- •Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •Оқу жұмыс бағдарламасы Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •Пән сипаттамасы
- •Пән мазмұны
- •3.Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2. Силлабус
- •Пән сипаттамасы
- •3. Дәрістемелік сабақтардың тақырыптары мен оның мазмұны
- •2.Пән мазмұны
- •4. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және олардың мазмұны
- •5.Студенттің жеке өзіндік жұмысы және соөж-ң мазмұны
- •6.Негізгі және қосымша әдебиет: Негізгі әдебиет:
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигі
- •4. Пәннің оқу әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •5. Дәрістемелік материалдар
- •6. Машықтану сабақтарының жоспары
- •7. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Саясат және процедура.
- •8. Соөж бен сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •10 Аралық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары
9. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Халықаралық экономика және оның құрылымы
Халықаралық экономиканың құрылуы
Әлемдік шаруашылық және халықаралық өндіріс факторының қозғалысы
Халықаралық экономикадағы сұраныс және ұсыныс
Өндіріс факторларының халықаралық бөлінуі
Әлемдік нарық және тауардың халықаралық қозғалысы
Меркантилистік теориясы
Абсолютті артықшылықтар теориясы
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
Өндіріс факторы қатынастырының теориясы
Өндіріс факторларына бағаны теңестіру
Өндіріс факторы қатынасының теориясын тестілеу
Леонтьев парадоксы
Сауда шарттары
Экспорт және импорт икемділігі
Табысқа халықаралық сауданың әсері
Саудадан түскен табысты үлестіру
Әлемдік баға мен сауда көлемін анықтау
Халықаралық сауда қатынастарының даму тенденциясы және бүгінгі таңдағы жағдайы
Қазақстанның сыртқы саудасы: динамикасы және құрылымы
Өндіріс факторларының теориясы
Масштаб эффектісі және жетілмеген сауда
Тауардың өмірлік циклының теориясы
Халықаралық сауда теориясы
Монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда
Халықаралық сауданың ішкі салалық теориясы
Халықаралық сауданың сұраныс теориясы
Халықаралық сауда саясатының типтері.
Либералдық және протекционистік саясат
Кеден тарифтері және пошлиналар
Тарифтердің экономикалық әсері
Үлкен мемлекет экономикасына тарифтің әсері
Шағын мемлекет экономикасына тарифтің әсері
Тарифтік саясаттың спецификалық жағдайлары
Тарифтің пайдасына және оған қарсы аргументтер
Сандық шекетулер
Реттеудің қаржылық әдісі. Экспорттық субсидиялар
Демпинг және антидемпингтік шаралар
Компенсациялық пошлиналар
Сандық шекетулер
10 Аралық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары
1. Мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынасына мақсатты түрде әсер етуі қандай саясатқа жатады?
а) ішкі сауда саясаты
б) еркін сауда саясаты
в) экспорттық саясат
г) сыртқы сауда саясаты
д) импорттық саясат
2. Кедендік баждың түрі:
а) импорттық, экспорттық, транзиттік
б) жалпы, импорттық, экспорттық
в) жалпы, жеке, автоматты
г) импорттық, жалпы, жеке
д) жалпы, автоматты, экспортты
3. Халықаралық миграция дегеніміз:
а) жұмысшы күшінің кетуі
б) жұмысшы күшінің келуі
в) тұрақты жерін өзгерту немесе оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы
г) шетел инвестициясын пайдалануы
д) өз елінде қоныс аударуы
4. Жұмысшы күшінің жаппай ауысуы қай ғасырда болды?
а) XIX ғ. 1 жартысында
б) XIX ғ. 2 жартысында
в) XX ғ. 1 жартысында
г) XXI ғ. 1 жартысында
д) XX ғ. 2 жартысында
5. Қайтарымдылық, жеделділік немесе пайыздық төлеу шарты бойынша валюталық немесе тауар ресурстарының берілуі қалай аталады?
а) коммерциялық несие
б) байланысқан несие
в) жекеше несие
г) халықаралық несие
д) қаржылық несие
6. Ғылыми ізденістерді, технологиялық құрал – жабдықтарды қажет ететін салалардың дамуы, олардың халықаралық айырбасының өсуі қандай теорияның қалыптасуына жол ашты?
а) альтернативтік теория
б) жаңа технологиялық бағыттар теориясы
в) сала ішілік сауда теориясы
г) ұқсастықты қалау теориясы
д) тауардың өмірлік циклі теориясы
7. Артық қаржысы бар субъекттің басқаға несие беру тәсілі:
а) делдалдар арқылы қаржыландыру тәсілі
б) қаржы институттары арқылы қаржыландыру
в) тікелей қаржыландыру тәсілі
г) жанама қаржыландыру тәсілі
д) артықшылықты қаржыландыру тәсілі
8. Технологиялардың берілуі саласындағы іс - әрекеттердің халықаралық кодексін әзірлеу қажеттілігі туралы шешім БҰҰ – ның Бас Ассамблеясында қай жылы қабылданды?
