- •Isbn 9965-826-13-7 @ Абдикаримов с.Ж., Мангытаева б.Б.
- •Периодонттың анатомиясы, физиологиясы
- •1.Мақсаты
- •II. Осы тақырыпты меңгеруге арналған сұрақтар
- •III. Алғашқы білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар.
- •1.Периодонттың жедел қабынуы кезіндегі науқастың шағымдарын анықтаңыз.
- •Периодонттың жедел қабыну
- •Периодонттың жедел қабынуының диагностикасы (сызба нұсқа)
- •1.Тістің ауыруы
- •«Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі
- •Ойынды жүргізу бірізділігі
- •Периодонттың созылмалы қабынуы.
- •Кестені толтыра отырып, өзіңіздің біліміңізд тексеріңіз:
- •«Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •Периодонт қабынуын емдеу
- •11. Берілген тақырыпты толық меңгеруге арналған бұрын оқылған сұрақтар
- •111. Білім деңгейін анықтауға арналған сұрақтар
- •1V. Тақырыпты меңгергенін бақылау.
1.Мақсаты
А. Сіздер білулеріңіз керек:
1.Периодонттың жедел қабынуының үыттыну сатысының клиникасын
2.Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысының клиникасын
3.Периодонттың жедел жарақаттана қабынуының клиникасын
4. Периодонттың дәрі дәрмектерден қабынуының клиникасын
В. Сіздер істей білулеріңіз керек
1.Периодонттың жедел қабынуының уыттыну сатысын нақтылауды
2.Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын нақтылауды
3.Периодонттың жедел жарақаттана қабынуын нақтылауды
4. Периодонттың дәрі дәрмектерден қабынуын нақтылауды
II. Осы тақырыпты меңгеруге арналған сұрақтар
1.Периодонттың анатомиясы, физиологиясы
2.Периодонтың қоршаған тіндермен байланысы
3.Периодонттан жалқықтың таралу жолдары
4.Стоматологиялық науқастарды тексеру әдістері
5.периодонт қабынуының этиологиясы. Периодонтқа инфекцияның
ену жолдары
6.Периодонт қабынуының жүйесі
7.Периодонттың жедел қабынуының клиникасы
8.Периодонттың жедел қабынуының салыстырмалы диагностикасы
9.Периодонттың жедел қабыну түрлерінің шегі.
III. Алғашқы білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар.
1.Периодонттың жедел қабынуының қандай сатысын білесіз?
2. Периодонттың жедел қабынуының әр сатысындағы науқастың
шағымы?
3.Шайнау кезінде пайда болатын ауру сезімін қалай түсіндіресіз?
4. Периодонттың жедел қабынуының әр сатысындағы шұқып
және қағып тексерудің нәтижесін атаңыз.
5. Периодонттың жедел қабынуының қай сатысында себепші тістің
аймағында ауыз қуысы кілегей қабатында өзгерістер болады?
6.Қандай қосымша тексеру әдісі нақты диагноз қоюға көмектеседі?
7. Периодонттың жедел қабынуының қай сатысында науқастың
жалпы жағдайы өзгереді және қандай симптомдар байқалады
8.Периодонттың дәрі дәрмектерден қабынуын туындататын дәрілерді
атаңыз?
9. Периодонттың жедел қабынуының клиниксы немен сипатталады?
Кестені толтыру арқылы өз біліміңізді тексеріңіз
1.(+) белгісімен периодонттың жедел қабынуының әр сатысына тән симптомдарды белгілеңіз.
