- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
Халықаралық құқық субъектісі ұғымы мен түрлері.
Халықаралық құқықтық мойындау (тану).
Халықаралық құқықмирасқорлық институты
Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
Халықаралық құқық субъектілері, халықаралық құқық негізінде және аясында жүзеге асатын халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы бойынша халықаралық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар. Халықаралық құқықтың ерекшелігі қатысушы субъектілердің тең болуы.
Халықаралық құқық субъектілері: негізгі субъектілерге мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресетін ұлттар мен халықтар; туынды субъектілерге халықаралық ұйымдар, мемлекеттес құрылымдар.
Мемлекет – халықаралық құқықтың негізгі субъектісі.
Халықаралық құқық нормалары негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді, яғни мемлекеттер арасындағы қатынастарды, өйткені халықаралық құқық субъектілерінің ішінде тек мемлекетерге тән ерекше қасиет бар. Ол оның саяси құқықтық қасиеті – егемендік. Мемлекеттік егемендік дегеніміз не?
Мемлекеттік егемендік – мемлекеттік биліктің ел ішіндегі үстемдігі мен сыртқы саясаттағы тәуелсіздігі. Сонымен бұл тек мемлекетке тән қасиет.
Халықаралық қатынастарға мемлекеттер егеменді құрылым ретінде қатысады, онда қандай да болсын ешбір билік өзінің міндетті заңды ережелерін мәжбүрлемейді. Әрбір мемлекеттің егемендігін қадірлеу, барлық мемлекеттердің егеменді теңдігін мойындау – халықаралық құқық қағидаларының бірі болып табылады.
Мемлекеттердің егеменді теңдігі дегеніміз, бұл барлық мемлекеттер заңды түрде тең дегенді білдіреді, яғни олардың міндеттері мен құқықтары тең. Сонымен, халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелері ретінде олардың экономикалық. саяси және әлеуметтік жүйелеріне қарамастан бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Халықаралық құқықтың қатысушы ретінде мемлекеттер өздерінің құрылымы бойынша – біртұтас және күрделі болып бөлінеді.
Біртұтас (унитарлы) мемлекеттер халықаралық қатынаста халықаралық құқық субъектісі ретінде қатысады және оның басқа мемлекеттік құрылымы туралы мәселелер туындамайды. Біртұтас мемлекеттер, олар әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінген мемлекеттер.
Күрделі (одақтас) мемлекеттер қатарына федеративтік мемлекеттер кіреді.
Федерация – бұл күрделі және тығыз мемлекеттік құрылым.Әрқайсысы өзінің құрамында бірқатар мемлекеттер немесе мемлекеттік құрылымдардан тұрады. Федерация мүшелері (одақтас республика, автономды республикалар, жерлер, штаттар) белніленген ішкімемлекеттік дербестігін сақтайды, бірақтан, конституциялық қықық бойынша сыртқы қатынасқа дербес қатыса алмайды және халықаралық құқық субъектісі бола алмайды. Бұл жерде жалпы федерация халықаралық аренада біркелкі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қатысады. Федеративтік мемлкеттерге Ресей Федерациясы, АҚШ, т.б. мемлекеттер жатады.
Құрылымы күрделі мемлекеттердің ішінен конфедерация деген түрі белгілі. Конфедерация, бұл тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір ортақ мақсатқа жету үшін (бірігіп қорғану, сыртқы саясат жүргізу, мемлекеттердің қауіпсіздігін қорғау, қаржыландыру және т.б.) құрылған одағы. Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет жоқ деп айтуға болады. Мысалы, Швейцария конфедеративтік мемлекет болып саналғанмен, іс жүзінде олай емес, өйткені Швейцария әкімшілік аумақтық бөліністерге (кантондарға) бөлінеді.
Мемлекеттер арасында ерекше көрінетін тұрақты бейтарапты мемлекеттер.
Тұрақты бейтараптық - мемлекеттің арнайы халықаралық құқықтық мәртебесі. Мұндай мәртебеге көпжақты халықаралық шарттар немесе декларация негізінде ие болады.
Бейтарап мемлекет – бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан, ешкімнің қол сұқпағандығына ірі мемлекеттердің халықаралық келісіммен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз.
