- •Педагогика және психология факультеті Педагогикасы мен психология кафедрасы
- •Студенттердің білім деңгейін бағалау жүйеге
- •Баға қоюдын критерилері
- •«Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар
- •Осөж күнтізбелік –тақырыптық жоспары
- •Өсөж орындаудағы әдістемелік нұсқау
- •Тарату – үлестірмелі материалдар
- •Сөж тақырыптық – календарлық жоспары
- •Өзік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен жалпы мақсаттар.
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені
- •Тұлғаның педагогикалық мәдениеті және кәсіби шеберлігі.
- •1. Педагогикалық шығармашылық.
- •2. Педагогикалық шеберлік.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Студенттерді білімін тексеру
- •Тест тапсырмалары
Өсөж орындаудағы әдістемелік нұсқау
Тақырып: Мамандыққа жалпы мінездеме
Әдістемелік нұсқау.
Бірінші сұрақ бойынша «Кәсіби педагогикалық іс -әрекет» ұғымын аша отырып, ғылымда кең аукымды орын алған «іс -әрекет» ұғымының мазмұнына терең тоқталу қажет, кәсіби іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет ұғымы және педагогикалық іс-әрекет принціптеріне терең тоқталып өту қажет.
Екінші сұрақ бойынша педагогикалық іс-әрекеттін негізгі компоненттнрінің құрылымын ашу керек.
Үшінші сұрақ бойынша ораторлық, коммуникативті, экспрессивті, т.б.педагог-психологтың жалпы және кәсіби ерекшеліктеріне жеке тоқталып, талдау қажет.
Тақырып: Психология мамандық ретінде
Әдістемелік нұсқау.
Психологиялық қызмет ерекшеліктерін аша отырып, оның негізгі түрлері мен тұлғалық қарым –қатынас орнатуда педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға көмек көрсету мәселелерін қарастыру керек.
Психологтың кәсіби білімі мен жұмыс істей алу қабілетін қарастыра отырып, кәсіби білім мен педагог қабілетін салыстыра алулары қажет
Үшінші сұрақ бойынша психологиялық қызмет ерекшеліктерін негізгі бөлімдерін жатқа білуге міндетті.
Төртінші сұрақ бойынша ССРО-дағы психологиялық қызметтің туу тарихы, Қазақстандағы психологияның қызмет дамуы туралы.
Тақырып: Педагогтың кәсіби іс әрекетімен тұлғасы
Әдістемелік нұсқау.
Педагогтың іс-әрекетінің негізі жөнінде сұрақтар қарастыра отырып,оқу тәрбие үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету.
Екінші сұрақ бойынша кәсіби-педагог іс-әрекет түрлерін ашу оқу,тәрбие, әдістемелік, өндірістік- технологиялық.
Үшінші төртінші сұрақ бойынша «Педагогтың тұлғалық сапалары мен кәсіби біліктілігі»,«Педагогтың негізгі кәсіби сапалары» тақырыптарына қазіргі педагог профессиограммасын жасау.
Тақырып: Педагог- психологтың білім беру жүйесіндегі құқықтық дәрежесі
Әдістемелік нұсқау:
Бірінші сұрақ бойынша квалификациялы практикалық психологтың мінездемесін бере алуы қажет, оның мамандығына қатысты негізі талаптарын біліу керек.
Педагог –психолог құқығы жөніндегі сұрақтар мен психологиялық қызметтің ережелерінің негізгі пункттерін еске түсірулері керек.
Үшінші –төртінші сұраққа дауап бере отырып ( Практикалық психолог міндеттерін, Психологтың этикалық кодексін), қазіргі кездегі психолог тұлғасының моделін ойша құра алулары керек.
Бесінші сұрақ бойынша мектеп психолог жұмысының негізгі бағыттарына толық тоқталулары қажет.
Тақырып: Педагогтың кәсіби біліктілігі мен тұлғалық сапалары.
Әдістемелік нұсқау:
Бірінші сұрақты қарастыра отырып кәсіби-педагогикалық және педагогтың доминантты сапалары жөнінде толық әңг імелеп беру керек.
Екінші сұрақ бойынша педагог профессиограммасына қатысты, экстремалды құзыреттілік, аутгенді құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік ұғымдарын ашу қажет.
Кәсіби-педагогикалық біліктіліктің негізгі топтарын аша отырып тәжірибелік үлгілерін талдау жасау.
Тақырып: Педагогикалық іс-әрекет жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық қабілеттер .
Әдістемелік нұсқау:
Бірінші сұрақ бойынша қабілеттерге анықтама ғана бермей оған қоса мысалдар да келтіре алуалы керек.
Екінші сұрақ бойынша (барлық немесе арнайы қабілеттері) кесте толтыру қажет.
Педагогтың ой қабілетінің түрлерін білу, интуицияға толық анықтама берулері керек.
Тақырып: Педагогикалық іс -әрекеттің көптүрлігі
Әдістемелік нұсқау:
Оқытудың барлық көптүрлілігін меңгеру. Екінші кезеңде шығармашылық тапсырмалар орындау: слайд жасау, портфолио жасау т.б.
Ой іс-әрекетін, антропоцентризм, кәсіби және тұлғаға бағытталған келуді талдай алулары қажет.
Тақырып: Қазіргі кездегі педагогтың құзыреттілігі және имиджі
Әдістемелік нұсқау:
Педагог имиджін талдау үшін сұрақтар даярлап, диспут өткізіуге дайындалу.
