- •Қорытынды...........................................................................................14
- •Пайдаланылған әдебиеттер................................................................15
- •Қармаушы дәрілер
- •Органикалық
- •Бейорганикалық
- •Қаптаушы дәрілер
- •Тітіркендіргіш дәрілер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Органикалық
Танин (Tanninum) танин қышқылы немесе галло тұтқырлық (тері илейтін) май және ерітінді түрінде шығарылады. Танин ауыр метал тұздарымен және алкалоидтармен (морфин, атропин, никотин, кокаин) қосылып нашар еритін қосылыс түзейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыз қуысын, жұтқыншақты 1-2% ерітінді түрінде шаю үшін, күйік, ойық жараларда сыртқа 3-10% ерітінді және май түрінде жауыр кезінде қолданылады. Іштің өтуі кезінде таниннің шырышты қабықтарда тұнбаға түспеуі үшін, танинді ақуызбен қосылған қосындысын (танальбин) қолданады. Ауыр металл тұздарымен және алкалоидтармен уланғанда асқазанды жуу үшін 0,5% ерітіндісі қолданылады. Танин тұрақсыз қосылыстар түзейді, сондықтан асқазаннан тез шығару (3-5 минут арасында) керек.
Жанама әсерлері. Асқазанның шырышты қабатында қалаусыз тұнбалардың түзуіне әкелуі мүмкін.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Tannini spirituosаe 4% - 25 ml
D.S. Күйіктің ІІ сатысында теріге жағу үшін.
Емен қабығының қайнатпасы (Decoctum corticis Quercus), сонымен қатар таниннен тұратын басқа да өсімдіктердің тұнбасы мен қайнатпалары (шайқурай шөбі, шатыраш жапырағы, зерде гүлі, тарлан тамыры, сиырсілекей, қаражидек, мойыл ж.т.б.) стоматит, гингивит және басқа да ауыз қуысының қабынуы кезінде қолданылады.
Химиялық құрамы. Қабығында: 10-20% илеуге арналған галдық және эллаголық қышқыл, 6%-ке дейін пектинді заттар, 13-14% пентозан, флавоноид кверцитин, крахмал, шырыш және тағы басқа заттар бар. Жаңғағында: крахмал, ақуызды заттар, қант, май, бар. Жапрағында: флавоноидтар болады.
Қолдану көрсеткіштері. Емен қабығының қайнатпасын ауыздың қуысының шырышты қабықтарының қабынуларында, асқазан және iшек жолдарының қабынуларында, iшек-қарыннан қан кетулерде.1:10 мөлшерлемесін қолданады. Тері күйіктерінде қолданылады
Рецепт үлгісі. Rp.: Decоcti corticis Quercus 20,0 – 200 ml
D.S. Ауызды шаю үшін.
Бейорганикалық
Висмут субнитраты (Bismuthi subnitras) және оның тендестері дерматол (висмут субгаллат), ксероформ (висмут негізінің трибромфенолаты) сонымен қатар, күміс, мыс, мырыш препараттары және басқа да тұтқырлайтын, антисептикалық, үлкен шоғырымда күйдіретін әсері бар дәрілер. Терінің және шырышты қабаттың қабынулырында, энтерит, колит кезінде антисептикалық, май және сеппе ретінде теріні тазалау үшін, артық грануляцияны алып тастау үшін қолданылады.
Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Bismuthi subnitratis 10% - 25,0
D.S. Тері ауруларына жағу үшін.
Қорғасын ацетаты (Plumbi acetas) тұтқырлайтын, антисептикалық, үлкен шоғырымда күйдіретін әсері бар дәрі. Терінің және шырышты қабаттың қабынулырында, энтерит, колит кезінде антисептикалық, май және сеппе ретінде теріні тазалау үшін, артық грануляцияны алып тастау үшін қолданылады.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Plumbi acetatіs 0,25% - 50 ml
D.S. Для полосканий ран.
Ашудас (Aluminum) -аз концентрацияда олар қармаушы, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер көрсетеді. Теріні тазалау үшін, артық грануляцияны алып тастау үшін қолданылады.
Рецепт үлгісі. Rp.: Aluminis 4,0
Ac. borici 10,0
Aq. destill. 200 ml
M.D.S. Для обработки ран.
Қармаушы заттар тері бетінің, шырышты қабаттардың қабынуларында жуғыш, жағылғыш, шайғыш, қынапты жуғыш және сеппетүрінде сыртқа тағайындалады. Кейбір жағдайларда оларды ас қорыту жолдарының қабынуы үрдістерінде ішке қабылдайды.
