Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Халықарал. эк. 2015.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Саясат және процедура.

  • Жұмыс көрсетiлген мерзiмдерде тапсырылуы керек. Емтихандық сессияның басына дейiн барлық тапсырмаларды өткiзудiң ақырғы мерзiмi 3 күн. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер, емтихан тапсыруға рұқсат етiлмейдi.

  • Әрбiр жіберген оқу жұмысы үшін тақырыпты қайталау және пысықтау жұмыспен өтеуi міндетті. Оқу материалын игерудiң дәрежесi тестеумен тексередi.

  • Үйге берген сабақты және СӨЖ тапсырмасын белгiленген мерзiмде, орындамау жағдайында қорытынды баға төмендейдi.

  • Барлық аудиториялық жұмыстарға қатысуы міндетті. Егер сабақты белгісіз жағдайларға байланысты босатса, онда оқытушының белгiлi бiр белгіленген уақыттарына сәйкес жұмыспен өтеледi, және де дәрiстердiң тақырыбына сәйкес әрбiр жіберілген жұмысына 5 қосымша есептер тапсырылады.

8. Соөж бен сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Ұсынылып отырған курстың мақсаты студенттерді ерекшеліктерімен таныстыру, белгілі бір теориялық түсініктерін ашу және кәсіпорын экономикасына қажетті студенттердің тәжірибелік білімін бекіту болып табылады.

Студенттердің өзіндік жұмыс істеуінің қорытындысын шығару үшін әр тақырып бойынша студенттердің білімін бағалау ережесі әзірленген, мысалы:

Үй жұмысы -5 балл

Кейс - 3 балл

Таныстыру рәсімі- 2 балл

Мына талаптарды орындаған жұмыстарға жоғары баға қойылады:

Тақырып жеткілікті толық, дәлелді ашылған;

Материалды және басқада тақырып көздерін жақсы білуі расталған, оларды пайдалана білуі, өзінің ойларын негіздей білуі, сондай ақ қорытынды және жинақтау жасай білуі; қисындылығы мен тізбектілігі; мазмқнына сәйкестілігі;

Орта баға қойудың критерийі:

Тұтастай алғанда, тақырып дұрыс ашылған, бірақ бір жақты немесе жеткілікті толық емес; тақырыптан ауытқу жіберілген немесе ойын тізбекті жеткізудің болмауы.

Жұмысқа төмен баға мына жағдайда қойылады:

Тақырып үстірт ашылған, тақырыптан ауытқу жіберілген, ойын жеткізуде қисын мен тізбектемелік елеулі бұзылған.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзінді жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

Студенттің №1тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

          1. Халықаралық экономика теориясының мәні неде?

          2. Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы қандай?

          3. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі

          4. Әлемдік нарықтың және әлемдік шаруашылықтың туындауы

          5. Сатылатын және сатылмайтын тауарларды атаңыздар.

          6. Елдің сыртқы саудасына сипаттама беріңіздер.

          7. Халықаралық сауда : түсінігі, даму қарқындары?

Студенттің №2 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

            1. Халықаралық сауда теорияларының тарихи эволюциясы?

            2. Меркантилистік теорияның негізгі идеялары.

            3. А.Смиттің абсолюттік артықшылықтар моделі

            4. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясының дамуы.

            5. Альтернативтік баға түсінігі

            6. Дж.Ст.Милльдің халықаралық баға теориясы дегеніміз?

            7. Салыстырмалы бағаның қалыптасуы дегеніміз не?

            8. Елдердің мамандануы

Студенттің №3 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1.Халықаралық сауда теорияларының тарихи эволюциясы;

2.Меркантилистік теорияның негізгі идеялары;

3.Альтернативтік баға түсінігі

4.Салыстырмалы бағаның қалыптасуын үйрену.

Тапсырма 1: Арика және Бритика мемлекеттері тек екі тауар – қант пен болат өндіреді деп қарастырайық. Шығындар көлемі төмендегі таблицада көрсетілген. Ал шекті орын басу шығыны өндіріс көлемі қандай болса да өзгеріссіз қалады.

А) Арика болат өндірісінде абсолютті артықшылыққа ие бола ала ма?

Б) Бритика қант өндірісінде салыстырмалы артықшылыққа (басымдылыққа) ие бола ала ма?

В) Еркін сауда жағдайында Арика және Бритика мемлекеттері қандай тауарларды экспорттайды және импорттайды?

Г) Еркін сауда жағдайында Арика және Бритика мемлекеттерінің арасында қандай шамада әлемдік баға ара қатынасы белгілену керек?

Студенттің №4 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1.Халықаралық сауда теориясындағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың мәнісі

2.Ф.Эджуорт пен Г.Хэберлердің халықаралық сауда теориясына қосқан үлесі.

3.Стандартты модельдің негізгі белгілері

4. Айырбастан түсетін ұтыс және маманданудан түсетін ұтыс

5. Жалпы тепе – теңдік моделі, өзара сұраныс дегеніміз?

6. Сауда шарттары: түсінігі, өлшемі

7. Кіші және үлкен ел арасындағы сауда

Студенттің №5 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1. Тапсырма 1: Шымкенттегі автомобильді шина шығару кәсіпорны масштабты эффектісін қолданады – олардың шығарылуының өсуі әрбіреуінің өндірісіне шығындарды азайтады.

А)Егер фирманың тұрақты шығыны – 20доллар, шекті шығыны 2 доллар 1 шина үшін болса, егер шина сатылу дәрежесі 5-тен 10-ға,20-ға, 40-қа дейін өссе бұл орташа шығындар көрсеткішіне әсері қандай?

Б) Орташа шығындар үлкен өндіріс көлемінде шекті шығындардан төмен болуы мүмкін бе?

В) Орташа шығындар мен саладағы фирмалар санының арасында қарым-қатынас қандай?

Студенттің №6 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

Тапсырма 1. Монополиялық бәсеке жағдайында фирма токарлы станоктар шығарады. Тұрақты шығындар – Ғ= 120000000 доллар, шекті шығындар – С= 8000 доллар, өзгермелі сұранысы – b= 1/40000, ішкі рынокта фирма S=600000 станок жылына сатады.

А) Қисық орташа шығындардың параметрлерін С анықтаңдар және орташа бағаны анықтау қажет.

Б) Шамамен қанша фирма станок станок өндіретін болады және бір станоктың бағасы қандай болады?

В) Қазіргі фирмалар саны мен 1 станок бағасының арасындағы ара қатынас ұзақ уақытты жоспарда сақталып қала ма?

Студенттің №7 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1.Сауда саясатының сипаты.

2.Халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері.

3.Кедендік траифтің анықтамалары.

4.Баж салығы және оның функциялары.

5.Тауарлардың кедендік құны. Кедендік эскалация. Тарифт

6.Лицензиялау және лицензиялардың нақты формалары.

7.Субсидиялар және олардың түрлері. Демпинг және оның формалары

8.Экспорттық несиелеу.

Студенттің №8 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1. Тікелей және портфельді инвестициялар түсінігі

2.Халықаралық корпорациялардың тікелей шет елдік инвестициялаудың дамуындағы жетекші ролі.

3. Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы.

4.Уақытаралық сауда түсінігі

5. Халықаралық несиелеудің көлемі

6. Халықаралық несиелеудің құрылымы

Студенттің №9 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

Тапсырма 1: Бразилия тоннасына 20 доллар мөлшерінде қант экспортына тариф шығарды. Таблицада берілген мәліметтер бойынша келесілерді анықтаңдар:

Қанттың әлемдік бағасы

Тарифсіз

300 дол.-1 тоннаға

Тарифпен

300дол.-1 тоннаға

Ішкі пайдалану көлемі

6 млн т

6 млн т

Ішкі өндіріс көлемі

22 млн т

20 млн т

А) Бразильдік тұтынушылардың тарифтен ұтысы

Б) Бразильдік өндірушілердің тарифтен жоғалтуы

В) Мемлекеттік бюджетке тарифтен түсім көлемі

Г) Қант экспортына баж салығын шығару Бразилия ұлттық тұрмысына әсері.

Студенттің №10 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1. Технологияның халықтық қозғалысы.

2.Лицензиялар саудасы және түрлері.

3.Ауылды шағын индустриаландыру тиімділігін жоғарылатудағы және тұрақтандырудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.

Студенттің №11 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1.Экономикалық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары қандай?

2.Интеграцияны бағалаудың принциптері.

3.Интеграцияның динамикалық және статистикалық тиімділігі.

4.Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық қалыптасуы және даму кезеңдері.

5.ТМД және Еуразиялық экономикалық қауымдастық

Студенттің №12 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1.Халықаралық экономиканың валюталық – қаржылық жүйесі.

2.Валюта түсінігі және оның түрлері.

3.Валютаның конвертациялығы.

4.Алтын стандарт. Генуя конференциясы. Алтындевиздік стандарт. 5.Бреттон – Вудс конференциясы. Ямайка конференциясы. Қалқымалы валюта бағамдар жүйесі.

6.Қазіргі кездегі әлемдік валюта жүйесі.

7.Евроны енгізу және оның Еуропалық Одаққа мүше елдерге және әлемдік экономикаға тигізетін салдары.

Студенттің №13 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

Тапсырма 1:Екі мемлекетті қарастырайық – Арика және Бритика. Екі мемлекеттей еңбек рыногы келесі мемлекеттермен сипатталады. Арикада еңбек сұраныс функциясы DL=120-3W, ал еңбек ұсыныс функциясы SL=60+3W. Мұндағы W- 1 сағ доллармен есептелгендегі жалақы. Бритикада DL=120-3W,SL=40+5W.

А) Екі мемлекетте жұмыс істейтіндер көлемі (млн адам) мен тепе теңдік жалақы деңгейі (дол/сағ) қанша?

Б) Еңбек күшінің потенциалды миграция бағыты қандай?

В) Екі мемлекетте де эмиграция мен иммиграцияға барлық шектеулер алынып тасталды деп алайық. Эмиграция мемлекетінде жұмыс күшінің қозғалысы нәтижесінде тепе-тең сағаттық жалақы ставкасы 1 долларға өсті. Осы мемлекетте эмиграция көлемі қандай?

Г) Қабылдау мемлекетінде жаңа тепе-тең жалақы деңгейі қандай?

Студенттің №14 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1.Халықаралық қаржы нарығының құрылымы қандай?

2.Валюталардың халықаралық нарығы дегеніміз?

3.Валюталық нарықтың қатысушылары, функциялары, түрлері. 4.Халықаралық саудадағы валюталық тәуекелдіктер.

5.Несиелік нарықтың құрылымы. Меншік титулдарының халықаралық нарығы.

6.Акциялар нарығының құрылымы.

7.Дериваттардың халықаралық нарығы және оның құрылымы. 8.Биржалардағы сауда. Биржадан тыс сауда.

Студенттің №15 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:

1.Сауда балансы және тауарлар мен қызметтер балансы.

2.Ағымдағы трансферттер.

3.Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты. 4.Төлем балансы шоттарының өзара байланысы.

5.Төлем балансының микроэкономикалық ролі.

6.Экономикалық саясат және төлем балансы.

7.Төлем балансын реттеудің негізгі әдістері.