- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
Халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің түсінігі
Халықаралық құқық принциптерінің жіктелуі
Егеменді тепе-теңдік принципі
Таластарды бейбіт жолдармен шешу принципі
Ынтымақтастық принципі
Халықаралық міндеттерді адал ниетпен орындау принципі
Шекараның беріктік принципі
Мемлекеттердің территориялық тұтастық принципі
Халықтардың өзін-өзі анықтау принципі
10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
Халықаралық құқық принциптері, бұл халықаралық құқық субъектілерінің негізі болатын, жан-жақты және көпшілік таныған тәртіп ережелері.
1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық принциптерін қолдану және мемлекеттер өз міндеттерін адал ниетпен орындау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін және БҰҰ-ң басқа да мақсаттарына жету үшін өте маңызды екендігі көрсетіледі.
Халықаралық құқықтың негізгі принциптері: 1) 1945 жылы БҰҰ-ның Жарлығында; 2) 1970 жылы халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда; 3) 1975 жылы Хелсингілік Кеңестің Европадағы қауіпсіздігі мен ынтымақастығы туралы Қорытынды Актісі.
Декларация жеті принципті қамтиды: 1. Күш қолданбау немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі; 2) халықаралық таластарды бейбіт жолдарымен шешу прициптері; 3) мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі; 4) БҰҰ-ң Жарғысына сай мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтастық орнату міндеттері; 5) халықтар өзін-өзі анықтау принципі; 6) мемлекеттердің егеменді тепе-теңдік принципі; 7) мемлекеттер өз міндеттерін адал ниетпен орындау принципі.
1975 жылы қабылданған Қорытынды Актте келесі принциптер бекітілді: 1) территориялық тұтастылық принципі 2)шекараның беріктілігі; 3) адамның бостандығы мен құқығын қадірлеу.
2.Халықаралық құқық принциптерінің жіктелуі
Принициптерді үш топқа бөлуге болады: І-топқа ынтымақтастық принциптері; ІІ-топқа халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері; ІІІ-топқа халықтардың, ұлттардың адамдардың құқықтарын қорғау принциптері.
Мұндай топтастыру кезінде І-топқа егеменді тепе теңдік принциптері, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, ынтымақтастық және халықаралық міндеттерді адал ниетпен орындау принциптерін жатқызуға болады.
ІІ-топқа күш қолданбау немесе күшпен қорқытуды қолданбау, шекараның беріктігі, территориялық тұтастық, халықаралық дау-таластарды бейбіт жолдармен шешу принциптері жатады.
ІІІ-топқа – халықтардың өзінің мемлекетік құрылысын өзі шешу принципі, адамдардың бостандығы мен құқықтарын қадірлеу принциптері жатады.
Егеменді тепе-теңдік принципі БҰҰ-ң Жарлығында белгіленген. Бұл принцип оның барлық мүше-мемлекеттердің тең құқығының тануды және мемлекеттік қадірлеуді білдіреді.
Мемлекеттік егемендік – барлық мемлекеттердің ажыратылмас белгісі болып табылады. Барлық мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстанда әлем бірлестігінің тең құқылы мүшелерінің бірі болып табылады.
Егеменді тепе теңдік туралы айтқан кезде, бұл сөздің заңғы мағынасы ретінде мемлекеттердің арасындағы тепе теңдікті ескеруіміз керек. Бірақ, шынында мемлекеттер тең бола алмайды. Мысалы, аумақ бойынша, халық саны бойынша, экономикалық, саяси дамуы бойынша және т.б.. Егемендік тепе-теңдік принципі бойынша ең кішкентай және нашар дамыған мемлекеттер, үлкен және жоғары дамыған мемлекеттер сияқты халықаралық істерді шешу кезінде дауыс беруге құқығы бар екендігін білдіреді.
Барлық мемлекеттер халықаралық аренада егеменді құқыққа ие бола тұрып, басқада өзі сияқты, халықаралық қауымдастықтың қатысушыларының егеменді құқығын қадірлеуге міндетті. Мемлекет өзінің пайда болуынан бастап халықаралық құқықтың субъектісі болып саналады және басқа мемлекеттердің құқықтық субъектілігін қадірлеу керек.