а) 1947жылы
б) 1948 жылы
в) 1949 жылы
г) 1950 жылы
д) 1957 жылы
9. Европалық Одақ құрамына 1950 – 1970 жылдары қандай елдер қабылданды?
а) Ұлыбритания, Дания, Ирландия
б) Франция, Германия, Дания
в) Ұлыбритания, Бельгия, Италия
г) Италия, Франиция, Дания
д) Португалия, ГФР, Ресей
10. Әр мемлекетке өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білу үшін оларға қандай мағлұматтар қажет?
а) кезеңдік статистикалық мәлімет
б) қаржылық топтама
в) баланс көрсеткіші
г) халық саны туралы мәлімет
д) әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет
11. Импорттық квотаның мақсаты:
а) сыртқы бәсеке қаупін жою
б) шикізатты жергілікті жерде өндіруді ынталандыру
в) тауарды шетке шығаруды қысқарту
г) әскери – саяси мақсаттарды қамтамасыз ету
д) экспорт көлемін қадағалау
12. Импорттың көлеміне сандық шектеу бұл:
а) экспорт
б) лицензия
в) кеден бажы
г) импорт
д) квота
13. 1960 – шы жылдардағы жұмысшы күшін тартудың халықаралық орталығы қай ел?
а) Батыс Европа
б) Шығыс Европа
в) Латын Америка
г) Австралия
д) Шығыс Азия
14. АҚШ – қа төмен және орта дәрежелі жұмысшы күшінің өте көп келуі қай елден?
а) Мексика
б) Нидерланды
в) Корея
г) Египет
д) Австралия
15. Нақты бір объектіні сату кезінде берілген несие түрі:
а) қаржылық несие
б) инвестициялық несие
в) валюталық несие
г) тауарлық несие
д) коммерциялық несие
16. Ұлттар неліктен сауда жасайды деген сұраққа жауап берген американдық зерттеушілер:
а) Киндельберг пен Уэлстер
б) Монкретьен пен Мэн
в) Лентьев пен Вернон
г) Робок пен Симмондс
д) Линдер мен Робок
17. Қаржы нарығының мол мүмкіншілігін пайдалануды талап ететін әдіс:
а) нарықты жоспарлау
б) шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу
в) шаруашылықты бақылау
г) меншік капиталын құру
д) мақсатты жоспарлау әдісі
18. Ғылыми – техникалық білімдер саудасы бойынша жасалынатын операциялар мазмұны коммерциялық негізде шетелдік сатып алуға тәжірибелік құндылығы жоғары ғылыми – техникалық қызмет нәтижелерін беру операциялары қалай аталады?
а) халықаралық айырбас
б) саудалық айырбас
в) жергілікті айырбас
г) республикалық деңгейдегі айырбас
д) дұрыс жауабы жоқ
19. Европалық Одақтың тоқырау кезеңі қай жылдарды қамтиды?
а) 1950 - 1970 жылдардың басы
б) 1980 – 1990 жылдардың басы
в) 1970 – 1990 жылдардың ортасы
г) 1950 – 1960 жылдардың аяғы
д) 1970 – 1980 жылдардың ортасы
20. Дәстүрлі ақша қызметінің дүние жүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асырылатын экономикалық қатынастардың жиынтығы - бұл:
а) валюта курсы
б) валюталық қатынастар
в) алтын монеталық стандарт
г) халықаралық экономикалық интеграция
д) еңбек ресурстары
21. Нақты фирмаға әкелуге рұқсат етілген тауардың көлемі, жеткізілетін уақыты, атауы көрсетіліп берілетін лицензия түрі:
а) жалпы
б) жеке
в) автоматты
г) жалпы және жеке
д) автоматты және жеке
22. Қай әдісте лицензиялар мемлекет тарапынан ерекше жеңілдіктер алған фирмаға беріледі:
а) ашық конкурс әдісі
б) басты артықшылық беру әдісі
в) шығындар әдісі
г) сырттай әдіс
д) ағылшындық әдіс
23. Жұмысшы күшінің миграциясына қандай факторлар әсер етеді?
а) экономикалық және экономикалық емес
б) ішкі және сыртқы
в) саяси
г) коммерциялық және коммерциялық емес
д) діни
24. 90 – шы жылдардың ортасында тек Сауд Арабиясындағы өндірістің түрлі сферасында қанша млн - ға жуық мигранттар жұмыс істеді?
