- •Ерте жастан ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге көрнекілік әдісі негізінде оқыту әдістемесі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •7. Шетел тілін үйрену – жас ұрпақтың бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі
- •Ағылшын тілінде оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
- •Оқушыларды оқуға және сауатты жазуға үйрету
- •Ағылшын тілін үйрету тәсілдері Резюме
- •Ақпаратпен бөлісу: Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары
- •26 Наурыз 2013
- •3.Question Race Сұрақтар сайысы
- •2.Board race Тақта сайысы ойыны
- •Оқыту технологиялары
- •Оқытудың педагогикалық технологиялары
- •Оқыту технологиясы
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар
- •Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері
- •3. Тәрбие жұмысының формасы
- •Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары
- •Конкурстар
- •Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау жолдары
- •Өзін-өзі бағалау парағы
Ақпаратпен бөлісу: Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары
Күлшат
26 Наурыз 2013
8845
0
0
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі». Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету. Ұстаз шеберлігінің өзегі – тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін ұстаз біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәріс беру шарт. Екінші шарт - шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз. Шетел тілдері сөздерінің мағынасын түсіндіру мәселесі туралы ғалымдар пікірі 2 топқа бөлінеді. Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек(И. Е. Аничков), олар шетел тілін оқытуды ана тіліне сүйеніп, шетел тілінде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе, енді біреулері (Л. В. Щерба, Т. Ф. Лапангова) керісінше ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Шетел тілін меңгеру дағдысын қалыптастыруда ана тілін мүлде аластау арқылы емес, ана тілінің интервенциялық ықпалы арнайы әдіс - тәсілдердің көмегі мен жеңген дұрыс, деген пікір айтады. Ағылшын тілін үйрету мынадай тіл дамыту жұмыстары бойынша жүзеге асады. 1. Лексикалық жұмыс. 2. Граматикалық жұмыс. 3. Фонеткалық жұмыс. Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі мынада кейбір сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөздерге аударылады. Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын(ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің қолданатын әдісіме тоқтала кетейін: Who? What do(ing)? Where? When? Мысал: The children are playing in the yard now. – деген сөйлемді алатын болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың көмекші етістіктің орнын ауыстырып алмайды. Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оның ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Демек шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Ол үшін мен оқушыларға фонетикалық жаттығулар жасатамын. Фонетикалық материалды меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беремін Мысалы, know - білу. now - қазір mouth - ауыз. mouse - тышқан. Т. б Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттемелері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу. Осы бағытта оқушылардың ой - өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар – үздік топ, екінші топ - төрттіктер, үшінші топ - үштіктер. Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни «5»бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет, журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді. Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексертетін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғары балл алғандар - І, онан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгісімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының Президентінің 2011жыл 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы. 2. Қазақстан мектебі 2002жыл №3 және№10 3. Ағылшын тілі мектепте 2010жыл №1 және 2009жыл №1 4. Хабаршы 2009 жыл №1
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары Исаева Меруерт Сейдуллақызы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №49 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.
Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Линвистикалық негізгі обьектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу – адамзаттың іс – әрекетінің ерекше формасы. Сөйлеу адамзаттың ойлауымен және басқа да психикалық процестерімен тығыз байланысты. Сондықтан адамзаттың сөйлеу іс – әрекетін тексеру бір ғана тілі білімінің үлесі емес, бұл басқа да ғылымның мәселен, психологияның, физиологияның, логопедияның т.б зерттеп қарастыратын облыстілі. Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады. Ішкі сөйлеу формасы – ойлау процесі үшін осы қажет нәрсе, ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір информатика береді. Сөйлеудің екі жағы бар: сөйлеу процесінің нақ өзі және сол сөйлеу іс – әрекеті процесінде жасалынған нәтиже яғни сөйлемдер, мәтіндер т. б. Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым – қатынасты атқарады. Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін – бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндеу алшақтығы болуы мүмкін. Сөйлеуге үйрету манолог және диалог түрінде іске асырылады. Манолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым – қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік – бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды. Диалог – оқушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді. Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір – біріне деген ықпалда жасалынады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір – бірінің іс – әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жүзеге жарғанда өзгеше лингвистикалық та, лингвистикалық емес те құралдар үлкен роль атқарады. Өзгеше лингвистикалық құралға арнайы таңбаланған лексикалық бірліктерді,кейбір грамматиканы жатқызуға болады. Ал, лингвистикалық емес құралдарға ауызша сөйлеуге тиісті құралдардың барлығы – оқушының тұрысы, ымдауы, ишарат білдіреді, көз қысуы, жымиуы, күлкісі, жылауы және т.б. жатады. Бұл эксромингвистикалық бөліктер ауыз екі тілде сөйлеуді айтарлықтай толықтырып тұрады.
