- •Қорытынды...........................................................................................14
- •Пайдаланылған әдебиеттер................................................................15
- •Қармаушы дәрілер
- •Органикалық
- •Бейорганикалық
- •Қаптаушы дәрілер
- •Тітіркендіргіш дәрілер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Тітіркендіргіш дәрілер
Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады. Олар сонымен, теріге жергілікті әсер көрсетеді, ол биологиялық белсенді заттардың – гистаминнің, брадикининнің және серотониннің бөлінуіне әкеледі. Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, скипидар, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы жатады.
Қыша қағазы (Charta sinapis)– қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы, ол мирозин және синигрин гликозид ферменттерінен тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі. Емдік ықпалы терінің жүйке ұштарын тітіркендіру салдарынан рефлекторлы реакциялар пайда болады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданылады. 4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады.
Кері көрсеткіштері. Тері зақымдануларында, іріңді ауруларда, нейродермитте, сулы экземада, псориазда.
Терпентиннің тазаланған майы (Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар – эфирлік май. Бұл кәдімгі қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, ауыруды басатын (алаңдатушы) және антисептикалық әсер көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам» майларының құрамына кіреді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни көңілді басқаға аудару, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофиканы жақсарту үшін. Невралгия, радикулит, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, миозитте, полиартриттерге, сонымен қатар бумен дем алу үшін ірінді бронхитте, бронхоэктазияда қолданылады.
Кері көрсеткіштері. Бауыр мен бүйрек паренхимасының зақымданулары кезінде.
Шығарылу түрі. 20 % жағынды 15 және 25 г банкада және 15, 25 және 50 г тубаларда және 10, 30 және 50 мл флакондағы майлы ерітінді.
Рецепт үлгісі. Rp.: Oleum Terebinthinae rectificati
Chloroformi aa 15 ml
Methylsalicylatis 10 ml
M. f. linimentum
D.S. Буын тұсына жағу үшін.
Аталған тітіркендіргіш заттар екі мақсатпен қолданылады. Біріншіден, ауыру сезімін басу үшін зақымдалған мүшенің немесе тіннің аймағына әсері– алаңдатушы әсер деп аталады. Екіншіден, патологиялық үрдістер орын алған ішкі мүшелердің (тіндердің) трофикасын жақсарту үшін.
Алаңдатушы әсері ОЖЖ-де тітіркендірудің екі ағынының өзара әсерлесу мүмкіндігімен түсіндіріледі-патологиялық өзгерген ішкі мүшелер мен тітіркендіргіш заттардың әсер ететін жерлеріндегі тері беті. Бұл жағдайда висцеральды мүшелерден афферентті импульсацияға берілу әлсірейді. Бірақ мұндай көзқарас аса болжамалы, висцералды және соматикалық импульстердің өзара әсерлесуі физиологиялық дәлелденген. Бұл туралы клиникалық мәліметтер де көрсетеді. Сонымен, ішкі мүшелердің ауруында терінің белгілі бір жерлерінде сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Мысалы, стенокардияда науқастар жауырынның тұсында немесе сол жақ қолында ауыру сезімін байқайды. Тітіркендіргіш заттардың әсерінен ОЖЖ-де ауыру сезімдерін басатын қасиеті бар заттар энкефалиндердің бөлінуі жоққа шығарылмаған.
Одан басқа, тітіркендіргіш заттар ішкі мүшелерге оң трофикалық әсер көрсетеді. Бұл бірқатар механизмдерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен, трофикалық кәдімгі тері-висцералды рефлекстермен және постганглионарлы симпатикалық талшықтармен антидромды түрде іске асады деп болжайды. Екінші вариантта қоздырғыштар ОЖЖ-нен тыс тері рецепторынан ішкі мүшелерге барады. Ауыру сезімдерін басатын тітіркендіргіш заттардың алаңдатушы әсері трофикада жағымды рөл атқарады. Теріні тітіркендіргенде биологиялық белсенді заттардың бөлінуінің белгілі бір маңызы бар екендігі де ескеріледі.
Тітіркендіргіш заттарды қойған жерде тері қызарып, біраз ісінулер пайда болады. Бірақ бұл жергілікті әсерлердіңешқандай маңызы жоқ.
Гиперемия артериоло мен капиллярдың рефлекторлы кеңеюіне негізделген. Бұл көбінесе аксон-рефлекске байланысты жүреді. Қозу тері рецепторларынан сезімтал талшықтарға, кейін коллатералдар арқылы тері қантамырларына барады. Сонымен қатар қойған жерде биологиялық белсенді заттар, мысалы, гистамин бөлінеді. Ол да қантамырларын кеңейтіп, капиллярлардың өткізгіштігін арттырады.
Кейбір тітіркендіргіш заттар терінің және шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына аталған әсерлерді көрсетуден басқа жүрек қызметінің, тамырлардың тонусының және тыныс алудың рефлекторлы өзгеруін шақырады. Мұндай препараттарға ментол және аммиак қосылыстар жатады.
Ментол (Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Невралгия, миалгия артралгия кездерінде 2% спирттік ерітіндісі немесе 10% майлы жүзгіні ұсынылады; қышымалы дерматозды емдеуде 1% ланолинді-вазелин май немесе 0,5% спирттік ерітінді қолданылады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит) бумен дем алу немесе интраназальды тамшы түрінде береді. «Валидол» құрамына кіреді, сондықтан стенокардияда қолданылады. Сонымен қатар, ментол көптеген сыртқа қолданылатын алаңдатушы дәрілердің құрамына кіреді (броментол, меновазин, кафомен, эфкамон).
Кері көрсеткіштері. Жас балалардың мұрнына жағуға, өңешіне бумен дем алуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.
Шығарылу түрі. 1% вазилин майындағы ерітінді (тамшы); 1 және 2% флакондағы спиртті және майлы (ментол майы) ерітінді 10, 20, 25 және 30 мл және флакон-тамшыда 10 мл; ментол каламы.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Mentholi spirituosae 5%-5 ml
D.S. 1-2 тамшыдан тілдің астына.
Rp.: Olеum. Mentholi 2% - 10 ml
D.S. 5-10 тамшыдан мұрынға тамызу үшін.
Аммиак ерітіндісі (SоІ. Ammonii caustici) мүсәтір спирті. Өткір иісі бар, ұшқыш сұйықтық. Тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіріп, тыныстың орталығына қоздырушы әсер береді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел жәрдем ретінде естен танған кезде тынысты қоздыру үшін, мақтаға тамызып мұрынға 1 сек. иіскетеді. Кейде құстыру үшін 5-10 тамшысын 100 мл суға қосып береді. Жәндік шаққанда сыртқа дәріленген дәкені басу ретінде қолданады.
Кері көрсеткіштері. Дерматитте, экземада және тері ауруларында.
Жанама әсерлері. Жоғары шоғырымда тынысты рефлекторлы тоқтатуы мүмкін және өңеш пен асқазанның күйіктерін туғызады.
Шығарылу түрі. 10% ерітінді 10, 40 және 100 мл флаконда және 1 мл ампулада.
Рецепт үлгісі. Rp.: SоІ. Ammonii cаustici 1 ml
D.t.d. N. 10 in amp.
S. Есін жиғызу үшін иіскетеді.
