Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД РЕКОМЕН по вып дипломных работ 2014-15 ка...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

3.12 Презентацияны рәсімдеу

Дипломдық жұмыстың оны қорғау кезінде иллюстрация ретінде пайдаланатын графикалық материалдары Power Point, Prezi және басқалары арқылы презентация түрінде рәсімделеді.

Презентацияда жұмыстың мақсаты, зерттеудің мәнін көрсететін қорғауға шығарылатын негізгі жайттар көрнекі дәлелденеді.

Презентация слайдтарына дипломдық жұмыста ұсынылатын материалға пара-пар немесе ұқсас (идентичный) графикалық материалдар шығарылады. Презентация 7-10 артық емес логикалық байланысты слайдтармен ұсынылады.

Презентацияның мұқаба слайды келесілер көрсетіліп рәсімделеді:

- ЖОО аты;

- бітіруші кафедраның аты;

- жұмыстың тақырыбы;

- автордың А-Ж.Т (Ф.И.О);

- жұмыс жетекшісінің А-Ж.Т (Ф.И.О).

Презентацияның әрбір слайды жоғары сол жақ бұрышынан, және төменгі оң жақ бұрышынан навигация элементтері нөмірленеді.

Презентация слайдтары өз еркінше рәсімделеді және дипломдық жұмыс қорғау барысында графикалық иллюстрацияларға шығармашылық ықпал жасауға мүмкіндік береді. Презентацияның жалпы шарты болып табылады:

  1. барлық презентацияның бірыңғай стильді рәсімделуі;

  2. қанық түсті рәсімдеу, яғни ақпараттық мәліметтер жасырын қалмауы керек;

  3. компьютерлік графика әдісімен дайындалған сапалы көрініс, графиктер, сызбалар мен суреттер;

  4. қорғау кезінде ақпаратты 5-7 метр қашықтықтан оқи алу мүмкіндігі;

  5. көрнекілік;

  6. пиктограмм және шартты графикалық белгілерді қолдану;

  7. анимацияны орынды қолдану;

  8. слайдтар саны ақпараттар мен баяндау уақытына сай келетіндей өлшемді болуы керек.

Презентацияда үлкен фрагментті мәтіндік ақпараттарды пайдалануға болмайды.

3.13 Дипломдық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу және беттерін нөмірлеу

Жазбаша жұмыстың беттері реттік нөмірленеді. Беттерді нөмірлеу кіріспенің бетінен бастап беттің төменгі жағында ортасынан қойылады.

Мұқаба бет, аннотация, мазмұны, күнтізбелік жоспар нөмірленбейді.

Мазмұны бірнеше бетке де орналасуы мүмкін. Мазмұнының бірінші бетінде ортасынан көлденең туралап, бас әріппен «Мазмұны» сөзі жазылады.

Мазмұнына жазбаша жұмыстың барлық бөлімдері мен бөлімшелері 3 деңгейге дейін кіріспеден бастап, нөмірленуі мен олардың аттары, сонымен қатар қосымшалар мен олардың аттары қосылады.

3.14 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу

Қорытындыдан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі орын алады. Бұл тізім өзіндік құндылықты білдіреді, себебі берілген мәселе бойынша әрі қарай зерттеу үшін ақпараттық материал болып қызмет етеді.

Әдебиеттер көзін нүктесіз араб цифрымен нөмірлеу қажет және абзацты қызыл жолдан басу керек.

Дипломдық жұмысқа үшін пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 10 кем емес атаудан құралуы қажет.

Мысалы:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Тюрин Ю.Н., Макаров А.А. Статистический анализ данных на компьютере. – М.: ИНФРА-М, 1998 – 528 с.

2. Эддоус М., Стэнсфилд Р. Методы принятия решений. – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1997. – 590 с.

3. Богуславский А.А. Школьная система автоматизированного проектирования // ИНФО. — 1999. — № 7. — С. 59 — 64.

4. Ливчак А.Б., Гейн А.Г. «Кухня» СУБД Access. Популярное введение в теорию баз данных // Информатика: Еженед. прил. к газ. «Первое сентября». — 2000. — № 27. — С. 1 — 32; № 28. — С. 1 — 32.

5. ГОСТ 7.1-84 Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления. М., 1987

6. Митичкин С. Информационные системы ...как по волшебству! www.mista.ru/, 1997-2004

Қосымша А

БЕКІТЕМІН

«___» ___________ 20__ ж.

Кафедра меңгерушісі

_______________________

_______________________