушы блоктары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
- •Бмро-бн жүйесінің ерекшеліктері
- •Сұрыптау дөңестерін механикаландыру және автоматтандыру жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
- •Дөңестік рельс тізбектері
- •23.1 Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •23.2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •Блокты дөңестік автоматты орталықтандыру
- •Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш
- •Вагондық баяулатқыш
- •Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
- •Электрлік орталықтандыру постары
- •29.1 Сурет – Электрлік орталықтандыру постында құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары
- •Микропроцессорлық құрылғылар базасындағы перспективті эо жүйелері
- •Әдебиет
Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
Қысқа тұйықталған роторлы үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыш біршама дәрежеде бұрмалы электр жетектерінің пайдалану сенімділігіне қойылатын шарттарды қанағаттандырады, яғни ол түйіспесіз болып табылады және жұмыстық тізбегін коммутациялау үшін жоғары өтпелі ток пен кернеуді қажет етпейді, бірақ ол еліміздің темір жол желісінде тұрақты токтағы қозғалтқыштарға қарағанда кең қолданыс тапқан жоқ. Мұның негізгі себептерінің бірі үшфазалы бұрмалық қозғалтқышты басқару сұлбасы кабельдік немесе аппаратуралық шығын бойынша тұрақты токтағы типтік екісымды бұрмалы жетекті басқару сұлбасынан біршама артық болуына байланысты (11.1-сурет).
11.1-сурет. Бұрмалы электр қозғалтқышын басқарудың бес сымды сұлбасы
Орталық реверсті бессымды сұлба аппаратуралар шығыны бойынша екісымды сұлбамен бірдей, қосарланған электржетектерді параллель және тізбектей ауыстыруға мүмкіндік береді, ал кабель шығыны бойынша төртсымды сұлбамен бірдей. Бұл сұлбаның бақылау тізбегі жалған іске қосылудан қорғанудың жоғары дәрежесіне ие, яғни бұрманың әрбір жағдайы сымдардың екі жұбы бойынша бақыланады.
Бессымды сұлбаның алгоритмі екісымды сұлбаға сәйкес ППС релесі іске қосылған соң, НПС релесіне блоктаушы кернеу кіші өлшемді үш ток трансформаторынан (Т1-Т3) және түзетуші көпірден тұратын фазабақылаушы құрылғыдан беріледі. Трансформаторлар келесі ретпен жұмыс істейді, яғни олардың ток орамаларынан 0,8А немесе одан артық ток өткен кезде магнитөткізгіштер қанығады. Трансформаторлардың магнитөткізгіштерінің қанығуы нәтижесінде олардың магнит ағындары синусоидалы емес және негізгі гармоникасынан басқа ең бастысы үшінші гармоникаға ие болады. Тақ гармоникалық құраушылар елеусіз амплитудаға ие және фазабақылаушы құрылғыға айтарлықтай әсер етпейді.
Екінші орамада да бұл сәтте негізгі және үшінші гармоникадан тұратын ЭҚК индукцияланады. Екінші орамалардың тізбектей жалғануы кезінде бір-бірінен 120° ығысқан ЭҚК негізгі гармоникаларының қосындысы нөлге тең.
Фазаға сәйкес келетін үшінші гармоникалар UK = еA3 + еB3 + еC3 = 3е3 арқылы НПС релесінің жоғарыомды ормасына беріледі. Бір фазаның үзілуі кезінде трансформаторлардың екіншілік орамалары қарама-қарсы қосылған болып шығады және фаза бақылаушы құрылғының шығыс клеммаларындағы кернеу қосындысы нөлге тең болып шығады.
Кейінен айнымалы токтағы бұрмалы электржетектерді басқару сұлбасы жұмыс сенімділігін арттыру бойынша және күтім көрсетуге шығынды төмендету бойынша жетілдірілуі қажет. Бұл үшін үлкен ресурсты түйіспесіз және түйіспелі коммутациялаушы аспаптарды пайдалану қажет (ең бастысы электржетектің жұмыс тізбегі үшін). Сонымен қатар күтім көрсетуші персоналдардың қате әрекеті кезінде бақылау тізбекті дұрыс емес іске қосылуынан қорғануды жетілдіру қажет.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Екісымды және төртсымды сұлбалармен салыстырғандағы бессымды сұлбаның ерекшелігі қандай?
2. Бессымды сұлбада қандай қозғалтқыш пайдаланылады?
3. Бессымды сұлбада желілік сымдардың дұрыс жалғанбауы кезінде сұлба жұмыс істеуі мүмкін ба?
12- дәріс
