- •1 Қорғасын концентраттарын электрлі балқыту
- •1.1 Жалпы мағлұматтар
- •3. Қорғасын металлургиясындағы автогендік процестер. Теориялық негіздері. Қорғасын концентраттарын автогендік балқытудың түрлері. O-s-l процессі, «Айзасмелт» процесі.
- •4. Қорғасын өндірісіндегі автогендік үрдістер «кивцэт-цс», кивцэт-кф процесстері
- •Қара қорғасынды мыстан тазарту және шликерлерді өңдеу
- •2. Қара қорғасынды мышьяктан, сурьмадан және қалайыдан тазарту.
- •6. Қорғасынды шахталық балқытудың қождарын қайта өңдеу. Фьюмингтеу, вельцтеу және электрлік балқыту процесстері
- •7. Қорғасын өндірісінің шаңдарын қайта өңдеу.
- •8. Сульфиттік мырыш конценттарын қайнау қабатында күйдірудің теориясы, технологиясы.
- •10. Сульфаттық мырыш ерітінділерін қоспалардан тазарту технологиясы. Гидролиттік тазарту. Цементациялық тазарту.
- •11. Мырышты электролиттік жолмен алу. Электролиздің теориясы мен технологиясы.
- •12. Мырыш кектерін пирометаллургиялық әдістермен өңдеу.
- •13. Мыс концентраттарын өңдеудің технологиялық сұлбасы. Мыс концентраттарын қайнау қабатында күйдірудің теориясы мен технологиясы.
- •14. Сульфидтік мыс концентраттарын шахталық пештерде штейнге балқыту түрлері. Жартылай пириттік, Мыс-күкірттік балқыту.
- •15. Мыс металлургиясындағы автогендік балқыту процестері. «Айзасмелт» процессі. Ванюков процессі.
- •16. Мыс штейндерін конвертерлеу технологиясы.
- •17. Қара мысты оттық тазартудың теориясы мен технологиясы.
- •19. Мыстың гидрометаллургиясы. Үймеде ерітінділеу. Жер астында бактериялық ерітінділеу үрдісі.
- •20. Тотыққан никель кендерін шахталық пеште штейнге балқыту
- •21 Никель файнштейндерін тотықтыра күйдіру.
- •22. Никель тотығын электрлік пеште тотықсыздандыра балқыту.
- •23. Тотыққан никель кендерін ферроникельге балқыту. Ферроникельді тазарту
- •24. Сульфидтік мыс-никельдік концентраттарды шахталық пештерде балқыту.
- •25. Никельді электролиттік тазартудың теориясы және технологиясы.
Қара қорғасынды мыстан тазарту және шликерлерді өңдеу
а) Ликвациялап тазарту. Мыстың қорғасында ерігіштігі температурамен байланысты. Шахталы пештің температурасы 900°С мөлшерінде болса, қорғасында мыс , процентке дейін ериді. Температура төмендеген сайын мыстың қорғасында ерігіштігі төмендейді және 500°С-да 1,5 процент қана, ал қорғасынның қататын температурасына жақындағанда 326°С болғаны 0,6 процент қана болады. Қорғасында мысты белгілі ббір температурада шектілі ерігіштімен артық ерітуге болмайды, мыс көп болса шекті ерігіштіктен артқан мыс кристалданып, қорғасын ваннасының бетіне шығады, өйткені мыстың үлесті салмағы 8,5 ал қорғасындыкі 10,5 г. Осындай процесті ликвация деп атайды. Ликвация жүргізгенде қорғасынмен бірге басқа қиыншылықпен еритін қоспалар – темір, мышьяк, сурманың қоспалары, металдардың сульфидтері, қорғасынның бетіне шығатын шликер деген қатты өнім құрайды. Заводтарда ликвация екі мерзімде жүргізіледі: әуелі 550-600°С температурада, сонан соң 360-370°С-да. Бірінші рет жүргізгенде құрамында 25 процентке дейін мысы бар, 70 процентке дейін қорғасыны бар «құрғақ» мысты шликер алынады. Бұл шликердің қара қорғасынының салмағынан шығымы 18-28 процент болады. Бірінші шликер алынғаннан кейін қорғасында 0,5-0,6 процент мыс қалады, бұдан ажырату үшін температураны процент мыс қалады, бұдан ажырату үшін температураны 360-370°С-ға дейін төмендетеді. Бұл жолы құрамында 2-3 процент мысы бар және 90 процентке дейін қорғасыны бар "майлы" шликер алынады. «Майлы» шликердің қараа қорғасыннан шығымы 2-3 процент болады. «Құрғақ» шликер құрамындағы мсыты шығарып алған соң, қорғасынды, алтынды, күмісті шығарып алу үшін негізгі өндіріс циклына жіберіледі. Құрамында көп қорғасыны бар, мысы аз «майлы» шликер айналмалы материал ретінде тазарту процесінің бас жағына жіберіледі.
б) Қорғасынды мыстан күкіртпен тазарту. Бұл әдіс мыс пен қорғасынның күкіртке әртүрлі химиялық ұқсастығымен негізделген. Мыс қорғасынға қарағанда күкіртпен тез, толық қосынды береді. Осыған қарамастан, балқыған қорғасынға күкіртті тиегенде алдымен қорғасынның сульфиді құрылады. Бұған себеп, балқымада мысқа қарағанда қорғасынның салыстыруға келмейтін көп мөлшерлігі. Қорғасын сульфиді қорғасында тез ериді және мыспен әрекеттесіп металл түрінде қорғасын, күкіртті мыс құрайды.
в) Мысты шликерлерді өңдеу. Қорғасынды мерзімділік әдіспен мыссыздандырғанда 30 пайызға дейін мысы бар, 70 пайызға дейін қорғасыны бар «құрғақ» шликер алынады. Бұл металдарды шликерде шығарып алу керек. Мысты шликерлерді өңдеуде негізгі әдістер әртүрлі реагенттер қосып шахталы пеште, шарпымалы, қысқа барабанды және электр пештерінде қорыту болып саналады.
Шликерлерді шахталы пештерде қорыту. Бұл әдіс біздің отанымызда және шет мемлекет заводтарында қолданылады. Бұл үшін шахталы пеште алынған, құрамы 2-5%Cu штейннен, айналмалы шлакта осылардың қосынды салмақтарынан 20-25% шликерден және сульфидтейтін материалдан /пириттен/тұратын шахтаға 10-12% кокс қосып пешке тиеп қорытады. Біздің отанымыздың бір заводында шихтаны массасынан 50% шликер және басқадай мысы бар материалды шахталы пешке қорытқанда металдар өнім арасында жақсы жіктелмейтіндігі, қорғасынның қара қорғасынға шығымы не болғаны пайыздан аспайтыны, мыстың штейнге ауысуы 58%-ға ғана жететіндігі анықталады.
Шликерлерді шарпымалы пеште және барабанды пеште қорыту. Бұл әдістер шет мемлекет заводтарында кең өріс алған. Мысалы: Болған заводтарында «Қырджалы» және «Плавдив» шликерлерді күйдіргіш натрий әйтпесе, сода, көміртекті тотықсыздандырғыш қосып қорытады. Бірінші завод шарпымалы, екінші завод қысқа барабанды пештерді қолданады. Шарпымалы және қысқа барабанды пештерде сода қосып қорыту, қорғасында және мысты шығарып алу, қорыту өнімдеріне дұрыстап үлестіру бағытында жоғары көрсеткіштер алуға мүмкіндіктер берді. Бұл әдісте қорғасынның металға шығымы 92% жетті /шахталы пеште 80%/, мыстың мысты өнімдерге /штейн мен шпейза/ шығымы 85%. Шпейза дегеніміз – құрамында негізінен темір, мышьяк, сурьма, мыс, мырыш, күкірт және басқа элементтері бар өнім болады.
