Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АИДА курсач.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
575 Кб
Скачать
☆

2.3 Сабақ дайындамалары

Сабақ дайындамаларына сабақтың құрылымдық элементтері кіреді. Сабақтың құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

  • ұйымдастыру бөлімі;

  • жаңа материалды мазмұндау;

  • бекіту, нұсқаулық, оқушылардық өзіндік жұмысы;

  • үй тапсырмасын тексеру және түсіндіру;

  • меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау;

  • оқу орнын жинау;

Сабақтардың түрлері (типтері):

  • жаңа білімді меңгеру сабағы;

  • білікті және дағдыны қалыптастыру сабағы;

  • білімді практикада қолдану сабағы;

  • жүйелеу және саралау сабағы;

  • білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы;

  • аралас сабақ.

1-ші дайындама

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауаны сақтау. Атмосфераның ластануы және ластаушы көздер.

Сабақтың мақсаты:

Білім беру:

  • атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын;

  • стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу;

  • ластану және оны болдырмау шараларын айқындау;

Тәрбие беру:

  • атмосфералық ауаны сақтау жұмыстарына тәрбиелеу;

  • тазалыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: танымдық ойын, тілдік сөздігін, оқушылардың бойында кәсіби қызығушылықты дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру сабағы;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қаттамалар, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың құрылымы:

  • ұйымдастыру бөлімі (5 мин);

  • жаңа материалды мазмұндау (40 мин);

  • бекіту, нұсқаулық, оқушылардың өзіндік жұмысы (25 мин);

  • үйге тапсырмасын тексеру және түсіндіру бөлімі (7 мин);

  • меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау (3 мин);

  • оқу орнын жинау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру.

г)Үйге берілетін тапсырманы түсіндіру.

Тапсырма:

1. Атмосфера дегеніміз не?

2. Атмосфераны қорғау туралы заңдар

3.Атмосфераның ластануы

Жаңа материалды меңгеру кезеңі (40 мин)

Дәрістің жоспары:

  1. Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы.

  2. Атмосфераны ластанудан сақтау және қорғау. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.

1.Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу жəне sphaira —шар) — Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна. Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен əсер етедi.

Атмосфераны зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол жер бетiнен қашықтаған сайын түрлi температурадағы бiрнеше аймақтардан тұрады. Атмосфераның құрылысы бiрнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне термосферадан тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар əлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта атмосфера бiрте-бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады. Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiктiгi — 10-12 км, экваторда — 16

18 км, полюстерде — 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн 6 күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғыжағында 40 км

созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық бiршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн сəулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан əрi қарай төмендеп, 80 км биiктiкте — 700 С -қа түседi. Мезосферадан жоғары белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500- 600 км биiктiкте температура +16000 жетедi. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмендейдi. Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта эк-зосфера орналасқан. Атмосфераның 400-600 км биiктiкке дейiн ғана сақталатын газды құрамы 1 кестеде берiлген.

Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi [26].

Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдердiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануарлар организмiне зиянды əсер етедi. Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газының жəне тыныс алу үшiн оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауыншашын түзiлетiн жəне басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т.с.с. Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi реттiк жəне ол Жердiң қатты қабықшасынан планета түзiлгенннен кейiн бөлiнген газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң атмосферасы түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне бөлiнуi, вулкандардың əрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ультракүлгiн сəулелерi əсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттерi мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн газдар əсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]