- •Мазмұны
- •1 Жалпы ереже
- •2 Дипломдық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар
- •3 Дипломдық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •3.1 Дипломдық жұмыстың мәтіндік материалдарын рәсімдеу
- •3.2 Мұқаба (титулка) беттерді рәсімдеу
- •3.3 Бөлім аттарын рәсімдеу
- •3.4 Таңбаланған және нөмірленген тізімдерді қолдану
- •3.6 Сызба және көрнекілікті (иллюстрация) рәсімдеу
- •3.7 Кестелерді рәсімдеу
- •3.5 Формулаларды рәсімдеу
- •3.8 Графиктерді рәсімдеу
- •3.9 Сілтемелерді (сноска) рәсімдеу
- •3.10 Сілтеме үзінділерді (ссылка) рәсімдеу
- •3.11 Қосымшаларды рәсімдеу
- •3.12 Презентацияны рәсімдеу
- •3.13 Дипломдық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу және беттерін нөмірлеу
- •3.14 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары
3.5 Формулаларды рәсімдеу
Формулаларда көбейту және дәрежеге шығару әрекеттерін белгілеу үшін, синтаксистің ажырамас атрибуты болып табылатын компьютерлік бағдарлама немесе команда фрагментінен келтірілгеннен басқа жайтта “*” және “^” белгілерін қолдануға болмайды (сурет 3.3).
Э1-n = ЧП1-n / ВА1-n (1.1)
Эср = ∑ Э1-n / n (1.2)
Эк=[∑(ЧП1+ЧП2+ …+ ЧПn )] / [∑(ВА1+ВА2+…+ВАn)], (1.3)
мұндағы,
Э1-n – экономическая эффективность от 1-го до n-го предприятия;
ЧП1-n – чистая прибыль от 1-го до n-го предприятия;
ВА1-n - валовые активы от 1-го до n-го предприятия;
Эср - средняя экономическая эффективность от 1-го до n-го предприятия;
n - количество предприятий;
Эк – эффективность кластера;
ЧП1, ЧП2, …, ЧПn – чистая прибыль n предприятий;
ВА1, ВА2, …, ВАn - валовые активы n предприятий.
Сурет 3.3 - Формуланы рәсімдеу мысалы
3.6 Сызба және көрнекілікті (иллюстрация) рәсімдеу
Мәтінде және қосымшада кестелерден басқа орын алған барлық сызбалар мен көрнекіліктер (иллюстрация) сурет деп аталады.
Иллюстрациялар мәтінде оған жасалған сілтемелерден кейін орналасады. Сызба және иллюстрацияны рәсімдеу мысалы 3.4. суретінде берілген.
Сурет 3.4 - Сызба және иллюстрацияны рәсімдеу мысалы
Қосымша көрнекіліктер (наглядности) үшін иллюстрацияны жиектеуді 0,75-тен 2,25 пунктке дейінгі қалыңдықта жалаң қабат (одинарной) тұтас қара сызықты қолдануға болады.
Өткен мәтіннің соңғы жолынан суретке дейін және суретасты жазудан келесі мәтіннің бірінші жолына дейінгі қашықтық — бір бос жол.
Иллюстрациялар түсініктеме жазбаны бұрмай-ақ қарайтындай ыңғайлы орналасу қажет. Қосымшаларда үлкен суреттер немесе кестелер үшін сағат тілімен бұруды қолдануға болады.
3.7 Кестелерді рәсімдеу
Цифрлық материалды, әдетте, 3.5 суретіне сәйкесінше кесте түрінде рәсімдейді.
Кестелердің ортаға горизонтальды теңестірілген, кестеүсті жазылған атаулары болады.
Кестенің бір бөлігін сол немесе басқа бетке тасымалдауда оның аталуы кестенің тек бірінші бөлігінде орын алады.
Кестелер негізгі бөлім көлемінде араб санымен қатарланып нөмірленеді (қосымшадағы кестелерден басқа).
Сурет 3.5 – Кестені рәсімдеу мысалы
Өткен мәтіннің соңғы жолынан «кесте» деген сөзге дейін және кестенің төменгі сызығынан — бір бос жол.
Баған (столбец) және жолдың атауларын бас әріптен жазу керек, сәйкесінше ішкі аттары (подзаголовки) — кіші әріппен, егер олар аталуымен бір сөйлем немесе бас әріптен басталатын болса, егер олардың өзіндік мәні болса жазылады. Баған және жолдың аттарының соңында нүкте қойылмайды.
Бағаналардың атауларын кестенің жолымен қатар жазады. Қажет болғанда ғана олардың перпендикуляр орналасуына жол беріледі. Егер беттің соңында кесте үзілсе және оның жалғасы келесі бетте болса, онда кестенің бірінші бөлігінде төменгі көлденең шектеуші сызықты жүргізбейді.
Кестені басқа бетке тасымалдағанда оның аталуы қайталанбайды, «Кесте» сөзінің орнына оның нөмірін көрсетіп «Кестенің жалғасы» деп жазады. Жаңа беттегі кестенің жалғасы оның аталуы мен қабырғасының жалғасын білдіреді. Аталуы қайталанғанда бағанның аталуы ретінде оның нөмірін қолдануға болады. Мұндай жағдайда кестенің бірінші бөлігінің аталуында бағанды нөмірлеуге арналған қосымша жол енгізілуі қажет.
«Нөмір қатарымен» бөлігін кестеге қосуға болмайды. Кесте бөлігін араб сандарымен нөмірлеу, егер құжат мәтінінде оған сілтеме жасалса, кестені бөліктерге бөлгенде, сонымен қатар кестенің бір бөлігін келесі бетке тасымалдағанда болады.