а) 9 млн
б) 8 млн
в) 6 млн
г) 4 млн
д) 2 млн
25. Тауар сатып алу, инвестициялар, қаржылық операцияларды жүргізу, сыртқы қарыздарды жою қандай несие түріне жатады?
а) инвестициялық
б) үкіметтік
в) қаржылық
г) тауарлық
д) саяси
26. Өндіріс көлемінің өсуі→ішкі нарық→артықшылық→сыртқы нарықа шығу процесі қандай теорияға негізделген?
а) сала ішілік сауда теориясы
б) тауардың өмірлік циклі теориясы
в) ұқсастықты қалау теориясы
г) ауқым нәтижесі теориясы
д) технологиялық үзіліс теориясы
27. Қаржы активтерімен оны айналымға түсіретін ұйымдық түрінің органикалық бірлігі қалай аталады?
а) елдердің қор нарығы
б) елдердің бір – бірімен қатынасы
в) елдердің қаржы жүйесі
г) елдердің валюта нарығы
д) елдердің шаруашылық субъектілері
28. Сатып алу объектісі болып табылатын әрі ғылым мен зерттеу процесінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру, өткізу және пайдалануда қолданылатын тәжірибенің барлығы қандай түсінікті қамтиды?
а) оферта
б) арбитраж
в) преамбула
г) Ноу – Хау
д) монополизация
29. Европалық Одаққа 1986 жылы қандай елдер қосылды?
а) Испания, Португалия
б) Германия, Франция
в) Италия, Люксембург
г) Португалия, Франция
д) Испания, Италия
30. Дүние жүзілік шаруашылық шеңберіндегі қатынастарды ұйымдастыру формасы қалай аталады?
а) валюталық қатынастар
б) халықаралық бағалы қағаздар жүйесі
в) коммерциялық несие
г) халықаралық валюталық жүйе
д) халықаралық қор жүйесі
«Халықаралық экономика» курсы бойынша
2 – ші аралық бақылау тесттері
4 – нұсқа
1. Экспорттық квотаның мақсаты:
а) шикізатты шетке шығаруды ынталандыруды қысқарту
б) экспортты азайту
в) әскери – саяси мақсаттарды қамтамасыз ету
г) ішкі нарықта тауар бағасының өсуіне экспорттың әсерін қадағалау
д) барлығы да дұрыс
2. Кеден бажының жинақталған тізімі қалай аталады?
а) кеден тарифі
б) транзиттік кеден бажы
в) экспорттық кеден бажы
г) импорттық кеден бажы
д) сандық шектеу
3. Иммиграция дегеніміз:
а) жұмысшы күшінің кетуі
б) жұмысшы күшінің сырттан келуі
в) тұрақты жерін өзгерту немесе оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы
г) шетел инвестициясын пайдалануы
д) өз елінде қоныс аударуы
4. 200 мыңға жақын шетелдік қызметкерлері бар жұмысшы тартудың орталығы қай елде?
а) Батыс Европа
б) Шығыс Европа
в) Латын Америкасы
г) Австралия
д) Шығыс Азия
5. Халықаралық несие мақсатты пайдалануына байланысты қандай бөлінеді?
а) тауарлық және валюталық
б) жеке және үкіметтік
в) байланысқан және қаржылық
г) халықаралық және жеке
д) валюталық және халықаралық
6. Тауардың өмір циклі теориясын ойлап тапқан ғалымдар:
а) Вернон, Киндельберг, Уэльстер
б) Монкретьен, Мэн, Уэльстер
в) Робок, Симондс, Вернон
г) Стефан Линдер
д) Давид Рекардо
7. Қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарудың мақсаты:
а) бюджет тапшылығын толтыру мақсатында
б) жетіспеушілік жағдайы болғанда
в) қаржы міндеттемелерін орнату мақсатында
г) бюджетті артық қаржымен толтыру мақсатында
д) бағалы қағаздар нарықта азайғанда
8. Европалық Одаққа Греция қай жылы мүше болды?
а) 1987 жылы
б) 1981 жылы
в) 1986 жылы
г) 1984 жылы
д) 1951 жылы
9. Валюталық жүйе 1944 жылы қай елдің халықаралық конференциясында бекітілді?
а) Генуя
б) Париж
в) Бреттон – Вудс
г) Ямайка
д) Италия
10. Валютаның алтын мөлшеріне сайкес арақатынасы қалай аталады?
а) паритет
б) лицензия
в) квота
г) форвард
д) девальвация
