- •1.Пайдалы қолданудың принциптері.
- •2.Нарықтық жаңалықтардың ерекшеліктері.
- •1.Пайдалы қолданудың принциптері.
- •Жеке меншік меншіктің қолданыстағы өзіндік құны.
- •Бағаланған объектінің әкелетін кірісін анықтау.
- •Жеке меншік меншіктің бағалау әдістемесі, экономикалық өсімсіз.
- •Активті жиналу әдісі бойынша бағалау.
- •1.Салық салудағы жұмыс системасының мінездемесі.
- •2.Салық төлеу көздері мен бағалау капиталының байланыстылығы.
- •1.Салық салудағы жұмыс системасының мінездемесі
- •1.Кіріс әдіс-тәсілдерінің структурасы.
- •2.Тікелей қаржыландыру әдіс-тәсілдері.
- •1.Кіріс әдіс-тәсілдерінің структурасы.
- •2.Тікелей қаржыландыру әдіс-тәсілдері.
- •1.Жеке капиталыңды ипотекалық қарыз болған жағдайда беру тәуелділігі.
- •2.Несиенің түрлері және кепілдік заңдары.
- •1.Жеке капиталыңды ипотекалық қарыз болған жағдайда беру тәуелділігі
- •2.Несиенің түрлері және кепілдік заңдары.
- •1.Нарықтағы жағдайды талдау, бірлік көрсеткіштерін анықтау, модельдерді өңдеу, обьектіні салыстырудағы модельдерді қолдану.
- •Мадридтық келісім.
- •1.Жылжымайтын мүліктің бағасына негізгі экологиялық факторлардың әсер етуі және оның экспертизасы
- •Қаржыландыру көзі.
- •Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
1.Жеке капиталыңды ипотекалық қарыз болған жағдайда беру тәуелділігі.
2.Несиенің түрлері және кепілдік заңдары.
3.Инвестиционды-ипотекалық анализ әдістері.
1.Жеке капиталыңды ипотекалық қарыз болған жағдайда беру тәуелділігі
Патент куәландыратын мүліктік құқықтардың ең негізгісі, патент иесінің патентпен қорғалатын өнеркәсіп меншігі объектісін пайдаланудағы айрықша құқығы болып табылады. Айрықша құқық біріншіден, патенттелген объектіні әлдекімдердің санкцияланбағант пайдалануынан сақтайды, екіншіден, патентиесіне айрықша құқық шеңберінде басқа тұлғаларға әрекет етуге рұқсат ету мүмкіндігін береді.
Басқа тұлғаларға қорғалатын өнеркәсіп меншігін пайдалану үшін, патент иесінің рұқсатын алу керек. Патент иесінің патентпен қорғалатын объектіге оны пайдаланғысы келетін басқа тұлғаларды жіберу, жібермеу құқығы оның айрықша құқықтарына жатады. Бұндай рұқсатта бірқатар шектеулер болуы мүмкін. Олар негізінен пайдалану мерзіміне, орнына, мақсатына, мөлшеріне байланысты болады.
Айрықша құқық нақты белгіленген шеңберде әрекет етеді:
- территориялық. Патент тек объект патенттелген территорияда өз күшіне ие.
- уақыт шеңберінде. Патенттің әрекет ету мерзімі уақытпен шектелген және ол РК Патенттік ведомствосына түскен өтімнен кейінгі белгіленген жылдар аралығында әрекет етеді;
- заттық. Құқықтық қорғау берілетін объектілер заңмен белгіленген.
Өнеркәсіп меншігі объектісін пайдалану дегеніміз, бұл объектілерді шаруашылық (коммерциялық) айналысқа енгізіп, оларға деген құқықтарға өкілеттік жасау.
Өнеркәсіп меншігі объектісін пайдалану түрлері әр қилы болуы мүмкін: дайындау, қолдану, әкелу, сату т.б.
Осы орайда патент иесінің көрсетілген заңды әрекеттері мен басқа тұлғалардың санкцияланбаған әрекеттері пайдалы модель не өнертабыс формуласы бар тәуелсіз пункт мазмұнымен, немесе өнеркәсіп үлгісі қасиеттерінің жыйынтығымен шартталынып, патентпен анықталады.
Егер өнімде тәуелсіз пункт формуласында көрсетілгендей өнертабыс не пайдалы модель нышандары бар болса, онда бұндай бұйым патенттелген өнертабысты, пайдалы моделді қолданып жасалған деп есептеледі.
Нышанды ауыстыру баламалы деп саналады, егер-технологиялық шешімнің ішкі мәні өзгертілмей, бірдей шығып, орындау құралдары ұқсас және осы салада белгілі болса.
Өнеркәсіп меншігін пайдаланудың басқа түрі әкелу (ввоз) деп аталады. Ол объектіні коммерциялық айналысқа түсіру түсінігіне саяды. Мысалы, өнім өнертабыс қорғалмайтын мемлекетте, патенттелген өнертабысты пайдаланып жасап, кейін сол өнертабыс патенттелген елге әкелініп сатылған жағдайда.
2.Несиенің түрлері және кепілдік заңдары.
Егер қорғау құжаты бірнеше тұлғаларға ортақ болса, өнеркәсіп меншігі объектісін пайдалану бойынша арақатынас олардың өзара келісімі арқылы шешіледі. Бұндай келісім болмаған жағдайда олардың әрқайсысы қорғалатын объектіні өз қалауынша пайдалана алады, алайда қалған иегерлердің келісімінсіз объектіге лицензия беріп, қорғау құжатын басқа тұлғаға ұсынуға қақыс жоқ.
Егер патент иесі басқа патент иесінің құқын бұзбайынша өнертабысты, пайдалы моделді, өнеркәсіп үлгісін қолдана алмаса, ол соңғысынан лицензиялық келісімге ортыруды талап етуге қақысы барқ
Патент иесі болып табылмайтын кез келген тұлға, патентпен қорғалған өнертабысты пайдалануға құқылы, егер патент иесінен рұқсат алып лицензиялық келісімге отырса.
Патент иесінен рұқсат алмай-ақ төменде көрсетілген жағдайларда патенттелген объектіні қолдану мүмкін:
- құрамында өнеркәсіп меншігі объектілері бар құралдар пайдаланылса;
- басқа елдердің заңды және жеке тұлғаларының меншігі болып табылатын көліктерді пайдаланғанда, бұл егер олар көлік құралы ретінде пайдаланып абайсызда РК территориясында тұрған жағдайда және сол көлік иелері РК көлік құралдарының иелеріне дәл сондай құқық беріп отырған болса;
- құрамында өнеркәсіп меншігі объектісі бар затқа ғылыми тәжірибе не зерттеу жүргізген кезде;
- өнеркәсіп обектісі бар заттарды қолданған кезде, төтенше жағдайларда (табиғат апаттары, катастрофа, ірі авариялар);
- қорғалатын өнеркәсіп меншігі объектілерін пайда таппайтын жеке мақсаттарда қолданғанда;
- дәрігер рецепі бойынша дәріханада дәріні бір рет дайындағанда;
- шаруашылық айналымға заңды түрде енгізілген, құрамында өнеркәсіп меншігі объектілері бар заттарды қолданған кезде;
- егер заңды немесе жеке тұлға өнертабысқа басымдық алынбай жатып оны РК-ында заңды түрде қолданып автордікіне ұқсас бірақ оған қатысты емес жағдайда жасалған шешімге қажетті дайындықтар жасаса. Бұл алдын ала пайдалану құқығы деп аталады. Бұл құқықты тапсыруды тек алдын ала пайдалану орын алған өдіріспен бірге отырып шешуге болады.
3.Инвестиционды-ипотекалық анализ әдістері.
