- •Мазмұны
- •1 Жалпы ереже
- •2 Дипломдық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар
- •3 Дипломдық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •3.1 Дипломдық жұмыстың мәтіндік материалдарын рәсімдеу
- •3.2 Мұқаба (титулка) беттерді рәсімдеу
- •3.3 Бөлім аттарын рәсімдеу
- •3.4 Таңбаланған және нөмірленген тізімдерді қолдану
- •3.6 Сызба және көрнекілікті (иллюстрация) рәсімдеу
- •3.7 Кестелерді рәсімдеу
- •3.5 Формулаларды рәсімдеу
- •3.8 Графиктерді рәсімдеу
- •3.9 Сілтемелерді (сноска) рәсімдеу
- •3.10 Сілтеме үзінділерді (ссылка) рәсімдеу
- •3.11 Қосымшаларды рәсімдеу
- •3.12 Презентацияны рәсімдеу
- •3.13 Дипломдық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу және беттерін нөмірлеу
- •3.14 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары
2 Дипломдық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыстың сапасы, елеулі дәрежеде оның мәтінінің толықтылық, жүйелілік және байланыстылық критерияларына қаншалықты жауап беретіндігімен анықталады.
Дипломдық жұмыс құралады:
Мұқаба (обложка) |
Қосымша Б
|
Мұқаба беті (титульный лист) |
Қосымша В
|
Күнтізбелік жоспар |
Қосымша А |
Аннотация (Абстракт) |
Аннотация жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығын түсіндіреді, сонымен қатар жұмыс барысында алынған негізгі нәтижелердің қысқаша түйіні. Аннотация должна қысқа, нақты, логикалық бірізділік және түсінікті оқылатындай болуы керек. • Аннотация мөлшері ~ 1-2 параграф, шамамен 200-400 сөз. • Цитата (сөзбе-сөз үзінді) болмау. • Жұмыстың аталуы қайталанбайды. • Егер орынды болса, сандық мәліметтер болады.
Аннотацияның ұсынылатын құрылымы: 1. Дипломдық жұмыста ....баяндалады (зерттеу заты немесе басты зерттелетін сұрақ). 2. Зерттеу затының мәні бойынша фраза (сөйлем). 3. Осындай зерттеулер негізінде (және/немесе осындай мәліметтерді талдау барысында, қандай да бір үрдістерді қалыптастырып және т.б.), автор көрсетті .....(нақты, авторда талдау және зерттеу нәтижесінде не пайда болды немесе қалыптасты). 4. Алынған нәтижелер және оның интерпретациясының мәні бойынша фраза. 5. Автор болжайды, пайымдайды ... (жұмыста мазмұндалған мәрелік қорытынды немесе ұсыныстар туралы). 6. Басты сөздер: (жұмыстың мазмұнына қатысты 2-5 негізгі терминдер) |
Мазмұны |
Қосымша Г
|
Кіріспе |
Кіріспе мәтіннің 2-3 бетін құрайды. Кіріспеде: 1) тақырыптың маңыздылығы және өзектілігі негізделеді; 2) мақсаты, міндеттері, зерттеу идеялары мазмұндалады; 3) жұмыстың жаңашылдығы ашылады; 4) таңдалған тақырыптың мәні және тәжірибелік маңыздылығы және жұмыста қарастырылатын мәселелер көрсетіледі. Сондай-ақ кіріспеде зерттеу объектісіне қысқаша сипаттама ұсыну және зерттеу құрылған нақты материалдарды таңдауды негіздеу қажет.
|
Негізгі бөлім |
Жұмыстың түрлі бөліктерден тұратын негізгі бөлімінде теориялық негіздер мен меңгерілетін мәселенің қысқаша тарихы беріледі, әдіснамасы айқындалады, автормен жүргізілген интервью, қадағалау, сараптамалар, есептер, алынған нәтижелер, дается жиналған нақты материалдарға объективті талдау, жалпылау жасалады. Кестелер, график, сызбалардан құралады. Жұмыстың негізгі бөлімінің әрбір бөлігі жеке бір мәселені немесе оның бір тарабын дәлелді аша отырып логикалық тұрғыда өткеннің жалғасы болып табылады. Мазмұндау құрылған жоспарға сәйкес іске асырылуы керек. Әрбір бөлімнің соңында автор қысқаша қорытынды жасайды, бірақ бөлімдер бойынша қорытындылар Қорытындыда қайталанбауы керек. Жұмыс түсінікті тілде, қайталаусыз, қысқартусыз, бірқатар ережелер арасында қарама-қайшылықсыз, ізінше тақырыпты ашып жазылуы қажет. Негізгі бөлімнің ұсынылатын құрылымы: - зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттерге шолу* - зерттеу әдіснамасы* (оқырманға алынған нәтижелердің шынайылығын бағалауға мүмкіндік беретін бастапқы мәліметтер, процедуралар, теориялық негіздерді сипаттау, сонымен қатар есеп және талдау әдістемесін, қолданылған техника, технологиялар, жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету, мүмкін шектеулер және қолданушылық спектрін сипаттау) - алынған зерттеу нәтижелері және олардың интерпретациясы* - ұсыныстар. Жұлдызшамен айрықшаланған бөлімдер міндетті болып табылады.
|
Қорытынды |
Қорытынды мәтіннің 1-2 бетін құрайды. Қорытындыда қысқартылған формада автормен жасалған зерттеулер нәтижесінде келген теориялық және тәжірибелік сипаттағы негізгі жайттары баяндалады, дипломдық жұмыстың нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды мен ұсыныстар және оның бағасы беріледі. Басқа зерттеушілермен салыстырғанда қойылған міндеттердің шешімін табуда автормен енгізілген барлық жаңашылдықтар ескеріледі. Осылайша, қорытынды ғылыми ақпараттың негізгі бөлігінде жинақталған синтез формасын алатын, жүргізілген зерттеу логикасына негізделген соңғы аяқтау (концовки) рөлін білдіреді.
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (библиография) |
Библиография автормен жұмысты жазу кезінде, тіпті аракідік қолданса да пайдаланылған әдебиеттер көзін құрайды.
|
Қосымша |
|
Дипломдық жұмыс қатты түптеумен түптеледі, оған міндетті түрде жұмыстың қағаз нұсқасына шынайы сәйкес келетін жұмыстың электронды көшірмесі бар диск салынады. Диск мұқабаның ішкі жағында жапсырылған конвертке салынады.
Дипломдық жұмыс қорғауға минимум 3 күннен кешіктірілмей кафедраға тапсырылады. Кафедра кешігіп тапсырылған жұмысты қорғауға жібермеуге құқылы.