Ауызша өз пікірін айту жазбаша түрде ойын жеткізуден, ең алдымен, қарым – қатынастың тікелей өзгешелігімен және коммуниканттандардың арасында нақты байланыстың болуымен оқушылардың өз ойын жеткізудің формасына және тәсіліне таңба салғандай ерекшеленеді. Сөйлеу әрекеті кезінде әңгіме дүкен жүргізушінің серігінің болуы немесе тыңдаушысының болуы сөйлеп тұрған адамға өзінің серігінің кез келген іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілік береді. Бұл оқушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етуге және үнемі үндестірілуіне мүмкіншілік береді. Ауызша сөйлеуге үйрету жайлы айтқанда, оқу үрдісінің шартымен және мақсатымен емес, сонымен қатар ауыз екі тілде сөйлесудің қандай түріне үйрету керектігін анықтау қажет. Лингвистикалық жоспар бойынша ауызша әңгімелеп жеткізудің 3 түрлі формасы бар: монологты, диологты және полилогты. Ауыз екі тілде сөйлеу психологиялық жобада да белгілі бір қызығушылықты ұсынады. Ауыз екі тілде сөйлеу психологиясында кибернетика саласындағы ойдың әсерінен бір жүйеге келтірілген екі коммуникативтік үрдіс табанды түрде танылуда. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Оқушы өзіне тиісті пәндерді жан – жақты меңгеріп алғысы келеді және де шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес көмегін көрсетеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді; 2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы; 4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.
Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.
Осы орайда бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұыс формада сөйлеу білуге үйрету.
Сөйлеу әрекетінде түсіне отырып тыңдауға үйретудің басты мақсаты түсіне отырып тыңдаудың көлемін ұлғайтуға қол жетізу, нақтырақ айтқанда әр адамға тән сөйлеу сипаттамасы бар, бірнеше адамды түсінуге мүмкіншілік беретін жаттығулар көлемін қалыптастыру.
Ауызша сөйлеуге үйретудің біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мәтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едәуір байланыстың болуы.
Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі.
Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгіені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар өрбіп отырады. Сондай ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан жақты артып отырады. Мұнда мәтіндерді көбіне оңайдан қиынға қарай өрбіткен мұғалім үшін ыңғайлы
Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында мәтінді оқу, көру арқылы мазмұын түсіну мен мәтіннің мазмұнын өз бетінше оқып түсіне білу, мәтін бойынша талқылауға белсенді араласу сияқты жұмыстар кеңінен қолданылады. Оқылған мәтінге байланысты оқушы өз ойын салыстырмалы түрде жеткізе біліп, қоғамдық орындарда жазылған нұсқауларды оқып түсіну сынды талаптар қойылады.
Ал бұл сөйлеудегі оқушы сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға баланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрлендіре отырып, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Көлемді мәтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары,теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады.
Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында роман, поэма, эссе, әңгіме оқыту арқылы жан жақты жұмыс жүргізуге жол ашады.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын,идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілінде сөйлеп, оқып түсіне білу қабілеттерін қалыптастыруға мектеп қабырғасында мән берілуі тиіс. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу қажет. Шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Осы мақсатпен анықтама әдебиетерді пайдалана білу, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және одан түйгенін қысқаша етіп қағазға жазып алу, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.
