Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция интелектуалды меншік.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

1.Кіріс әдіс-тәсілдерінің структурасы.

2.Тікелей қаржыландыру әдіс-тәсілдері.

1.Кіріс әдіс-тәсілдерінің структурасы.

Патент ведомствосы іске асыратын өнеркәсіп меншігі объектілеріне патенттік құқықтарты толтыру өтінім етушімен қаржыланады.

Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне патенттік құқықтарды толтыру үшін алынатын негізгі баждар мыналар:

  • өнертабысқа патент беруге қатысты өтінім тапсырғаны үшін;

  • өнеркәсіп үлгісіне патент беруге қатысты және оның негізгі сараптауы үшін өтінім тапсырғаны үшін;

  • пайдалы модельге күәлік беруге қатысты өтінім тапсырғаны үшін;

  • формальды сараптау басталғаннан кейін, өтінім етушінің сұрауы бойынша өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіп үлгісі материалдарына түзетулер мен нақтылаулар енгізгені үшін;

  • өнертабыс өтініміне негізгі сараптау өткізілгені үшін;

  • Шағым (Апелляционная) палатасына қарсы пікірлерін тапсырғаны үшін;

  • өнертабыс және өнеркәсіп үлгісіне патент, пайдалы модельге күәлік берілгені үшін;

  • өнертабысқа, өнеркәсіп үлгісіне патенттің (әрекет етуіне үш жыл толғаннан кейін), пайдалы модельге куәліктің (әрекет етуінің бірінші жылынан бастап) күшінде ұсталғаны үшін;

  • өнеркәсіп үлгісіне патенттің, пайдалы модельге куәліктің әрекет ету мерзімінің ұзартылғаны үшін;

  • патентті басқаға тапсыру келісімінің (куәлікті), лицинзиондық шарттын тіркелгені үшін;

  • Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шыққан жерлерінің атауларын, тауарлардың шыққан жерлерінің атауларын пайдалануға құқықтардың ұсынылуын тіркеу үшін алынатын негізгі баждардың түрлері мынадай:

  • тауар белгісіне, тауарлардың шыққан жерлерінің атауларына және өтінім етілген белгілерді сараптауға қатысты өтінімді тапсырғаны үшін;

  • өтінім етушінің сұрауы бойынша тауар белгісі, тауардың шыққан жерінің атауы өтінімінің материалдарына түзетулер мен нақтылаулар енгізгені үшін;

  • Шағым палатысына қарсы пікірді тапсырғаны үшін;

  • тауар белгісіне куәліктің тіркеліп, берлігені үшін;

  • тауардың шыққан жері атауына қатысты құқық куәлігінің берілгені үшін;

  • тауар белгісін тіркеу әрекеті мерзімінің ұзартылғаны, тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығына қатысты куәліктің әрекет ету мерзімінің ұзартылғаны үшін;

  • тауар белгісін басқаға тапсыру келісімінің, лицизиондық шарттың тіркелгені үшін;

2.Тікелей қаржыландыру әдіс-тәсілдері.

Сонымен қатар Патент ведомствосы өнеркәсіп меншігі объектілерінің патенттелу процессі және техника объектілерінің дамуына қатысты ақылы патенттік-ақпараттық және басқа қызметтерді көрсетеді.

Негізгі қызмет көрсетулерге мыналарды жатқызуға болады:

  • пайдалы модельге негізгі сараптау жасау туралы қолдаухат келгенге дейін (есебімен қоса) өнертабыс өтінімі бойынша техника деңгейін анықтау мақсатымен ақпараттық ізденіс жасау;

  • тауар белгісін тіркеу жайлы өтінім берілгенге дейін белгілеудің қорғалуға жарамдығына алдын ала бағалау жасау;

  • техника деңгейін айқындап, техника объектілері мен технологиялардың дамуын болжайтын жағдайларды анықтау үшін тематикалық ізденіс өткізу.

12 -тақырып. Негізгі инвестиционды-ипотекалық талдау

(2 сағат)

Сұрақтар: