Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әділбек.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

Басқарманың құқығы

Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы өз құзыры шегінде құқылы:

өз құзыры шегінде, белгіленген тәртіпке сәйкес, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан және азаматтардан кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының қызметін атқаруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

меншік түріне қарамастан, ұйымдар басшыларынан және лауазымды тұлғаларынан, сонымен қатар жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасы заңдылықтарының сақталуын талап етуге, сол талаптардың орындалуын бақылауға алуға;

кедендік әкімшілдендіруді жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізуге;

кеден бекеттерінің, өткізу-бақылау пункттерінің, сыртқы экономикалық және басқа да қызметке қатысушы тұлғалардың қызметін кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының құзырына кіретін сұрақтар бойынша тексеруге;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға;

Департаменттің басшылығына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

шешілуі кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының құзырына кіретін басқа да құқықтарға. Басқармадағы кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің функциясы

Басқармадағы кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, өз құзыры шегінде келесідей функцияларды жүзеге асырады:

кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіби біліктілік талаптарын сақтауына, Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының кеден заңдылықтары талаптарының сәйкестігін сақтауына бақылауды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының кеден заңдылықтары талаптарына сәйкес кеден ісі саласында қызмет атқаратын тұлғаларға сәйкестік қорытындыларын беру;

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір жіктемелік кодты көрсете отырып белгіленген уақыт аралығында өткізілетін, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсатнамалар беру, оны ұзарту, тоқтата тұру және қайтарып алу;

Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының кедендік заңдылықтарына сәйкес уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймасы, өз тауарларын сақтау қоймасы және бажсыз сауда дүкендерінің иелерін тізілімге енгізу;

Зияткерлік меншік иелерінің тізіліміне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің Бірыңғай кеден тізіліміне енгізілген, сонымен қатар мұндай тізілімдерге енбеген зияткерлік меншік нысандарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;

Зияткерлік меншік нысандары кіретін тауарларды кеден амалдарына орналастырумен байланысты кеден амалдарын жүргізуде тауарларды шығаруды тоқтату бойынша жұмыстар жүргізу;

Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден амалдарын жүргізу мен кедендік бақылау жасауға құзыретті кеден бекеттерінің (оның ішінде энергетикалық, акциздік), өткізу-бақылау пункттерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар ұсынылған кеден декларациясындағы мәліметтерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдауда;

Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден шекараларынан жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған ақша және ақша құралдарын, тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде, шетелдік жекелелеген азаматтардың тауар өткізуіне және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кеден заңдылықтарының қолданылуына бақылауды жүзеге асыру;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоғары тұрған кеден органына есептік ақпараттарды жинау, шолу және ұсыну;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірлескен қызметті жүзеге асыру;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара бірлескен қызмет жасау;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

Қазақстан Республикасы кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты шағымдардың уақытылы қаралуын қамтамасыз ету;

сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларды Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңдылықтарындағы өзгерістермен және толықтырулармен, заңдылыққа сәйкес, тұрақты түрде және уақытылы ақпараттандырып отыру;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзырына кіретін басқа да функцияларды атқару.

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құқығы Басқарманың кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімі өз құзыры шегінде Басқарманың құқықтарына сәйкес, құқықтарды жүзеге асырады.

Басқармадағы бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімінің функциясыБасқарманың бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімі өз құзыры шегінде, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, келесідей функцияларды жүзеге асырады:

кедендік бақылаудың техникалық құралдарының пайдалануын бақылау;

бөлінетін және радиоактивтік материалдарға және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді қолдануға кедендік бақылауды ұйымдастыру;

бөлінетін және радиоактивтік материалдарға кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар басқармасы, теміржол органдарымен, сертификаттандыру және стандарттау бойынша ұйымдармен, жабдықтарға техникалық қызмет көрсетумен, тексерумен шүғылданатын мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;

кеден бекеттерін КБТҚ-мен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізу;

тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кедендік ережелерді бұзуды анықтау, ашу және тіркеу мақсатында Департаменттердің құрылымдарында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді қолдану бойынша шараларды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының, радиоактивтік материалдардың контрабандасын алдын алу бойынша іс-шараларға қатысу;

кедендік бақылаудың техникалық құралдарының апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына, техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттарды дайындау және ұйымдастыру;

кеден органында кедендік бақылаудың техникалық құралдарына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

кеден органында кедендік бақылаудың техникалық құралдарының қажеттілігін анықтау;

бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоғары тұрған кеден органына есептік ақпараттарды жинау, шолу және ұсыну;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша өзара бірлескен қызметті жүзеге асыру;

бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара бірлескен қызмет жасау;

бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

Қазақстан Республикасы кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты шағымдардың уақытылы қаралуын қамтамасыз ету;

сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларды Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңдылықтарындағы өзгерістермен және толықтырулармен, заңдылыққа сәйкес, тұрақты түрде және уақытылы ақпараттандырып отыру;

бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімінің құзырына кіретін басқа да функцияларды атқару.