Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АИДА курсач.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
575 Кб
Скачать
☆

1.3 Кәсіпке оқытудағы конструкторлық технологиялар

Қазіргі маманның зерттеушілер ұсынған әртүрлі модельдерінен мына екі модель ажыратылады: даярлық моделі және іс-әрекет моделі. Даярлық моделін болашақ маманға қойылатын қазіргі талаптардың оқу процесінде бейнеленуін есепке алып жасайды. Ол ең әуелі оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әр түрлі шараларды, өндіріс пен байланыс формаларын және берілген сала мамандарын даярлаудың басқа да формаларын қамтиды. Іс-әрекет моделі түлектердің болашақ кәсіби іс-әрекеті саласын, олардың еңбек жағдайларын, қажетті білімдері мен іскерліктерін, тұлғалық сапаларын зерттеуге және сипаттауға бағдарланған.

Маман моделін оның іс-әрекетінің негізінде құру ЖОО-дағы оқу процесі арқылы оның даярлық моделін құруға мүмкіндік берді.

Даярлық моделінде мыналар басшылыққа алынды: 1) қандай кәсіби маңызды іскерліктерді, білімдер мен дағдыларды бірінші кезекпен қалыптастыру керек; 2) оқу процесін жетілдірудің жолдары мен құралдарын анықтау қажет [11].

Осы мақсатта маман іс-әрекетін сипаттайтын параметрлердің көп санынан осы іс-әрекетті барынша елеулі анықтауға болады.

Сонымен, маман моделін оның мынадай екі компоненті түрінде көрсетәледі: іс-әрекет моделі және даярлық моделі.

Конструкторлық-технологиялық жүйе ХХ ғасырдың 80-жылдары КСРО ПҒА еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру ҒЗИ негізінен V-VІІ сынып оқушыларын еңбекке баулу бағдарламасын әзірлеуде қолданыс тапты. Бұл жүйенің негізгі идеясы - оқушылардың орындаушылық және шығармашылық іс-әрекеттерін үйлестіру. Осы жүйеге сәйкес еңбек объектісін дайындауда алдымен оның конструкциясын және технологиясын әзірлеу қажет болды. Сонымен бұл жүйеде оқушылар алдымен бірқатар техникалық сұрақтарды шешеді, содан кейін барып, бөлшекті өңдеуді, оларды құрастыруды, т.б. орындайды [12].

Кәсіптік оқыту мұғалімінің оқушыларды конструкторлық-технологиялық білімдер мен іскерліктерге баулу іс-әрекетін (мұғалімнің өзі жүзеге асыратын — білімдеріне сүйеніп орындайтын іс-әрекетін) игеру нәтижесі — оның оқушыларды конструкторлық-технологиялық іс-әрекетке баулу іскерлігі (ОКТІО); берілген іс-әрекетті кәсіптік оқыту мұғалімі оны сипаттайтын тәсілдер мен амалдарды, оқушылар мен өзінің және оқушылар игеретін КТ іс-әрекеттің – КТ білімдер мен іскерліктердің қасиеттерін сипаттайтын сәйкес ақпаратты алып және өңдеп игеруі ретінде қарастырылады. Кәсіптік оқыту мұғалімінің оқушыларды КТ іс-әрекетке окытумен байланысты әрекеттерінің жүйесі мен тізбектілігінде де белгілі бір логика, кезеңділік, мынадай құраушылар болуы тиіс. Танымдық құраушы мыналарды зерделеуді қамтамасыз ететін іскерліктерді қамтиды:

1) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқытудың мазмұны мен тәсілдерін;

2) КТ іс-әрекетке оқыту кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін;

3) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқытудағы өз іс-әрекетінің ерекшеліктері мен нәтижелерін.

Жобалаушылық құраушы мынадай стратегиялық мәселелер шешуді қамтиды:

1) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің жүйесін тұжырымдау (алыс мерзімдік КТ мақсаттар мен міндеттер тұжырымдау);

2) оқушылардың КТ іс-әрекетін алыс мерзімге жоспарлау;

3) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқыту жөніндегі өз іс-әрекетін ұзақ мерзімге жоспарлау.

Конструктивтік құраушы мынадай тактикалық мәселелер шешу іскерліктерін қамтиды:

1) оқушыға берілуі тиіс КТ ақпарат мазмұнын іріктеп алу және композициялау;

2) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқыту барысындағы өз іс-әрекетінің қандай болуы тиістігін жобалау [13].

Ұйымдастыру құраушысы мыналарды ұйымдастырумен байланысты шұғыл мәселелер шешу саласындағы іскерліктерді қамтиды:

1) оқушыларға берілетін ақпаратты;

2) КТ ақпаратты игеруге мүмкіндік беретін оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін;

3) оқушыларға КТ ақпаратты беру процесіндегі өз іс-әрекетін.

Коммуникативтік құраушы педагогикалық мақсатты өзара қарым-қатынас орнату саласындағы мәселелер шешу іскерліктерін қамтиды:

1) оқушыларды КТ іс-әрекетке баулу міндетін мемлекеттік тапсырмалармен үйлестіру;

2) КТ іс-әрекетті үйренетін оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату;

3) педагогикалық жүйені құрайтын мектеп жетекшісімен, әріптестерімен, өндіріс шеберлерімен дұрыс қарым-қатынас жасау [14].

Мұғалімнің жетілмеген іс-әрекетінің тәсілдері оқушылардың да танымдық іс-әрекетінің сондай жетілмеген тәсілдерін қалыптастырады. Олай болса оқушылардың конструкторлық- технологиялық іскерліктерінің төмен болу себебі, оларды оқытатын мұғалімдердің конструкторлық-технологиялық іскерліктерінің төмендігінде.

Осы бағытта әртүрлі зерттеулер жүргізілген. Бұл зерттеулерде болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің оқушыларды конструкторлық-технологиялық білімдер мен іскерліктерге баулу іс-әрекетінің құрылымы мен мазмұны анықталған. Сонымен қатар олардың мектепте оқушыларды конструкторлық-технологиялық іс-әрекетіне баулу жұмысы мен болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін берілген жұмысқа ЖОО-да даярлаудың жайы зерделенген. Оқушыларды конструкторлық-технологиялық білімдер мен іскерліктерге баулу іс-әрекетінің моделі жасалынған және оның негізінде оларды даярлаудың моделі зерттелініп әзірленген. Сонымен қатар мұғалімнің зерттеліп отырған іс-әрекет түріндегі іскерліктерді қалыптастырудың әдістемесі жасалынған.

Конструкторлық-технологиялық жүйе тек оқушылардың интеллектуалдық іс-әрекетінің мазмұнын алдын ала анықтайды, ал практикалық еңбектік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әртүрлі жүреді. Дегенмен көп жағдайда шеберханаларда оқу заттық-операциялық жүйеде өтеді. Бұл жүйе мектеп оқушыларын өндіріс жағдайында кәсіптік еңбекке дайындығын жеделдету ұмтылысынан туындады.

Дегенмен кәсіптік оқыту (еңбекке баулудың) жүйелерінің нәтижелі қолданыс табуы оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты болды [15].

Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ жалпытехникалық пәндер, технология және кәсіпкерлік мұғалімін дайындаудағы “Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы” – пәнін оқыту операциялық-заттық жүйеге негізделеді. Бұл жүйе жұмысшы кадрларын кәсіптік оқытуда қолданылады.

Оқытуды жетілдіру бағытында аталған жүйелерден бөлек кәсіптік оқыту жүйелері жөнінде ұсыныстар жасалды. Солардың бірі білікті жұмысшыларды дайындаудың аяқтаушы кезеңі үшін ұсынылған технологиялық процестердің мәнін тереңінен түсінуге және қажетті шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін өндірістік оқытудың проблемалық-талдау жүйесі. Бұл жүйе жоғары оқу орындарында технология және кәсіпкерлік пән мұғалімдерін даярлауда қажетті оқыту жүйесі болып табылады.

Білім беру жүйесін қайта құру талаптары және бәрінен бұрын шығармашыл жеке тұлғаны дайындауға, үйлесімді дамытуға шығармармашылық заттық-операциялық жүйе жауап береді. Оның негізіне жеке тұлғаның шығармашылық және заттық-пайдалы іс-әрекеті алынды. Бұл іс-әрекет үрдісінде материалдық құндылықтарға ысырапшыл қатынас төмендейді. Сонымен қатар, шығармашылық элементтері (шығармашылық іс-әрекет объектілерін іріктеу, оның конструкциясын сызу және дайындау технологиясын әзірлеу), белсенділік және іскерлік (пайдалы бұйымдарды дайындау), еңбектік мақтаныш, абырой (тұтынушылар қолданатын, сапасы жоғары бұйым дайындау) артады. Мектеп оқушыларын еңбекке дайындау практикасына шығармашылық заттық-операциялық жүйенің енуі шығармашыл ойлайтын және әрекет ететін мұғалімді талап етеді [16]. Бұл жүйе жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлауда, сәндік қолданбалы өнер, техникалық (көркем) шығармашылық негіздері курстарын оқытуда кеңінен қолданыс табуда.

2 Кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауының әдістемесі

2.1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Оқу жоспары – оқу орнында берілетін оқу пәнінің құрамын оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін әр пән бойынша жылдық, апталық, бөләнген сағат санын, оқу жылының бас- аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап беретін құжат.

Оқу жоспары (ОЖ): орта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.

Базистік оқу жоспары: Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының құрылымдық бөлігі; орта білім мазмұнының инвариантты және вариативті компоненттері мен олардың қатынасын, оқу жүктемесінің көлемін бекітетін; типтік, жеке және жұмыс оқу жоспарының әзірлеуге негіз болатын нормативтік құжат [17].

Базистік оқу жоспарына негізделген жаңашылдығы оқу жүктемесінің тұрақты бөлігінде қоғамдық- гуманитарлық циклдағы пәндердің үлес салмағының артуынан тұтастай алғанда мектептегі тұрақты оқу жүктемелерінің 53,4%-ын қоғамдық- гуманитарлық циклдағы пәндер құрап отыр; тіл мен әдебиет пәндеріне кең көңіл бөлуінен көрінеді. Оларға бастауыш сатыдағы тұрақты жүктеменің 45,5%-ы негізгі сатыда 37,5%-ы беріледі [18].

Оқу жопспарының екі түрі ажыратылады. Олар: типтік оқу жоспары және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары.

Типтік оқу жоспары (ТОЖ): оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті білім беру деңгейі оқу пәндерінің тізбесін және көлемін реттейтін нормативтік құжат.

Типтік оқу жоспарына мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жоспарына орай жүргізілетін барша оқу пәндерінің тізімі беріледі.

  • міндетті (базалық- мемлекеттік бөлік);

  • оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік);

  • мектеп (ЖОО) кеңесі бекітумен өтілетін пәндер.

Типтік оқу жоспарында әрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстаға арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.

Типтік жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарын жасайды. Оқу формаларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай қашықтықтан оқыту жоспарлары да әр қилы келеді [17].

Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі.

Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат. Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.

Оқу бағдарламаларының мазмұнына келесілер кіреді.

  • нақты пәнді оқу жөніндегі түсініктерін;

  • оқушылардың біліміне қойылатын талаптарын;

  • әр сыныпта пән бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын;

  • пін курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін;

  • пәнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін;

  • қажетті әдебиеттер ауқымын;

  • бақылау сұрақтарын;

  • курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО-да) қамтиды.

Оқу бағдарламаларының келесі түрлері ажыратылады:

  • типтік;

  • оқу жұмыс;

  • авторлық [19].

Типтік бағдарламалар Жалпы білім беретін Мемлекеттік стандарттар нешізінде нақты пән бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипаты ретінде қабылдауға болады.

Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті саұталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелейтін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі әдісі белгілі: концентрлі және тізбекті.

Бағдарламаларды құрастырғанда, оларға қойылатын дидактикалық талаптарға жүгіну қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұнын белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу процесіне енгізу үшін оқу материалы деңгейіне аударылады, яғни жоспарланған мазмұнның оқу процесінде іске асырылуы үшін қызмет етеді.

Сонымен қатар бағдарлама мұғалімдер мен оқушылардың іс – әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы тиіс [20].

Бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы, нақтылығы, процессуальдық сипаты жатады.

Толықтық дегеніміз – алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл-ойының дамуымен тығыз байланыстыру, ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана алу және қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық қажетті және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.

Нақтылық дегеніміз – бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.

Процессуальдық деп – білім мазмұнының оқыту процесімен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс – әрекеттік жағын, оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде әдістерді, оқытуды ұйымдастыруды формалары мен құралдарын айқындайды.

Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

-түсініктеме;

-тұжырымдық бөлік;

-нормативтік;

-ақпараттық-әдістемелік бөлік.

Түсініктеменің негізгі құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: оқу пәнінің мақсаттарын ашгу; білім мазмұныны таңдап алу мен жалпы логиканы негіздеу және оның жүйелілігін тағайындау; оқу процесінің, әдістерінің, жұмыс формасының, құралдарының жалпы сипаттамалары; алдыңғы бағдарламалармен салыстырғандағы бағдарламаға енгізілген жаңалықтарды түсіндіру, бағдарламаның текстіне техникалық нұсқаулар беру [21].

Бағдарлама тексті бағдарламаның негізгі құрылымдық – тұжырымдық (мазмұндық) бөлігі болып табылады, онда оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы аса толықтылықпен және нақтылықпен қамтылып көрсетіледі. Бағдарламаның бұл бөлігінің негізіне нақты пәннің мазмұнын іріктеу мен түзудің теориялық аспектілері алынған.

Оқу пәнінің мазмұнын түзу бағдарлама мәтінің, уақытына сай және сыныптар бойынша бөлінуі оның түсініктемесінде белгіленген барлық мақсаттардың іске асуының көрнекі және нақты түрде көрсетілуі болып табылады.

Бағдарлама тексті өзінің құрылуы, тақырыптарға, бөлімдерге бөлінуі бойынша оқу пәні мақсаттарының өзара байланысы мен иерархиясын бейнелейді, яғни бағдарлама текстіндетек білім ғана емес біліктілік те, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі де, тәрбие берудің ескерілуі қажет.

Оқу пәнінің қызметі мен оның барлық мақсаттарының жүзеге асырылуы бағдарламаның осы бөлігінің құрылымы арқылы ашылады: бөлім мен тақырыптарды бөлу; олардың берілген пән үшін жетекші болып табылатын мазмұн компонентімен толтырылуын және жүйеленуін көрсету. Мазмұнының жетекші компоненті «ғылыми білім» (ғылым негіздері) болып табылатын физика, химия пәндерінде бағдарлама текстінің негізін дүниетанымдық идеялармен үйлесімді түрде құрылған білімдер құрайды.

Бағдарламалға зертханалық, сарамандық жұмыстар, экскурсиялар, көрсетілімдер, техникалық құрал сияқты оқыту құралдары туралы нұсқауларды енгізу толықтылық, нақтылдық пен процессуальдық сипаттарға сәйкестікті көрсетеді. Оқыту құралдары тақырыптар бойынша бөлініп, нақты материалдармен үйлестірілуі тиіс [22].

Текстке қойылатын келесі талап – бағдарлама мазмұнының міндетті және қосымша бөліктерге анық түрде бөлінуі.

Сонымен, бағдарламаның мазмұндық (тұжырымдық) бөлігі бірнеше қызметтерді атқарады:

1.Оқу материалының мазмұнын анықтайды.

2.Тараулардың көлемін анықтайды.

3.Көрсетілген мазмұнды меңгерулің минимал міндетті деңгейін анықтайды.

Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқу процесін және оның нәтижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке тақырыптарды оқып – үйренуге бөлінетін уақыт және арнайы айдармен берілген «Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар» жатады.

Білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар дегеніміз – оқытудың жоспарланған нәтижелерін белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың нені қалай меңгеру керектігін, қызметтің қай түрлерінде қайсыбір білімдері мен біліктерінің көрінуі қажеттігі оқушылардың қандай қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Басқаша айтқанда, талаптар білім мақсаттарының нақтылануы болып табылады, әр түрлі деңгейлерде берілетін және оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]