Сабақтың мақсаты:
Білім беру: студенттерді жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру.
Тәрбие беру: достыққа, адамгершілікке, біріне - бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Дмытушылық: студенттерді алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: білімді практикада қолдану сабағы;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқуға қажетті материалдар, жгут, шина, дәрі - дәрмек түрлері.
Сабақтың құрылымы:
ұйымдастыру бөлімі (7 мин);
- бекіту, нұсқаулық, оқушылардың өзіндік жұмысы (50 мин);
- үйге тапсырмасын тексеру және түсіндіру бөлімі (7 мин);
- меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау (5 мин);
- оқу орнын жинау (3 мин);
бағалау бөлімі (8 мин).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
- Жарақат алу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Алғашқы көмек деген не?
Бекіту, нұсқаулық, оқушының өзіндік жұмысы кезеңі (50 мин)
Сұрақтар жинақталып, анықтама шығару. «Алғашқы көмек – адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек.»
Жарақат түрлерін тақтаға жазу: Қан кету, сыну, естен тану, улы заттардың әсерінен естен айрылу, күю, электр жарақаты, үсу, газбен улану. (Мағлұматтар алынып, оқытушының көмегімен толықтырылады).
Демонстрация: ширатпа салып көрсету. Студенттерге жұптасқан түрде ширатпа салу тапсырылады. Оқытушы бақылап, қажет жерінде түзетеді. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданған кезде міндетті түрде қан тоқтататын жгут немесе сол қызметті атқара алатын заттарды қолдану қажет. Студенттерден сол заттардың атаулары сұралады: орамал, белдік, сүлгі, киімнен жыртылып алынған мата, шиыршықталған жіп.
Демонстрация: жгут салу.
- Не себептен жгутты салған уақытты белгілеу қажет?
- Жауабы, 1, 5 сағаттан артық жгутты тартып қойса, аяқ, қол сал болып қалады немесе тіпті ұлпалары өліп кетеді.
Сынық. Тұтас сүйектің түгелдей немесе шамалап бұзылуы. Сынықтар екі түрлі болады – ашық және жабық.
Алғашқы көмек көрсету. Зақымдалған сүйекті қозғалмас үшін иммобилизация жолымен қол аяқты шинамен бекіту немесе кез келген соған жарайтын заттармен: таяқты, ағашты пайдалану. Егер ашық сынық кезінде жара болса, оған антисептикалық ширатпа қойылады.
Демонстрация: шина салу.
Студенттерге жұптасып шина қою жұмысын жасату.
Естен тану (талу). Аяқ астынан аз мерзімге есін жоғалту, жүрек қағысы мен тыныс алуы қалыпты, мидың қанының аздығы байқалады.
- Естен тану қай уақытта болуы мүмкін?
Студенттердің дұрыс жауабын тақтаға жазу.
- Қатты ашуланудан, қорқудан, шаршағаннан, күн өткенде, ашыққанда ыстық
бөлмеде ұзақ отырғаннан адам есінен танады.
Алғашқы көмек:
1. Ауру адамды қан басқа құйылу үшін басын төмен қойып, аяғын жоғары көтеру керек.
2. Жылы көрпе жабу немесе керісінше денесін салқындату үшін киімін шешу, омырауын ашу.
3. Терезені ашу.
4. Мүсәтір спиртін иіскету немесе бетіне суық су бүрку.
5. Есінен танған адам ұзақ уақыт өзіне келмеген жағдайда қолдан тыныс
алдыру және жабық жүрек массажын жасау.
Ауру өз - өзіне келіп ес жинай бастағанда валериан тамшысын беру.
Электрожарақат. Электрожарақат кезінде адамды тірі алып қалу үшін алғашқы көмектің дер кезінде көрсетілуі аса маңызды роль атқарады. Не үшін резина қолғап кию керек? Естен тану кезінде қолдан тыныс алдыру әдісі қолданылады.
Қолдан тыныс алдыру – күшпен өкпені желдету, өкпеге ауа жіберіп, өкпеден ауаны шығару. Ең көп тараған «ауыздан - ауызға» әдісі.
Демонстрация. Қолдан тыныс алу әдісін қуыршақты пайдаланып жасалып көрсетіледі. Үш терең тыныс жіберіледі де 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе қуысынан басады. Бірнеше рет қайталайды.
Бекіту. Тестік жұмыс.
1. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?
а) ауруханада
б) дәрігер келгенде
в) дәрігер келгенше немесе ауруханаға жеткізгенше
2. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?
