- •Жұмыс кітабындағы парақтар
- •Файлдар арасындағы байланыс
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •4.4 Сурет.
- •4 Тоқсандағы сүт тағамдарының сатылу кестесі
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Студенттің өзіндік жұмыстары
- •Тауарлар сатылуының бағалық көрсеткіші
- •Ұяшықтармен жұмыс
Ұяшықтармен жұмыс
Excel-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enterпернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excelенгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ — әріп немесе '"" (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі, Егерде бірінші символ цифр немесе "=" белгісі болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enterпернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.
Мәтін енгізу.Мәтін — кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді "'" символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оңжақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады)
Сандарды енгізу. Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, — таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына # ### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).
Формулаларды енгізу
Excel-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны =C1+F5түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.
Дәріс №11
Тақырыбы: Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MS Excel-дің графикалық мүмкіндіктері. Мәліметтер қоры ретінде пайдалану (2 сағат)
Жоспар
MS EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері
Excel программасын мәліметтер қоры ретінде пайдалану
Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары
Ұяшықтарды қолдану кезінде бұған дейінгі сипатталған әдістерді қолдануға болады: В3, А1, G9, сол сияқты. Бұндай адрестер салыстырмалы деп аталады, яғни Eхcel формулада қолданылатын ұяшықтардың ағымдағы ұяшыққа қатысты орналасуын есте ұстайды. Мысалы, егер сіз В4 ұяшығына =В1+В2 формуласын енгізсеңіз, Eхcel формуланы өзінше былай талдайды: “үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі қатар жоғары орналасқан ұяшық мәніне қосу керек”.
Ал, егер сіз осы =В1+В2 формуласын В4 ұяшығынан С4 ұяшығына көшірсеңіз, формуланы: “үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі қатар жоғары орналасқан ұяшық мәніне қосу керек” деп талдай береді. Формула С4 ұяшығында =С1+С2 түріне енеді.
Егер сіз көшіру барысында нақты ұяшыққа немесе аумаққа сілтемені сақтап қалғыңыз келсе абсолютті адрестерді қолдануыңыз қажет. Ол үшін тік жол аты мен жатық жол аты алдарына $ таңбасын енгізуіңіз керек. Мысалы, $В$4 немесе $С$2:$F$48, және сол сияқты.
Сонымен формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес — аралас түрдегі адресдеп аталады.
MS EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері. Excel-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі – оның сандар қатары мен бағаналардағы ақпараттарды толық, көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.
Диаграммалар – мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.
Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отырып, ішінен ең көрнекті деген біреуін таңдап алу керек. Диаграмма тұрғызылғаннан кейін кестені диаграммамен бірге жаңа атпен файлға жазып қоюға болады. Диаграмманың мөлшерін қалай өзгертсек, диаграмманың жеке элементтерінің мөлшерін де сол сияқты етіп өзгертуге болады және ол элементтерді белгілеп алып диаграмманың ішкі аймағында орнын ауыстыруға болады. Оған қоса бүкіл диаграмманы толығынан тышқанмен бір шерту арқылы ерекшелеп алып, оны да парақ бетінде орнын ауыстыруға болады. Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматтандыру функцияларын ғана орындамайды. Сонымен бірге ол әртүрлі жағдайларды немесе объектілерді сандық моделдеуде өте пәрменді құрал болып саналады. Объектілердің математикалық моделін жасау үшін, яғни оларды математикалық түрде сипаттау мақсатында бірсыпыра параметрлерді пайдаланады. Бұл параметрлердің кейбірі белгілі, ал кейбірі фомулалар арқылы есептеледі. Параметрлердің алғашқы мәндерін бір-бірімен сәйкестендіре отырып өзгертсек, есептегі параметрлердің қалай өзгеретінін бақылап отырып, алынатын нәтижелерді талдауға ие болады. Электрондық кестелер осындай есептеулерді өте тез қатесіз жүргізіп, санаулы минуттарда көптеген варианттарды қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.
Excel программасын мәліметтер қоры ретінде пайдалану. Excel электрондық таблицасы мәліметтер базасы режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине, оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер қорынан гөрі әлсіздеу, дегенмен мұнда да көптеген жұмыстар істеуге болады.
Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары.Кестенің белгілі аймағын мәліметтер қоры ретінде қарастыруға болады. Бұл кестенің бағаналары өрістер, ал жолдары – жазбалар деп аталады.
Мәліметтер қорының құрылымына мынандай талаптар қойылады:
мәліметтер қорының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасуы тиіс;
мәліметтер қорының қалған қатарлары бос болмай, онда жазбалар орналасуы тиіс;
өріс бойымен орналасқан мәліметтер біртектес болуы тиіс, яғни олар тек сандардан немесе тек мәтіндерден тұруы тиіс.
Кез келген мәліметтер қорымен атқарылатын негізгі жұмыс – оның құрамынан белгілі бір критерийлерге (айрықша белгілерге) байланысты қажетті ақпаратты іздеп табу. Жазбалар саны көбейген сайын ақпаратты іздеу қиындайды, дегенмен Excel программасы мәліметтерді сүзгілеу арқылы бұл процесті оңайлатады.