№ |
Аурудың симптомдары |
Уыттану сатысы |
Жалқықты сатысы |
1 |
Тістегенде сыздап ауыратын ауру сезімі |
|
|
2 |
Аспаппен немесе тілімен тісіне тиіп кеткенде қатты ауырады |
|
|
3 |
Түбір ұшындағы кілегей қабық қызарған, ісінген, тегістелген, сипап тексергенде ауырады |
|
|
4 |
Түбір ұшындағы кілегей қабық өзгермеген |
|
|
5 |
Тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. |
|
|
6 |
Шұқып тексергенде ауырады. |
|
|
7 |
Тістің аздап қозғалуы |
|
|
8 |
Қағып тексергенде ауырады. |
|
|
9 |
Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. |
|
|
10 |
Дене қызуының көтерілуі |
|
|
11 |
ЭОЖ жылдамдауы, лейкоцитоз |
|
|
12 |
Әлсіздік, асқа тәбетінің болмауы, ұйқысының бұзылуы |
|
+ |
2.(+) белгісімен периодонттың жедел қабынуына салыстырмалы диагностика жүргізуге болатын ауруларды белгілеңіз.
№ |
Аурулар |
+ |
- |
1 |
Терең тісжегі |
- |
|
2 |
Орта тісжегі |
- |
|
3 |
Ұлпаның жедел іріңді қабынуы |
+ |
|
4 |
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы |
- |
|
5 |
Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі |
+ |
|
6 |
Периодонттың созылмалы қабынуы |
- |
|
7 |
Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі |
+ |
|
8 |
Периост қабынуы |
+ |
|
9 |
Жедел одонтогенді остеомиелит |
+ |
|
10 |
Жедел лимфаденит |
- |
|
11 |
Жедел гайморит |
- |
|
12 |
Үштік нервтің невралгиясы |
+ |
|
3. Жағдайлық есептерді шешіңіз:
а).Науқас М, 26 тісінде ыңғайсыздық, аздап сыздап ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен тісінде алғаш рет өздігінен пайда болған ұстама тәрізді суықтан басылатын ару сезімі пайда болған. Біраздан кейін ауырудың қарқындылығы күшейген, бірақ тісі тісіне тиіп кеткенде ауыратын болды. Қарап тексергенде ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталады. Шұқып тексергенде ауырмайды. Тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланыспаған. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Аурудың клиникасын қосымша тексеру әдісін жүргізе отырып толықтырыңыз? Ұқсас аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізіңіз?
б). Науқас С, 45 тісінде тұрақты сыздап ауыратын, ас қабылдағанда ұлғая түсетін ауру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша төрт күн бұрын тісінде өздігінен пайда болған, тарала ауыратын ауру сезіміне байланысты стоматологтың қабылдануында болған. Науқастың бойында жансыздандырғыш анестетиктерге аллергиялық реакциясы болуына байланысты дәрігер стоматолог тісіне қандайда бір дәрі қойып, келесі күнге келуін тағайындаған. Бірақ тісінде ауру сезімнің басылып қалуына байланысты науқас стоматологтың қабылдауына бармаған. Қандай асқыну жайында айтылған? Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәрігер стоматологтың қандай қателік жіберуіне байланысты осы асқыну пайда болды? Асқынуды туындататын тағы қандай себептер бар екенін атаңыз?
в). Науқас үстіңгі сол жақ тістерінде қатты ауру сезіміне, асқа тәбетінің болмауына, әлсіздік, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ бетінің орта бөлігінің аздап ісінгені байқалады. 24 тісінде терең тісжегі қуысы бар. Қағып тексергенде қатты ауырады. Ауырған тістің маңындағы өтперлі қатпар ісінген, қызарған, сипап тексергенде ауырады. Қандай ауру жайында айтылған? Толық диагноз қою үшін Сізге қандай қосымша мәліметтер қажет? Салыстырмалы диагностика жүргізіп өзіңіздің қорытынды даигнозыңызды дәлелдеңіз?
г). Науқасқа үстірт тексеру әдісін жүргізу кезінде ұлпаның жедел іріңді қабынуын периодонттың жедел қабынуынан ажырату мүмкін емес. Сондықтан осы аурулардың ұқсас симптомдарын және клиникалық өзгешеліктерін атаңыз?
Тақырыпты меңгергенін тексеру.
