- •Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •Оқу жұмыс бағдарламасы Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •Пән сипаттамасы
- •Пән мазмұны
- •3.Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2. Силлабус
- •Пән сипаттамасы
- •3. Дәрістемелік сабақтардың тақырыптары мен оның мазмұны
- •2.Пән мазмұны
- •4. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және олардың мазмұны
- •5.Студенттің жеке өзіндік жұмысы және соөж-ң мазмұны
- •6.Негізгі және қосымша әдебиет: Негізгі әдебиет:
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигі
- •4. Пәннің оқу әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •5. Дәрістемелік материалдар
- •6. Машықтану сабақтарының жоспары
- •7. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Саясат және процедура.
- •8. Соөж бен сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •10 Аралық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары
4. Пәннің оқу әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
№ |
Автор |
Атауы |
Баспа |
саны |
1 |
Мананов Б.Б., Модақұлова Ғ.М. |
Халықаралық экономикалық статистика: Оқу құралы. |
Алматы : Экономика , 2004 |
30 |
2 |
Мананов Б.Б., Модақұлова Ғ.М. |
Халықаралық статистика: Оқу құралы. |
Алматы : Экономика , 2004 |
1 |
3 |
Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин |
Экономика. Әлемдік классика. 10 томдық.6 Том: Неолиберализм және әлеуметтік-рыноктық экономика. . Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин |
Алматы : Таймас , 2005 |
1 |
4 |
Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин |
Экономика. Әлемдік классика. 10 томдық.9 Том: Мемлекеттік сектор, халықаралық бәсеке және менеджмент теориясы. . Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин |
Алматы : Таймас , 2006 |
1 |
5. Дәрістемелік материалдар
Тақырып 1. Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы
Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.
Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:
1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;
2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;
3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;
4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;
5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;
6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.
Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.
Халықаралық экономика (international economics) — тауарлармен халықаралық алмасу, өндіріс факторлары қозғалысы және халықаралық экономикалық саясатты қаржыландыру және қалыптастыру облысындағы әртүрлі мемлекеттік тиістіліктегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтің, нарықтық экономика теориясының бөлігі.
1.2 Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы. Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономика да осы қағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі – мемлекет болып табылады.
Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, Халықаралық экономика мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. «Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік анықтамада» «Халықаралық экономика халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» - деп жазылған. Ал басқа басылымда «Халықаралық экономика (дүниежүзілік шаруашылықбайланыстары) - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі» - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді. Бірақ та терминологиялық айырмашылықтар бірден көзге түседі: «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Дүниежүзілік шаруашлылық байланыстары», «Бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар» және тағы басқаларының да мәні бір – ХЭ – болуы, ұлттық мемлекеттердің болуымен тікелей байланысты.
Оған көңіл бөліп отырған себебіміз, пайдаланылатын көптеген әдебиеттерде «бүкіл әлемдік қатынастар» термині көп кездеседі. Оның пайда болуының себебі - әлем ондаған жылдар бойы әуелі кеңес, одан кейін социалистік ғылыми әдебиеттерде дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің екі системасы ретінде қарастырылып келді. Бұл системаларда қарама-қарсы экономикалық қатынастар жүйесі әрекет еткенімен, олардың арасындағы қатынастар жүргізіліп отырды. Сондықтан алғашқыларын соңғыларын айыру үшін «социализмнің немесе каптализмнің халықаралық экономикалық қатынастары» терминінің орнына «бүкіл әлемдік қатынастар» термині пайда болды.
Халықаралық экономика мазмұны ешқандай қиыншылықтар туғызбаса да, осы қатынастар теориясы күрделі мәселе болып табылады. Болып жатқан ағымды жағдайлардың теориялық көрінісінберу оңай емес. Бірақ мұнда әлемдегі экономикалық мектептердің бағыттары тарихи, сонымен қатар логикалық жағынан алғанда әр алуан болуына байланысты қосымша қиындықтар туып отыр.
«ХЭ теориясы жалпы саяси экономия теориясы негізінде пайда болып дамыды да, соңғысының шеңберінде арнайы ғылыми іздену саласын құрды. ХЭ арнайы теориясының зерттеу пәні жалпы саяси экономия теориясының пәнімен бірдей» - деп жазылған отандық алғашқы оқулықтардың бірінде. «Халықаралық экономика теориясының зерттеу пәні саяси экономия теориясының пәнімен бірдей: ол адамдар арасында өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылықтың, сонымен бірге халықаралық қатынастардың ерекшелігі – таптар арасындағы қарым-қатынас мемлекет шекарасы арқылы іске асырылып, халықаралық экономикалық қатынастар түрінде көрінуі» - дейді басқа бір белгілі басылымда.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым жасауға болады. Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктердің зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономия теориясы шеңберінде дамыды.
Бұл өзгешеліктерді талдауды мақсат етпегендіктен, біз бұл жұмыста экономикалық жүйе деп адамдардың материалдық және рухани ресурстарды пайдаланып, тауарлар мен қызмет көрсетулерді белгілі бір ұйымық құрылымдарда өндіру арқылы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-әрекетін түсінеміз. Әрине бұл жүйе өте күрделі екені түсінікті. Өйткені оның құрамында ресурстық, теъникалық, технологиялық, ұйымдық, құқықтық және тағы басқадай компоненттері болып, олар әрқайсысы өз кезегінде жеке ғылым немесе экономикалық ғылымның жеке тармағы бола алады. Сондықтан біз әлемдік экономика дегеніміз де, оны ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйе деп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы, пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар.Осының бәрі де ХЭ түсінік аппаратында өз көрінісін табады.
Халықаралық экономиканың шартты құрылымын келесі түрде көрсетуге болады.
Негізгі түсініктер және қағидалар;
Мемлекеттердің экономикалық саясаты;
Халықаралық қатынастардың нақты формалары
Халықаралық реттеу және бақылау.
Функционалды халықаралық экономика халықаралық микроэкономикаға және халықаралық макроэкономикаға бөлінеді.
Халықаралық микроэкономика (international microeconomics) — нақты тауарлардың және олардың өндіріс факторларының елдер арасындағы қозғалысының заңдылықтарынжәне де олардың нарықтық сипаттамаларын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.
Халықаралық макроэкономика (international macroeconomics) — ашық ұлттық экономикалародың және әлемдік шаруашылықтың қаржылық нарықтарды глобализациялау жағдайында қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.
Халықаралық экономика құрылымы 1 суретте көрсетілген.
Халықаралық экономика құрылымы
Халықаралық реттеу және бақылау |
Экономикалық |
Қаржылық |
|||||||||||||||
Халықаралық ұйымдар |
|||||||||||||||||
Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары |
Тауарлармен |
Қызметтермен |
Капитал |
Жұмыс күші |
Технология |
Валютамен |
Құнды қағаздармен |
Дериваттар-мен |
Несиелермен |
Есеп айырысу |
|||||||
Халықаралық сауда |
Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы |
Валюталық және банктік реттеу |
|||||||||||||||
Мемлекет-тік реттеу |
Сыртқы сауданы реттеу |
Өндіріс факторларының қозғалысын реттеу |
Валюталық және банктік реттеу |
||||||||||||||
Микроэкономикалық саясат |
Макроэкономикалық саясат |
||||||||||||||||
Негізгі түсініктер |
Әлем шаруашылығы |
||||||||||||||||
|
|
|
Әлемдік нарық |
|
|||||||||||||
|
|
|
Халықаралық еңбек бөлінісі |
|
|
||||||||||||
1.3 Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тауарларға деген жалпыланған әлемдік бағаға тәуелді ұлттық және халықаралық масштабта барлық тауарлардың жиынтық өндірісінің көлемдерін сипаттайтын, абстракты шамалар ретінде кең қолданылады.
Жиынтық сұраныс (aggregate demand, AD) —елдің нақты сатып алушылық қабілетінің көрсеткіші. Жиынтық сұраныс ел ішінен және сырттан қойылуы мүмкін: ел ішінде – тұтынушылар және жергілікті инвесторлар жағынан, ал сырттан – шетелдіктер жағынан.
Жиынтық ұсыныс (aggregate supply, AS) — өндірушілер бағаның қолда бар деңгейі кезінде нарыққа ұсына алатын тауарлар көлемі. Жиынтық ұсыныс сондайақ ел ішінен және сырттан қамтамасыз етілуі мүмкін.
Графикалық түрде ол жеке тауарға деген жиынтық сұраныс пен ұсынысқа ұқсас. Халықаралық экономикада жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың объектісі тауар болып табылады. Тауарлар сатылатын және сатылмайтын болады. Сатылатын тауарлар (tradable goods) — әртүрлі елдер арасында қозғалысқа түсе алатын тауарлар. Стылмайтын тауарлар (nontradab-le goods) — өндірілетін елде ғана тұтынылатын тауарлар, бірақ басқа елдерге сатылмайды.
1.4 Халықаралық сауда. Әлем нарығы (world market) — халықаралық еңбек бөлінісіне және өндірістің басқада факторларына негізделген, елдер арасындағы тұрақты тауарлы-ақша қатынастарының сферасы.
Әлемдік нарық келесі негізгі белгілермен сипатталады:
Ол өз өнімін өткізу мақсатында ұлттық шектен шыққан, тауарлы өндіріс категориясы;
Ол сыртқы және ішкі сұраныс және ұсыныс әсеріндегі тауарлардың мемлекет аралық қозғалысында көрініс табады.
Ол өндіріс факторларын пайдалануды оптимизациялайды.
әлемдік нарықта айырбас фазасында тұрған тауарлар жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың орташаланған параметрлерін көрсете отырып, ақпараттық функцияны атқарады. Осы арқылы әр бір қатысушы өзінің өндірісінің шамасын бағалайды.
Халықаралық сауда - қалыптасқан мемлекеттік ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айырбасы. Қазіргі кезде халықаралық саудаға тауарлар айырбасымен қатар: ғылыми-техникалық ой-пікір жетістіктерінің лицензияларымен және ноу-хаумен халықаралық сауда жасау нысанындағы халықаралық айырбас, күрделі құрылыс объектілерімен, индирингілік және сабағаттық қызметтермен сауда жасау, халықаралық лизинг, т.б. кіреді. Халықаралық сауда тауарлардың екі ағымынан тұрады – экспорт және импорт.
Тақырып 2. Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантелизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантелизм ХV ғасыр соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантелистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүрді деп есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:
Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тиым салынады.
Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шетел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртықы рыноктарда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.
Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып, еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Меркантелистер пікірі бойынша байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбәр ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрады: өндірістік сектор, ауылшаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудаген экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылады.
Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағаланғандықтан, сыртқы сауда меркантилистер мектебінің ойыншағ, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін мынадай шаралар жүргізу керек:
оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;
сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;
шикізаттың шығарылуына тиым салу немесе оны шектеу және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелуіне рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру;
отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тиым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға тиым салу арқылы метрополияға шикізат жеткізушілеріне айналдыру.
Меркантелистер халыаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркателистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы иөлем балансына сипаттама берді. Меркантелистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар дбайлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртық саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.
Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана емес, сатып алуда тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауғы тырысты. Әдебиетте оның тәсілі абсолютті артықшылықтар (absolute advantage) принципі деп аталды. А.Смит тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.
А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет:
шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.
шарт. Бұл елдерде тек тауар өндіріледі
шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.
шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді).
шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.
шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.
шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем тиімділігі).
шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.
шарт. Екі елмен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
Кесте 1.
Абсолютті артықшылықтар моделін қарастырайық
|
Мемлекет А |
Мемлекет В |
Тауар S |
3 сағат |
12 сағат |
Тарар Т |
6 сағат |
4 сағат |
1 кестеде нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі S тауар бірлігін шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А еліне қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін, және А елінің S тауарын шығаруда абсолютті артықшыллықа ие болады. Егерде А елі Т тауарының өндірісін қысқартып, S тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі керісінше S тауар өндірісін қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықаралық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі негізінде сауда орнын алады. (кесте 1)
Кесте 2
|
Мемлекет А |
Мемлекет В |
Бүкіл әлем |
Тауар S |
+2 дана |
-1 дана |
+1 дана |
Тауар Т |
-1 дана |
+3 дана |
+2 дана |
Бұл жағдайда егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған 6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының 2 данасын шығаруға пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3 қосымша данасын шығаруға болады.
Жалпы алғанда қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S тауарының әлемдік өндірісі бір данаға, ал Т тауарының өндірісі екі данаға ұлғаяды.
XVIII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып, А.Смиттің осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды Англияда емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит табиғи артықшылықтарымен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.
Кесте 3
|
Мемлекет А |
Мемлекет В |
Тауар S |
3 сағат |
12 сағат |
Тауар Т |
6 сағат |
4 сағат |
А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған жағдайды қарастырмайды (таб 2.3). Оны өзінің «Саяси экономия бастамасы мен салық салу» (1819) еңбегінде Давид Рекардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparafive advantage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар) бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары кесте 4 келтіріпген.
Кесте 4
-
Англия
Португалия
п/мата
100 жұмыскер/жыл
90 жұмыскер/жыл
п шарап
120 жұмыскер/жыл
жұмыскер/жыл
Кесте 4 таблицасынан көріп отырғанымыздай, Англиядан (п) матаның белгілі мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (т) Португалдық шараптың бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімідерді өндіруге 90 және 80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау тиімді. Д.Рикардоның пікірінше Ю.О ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.
Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға қарағанда 67 % (80/120 хЮО ) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне - 90% (90/ 100x100). Сондықтан Португалия үшін шарапты, Англия үшін матаны өндіру мен экспорттау тиімді болып табылады.
Д.Рикардо өз моделінде өндірілетін тауарлар (шарап пен мата) мөлшерін өзгеріссіз алып, оларды өндіруге кететін жұмыс уақыты шығындар айырмашылығын қарастырады. XX ғасырда бұл тәсіл альтернативті шығындар (немесе орнын басу шығындары) ұғымы негізінде өзгешеленеді.
Бұл талдауға тағы бір шартты енгізейік:
10 шарт. Әрбір елдегі технологиялар мен факторлар саны өзгеріссіз.
Енді салыстырмалы басымдылық принципін осы тұрғыдан қарастырып көрейік. Д.Рикардо мысалындағы кейбір бастапқы шарттарын қолданайық: екі ел ( Англия, Португалия) және екі тауар (шарап пен мата) бар. Англиядағы 1м2 матаны өндіру үшін 100 сағат жұмыс уақыты, ал 1 л шарапқа - 120 сағат қажет дейік. Англия осы жылы 220 сағат жалпы жұмыс сағатына ие болсын. Сөйтіп Англияда 2200 м. мата (220 мың сағ/100 с), немесе 1833 л шарап (220 мың с/120 с) немесе екі тауарлар осы шектердегі кез келген арақатынасында өндірілуі мүмкін.
П
ортугалияда
жалпы жұмыс сағатының мөлшері 170 мың
сағатқа тең. 1м2
матаны өндіруге - 90 сағат, ал 1 л шарапқа
- 80 сағат қажет. Сөйтіп Португалияда
1899 мата ( 170 мың с/90с) немесе 2125 л шарап
(170 мың с/80 с), немесе екі тауар осы
шектеріндегі кез келген арақатынасында
өндірілуі мүмкін.
Сурет 1. Өндірістік мүмкіндік шекаралар Англия мен Португалия өндірістік мүмкіндік шекаралары көрсетілген.
Англияда 1м2 мата 4/5 литр шарап көлемінде тұрса, Португалияда ол 6/5 л шарапқа тең. Бұл салыстырмалы бағалар Англия мен Португалия арасында сауда жоқ деп есептелгендіктен, автаркиялық деп аталады. Егер де транспорт шығындарын қарастырмай, екі ел арасындағы саудада ешбір кедергі жоқ болса, Англия өзінде салыстырмалы бағасы төмен матаны Португалияға сатып, Португалия өзінде салыстырмалы бағасы төмен шарапты Англияға сатады.
Осындай сауда, екі жабық рыноктардағы әр түрлі бағалардың орнына бірдей әлемдік баға орнауына әкеледі. Мысалы, 1м мата 4/5 пен 6/5 литр шарап арасында әлемдік баға қалыптасады. Мысалға оны 5/5 немесе 1 деп алайық. Осы баға бойынша мата Англияда да, Португалияда да сатылады. Енді Англияда шарап өндірушілерінің пайдасы төмендеп, мата өндірушілерінің пайдасы жоғарылайды. Осының нәтижесінде шарап өндірісі қысқарып, мата өндірісі ұлғаяды. Португалияда жағдай керісінше дамиды.. Осының бәрі Англияның матаға, ал Португалияның шарапты өндіруі мен экспорттауға мамандануына әкеледі.
Сөйтіп, еркін сауда әр елдің өндірісінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарлардың дамуы мен өндірістің мамандануына және бүкіл әлемде тауар өндірісі көлемінің ұлғаюына әкеледі. Бұл орын басу шығындарының (орроrtunity costs) тұрақты болуын немесе бір тауар өндірісін ұлғайту үшін басқа тауардың бір бөлігінен бас тарту мөлшерінің өндірістік шығындарын керсетеді. Біздің мысалымызда Англияда 1м матаны өндіру үшін 4/5 л шараптан, ал Португалияда мата өндірісінің жалпы көлеміне қарамастан 6/5 л шараптан бас тарту қажет. Мысалға Португалияда матаны өндіруде бірінші квадрат метрі ме, 1899-шы метр ме бәрібір қосымша 1м2 матаны өндіру 6/5 л шарапқа тең болады.
Бұл жағдай шындықтан алыс болғандықтан, талдауымызға енді пайдаланбаймыз. Шындығында, орнын басу шығындарының тұрақты жағдайында, әр ел өзі ие салыстырмалы артықшылықты тауар өндірісіне маманданса, сыртқы сауда да пайдасын максималды ұлғайта алады. Бірақ шын өмірде ол бола бермейді. Барлық елдер өздерінің тұтынуы үшін тауардың бір бөлігін өндіріп, бір бөлігін шеттен әкеледі.
1991 жылы американ экономисі М.Портер "Елдердің бәсекелестік артықшылықтары" атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуде халықаралық сауданың мәселелері өте тиянақты карастырылды. Осы тәсілдің бір алғышарты: "халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі елдің атқаратын ролін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып және қалай нығайтатынын түсіну қажет". Сыртқы рыноктағы табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.
Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы.
М.Портер бойынша бәсекелестіктің негізгі бірлігі сала, яғни тауар өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін бір топ бәсекелестер болып табылады. Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың ұқсас негіздері бар өнімдер шығарылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік стратегияны тандауына екі басты жағдай әсер етеді:
1. Фирманың іс-әрекеті бәсекелестік ерекшеліктері бар. Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге бес түрлі фактор (М-Портер бойынша күштер) әсер етеді.
жаңа бәсекелестерінің пайда болуы.
орнын баса алатын тауар немесе қызметтің пайда болуы.
жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі.
сатып алушылардың саудаласу мүмкіндігі
бар бәсекелестердің арасындағы жарыс (бақталас)
Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға, фирма шығындарына, капитал болуына және т.б. жағдайларына әсер етеді.
Әрбір саланың өз құрылымы болады. Мысалға фармацевтикалық өнеркәсіпте жаңа бәсекелестердің пайда болуы өте сирек, ал ішкі бәсеке баға негізін де емес, ғылыми зерттеулер, жаңа дәрі шығару сияқты факторларға байланысты. Жоғары бағалар тұтынушыларды қорқытпайды, ал жеткізушілер оларға қатты әсерін тигізбейді. Орнын баса алатын тиімді өнімді жасау өте қиын және оған көп уақыт қажет болады.
2.Фирманың салада алатын позициялары (орны). Фирманың саладағы позициясы ең алдымен иеленетін артықшылығымен анықталады. Фирма тұрақты бәсекелестік артықшылықка ие болса, өз қарсыластарынан озады. Ол үшін:
Төменірек шығындар. Бәсекелестеріне қарағанда ұқсас тауарды жасау, өндіру мен сатудағы фирмалық аз шығындармен жүзеге асыра алатын мүмкіндігі.
Тауарлар дифференциациясы (бөлшектеу). Фирманың тауардың жоғарырақ сапасы, немесе ерекше тұтыну қасиеттері немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетудің кең мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі. Бәсекелестік артықшылық бәсекелестерге қарағанда жоғары өнімділікті береді.
Фирманың сала ішіндегі позициясына әсер ететін тағы бір манызды фактор - бәсекелесу сферасы немесе фирманың сала шекараларында бағытталған мақсаттар ауқымы.
Фирма өзі үшін, қанша түрлі тауарды шығару, сатудың қай каналдарын пайдалану, қай тұтынушыларға қызмет көрсету, әлемнің қай аймақтарында өз өнімін сату мен қандай ұқсас салаларда бәсекелесу қажеттігін шешуі керек.
Салалар бөлектенген, сондықтан, фирма бәсеке сферасын таңдау барысында ауқымды бағытта ма, рыноктың бір бөлігіне ғана нысаналап бәсекелесетінін шешуі қажет.
Сурет 2 фирманың сала ішінде позицияларын анықтауда пайдаланатын негізгі типтік стратегиялар көрсетілген.
-
Бәсекелестік артықшылық
Төмен шығындар
Дифференциация
Бәсекелесу аумағы
Кең нысана
Шығындарды үнемдеу есебінен үздік шығу
Дифференциация
Тар нысана
Шығындарға барлық көңілді бөлу
Диффернциация
Сурет 2.Стратегия типтері
Типтік стратегиялар концепциясының мәні болып, әр стратегия бәсекелестік артықшылыққа негізделген, сондықтан фирма қолда бар артықшылыққа байланысты өз стратегиясын таңдауы керек.
Бәсекелестік артықшылыққа фирма өз іс-әрекетінің жекелеген түрлерін ұйымдастыру мен орындау негізінде қол жеткізеді. Осының нәтижесінде сатып алушылар үшін белгілі бір құндылықтар жасалады. Түпкілікті құндылық фирма ұсынған тауар мен қызметі үшін тұтынушының қанша ақша төлеуге дайын болуына байланысты. Әрине, қажетті іс-әрекеттер шығынынан жоғары болғаны дұрыс. Бәсекелестік артықшылыққа жету үшін, сатып алушыларға бәсекелестердегі құндылығы бар тауарларды ұсынып, бірақ оны төменірек шығындарымен өндіру (аз шығындар стратегиясы) қажет немесе сатып алушыларға жоғары баға алуға болатын жоғары құндылықты тауар ұсыну дифференциация (бөлшектеу) стратегиясы.
Фирма құндылықтарының тізбегі - бір іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі басқа іс-әрекетті түрлерінің тиімділігі немесе құнына әсер етуінен пайда болған байланыстар негізіндегі іс-әрекет түрлерінің жүйесі. Осы байланыстарды басқару бәсекелестік артықшылықтардың шешуші негізі болуы мүмкін.
Фирмалар өз саласында бәсекелесудің жаңа түрлерін тауып, онымен рынокқа шықса бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізеді.
Бәсекелестік артықшылыққа жетудің жаңа түрлерінің пайда болу себептеріне:
жаңа технологиялар (Германиядағы рентген аппаратурасының өндірісі);
сатып алушылардың жаңа немесе өзгерген сұранысы (тез тамақтанудың американ компаниялары);
. саланың жаңа бөліктерінің (сегменті) пайда болуы (Жапонияда көп мақсатты, аз көлемді автокөтергіштер өндірісі);
өндіріс құны немесе компоненттерінің өзгеруі (елдердегі еңбек күші құны қатынасының өзгеруі);
мемлекеттік деңгейдегі реттеу (стандарттар, қоршаған ортаны қорғау, сауда шектеулері, т.б. сияқты).
Халықаралық бәсеке ерекшеліктері
Жоғарыда бәсеке мен бәсеке стратегиясы туралы айтылғанның бәрі сыртқы және ішкі рынокқа бірдей дәрежеде қолданылуы мүмкін. Соған қарамастан, халықаралық бәсекенің ерешеліктері бар.
М.Портер бәсеке ерекшеліктеріне қарай екі сала түрлерін өзгешеледі.
• көп түрлі ұлттық (multido mestic) салалар. Халықаралық ауқымда ондай сала ұлттық салалар жиынтығы болады да және елде бәсеке әр түрлі өтуімен сипатталады.
Бәсекенің бір стратегиясын мұндай салаларда жүргізу мүмкін емес.. Мысалға жинақ банктер саласын келтіруге болады;
• глобалды салалар, ол әлем бойынша бір бәсекелесу аймағы болуымен ерекшеленеді. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние жүзінде пайдалану мумкіндігі туады. Осы салаларда көптеген елдерде сатылуға арналған бір тәсілді қалыптастыратын және пайдаланылатын глобалды стратегия қажет. Көп ұлтты компания- лардың өмір сүруі глобалды стратегиясы барын көрсетпейді, өйт- кені көп түрлі ұлттық салаларда көп ұлы компаниялар филиалдары жеке дара жұмыс істейді. М.Портер глобалды стратегияда бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі жолын көрсетеді.
1. Іс-әрекет конфигурациясы. елдің ерекшеліктерін пайдалану үшін іс-әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады.
Бір елде өндірістік іс-әрекеттің түрлерін шоғырландыру кезінде, тауар экспорты арқылы сыртқы рынокқа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы рынокқа шығу жүзеге асырылады.
Іс-әрекет түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей критерийлер бойынша таңдалады:
факторлардың минималды құны;
ГЗТКЖ (НИОКР) өткізу үшін қажетті жағдайлардың болуы;
маманданған дағдыларға қол жеткізу мүмкіндігі;
сатып алушылармен қатынастардың даму дәрежесі т.б. 2. Филиалдар іс-әрекетін үйлестіру, оған кіретіндер:
(информация) ақпаратпен алмасу;
жауапкершілікті бөлу.
Үйлестірудің (координация) өзі бәкеселестік артықшылық болып табылады, өйткені ол әр түрлі жерде алынған білім мен тәжірибе жинақталуына әсер етеді. Соның арқасында фирмалар рыноктағы өзгеріске тез жауап қайтаруына мүмкіндік алады.
Бәсекелестік артықшылық детерминанттары.
Бәсеке ретінде тепе-теңдік емес, тұрақты болатын өзгерістер түсініледі. Әрбір сала тұрақты түрде жаңарып, жетіле бергендіктен, осы процесті ынталандыруда тұрғылықты мемлекет маңызды орын алады. Тұрғылықты мемлекет (страна базирования) - бұл қажетті дағдылы еңбек күші бар, негізгі технология, өнім, стратегия әзірленетін ел.
М.Портер жергілікті фирмалар бәсекелесетін және оның халықаралық табысына әсер ететін ортаны қалыптастыруда мемлекеттің 4-қасиетін көрсетеді.
Фирмалар
стратегндсы,
оньш күрьсшмы
мен бәсекелсстіп
Сурет 3. Елдің бәсөкөлестік артықшылығының детерминанттары
Бұл детерминанттар, әрқайсысы бөлек және бәрі бірге жүйе ретіндө осы елдің фирмаларының пайда болып, іс-әрекет ететін ортасын қалыптастырады.
Елдердің қандай да бір салада табысқа жетуі осы елдердегі ортаның серпінді түрде дамуына тікелей байланысты, сонымен к.атар ол фирмалардың алдына күрделі міндеттер қоя отырып, колда бар бәсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалануға және жаңа артықшылықтар іздеуге мәжбүр етеді. Елдер ұлттық "ромб" өзара күшейетін, яғни әрбір детерминант басқаларына әсер ететін салаларда немесе олардың бөліктерінде (сегмент) табысқа жету мүмкіншілігіне ие.
Жоғары бәсекелестік қабілетіне жету үшін ішкі рыноктағы күшті бақталастық өте маңызды орын алады.
Үкіметтің орны (ролі)
Ұлттық артықшылықты қалыптастырудағы үкіметтің ролі төрт детерминантқа әсер етуінде:
факторлар параметріне - субсидия, капитал рыногына қатыс- ты саясат, тағы сол сияқтылар арқылы;
сұраныс параметріне - әр түрлі стандарт қою мен мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жолымен;
туыстас салалар мен жабдықтаушы салалардың даму жағ- дайына - жарнама құралдарына бақылау орнату мен инфра- құрылым дамуын реттеу;
Фирмалар құрылымы, бақталастығы мен стратегияларына - өзінің салық салу саясаты, монополияға қарсы заңы, инвестицияны реттеу мен бағалы қағаздар рыногындағы іс-әрекеттер және т.б. арқылы.
Осы барлық төрт детерминант кері әсер беруі мүмкін. Үкіметтің орны да оң немесе теріс болуы мүмкін.
Тақырып 3. Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы
Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамсы. XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары - экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХғ. 20-жылдары ортасында экономист-неоклассиктер - швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.
Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, рынок, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас. Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы, бұрынғыдай, тек к,ана 2 елдің (1 ел және 2 ел) және тек қана 2 таңардың (бірі -еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді), бір емес екі өндіріс факторының (еңбек - L капитал К) өмір сүруінен пайда болады. Одан кейін әрбір ел түрлі дәрежеде өндіріс факторларына ие болды. Еңбек теориясы бұл жерде жоққа шығарылмайды, қайта құнды қалыптастыруға еңбектен басқа да өндірістің факторлары қатысады деген оймен толықтырылады. Елдердің бір тауарға мамандануы мүмкін емес және елдердің технологиялары бірдей деп алынған. Сөйтіп, өндіріс факторларының арақатынасы теориясының маңызды шарттары болып жекелеген тауарлардың түрлі фактор интенсивтілігі ( бір тауар - еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді) және фактор толықтылығы ( бір елде салыстырмалы түрде капитал көп, екіншісінде - аз) енді.
Факторинтенсивтілік дегеніміз - белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі факторлардың салыстырмалы шығындары.
Егерде белгілі бір тауардың бір данасын өндіруге екінші тауарға қарағанда капитал көбірек жұмсалатын болса, бірінші тауар капитал сыйымды болып саналады.
Фактортолықтылыққа - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады.
Фактортолықтылық екі әдіспен анықталады: әрбір фактордың салыстырмалы бағасы және өндіріс факторларының абсолютті көрсеткіші. 2-і ел капиталмен салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген, өйткені онда капитал бағасы мен еңбек бағасының арақатынасы 1-і елге қарағанда төмен, яғни 2-і елде 1-і елге Қарағанда капитал арзанырақ болды.
Әдетте, капиталдың бағасы - пайыз қойылымы, ал еңбектің бағасы - жалақы болып саналады, Әңгіме, факторинтенсивтілігіндегідей, өндірістің абсолютті емес, салыстырмалы көрсеткіштері туралы болып отыр,
Егер фактортолықтылықты өндіріс факторларының абсолютті көлемі арқылы анықтасақ, онда 2-і елдегі капиталдың (Т) жалпы көлемінің жұмыс күшінің жалпы көлеміне қатынасы 1-і елдегіге қарағанда жоғары болатын жағдайда, 2-і ел капиталға бай болып есептеледі.
Фактортолықтылықтың бірінші анықтамасы рынок тепе-теңдігінің екі жағы - ұсыныс пен сұранысты есепке ала жасалған, өйткені, анықтама ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі нәтижесі болатын өндіріс факторларының бағасы арқылы беріледі. Өндіріс факторларының бағасы оларды түрлі елде пайдалану мүмкіндігінің дәрежесін анықтап, оның технологиялық даму деңгейін көрсетеді. Екінші анықтама тек ұсынысты есептеп, сұранысқа көңіл бөлмейді. Ал сұраныс бұл жерде өте маңызды, өйткені дайын өнімге деген сұранысқа байланысты оларды өндіруге қажетті өндіріс факторларына сұранысты шығаруға болады.
Сөйтіп, айтылып жатқан тәсілге сәйкес, 2-і елдің капиталы көп, ал 2-і тауар капиталды көп қажет ететін болғандықтан, 2-і ел 1-і елге қарағанда 2-і тауарды салыстырмалы түрде көп шығара алады. Ал 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен, 1-і ел 2-і елге қарағанда 1-і тауарды көбірек шығара алады. Сондықтан екі елдің 1-і және 2-і тауар бойынша өндірістік мүмкіндіктер шекарасы графигі 1 суретінде көрсетілген. Графиктен көріп отырғанымыздай, 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен өндірістік мүмкіндіктер шекарасы 1-і тауар көлденең осьқа жақын орналасады. Бұл жағдай осы 2-і ел мен 2-і тауар үшін де әділ болады. 2-і тауардың өндірістік мүмкіндіктер шекарасы тік осіне жақын орналасады.
3.2 Хекшер- Олин моделі. Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.
Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды.
Жоғарыда көрсетілген арақатынастарға сүйеніп, 1-і ел салыстырмалы түрде еңбекті көп қажет ететін 1 -і тауарды өндіреді және экспорттайды, ал 2-і ел капитал молдығына байланысты көп капиталды қажет ететін 2-і тауарды өндіріп, экспорттайды.
Сөйтіп, Хекшер-Олин теориясы классикалық салыстырмалы артықшылықтар теориясынан бір қадам алға басты. Ол сауданың салыстырмалы артықшылықтарға негізделгенін мойындап қана коймай, оның себебі - елдердің өндірістік факторлармен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігінен екенін анықтады. Тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.
Теореманы көрсету мен дәлелдеу үшін графиктерге зер салайық ( 2 сурет, а,б). Жасалған шарттарға сәйкес теорема екі елде де тұтынушылар талғамы бірдей немесе ұқсас деп алынды.
Сурет 2. Хекшер-Олин
Бірақ теорияда әрбір ел тұтынушылар талғамы қатты ерекшеленіп, талғаусыздық қисықтары ешқашан жанаспайтын жағдай болуы мүмкін. Ол кезде Хекшер-Олин теоремасы іске аспайды. Ол екі елдегі тұтынушылар талғамы абсолютті бірдей болып, бір талғаусыздық қисығына жатуын талап етпейді. Ол тек бұл талғамдардың қатты өзгешеленбей бір-бірінен толық оңашаланып, өзара саудаға ынтасы жойылып қалмауын болжамдайды. Сонда да тұтынушылар талғамы екі елде бірдей болып, тұтынушыға бірдей пайдалылық деңгейін қамтамасыз ететін екі тауардың талғаусыздық қисығын анықтайтын арақатынасы екі елге де бірдей болады деп болжам жасайық (2 сурет).
Ол 1-і елдің А нүктесінде, 2-і елдің А' нүктесінде өндірістік мүмкіндік қисығымен шектеседі. Сөйтіп I талғаусыздық қисығы және А, А' нүктелері әрбір елдің сауда жоқ кезіңдегі максималды мүмкін өндіріс пен тұтыну көлемдерін көрсетеді. Ал жанама тік сызықтар 1-і және 2-і елдегі 1-і, 2-і тауардың салыстырмалы бағаларын анықтайды, өйткені, графиктен көріп отырғанымыздай, Р Р' болып, 1-і ел 1-і тауарды өндіруде екінші ел 2-і тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады.
Сауданы дамыту барысында, еңбек күші мол 1-і ел еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарға, ал капиталы мол 2-і ел - капиталды көп қажет ететін 2-і тауарға маманданады. (2.3 сурет). Бұл жерде өндіру мен тұтыну көлемдерін көрсететін нүктелер, 1-і елде А дан В-ға, 2-і елде А' дан В'-ға жылжиды. Елдердің мамандануы елдер салыстырмалы әлемдік баға Р-ның жалпы деңгейіне жеткенге дейін жүреді. Салыстырмалы әлемдік баға Р екі елдің сауда жүргенге дейінгі ішкі салыстрмалы бағалары арасында орналасады Р<Рw<Р'. График жүзінде ол екі елдің өндірістік мүмкіндіктер шекараларына және жаңа талғаусыздық қысығы П жанама болады да, ол талғаусыздық қисығы 1-ші жоғары тұрған тұтынудың жалпы өсуін көрсетеді. 1-і ел 1-і тауарды ВС көлемінде экспорттап, СЕ көлемінде 2-і елдің 2-і тауарын импорттайды да, ұсыныс пен сұраныстың теңдігі Б нүктесінде болады. 2-і ел В'С көлемінде 2-і тауарды экспорттап, С'Е' көлемінде 1-і елдің 1-і тауарын импорттап, Е нүктесінде ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігіне келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, 1-і елдің 1-і тауардың экспорты 2-і ел импортымен теңеседі.
Е нүктесі А нүктесімен салыстырғанда "өзінің" 1-і тауарды азырақ, ал "бөтен" 2-і тауарды көбірек тұтынуды көрсеткенге қарамастан, сауда нәтижесінде оның жаңа талғаусыздық қисығы жоғары көтеріліп, тұтынудың ұлғайғанын көрсетеді. Сондай жағдай екінші елде де қалыптасады. Екі ел де саудадан пайда тапты. Өйткені талғамсыздық қисықтары (П) графикте жоғары кетеріледі.
Сөйтіп өндіріс факторларының салыстырмалы құндылығындағы айырмашылық, сауда жоқ жағдайдағы салыстырмалы бағаларындағы айырмашылықтын себебі болады. Ол өз кезегінде сыртқы сауданың алғышарты болады. Сыртқы сауда басталысымен мемлекет өндіру үшін салыстырмалы мол өндіріс факторлы факторинтенсивті тауарларды экспорттап, өндіріс факторлы салыстырмалы жетіспеушілігі бар тауарларды импорттайды. Еңбек күші мол 1-і елдің еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарды экспорттауы мен капиталы мол 2-і елдің капиталды көп қажет ететін 2-і тауарды импорттауы нәтижесінде екі ел де екі тауардың тұтынуының жоғарылауын қамтамасыз етті.
Осы тұтынудың өсуі екі елде де мол өндіріс факторлар иелеріне бағытталып, саудадан пайда алуына әкелді. Ал жетіспейтін факторлар иелері өз елдерінде ұтылысқа ие болды.
3.3 Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі. Сауда нәтижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденциясы байқалады. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауарды өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы өзгере ме? Егер сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі капиталды көп қажет ететін тауар бағасы өзгерсе, капитал бағасы қалай өзгереді?
Бұл сұраққа американ экономисі Пол Самуэльсон жауап берді. Хекшер-Олин теоремасының алғышарттарының дәлдігінен шыққан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады.
Өндіріс факторларына бағалардың тенестірілу теоремасы (Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы) - халықаралық сауда саудаласатын елдердегі өндірістің гомогенді факторларына абсолютті және салыстырмалы бағалардың теңестірілуіне алып келеді.
Қарапайым сөзбен айтқанда, сауда нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларының теңестірілуі тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларының теңестірілуіне әкеледі. Капитал гомогендігі дегеніміз - капиталдың бірдей өнімділігімен, қатерлігімен, тәуекелдігімен сипатталып, ал еңбек гомогендігі - еңбектің бірдей дайындық, білім және өнімділік Деңгейімен сипатталады. Берілген теореманың әділдігі Хекшер-Олин берілген шарттарын толық ұстануды қажет етеді.
Сөйтіп, сауда нәтижесінде, жалақысы темен болған 1-і елде ол жоғарылайды, ал жалақысы жоғары болған 2-і елде ол төмендейді. Соған сәйкес салыстырмалы пайыздың қойылымы жоғары болған 1-і елде ол төмендейді, 2-і елде ол жоғарлайды. Сондыктан елдер арасында факторлар бағасының айырмашылығы қысқарады. Халықаралық тауарлар саудасы өзінің өндіріс фактор құнына кері әсерімен бағалардың теңелуінің орнын басады. Ол өндіріс факторлар ауысуы нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін еді, бірақ жасалған шарттарға сәйкес өндіріс факторлары ауыса алмайды. Теория жүзінде халықаралық сауда өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларындағы айырмашылық болғанға дейін дами береді. Егер де елдер арасында салыстырмалы бағалар үйлескен болса, өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары да үйлестірілген болады.
Хекшер-Олин-Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зерттеуді 1953 жылы американдық орыс Василий Леоньтев жариялады.
Леонтьев Хекшер-Олин теориясының шарттары іс жүзінде сақталмайтындығын көрсетті. Екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол, басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған, сондықтан теорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттауы керек еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев құны 1 млн. доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсекелесетін жергілікті тауарларды өндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Ол тек автомобиль сияқты дайын өніммен шектелмей, аралық өнімдерге (болат.әйнек, резина) де сәйкес есептеулерді жүргізді. Одан кейін АҚШ-ң 1947 жылғы экспорт құрылымың пайдаланып, 1 млн. долларға тең экспорт тауарларын өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. АҚШ-та өндірілмейтін тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді.
Іс жүзінде ол бір американдық импортты (К/L)im өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасын, бір американдық экспорт (К/L)х өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасымен салыстырды. Осы "Леонтьев статистикасы" деп аталған арақатынасқа сәйкес, егер (К/L)im/(К/L)х<1 мемлекет капиталы мол болып, орындалса саналады. Мемлекет (К/L)im/(К/L)х>1 орындалса еңбек күші мол болып саналады.
Леонтьев, Хекшер-Олин теориясына сәйкес американдық экспорттық тауарлар импорттың орнын басатын американдық тауарларға карағанда, бір жұмысшыға көп капиталды қажет ететіндігін көрсетеді деп күткен еді. Алынған нәтиже оған қарама-қарсы болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 % асып түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емесі екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші мол ел екенін көрсетті. Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді.
Екінші дүниежүзілік соғыс статистикалық мәліметтерге көп бұрмалау енгізді деп есептеп, Леонтьев 1951 жылдың деректері бойынша есептеулерін қайта жүргізді. Нәтижесінде американдық импорт экспортпен салыстырғанда тағы да 6% капиталды көп қажет ететіндігі шықты. Леоньтевтің ізбасарлары бәрін 1962 жыл бойынша есептеп шықты. Олар күтпеген нәтижелерге жетті: американдық импорт экспортқа қарағанда 27%-ға капиталды көп қажет етті. Басқа елдер үшін де есептеулер жүргізілді. Жапония 50-жылдары айқын еңбек күші мол ел болғанымен, экспортқа капиталды көп қажет ететін тауарлар шығарды. Мол еңбек ресурстары бар. Үндістан негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттаса да, АҚШ-қа жіберілген экспорт капиталды көп қажет ететін болып шықты .
Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: енбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.
Парадокстың түсіндірілуі
Жұмысшы күшін маманданған және маманданбаған топтарға бөлу және экспорт тауарлар өндірісіндегі шығындар үлесін жекелеген топтарға бөліп есептеу қажет. Американдық ғалым Дональд Кисинг 1966 жылы жарияланған зерттеуінде еңбек күшін мамандық деңгейіне байланысты 8 топқа бөліп, АҚШ-та маманданған жұмысшы күшінің салыстырмалы молдығы мен маманданбаған жұмысшы күшінің жетіспеушілігін дәлелдеді. Сондықтан АҚШ маманданған еңбек өнімін экспортқа шығарады, ал оны дайындау мен оқытудың шығынын есептесе, капитал ретінде санауға болады.
АҚШ өндіруге көп капиталды қажет ететін шикізаттың көп мөлшерін импорттайды. Сондықтан, егер экспорттық тауарлар капиталды көп к.ажет ететін шикізаттың көп мөлшерін қажет етсе, бұл американдық экспортқа капиталды көп қажет еткізеді. Американдық Джеймс Хартигэн бастаған бір топ ғалымдар Леонтьев есептеулерін сол жылдар негізінде қайта жасады. Бірақ капиталды көп қажет ететін шикізатқа қатты тәуелді салаларды алып тастады. Парадокс жойылып, Хекшер-Олин теориясы расталды.
• Леонтьевтің тесті американдық импорттық тарифті есепке алмады. Ол болса американ өндірісінің еңбекті қажет ететін салаларын шет ел бәсекелестерінен қорғау үшін енгізілген еді. 1971 жылы американ экономисі Роберт Бэлдвин қайта жасаған есептеулері, тариф факторын алып тастау Леонтьев парадоксін 5%-ға азайтса да, толық жоя алмады.
Американдық тұтынушылар талғамы дәстүрлі түрде капиталды көп қажет ететін технология өнімдеріне бағытталған. Өзі капиталы мол ел болса да, өнімдерді шет елден сатып алатын еді. Бұл іс-жүзінде Хекшер-Олин теориясының алғышарттарының біреуін және халықаралық сауданы өндіріс факторлар арақатынасы емес, басқа себептермен түсіндірілуін жоққа шығарғанын көрсетеді.
• Өндіріс факторларының екі жақтылығы: бір тауар еңбек күші мол елде еңбекті көп қажет ететін, капиталы мол елде капиталды көп қажет ететін тауар болуы мүмкін. Ол өндіріс факторларының орнын басу мүмкіндігі жоғары жағдайларда болады. Мысалға, капиталы мол АҚШ-ғы өндірілген күріш, алдыңғы қатарлы технология көмегімен өндірілгендіктен капиталды көп қажет ететін тауар болады.
Ал еңбек күші мол Вьетнамда өндірілген сол күріш, тек ауыр енбек негізінде өндірілгендіктен, еңбекті көп қажет ететін тауар болып саналады.
Тақырып 4. Халықаралық саудадағы тепе-теңдік
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.
Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды, Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа не тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.
Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.
Елдер бір-бірімен саудаға түскенге дейін баланс шекті трансформация деңгейі (ұсыныс) мен шекті орнын басу деңгейініі (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады.
1 -і елдің өндірістік мүмкіндер к.исығы орнын басу шекті деңгейінің 1-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынады. 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер кисығы орнын басу шекті деңгейі І-і кисығы осы елдің 1-і және 2-і тауардың максималды мелшерін тұтынуды керсететін А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і тауардың 1/4 бөлігін кұрайды. Ал.2-І елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А1 нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А1 болғандықтан, 1-і ел 1-і тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.
2.6. суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы көрсеткендей, 1-і ел салыстырмалы артықшылыққа ие тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді. Ал 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер графигі өзі салыстырмалы артықшылыққа ие 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін, Т-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді.
Трансформацияның шекті деңгейі - 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2 -і тауар өндірісінен бас тарту қажетті даналар саны.
Графикте бұл экономикалық теория пайдаланатын өндірістік мүмкіндіктер қисығы, бірақ бір тауардың екінші тауардың орнын басу шығындарының өсуін көрсетеді.
Елге 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін барған сайын 2-і тауардың көп мөлшерінен бас тартуы қажет. Сондықтан график шығындар тұрақты деп алынған салыстырмалы артықшылықтар теориясындағыдай түзу емес, қисық сызық болды. Ол тауардың ішкі ұсынысың көлемін көрсетеді.
Орнын басу шекті деңгейі - к,алыптасқан тұтыну деңгейін сақтауды қамтамасыз етіп, 1-і тауардың қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.
График жүзінде бұл жекелеген талғамсыздық қисықтарының ел ауқымында көрсетіліп, (тұтынушының бірдей әл-ауқат деңгейін), осы екі тауар бар арақатынасынын тұтыну барысында қамтамасыздығын керсетеді. Ол тұтынушының әл-ауқаты төмендемей сол деңгейде қалып, одан алынып жатқан тауарды орын басатын тауардың қандай мөлшері керектігін көрсетеді. Орын басудың шекті деңгейі рыноктағы бар сұранытсы сипаттайды.
Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:
• әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді.
егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылу арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді;
ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;
халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.
Сурет 1. Сауда жағдайындағы баланс
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың шекті деңгейінің қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болғандықтан, 1 -і және 2-і тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызық арқылы тепе-тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды.
Ра= Р1/Р2=1/4
Осы 1-і тауардың 2-і елдегі салыстырмалы бағасы А1 нүктесі арқылы көрсетіліп, 2-і тауардың 4 данасын құрайды.
Р= Р1/Р2=4
Ра<Ра1 болғандықтан 1-і ел 1-і тауар бойынша, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы артықшылыққа ие болады. (+) (1-і және 2-і елдің) өндірістік максималды көлемі (V) А және А1 нүктесінде жетіп, 1-і және 2-і тауардың көлемі Q1 және Q2 болып көрсетеледі.
Р1х Q1+ Р2х Q2= V
Сауда жағдайындағы баланс
Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады. Оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы А1 нүктесінен сызықпен жоғары жылжиды. (2.7. сурет). Бұл процесс екі елде салыстырмалы бағалар теңелмегенше жүріп отырады. Жаңа салыстырмалы баға Ра=1/4 пен Ра1 =4 арасында болып, 1-і елдің В нүктесі мен 2-і елдің В1 нүктесі арқылы өтіп, Рв=Рв1=1-ге тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылық теориясы бітеді. Стандартты модель орнын басу шығындарының өсуін есепке ала отырып өзгертілген интерпретацияны ғана ұсынады.
Одан ары қарай сұранысты талдау элементі енгізіледі. Тепе-теңдік экономикада тауардың тұтыну көлемі оның өндірісіне тең болуы керек, графикте олар қиылысуы кажет екені белгілі. Егер Д1 мен Д2 -1-і мен 2-і тауардың тұтынуы болса, онда
Р1хД1+Р2Д2=Р1Q1х Р2х Q2= V
1-і ел 1-і тауардың 60 данасын артық өндіріп, оны 2-і елге экспорттап (ВС векторы), 2-і елде 2-і тауардың 60 данасын сатып алады (СЕ векторы). 2-і ел 2-і тауардың 60 данасын артық шығарып 1 елге экспорттайды (В1 С1 векторы) да, 1-і елден 1-і тауардың 60 данасын сатып алады. (С1Е1 векторы). Осының нәтижесінде ұсынысты сипаттайтын орын басу шекті деңгейінің қисығы 1 елде II1 деңгейге ауысып, 1 елдің 1 және 2 тауарлардың 20 -даналарынан, көп тұтынатын Е1 нүктесіндегі салыстырмалы тепе-тең бағасының түзуімен жанасады. Сөйтіп ІІ1-і қисық І-і қисығынан жоғары тұрғандықтан 1-і елдің 2-і тауарды тұтынудағы мүмкіндіктері өсе түсті. Осындай жағдай 2-і елде болады да II1 қисығы I1 қисығынан жоғары болып, екі тауарды тұтыну мүмкіндіктері өсе түседі. Сауда нәтижесінде, салыстырмалы артықшылық моделіне қарағанда, елдердің толық мамандануы жүзеге аспайды. Бұл орнын басу шығындарының өсе түсуінің нәтижесі. 1 -і ел 2-і тауардың бір мөлшерін өндіре береді, ал 2-і ел 1-і тауардың белгілі бір мөлшерін өндіреді. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға, әр елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануына дейін қалыптасады. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға орнағаннан кейін, одан әрі қарай әр елдің мамандануының экономикалық тиімділігі жоғалады, өйткені орнын басу шығындарының өсе түсуі шет елден сатып алғаннан гөрі қымбатқа түсетін болады. 2.7. суретте тепе-теңдік баға РВРВ'=1 мағынасында елдердің толық мамандануға жеткенге дейін қалыптасты, өндіріс нүктесі толық мамандану бағытына қарай жылжығанымен, оған жетпей, ол 1-і елдің көлденең осі мен 2-і елдін тік осіне сәйкес келеді.
Саудадан алынатын ұтыс
Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.
Айырбастан алынған ұтыс - елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.
Мысалымызды ары қарай қарастырайық. 1-і ел 2-і елмен саудаға түскеннен кейін де 1-і тауарға маманданғысы келмейді немесе қандай да бір себептермен жүзеге асыра алмайды деп болжамдайық. Ол 1-і тауарды өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесінде анықталған көлемдерде өндіре береді (2.8 сурет). Бірақ әлемдік салыстырмалы баға елдің ішкі салыстырмалы бағасындай 1/4 емес, 1-і ге тең болады. Сөйтіп, маманданусыз-ақ оның біршама бағалық қоры болады. Сондықтан, ол әлемдік баға бойынша 1-і тауардың 20 данасын сатып, 2-і тауардың 20 данасын маманданусыз-ақ сатып ала алады; тұтыну өсе түсіп, орын басу шекті деңгейінің В қисығы жоғары ауысып, Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болады. Ешқандай мамандану жоқ болғандықтан, тұтыну нүктесінің А-дан Т-ға ауысуы 1-і елдің 2 елмен сауда қатынастарына немесе айырбасқа түскенінен алынған ұтыс екенін көреміз.
Маманданудан алынған ұтыс - елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы - бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып, алған артыкшылығы.
Жоғарыда көрсетілген модельдегідей 1-і ел 1-і тауарға маманданды дейік. Осының нәтижесінде өндірістік мүмкіндіктер кисығы А нүктесінен В нүктесіне қарай төмен жылжыды. Бұл нүктеде, жоғарыда көрсетілгендей, ел 1-і тауардың 60 данасын 2-і тауардын 60 данасына айырбастай алатыны көрсетілген (2).
Осының нәтижесінде тұтыну орын басу шығындарының шектігі III деңгейіндегі Е нүктесінде болады. Тұтынудың В-дан Е нүктесіне қозғалысы елдің маманданудан алынған ұтысын көрсетеді.
Сурет 2. Саудадан алынған ұтыс және
Егер сауда кіші және үлкен елдер арасында дамыса, онда салыстырмалы артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының тұрақтылығы кезінде тек кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданады. Бірақ кіші ел осы тауарға толық маманданса да, үлкен елдің қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданумен қатар, салыстырмалы артықшылығы кіші елдегі тауардың белгілі бір мөлшерін өндіре береді.
Орын басу шығындарының өсуі жағдайында, кіші елде де толық маманданбау пайда болады. Оны 2.8. суреттегі 1-і елге қатысты мысалмен көрсетуге болады. 1-і ел - өте кіші, ал 2-і ел - өте үлкен ел деп болжайық. Бәрінен бұрын бұл кіші елдегі баға өзгерісі үлкен елдің баға өзгерісіне әсер етпейді. Сондықтан әлемдік салыстырмалы бағасы сол Р1 деңгейде калады. Кіші ел 1 -і тауарға мамандана бастайды, өйткені оның ішкі салыстырмалы бағасы Р-1/4 әлемдік бағадан төмен болып, оның өндірісіне А нүктесінен В нүктесіне жылжиды. В нүктесінде толық мамандану әлі жоқ, ал ішкі салыстырмалы баға әлемдік бағамен теңеседі. 1-і тауардың 60 данасын экспортқа шығарып, үлкен елден 2-і тауардың 60 данасын импорттаған кіші ел, орын басудың шекті деңгейінің жоғары /қисығына өтіп, Е нүктесіндегі 2-і тауардың.да көп мөлшерін тұтына бастайды.
Осыдан көріп отырғанымыздай, стандартты модельдегідей, 1-і ел кіші болып саналмаған кездегідей жағдай қайталанады. Айырмашылығы - кіші елдің ішкі салыстырмалы бағалары әлемдік салыстырмалы бағасына әсер етпейтіндігі мен осы жағдайда кіші ел партнер-елмен саудадан алынған толық пайданы бөліспейтіндігінде.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс, тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының арақатынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе-теңдік бағаға қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған салыстырмалы артықшылығы бар тауар өндірісін үлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы артықшылығы бар тауарға сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу шығындары тұрақсыз болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда нәтижесінде әрбір ел мынандай артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын пайда және маманданудан түсетін пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы сауданың айырмашылығы кіші елдің ішкі салыстырмалы бағаларының, үлкен елдердің ұсыныс пен сұранысқа байланысты қалыптасатын әлемдік салыстырмалы бағаға әсер етпеуі мен кіші елдің саудадан алынған пайданы, сауда партнерімен бөліспеуінде болып отыр. Саудаласушы елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы сәйкес келген жеке жағдайларда, сауда тұтынушылардың талғамдық өзгешеліктерімен елдердің алатын пайдасына негізделеді.
Тақырып 5 . Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі
1. Егер, жұмыс күшінің саны басқа факторлармен қатынасында артық болса, онда мемлекет артық жұмыс күшімен қамтамасыз етілген деп есептелінеді. Б.Олин бекіткен бұл теорияны кейіннен Нобель сыйлығының лауреаты Поль Самуэльсон нығайтты. Ол Хекшер – Олиннің тұжырымын дәлелдейтін математикалық шарттар шығарды.
1948 жылы Самуэльсон келесі теорема арқылы тұжырымдады: өндірістегі факторлардың бір қалыптылығында ұқсастығы жетілген бәсеке толық мобильдік тауарлар халықаралық айырбаста мемлекеттер арасындағы өндірістік факторлардың бағасымен теңестіріледі. Үш экономистің атымен аталған HOS (ХОС) теоремасы өндірістік факторлар теорияларының негізін қалады.
Негізінде, өндірістік факторлар мемелекеттен мемлекетке ауысып отыратынын тәжірибе көрсетті. Халықаралық айырбас кезінде пайда болған шығындар маманданудың дамуын төмендетеді және өндіріс факторларының бағасын теңестіруге кедергі жасайды. Өкіметтің араласуы және экономикалық өмірдің әлеуметтік құрамдас бөліктері де HOS теоремасынан таралуы керек. Әлеуметтің бір қалыпты қозғалысына жалпы әсер етеді.
Екінші өнімнің «кеңеюі» кезеңінде ішкі нарықтағы сұраныс жедел өсіп, өнім көпшілікке танымал бола бастайды. Жаңа тауардың үлкен партиясын көптеп шығарады.
Үшінші «кемелдену» кезеңінде ішкі нарық көлемі жоғары деңгейге жетеді. Өндірістік технология стандартталады. Бұл біліктілігі төмен жұмыс күшін пайдалануға, өндіріс шығындарын, бағаны төмендетуге, тауар пайда болған елдің ішкі нарығына ене бастаған жаңа фирмалардың тауар өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Циклдың соңғы кезеңінде өнім «қартаяды», оны өндіру қысқара бастайды. Бағаны бұдан әрі төмендету, «кемелдену» кезеңіндегі сияқты сұраныстың өсуіне әкелмейді.
Технологиялық үзіліс теориясы өндіріс факторларына бірдей ие елдер арасындағы сауданың дамуы елдердің бірінде технологиялық өзгерістер арқылы пайда болады делінеді.
Ұқсастықты қалау теориясында елдер қандай да бір тауарларды кемелденудің әр түрлі кезеңінде өндіру мен экспортқа шығындарды мамандайды.
2. Рыбчинскийдің теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысының бір қалыпты емес өсуінің мына тұрғыдағы маңызы ерекше: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторлары бірінің өсуі осы факторды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқалай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.
Бұл жағдай, мысалы, егер капитал өсімі байқалатын болса, Португалияда зауыты өндіріс кезінде қалыптасуы мүмкін.
Рыбчинский теоремасы іс жүзінде бірнеше рет дәлелденді. Осылайша Голландияның – «голландиялық сырқаты» индустриялизациясыздандырудың хрестоматиялық сипатына айналып үлгерді. Бұл проблема Голландияның белсенді түрде кен орнын ашып, пайдалануына байланысты пайда болды. Сөйтіп табиғи газды өндірудің өсуіне орай Голландияның өнеркәсіптік экспорты қысқара түскендей әсер қалдырды; ал жылу отынының барлық түріне (табиғи газды қоса алғанда) әлемдік нарықтағы бағаның өсуі бұл тенденцияны күшейте түсті. Бұл жағдай Рыбчинскийдің мына теоремасынан тарайды: жаңа сектор ресурстардың басқа салалардан неғұрлым жоғары еңбекақы мен осы сектордағы соғұрлым жоғары табыстың есебінен кері қайтуына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіптің өнімі қысқарды. Осылайша, дүниежүзілік сауданың ұнамды жақтарымен қатар, ұнамсыз салдары да болуы мүмкін. Бұл, әрине, сыртқы сауда саясатында еркін сауда және протекционизм тәрізді екі бірдей тенденцияның бар екенін көрсетеді.
Тақырып 6 . Халықаралық сауданың альтернативтік теориясы.
1. Ғылыми ізденістерді, техникалық құрал жабдықтарды қажет ететін саланың дамуы және олардың халықаралық айырбасының өсуі жаңа техникалық бағыттар теориясының қалыптасуына жол ашты. Мұнда американың зерттеушілер Робок және Симмондос мынадай пікір айтты – «Сауданың, дәстүрлі теорияның өндірісті жандандыру процесінің маңыздылығының артуын, түсіндіру жеткіліксіздігін, мәселенің дұрыс қойылмауынан деуге болады. Сауда теориясы ұлттар неліктен сауда жасайды деп сұрақ қояды. Бұған шешім қабылдайтын ұлт емес, коммерциялық кәсіпорындар жауап береді.»
