Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм айгерим.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Қармаушы заттар тері бетінің ,шырышты қабаттардың қабынуларында жуғыш ,жағылғыш ,шайғыш қынапты жуғыш және себілгіштер түрінде сыртқа тағайындалады.Кейбір жағдайларда оларды ас қорту жолдарының қабыну үрдістерінде (энтеритте , колитте) ішке қабылдайды.Танин ерітіндісін күйіктерде жергілікті және ауыр металдардың тұздарымен ,алколлоидтар тұздарымен уланғанда ішке енгізеді.Соңғыларымен танин олардың еруіне кедергі жасайды да ерімейтін қосылыс түзеді.Бірақ олар кейбір алколлоидтармен тұрақсыз кешен түзеді.

Қаптаушы заттар шырышты қабаттарға қолданған кезде сезімтал жүйке ұштарын механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден қорғайтын ерекше қабат түзеді.Бұл препаттарды асқазан ауруларында және тітіркендіргіш дәрілермен бірге сұйық қоспа ,клизма ретінде қолданады.

Адсорбциялаушы заттар кең ауқымды адсобциялайтын беткейі бар ұнтақ тәрізді заттар.Оларға қойылатын талаптар: олар суда ерімейтін,тітіркендіргіш әсер көрсетпейтін және басқа дарілік заттармен бірге әсер көрсетпейтін болуы керек. Теріні немесе шырышты қабатты жауып өзге химиялық қосылыстарды өзінің беткейіне адсорбциялап сезімтал жүйке ұштарын қорғайды.

Тітіркендіргіш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады.Сонымен қатар зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен ,ауыру сезімімен басады.Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш заттарға :қыша қағаз,скипидар,ментол,аммиак ерітіндісі,терпентиннің тазаланған майы.Тітіркендіргіш заттарды тыныс алу жүйесінің қабынуларында ,бұлшықет буын ауруларында (миозит,неврит,артрит) қолданады.Сонымен қатар ағзаларға трофикалық әсер көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2006.-734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

3. М.З.Шайдаров, Д. Д. Мұхамбетов, М. Н. Мусин, С. С. Бүркітбаева «ФАРМАКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ РЕЦЕПТУРАМЕН»

4. Интернет желісі «www.google. kz»

15