Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lekcija_-_Mezhd_pravo.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
988 Кб
Скачать
☆

3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі

Егер “ғарышкер” деген ұғымға құқықтық тұрғыдан келер болсақ, онда халықаралық келісімдерде де, заң актілерінде де мұндай анықтаманың жоқ екенін айту керек. Сонымен бірге, әр түрлі елдерде, түрлі тілдерде және әр түрлі халықаралық шарттарда ғарышқа ұшатын адамдарды белгілеу үшін түрлі терминдер қолданылады, мысалы ТМД-да - ғарышкер, АҚШ-та –астронавт.

Үлкен Кеңес Энциклопедиясында ғарышкер – бұл ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынауды және пайдалануды жүргізетін адам деп белгіленген. Косманавтика туралы арнайы әдебиеттерде бұл терминді арнайы медициналық-биологиялық және техникалық дайындықтан өткен және ғарыштық ұшуға ғарыш кемесінің командирі немесе ғарыш экипажының мүшесі ретінде қатысқан адамға қолданады. БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі Комитетінің шағын заң комитетінің 1967ж.VІ сессиясында Аргентинаның өкілі астронавт ұғымына анықтама беруге әрекеттенеді. Астронавт деп “Айды және басқа аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі қызыметті адамзат өкілі ретінде жүзеге асыратын адамзаттық зерттеушіні” есептеу керек деп ұсынылады. Бірақ мұндай анықтама қазіргі заманғы “ғарышкер” терминіне сәйкес келмейді, яғни ғарыштық ұшырауларға тікелей қатысатын адамдардың, адамзаттық тұлғалардың шеңберін шектеп қояды. Алайда, алғашқы ғарышкерлер қатарына КСРО- ның әскери ұшқыштары мен АҚШ-тың сынақшы –ұшқыштарының арасынан (олардың жан- жақты дайындықтарын ескеріп, іріктеліп алынған болатын. Кейінірек ұшатын ғарыш объектілерінің экипажына мамандар мен ғалымдар, қазіргі кезде –ғарыш зерттеулерінің жанашырлары қосыла бастады. Сонымен, ғарыш жөніндегі шарттың ІV бабына сәйкес, “ғарышкер ” ұғымына берілген жоғарыдағы анықтама ең турасы болып табылады.

Орбиталық ғарыш стансасы экипажын, өз кезегінде ондағы командирді, командалық құрамдағы басқа адамдарды және экипаж мүшелерін (ұшқыштар құрамы, ғалымдар, техникалық мамандар, қызымет көрсетуші персонал) қоса алғанда, ғарышкерлер ұжымын айтуға болады, олар стансасының басқарушы буыны болғандықтан , ұшу тапсырмасын және халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидалары мен нормаларын ескере отырып, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Экипаждар мен басқа да ұшатын ғарыш объектілерінің құқықтық мәртебесін айқындау үшін Ғарыш жөніндегі Шарттың VІІІ бабының объектілер мен олардың кез келген экипаждарының ғарышта болған барлық кезеңдері кезіндегі юрисдикциясы мен бақылауы, осындай объектілерді тіркейтін мемлекеттерде сақталуына қатысты ережесінің маңызы зор. Ғарыш жөніндегі шарттың VІІІ бабында “кез келген экипаж” ұғымының қолданылуы мемлекеттердің ғарыш объектілерін юрисдикциясы және бақылауы бойынша тіркеу құқығы, жалпы ереже бойынша, техникалық сиппаттарынан, шешетін міндеттер шеңберінен, адамдардың лауазымды жағдайлар санатынан, олардың ұлттарынан басқа да факторлардан тәуелсіз түрде стансадағы барлық тұлғаларға таралатынын туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Стансадағы адамдар қатарына ұшу бағдарламасында көзднлген мемлекеттік қызыметшілер (азаматтық немесе әскери), тіркейтін мемлекеттердің азаматтары және басқа мемлекеттердің де азаматтары, стансаның негізгі экипажының құрамына кіреттін ғарышкерлер және стансаны транзиттік бекет реттінде пайдаланатын жағдайда оған жеткізілген жолаушылар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аварияға ұшыраған ғарышкерлері стансаны паналаған жағдайда болуы мүмкін.

Сонымен, орбиталық стансалар мен басқа да ұшатын ғарыш объектілері экипаждарының құқықтық жағдайы халықаралық қана емес, сонымен бірге мемлекеттік – құқықтық реттеуге мұқтаж. Ғарыш құқығы туралы әдебиеттерде ғарыш объектілерінің персоналы мен жалаушыларының құқықтық мәртебесі, ғарышкердің еңбегін, денсаулығын және әлеуметтік қамсыздандырылуын қорғау жөніндегі нормалар, ғарышта болған кездерінде заңсыз әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілігі және т.с.с. мәселелерді шешу қажеттігі туралы ұдайы айтылып жүр.

Осындай объектілерді ұшырататын мемлекеттерде экипаждың қызыметтін реттейтін және ережелер болады (мысалы, стансадағы не кемедегі күнделікті жұмыс тәртібін және барлық өмірді, ұшу тапсырмасын орындау процесіндегі экипаж мүшелері арасындағы өзара қаттынастарды, лауазымдық құқықтар мен міндеттерді және т.б. айқындау ). Ұзақ мерзімге ұшулар ұлттық заңдарда әуе және теңіз кемелерінің экипажына қатысты белгіленгеніндей, орбиталық станса экипаждарының да құқықтық жағдайын айқындайтын арнайы нормативтік актілерді қабылдау туралы мәселе туындайды.

Экипажды басқару және оның жұмысын бақылау, сондай-ақ орбиталық стансада болып жаттқан барлық оқиғаларды бақылау ғарыштық байланыс құралымен көмегімен экипаж мүшелері мен стансадағы кез келген басқа адамдарға қатысты биліктік өкілеттерін жүзеге асыратын стансаның жоғарғы лауазымды адам болып табылатын командир арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан станса командирі немесе ғарыш кемесінің командирінің тәртіптік билігінің көлемі теңіз кемесі капитаны және ұшақ экипажының командирінікі сияқты болады. Әрбір стансаның командирі тіркеген мемлекеттің өкілетті органы реттінде және теңіз кемесінің капитаны сияқты өз құзыреті шегінде стансадағы бірқатар мәселелерді тікелей шешу құқығына ие (дауларды шешу, заң құжаттарын жасау және куәләндыру және т.б.). Осындай жағдайларда, орбиталық стансада немесе ғарыш кемесінде станса үшін және ондағы адамдарға қатысты қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар болса, онда командир мұндай бұзушылықтарды бұлтартпау үшін қажетті шаралардың бәрін қолдануға, қажетті жағдайларда – құқық бұзушыны мәжбүрлеп оқшаулау немесе қамауға дейін санкция қолдануға құқылы болады. Мәселен АҚШ- та көп реттік пайдалануға жататын “Спейс Шаттл” ғарыш кемесін ұшуға дайындауға байланысты 1980ж. Аэронавтика және ғарыштық кеңістікті зерттеу жөніндегі Ұлттық басқарманың (НАСА) нұсқауы жарияланды, соған орай ғарыш көлік жүйесінің командиріне “Спейс Шаттл” бортындағы барлық персоналдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіпті сақтау, сондай- ақ кеменің өзін және оның барлық элементтерін сақтау жауапкершілігі жүктелді. Осы мақсатта, командирге барлық қажетті құралдарды, дене күшін қоса алғанда, кеме бортындағы АҚШ- тың азаматтарына болсын, басқа мемлекеттердің азаматтарына болсын қолдануға рұқсат беріледі. Нұсқауда сондай-ақ командирдің ұшуды басқаратын жетекшіге бағынуы бекітілген, экипаж құрамы, төтенше жағдайларда командир орнын ауыстыру тәртібі, сондай-ақ командир өзінің міндеттерін жүзеге асыратын ұшу сатылары айқындалған. Нұсқауда АҚШ-таың қылмыстық заңдарына сілтеме жасалған, соған орай бұл нұсқаудың ережелерін бұзу немесе командирдің бұйрықтарын орындамау 5 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге немесе бір жылға дейін түрмеде қамалуға әкеліп соғады делінген.

Орбиталық станса командиріне көбірек өкілеттіктер беру қажеттігі мемлекеттердің оның тиімді және қауіпсіз қызымет етуін қамтамасыз етуге, борттағы құқықтық тәртіпті және ондағы адамдар мен мүліктердің қауіпсіздігіне кепілдік беруге ұмтылудан келіп шықты, өйткені командир тұтастай ұшудағы тапсырманың орындалуын, стансаның қауіпсіз қызымет етуінің қамтамасыз етілуіне, дер кезінде және тиімді жұмыс істеуге, бекітілген тәртіптің орындалуына, стансадаы адамдар әрекетіне жауапты болады.

Экипаждың әрбір мүшесінің стансаны басқару, оның паратары мен құрал- жабдықтарының жұмыс істеуі, стансадан тыс жүргізілетін операцияларға қатысты құқықтары мен міндеттеріне келсек, онда олардың көлемі мен ерекшелігі стансаның мәні мен қызымет етуінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Кеме экипажында екіден жеті адамға дейін болады: командир, ұшқыш, орбитадағы операциялар және пайдалы жүк жөніндегі мамандар. Олардың міндеттері мынадай болып бөлінеді. Командир ұшуды басқару орталығының нұсқаулары мен ережелерімен бекітілген ұшу тапсырмасының орындалуы үшін, сондай-ақ түгелдей экипаждың қауіпсіздігі үшін жауапты болады. Ол егер жанжалдың қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін және кеменің қалыпты қызымет ету үшін, қажет болса, ұшу бағдарламасына жүргізілетін операцияларға, экипаждың жеке мүшелерінің міндеттеріне өзгерістер енгізуге өкілетті. Сонымен бірге жердің айналасындағы орбитада ұшқан кезде командир экипаж бен кеменің қауіпсіздігіне қауіп төнетін жағдайлардан басқа барлық кезде орбитадағы операциялар бойынша жұмсалатын ресурстарға, борт жүйесін пайдалану жане ұшу бағдарламасын өзгертуге қатысты маманның нұсқауларын орындайды.

Ұшқышқа ұшу кезінде командирге көмектесу міндеті жүктеледі, кейбір жағдайларда, мысалы, екі ауысымды жұмыс кезінде оны ауыстыру жүктелуі мүмкін.

Орбиталық операциялар жөніндегі маман кеменің және оның борт жүйесінің ұшу сипаттамаларына сай болуы, сондай- ақ экипаж бен кеменің қауіпсіздігі тұрғысынан пайдалы жүкті бақылауы тиіс. Орбитада операциялар жүргізудің барлық кезеңінде аталмыш мүшесі борттағы ресурстарға билік етеді және экипаждың іс-әрекеттеріне жетекшілік жасайды. Оның құқықтық жағдайының маңызды элементі –кеме иелерінің алдында пайдалы жүктер үшін (ғылыми аспаптар, құрал-жабдықтар және т.б. ) жауапты болуы және егер олар ымыралы шешім қабылдау құқығын берсе, түрлі пайдалы жүктер арасында “ қақтығыс” туындаған жағдайда шешім қабылдау және қандай да бір ақау немесе басқа да мән- жайлар туындағанда ұшу тапсырмасына өзгерістер енгізуден көрінеді. Мұндай құқық пайдалы жүк жөніндегі маманға да берілуі мүмкін. Орбиталық стансаларды, сонымен бірге экипаж борытындағы басқа да объектілерді тиімді пайдалану экипаж мүшелерінің өздерінің міндеттерін адал орындауына байланысты болады.

Ғарышкерлердің халықаралық ғарыш құқығының субъектілері болып табылмайтынын атап өтуі керек, сол себепті оның нормалары адамның ғарыш кеңістігіндегі тәртібін тікелелей реттей алмайды. Ғарыш жөніндегі халықаралық келісімдерде бекітілген құқықтар мен міндеттер ғарыш құқығының субъектілеріне жүктелген, яғни бірінші кезекте мемлекеттер үшін. Мемлекеттер өз кезінде ғарыш кеңістігін зертеу және пайдалану жөнінде және оның кімнің – мемлекеттің өзі ме, не оның үкіметтік емес заңды тұлғалары немесе азаматтарының жүзеге асыруына қарамастан, ол үшін мемлекет жауапты болады. Мемлекеттер бір мезгілде ғарышкердің қызыметі және оның ғарыш жөніндегі халықаралық келісімдер бойынша құықтары мен міндеттеріне сай болуын қамтамасыз етуі керек. Мұндай сәйкестіке қандай шаралар мен құралдар арқылы қол жеткізеді, ол мемлекеттің- ішкі ісі.

Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңінен дамыту халықаралық ғарышқа ұшуды шындыққа айналдырды. Орбитадағы бірлескен жұмыстардағы түрлі елдердің ғарышкерлерінің алғашқы тәжірибесі кеңестік – американдық жоба “Союз – Аполлонды ” орындау барысында 1975ж. шілде айында жинақталды. Тараптар ғарышкерлердің бір кемеден екінші кемеге өтетін кездерінде, алдын ала келісілген жұмыс кестесіне орай тиісті кеме борытындағы экипаждың әрекеттерін көздейтін ұшу құжаттамасын егжей- тегжейлі келістіріп бекітті.

Штаттан тыс жағдайларда шешім қабылдау жауапкершілігі басқарма орталығына және “қабылдаушы тараптың” командиріне жүктеледі, яғни басқа тараптың ғарышкерлері болған кезде осындай жағдай туындаған кемені айтамыз. Жердегі персоналмен байланыс жоқ болған жағдайда қабылдаушы кеменің командиріне дереу шешім қабылдау құқығы берілген.

Халықаралық ғарыш құқығының үдемелі дамуы тұрғысынан қарағанда халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) жөніндегі Үкіметаралық келісімдер ерекше көңіл аударуға тұрарлық. Оған Вашингтонда 1998ж.29 қаңтарында қол қойылды. Қатысушылары – Ресей АҚШ, Еуропа ғарыш агенттігіне (ЕҒА) мүше – мемлекеттер, Жапония және Канада. Оны дайындауға бнс жылдай уақыт кетті. әріптес - мемлекеттер делегацияларының ХҒС жөніндегі ұзақ мерзімді келіссөздер жүргізудің нәтижесінде, мынадай, қазіргі таңда теңдесі жоқ, ғарышта да, жерде де стансаларды құру және қызымет көрсету жұмыстарын реттейтін құқықтық нормалар жүйесі қалыптасты. Бұл жүйені мемлектаралық және ведомствоаралық сипаттағы келісімдерде орын алған құқықтық нормалардың үш деңгейімен құрылды деуге болады.

ХҒС қызыметін құқықтық реттеудің үшінші деңгейі ретінде стансаның халықаралық экипажының құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған “ғарышкерлер тәртібінің Кодексін ” айтуға болады. Осы мәселе барынша күрделі және қарама- қайшы мәселелердің біреуі, өйткені стансаның халықаралық сипаты оған қандай да бір мемлекеттің ғана юрисдикциясының таралу мүмкіндігін жоққа шығарады. Осыдан келіп, ХҒС-дағы құқықтық қатынастарды көп ұлтты сипатта регламенттеу қажеттігі туындайды. Ғарыштық ұшудың ерекше шарт- жағдайлары, бір жағынан командирдің бұйрығына, әсіресе төтенше жағдайларда сөзсіз бағыну және қатаң дара басшылық болуын талап етеді. Екінші жағынан алғанда, экипаж командирінің билік өкілеттіктерінің шегі, шешім қабылдаудағы жауапкершілік дәрежесі және бұйрықты орындаудан бас тартқан экипаж мүшелеріне командирлердің қолданатын ықтимал мәжбүрлеу шаралары туралы да мәселе келіп шығады. өйткені, ғарыш кеңістігіндегі қызыметтің кез келген басқа саладағы қызыметтен елеулі ерекшеліктері болады, онда ғарыш экипажының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері міндетті тәртіпте орын алуы тиіс. Ғарышқа ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бірқатар маңызды мәселелерді шешу жәрдемдеседі. Оларға: ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ластау және ауру қоздыру, ол белгілі бір жағдайларда ғарыш экипажының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру мүмкін: ғарыш экипажымен байланыстың қалыпты қызымет етуін, әсіресе апат жағдайларында қамтамасыз ету; ғарыш кеңістігінеде арнайы қауіпсіз аймақтарды бөлу; ғарыш объектілерінің қызыметіне шетел мемлекеттерінің қол сұғуына тыиым салу; апатты жағдайларда өзара көмек көрсету және ғарышкерлерді құтқаруды жатқызуға болады.