Сыртқы операциясын жүргізуде айырбастаудың фирма ішіндегі үлес салмағы осындай тәсілдердің объективті негізі болып табылады. Мысалы: мәліметтер бойынша фирма ішілік байланыс үлесіне бүкіл әлемдік сауданың 70 %-ы сатылатын лицензиялары мен потенттің 80-90%, ал капитал экспортының 40 %-ға жуығы тиісілі болды, сонымен қатар зерттеулер мына сұраққа жауап беруге тырысты. Фирма қандай жағдайда сыртқы нарыққа шығып, оны жаулап ала алады? Бұл сұраққа бергеннің бірі американдық ғалым Стефан Линдер. 60 жылдың басында ол түрлі нарықтар сипаттамасын ескере отырып, Монтьевтің талдауын әрі қарай жалғастырды. 40-50 ж американдықтар еуропалық нарыққа алып шыққан тоңазытқыш, теледидар сияқты техникалық жаңа тауарлар өзіндік ерекшеліктерін қарастыра отырып Линдер тауарлар жасауға негіз болған басты жаңалықтарды Еуропалықтардың ашқанына назар аударды. Осы жаңалықтар іс-жүзінде Америкада жаңа тауарлар техникасы жүзінде жүзеге асырылып, кейін Еуропадағы сыртқы нарықты жаулап алды. Линдердің пікірінше, фирма техникалық жағынан күрделі бұйымдарды қолданардағы қажеттілікке қарай, яғни ішкі нарық қажеттілігіне жауап ретінде өндіре бастайды. Сондықтан фирма ең бірінші ұлттық өнімді нарыққа арнап шығарып, екінші ішкі нарықталғаннан кейін ғана өнімді шетелге сатумен айналысады. Бірақ Линдердің теориясы толық дәлелденбеді. Ол сыртқа нарыққа техникалық күрделі тауарды жеткізудің бір немесе шектеулі аспектісін ғана қамтиды.
2. Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:
1) Ауқым нәтижесі немесе төмендеуші шығындар теориясы.
2) Тауардың өмірлік цикл теориясы.
3) Техникалық үзіліс теориясы.
4) Ұқсастықты қалау теориясы
5) Сала ішілік сауда теориясы.
1. Ауқым нәтижесі қызметімен байланысты теория өндіріс шығынының төмендеуіне және еңбек қабілетінің жоғарлауына мүмкіндік туғызады, өндіріс төлемінің өсуі жүреді, ел тар ішкі нарыққа кездеседі, ішкі нарықта бөлінбеген артықшылық пайда болады, яғни сыртқы нарыққа шығу қажеттілігі туады. Өндіріс көлемінің өсуі → тар ішкі нарық → артықшылық → сыртқы нарыққа шығу.
2. Альтернативтік теорияның негізгі танымал теориясы 1966 ж. американдық ғалымдар Раймонд Вернон, Кин Дельберг, Уэльстер ойлап тапқан тауардың өмірлік цикл болып табылады. Бұл теорияға сәйкес әр бір жаңа өнімді өндіру оны нарыққа енгізу, кеңею, кемелдену және қартаю тәрізді кезеңді қамтитын циклден өтеді. Бұл теория неліктен тауарды экспортшы ел өндіруден бас тартып, ол тауарды импорттайтындығын түсіндіруге маүмкіндік береді. Бұл теория бойынша тауарлар өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді:
1. Тауардың пайда болуы. Тауар бірнеше елдің біреуінде ғана пайда болады. Жаңа өнімді ішкі нарық үшін өндіре бастаған циклдің бірінші кезеңінде оған деген сұраныс өте көп емес. Мұндай сұраныс тауарды сатып алу туралы шешім қабылдайды. Оның бағасына ерекше мән бермейтін табысы жоғары адамдарға ұсынады.
2. Өнімнің кеңеюі кезеңінде (тауардың өсуі) ішкі нарықтағы сұраныс жедел өсіп, өнім көпшілікке танымал бола бастайды. Ел тауарды экспорттай бастайды. Себебі, ол шыққан елінде де, шет елде де сұранысқа ие.
3. Кемелдену кезінде ішкі нарық көлемі жоғары деңгейге жетеді. Өндірістік технология толық стандарттады. Бұл біліктілігі төмен жұмыс күшін пайдалануға өндіріс шығынының бағаны төмендетуге тауарлар пайда болған елдің ішкі нарығына ене бастаған жаңа фирманың тауарлар өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
4. Тауардың құлдырауы. Циклдің соңғы кезінде өнім қартаяды. Оны өндіру қысқара бастайды. Бағаны бұдан әрі төмендету, кемелдену кезіндегі сияқты сұраныстың өсуіне әкелмейді. Көп жағдайларда бұл кезеңде тауардың орнын басатын жаңа тауарлар пайда болады.
3. Өндіріс факторына бірдей елдің арасындағы сауданың дамуы елдердің бірінде техникалық өзгерістер арқылы пайда болған делінеді. Егер елдер техникалық прогресте әр түрлі сатыда болса және бұл қатынастар тұрақты болса, онда бұл елдерде келесі сауда қатынастары орнайды: дамыған елден дамушы елге тауарлар ағымы жүреді. Заңдылығында ескі тауарлар экспорттарды, тауарлар жетекші елде айналасынан шығып қалған тауарлар түрлері.
4. Ұқсастықты қалау теориясы нақты елде өндірілетін тауарлар жинағы және ассортиментті бұл ел тұрғынына қажет тауарлар тізімімен сәйкес келмейді. Елдер негізінен экономикалық деңгейі жағынан жақын елдермен сауда жасайды. Ел тек бірнеше тауарлар түрін өндіруге маманданады, қалғанын ол басқа елдерден импорттайды. Егер ел деңгейі бойынша төмен болса, онда оның экспорттайтын тауардың кең ассортименті болмайды.
5. Сала ішілік сауда. Елден бір тауар түрін экспорттады және импорттады. Сондықтан өнімнің бір бірімен теңесуі орын алады
Тақырып 7. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары
Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі. Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:
халықаралық сауда саясаты;
сыртқы сауда саясаты;
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен әдісін өзгерту;
экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия және т.б.);
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту. Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:
еркін сауда саясаты;
протекционизм.
Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.
Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.
Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.
7.2 Протекционизм: мәні және формалары. Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.
Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.
Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.
7.3 Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.
Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. 3.1. суретте 5 түзуі мақтаның ұсынысын, Д түзуі - сұранысты, ал Ро - ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері О0-ге тең болады. Бұл жағдай автар-киялық экономикада пайда болуы мүмкін.
Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Рw-қа тең кезінде ашты деп бол-жамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өндірісі (Q0 -ден Q1-ге дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2-дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (О2-Q1) тең болады.
Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттын баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Рt- ге тең жаңа баға қалыптасып, Т=Рt-Рw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Q1 ден Q3 -ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Рw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Рt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.
Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.
Әлемдік бағаға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында, баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттаушы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады. Мысал үшін ірі мемлекет болатын АҚШ-ты алып, ол Қазақстаннан астықты импорттайды деп болжамдайық..
2 суретте баж салығын енгізуден пайда болатын ұтыс пен шығындар айқын көрсетілген. Баж салығы ішкі бағаны Рw -дан Рt -ға дейін көтеріп, экспорттық бағаны Рw -дан Рt1-ге дейін төмендетеді. Астықтың ішкі өндірісі S1-ден S2-ге дейін өссе, ішкі тұтыну Д1-ден Д2-ге дейін төмендейді. Әр түрлі әлеуметтік топтар үшін ұтыс пен шығындары а, в, с, d, е нүктелерімен көрсетілген көлемдегі фигуралармен анықталады.
Бірінші кезекте американдық өндірушілер ұтысын қарастырайық. Өйткені олар өз астығын жоғарылаған бағамен сатқандықтан, ұтыстары ұлғая түседі. Ол Р мен Q көбейтіндісінен алынған аумақтан ұсыныс қисығының астындағы аумақты алып тастаудан пайда болатын а-ға тең ұтыс өсіміне ие болады. Ал американдық тұтынушылар астықты жоғары бағамен сатып алғандықтан, ұтылысқа ұшырайды. 3.2. суретте олардың шығындары а, в, с және d аумақтарының сомасына тең болады немесе басқаша айтқанда Р х Q көрсеткіші көрсететін көлемдегі фигура мен ұсыныс қисығының астындағы аумақ көлемдерінің айырмасының геометриялық қысқаруын айтамыз.
Американдық өндірушілер мен тұтынушылардан басқа бұл жағдайда АҚШ үкіметі де барын айта кету қажет. Мемлекетте бысты баж салықтарынан келетін түсімдерді жинау арқылы алады. Табыс t тариф қойылымын астық импортының көлемінің кебейтіндісіне тең болып Qt=*S2 болады. t=Pt-Pt1 болғандықтан, мемлекет табысы С және Е аумақтарының қосындысына тең болады.
Енді тарифтің, американдық қауымының әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін таза тиімділігін қарастырайық. Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар шығындары - Өндірушілер пайдасы - Мемлекет табысы немесе түсініктерді фигуралармен алмастырса:
(а + b + с + d) -а - (с+е) = b+d-е.
Осы арқылы біз шығындарды өлшейтін екі үшбұрыш және ұтысқа сәйкес келетін төртбұрышты алдық. b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған ұтысқа тең болады. Өйткені баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі экспорт нарығын жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл құбылыс "Мецлер парадоксы" деп аталады.
Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады:
Бұл жерде: 1-дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:
а, - тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының келемі;
t1 - импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.
Бұл формуладан қорғалу деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен шикізатқа салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоғарылаған сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу денгейін жоғарылатуға тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.
Кедендік баж салығы төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:
1) Тауар қозғалысының бағыты бойынша.
Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып белінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.
2) Баж салығын орнату әдісі бойынша.
Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.
Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.
Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады.
Кұрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі әдіспен орнатылады.
3) Баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.
Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискримниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды, деңгейден төмен қойылады. Дискримниациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.
Демпингке қарсы баж салықтары орын толтыру (компенсационный) баж салықтарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы қолданылып, бағалар деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.
Тарифті саясатты қолдану тиімділігі туралы көптеген көзқарастар бар.
Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:
Тарифтер экономикалық өсуді тежейді;
Тариф-тұтныушыларға салықтық ауыртпалықты ұлқайтады;
Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіреді;
Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруына әкеледі;
Тарифтерді бір жақты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледі.
Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:
Тариф - жас салаларды қорғайды;
Тариф - жергілікті өндірушілерді ынталандыру кұралы;
Тариф - бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;
4)Тариф - ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралык, беделін қорғайды Кедендік тарифтер көп түрлігі және орындайтын мәселелері
бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең қолданылады. Көбінесе импорттык, баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.
7.4 Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері. Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:
белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын толтыру (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер, және демпингке қарсы және орнын толтыру (компенсационные) баж салықтары;
тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілдік шаралар: кедендік құжаттарды дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар т.б.сияқты.
Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:
Квоталар мен лицензиялар. Квота (контингент) деп - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. О-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау әдісі болып табылады.
Импортқа квота енгізудің елдің әл-ауқатына тигізетін әсері мен салдары импорттық баж салығын енгізумен ұқсас болады.
Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда (дискриминациялық сипатта) қолданылады. Импорттық квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады.
Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табы-лады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады.
Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай шаралар арқылы сүт, балық, картоп, және мотоциклдің кейбір түрлерінің импорты реттеледі.
Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа рұқсат болып табылады.
Басқадай тарифтік емес шектеулер. Мемлекет валютаны пайдалану әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр ету және т.с.с.) анықтауға валютамен төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан "айналып өтудің" әдісі клирингтік келісімдер, қарама-қарсы сауда болып табылады.
Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру және т.б.
Экспорттық субсидия дегенімізде мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын ынталандыру мен олардың өнімдерінің шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.
Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтык,-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР "Кедендік тариф пен баж салығы туралы" заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР кедендік іс туралы" заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі "ҚР-ғы демпинге қарсы шаралар туралы" заңы; 1994 жылдың 14 көкегіндегі "Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісімі"; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы" заңы. ,
Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты жүйесіне қатысты кедендік істің нормалары мен принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді.
Тақырып 8. Капиталды халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу
Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы
Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.
Капиталды шетке шығару дүниежүзілік шаруашылықты тереңдете дамыту кезеңіндегі тауарды шетке шығару монополиясын жойды. Тауарды шетке шығаруды толықтыра және негіздей отырып, ол ХЭҚ жүйесінде анықтаушы қызметін атқара бастайды. ОЭСР бағасы бойынша, 80-жылдары (1983 жылдан) тікелей инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 34% тең болып, ол әлемдік сауда өсім қарқынынан 4 есе көп болды. 90-жылдар басындағы қысқа мерзімдік дағдарыстан кейін, ол қайтадан әлемдік сауда айналым өсімінен артық бола бастады.
Халықаралық капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың іс-әрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады.
Капиталды шетке шьғару - бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Капиталдың шет елге ауысуын (капиталды шетке шығару) дегеніміз - бір елдің ұлттық айналымынан капиталдың бір бөлігін алып, оны қабылдаушы елдің өндірістік немесе айналым процесіне әр түрлі формалар (акшалай, тауарлы) арқылы ауыстыру процесін айтамыз, Бір елден екінші елге капитал ауысуы, ең алдымен, шығарушы елдің экономикалық дамуының сыртқы саудаға қарағанда өсу қарқыны жоғары болғанымен байланысты. Капитал экспортының қажеттігі дамыған елдерде капитал "молдығы" пайда болып, ол ұлттық экономикадағы пайда нормасының төмендеуі, оның массасының жоғарылауымен өтелмейтіндігіне байланысты болды.
Капиталды шетке шығару мүмкіндігінің пайда болуы XIX ғасыр соңында бірқатар артта қалған елдердің дүниежүзілік шаруашылықка тартылуына, олардың көбінде басты теміржол желілері салынып немесе салына бастауына, өндірістің дамуының қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілуі мен жергілікті ақшалай қорлану қаржылары пайда болып, оны тауарлы өндірісті қарқынды дамуына қосылуға дайын болуына байланысты болды.
Статистика мәліметтері бойынша, соғыстан кейінгі жылдары сыртқы сауда көлемдері тұрақты өсіп отарды, бірақ көбінесе бұл өсім капитал ауысуымен байланысты болды, басқаша айтқанда капитал экспорты тауарды шет елге шығаруды ынталандырудың құралы болған. Бұл төмендегі жағдайлар негізінде жүргізіледі:
капиталды шетке шығару тауарлы формада, мысалға машина, құрал-жабдық және т.б. түрде жүзеге асырылды;
капиталды шетке шығару - бұл несиелеуші елде тауарды сатып алу үшін несиелер беру;
- капиталды шетке шығару - трансұлттық компаниялар шеңберінде ішкі фирмалық тауарлар ауысуы арқылы болды.
Капиталды шетке шығару арқылы капиталистік ұдайы өндірістің қалыпты әрекет етуінің күрделі мәселелері шешіліп, елдіңтауарлы экспортының өсуіне әсер етеді. Осының нәтижесінде капитал экспорттаушы елде машина, құрал-жабдыққа ішкі сұраныс өсіп, пайда нормасынын төмендеу тенденциясы тоқтатылды.
Назар аударатын тағы бір жағдай, қазіргі кезеңде егеменді елдер арасындағы капитал ауысуы үшін барлық алғышарттар бар, ол халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық өндірістің кооперациясымен күшейтілуде.
Капиталдың шет елге ауысу себептері арасынан донор-елдегі капиталдың салыстырмалы артықшылығы ерекшеленеді. Бұл капиталды шет елде үлкен пайда алу мақсатында орналастырып, дивиденд немесе пайыздар арқылы пайда алу үшін жүзеге асырылады.
90-жылдарға дейін әлемде тиімді пайдалануды қажет ететін резервті капиталдың зор көлемдері қалыптасты. Олар сақтандыру компаниялары, зейнеттік, сенімділік, инвестициялық және тағы басқадай қорлар арқылы жинақталуда. АҚШ-тың өзінде 1995 жылы олардың активтері 8 трлн. доллардан асып түсті.
ХХ-ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсуде, Капитал экспортының өсу қарқыны тауарлы экспорт пен өндірісі дамыған елдердің ЖІӨ-нің өсу қарқынынан да асуда. Капиталды шетке шығару көлемінің күрт өсуі кезінде оның халықаралық миграциясы күшеюде.
Капитал қозғалысы халықаралық тауар саудасының субституты болып табылатындықтан, оның негізінде де тауар экспорт-тындағыдай себептер жатыр. Олар:
рынокты кеңейту;
жоғары пайда алу;
шет ел ресурстарын сатып алу;
саяси мақсаттар.
Бірақ бұл мақсаттар әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Өйткені капиталды шетке шығаруды ынталандыратын өзіндік себептері де бар. Олар:
технологиялық артықшылық. Компанияның сату көлемінде ҚЗТКЖ (НИОКР) -ға шығындар деңгейі жоғары болған сайын, оның капитал экспорты да жоғары болады.
жоғары маманданған жұмысшы күшіі. Еңбекті төлеу деңгейінін жоғарылығы компанияны капиталды экспорттауға итермелейді.
халықаралық маркетингте жинақталған тәжірибе мен жарнамадағы басымдылықтар
өндіріс көлемдерінде үнемдеу. Сату көлемдерін ұлғайту қажеттілігі компанияларды сыртқы рыноктарға шығуға итермелейді.
компаниялар көлемі, Көлемі неғұрлым ірі болса, капитал шығару деңгейі соғұрлым жоғары болады.
белгілі бір тауар өндірісінің шоғырлану дәрежесі мен ел ішіндегі бәсекенің күшеюі.
арзан өндіріс факторларын пайдалану мүмкіндігі.
транспорттық шығындардың азаюы.
сауда кедергілерін айналып өту.
жергілікті рынок ерекшеліктерін жақсы білу.
Капитал миграциясынын еларалык формаларынын топтастырылуы.
Капитал экспорты, оның белгілі әрекет етуінің принциптеріне сәйкес, әр түрлі формаларда жүзеге асырылады.
Өзінің мазмұны мен формасы бойынша шет елдік капитал салымдары әр түрлі болуы мүмкін.
Олардың, шығу көздері бойынша мемлекеттік және жекеменшік капиталға бөлу қабылданған.
Мемлекеттік капитал салымдарын кейде халықаралық аренада ресми деп те атайды. Ол мемлекеттік бюджеттен немесе халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша шет елдерге бағытталған немесе шет елдерден қабылданатын қаржылар.
Түрлері бойынша - бұл мемлекеттік қарыздар, несиелер, гранттар (сыйлар), көмек болып бөлінеді. Олардың қозғалысы үкіметаралық келісімдер арқылы шешіледі. Бұған халықаралық ұйымдардың (мысалға ХВҚ (МВФ) несиелері мен басқадай қаржылары жатады. Бірақ қандай жағдайда да бұл салық төлеушілердің ақшалары болып табылады.
Мемлекеттік капитал көбінесе қарыз түрінде шығарылады. Бірақ басқа қарыз капиталдары сияқты елде артық капиталдың болуынан емес, мемлекеттік бюджетте артық қаржылар жоқ, ол саяси сипатта болып, қарыз берушілерге пайызды алу арқылы жоғары табысты қамтамасыз етеді.
Жекеменшік капитал - бұл мемлекеттік емес көздерден алынып, жеке тұлғалардың шет елге орналастырылатын немесе шет елден қабылданатын қаржылары.
Бұған инвестициялар, сауда несиелері, банкаралық несиелеу кіреді. Олар тікелей мемлекеттік бюджетпен байланысты болмаса да, олардың қозғалысын үкімет қадағалап, өз уәкілдігі шеңберінде бақылап, реттей алады. Тәжірибеде мемлекеттік қаржыларды жеке-меншік инвестицияларға айналдырудың көп түрлі амалы бар.
Мерзімі бойынша шет ел капитал салымдары: кысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзак мерзімді болып бөлінеді. Соңғыларына 5 жылдан асатын салымдар кіреді. Бұл топқа ең маңызды капитал салымдары жатады. Өйткені ұзақ мерзімді капитал салымдарына кәсіпкерлік капиталдың тікелей және портфелді инвестициялары (көбінесе жеке меншік), қарыз капиталы (мемлекеттік және жеке меншік несиелер) кіреді.
Пайдалану мақсаты бойынша шет елдік салымдар кәсіпкерлік және қарыз болып бөлінеді.
Соңғылары қаржыларды пайыз түріндегі пайда алу мақсатында қарыз беру болып табылады. Бұл сферада мемлекеттік және жеке меншік көздерінен шыққан капиталдар әрекет етеді.
Кәсіпкерлік инвестициялар тікелей немесе жанама түрде өндіріске салынып, дивиденд түрінде пайда алудың қандай да бір бөлігін анықтау құқымен байланысты болады.
8. 2.Капиталдың халықаралық қозғалысының формалары
Инвестициялардың жаңа түрлерін дамытуда ірі фирмалар мен корпорациялар, әсіресе басқа елдер рыногына енудің стратегиясын тез ауыстыруға үйренген трансұлттық компаниялар маңызды орын алуда. Кей жағдайларда дәстүрлі тікелей инвестицияларды бөліктерге бөледі. Мысалға, капитал, технология, басқару тәжірибесі, осының бәрін импорттаушы елге бөлек элементтер есебінде береді. Бұл жабдықтаушы-фирмаларға екі жақты пайда әкеледі. Біріншіден, инвесторлар капитал салымдарының әрбір элементіне өзіне тиімді баға белгілеуге мүмкіндік алды. Екіншіден, технология және басқадай қызмет көрсету барысында түскен пайданы бас фирмаға аудару арқылы табысын көрсетпеуге мүмкіндік алады.
Шетелдік инвестициялар көлемі бойынша 100 ірі компания (қаржы және банк ұйымдарын санамағанда) өндірісі дамыған елдерде орналасқан. Олардың шетелдік салымдары көлемінің құны 1,4 трлн. доллар, ол әлемдегі тікелей инвестицияларының 2/ 3 бөлігін құрайды. Өткен бес жылдықта бұл үлес өзгеріссіз қалды.
Осы компаниялар тізімін 1990 жылдан голланд концерні Роял-Датч-Шелл көш бастап келеді. Одан кейін 60,6 млрд. доллар (жалпы активтер сомасы 219,4 млрд. доллар), бар Форд, 56,2 млрд. доллары бар Эксон келеді.
Бірақ, егер интегралды трансұлттық индексін қолдансақ, күштер арақатынасы толық езгереді. Ол көрсеткіш шетелдік салымдар келемін ғана емес, шетел сату көлемі мен шетел жұмысшы күшін пайдалануды есептейді. Осы көрсеткіш бойынша "Роял-Датч-Шелл" тек 27 орынға түсіп, бірінші орынға канадалық Томсон Корпорейшн шығады.
Алғашқы 100 ірі трансұлттық компания мынандай нышандармен сипатталады:
орналасуы бойынша ең ірі топты американдық ТҰҚ құрайды (100-ден 32-ісі) және шетелдік салымдардың басым бөлігі осылардың үлесіне тиеді;
ең тез өсіп келе жатқан топ- Жапон ТҰҚ (1990 жылы бірінші жүздікті 11 болса, 1994 жылы 19 болды). Жапондық электрондық корпорациялар алдыңғы қатарлы ТҰҚ-дың манызды жаңа қатысушыларына айналуда;
еуропалық ТҰҚ капитал және ғылымды көп қажет ететін салаларда, оның ішінде химиялық және фармацевтикалық өндірісте елеулі позицияларын алуда;
4) Салалалық трансұлттық индексінің жоғарылығымен химиялық және фармацевтикалық ТҰҚ, одан кейін тамақ және электрондық өнеркәсіптер ерекшеленуде, тізімді таза сауда компаниялары тұйықтайды.
Сонымен бірге, ірі ТҰҚ арасында қазір Азия мен Латын Америкасының дамушы елдерінен шыққандары да бар. Осы ТҰҚ тізімін "Дэу" (Корея Республикасы), "Хатчисон Уампу" (Гонконг), "Семекс" (Мексика) сияқты компаниялар бастайды.
Трансұлттық индекс бойынша, 90-жылдар ортасында алдыңғы қатарды жеке компьютерлерге мультимедия жабдығын шығаруға маманданған сингапурлық "Криэйтив технолоджи" фирмасы алған болатын (онын үлесіне әлемдік рыноктағы осы өнімнің 60 тиеді).
Орналасуы бойынша осы ТҰҚ тобы ішінде Оңтүстік Корея мен Тайвань корпорациялары ерекшеленді (әр елден 8-ден). Салалық трансұлттық индекс бойынша, жоғары көрсеткіштер құрылыс және электрондық өндірісте болды.
Қазіргі уақытта дамушы елдерден шыққан 50 ірі ТҰҚ- ға осы елдердегі фирмалардың шетелдік салымдарының жалпы көлемінің 10-нан аса үлесі тиеді.
Сонымен қатар, сатудың жалпы көлемінде шетелде сату үлесі жоғарылады (30), бірақ шетел активтерінің үлесі әлі де төмен (9). Сондықтан трансұлттық интегралды индексі дамушы елдердің ТҰҚ-да (21), бірінші жүздіктегі ТҰҚ-ға (42) қарағанда екі есе төмен. Әрине бұл жағдай дамушы елдерден шыққан капиталының трансұлттандыруының қысқа тарихымен түсіндіріледі. Соған қарамастан, дамушы елдерден шыққан ТҰҚ-ар өз операцияларының интер ұлттандырылуын жоспарлап отыр.
Соңғы уақытта жекелеген елдер мен компаниялардың шетелдік салымдар іс-әрекетінің қарқындылығының себептері ішінен бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологиялар, жекешелендіру, үкіметтің қолдау көрсетуі сияқтыларын атауға болады. Одан басқа инвестициялар тартуға белсенді әсер ететін, келесідей аймақтық топтарды атауға болады: ЕО, НАФТА, АСЕАН.АТЭС. Өйткені олар бизнестің глобализациясы, инвестициялық режимдерді жасақтау мен практика жүзінде қолдануға әсер етеді.
Қазіргі кезде әлемдік экономика тікелей инвестициялар жөнінде зиын тәртібін анықтайтын көп жақты механизмді құру бағытында қозғалуда. Осыған байланысты төмендегідей жағдайларды атауға болады:
инвестициялық тәртіпті ырықтандыруға бағытталған заңдар- дағы өзгерістер. (1995 жылы 64 елде 112 өзгеріс қабылданып, оның 106 тәртіп жеңілдетілген);
нақты мәселелерді көрсететін аймақтық келісімдер орнының жоғарылауы. Оның ішінде: тәртіп, кепілдіктер, инвестициялық таластарды реттеу, заңсыз төлемдер мен басқадай коррупция түрлерімен күрес жүргізу, информация ашу тәртібін тағайындау, фирмалардың трансферттік бағаларына бақылау, сыртқы ортаны қозғау, түпкілікті әлеуметтік сияқты мәселелерді шешу кіреді;
жаңа, көп жақты тәсілді, әсіресе қызмет көрсету, интелектуалды меншік құқығы, сақтандыру, таластарды реттеу, жұмыспен қамту мен еңбек қатынастарына байланысты қалыптастыру.
Эксперттік бағаларға сәйкес, ірі инвесторлар өзінің шетелдік операцияларын жеделдетуге бейім. Дамыған елдер тобынының ішіндегі қарама-қарсы инвестициялары, ТҰҚ бірінші жүздігінің негізгі нышаны болып қала беретіні де айқын.
Бірақ кейбір географикалық нюанстар бар: американдық фирмалар батыс еуропалық рынокқа көз салуда (әсіресе жоғары технологиялар мен тұтыну тауарларды шығару бағытында); еуропалық ТҰҚ негізгі капитал салымдарын американдық рынокта жасауды көздеуде; жапондық ТҰҚ басты мақсаттары Азияда. Азияға американдық және еуропалық ТҰҚ-да қызығушылық танытуда. Сондықтан 90 жылдардың екінші жартысында ТҰҚ капиталының негізгі ағымы Азия елдеріне бағытталуы ықтимал. Дамушы елдерге келетін болсақ, олардың жаңа инвестициялары да дамушы елдерде орналасуы мүмкін.
Тікелей шетел инвестицияның салалық құрылымына қарасақ, шетел капиталын салуға жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атауға болады. Бұл көптеген елдердің экономика секторларындағы ырықтандару мен реттеуден бас тарту прогресінің нәтижесі және үкіметтердің шетелдік капитал ресурстары мен технологияны тарту шараларынан болды. 90 жылдар басынан инфрақұрылым салаларына жыл сайын 7 млрд. доллардай шетел инвестициялары салынып келді. Соған қарамастан, бұл салалардың инвестициялық қажеттіліктері әлі де толық қанағаттанбаған, оған жаңа капитал салымдары үшін көп мүмкіндіктер қалуда.
ТҰҚ орналасқан негізгі елдерден келетін инвестициялық ағымында инфрақүрылым салаларына тек 3-5% ғана тиеді. Көптеген елдерде экономиканың осы секторына тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемінің 1%-нен аспай отыр. 1994 жылғы мәліметтер бойынша, ТҰҚ басқа елдердің инфрақұрылым салаларына 14 млрд. долл. салды, ал ол жинақталған шетел активтерінің тек 2,3% құрайды. Трансұлттандыру басында инфрақұрылым салаларының маңызы жоғары болған еді. 1940 жылы АҚШ фирмаларының Латын Америка мемлекеттеріне салымдарының 1/3 бөлігі тиетін еді.
Бірақ келесі онжылдықтарда ұлттандыру мен экспроприация процесінің толқыны шетел капиталының инфрақұрылымындағы қатысу үлесін күрт төмендетті. Тек соңғы уақытта бұл тенденцияның өзгеруі байқалуда.
Қазіргі уақыттағы ТҰҚ инфрақұрылым салаларына қызығушылығы бірнеше факторға байланысты.
Үкімет инфрақұрылымның дамымағандығы ұлттық экономиканың дамуына тежеу болатынын түсініп, осы салаларда мемлекеттік бақылауды азайту мен жекешелендіруге барып, инфрақұрылымға шетел инвестициялары мен технологияны тарту шараларын жасауда.. Жекешелендіру 1988 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде инфрақұрылым салаларына жекеше капиталдың 40 млрд. доллар ресурсын тартуды қамтамасыз етті және оның 50% астамын шетелдік тікелей және портфельді инвестициялары құрады.
Ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу нәтижесінде, инфра-құрылым салалары, ең алдымен телекоммуникация түбегейлі езгерістерге ұшырады. Егер бұрын, бұл сфераларда табиғи монополия үстемдігі жүрсе, енді олар тиімді инвестициялар жасаудың үлкен потенциалы бар бәсекелес салаларға айналды. Көптеген елдерде инфрақұрылым дамуын қаржыландыруға мемлекет бюджетінің ресурстары жеткіліксіз болуда. Соған сәйкес, жеке меншік капиталды тарту қажеттілігі туындайды. Көбінесе ол ТҰҚ жинақталып, мысалға мына тізбектер арқылы құрылыс-басқару-беру; құрылыс-иелену-басқару; құрылыс-иелену-беру сияқты жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Тікелей шетелдік инвестициялардың инфрақұрылым салаларындағы жеткіліксіздігіне қарамастан, ТҰҚ іс-әрекетін кеңейту үшін жағдайлар өте көп. Капитал салымдарының қажетті мөлшер деңгейінің жоғары болғанына карамастан, көптеген жобалар инвесторлар үшін қызықты және тартымды болуда. Тікелей шетел инвестициялары мен инфрақұрылым салаларын мемлекеттік реттеудің ырықтандырылуы және инвестицияға кепілдік берумен жүргендіктен, ұлттандыру мүмкіндігінің қатерін төмендетуде.
Сөйтіп, халықаралық капитал қозғалысы әр түрлі каналдар арқылы жүргізіліп жаткан қазіргі заманда дүниежүзілік байланыстардың ең қарқынды дамып келе жатқан түрі болып табылады. Интернационализация процестері соңғы он жылдықтарда тікелей шетелдік инвестициялар, соған сәйкес, оның басты субъектілері - халықаралық корпорацияның, әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастарда маңызын жоғарылатты.
8.3 Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы.
Мақсатына байланысты кәсіпкерлік капитал салымдар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Алғашқылары, ұзақ мерзімдегі мүддеге байланысты болып, меншік құқығы мен басқарудағы құқықтарына ие болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоғарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады. Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:
өзі үшін қалыпты рынокты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер рыногына шығудың бастамасы;
әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі рынокты құру;
аймақтық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің мүддесін қосу;
Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып;
шет елде кәсіпорындар, оның ішінде филиалдар мен (тәуелді) кәсіпорындарды құру;
контаркт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу (захват) болып табылады.
Тікелей инвестициялар әлемдік рынокта халықаралық корпорациялардың үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. Бұл жағдай көбінесе шетелдік инвесторда компанияның акционерлік капиталының 25-нен аз емес бөлігі болғанда жүзеге асады. АҚШ, ГФР, Жапония статистикасы бойынша, тікелей инвестицияларға, акционерлік капиталдың 10 жоғары болып, кәсіпорынды бақылауға мүмкіндік беретін инвестицияларды жатқызады. П.Х.Линдерт пікірі бойынша, тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылык,... ең алдымен бақылау мәселесінде.
Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы "тиімді дауысын" түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:
шет елде акциялар сатып алу;
пайданы қайта инвестициялау;
ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану.
Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған: субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім-шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігі кеңею процесі, глобалды мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 1914 жылдан екінші дүниежүзілік соғыс аяғына дейін шетелдік капитал салымдары 1/3-ге көбейді. Одан кейін ол әр 10 жыл сайын, одан кейін 6-7 жыл сайын еселеніп отырады. 50-жылдар ортасынан ол 4 есе өсті, ал 80-жылдарға әлем 450 млрд. доллары бар капитал салымдарымен аяқ басты. 1990 жылы оның көлемі 1,7 трлн. долларға жетіп, 1996 жылы тікелей инвестициялардың жалпы сомасы 3 трлн. АҚШ долларына жақындады.
Соғыстан кейінгі жылдары жеке меншік компаниялар тарапынан шетелдік кәсіпорындарға капитал салымдарының күрт өсуі байқалды. Тікелей инвестициялардың негізгі бөлігі өндірісі дамыған елдердің өңдеуші салаларына бағытталды. Бұл сала капитал тартушы ел үшін ең тиімді болып табылады. Экспорттаушы ел тікелей инвестицияларды белгілі бір ресурстарға қол жеткізу мен өнімі үшін рыноктарды жаулау мақсатында жүзеге асырады. Көбінесе ірі шет ел компаниялары жаңа идеяларды пайдалану үшін шет елдегі жас және қауіп-қатерлігі жоғары компанияларды сатып алуда. Мысалға, GеnегаL Моіогs компаниясы Жапон кәсіпорындарын сатып алу арқылы олардың шығынды азайту мен жобалау тиімділігін, жаңа өнімдерді құрастыру технологияларын алды, ал неміс автомобиль жасау фирмасын сатып алғанда, олар немістердің баскарудағы іс-әрекет ұйымдасуы мен методикасын пайдаланды. Және бұл көлденең болсын, тік бағытта болсын іске асырылуы мүмкін. Сөйтіп, ірі американдық капитал сыртқы инвестицияларды жоғары пайда алу мақсатында ғана емес, өзінің өндірісін дамыту үшін пайдалануда. Басқа елдердің жетістіктері, әсіресе, АҚШ-та қолданылуда. Ал американдық тәжірибені пайдалану мақсатында жапон және еуропалық компаниялар өз капиталдарын АҚШ экономикасына салуда. Осы мемлекетаралық капитал ауысу арқылы индустриалды елдер даму деңгейінің бірдей болуына әкеледі.
60-жылдардан 70-жылдар соңына дейін капитал миграциясының ең үлкен аймағы Батыс Еуропа болды. Бұл интеграция процесінің дамуымен тікелей байланысты. Инвестициялардың қарама-қарсы жүруі Еуропа экономикалық одағының өзара салымдары және басқа елдерден капитал ағымы есебінен жүзеге асырылады. Ал 80-жылдары АҚШ шетел капиталын тартудың негізгі, қуатты орталығына айналды. Ол, көбінесе, пайыз мөлшерін жоғарылатқан, Р.Рейган үкіметінің саясатымен байланысты болды.
Дамыған елдер арасындағы капитал сіңісуінің бірнеше себептері бар. Алғашқысы, 50-60 жылдардағы дамушы елдердегі инвестициялық ахуалдың төмендеуіне байланысты. Сол кезеңде дамушы елдерде ұлт азаттық қозғалыстың кең етек жаюы шетелдік меншікті ұлттандырумен сипатталған еді. Арзан өндірістік ресурстар, оның ішіндегі арзан жұмысшы күші сияқты факторлар өз мәнін жоғалтты. Жаңа технологияларды пайдалану шикізатты үнемді пайдалану мен жоғары маманды жұмыс күшін қажет етті. Екінші себебі дамыған елдерде ғылымды көп қажет ететін өнімінің ірі өндірісін құру үшін алғышарттарының болуында. Оған жоғары маманды жұмысшы күші, қаржы ресурстары мен сыйымды ішкі рыноктар кіреді. Үшінші себеп ғылыми-техникалық революциясының өрістеуіне байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың бұл даму кезеңінде капиталдың өзара қозғалысы үшін жаңа себеп - жекелеген индустриалды елдердің ғылыми-техникалық жетістіктерін толық пайдалануға тырысуымен сипатталды. Алдыңғы қатарлы технология жетістіктеріне қол жеткізу үшін ол елдерде филиалдар, бірлескен кәсіпорындар және т.б. ұйымдар ашылды. Төртінші себебі, орта және ұсақ кәсіпорындардың үшінші елдерден тауар әкелуін қиындатқан интеграциялық топтарының кедендік шектемелерін айналып өтуімен байланысты болды.
Ең соңында капиталды шетке шығарудың басты мақсаты -максималды пайда алу. Ол үшін пайда нормасындағы айырмашылық, салық салудағы ерекшеліктер, шикізат пен материал бағаларындағы өзгешеліктер пайдаланылады.
Капитал экспортының географиясының өзгеруі туралы айтқанда, бір қызық жәйтке көңіл аудару қажет. Қазіргі кезде капитал миграциясы тек өндірісі дамығын елдер арасында ғана емес, солар мен дамушы елдер арасында да өтуде. Біз дамушы елдерден, әсіресе ОПЕК ұйымының елдерінен дамыған елдерге капитал экспортына куә болып отырмыз. Бұл бағыттағы капиталды шығару дамушы елдерге жоғары табыс әкелумен қатар, олардың өндірісі дамыған елдермен экономикалық байланысын нығайтады.
Тақырып 9. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері. Еңбек миграциясы - адамзаттың өмір сүруі сияқты көне құбылыс. Тарихымыздың басында әскери жаулау сипатында болған халықтардың көшіп-қонуы байқалған. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінің әр түрлі түрлерін енгізді. Алғашқы қауымдық құрылыста бос жерлерге көшіп-қону, ең алдымен, өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдарды құнарлы, ауылшаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.
Кұл иеленушілік және феодалдық құрылыс кезінде территориялық қозғалыстар шектелген ауқымда болды. Ол өндірушінің жеке тәуелді болуына байланысты болды. Соған қарамастан, құлдар еңбегі мен құлдар саудасы, мысалға Америкаға құлдық плантациялық шаруашылық үшін жеткілікті жұмыс күшін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капиталистік құрылысқа дейін кеңістіктегі еңбек мобильдігі әр түрлі формалар - отарлау, құл саудасы - арқылы жүзеге асырылды.
Капитализм жағдайында халықтың территориялық орын ауыстыру сипаты күрт өзгерді. Жұмысты іздеуге байланысты көшіп-қонудың жаңа түрі пайда болды. Капитализм мен нарықтық экономиканың осы жағдайларында экономикалық мәжбүрлікке негізделген жұмысшы күші миграциясы халықаралық деңгейге шығады,
Территориялық мобильдіктің күшеюі бір жағынан жұмысшының өндіріс құралдарынан бөлініп, заңды еріктілігіне негізделген жұмысшы күшінің тауарға айналуы болса, екінші жағынан капитал қорлану процесі жұмысшы күші қозғалысының объективті себебі болды. Сөйтіп, капитализм кезіндегі өндіргіш күштердің өсуі мен дамуы жұмысшы күшінің миграциясын күшейтуді меңзейді. Капитализм дамуымен миграциялық процестегі жұмысшы күші миграциясы, басқаша айтқанда еңбек миграциясы кең өріс алды.
Капитализм дамуының әр сатысында еңбек миграциясы ұғымына өзіндік түсінік болған.
1880 жылға дейін Батыс Еуропа, Англия, Германия және Швецияның бір бөлігінде ескі имиграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезеңде ірі машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы, әсіресе аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.
Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгрия, Италия және Россиядан жұмысшыларды әкелуінен басталды.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы әлемдік шаруашылық байланыстар күрт өзгеріп, ғылыми-техникалық прогресс күш ала бастап, еңбек күші рыногының интернационализациясы жұмысшы күшінің миграция процесіне елеулі өзгерістер әкелді.
Сөйтіп. енбек миграииясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы.
Халық миграциясының басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандану мен бағытталуының, ұсынысы мен сұранысының сандық және сапалық сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.
Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің кетуі, миграциялық сальдо ұғымдары тән.
Иммиграция - жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.
Эмиграция – жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс орындарын алу мақсатымен елден кетуі.
Реэмиграция - эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып келуі (оралмандар).
"Милардың ағымы" -жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.
Миграциялық сальдо - кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің келуі байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:
Қайтпайтын -тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция. Миграцияның бұл түрі белгілі бір жағдайларда АҚШ, Канада, Австралия, Германия, Израильде рұқсат етілген.
Маусымдық - қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе маусымдық мигранттар болып табылады.
Маятникті мигранттарды "фронтальерлер" деп атайды. Жұмысшы-фронтальер-мигранттар күн сайын көрші мемлекетте жұмыс істеу үшін шекарадан өтеді.
Амалсыз миграция. Амалсыз миграция экономикалық емес себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдерінің дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.
Соғыстан кейінгі жылдары болған ірі миграциялық ағымдар жаңа мемлекеттік шекаралар орнауы, әлемдік социализм жүйесінің пайда болуы және отарлық жүйенің күйреуімен байланысты болды.
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Потсдам келісіміне сәйкес Германия шекарасы халықтың басым бөлігі ГДР мен ГФР территориясына көшуіне әсер ететіндей өтті. Шығыс Азияда Қытай мен Кореядан Жапонияға 6 млн. адам көшірілді.
Израиль, Вьетнам, Куба, Эфиопия, Ауғаныстандарда саяси өзгерістер, басқаша айтқанда әскери агрессия мен азаматтық соғыстар халықтың ірі көшіп-қонуына әсер етті.
XX ғасыр босқындар ғасыры деп аталуда. 1999 жылы әлемде олардың саны 27,4 млн. адамнан асып кетті. (1980-9,6 млн.) Амалсыз миграция көптеген елдерге әсер етіп, әлемдік сипат алды. Амалсыз мигранттардың басым бөлігі - 83 пайызы - дамушы елдерде орнықты.
Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық миграция Ресми және заңсыз болып бөлінеді.
Заңсыз мигранттар - елге жұмыс іздеу барысында, заңды (жеке шақырулар, турист ретіне) немесе заңсыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасқан адамдар. Рұқсатсыз орналасқандар заңсыз деп саналады.
Халықаралық миграцияға бірқатар заңдылықтар тән:
Миграция процесінде басты орынды еңбек миграциясы алады. Мемлекетаралық миграцияда, қазіргі еңбек күші рыногында еңбек детерминантасы басты болып табылады.
Халықаралық миграция қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде күнделікті құбылыс болды. Бұл процесс қалыпты түрде дамуда. Әлемдік миграция айналымына көптеген елдердің жұмысшылары қатысуда. Сондықтан капитал, тауар рыноктарымен бірге халықаралық еңбек күші рыногы пайда болып, оның негізгі қозғаушы күші еңбек миграциясының процесі болды.
Заңсыз миграцияның кең ұлғаюы байқалуда
Мигранттар арасында жоғары маманданғандардың үлесі өсуде.
9.2 Миграцияның экономикалық эффектілері. Халықаралық еңбек күші миграциясы көптеген ғасырлар бұрын пайда болды, осы уақыт ішінде жұмысшылардың қозғалысын түсіндіретін теориялық негіздерде елеулі өзгерістер болды. Экономистер арасында еңбек күші миграциясы анықтамасында, оны зерттеудің тәсілдерінде біраз қайшылықтар бар.
Бірқатар ғалым-экономистердің пікірінше, халықаралық еңбек миграциясы - бұл басқа елдің территориясындағы еңбек іс-әрекетімен байланысты халықтың территориялық қозғалысының барлық түрлерінің жиынтығы. Бұл жерде территориялық халық қозғалысы оның басқа түрлерімен - табиғи және әлеуметтік-қозғалысымен - тығыз байланыстылығы түсіндіріледі.
Зерттеушілердің бір бөлігі миграцияны еңбек рыногында ішкі тепе-теңсіздікті жою әдісі ретінде қарастыруда. Егер елде еңбек күшінің тапшылығы болса, шетел жұмысшы күші тартылады, ал артықшылығы болса, жұмысшыларды шетелге жұмысқа орналастыру ынталандырылады.
Батыс экономикалық әдебиеттерінде еңбек күшінің территориялық қозғалысы экономикалық ғылымның дәстүрлі тақырыбы болып табылады.
Белгілі ғалымдар Е.Ли, Р.Харрис, М.Тодаро, М.Тапинос еңбектерінде миграция донор-елдер мен рецепиент-елдердегі жағдай теңсіздігі салдары немесе осы екі топ елдердің ішкі теңсіздіктер нәтижесі ретінде көрсетілген. Бұл авторлар миграцияның қозғаушы мүдделерін нақтылап, жекелеген факторлар арасындағы сандық тәуелділігін анықтап және миграция ағымдарының қарқындылығын нақтылауға талаптанды. Көрсетілген авторлар халықаралық миграцияны рецепиент-елдің экономикасына мигранттардың еңбегін пайдаланудың салдары негізінде қарастырды.