Тұрақты бейтараптық, мемлекет соғыс кезінде қандай болмасын соғысушы тараптарға тікелей әскери көмек көрсетпеуге міндеттенеді, сондай-ақ, бейбіт кезде тұрақты бейтараптық мемлекет әскери одақ пен блоктарға кірмеуі керек, өзінің аумағын басқа мемлекетке әскери мақсатқа пайдалануға бере алмайды. Егер осы шарттарды бұзған жағдайда ол тұрақты бейтараптық мәртебесінен айырылады.
Жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы тұрақты бейтараптық көпжақты халықаралық шарттар немесе декларациямен белгіленеді. Қазіргі кезде келісілген 1815 жылғы 20 қарашада Жарияланған Вена Конгрессінің декларация негізінде ие, 1955 жылы 25 қазанда Бейтараптылық туралы Федералды конституциялық заңға сәйкес Австрия да танылды. 1981 жылы – Мальто, 1995 жылы - Түркменстан.
Халықтар мен ұлттар – халықаралық құқықтың субъектісі
Халықтар мен ұлттар өз мемлекетін құруға және өзін-өзі анықтауға құқығы бар.
Халықтардың өзін-өзі тану императивті нормалардың бірі. Барлық халықтар осы нормаға сәйкес өзінің саяси мәртебесін еркін белгілеп, өзінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуын еркін қамтамасыз етеді.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құқықтық субъектілігі.
Халықаралық ұйымдар ХІХ ғасырдың ортасынан бастап пайда болып іске қосылды. Қазіргі кезде 3 мыңнан аса халықаралық ұйымдар қызмет атқарады. Халықаралық ұйымдардың ішінен халықаралық үкіметаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады, өйткені, олардың құрылташылары болып мемлекеттер болады, ал мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектісі. Барлық халықаралық үкіметаралық ұйымдардан Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқыққабілеттілігі кең көлемді.
Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды. Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдар субъект болады, егер оның қатысушы мемлекеттері халықаралық құқықтар және міндеттермен қамтамасыз етсе.
Мемлекеттер мен халықпаралық ұйымдардың арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасыгдағы шарттар құқығы туралы 1986 ж. Вена Конвенциясының 3 бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі субъектілер болып табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық үшін құрады. Сондықтан да қарастырып отырған субъект туынды топқа жатқызылады.
Алашқы кезде халықаралық ұйымдар құқық субъектілік қасиетке ие болмаған. Ол ұйымдардың, халықаралық құқықтың халықаралық қатынастардың дамуының белгілі бір сатыларында пайда болады.
Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ. Олар мемлекетке тәуелді, яғни халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқық субъектілікті береді. Халықаралық ұйымдарда құқық субъектілік ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғана пайда болды. Ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі құрылтай актісінде бекітіліді.
Мемлекеттес құрылымдар – халықаралық құқық субъектісі.
Мемлекетес құрылымдарға: ерікті қалалар (бұрын Батыс Берлин,Венеция, Гамбург) мен мемлекет қалалар (Ватикан) кіреді.
1815 ж. Вена трактатына сәйкес ерікті қалаларға 1846 ж. Дейін өмір сүрген Краков қаласы, 1919 ж. Версаль бейбітшілік шарты бойынша – Данциг (1920-1939) қаласы жатқызылады, сондай-ақ “Триест бос аумағын” құруға талпыныстар жасалды, бірақ олар жүзеге аспады. Кейінірек, осы аумақ Италия мен Югославияның құрамына кірді.
Батыс Берлин мәртебесі 1971 ж. Төрт тарапты келісіммен реттеледі, ол КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасында болды. Мұндай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ФРГ-нің өмір сүруімен байланыстырылып түсіндіріледі. Жоғарғыдағы 1971 ж. Келісімнің ережелеріне сәйкес, Батыс Берлин дербес саяси біртұтастықты көрсетеді. Германия біріккен соң халықаралық құқықтың аталмыш субъектісі таратылды.
Ватикан, бұл католик шіркеудің әкімшілік орталығы “мемлекет-қала”, Италия астанасы Рим маңына орналасқан. Халықаралық құқық субъектісі Ватиканның ерекше мәртебесі 1984 ж. Италиямен жасаған келісімі арқылы белгіленген. Ватикан БҰҰ мүшесі емес, өйткені БҰҰ құрамына егеменді мемлекеттер ғана кіреді, дегенмен бұл әмбебеп ұйымда оның тұрақты бақылаушылары бар. Негізінен, Ватиканның өзінің аумағы бар, жер көлемі 0,44 шаршы км. Соған қарамастан Ватикан дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды, оның БҰҰ-да және әртүрлі халықаралық ұйымдарда тұрақты бақылаушылары бар. Ватикан елдердің халықаралық конференцияларына үнемі қатысып отырады.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің халықаралық және аймақтық денгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық құқық субъектісінің бірі болды. Көпке дейін халықаралық құқық субъектісінің бірі болды. Көпке дейін халықаралық құқықтық әдебиеттерде индивидтің құқық субъектілігі жоққа шығарылып келді. Ал халықаралық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтің халықаралық құқық субъектілігі жоққа шығарылды (мысалы, А.П. Мовчан, С.В. Черниченконың еңбектерінде). ХХ ғ. 80 жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субъектілігінің жеке элементтерін отандық еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Батыстық заңгерлер индивидтің халықаралық құқық субъектілік теориясын аз-кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өміріндегі объективті өзгерістер осы заманғы халықаралық құқықтағы адамның құқық субъектілігі жөніндегі мәселеден “тыйым салуды” алып тастады.
Индивидтер құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберінде қосымша институттар құрылуда. Мысалы, 1996 ж. 20 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 48/141 қарарына сәйкес, адамның барлық құқықтарын қолдау және қорғау бойынша Жоғарғы Комиссар қызметі құрылды. Бірінші Жоғарға Комиссар жұмысына 1994ж. 5 сәуірде кірісті. 1997 ж. Оның отставкаға шығуына байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалды. БҰҰ-ның бұл лауазымды тұлғасына адам құқықтары жөніндегі қызметтің негізгі жауапкершілігі жүктелген. Жоғарғы Комиссардың өкілеттігі адамның барлық құқықтарын қорғаудан және оны тиімді жүзеге асыруды қолдаудан тұрады.
Бейбітшілікті жақтайтын кез келген мемлекеттің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі басым орында болатыны талас тудырмас. Халықаралық құқықта мемлекеттің халқына өзінің азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды жатқызады. Халықтың осы топтарының заңдарда бекітілу дәрежесіне қарай адам құқықтарын қорғау туралы ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетіне қарай халықаралық құқықсубъектіліктің нақтылы жайын да айтуға болады.
Халықаралық құқықтық мойындау (тану).
Халықаралық құқықтық мойындау (тану), мемлекеттің қандайда болмасын басқа мемлекетпен заңды қатынасқа түсуге дайын екендігін, онымен толық масштабты дипломатиялық, консулдық және басқа да қатынасты қолдайтындығын білдіретін мемлекеттің біржақты актісі. Танылып жатқан (мемлекет) жақ болып танылуы мүмкін жаңадан пайда болған мемлекет, жаңа үкімет, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, халықаралық ұйымдар.
Халықаралық тану нысандары:
Де-юре (заңды тану) тануы- бұл толық көлемде тану. Бұл танымды қайтып алуға болмайды. Мұндай жағдайда танылып жатқан мемлекетпен немесе үкіметпен толық көлемде дипломатиялық, консулдық және басқа да қатынастар орнатылады.
Де-факто (фактілік тану) – бұл жартылай тану. Мұндай таным кезінде дипломатиялық қатынастар орнатылмайды, тек консулдық немесе сауда қатынастары орнатылады. Сонымен қатар бұл таным қайтарылуы мүмкін. Әдетте жаңа мемлекетті танығанда емес, жаңа үкіметті танығанда қолданылады.
Ад хос - бұл уақытша белгілі бір мәселеге байланысты тану. Мұндай таным кезінде мемлекет танығысы келмесе де, тануға мәжбүр болады. Мысалы, өз азаматтарын сауда жағынан қорғау. Мұндай жағдайда, субъектінің танылуы жоқ, алайда, мысалы мемлекетке туындаған мәселелрді реттеу үшін белгілі бір қатынастарға түсу қажет. Мысалы, бір реттік қатынастар – спорт жарыстарына, ғылыми семинарларға, конференцияларға т.б. қатысу. Мұндай шаралар аяқталған соң қандай да бір қатынастардың пайда болғанына қарамастан, субъектінің құқығын танымау жөнінде жариялануы мүмкін.
Мемлекетті мойындау (тану).
