- •Жұмыс кітабындағы парақтар
- •Файлдар арасындағы байланыс
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •4.4 Сурет.
- •4 Тоқсандағы сүт тағамдарының сатылу кестесі
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Студенттің өзіндік жұмыстары
- •Тауарлар сатылуының бағалық көрсеткіші
- •Ұяшықтармен жұмыс
Тауарлар сатылуының бағалық көрсеткіші
-
Фирма
Тауар
Ай
Бағасы
Колос
Нан
Қаңтар
120000
Колос
Батон
Қаңтар
320000
Колос
Батон
Ақпан
135600
Атлант М
ВАЗ-21009
Қаңтар
59120000
Атлант М
ВАЗ-2111
Қаңтар
57620000
Атлант М
ВАЗ-21009
Наурыз
59120000
Горизонт
Телевизор
Ақпан
5020000
Горизонт
Телевизор
Наурыз
5020000
Горизонт
Телевизор
Сәуір
5020000
Кестені Word мәтіндік редакторында теріп, алмасу буферінің көмегімен көшірмесін Excel кестелік редакторына кірістіріңіз. Кестені қалауларыңызша форматтап, безендіріңіздер.
Тапсырма 20 Мәндер – Нәтиже (Данные – Итоги) командасын орындап, бағалардың төмендегідей аралық нәтижелерін шығарыңыздар:
фирмалар бойынша;
әр ай сайын барлық фирмалар арасында;
тауарлар бойынша барлық фирмалар арасында.
Тапсырма 21 Әр фирма үшін ай сайынғы тауарлар сатылуындағы бағалық өзгерістерді бейнелейтін диаграмма тұрғызыңыздар.
Тапсырма 22 Өзіңізге ұнайтын тақырыпта диаграмма құрыңыз.
Тапсырма 23 у=x2+1 функциясының [-10; 10] интервалындағы мәндеріне байланысты графиктік түрде диаграмма құрыңыз.
Тапсырма 24 ІІ семестрде өткен пәндер бойынша бірінші ағымдық бақылау мен бірінші аралық бақылаудың кестесіне байланысты диаграмма тұрғызыңыз.
Бақылау сұрақтары:
EXCEL программасын қалай іске қосуға болады, электрондық кестенің атқаратын қызметі қандай?
EXCEL электрондық кестесінде қанша қатар және бағана бар, бос жол және бағана қосу жолын айтыңыз?
Екпінді ұяшық дегеніміз не?
Қаріптің (шрифт) форматын қалай өзгертуге болады?
Кесте ішіндегі фондық түстерді таңдаудың қандай тәсілдері бар?
Ұяшықтағы және блоктағы мәліметтерді туралау қалай жүзеге асады?
Салыстырмалы адрес қалай жазылады?
Ұя жақтауларын сызу үшін қандай командалар орындалады?
Ұядағы мәтінді бірнеше жолға жазу үшін қандай батырмаларды басамыз?
Автотолтыру қалай орындалады?
Топтың студенттер тізімін автолтыруға енгізуге бола ма?
Ұяшықтарды, жұмыс кітабын қалай қорғауға болады?
Математикалық формулаларды есептеуде автолтыруды қолдануға болады ма? Формуланы қалай қолдануға болады?
Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?
Ехсеl программасындағы функция деген не?
Функция жазылулары қандай бөлімдерден тұрады?
Кестенің масштабын қалай өзгертуге болады?
Функция шеберінің көмегімен арифметикалық ортаны қалай табуға болады?
Сандарға арналған форматты қалай таңдайды?
Массивтердің анықтауышын қалай есептеуге болады?
Массивтерді қосу және азайту амалдары қалай орындалады?
Диаграмма не үшін құрылады оның қандай типтерін білесің? Диаграмманың аймағын әртүрлі түстерге қалай бояуға болады?
Жұмыс кітабында қолданылмайтын парақтарды жоюға бола ма?
Кеңейтілген фильтр мен Автофильтрдің қандай айырмашылығы бар?
Кітаптың екі парағын бірі-бірімен қалай байланыстыруға болады?
Мәліметтерді қандай тәсілдермен сұрыптауға болады?
Автосүзгі, сүзгі қандай қызмет атқарады?
Кітаптың екі парағын бірі-бірімен қалай байланыстыруға болады?
Бірнеше терезелермен жұмыс қалай жасалады?
Кестелер арасындағы байланыс қалай жүзеге асады?
Мәндерді біріктіру үшін қандай командалар орындалад
Дәріс №10
Тақырыбы:MS Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс
Жоспар
Электрондық кесте
Ұяшықтармен жұмыс
Формулаларды енгізу
«Электрондық кесте»термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
3. Тиімді ету мәселелерін шешу.
4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.
5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
6. Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.
Microsoftфирмасының Excelпрограммасы — кестелік процессорлар немесе электрондык кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excelжәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп көркемдеуге, әрі жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.
Excelмүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула ) енгізеді.
Excelпрограммасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан шартбелгіні тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Excelтерезесінің элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excelтерезесінде мынадай объектілер орналасқан:
Жоғарғы жол — басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.
Екінші жол — Excelмәзірі.
Үшінші және төртінші жолдар — Стандарттыжәне Форматтау аспаптар тақтасы.
Бесінші жол — енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы — қалып-күй (баптау) жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excelжұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excelмәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болса, режим индикаторы - "Дайын"деген сөзді көрсетеді.
Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.
Жол нөмірі — электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
Бағана әрпі— электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А —Z, содан соң АА — AZ, одан кейін ВА — BZжәне т. с. с.
Ұяшық — электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, ВЗ адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсеткіші— ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық— көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы)— тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: B13:D19блогы — бұл B13-D13, D13-D19, D19-B19, B19-B13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, A12:D27 немесе D:F- D, Е, Fбағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу.Ехсеl-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітапсекілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ, — кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез-келген бетті ашып көруге болады.
Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу.Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:
бағананы белгілеу — бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен тандап алып, оны бір рет шерту;
бірнеше бағананы ерекшелеу — алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;
жолды ерекшелеу — жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;
бірнеше жолды ерекшелеу — алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды жоғары не төмен созу;
блокты ерекшелеу — тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басып, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;
жұмыс парағын толық ерекшелеу — тышқан курсорын бағана аттары мен жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.
Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shiftпернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін басып, белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Escпернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.
Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:
алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;
Ctrlпернесін басу және оны басулы күйінде ұстай тұру;
келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т. с. с.;
Ctrlпернесін қоя беру.
Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.
