Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
opma_umk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

1.10.4. Қисықты түзету

Қисық салынып болған кейін оны түзетуге болады: түйіндерінің орнын ауыстыру, қисықсызықты сегменттердің иілімі, түйіндердің типін өзгерту, түйіндерді өшіру немесе қосу.

Қисықты түзету үшін бір рет шерту қажет. Қайталап шерту түйіндерді қисық қылып таңдайды, олар қызыл нүктелермен көрсетіледі (1.32 сурет).

Ескерту

Pages және Numbers қосымшаларында өздігінен перомен салынған пішін аймағы боялмаған, пішін мөлдір. Сондықтан оны белгілеуде тышқанмен пішіннің ішкі аймағын емес тышқанның нұсқағышы бағыттауыш түрінде болғанда оның контурын шерту керек.

1.33 сурет. Таңдалған түйін

1.32 сурет. Құрылған пішінде түзету тәртібі. Барлық қисық түйіндер қызыл нүктелермен берілген.

Түйіндермен жұмыс істеуге кіріспес бұрын оны белгілеп алу қажет. Қызыл нүкте ақ болады(түйінді белгілеудің белгісі). \

Нүктеден сегменттің иілімін көмегімен өзгертуге болатын екі баыттауыштар шығады (1.33 сурет). Түйіннің типін өзгерту үшін екі рет оны шерту керек. 1.34 суретте көрсетілгендей түйін бұрыштық нүктеге айналған.

Түйінді өшіру үшін оны белгілеп, <Delete> батырмасын басу керек (1.35 сурет).

1.35 сурет. белгіленген түйінді өшірудің нәтижесі

1.34 сурет. Түйін типін ауысытрғандағы нәтиже.

Бұрыштық нүктеге айналған тегістелген түйін

Түйінді қосу үшін <Option> батырмасын басу керек және нұсқағышты пішіннің шекрасына апару қажет. Нұсқағыш перо түрін "+" белгісімен қабылдайды. Шекарада тышқанды шерту жаңа нүктені қосады.

Егер қисық ашық болса, онда сегменттің ашық тұрған екі нүтесінің бірін екі рет шертсе, онда нүктелерді қоса отырып пішіннің суретін жалғастыратындай тышқан нұсқағышы пероға ауысады. Сурет салуды аяқтау үшін сегменттің соңғы нүстесін шерту керек, нұсқағыш дөңгелектенген пероға ауысады.

Пішіннің барлық бұрыштық нүктелерін тегістелген түйіндерге айналдыру үшін оны міндетті түрде белгілеу керек, одан кейін Формат (Format) ->Пішін (Shape) ->Тегістелген жол (Smooth Path) командасын орындау қажет.

1.30 сурет. Қисықты түзетудің нұсқалары

Пішіннің барлық тегістелген түйіндерін бұрыштық нүктелерге ауыстыру үшін пішінді белгілегенне кейін Формат (Format) -» Пішін (Shape) -» Бұрыштармен жол (Sharpen Path) командасын орындау қажет.

1.36 суретте пішін құрылғаннан кейін пішінмен жұмыс көрсетілген, қисық алты түйіннен тұрады.

1.10.5. Графикалық қарапайымның қисыққа айналуы

Ерікті пішін құру үшін біз графикалық қарапайымды алып, оны қисыққа айналдырып, кейін түйіндерімен жұмыс істеп қажетті нәтижені ала аламыз.

Графикалық қарапайымнан пішін құратын көрнекті мысалды қарастырамыз.

Графикалық қарапайым құрамыз, мысалы, сегізбұрышты жұлдыз (1.37, а сурет)

Қарапайымды белгілейміз, одан кейін Формат (Format) -» Пішін (Shape) -» Өзгеріске рұқсат беру (Make Editable) командасын орындаймыз. Қисықтың түйіндерінде қызыл нүктелер пайда болады (1.37, б сурет).

Пішіннің ортасына жақын орналасқан тегістелген түйінде екі ре шерту жүргізіп, сегіз бұрышты аламыз (1.37, в сурет)

Бұрыштық нүктелерді ортаға жинай отырп, 1.38суреттің жоғарғы жағында көрсетілгендей нәтиже аламыз. Егер тегістелген түйінді пішіннің ортасына орналастырса, онда 1.38 суреттің төменгі бөлігіндегідей нәтиже аламыз.

Ескерту!

Бұрыштық нүктелердің орнын ауыстырғанда көк бөліктер пайда болады, бұл нысанның орналасуын бағалауға көмектесетін бағыттаушы сызықтар. Берілген мысалда оларды пішіннің ортасын анықтау үшін қолданған ыңғайлы.

1.37 сурет.Графикалық қарапайымның қисыққа айналуы

1.38 сурет. Қисықты түзетудің нұсқалары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]