Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стилистика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
303 Кб
Скачать
☆

Пайдаланылған әдебиеттер

1.    Росийская педогическая энциклопедия: в 2-х тт./Гл.ред. В.В.Давыдов .-М.:Давыдов .-М.:Большая Росийская энциклопедия,1998.-672 стб.-Т.2.-1999.-(М-Я).Стб. 16.

2.     Азимов Э.Г.,Щукин А.Н. Словарь методических терминов (теория  и практика преподвония языко).-СПБ «Златоуст»,1999.-  472 с.

3.     Львов М.Р. Основы теории речи: Учеб. пособие  для студ. высш. пед. учеб. заведений. –М. Издательский центр «Академия»,2002 .-248 с.

4.    Зимняя И.А. Лингвопсихолгия реечевой деятельности. –М:Московской психолого-социальной инстутут. Воронеж: НПО «МОДЯК»,2001.-432.

7. Шетел тілін үйрену – жас ұрпақтың бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі

Библиографическое описание: Атажанова З. М. Шетел тілін үйрену – жас ұрпақтың бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі [Текст] / З. М. Атажанова, Л. Нурмаганбетова, Т. Ережеп // Молодой ученый. — 2015. — №6.2. — С. 63-64.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан 2014 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Тіджердің үш тұғырлылығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың ірнесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Бұл жоспар Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей, өзіндік даму стратегиясын белгіледі.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігі ерекше аталып өтілді. Осы жолдауда ғылым мен білімнің модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саныкемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеруі керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқу бағдарламасына енгізілді.

Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жәмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонатан Свифт, Вальтер Скотт,Чарльз Диккенс сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2-1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең кең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала бастады. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.

Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрету арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

Жалпы білім беретін жлғары оқу орындарында және орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отрады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсатты көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша студенттер білім алады. Олар: “beginner”, “elementary”, “pre-intermediate”, “intermediate”, “upper-intermediate”, “advanced”.

Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз- пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобалай оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.

Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бет бұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ Баймағамбетова М.С. М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі ағылшын тілі пәні оқытушысы  Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ. Білім беру саласында түбегейлі өзгерістер еңгізілуде. Жалпы орта мектепті 12 жылдық білім беруге көшіру мақсатында көп жұмыстар атқарылуда. Республикада бірнеше мектептерде экспериментальдік жұмыстар жұріп жатыр. Сондықтан кәсіптік орта және жоғары білім беру мекемелеріне 12 жылдық мектептерге кәсіби құзырлы, жаңа технологиялармен қаруланған, өз пәнін жетік меңгерген мамандарды даярлау жауапкершілігі жүктеліп отыр. Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімдерін даярлауда колледждің «Шетел тілі» пәндік циклдық комиссия оқытушылары ізгілікті жұмыс жасауда. Жас ұрпаққа кәсіби білім беру терең теориялық білімді, жан-жақты біліктілікті талап етеді. Бұл салада әдістемелік пәндердің маңызы зор. Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Ұстаздың қолындағы мықты екі қарудың бірі – терең білімі болса, екіншісі – сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс – тәсілі болуы қажет. Әдіс грек тілінен еңген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынаны берген, яғни «белгілі бір пәнді оқытудың әдісі» дегенді білдіреді. Сонымен қатар әдіс дегеніміз – алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалімнің және оқушының жүйеленген іс - әрекеті. Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғаламін даярлауда әсіресе түрлі әдістер арқылы оқушыларға шетел тілін меңгерту – баланың жан дүние рухын байытатын, әлемдік білім кеңестігіне жол ашатын, бәсекеге қабілетті, заман талабына бейімделгіш жас үрпақты тәрбиелеу болып табылады. 12 жылдық білім беруде шетел тілін бастауыштан бастап оқытудың себебі – білім негізі бастауышта қаланатындықтан және ең басты мақсаты – тілдің сапасын арттыру, яғни оқушыларға шет тілін сапалы түрде, бір-бірімен еркін қарым- қатынас жасай алу деңгейінде меңгерту талап етіледі. Сөйлеу – оқытудың мақсаты. Сөйлеу - өте көп аспектілі және кұрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Мұғалімге ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жұзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу – бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі – пікір айту пайда болады. Сөйлеу – қарым – қатынас құралы. Қарым – қатынас ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым- қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап-түсінуді, екінші жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Сондықтан, сөйлеу – сөздік қызметтің түрі ретінде қарым- қатынастың құралдарының бірі болып табылады. Әдістемеде сөйлеу түрлерін «монологиялық» және «диалогиялық» сөйлеу деп те атайды.Оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және оның шетел тілін мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Бұл мәселені шешу үшін педагогтар оқыту процесінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану қажет. Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жұргізу бірнеше қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен студенттің сөйлесу қарым –қатынасы бір жақты болса. Студенттер көбінесе үнсіз қалады. Яғни: - студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмайды; - оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады; - өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі келмейді. Бұл жағдайда студентті сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет. Студенттерге шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негіздерін тірек – сызбалар арқылы түсіндіру тиімді және білім беру стандартының талаптарына сай теориялық сабақтарда тек оқытушы ғана емес студенттерде жұмыс жасау талабы орындалады. Мысалы: Content of Foreign Language Teaching 1) Psychological component, i.e. habits and skills which ensure the use of the target language as a means of communication in oral (hearing, speaking) and written (reading, writing) forms  (2) Linguistic component, i.e. language and linguistic material which should be assimilated to be used in language skills  (3) Methodological component, i.e. the techniques which pupils should acquire to learn the foreign language in a most effective way Осы сызба арқылы шетел тілін оқыту әдістемесінің мазмұның компоненттерінің түсіндірмелерін аудару арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын студенттер меңгере алады. Сонымен қатар сөздік жұмыс жасау арқылы сөз қорларын байытып, тақырыптың сұрағына ағылшын тілінде жауап беруге әр кезде дайын болады. Қысқаша тірек сызбаларды студенттер оңай есте сақтайды. Практикалық сабақтарда студенттерге төменгідегідей тірек- сызбалар өз ойларын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беруге және де жауап беруші студент жаңылысса басқа студенттерге оның қателерін жөндеуге көмек береді: Осындай тапсырмалар арқылы студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру мәселесі шешіледі және диалогтық қарым- қатынас жасауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру үшін түрлі топтық немесе жұптық тапсырмалар беріп, әрбір студентке жеке рольдер мен міндеттер атқаруды талап етіп, бірігіп жұмыс жасату бойынша білім деңгейлері төмен студенттер үлгірімі жоғары студенттермен кеңесіп жұмыс жасауына жағдай жасалады. Ондай болса студенттердің пәнге деген қызығушылығы, бәсекелестік сезімі негізінде студенттердің білуге құштарлықтары артады. Қорыта келе студентердің коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында түрлі әдістер арқылы білім беру тиімділігін айтқан жөн. Әр сабақты түрлендіріп өткізу студенттердің білім деңгейін көтереді, қажетті білім алуға, біліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады.