Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Периодонттың анатомиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

«Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі

Өткізілу орны – оқу бөлмесі

Ұзақтылығы – 45 минут

Қатысушылар:

  1. науқас

  2. емдеуші дәрігер

  3. дәрігер-рентгенолог

  4. дәрігер-лаборант

  5. бөлім меңгерушісі

  6. тұжырымдаушы

Қатысушылардың негізгі тапсырмалары:

  1. науқастың:

  • периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысындағы клиникалық көрінісін келтіру;

  • емдеуші дәрігер көрсеткен көмектің сапасы мен көлеміне байланысты, сырқаттың объективті және субъективті адекватты ағымына ақпарат беру;

  • дәрігердің іс әрекеті қате болған жағдайда, бөлім меңгерушісіне шағымдануына құқылы.

  1. емдеуші дәрігердің:

  • науқасты қарап тексеріп, алғашқы нақтамасын қою;

  • қажетіне байланысты, ойынға дәрігер-лаборантты және дәрігер-рентгенологты шақыру;

  • ұқсас көрінісі бар сырқаттармен салыстырмалы нақтамалау жүргізу;

  • соңғы нақтамасын қою.

  1. дәрігер-рентгенологтың:

  • берілген рентген суреттерінің ішінен периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысындағы кезінде периодонт саңылауында болатын өзгерістерге сай келетін рентген суретін таңдап алу, емдеуші дәрігерге рентген суреті бойынша сипаттама жасау.

  1. дәрігер-лаборанттың:

  • берілген лабораторлы сараптамалардың ішінен, емдеуші дәрігерге периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысындағы нақтамалауға қажетті сараптамаларды беру.

  1. бөлім меңгерушісінің:

  • науқасты қарап тексеру, салыстырмалы нақтамалау жүргізу және периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысындағы сырқатын нақтамалау кезінде, емдеуші дәрігердің, дәрігер-лаборанттың, дәрігер-рентгенологтың іс әрекетіне сараптама жүргізу.

  1. тұжырымдаушының:

  • ойынның барысын қадағалау, басты рөлдердегі ойыншылардың сұрақтарын және берілген жауаптарын мұқият тыңдау. Әр қайсысына берілген түзетулерді карточкаларға тіркеу.

«Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі

Өткізілу орны – оқу бөлмесі

Ұзақтылығы – 45 минут

Қатысушылар:

  1. науқас

  2. емдеуші дәрігер

  3. дәрігер-рентгенолог

  4. дәрігер-лаборант

  5. бөлім меңгерушісі

  6. тұжырымдаушы

Қатысушылардың негізгі тапсырмалары:

  1. науқастың:

  • периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысындағы клиникалық көрінісін келтіру;

  • емдеуші дәрігер көрсеткен көмектің сапасы мен көлеміне байланысты, сырқаттың объективті және субъективті адекватты ағымына ақпарат беру;

  • дәрігердің іс әрекеті қате болған жағдайда, бөлім меңгерушісіне шағымдануына құқылы.

  1. емдеуші дәрігердің:

  • науқасты қарап тексеріп, алғашқы нақтамын қою;

  • қажетіне байланысты, ойынға дәрігер-лаборантты және дәрігер-рентгенологты шақыру;

  • ұқсас көрінісі бар сырқаттармен салыстырмалы нақтамалау жүргізу;

  • соңғы нақтамасын қою.

  1. дәрігер-рентгенологтың:

  • берілген рентген суреттерінің ішінен, периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде периодонт саңылауында болатын өзгерістерге сай келетін рентген суретін таңдап алу, емдеуші дәрігерге рентген суреті бойынша сипаттама жасау.

  1. дәрігер-лаборанттың:

  • берілген лабораторлы сараптамалардың ішінен, емдеуші дәрігерге периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысындағы нақтамалауға қажетті сараптамаларды беру.

  1. бөлім меңгерушісінің:

  • науқасты қарап тексеру, салыстырмалы нақтамалау жүргізу және периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысындағы сырқатын нақтамалау кезінде, емдеуші дәрігердің, дәрігер-лаборанттың, дәрігер-рентгенологтың іс әрекетіне сараптама жүргізу.

  1. тұжырымдаушының:

  • ойынның барысын қадағалау, басты рөлдердегі ойыншылардың сұрақтарын және берілген жауаптарын мұқият тыңдау. Әр қайсысына берілген түзетілерді карточкаларға тіркеу.