Ағылшын тілін оқытудағы оқушының өз сөзін жоспарлай білу икемділігін, мәтін мазмұны мен ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, сөйлеу этикасын пайдалана алуын талап етеді. Оқушылар басқа халықтардың тұрмыс тіршілігімен олардың көрнекті өкілдерінің өмірімен алынған деректермен, бұл халықтар тарихының эпизодтарымен, мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен танысады. Оқулық, оқу кітаптары, газеттегі қарапайым мақалалар арқылы оқушылардың шетелдегі адамдардың өмірімен танысуы олардың жалпы білімділік ой өрісін кеңейтеді. Оқушылардың жан жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты мен сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілі құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) және сөйлесу іс әрекетінің негізгі түрлерімен қарулана отырып, оқушылар танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады.
Оқу бес пайызға дейін бейтаныс сөзі бар ғылыми көпшілік қоғамдық саяси және көркем әдебиеттен қысқартылып алынған мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінулері тиіс. Оқушылар газетті қарап шығып, одан өздерін қызықтыратын мақалаларды таңдап ала алатын болуы тиіс. Мәтінді оқи отырып алынатын хабарға байланысты оқушылар оқу қарқыны мен түсінігін қалыптастыруы керек.
Тілдік материалдар оқушыларға өз қалауларын айтуға және өз пікірін білдіруге қажет болады. Өз пікірін ситуациялар және тақырыптармен байланыстыра қолдану мынадай пікірлер айтуға, жеткізуге жетелеуі тиіс:
қалауын, сезімін, жанашырлығын білдіру;
өз көзқарасын айту, қарапайым ғана дәлел келтіру;
істің мән жайы мен оқиғалар туралы мәліметтер алу және әріптесінің пікірін сұрау.
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес.Шетел тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.
Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
А) тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және морфологиялық формаларын тани білу);
Ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;
Б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу;
Тыңдау процесі есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде күрделі болып саналады.
Ауырма сөзді түсіну үшін бір материалды бірнеше рет тыңдаудың қажеті жоқ. Сөзді толық түсіну бірден (толық) және толықтай бір рет айтқанда қабылданады. Қазіргі кезде шетел тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б. мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, видео-фильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін ұнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы видео жаттығулар мен аудио мәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырудың мәні зор.
Тыңдауға үйренуді сөйлеумімен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, видеофильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады.
Шетел тілін тыңдап түсінудің өзіме тән ұғындыруға тырысып, тілдік материалдарды көп беру қабылдауды қиындатады, сонымен бірге дағдыны қалыптастыруға кері әсер етеді. Осының әсерінен оқушы тез тыңдап түсіліп, жауап дайындау үшін ойланып отырады.
Ауызша сөйлеуге үйрету – шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып салалатындықтан, ең негізгі мақсат – естігенін түсіне білуге үйрету.
Түсінуге тексерудің ең басты бөліктерін – сурет арқылы, екіншіден – жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.
Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Оқытушы дұрыс,не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әртүрлі нұсқаулар түрінде де беруге болады.
Мысалы: “When Tom walks to the window, John will write Kate’s name on the blackboard“ Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі.
Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және ажыраты білуге арналған тапсырмалардың мұндай түрлерін бірте-бірте күрделендіруге болады.
Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажетт бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3-4% таныс емес лексикалық материлдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1-1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады:
My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen.
Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home.
When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Тыңдаған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.
Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан – жақты жүргізген туста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі – үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.
Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.
Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды.
Ағылшын тілінде мектеп бағдарламасы ауқымында шәкірттерді сөйлеуге үйрету, ауызекі тілде сойлету күні бүгін шетел тілін оқытудың ең басты міндеті болып отырғаны белгілі. Әр мұғалім өзі еңбек етіп жүрген мектебінің қарай оқыту тәсілдерін тиімді етіп, түрлендіре отырып жоспарлауы тиіс.