Егер иегер өнертабыс немесе өнеркәсіп үлгісіне деген құқықтарын дәлелді себептермен төрт жыл бойы қолданбаса, ал пайдалы модельді қорғау құжаты берілгеннен кейін үш жыл бойы қолданбаса, онда өнеркәсіп меншігі объектісін пайдалануға дайын, соған ықылас білдірген кез келген тұлға РК Жоғары патенттік палатасына өзіне мәжбүрлі айрықша емес лицензия берілуі жөнінде қолдаухатпен келуіне болады. Жоғарғы патенттік палата бұндай лицензияны пайдалану шеңберлерін (мерзімі, төлемдер тәртібі, мөлшерін) анықтап береді.
РК үкіметі, ұлттық қауіпсіздік мақсаттарында өнеркәсіп меншігінтпайдалануды құқық иесінің рұқсатын сұрамай оған тиісті өтемақы төлеу арқылы іске асырылуы мүмкін.
Өтінім етілген өнертабысқа, өнертабыс жайлы деректер жарияланған уақыттан бастап патент берілуі туралы деректер жарияланатын уақыт аралығында жарық көрген өнертабыс формуласы көлемінде уақытша құқықтық қорғау беріледі.
Өтінім етілген өнертабысты аталған аралықта пайдаланған заңды немесе жеке тұлға патент алынғаннан кейін сол патент иесіне ақшалай өтемақы төлейді, оның мөшері екіжақты келісіммен шешіледі.
Бұл ережелер өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне қолданылады былайша: өтінім етуші қорғау құжатын беру жөніндегі хабарлама жасаған кезінен, өнертабысқа қатысты бұл өтінім ол (өнертабыс) жайлы деректердің жариялануынан бұрын берілсе, ал пайдалы модельдер мен өнертабыс үлгілеріне қатысты- қорғау құжатының берілуі жайлы деректердің жария етілген күннен бұрын берілсе.
Уақытша құқықтық қорғау басталған жоқ деп саналады егер, қорғау құжатын беру жайлы шешім қабылданбаса және бұл шешімге шағымдану мүмкін болмаса.
Айрықша құқық патенттің әрекет ету күнінен емес белгіленген күннен бастап күшіне енеді, себебі үшінші тұлғаларға осындай қорғаудың басталғаны жөнінде хабарлау қажет.
Патент заңмен бекітілген мерзім аралығында әрекет етеді, егер патентті демеу үшін мемлекеттік баж уақытылы төленсе. Мұндай жағдайда құқықтық қорғаудың әрекет етуі патенттің әрекет етуімен бірге тоқтатылады. Ол патенттік ведомстваға өнертабысқа қатысты берген өтінім келіп түскеннен кейінгі-20жылдан кейін,ал өнеркәсіп үлгілеріне 10 жылдан кейін тоқтатылады.
Мынадай жағдайларда патенттің әрекет етуі уақытынан бұрын тоқталыуы мүмкін:
- өтініш бойынша патент иесінің өз еркімен өтінім берілген сәтінен бастап;
- патентті күшінде ұстауға қажетті баж төленбесе, патент иесі кезекті баж төлеу мерзімін кешіктірген кезінен бастап;
- патенттің заңсыз берілуіне байланысты еріксіз түрде.
Мәселен РК өнертабыстар екі түрлі құжаттармен қорғалады- патент және КСРО куәліктері.
Авторлық куәлік дегеніміз-өнертабыс авторына берілетін қорғау құжаты. Ол мына жағдайларды: 1) ұсыныс өнертабысы болып табылатындығын; 2) мұндай ұсыныс бұрын соңды болмағандығын; 3) осы ұсыныстың авторы, авторлық куәлікте көрсетілген тұлға екендігін куәландырады. Өнертабысты пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы да бұл жерде маңызды болып табылады.
13 -тақырып. Жылжымайтын мүліктің бағасының тікелей салыстыра сатудың әдіс-тәсілдері (2 сағат)
Сұрақтар:
