- •Курстық жұмыстың тақырыбы «Лексиканы аудару ерекшеліктері»
- •І бөлім. Лексиканы аудару ерекшеліктері
- •1.1. Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар
- •1.2. Лексикалық аударма түрлері Лексикалық трансформациялардың екі түрі бар: формалды және мазмұнды.
- •II бөлім. Эквивалентсіз лексиканы аудару ерекшеліктері
- •2.1. Эквивалентсіз лексиканы аударудағы қиындықтар
- •2.2. Эквивалентсіз лексиканың аударылу жолдары
- •Лексикалық трансформациялардың
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
II бөлім. Эквивалентсіз лексиканы аудару ерекшеліктері
2.1. Эквивалентсіз лексиканы аударудағы қиындықтар
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы.
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған.
Қазақша және ағылшынша мақал-мәтелдердің мағынасы жағына өзара бір үндестік, айырмашылық болады. Егер біз бір тақырыпта 2 түрлі тілде үш мақал алсақ, 2 мақалдық түпкі мағынасы айтылайын деген ойы бір. Яғни өзара үндестік. Мысалы 2 тілге де ортақ еңбек тақырыбына мақал мәтелдер алайын.
Care killed the cat
Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады
Былай қарасақ 3 мақалдың да түпкі бір үндестік еңбек етсең ғана бұл өмірде қиындықты жеңе аласың. Бірақ кішкене ойланып, үңіліп қарасақ, ағылшынша және қазақша мақал-мәтелдер бір-біріне едәуір жақын және бір-бірінің тура аудармасы болып табылады. Ал ағылшынша мақал-мәтел осы жағдайда қалған екеуімен мағынасы жағынан үндеседі.
Мысалы:
Live and learn
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
Бірақ бәрі бірде бұл жерде бірақ ой айтылған. Яғни ол өмірде оқусыз күнің жоқ, оқы, оқы және оқы деп айтқандай. Түпкі мағына бір деп айта аламын. Кейбір кездерде қазақша және ағылшынша мақал-мәтел бір-біріне көбірек ұқсас, бір-бірінің тура аудармасы.
Мысалы:
Better late than never
All is not gold that glitters.
Ештен кеш артық,
Жылтырағанның бәрі алтын емес
Яғни бұл жерде мақалдар тура аудармасы бойынша әрі ұқсастық, әрі үндестіг көрсетеді. 2 тілдегі мақал-мәтелдердің құрылысы, мағынасы жағынан үндестігі мен айырмашылығын көрсететін мысалдарды көптеп келтірсекте болады. Еңбек тақырыбына
No pains, no gains . Еңбексіз өнбек жоқ.
Little strokes fell great darks. Еңбек етсең емерсің.
A tree is known by its fruit. Еңбегіне қарай өнбегі.
Two heads are better then one. Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
A word to the wise. Ақылдыға- ишарат.
(Мудрому одно слово). Ақымаққа- тоқпақ.
Батырлық, ерлік туралы:
Forture favous the brave Тәуекел тау жығады.
Туған жер, Отан туралы:
East or West home is best. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Thereis no place like home Ел- елдің бәрі жақсы
Өз елің бәрінен де жақсы
Қазақша және ағылшынша мақал-мәтелдердің мағынасы жағына өзара бір үндестік, айырмашылық болады. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған.
