Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әділбек.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

Бөлімнің қызметі

5.Бөлім өз құзыреті көлемінде, өзіне жүктелген міндеттеріне сай, төмендегі қызметтерін атқарады;

-кеден ісі аумағында қылмыстарды анықтау,ескерту және жою мақсатында, оперативтік іздестіру қызметін жүргізу, ұйымдастыру, экономикалық контрабандаға қарсы күрес, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден бұлтарту, басқада қылмыстармен және кеден ісі аумағында ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

-Бөлімнің құзырына жататын сұрақтар бойынша, Департаменттің құрылымды бөлімшелерімен біріккен іс-әрекеттерді қамтамасыз ету;

-Басқарманың құзырына жататын, қылмыстың белгілері бар, материалдар мен мәліметтерді қарау;

-ҚР-ы мен басқада мемлекеттердің кеден органдарының кеден ісі аумағындағы, экономикалық контрабандаға қарсы, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден бұлтарту және тағы да басқа қылмыстарға қатысты нәтижелі тәжірибені қолдану,зерттеу, талдау;

Іі. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының қызметі,мақсаты ,еңбекті ұйымдастыру тәртібі

 

 

Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының және оның құрылымдық бөлімшелерінің өкілеттігін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы туралы ережесі анықтайды.Басқарманың құрылымына мынадай құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі-бөлімше) кіреді:

кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімі;

бөлінетін радиоактивтік материалдарды бақылау және техникалық құралдарды кедендік бақылау бөлімі;

кедендік рәсімдерді бақылау бөлімі;

алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімі.     Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Кеден одағы комиссиясының және ЕурАзЭҚ Мемлекеттік кеңес аралық Шешімдерімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауларымен және кеден ісі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) құзыретінің шегінде өзінің қызметін жүзеге асырады.

Басқарманың міндеттері Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқарманың және оның бөлімшелерінің негізгі міндеттері:

өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен өмірін және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды қамтамасыз ету;

өз құзыры шегінде Кеден одағы және Қазақстан Республикасының кеден және басқа да заңнамаларының сақталуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген басқа да заңдылықтардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

кедендік бақылауды жетілдіру және ұйымдастыру, осы салада заңдылық талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

кедендік декларацияны ұсыну алдындағы кедендік операцияларды ұйымдастыру және жүргізу;

кедендік рәсімдер арқылы тауарларды орналастыру және оларды аяқтау әрекеттері (оның ішінде жекелеген кедендік рәсімдеу әрекеттерінің мерзімін ұзарту), оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімі шарттарының сақталуын бақылау және ұйымдастыру;

Кеден одағының кеден шекаралары арқылы өткізілген жеке тұлғалармен, шетел азаматтарының жекелеген санаттарымен, сондай ақ халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарын, ақша құралдарын және ақша жабдықтарына кедендік декларациялауды және бақылауды ұйымдастыру;

сыртқы экономикалық қызметке және басқа да қызметтерге қатысатын тұлғалардың кеден ісі саласына қатысты құқықтары мен мүдделерін қорғау;

өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды қамтамасыз ету;

кеден ісі саласында қызметтерді жүзеге асырушы тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру;

кеден одағының кеден шекаралары арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден органдарымен қабылданатын зияткерлік меншік объектілерін қорғау құқықтары бойынша шараларды жүзеге асыру;

кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің өз құзыры шегінде және Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген өзге де міндеттерді орындау.

Басқарманың функциясы Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы өзінің құзырет шегінде, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, келесідей функцияларды жүзеге асырады:

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

кедендік рәсімдер арқылы тауарларды орналастыру және оларды аяқтау әрекеттері (оның ішінде жекелеген кедендік рәсімдеу әрекеттерінің мерзімін ұзарту), оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімі шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүргізу;

тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру, транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзит мерзімдерін бақылау, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау;

«ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін» қолдану, кедендік транзит кедендік рәсімін ТЖБАЖ-да аяқтау;

жеткізілмеген тауарларды іздестіру;

кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, беру және өтеу;

тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды және уақытша сақтау мерзімдерін бақылау, тауарларды уақытша сақтауға орналастырылғанын растайтын құжаттарды тіркеу;

уақытша сақтау орындарында электрондық пломбаларды алу;

1975 жылғы ХЖТ кітапшасын қолдану арқылы халықаралық жүк тасымалы туралы кедендік конвенцияға сәйкес өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына бақылауды ұйымдастыру, ХЖТ кітапшаларын ашу, жабу, келу туралы куәліктерді беру, Safe TIR жүйесін қолдану арқылы ХЖТ кітапшаларының жабылуы туралы ақпаратты беру, тасымалдаушыларға ХЖТ рәсіміне рұқсат беру;

тауарлардың әкетілуін қарастыратын (экспорт, реэкспорт және т.б.) кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың нақты әкетілуін бақылау, СЭҚ қатысушыларға нақты кету туралы белгілермен тауарларға арналған декларацияларды ұсыну, тауарлардың нақты әкетілуі туралы ақпаратты салық органдарына жолдау;

тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру;

кеден одағының тауары мәртебесін алмаған тауарларды орналастыруда кедендік бақылауды кеден амалдарының шарттарын сақтай отырып жүргізу, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы;

Кеден транзитінен басқа кеден амалдарына орналастырылған, кедендік бақылау амалдары аяқталмаған, бақылауда тұрған тауарлардың нақты барлығына және мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүргізу;

Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіби біліктілік талаптарын сақтауына, Қазақстан Республикасының кеден заңдылықтары талаптарының сәйкестігін сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңдылықтары талаптарына сәйкес кеден ісі саласында қызмет атқаратын тұлғаларға сәйкестік қорытындыларын беру;

Қазақстан Республикасы мен кеден одағының кеден заңдылықтарына сәйкес уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймасы, өз тауарларын сақтау қоймасы және бажсыз сауда дүкендерінің иелерін тізілімге енгізу;

 

Зияткерлік меншік иелерінің тізіліміне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің Бірыңғай кеден тізіліміне енгізілген, сонымен қатар мұндай тізілімдерге енбеген зияткерлік меншік нысандарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;

Зияткерлік меншік нысандары кіретін тауарларды кеден амалдарына орналастырумен байланысты кеден амалдарын жүргізуде тауарларды шығаруды тоқтату бойынша жұмыстар жүргізу;

Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден амалдарын жүргізу мен кедендік бақылау жасауға құзыретті кеден бекеттерінің (оның ішінде энергетикалық, акциздік), өткізу-бақылау пункттерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар ұсынылған кеден декларациясындағы мәліметтерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдауда;

Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден шекараларынан жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған ақша және ақша құралдарын, тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде, шетелдік жекелелеген азаматтардың тауар өткізуіне және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кеден заңдылықтарының қолданылуына бақылауды жүзеге асыру;

кедендік бақылаудың техникалық құралдарының пайдалануын бақылау;

бөлінетін және радиоактивтік материалдарға және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді қолдануға кедендік бақылауды ұйымдастыру;

бөлінетін және радиоактивтік материалдарға кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар басқармасы, теміржол органдарымен, сертификаттандыру және стандарттау бойынша ұйымдармен, жабдықтарға техникалық қызмет көрсетумен, тексерумен шүғылданатын мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;

кеден бекеттерін КБТҚ-мен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізу;

тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кедендік ережелерді бұзуды анықтау, ашу және тіркеу мақсатында Департаменттердің/Кедендердің құрылымдарында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді қолдану бойынша шараларды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының, радиоактивтік материалдардың контрабандасын алдын алу бойынша іс-шараларға қатысу;

кедендік бақылаудың техникалық құралдарының апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына, техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттарды дайындау және ұйымдастыру;

кеден органында кедендік бақылаудың техникалық құралдарына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

кеден органында кедендік бақылаудың техникалық құралдарының қажеттілігін анықтау;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоғары тұрған кеден органына есептік ақпараттарды жинау, шолу және ұсыну;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша өзара бірлескен қызметті жүзеге асыру;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара бірлескен қызмет жасау;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының құзырына кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

Қазақстан Республикасы кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты шағымдардың уақытылы қаралуын қамтамасыз ету;

сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларды Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңдылықтарындағы өзгерістермен және толықтырулармен, заңдылыққа сәйкес, тұрақты түрде және уақытылы ақпараттандырып отыру;

жүзеге асырылуы үшін Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасына жүктелген қажетті басқа да функцияларды атқару.