Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроб емтихан.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆
  1. Дұрыс пішінді грам оң таяқшалары(лактобактериялар).

Грам оң бактериялар жасуша қабырғасы бір қалыпты құрылған, иілгіш қабатта жұқа және регидты қабатпен ковалентті байланысқан. Грам теріс бактерияларға қарағанда қалың 20-60нм.

Лактобактериялар- сүт қышқылын түзу арқылы көмірсуларды ыдырататын грам оң қимылдамайтын спора түзбейтін, анаэробты лактобациллаларды біріктіретін Lactobacillaceae тұқымының бактериялары. Олар жасайтын қышқыл орта ішек биоценозының және адам организмінің басқа қалыпты микрофлорасының 85-95%- ын құрайтын бифидобактериялары дамуына ықпал етеді.

Қалыпты метаболизм барысында лактобактериялар сүт қышқылын түзу, лизоцим өндіру, плантарицин, лаптацидин,лаптолин сияқты антибиотиктерді өндіретін қабілеті бар. Лактобактериялар ақуыздар, майлар және күрделі көмірсулар ыдырау процесіне, өт қышқылдарының метаболизміне, сондай-ақ К және В тобының витаминдері синтезіне қатысады. Лактобактериялар көптеген жағдайда тізбектеліп орналасады. Қозғалмайды. Өсу температурасының шекарасы 5-53 C, ең қолайлысы 30-40 С. Қышқылға төзімді, қолайлы PH -5,5-5,8.

  1. Пішіні дұрыс емес грам оң таяқшалары және жіп тәрізді бұтақталған бактериялар.

Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасы жұқа 14-18нм. Ерекшелігі регидты қабаты жұқа, пептигликанның 1-2 қабатынан тұрады. Бұлжерде әрқашан диаминоциелин қышқылы бар. Жасуша қабырғасының құрамында көп липопротеині фосфолипидті, фосфоқантты және көп ақуыз бар, тейхой қышқылы болмайды. Жасуша қабырғасының пламтикалық қабаты: липопротеин, липополисахарид және сыртқы мембранадан тұратын күрделі құрылым құрайды.

  1. Спирохеттер және спираль тәрізді бактериялар.

Морфологиясы. Спирохеталар (sріrа - иірім, сhаіtе- шаш) иірімделген, нәзік, қозғалғыш бактериялар. Спирохета денесі протоплазматикалық цилиндрді қоршайтын көп қабатты сыртқы жасушалық қабықшадан . Протоплазматикалық цилиндр цитоплазмалық мембранамен қоршалған цитоплазманы құрайды. плазмалық цилиндрдің айналасында, жасуша қабығының тереңінде қозғалатқыш аппарат орналасады, ол периплазматикалық талшықтардан (фибриллалардан - эндоталшықтар) құрылған. Фибриллалар қабықша мен протоплазматикалық цилиндр арасында орналасады. Фибриллалардың бір ұшы иазмалық цилиндрдың полюсына, блефаропластқа тіркелген, ал келесі ұшы бос. Жасушаның екі ен саны бірдей фибриллалар шығады. Бір жасушада периплазматикалық фибриллалардың саны спирохета түріне байланысты 2-100 дейін болады. Лептоспираларда бұл эндоталшықтар қабықшаға бекіп, жіпшені қүрайды. Периплазматикалық фибриллалар спирохеталардың қозғалғыш аппараты болып келеді (өз өсінде айналу, иілу, жылжу). Олар талшықты бақтерияларға қолайсыз қоймалжың ортада қозғалуға қабілетті. Капсулалары мен споралары болмайды, бірақ циста тәрізді құрылым түзуге қабілетті. Спирохеталар-Грам теріс. Дифференциалды бояу тәсілі - Романовский-Гимзе әдісі. Осы бояу әдісімен асық ерекшелігін ажыратуға болады. Күмістендіру әдісімен де бояуға болады.

Спирохеталардың арасында суда, топырақта өз бетінше тіршілік ететін, және де әр түрлі жануарлармен ассоцияцияланған жағдайда болатын түрлері кездеседі. Адам патологиясында туыстастық маңызды: трепонема, боррелия, лептоспира. Трепонемалар - мерез, фрамбезия, пинта, беджель; боррелиалар - эпидемиялық, биттік, аргастық кенелік беррелиоздар, иксод кенелік боррелиоздар, қайталама сүзек; лептоспиралар - лептоспироз, брахиспироз ауруларын қоздырады.