Мектеп жағдайында оқушыны ауызша сөйлеуге үйрету үшін жүргізілетін жұмысты дифференциялап жүргізуді екіге болуге болады: іштей және сырттай.
Іштей дифференциялау барысында оқушыларды қабілетіне қарай шағын топтарға бөліп, олармен тіл үйретуде ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Бұндай топтарды әрине оқушылардың деңгейлеріне және мүмкіндіктеріне қарай жұмыстар атқарылады.Әр мұғалім сынып оқушыларын әр түрлі бөлуі мұмкін, мысалы бір топта тілге қабілеті бар оқушылар, екінші топта тілді нашарлық білетін оқушылар, үшінші топта қабілеті, білімі жоғары да, нашарлау да оқушылар аралас болады.
Ал сырттай дифференциялау бойынша әрбір топ пен топтардағы оқушылардың коммуникативтік икемдігін, олардың шеьел тілін оқуға деген психологиялық жағынан дайындығын, елтануға байланысты материалдарды оқып және де оларды өз еліндегі және басқа елдердегі реалиялармен салыстыра отырып меңгеруге қабілеті, мүмкіндіг ескеріледі. Іштей дифференциялау сырттай дифференциялаумен өзара біріге келе оқушылардың тіл үйренуге деген мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Бұл орайда, әрине, оқушылардың жеке бас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Сыныпта бала саны неғұрлым көп болса соғырлым мұғалім оқушының өзіне тән ерекшелігіне көңіл бөліп, дефференциялауға неғұрлым көп мүмкіндік жасауға тырысу қажет.
Сабақты өтудің әдіс – тәсілін түрліндіре, көрнекіліктермен әрлендіре отырып үнемі әрі жүйелі тұрде оқушылар жұмысын тексеріп кезде біз бұрынғы ескі тәсілмен оқушылар жұмысын тексеріп үнемі әрі жүйелі түрде оқушылар жұмысын тексеріп отырған дұрыс. Шәкірттердің білімін біркелкі бағалай салмауымыз керек, әр оқушының жауабының мазмұнын ескере отырып баға қоюымыз керек. Сонда, мазмұнды, жақс сөйлейтін оқушы одан нашарлау сөйлейтін оқушыға қарағанда өз білімнің жоғары екенін түйсінеді.
Оқушыны ауызша сөйлеуге жаттықтыруда тоғы бір ескеретін жағдай- жеке оқушыдан сабақ сурау кезеңі. Бір ғана оқушы жауап беріп тұрса, нашарлау (сөйлейтін) оқитын оқушылар оны тыңдамай отыруы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақ сұраудың әрбір кезеңінде барлық оқушыны қамтитындай тәсіл қолдануы тиіс.
Ауызша сөйлеуді дұрыс жолға қою үшін ең әуелі оқушылардың шетел тілінен сөз қорын дұрыс жинақтауына көңіл бөлу керек. Оқушылар әр сабақта өтілетін жаңа сөздерді жазып алып, жаттауы міндетті. Тіл үйренуші мектептегі сабақта тілді қалай үйренудің, қалай сөйлеудің жолдарын үйрене, үйде, сабақтан тыс кезде көп оқыса білімі сөйлеу дағдысы бай болары сөзсіз. Мектеп мұғалімі шәкірті жақсы сөйлесін десе оқушылардың екеуара сөйлесуіне көп көңіл бөлгені жөн. Пәнді жақсы меңгеріп келе жатқан оқушы мен үлгерімі төмендеу оқушыны нашар үлгерімді баланың айтқанын түзеп, көмектесіп отырады.