Ғарышқа ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді қарастырғанда, проблеманың –ұлттық және халықаралық екі аспектісінің бар екенін байқауға болады.

Ұшуға дайындық жасау тәртібі,оның барлық сатыларында, мемлекеттің ішкі құзыретінетжататыны сөзсіз,тіпті ұшуға басқа елдің ұлттық азаматтары- ғарышкерлер қатысатын болса да. Тиісті мәселелер осы елдің ұлттық заңдары мен басқа да құқықтық актілерімен реттеледі. Қажет болған жағдайларда, бұл мемлекеттер шетелдік азаматтар қатысатын ұшуға байланысты өздерінің ара қатынастарын реттейтін екі тарапты келісімдер жасай алады.

Ғарыш қызметінің ғаламдық сипатына орай, қарастырылып отырған проблеманың халықаралық аспектісінің де маңызы зор. Егер ғарыш экипажының қауіпсіздігі туралы айтатын болсақ, онда ұшуды жүзеге асыру барысында мемлекеттер арасында туындайтын қатынастар (мәліметтер беру, іздеу, ғарыш кеңістігіндегі экипаждарға көмек көрсету және құтқару т.б) халықаралық-құқықтық құралдарарқылы реттелуі керек. Проблеманың халықаралық аспектісі ғарыш объектілерінің және олардың экипаждарының әрекет ететін ортасын барынша қауіпсіз ету және қолайлы жағдайлар қалыптастыру мәселелерін алдыңғы қатарға шығарады. Осы міндетті орындаудағы ерекше рөл «ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда ғылым да, заңи да аспектілерде зерттеу және пайдаланудағың халықаралық ынтымақтастыққа беріледі (ғарыш жөніндегі Шарттың кіріспесі).

Радиобайланыстың қалыпты тұрақты жұмыс істеуінің ұшу үшін маңызы зор. Аптты немесе кезкелген авариялық жағдайларда жермен байланыстың маңызы арта бермек. 1982ж.халықаралық электрбайланыс конвенциясының қабылдану фактісі ғарыш үшін радиобайланыстың маңызды екенін айғақтайды, оның 25-бабына сәйкес, «халықаралық электрбайланыс қызметі адамзаттың теңіздігі, жердегі, әуедегі және ғарыш кеңістігіндегі өмірінің қауіпсіздігіне қатысты электрбайланысының хабарламаларына абсалютті басымдық беруі керек ң.

Ғарышкерлердің қайіпсіздік проблемасы ғарышкерлерді құтқару туралы 1968ж. келісімде нақтырақ шешілген.БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі Комитетінің көпшілік мүшелері ғарыш объектілері келтірген залал үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенцияның тезірек қабылдануына мүдделі болды. Ғарышкерлерді құтқару туралы келісімді дайындау жұмысы аяқталған соң жауапкершілік туралы келісімді дайындау жұмысы аяқталған соң жауапкершілік туралы Конвенцияның қабылдануын тездетуге мүмкіндік туды. Құтқару туралы келісімде ғарыш кеңістігінде, оның ішінде аспан денелерінде ғарыш кемесінің экипажы болған кезде, кеме тіркелген мемлекеттің юрисдикциясы мен бақылауында болады деген маңызды ереже бар. Бұл ереженің халықаралық ғарыш стансасы жөніндегі үкіметаралық келісімді жасау кезінде де ескерілгенін атап өтуі керек.

Алайда, ғарыш жөніндегі шарт пен құтқару туралы Келісімдер жасалған кезде ғарышқа ұшулар әсіресе ұшатын объектілер, қазіргі кездегідей жиі болмаған еді. Бортында адамы бар ғарыш объектілерінің ұзақ мерзімге ұшуы да болмайтын. Сондықтан Ғарыш жөніндегі Шарт ережелері жалпы сипатта, ал 1968ж. келісім негізінен авариялық жағдайдағы ғарыш кемелерінің экипажына жерге келгеннен кейін барып көмек көрсету проблемаларын шешеді. Аталмыш келісім баптарының мағынасы мен мазмұны бойынша ғарыш экипаждарының ұшу қауіпсіздігі мен оларға ғарышта ұшудың барлық сатыларында – старттан жерге қонғанға дейін – барлық қолдан келген көмекті көрсетуді қамтамасыз ету осы келісімге қатысушы мемлекеттердің міндетті болып табылады. Ол туралы Ғарыш жөніндегі шарттың V,VІІ және ІX баптары және Ғарышкерлерді құтқару туралы 1968ж. Келісімінің 1-4- баптары айғақтайды. Мұндай міндеттің болуын басқа халықаралық келісімдердің жеке ережелері де жанамалап бекітіп өтеді, мысалы мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызыметі туралы 1979ж. Келісімінің 5, 7, 10 және 13-баптары. Мысалы ғарыш жөніндегі Шарттың V бабында барлық қатысушы мемлекеттердің «егер ғарыш кеңістігіндегі Айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда, ғарышкерлердің өміріне және денсаулығына қауіп келтіретін құбылыстарды байқасаң басқа мемлекеттерге немесе БҰҰ-ның Бас хатшысына «дереуң хабарлау міндеті айтылған. Мұндай құбылыстарға, мысалы күннің жарқылдауы және соның нәтижесінде ғарыштағы радияциялық жағдайы күрт өзгеруін жатқызуға болады. Осындай сипаттардағы құбылыстар туралы дер кезінде берілген мәліметтер қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге мү.мкіндік береді.

Монографиялық әдебиеттерде ғарышта өзара көмек көрсету міндет халықаралық келісімдер теңізде және әуеде адамдарды құтқару жөніндегі операцияларға теңіз кемесінің капитаны мен ұшақ ұшқышының қатысу міндетін жүктеумен ұқсас деп аталып өткен.мәселен Г.П. Жуков, Алайда апатқа ұшыраған ғарыш кемесі мен оның экипаждарына көмек көрсету қиын және тәуелді дейді, өйткені ғарышта қозғалу және маневр жасау шектеулі болады. Сондықтан Ғарыш жөніндегі шарттың V бабындағарышкерлердің бір-біріне қолдан келетін көмек көрсетуі туралы айтылған.

Халықаралық ғарыш құқығының маңызды қағидаларының бірі ғарышкерлер мен ғарыш объектілерін оларды жіберген мемлекеттеріне (не тіркелген мемлекетке) қайтару қағидасы болып табылады. Бұл қағида алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларында тұжырымдалып, сонан кейін Ғарыш жөніндегі щартта бекітілген болатын.Осы Шарттың V бабында ғарышкерлерді «адамзаттың ғарышқа жіберген елшілерің деп, оларға басқа мемлекеттің – Шартқа қатысушының аумағында не ашық теңізде «апат, авария немесе мәжбүрлі қону жағдайларында қолдан келгенше көмек көрсетіледі, «мәжбүрлі түрде қонған ғарышкерлердің қауіпсіздікте болуы және ғарыш кемелері арқылы тіркелген мемлекетке дереу қайтарылуы ң көзделген. 1968ж. Келісімде шетелдің аумағына қонған ұшатын ғарыш объектілерін құтқару және қайтару мәселесі егжей-тегжей регламенттелген. Сонымен, екі құжатта да басты назар апатты жағдайларда қалған ғарышкерлерге барынша көмек көрсетуге және оларды қайтаруға аударылған.

