Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроб емтихан.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

9 Тістің бляшкасы және тістің шапқыны, Гликанов биосинтезінің ролі

Тістік дақ- бұл тістін беткейінде орналасқан органикалық заттардың матрикстегі бактериялардың жинақталуы. Орналасуы бойынша иек қалтасының ұстінде және астында орналасатын дақтарды ажыратады. Біріншісі кариес дамуына, екіншісі - пародонт ауруларының пайда болуына әкеледі.

Тіс беткейінде дақтар тісті тазартқаннан 1-2 сағаттан кейін пайда бола бастайды. Сілекей құрамындағы гликопротеиндердің қышқыл топтары тіс эмалінің кальңий иондарымен, ал сілтілі топтары гидроксиапатиттердің фосфатгарымен әрекеттеседі. Нәтижесінде тіс беткейі пелликула деп аталатын қабық- пен жабылады, бұл органикалық заттектердің матриксі болып табылады. Пелликулаға микроорганизмдер жабысып дақтың бактериялық матриксін тұзеді. Бастапқы сатысында микроб жасушалары тістің шұнқырларында жиналады, көбейіп барып тістің бұкіл беткейіне тарайды. Алғашқыда адгезия (жабысу) ұрдісі тез арада өтеді - 5 мин ішінде 1 см2 -дегі бактериялар саны 103деңгейден 105-106 деңгейіне дейін өседі. Кейін адгезия жылдамдығы төмендейді де келесі 8 сағаттың ішінде тұрақталады. Осы кезеңінде адгезиямен кобеюіне көбінесе қатысатындар стрептококтар (S mutans,S salivarius,S SANGUIS ж.б.). 1-2 кұннен кейін жабысқан бактериялардың саны 107-108 дейің өседі. Ауыздық стрептококтарға вейлонел- лалар, коринебактериялар, актиномиңетер қосылады. Аса молшерде көбейген аэробты және факультативтік анаэробты микрофлора тіршілік ету нәтижесінде осы аймақта т отығу-тотықсыздану потенциалдың томендеуне әкеліп, қатаң анаэробтардың - фузиформды бактериялардьтң өсіп кобеюіне жағдай туғызады. Ұстінгі және астынғы жақта орналасқан тіс дақтарының микрофлорасы ерекшеленеді. Ұстінгі жақта стрептококтар, лактобактериялар, актиномицеттер байқалса, астынғы жақта вейлонеллалар, фузобактериялар, актиномицеттер анықталады. Бұл айырмашылықтар рН-тың жағдайымен байланысты.

Тіс арасында және фиссуралар ұстінде көптеген жағдайда грам-оң коктар мен таяқшалар тіршлік етеді, анаэробтар кездеспейді. Осы жерлерде дақтар дамудың бастапқы сатысында колонизациялану тез арада жұреді де бактериялар саны бірінші кұні шегіне жетеді, ал кейіннен ол бір децгейде тұрақталады.

Қолайлы факторлар. Тіс дақтардың пайда болуы адамның жеген тамағына, оның мөлшеріне, оның құрамындағы көмірсулардың, әсіресе сахарозаның ұлесіне тығыз байланысты болады. Ауыз қуысына тұскен сахарозаны ауыздық стрептококтар мен лактобактериялар белсенді ыдыратады, ыдырату нәтижесінде сұт қышқылы көп мөлшерде жиналады.

Тістің бетіне бактериялардың жабысуы оте жылдам жұреді. Өз бетімен тістің меншікті эмаліне жабыса алмайтын микроб жасушалары жабысқан бактериялардың ұстіне қонып, «жасуша жасушаға» байланысты тұзеді. Жіпше тәрізді бактериялардын ұстіне жасуша айналасы бойынша коктардын жабысуы «жұғері собығына» ұқсас қабықша пайда болуына әкеледі. Біріккен микробтар ассоциацияларының болуы ауыз қуысының әр-жеріндеғі аймақтарында тіршілік ететін микробтардың тұр арасында синерғисттік және антағонисттік қатынасын тудыра алатын биолоғиялық ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы ауыз стрептококтардың және лактобактериялардың метаболизмі нәтижесінде тұзілген сұт қышқылы вейлонеллалармен қуат козі ретінде пайдаланылады, ол ортаның рН жоғарылауына әкеліп, сонымен бірге тіс жиегіне қарсы әсер көрсетуі мұмкін. Коринебактериялар көптеген басқа бактериялардың осуіне қажетті К витаминін тұзеді, ал ашытқы тәріздес Сапdida саңырауқұлақтары лактобактериялардың осуіне қажетті витаминдерді өндіреді. Лактобактериялар зат алмасу барысында сұт қышқылды тұзеді, ол ортаны қышқылдайды, нәтижесінде ашытқылардың адгезиялануы және дақылдануы тежеледі, ол көптеген микроорганизмдерге қажетті витаминдердің мөлшерін азайтып олардың осіп-кобеюін тоқтатуға әкеледі.