Халықаралық құқықтық мойындау мәселесі жаңа мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Танудың бұл түрі негізгі және ресми теориялар өкілдерінің арасында даулы талас тудырып тұр. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектілігі халықаралық бірлестіктің басқа қатысушыларына тәуелді емес. Оның жақсы нұсқасы мынадай үлгіде болуы тиіс: жаңа мемлекеттің пайда болуы – жаңа жаңа субъектінің пайда болуы. Мұндай қарапайым арифметикалық формуланың салдары тану актісі болуы тиіс, себебі бұл мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар үшін заң базасын жасайды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының құрылу және даму тарихы тәжірибеде тану институтының теориялық ережелерінің қолданалатынына куә. Мәселен, біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасуының алғашқы жылдарында екі жақты және көпжақты негіздерде ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық базасы құрылды. Сыртқы саясаттың құқықтық негізін қалыптастырғаннан кейін ҚР шетелдердегі ұлттық мүдделерін қамтамасыз ететін болды. Оған елшіліктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар құру арқылы қол жеткізіледі. Қазақстан 1993 ж. аяғына таман халықаралық бірлестікте кеңінен таныла бастады. Оған ірі халықаралық ұйымдар қатарына мүше болу, әлем мемлекетерімен дипломатиялық қатынастар орнату дәлел бола алады.
Жаңа үкіметтерді тану. Мемлекетті таныған кезде үкіметтің де танылатыны мәлім. Бірақ халықаралық құқықта үкіметті тану туралы мәселе үкіметтің билікке конституциялық емес жолмен келген жағдайларында жиі қойылады. Жаңа үкіметті тану өлшемі жаңа мемлекеттерді тану өлшемдерінен басқашалау. Ондай өлшемге үкіметтің тиімділігі жатқызылады, яғни ол үкіметтің мемлекеттің барлық немесе көпшілік аумағында билік жүргізе алуы және халықтың негізгі бөлігі үкіметтің саясатын қолдай ма деген мәселе. Бұрын халықаралық құқықта үкімет заңдылығы деген өлшем кең таралған болатын. Бірақ бұл өлшемді осы заманғы халықаралық құқық қол сұқпаушылық қағидасына қайшы келеді деп алып тастады. БҰҰ үкіметті тану туралы мәселелер Чанкайши немесе Қытай үкіметіне қатысты; Пиночет немесе С. Альенде үкіметтерін мойындау; Ауғанстан үкіметін немесе тәлибтер үкіметін мойындауға қатысты шешілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде эмигранттық үкіметін тану немесе қудалаудағы үкіметтерді мойындау тәжірибесі кең таралған еді.
Тану кезінде халықаралық конференцияға жаңа мемлекеттің немесе жаңа үкіметтің қатысуы міндетті емес. Халықаралық ұйымдарда өкілдік және үкіметті тану мәселелері халықаралық құқықтың екі дербес институттары. Оның айырмашылығы мынада; халықаралық ұйымға өкілдік туралы мәселеде ұйымның өзі шешім қабылдайды және ол оны тануға байланысты емес және оған негізделмейді. Ал жаңа үкіметтерді тану жеке мемлекеттердің ерекше құзыреттеріне жатады. Егер халықаралық ұйым жаңа үкіметтің өкілдігі туралы оң шешім қабылдаса, ол аталған үкіметті халықаралық ұйымның мүшелері міндетті түрде таниды деген сөз емес.
Қарсыласу органдарын тану, ұлт-азаттық қозғалыстарын, олардың органдары түрінде тану, соғусушы жақтың мәртебесін тану.
Қарсыласу органдарын тану мәселелері екінші дүниежүзілік соғыс тарихынан белгілі. Олар халықаралық құқықтың жалпыға танылған субъектісі деп есептелетін мемлекеттердің ішінде құрылды. Танудың мұндай түрінің тәжірибесі оларды үкіметтің де тануына жатқызбайтын. Ол көбіне билікті тану түрінде қарастырылды. Югослованияның ұлттық азаттық комитеті (1941-1943 жж.), “Шайқасушы Франция” (осы жылдары) қарсыласу органдары ретінде танылған болатын.
Ұлт-азаттық қозғалыстарынтану ұлт-азаттық революция барысында пайда болды. Танудың мұндай түрінің болуы өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтардың құқық субъектілігін растайды. Танудың мұндай түрінің үлгі мысалы ретінде Палистинаны азат ету ұйымы - ПАҰ, Оңтүстік-Батыс Африканың Халықтық ұйымы –СВАПО-ны айтуға болады.
