- •Басқарманың міндеттері
- •Басқарманың қызметі
- •5.Басқарма өз құзыреті көлемінде, өзіне жүктелген міндеттеріне сай, төмендегі қызметтерін атқарады;
- •Басқарманың құқықтары
- •6.Басқарманың құқықтары бар;
- •Бөлімнің қызметі
- •5.Бөлім өз құзыреті көлемінде, өзіне жүктелген міндеттеріне сай, төмендегі қызметтерін атқарады;
- •Іі. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының қызметі,мақсаты ,еңбекті ұйымдастыру тәртібі
- •Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы өз құзыры шегінде құқылы:
- •Басқарманың құқығы
- •Басқармадағы кедендік рәсімдерді бақылау бөлімінің функциясы
- •Басқармадағы кедендік рәсімдерді бақылау бөлімі өз құзыры шегінде, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, келесідей функцияларды жүзеге асырады:
- •Ііі.Кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасындағы өндірістік тәжірибе барысында атқарған іс шаралар
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Басқармадағы кедендік рәсімдерді бақылау бөлімінің функциясы
Басқармадағы кедендік рәсімдерді бақылау бөлімі өз құзыры шегінде, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, келесідей функцияларды жүзеге асырады:
өз құзыры шегінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
кедендік рәсімдер арқылы тауарларды орналастыру және оларды аяқтау әрекеттері (оның ішінде жекелеген кедендік рәсімдеу әрекеттерінің мерзімін ұзарту), оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімі шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүргізеді;
Кеден одағының тауары мәртебесін алмаған тауарларды орналастыруда кедендік бақылауды кеден амалдарының шарттарын сақтай отырып жүргізу, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы;
Кеден транзитінен басқа кеден амалдарына орналастырылған, кедендік бақылау амалдары аяқталмаған, бақылауда тұрған тауарлардың нақты барлығына және мақсатты пайдаланылуына кедендік бақылауды жүргізу;
Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден амалдарын жүргізу мен кедендік бақылау жасауға құзыретті кеден бекеттерінің (оның ішінде энергетикалық, акциздік), өткізу-бақылау пункттерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар ұсынылған кеден декларациясындағы мәліметтерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдауда;
кедендік рәсімдерді бақылау бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоғары тұрған кеден органына есептік ақпараттарды жинау, шолу және ұсыну;
кедендік рәсімдерді бақылау бөлімінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірлескен қызметті жүзеге асыру;
кедендік рәсімдерді бақылау бөлімінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара бірлескен қызмет жасау;
кедендік рәсімдерді бақылау бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты шағымдардың уақытылы қаралуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларды Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңдылықтарындағы өзгерістермен және толықтырулармен, заңдылыққа сәйкес, тұрақты түрде және уақытылы ақпараттандырып отыру;
кедендік рәсімдерді бақылау бөліміне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті басқа да функцияларды атқару.
Басқармадағы алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімі функциясы Басқарманың алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімі өз құзыры шегінде, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, келесідей функцияларды жүзеге асырады:
тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру, транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзит мерзімдерін бақылау, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау;
«ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін» қолдану, кедендік транзит кедендік рәсімін ТЖБАЖ-да аяқтау;
тауарлардың әкетілуін қарастыратын (экспорт, реэкспорт және т.б.) кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың нақты әкетілуін бақылау, СЭҚ қатысушыларға нақты кету туралы белгілермен тауарларға арналған декларацияларды ұсыну, тауарлардың нақты әкетілуі туралы ақпаратты салық органдарына жолдау;
жеткізілмеген тауарларды іздестіру;
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, беру және өтеу;
тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды және уақытша сақтау мерзімдерін бақылау, тауарларды уақытша сақтауға орналастырылғанын растайтын құжаттарды тіркеу;
уақытша сақтау орындарында электрондық пломбаларды алу;
1975 жылғы ХЖТ кітапшасын қолдану арқылы халықаралық жүк тасымалы туралы кедендік конвенцияға сәйкес өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына бақылауды ұйымдастыру, ХЖТ кітапшаларын ашу, жабу, келу туралы куәліктерді беру, Safe TIR жүйесін қолдану арқылы ХЖТ кітапшаларының жабылуы туралы ақпаратты беру, тасымалдаушыларға ХЖТ рәсіміне рұқсат беру;
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру.
Басқармадағы алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоғары тұрған кеден органына есептік ақпараттарды жинау, шолу және ұсыну;
Басқармадағы алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірлескен қызметті жүзеге асыру;
Басқармадағы алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара бірлескен қызмет жасау;
Басқармадағы алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты шағымдардың уақытылы қаралуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларды Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңдылықтарындағы өзгерістермен және толықтырулармен, заңдылыққа сәйкес, тұрақты түрде және уақытылы ақпараттандырып отыру;
Басқармадағы алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөліміне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті басқа да функцияларды атқару
Басқарманың және оның бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруБасқарманы Департамент басшысының ұсынымы бойынша Комитеттің Төрағасымен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын, бастық басқарады.
Басқарма бастығының ұсынымы бойынша Департамент басшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Басқарма бастығының орынбасары болады.
Басқарманың бөлім басшылары Басқарма бастығының ұсынымы бойынша Департамент басшысымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Бастық басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Басқармаға жүктелген міндеттер мен оның функцияларын жүзеге асыруды орындауда жеке жауапкершілікте болады.
Басқарманың құрылымы және штаттық саны Департамент басшысымен бекітіледі.
Басқарманың лауазымды тұлғалары Басқарма бастығының ұсынысы бойынша, Департамент басшысымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
