- •Курстық жұмыстың тақырыбы «Лексиканы аудару ерекшеліктері»
- •І бөлім. Лексиканы аудару ерекшеліктері
- •1.1. Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар
- •1.2. Лексикалық аударма түрлері Лексикалық трансформациялардың екі түрі бар: формалды және мазмұнды.
- •II бөлім. Эквивалентсіз лексиканы аудару ерекшеліктері
- •2.1. Эквивалентсіз лексиканы аударудағы қиындықтар
- •2.2. Эквивалентсіз лексиканың аударылу жолдары
- •Лексикалық трансформациялардың
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
2.2. Эквивалентсіз лексиканың аударылу жолдары
Аудармадағы транскрипция дегеніміз – бастапқы лексикалық бірліктердің аударма тіліндегі фонемалар арқылы фонемалық ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің фонетикалық имитациясы. Аударманың келесі тәсілі транслитерация – бастапқы лексикалық бірліктерді аударма тілінің әліпбиі арқылы әріптік ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің әріптік имитациясы. Бұл жерде бастапқы сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына сай түрде беріледі. Мәселен, Shakespeare – Шекспир есімінің қазақ тіліне аударылуы ағылшын тілі дыбыстарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәйкестенсе, қазақ тілінде фонетикалық сәйкессіздік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне түрлендіріледі. Мұндай транскрипция амалы ағылшын есімдерін қазақ тіліне аударуда қолданылады.
Біршама қиындық қазақ есімдерін ағылшын тіліне аударуда орын алады. Мысалы, қазақ тіліндегі ж, х, ю, я, і, ә, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө сынды әріптер мен дыбыстарды ағылшын тіліне аудару қиындық туғызады. Сонымен бірге патша есімдері мен титулдарын аудару кезінде аудармашынының аударма транскрипциясын қолдануында да біршама қиындықтар орын алады. Осы салада XIX ғасыр соңына дейін қолданысқа енген есім түрлеріне қатысты жалпы тіларалық транскрипция ережелері бар. Мәселен, ағылшын королі James I Stewart есімі әдебиеттерде Иаков 1 Стюарт деп аталса, соңғы жылдары баспасөз беттерінде Яков 1 есімі кездеседі. Дегенмен, бұл ішінара дәстүрлі түрден ауытқу шын есім транскрипциясына әлі өткен жоқ, яғни Джеймс 1 негізгі есімі әзірге қолданыс аясында кездеспейді.
Аударма тәжірибесінде жалқы есімдердің аудармасы үшін қолданылатын транскрипция және транслитерация тәсілдері жеткіліксіз болып келеді. Егерде жалқы есімдер негізіне символдық қызметтер жатса, яғни ерекше объект есімі болса немесе есім орнына емес, қосымша есім орнына қолданылса, онда олар жалпы есімге айналады. Өйткені, есім тұлғаның тұлғалық қасиеттерін және белгілерін білдіреді. Мұндай жағдайларда транскрипциядан басқа немесе оның орнына калькалаумен бірге семантикалық аударма үйлесімділігі қолданылады. Мысалы, ағылшын мәтіндерінде кездесетін Chief White Halfoat есімін қазақ тіліне әртүрлі тәсілдер арқылы жеткізуге болады: Чиф Уайт Хафоут (транскрипция), Қолбасшы Ақ Сұлы (семантикалық аударма), Қолбасшы Уайт Хафоут (аралас аударма: семантикалық аударма мен транскрипция үйлесімділігі). Джозеф Хеллердің Catch – 22 романында бұл есім аралас мағынада қолданылған: мұнда Chief кейіпкердің үндіс екендігін білдіретін қосымша есіммен бірге, тарихи қалыптасқан, ағылшын тіліне аударылмайтын ресми негізгі үндістердің жанұялық атауы болған White Halfoat тегі үйлескен. Осы жерде қолдануға қажетті тәсіл – аралас аударма болғанымен, «метис» мағынасын білдіретін half-bread, half-blood сияқты әдіспен жасалып Хеллердің сатиралық «атына заты сай» Halfoat есімі өз мағынасын жоғалтады және есім мен кейіпкерді суреттейтін контексттік тәуелділікті ұстанады3:
Chief White Halfoat was a handsome, swarthy Indian from Oklahoma with a heavy, hard-boned face and tousled black hair, a half-blooded Creek from Enid…
Аударма транскрипциясы арқылы аударылатын жалқы есімдерден басқа бірліктер тобына мамандардың көпшілігі халықтар мен тайпалар атауын, жағрапиялық атауларды, іскерлік мекемелер, компаниялар, фирмалар, мерзімді басылымдар атауын, хоккей және басқа спорттық команда атауларын, рок – музыканттардың тұрақты топтары мен мәдени объектілер атауларын және т.б. жатқызады.
Салыстырмалы түрде, мұндай атаулардың көпшілігі транскрипция және транслитерация тәсілдері арқылы оңай аударылады:
Bank of London - Бэнк оф Лондон
Minnesota - Миннесота
Wall Street Journal – Уолл Стрит Джорнал
Detroit Red Wings – Детройт Ред Уингз
Beatles – Битлз
The Capitol – Капитолий
Metropolitan – Метрополитен, және т.б.
Шындығында транслитерация тәсілін қолдану салыстырмалы түрде аз кездеседі және ескірген атау түрлерімен байланысты болып келеді:
Illinois – Иллинойс (Илиной емес)
Michigan – Мичиган (Мишиган емес)
Объектілердің біршама тізіміне байланысты аударманың дәстүрлі түрлері қалыптасты. Олардың бірі негізгі атаумен ішінара сәйкес болса,
Мәскеу – Moscow
The Hague – Гаага
Санкт-Петербург – St. Petersburg,
бірі негізгі тілдегі атауымен мүлде сәйкес келмеуі мүмкін:
England – Англия
The English Channel – Ла-Манш және т.б.
Жағрапиялық атауларды транскрипциялау барысында екпіннің аударма тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес орнын ауыстыруы мүмкін:
Florida (екпін бірінші буында)
Флорида (екпін екінші буында)
Washington (екпін бірінші буында)
Вашингтон (екпін соңғы буында).
Егер атаудың құрамына мағыналы сөз енсе, онда аралас аударма, яғни транскрипция және семантикалық аударманың үйлесімділігі қолданылады деген ереже бар:
Gulf of Mexico - Мексика шығанағы
River Thames - Темза өзені
The Pacific Ocean - Тынық мұхит
Hilton hotel - Хилтон қонақ үйі
Mayflower Restaurant - Мейфлауэр рестораны.
Дегенмен, осындай шарттардың өзінде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, Бостон қаласындағы No Name Restaurant атауын қалай аударуға болады? Ноу Нейм рестораны ма, әлде «Есімсіз» ресторан ба? Ымыраға келуге болады: No Name рестораны.
Транскрипция фирма, компания, баспа, автомобиль маркалары, мерзімді басылымдар атауларын аударуда қолданылады:
Subaru – Субару
Ford Mustang – Форд Мустанг
Facts Оn File – Фэктс Он Файл
Жас Алаш – Zhas Alash
«Атамұра» - Atamura.
Бірақ, оқу орындарының атаулары ішінара немесе толық семантикалық аударма арқылы аударылады:
Western Michigan University
Батыс Мичиган Университеті
Cherry Hill High School
Черри Хилл орта мектебі
Ақтөбе Мемлекеттік Университеті
Aktobe State University.
Әртүрлі елдердегі түрлі білім беру дәстүрлеріне сәйкес оқу орындарының атауларын аудару біршама қиындық тудырады. Мәселен, американдық білім беру жүйесінде school сөзі деңгейі және түрі жағынан әртүрлі оқу орындарының бірқатарын атауда қолданылады: high school шындығында «орта мектеп» дегенді білдіреді, school of law – «құқық институты», graduate school – «аспирантура» не «магистратура». Осыны есепке ала отырып Princeton School of Law – Пристон Университеті жанындағы Құқық институты деп аудару, Пристон құқық мектебі дегеннен гөрі үйлесімді болады. Мұндай атауларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару – күрделі мәселе. Әзірге оқу орындарының түрлерін атау халықаралық деңгейде мемлекетаралық келісімге келіп, жүйеленген жоқ.