Келісімнің 1- бабында кеме экипажына қауіп төндіруі мүмкін авариялық жағдайлардың тізбесі берілген: авария, апатты жағдай, басқа мемлекеттің аумағына, ашық теңізде немесе қандай да бір мемлекеттің юрисдиксиясында жоқ кез келген жерге мәжбүрлі түрде немесе ойламаған жағдайда қону. Осы бап сонымен бірге келісімге қатысушының ғарышқа ұшуды жүзеге асырған билік өкілдерін ғарыш кемесінің экипажы оның аумағына қонғаны туралы хабарлау туралы міндетін бекітеді.Сондай-ақ «жеделң, «қолында бар барлық байланысқұралдарының көмегіменң деген тұжырымдар осы бапта бірнеше рет қайталанады. Егер уағдаласушы мемлекеттер ғарыш экипажын анықтай алмаса, онда болған оқиға туралы «жалпы мәлімет үшінң хабарлауы керек. Мұндай ережелер ғарышкерлердің авариялық қону жағдайларында ең жедел шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімде … «қандай да бір мемлекеттің юрисдикциясына жатпайтын бір жерлерге немесе ашық теңізге қонғанң ғарыш кемесінің экипажына көмек көрсету туралы мәселе ерекше шешілген (3-бап). Мұндай жағдайда келісімде « … көмек көрсете алатынң мемлекеттердің көмек беруі көзделген. Қабылданып жатқан шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ғарышқа ұшырған билік өкілдері мен БҰҰ Бас хатшысына хабарланып отыруы тиіс.

Ашық теңізге немесе белгілі бір мемлекеттің юрисдикциясына жатпайтын шалғай аудандарға (мысалы, антрактида) мәжбүрлі түрде қонған ғарыш объектісін іздеу, табу және оған көмек көрсету мемлекет аумағында болумен салыстырғанда, әрине күрделірек болары сөзсіз. Сондықтан, осындай жағдайларда мемлекеттерге қойылатын талаптар олардың аумақтарына объектілердің қону жағдайларында бекітілген талаптарға қарағанда әлдеқайда жұмсағырақ. Бөтен мемлекеттің аумағына қонған ғарыш кемесіне және оның экипажына іздеу салу және көмек көрсету операциялары аяқталғаннан кейін дереу ғарыш объектісінің экипажын қайтару туралы мәселе туындайды.

Келісімнің 4- бабында авария, апат, мәжбүрлі қону немесе ойламаған жерден қону қай жерде болғанына қарамастан, ғарыш объектісінің персоналын оларды ұшырған мемлекетке қайтарудың заңы міндеттілігін бекітеді. Сөйтіп, тіпті халықаралық экипаж мүшесі болып табылатын ғарышкердің өзі өз елінің аумағында авариялық жағдайда қонса, егер алдын ала келісушілік болмаса, барлық экипаж құрамы мен бірге ғарыш объектісін тіркеген мемлекетке қайтарылуы тийс.

Апаты жағдайда жерге қонған ғарышкерлердің қайтару жөніндегі операциялардың тиімді орындалуы үшін оларды тез арада бірегейлендіру (ұқсастыру ) қажет. Осыған байланысты, кемені ұшыруды жүзеге асырған мемлекет ғарышкерлерге оладың жеке басы мен кеменің қандай мемлекетке тиесілі екенін куәләндыратын бірнеше тілде жазылған куәліктер бергені қолайлы болады. Ғарышкерлердің скафандралары мен ұшу костымдерінде белгілер мен жазулардың болуыда белгілі бір маңызға ие. Аумағында ғарышкерлер мәжбүрлі түрде қонған және экипажды тауып, құрқарған мемлекет өз аумағында ғарышкерлерді кідіртуге немесе басқа да сипаттарда олардың отанына қайтуына кедергі болуға құқығы жоқ. Ғарышкерлердің қылмыс жасауы немесе қонған мемлекеттеріне елеулі зиян келтіруі олардың жедел қайтарылуына кедергі бола алатын бірден бір себеп болып табылады.

4.Ғарыш объектілерінің құқықтық режимі