Ауызша сөйлеуге баланы дұрыс жаттықтырудың тағы бір түрі үйренген матрериалды жаңа материалға ауыстырғызып дағдыландыру. Өтімен материалды, сөздерді бала түрлі ситуацияға байланысты өзгерте отырып қолдануға дағдыланса сөйлеу қабілеті мығымдала түседі. Оқушылардың білімін бағалағанда мұғалім бірден «Сен төртке білесең», «Сен екіге білесің» деп бағаламауы тиіс, оқушылардың сөзінең қандай деңгейде болғанын сөзбен бағалап, содан кейін ғана баға қою керек. Тәжіребесі мол мұғалім сөйлеуге үйрету барысында сөйлеуге бейім тұратын және сөйлеуге аса ұмтылса қоймайтын міңезі ауыр балалар болатынын да ескертгені дұрыс болады.
Ауызша сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен жасауға болады:
А) «Көз алдыңа елестетіп көр» және «қиялдап кор» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру.
Ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;
Б) Оқушыны қоршаған орта күнделікті өміріндегі болып жатқан жағдайына ұқсас, сәйкес келетін нәрселерді сипаттау. Ситуацияны бұлайша шектеу оны оқушыны ойландыратын тапсырмаларға айналдыруға мүмкіндік береді.
Ғалым И.В. Рахманов «заттық ситуация» мен «қарым – қатынасқа байланысты ситуация» бөліп қарау керек деген пікір айтты. Ол негізінде осында ситуациялардың тақырыптарымен бірге бағдарламаға енгізуге ұсынған болатын. Заттың ситуациялар оқушылар өз жанұясын, үй-емін т.б. өзіне жақын нәрсені суреттегенде пайда болса, қарым- қатынас ситуациялары шәкірт бір нәрсеге, біреуге өзінің жеке қозқарасын, қатысын білгенде жасалынады. Бұңдай ситуациялар бір нәрсе жайлы ойлап, өз ойын білдірісі келген жағдайда құралады. Сабақта әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді:
Іске асыруға мүмкіндік жасайды, ойткені олар белгілі бір проблеманы қозғап, соған арнайы құрылады. Сабақ үстінде ситуациялар құру, әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді іске асыруға мүмкіндік жасайды. Қарым – қатынас неғұрлым терең әрі жан – жақты болса, соғұрлым сөйлеуге дайындалу процесі жеделдетіп, оңайлана түседі, өйткені сөйлеу негізінде белгілі бір контекст тұрады. Ол контекст қарым – қатынас жасайтын адамдардың іс-әрекеті.
Сөйлеу үшін ең алдымен оқушыларды тіл арқылы қарым – қатынас жасауға ситуациялар арқылы үйрету керектігін негізге ала отырып Ресейлік ғалым Е. Пассов мынадай байлам жасайды: біріншіден, оқушылардың қара іс-әрекет жағдайын ескергенде ғана сөз әрекет іске аса алады; екіншіден, сипуацияларды үнемі өзгертіп жаңалап отырғанда ғана оқыту нәтижелі болады үшінші, ситуация оқушыны өз бетімен ізденуге мәжбүр етеді, себебі ол ес, ойлау сияқты жеке бас қабілетін сүйенеді.
Оқытудың ситуативтілігі оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана сабақ үстінде қатынас ситуациясы пайда болады. Е.Пассов өзінің ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде комуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екеніне көз жеткізген. «Ситуация-дегеніміз қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасының жүйесі, ал ситуативтілік дегеніміз-осы қарым-қатынастармен байланыс» деп қорытынды жасайды. Ол іс-әрекеттерде дара қарым-қатынастарда мынадай жетекші факторлар болады деп көрсетеді. Е.И.Пассов: а) статустық, ә)рольдік; б)іс-әрекеттік; в)ізгілік.
Шетел тілінде сөйлеуге , қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.
Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:
Әліпбиді дұрыс меңгерту;
Орфографияны дұрыс оқыту;
Оқу дағдысын қалыптасыру;
Лексиканы меңгерту;
Грамматикалық құрылымды меңгерту;
6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына сай болу керек.Мұғалім кез- келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады.Біз сынып ішінде ойындарынды қашан қолдануымыз керек.Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін,отілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
What’s in the bag?
Around the world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Go fish
ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы жобадада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.
1.What’s in the bag? Сумкада не бар? ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