Аударма транскрипциясын аударманың дәстүрлі аясында қолданудағы кездесетін қиындықтың бірі – саны аз халықтар атауларын немесе өзге ұлттық-мәдени феномендерді аудару. Мәселен, Американың негізгі халқының атауын аударуда әртүрлі көзқарастар мен нұсқаулар бар: Cheyenne – чейендер, шейендер, шайендер, шейенн, чейенн деп жағдайға сай аударылса, Cherokee – черок, чероктар, черокездер деп аударылады. Атаулардың қазіргі таңға сай аудармалары – шайендер және чероктар болады, өйткені осы атаулар ғана ағылшын тіліндегі дыбысталуына ұқсас. Дегенмен, ағылшын тіліндегі атаулардың өздері бастапқы үндіс сөздерінің транскрипциясы болып табылады. «Черокездер» нұсқасы, шындығында екі Cherokee және Iroquois сөздерінен жасалынған және тек халық атауын ғана емес, сонымен бірге черокез тілінің жанұясына тілдік туыстығын білдіреді. Әртүрлі етіп оқу мынадай тайпа атауларын аударуда, яғни семантикалық және транскрипция әдістерінің үйлесімділігінде қолданылады: Flathead – флетхедтер не тегіс бастылар, (тықырбастылар) Blackfoot – блэкфуттар не қара аяқтылар (жалаңаяқтар).
Жалқы есімдерді аударудағы транскрипция мәдениетаралық үйлесімділіктер аясымен байланысты болады: өзге мәдени атауларды ағылшын тіліне транскрипциялау қазақ тілінен өзгеше болуы мүмкін. Осындай атаулардың қазақ және ағылшын тілінің мәдениетіне сай дәстүрлі түрлері әртүрлі болып келеді. Мысалы, қазақ тіліндегі Шыңғыс хан нұсқасын ағылшын тілінде Genghis Khan (Jenghiz) деп аударуда екпін бірінші буынға түседі, Қытай астанасы Пекин атауын ағылшын тіліне аударғанда мүлдем өзгеше Beijing деп аударылса, Валтасар патша есімі ағылшын тілінде тануға қиын кейіпте Bel-shaz-zar (екпін екінші буында) деп, Amenophis IV (Ikhnaton) қазақ тілінде Аменхотеп не Эхнатон болып өзгереді. Мұндай сәйкессіздіктер тізімі біршама үлкен болғандықтан, аудармашыдан тілдік және жалпы мәдени көрегендіктің болуын талап етуі орынды.
Аудармашы қиын мәселелердің бірі деп басты назар аударатын нәрсе – бастапқы мәтіндегі мәдениетке сай, бірақ аударма тілінің мәдениетінде мүлде кездеспейтін ұлттық-мәдени объектілер атауы – реалийлер. Кең көлемді мәдениетаралық коммуникация жағдайында бұл атаулар үлкен топ құрайтындықтан, оларды аударуда транскрипция не транслитерация әдістерін қолданған қолайлы.
Әдетте мұндай реалийлер, яғни бастапқы тілдің басты тілдік бірлігі аударма мәтінінде өзінің толықтай шет тіліндегі түрінде болады, максималды «шетелдіктен» бастап бірнеше сатылы жолдан өтеді. Мәселен, бастапқы балама транскрипциядан толық ассимиляцияға дейінгі бірліктер тілдің сөздік қорына енеді. Аудармашылардың үлкен тобы мен түпнұсқа авторлары аударманың екі түріне жүгінеді: шетелдік бірлікті семантикалық аудармамен бірге не түсіндірмемен сақтау немесе транскрипцияны түсіндірмемен бірге қолдану. Әсіресе, осындай реалийлер туралы түсінік түрлері қазіргі таңдағы рок музыка туралы мәтіндерге сай келеді:
«Кейін «Ридинг – фестиваль» келіп, Хиптар онда бағдарламаны басқарып, «Innocent Victom» альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге «Free Me» - коммерциялық рок үлгілі шығарма синглын танытты».
Осы кішкене үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі бір халықаралық рок музыка әлемінің реалийлерін білдіреді. Олардың толық аудармасыз шетелдік түрінде не аударма транскрипциясы не аралас аударма түрінде берілгені кездейсоқ емес.
Өнертану мәтіндерін аударудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ішінде ұлттық өнер үлгілері атауларын, мешіт, шіркеу атауларын,т.б. аударуда қиындықтар туындайды. Бұл мәселелерді шешу жолы – транскрипция, семантикалық аударма не аралас аударма.
Аударма тілінде сәйкес үйлесімділігі болмайтын тілдік бірліктерді аудару үшін қажет транслитерация тәсілімен бірге калькалау тәсілі де қолданылады. Калькалау дегеніміз – сөздің құрам бөліктері (морфемалар) немесе фразалар (лексемалар) аударма тілінің элементтеріне сәйкес аударылатын біріккен сөз құрамы немесе сөз тіркестерінің айтылуы. Калькалау аударма тәсілі ретінде транслитерация белгілі бір себептермен эстетикалық, мағыналық не басқа да ұстанымдарға байланысты қолданылмаған кезде мәдениетаралық коммуникация жағдайында үлкен көлемдегі әртүрлі кірме сөздердің енуіне негіз болды.
Тілдердің даму тарихы көбіне функционалдық белгідегі тіларалық өзара байланыстың көптеген үлгілерін көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінің –шы, -ші, -кер, -гер, т.б. жұрнақтары ағылшын тілінің –er, - or, - ist жұрнақтарымен өзара байланысты; -сіз, -сыз жұрнақтары ағылшынның un-, in/im-, non- түбір алды жұрнақтарына сәйкес. Үдемелі тіларалық өзара әрекеттестік әсерінен көптеген тілдерге жалпы тізімдік морфемалар енді: -ист, -изм, -ор, дис-, -ион, т.б. Көптеген түбір морфемалардың қазақ және ағылшын тілдерінде тура сәйкестіктері де бар:
Money – ақша, window – терезе,
Old – кәрі, table – үстел,
Go – жүру, war – соғыс және т.б.
Саяси, ғылыми және мәдени салалардағы сөз тіркестерінің көпшілігі калкалаудан тұрады:
Үкімет басшысы – head of the government
Жоғары Сот – Supreme Court
Аралас заңдар – mixed laws
Сайлау шешіміне сенімсіздік – non-confidence vote, т.б.
Транскрипциядан калькалаудың ерекшелігі – оның негізгі түрді аударма тіліне механикалық түрде жәй аудара салу әрекеті еместігі және көбіне кейбір өзгертулерге жүгіну керектігін білдіреді. Ең алдымен бұл септік түрлерінің, сөз тіркесіндегі сөздер санының, аффикстер, сөздердің орын тәртібінің, сөздің морфологиялық және синтаксистік атқаратын қызметтерінің өзгерістерін қамтиды. Мәселен, ағылшынның skinheads не skinheaded сөздері skin сөзінің семантикалық мағынасынан ауытқып, калькалау арқылы жасалып, тықырбастылар не бәкібастылар деп жалпы өзгереді. Ағылшын сөз тіркесі two-thirds majority морфологиялық та, синтаксистік те өзгеріске ұшырап үштен екі бөлігінің көпшілігі (дауыстың) болып калькалау арқылы жасалынады. Ағылшын тіліндегі кейбір аффикстер қазақ тілінде сын есім белгілерін білдіретін өзіндік белгілерге сәйкес келіп, калькалау үрдісіне қажетті өзгерістерді ендіреді:
Misdistribution of costs
шығынды бұрыс тарату
maltreatment
сапасыз ем
Non-taxable income
салық салуға жарамсыз кіріс.
Лексико – семантикалық модификация (түр өзгерісі)
Жоғарыда айтылған сөздер мен сөз тіркестерін аударуға арналған екі тәсіл басым түрде контекстке немесе тілге тәуелсіз бастапқы және аударма тілдерінде бір түр мен мазмұнға ие тұрақты және әмбебап мағыналы тілдік бірліктерді аудару үшін қолданылады.