Халықаралық құқық принциптері туралы Декларациясында айтылғандай, әрбір мемлекет саяси тәуелсіздікке ие, өзінің территориясында билікті дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемділігіне жол бермейді.
Халықаралық дау-таластарды бейбіт жолдармен шешу принципі, бұл келіспеушілік туған жағдайда халықаралық құқықтың субъектілерімен (көбінесе мемлекеттермен) реттеу үшін қолданылатын халықаралық құқықпен белгіленген процедура тәсілдері мен тәжірибелік шаралары БҰҰ Жарғысының 3 бабы дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілі ретінде келіссөздерді, делдалдық, тексеру, татуласу, арбитраж, сот талқылауы және дау қатысушыларының таңдауы бойынша басқа да тәсілдерді қарастырады. Аталған тәсілдерді қолданудың құқықтық негізін БҰҰ Жарғысында белгіленген халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидасы құрайды.
Ынтымақтастық принципі келесілерді қамтиды:
1)мемлекеттер халықаралық бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында бір бірімен достастықта болуы міндетті;
2)мемлекеттердің ынтымақтастығы олардың әлеуметтік жүйесіндегі айырмашылықтарға байланысты болмауы керек;
3)мемлекеттер барлық әлемдегі экономикалық даму ісінде ынтымақтастықтық жасау қажет және де дамушы елдерге көмек көрсетуі қажет.
Қазақстан өзінің тәжірибесінде ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасады. Мысалы, 1992 жылы 16 қыркүйекте ҚР-ң Үкіметі мен Белоруссия Республикасының Үкіметі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім. Сауда-экономикалық ынтымақтастық осы екі ел арасында теңдік принципі және өзіндік ұтым негізінде жасалған.
Халықаралық міндеттерді адал ниетпен орындау принципі.
Бұл принциптің негізінде ежелгі заманның әдет-ғұрпынан белгілі нормалар жатады – “pacta sunt servanda”.
БҰҰ-ң Жарғысының 2 бабында көзделгендей: “Оның мүшелерінің өзіне алған міндеттемелерді орындауға міндетті”. Бұл принцип 1969 жылы 23 мамырда Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясында, 1970 жылғы халықаралық құқық принциптер туралы Декларациясында, 1975 жылы Хелсингідегі Қорытынды Акт және басқада құжаттарда көзделген. Осы актілердегі ережелердің барлығын қосып, мынаны айтуға болады. Барлық мемлекеттер БҰҰ-ң Жарғысынан шығатын міндеттерді орындау керек. Әрбір мемлекет өз шеңберінде БҰҰ-ң Жарғысымен ғана шектеліп қоймай, ол халықаралық құқықтық принциптерден шығатын, сондай-ақ халықаралық шарттардан шығатын барлық міндеттемелерді адал ниетпен орындалуы тиіс.
Шекараның беріктік принципі, халықаралық келісімдермен мемлекеттің ішкі ережелерін бұзатын, шекараны кесіп өту немесе жердегі шекара сызықтарын бір жақты өзгертуге тыйым салатын жалпымен танылған халықаралық принциптер. Шекара сызықтарының кез келген өзгеруі тек көршілес мемлекеттердің келісімі негізінде және халықаралық құқыққа сәйкес болады. Өз егемендігіне және аумақтық үстемдігіне сәйкес әрбір мемлекет шекарасы арқылы азаматтардың, транспорт, жүктердің кесіп өтуін өзі белгілейді, немесе бұл тәртіп мүдделі мемлекеттермен халықаралық құқық нормалары мен принциптерін ескере отырып белгіленеді.
Бұл принцип БҰҰ-ң Жарлығында, халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда, кейіннен 1975 жылы Хельсиндік Қорытынды Актте бекітілген.
Басқада бейбітшілік сүйгіш мемлекеттер сияқты Қазақстан да шекараның беріктік принципін қолданады. Бұл әдетте, Қазақстан-қытай шекарасының режимі мәселесі бойынша Қытаймен келісілген келісімде мағынасын тапты.