а) киімдер
б) мақта
в) дәрі
3. Сынықтың түрі
а) жабық
б) ашық
в) ашық және жабық
4. Қолдан тыныс алу әдісі қай кезде қолданылады?
а) қан кеткенде
б) естен танғанда
в) сынғанд
5. Қолдан тыныс алу әдісін қалай орындайды?
а) 3 рет терең тыныс жіберіледі
б) кеуде тұсынан басады
в) 3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе
тұсынан басады.
Үйге тапсырма (7 мин)
«Жарақаттану кезінде көрсетілген алғашқы көмек» тақырыбына баяндама дайындау.
Меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау (5 мин)
(тест арқылы тексеру).
Оқу орнын жинау (3 мин).
Бағалау кезеңі (8 мин)
Осы жасалған дайындамалар арқылы біз сабақты дұрыс ұйымдастырып, оқушы санасына білімді, бойына дағдыны жақсы қалыптастыра аламыз. Сол себептен де сабақ дайындамасын дұрыс жасау жауапты іс болып есептеледі.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлде қайда жоғары болуы тиіс.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Курсттық жұмыстың зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер орындалды: кәсіпке оқытудың териялық аспектілеріне талдау жасалынды; кәсіпке оқытудағы конструкторлық технологияларды жіктеп көрсетілді; кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауының әдістемесінің ерекшелігі көрсетілді; күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша сабақ дайындамаларын жасалынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің 2005-2010 жж.ға мемлекеттік бағдарламасының ережелері.
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. Алматы, 1999
Поляков В.А., Ставровский А.Е. Общая методика трудового обучения в старших классах. М.:Просвещение, 1987. - 191 с.
Методика трудового обучения с практикумом. /Под ред. Д.А.Тхоржевского.Просвещение, 1987. - 448 с.
Мельникова Л.В., Осипова Л.В., Фридман Т.В. Методика трудового обучения. М.:Просвещение, 1989. - 254 с.
Программы средней общеобразовательной школы. Трудовое обучение: 5-11 .Алматы, Рауан. 1995.- 158 с.
Технология интегративті білім саласы бағдарламасы. Рауан. 2004.
Технология интеративті білім саласы бағдарламасы. 2003. -47 б.
Технология интегративті білім саласы бағдарламасы. 8-9 сыныптар. КО1\Ю. 14.-35 6.
Бағдарламалар: Кәсіптік оқыту: 10-11 сыныптар. Алматы, 1996.- 141 б.
Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Педагогикалық мамандықгар бойынша жоғары жөне орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттеріне және орта кәсіптік білім беретін оку орындарының студенттері, өндірістік оқыту шеберлеріне арналған оқулық. Алматы: "РАДиАЛ" баспасы. 2006-240 б.
Методические разработки уроков. /Под ред. И.Н.Федорово.М.:Просвещение, 1981. - 186 с.
Васильченко Е.В., Лабзипа А.Я. Методическое пособие по обслуживающему труду. Пособие для учителя. М.:Просвещение, 1983. -159а
Атутов П.Р., Бабкин Н.И., Васильев Ю.К. Связь трудового обучения с основами наук. М.:Просвещение, 1983. - 128 с.
Тұрғынбаева Б.А. // Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімнің шығармашылық әлеуметтік дамуы. Алматы, 2006.
Нағымжанова Қ.М. // Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. П.ғ.к... Алматы. 2002.
Лихачев Б.Т.Воспитателыше аспекты обучения. — М., 1982.
Қараев Ж.А. // Оқытудың компьютерлік технологиясын қолдану жағдайында Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету жолдары Алматы. 1994.
Бабаев СБ, Жалпы педагогика ,А 2005.
Зимняя И.А. Педагогика в системе наук о человеке. — М., 1990.
Ингенкамп К. Педагогическая диагностика. Пер. с нем. — М.: Педагогика, 1991.
Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе (Анализ зарубежного опыта). — М., 1989.
Кларин М.В. Система полного усвоения в мировой теории и практике обучения // Магистр, 1993.
Лихачев Б.Г.Методологические основы педагогики. Самара, 1998.
Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра, 2007.
Соколов В.А. Геохимия природных газов, - М.:, 1971.
Құсайынов А.Қ. Экология және табиғат қорғау. – Алматы, 2002.
Қазақ энциклопедиясы 7 том
Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Раздорожный А.А. Охрана труда и производственная безопасность: Учебник. –М., 2005.