Контексттердің аударылуында кейбір келіспеушіліктер әдетте еленбей қалады. Дегенмен, олар сөз формасы немесе мағына мен форма байланысы негізгі мағынаға ие болатын көркем шығарма контексттерінде маңызды орын алады. Транскрипция мен калькалау арқылы жеткізілген хабардың аз түрде мағыналық кемістігі бар болса да, аударма мәтініне ерекше «шетелдік кейіп» береді.
Бастапқы мағынаны тарылту не нақтылау негізгі бірліктің ақпараттық реттелу мөлшері аударма тілінде мағынасы жағынан сәйкес болатын бірліктің реттелуінен төмен болған жағдайда қолданылады. Мәселен, қазақ тілінің зерттеу ұғымы әртүрлі жағдаяттық жағдайларда қолданылады және көп жағдайда контекстке сай реттеледі; ал ағылшын тілінде оған контекстке байланысты әртүрлі тар мағыналы бірліктер сәйкес келеді:
to explore ( ортаны зерттеу – to explore the environment )
to investigate (нарықты зерттеу – to investigate the market)
to research into (классикалық әдебиет құбылысын зерттеу – tо research into the classical literature).
Ағылшын тілінің man сөзінің мағынасы кең және қазақ тілінің сөздің нақты мағынасын талап ететін контексттерінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы:
He is a man of taste
Ол жоғары талғамды адам
All the king’s men
Патшаның барлық әскерлері
Then you will be a man, my son
Міне, сонда ғана сен ержігіт боласың, ұлым және т.б.
Бастапқы мағынаны кеңейту не жалпылау негізгі бірліктің ақпараттық реттелу мөлшері аударма тілінде мағынасы жағынан сәйкес келетін бірліктің реттелуінен жоғары болған жағдайда қолданылады. Мәселен, қазақ тілінің ем сөзі ағылшын тілінің мағынасы кең және ем сөзіне қатысты контекстпен үйлеспейтін, ақпараттық реттелуі үшін арнайы контекстті талап ететін treatment сөзімен сәйкес келеді:
Ем сәтті болды және ол толықтай жазылды
The treatment turned to be successful and she recovered completely
Олардың жаңдайды түсінуі
Their treatment of the situation
Ол ата-анасына аса құрметпен қарады
His treatment of his parents was very deferential. Сөздердің басқа жақтан үйлесімділігін тауып, бірақ мәнерлілік мүмкіншілігі жағынан сәйкеспеушілігі туындаған сәтінде аудармада қиындық туындайды. Мысалы, a cow-eyed girl контекстке сай әртүрлі баламаларды талап етуі мүмкін: сиыр көзді қыз немесе бота көзді сұлу.
Біріншісі теріс мәнерлілікті тудырса, екіншісі оң мәнерлі. Эмфазаны күшейту тәсілі аудармада аса тиімді болуы мүмкін, бірақ ол қарым-қатынас мазмұнына зор ықпал ететіндіктен, оны қолдануда абай болып, кейбір даулы жағдайларда бұл тәсілге қарама-қарсы мағынаның эмционалды-бағалау құрамды бөлігін нейтралдау (бейтараптау) тәсілін пайдалануға болады. Мысалы, егерде контексттен a cow-eyed girl сөз тіркесінің мәні түсініксіз болса, оны үлкен көзді қыз деп бейтарап нұсқамен беруге болады.
Латын және грек тілінен шыққан түбірі бір ағылшын және қазақ тілінде әртүрлі эмоционалды-бағалау бояуына ие болған және жалпы мағынасын сақтаған сөздер тізбегі бар.
Pompous – мерекелік және үлпілдек
Ambitious – атақ құмар және ғаламат
Politician – саясаткер және ұстанымы жоқ саясаткер, қуақы іспен айналысушы адам.
Оларды толықтай «аудармашының жалған достарының» қатарына жатқызуға болмайды, өйткені олар жалпы мағынасын сақтаған. Десек те эмфазаның болу не болмауымен байланысты сәйкестікті таңдау мәселесі контексттің реттеушілік әсерімен айқындалады.