А.Льюис пен К.Кандлебергер2 экономикалық өсу мен шетелдік еңбекті шексіз пайдалану мүмкіндігі арасындағы тікелей байланыстылық туралы тұжырымды алға шығарды. Осы теориялық негіздемелер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ОЭСР елдерінің ресми доктринасының негізіне кірді. Осы доктрина тұрғысынан шетел еңбегін тарту экономикалық өсудің ынталандырушы құралы ретінде қарастырылды.
Неокейнсшілер миграция нәтижесінде, әсіресе жоғары маманды жұмысшылар эмиграциясы елдің экономикалық жағдайының нашарлануына әкелу мүмкіндігін мойындаған.
Соңғы жылдары миграцияны талдауда негізгі көңіл экономикалық өсудің эндогендік факторы ретіндегі адам капиталының шоғырлануын зерттеуге ауды. Өйткені жинақталған адамзаттық потенциал экономикалық дамудың алғышарты болып табылады. Миграция теориясында бұл тәсіл елдер арасындағы экономикалық өсу қарқынындағы айырмашылықтың бір түсініктемесі болуда.
Осы көзқарасты бірқатар зерттеушілер де ұстанып, жұмысшы күшін шеттен тарту экономикалық тоқыраудан құтқармайтындығын, өйткені шетел жұмысшыларының санын реттеудің бұрынғыдай кең мүмкіндіктері жоқ болмағанымен түсіндіруде. Сондықтан, миграцияны капиталистік экономиканың трансұлттандырудың жалпы заңдылықтарының көрінісі ретінде қарастыру концепциясы алға тартылды. Шетел еңбегін пайдалану ішкі отарлау терминімен сипаттала бастады. Басты назар мигранттардың алдын ала еңбек рыногының екіншілік сегменті шеңберінде жұмысқа душар болатындығына аударылды. Ол еңбектің ауыр және зиян жағдайлары мен, кәсіби өсу мүмкіндігі жоқтығымен сипатталады.
Айта кететін жағдай, бар концепциялардың біреуі де іс жүзінде дәлелденбей, миграция жолында қабырғалардың және онда есіктердің неліктен болуын түсіндірмеді.
ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары неолиберализм тұрғысынан халықаралық миграцияны зерттеу кең тарады. Бұл жерде миграция адам капиталының қозғалысының моделі ретінде көрсетілді. Бұл концепцияның негізгі қағидасы Дж.Саймонның "Иммиграцияның экономикалық салдары" еңбегінде көрсетілді. АҚШ-ты мысал ретінде ала отырып, Дж.Саймон мынаны дәлелдеді:
Иммигранттар отбасы - инвестиция үшін тиімді объект. Иммигранттар жанама (сұранысты кеңейту арқылы) және жаңа бизнесті дамыту арқылы тікелей, жаңа жұмыс орындарын жасақтауға ықпал етеді.
Иммиграция жалақы мен табыс бөлінудің орта деңгейіне елеулі әсер бермейді. Тек жекелеген жағдайларда белгілі кәсіптік топтар ішіндегі бәсекелестіктің күшеюіне, кейде жалақының төмендеуіне әкеледі. Бәсекелестік күшеюінен бір мамандық өкілдері ұтылса да, жалпы алғанда, қоғам ұтыста болады.
Халықаралық еңбек миграциясы өндіріс факторларының тиімді пайдалануына әсер етеді.
Донор-елдерде ақша аудару түріндегі мигранттардан түсетін валюталық қаржылар оң әсерін береді.
Бірақ, миграцияның жалпы теориясы әлі де толық жасақталған жоқ, ал өндіріс факторлар теориясы миграция құбылысын толық түсіндіре алмайды. Арзан жұмысшы күші мен жоғары пайда мүмкіндігі, еңбек күші молдылығымен сипатталатын елге капитал тартылу үшін жеткіліксіз.
Еңбек күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны
Еңбек рыногынсыз әлемдік экономикалық жүйенің толық іс-әрекет етуі мүмкін емес. Бұл жүйенің қозғаушы және өзгертуші күштерінің бірі болып еңбек күші миграциясы табылады. Әлемдік еңбек күші рыногы шетел жұмысшы күшіне ұсыныс пен сұраныс механизмі жұмыс істеген жағдайда пайда болады. Сонымен қатар, ұсыныс пен сұраныс абстрактылы емес, жұмысшы күшінің оның пайдалану жеріне қозғалысының нақтылығы арқылы жүзеге асырылады.
Енбек күші рыногының үш типі болады: жергілікті (аймақтық), ұлттық және халықаралық, жергілікті (аймақтық) еңбек рыногына мыналар тән:
- Енбек ресурстарының бір бөлігінің шетелге кетуі жергілікті деңгейде өте қатты білінеді. Ол жекелеген кәсіптік-мамандық топтар, салалар, территорияда білініп, енбек ресурстарының құрылымдык тапшылығының пайда болуына әкелуі мүмкін.
2. Иммиграция жаңа жұмыс орындарын жасақтауға көмектеседі.
Миграцияның оң және теріс әсері ұлттық еңбек рыногында жақсы байқалады:
Еңбек күші миграциясы жергілікті еңбек рыноктарындағы шиеленісті жоя алады.
Сыртқы еңбек миграциясы еңбек күшінің сапалық құрылымының өзгеруіне әсер етеді.
Миграция маманданған және маманданбаған жұмысшы күші тапшылығын жоюдың көзі ретінде табылады. Ұлттық еңбек рыногының тиімді дамуы тек еңбек күшінің еларалық қозғалысының еркіндік жағдайында болуы мүмкін;
4. Жоғары білікті мамандардың шетелге "ауып кетуі". Халықаралық еңбек рыногында:
Миграция ұсыныс пен сұраныс механизмінің тәсілі ретінде көрінеді.
Миграция жергілікті рыноктарды мамандық, кәсіп, мамандық деңгейі бойынша қамтамасыз етеді.
Ол ұлттық рыноктарда жұмысшы күші санын реттеу функция- сын атқарады.
Халықаралық еңбек рыноктарын зерттеу барысында қазіргі уақытта еңбек қатынастарының негізгі модельдері айқындалғаны белгілі болды. Ол модельдерге еуропалық (құрлықтық), англосаксондық, қытайлық, скандинавтік, жапондық және тағы басқалары жатады.
9.3 Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу. Кез келген елдің миграциялық заңы екі негізгі бөлікке белінеді: миграциялық және эмиграциялық.
Донор ел - бұл жұмысшы күшінің белсенді экспорты бар мемлекет. Миграциялық сальдосы теріс болады.
Реципиент ел - жұмысшы күшінің белсенді ағымы келіп, оның импорты байқалатын мемлекет. Миграциялық сальдо оң болып табылады.
Донор елдердің қатарына дамушы елдер, ал реципиент-елдерге жоғары дамыған елдер тобының кіруі жалпы әлемдік тенденция болып табылады.
Қазіргі экономикалық әдебиетте еңбек миграциясының түрлі елдердің экономикасына әсер етуінің нәтижелері белсенді түрде зерттелуде. Ел экономикасына экспорт-импорттың әсерін ашатын теориялар аса көп қызығушылық тудыруда. Донор елдің экономикасында миграция нәтижесі бірден көрінбейді, әсіресе теріс жақтары біраз мерзімнен кейін байқалады, ал реципиент -елдің нәтижелері, керісінше, бірден көріне бастайды.
Донор елдің экономикасына миграция әсері туралы 80-жылдары өткізілген зерттеулер нәтижелері сыртқы халық миграциясы көбінесе осы елдердің еңбек рыноктарының қалыпты жағдайға келуін көрсетті.
Мысалға Пәкістанда 80-жылдардың екінші жартысындағы миграция елдегі жұмыссыздық деңгейінің 1/3 бөлігіне азаюына әкелді. Осындай жағдайлар Бангладеш пен Үндістанда да байқалды.
Көптеген мамандардың пікірінше, миграция процесінің дамуы донор елден ең маманданған, белсенді еңбек ресурстарының кетуіне әкеліп соғады. Олар шетелге білімділердің кетуі, ел экономикасына толтырылмайтын зиян әкеледі деп есептеуде. Соңғы онжылдықтардағы зерттеулер бұл көзқарастарды растады. Миграция нәтижесінде ел өз жұмысшы күшінің қаймағы болатын адамдарынан айырылып, босаған жұмыс орындарына дайындығы мен белсенділігі төмен жұмыскерлермен толықтырылатын жағдайлар болған. Мысалға Египетте құрылыс жұмысшыларының Парсы шығанағына жаппай эммиграциясы елдің құрылыс саласындағы еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Иордания да осыған ұқсас жағдайда, басқа елдерден агроөндірістік салалар мен ауыл шаруашылығына жұмысшыларды тартуға мәжбүр болды. Еңбек миграцияның ауқымдылығына байланысты, Йемен де елеулі экономикалық қиындықтарға душар болды.
Сонымен бірге 80-жылдардағы зерттеулер жағдайлардың тек осындай сызба бойынша дамымайтындығын айқын көрсетті.Көптеген жағдайларда, миграция белсенділігі маманданбаған, жартылай маманданған еңбек ресурстарының кетуіне байланысты екені белгілі болды. Халықаралық еңбек ұйымы деректері негізінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, Таяушығыстық экономикалық өрлеу кезінде негізгі азиялық донор-елдерден шыққан еңбек мигранттарының көбі аз маманданған немесе маманданбаған болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта бұл елдерде кәсіптік-мамандану құрылымы сақталып, олар үй қызметшілерін экспорттауға мамандануда.
Маманданған жұмысшылардың кетуі барлық жағдайда орны толмас зиян әкеле бермейді. Оның салдары еңбек рыногындағы жағдай мен сыртқы миграцияға қай кәсіптік топтар енетініне байланысты. Бірқатар Оңтүстік Азия елдерінде, маманданған еңбек ұсынысы сұраныстан көп болғандықтан, еңбек миграциясы жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін жоғарылатты.
Эмиграциялық мәліметтерді зерттеу миграцияның орта табыс пен жалақының орта деңгейінің көтерілуіне әсер ететінін көрсетті. Тіпті халықтың ең кедей топтарының табысы мен жалақысының деңгейін аз дегенде кемітпей, жоғарылауына әкеледі. Сондықтан әлеуметтік салада миграцияның оң әсерін көбінесе қоғамның барлығының болмаса да, бір бөлігінің әл-ауқатының жоғарылауымен байланыстырылады.
Оның кері салдарына, көбінесе, әлеуметтік теңсіздіктің өсуі мен осы негіздегі қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуін жатқызады. Бірақ бүгін эксперттердің көпшілігі бұл көзқарасты, бірқатар зерттеулерге жүгініп, қолдамайды.
Азия миграциясын ДЕҰ-БҰҰ жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеулер осы елдердің мигранттарының көбісі шетелге жұмысқа орналасуына дейін әлеуметтік сатысының ең төменгі топтарынан, маманданбаған еңбекшілер екенін анықтады. Сондықтан еңбек миграциясы әлеуметтік теңсіздікке емес, қайта әлеуметтік теңсіздіктің төменделуіне әкеледі.
Экспортер ел мен импортер ел үшін ең үлкен мәселе қабылдаушы елдегі жұмысқа алу, елге келу мен еңбек жағдайын реттейтін заңдарды бұзумен байланысты заңсыз миграция болып табылады.
Заңсыз миграция мәселесі барлық елдерге тән. Бұл құбылысқа теріс көзқарас, елде ресми рұқсатсыз болудың ішкі еңбек рыногында бәсекелестікті шиеленістіре түсуімен байланысты, өйткені заңсыз мигранттар ең төменгі ақыға жұмыс істеуге келісіп, әлеуметтік төлемдерді талап етпейді. Оған қосымша, олар мемлекетке салық төлемейді, өйткені жұмыс берушілер заңсыз жұмысшыларды пайдалануын барынша жасыруға тырысады. Басқа жағынан бұл жұмысшылар салық төлеушілер арқасында жасалған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға мүмкіндік алады, сондықтан олар қоғам үшін масылға (өз жағынан ешқандай шығын шығармай қоғамдық игіліктерді пайдаланушы (экономикалық, саяси, психологиялық және тағы басқадай) айналады.
Заңсыз эмиграцияны, көбінесе еңбекке жарамды халықтың артық мөлшері бар, дамушы елдердің төмен маманданған жұмыскерлері қолданады. Соңғы уақытта бұл мәселе ұшықтырыла түсті. Мысалға АҚШ-та 1 млн. заңсыз мигранттар бар, ал Германияда елге келгендердің 1/Ззаңсыз осы елде қалып қояды.
Донор-елдердің экономикасы үшін мигранттардың валюталық қаржыларының келуінің өте маңызды мәні бар. Олар көптеген елдерде қаржы жағдайының жақсаруына көмектеседі.
Төлем балансының статистикасындағы еңбек күші миграциямен байланысты көрсеткіштер ағымдағы операциялар балансының бір бөлігі болып табылып, 4 баппен топтастырылады:
Еңбек табысы, жұмыстыларға берілген төлем - ел резиденттеріне мигранттардың (жекелеген резидент емес тұлғалар) жасаған жұмысы үшін алынған еңбекақы, нақты ақша немесе заттай басқа төлемдері. Жеке резидент емес тұлғалар қатарына бір жылдан кем болған шетел жұмысшыларының бәрі, оның ішінде маусымдық жұмысшылар, шекаралас мемлекеттерден келген жұмысшылар, уақытша табысқа келген жұмысшылар, шетел өкілдіктеріндегі жергілікті персонал кіреді.
Мигранттар ауысуы - мигранттардың басқа елге көшкендегі өзімен бірге алынатын мүліктің ақшалай құнының бағалау көрсеткіші. Бұл жердегі эмигранттың мүлігін шығару елдің тауар экспорты ретінде көрсетіледі.
Жұмыскерлердің аударулары - мигранттардың отанында қалған туыстарына ақша мен тауарды жіберулері. Жіберу кезінде олардың бағалық құны есептелінеді.
Жеке төленбеген аударулар - мигранттардың кетер кездегі алынған мүлік пен келесіде отанына тауар жіберулерінің ақшалай эквивалент бағасы.
Экономистердің есептеулері бойынша, еңбек күшінің экспорттық тиімділігі тауар экспортының тиімділігінен бес есе көп. Мысалға, жұмысшы күшінен алынған табыс ұлттық төлем балансындағы барлык валюта түсімдерінің 20-30 пайызын құрайды.
Бірқатар ел үшін, әсіресе кішігірім елдер үшін эмигранттардың ақшалай аударулары валюталық түсімдердің маңызды көзі ретінде болуда- Мысалға, Буркина-Фасода тауар экспортынан түсетін түсімдердің 31-42 пайызын, Капо Вердеде -39-54 пайызын, Йеменде 28-72 пайызын қүрайды.
Үндістан, Пәкістан сияқты ірі елдерде оның мөлшері экспорт түсімдерінің 10-27 пайызын құрайды. Еңбек ресурстарының экспорты бойынша 1 орынды иеленетін Филиппинде бұл саладан жыл сайын 3 млрд АҚШ долларына дейін ақша түсіп, тауар экспорты табысы тек 9 млн. АҚШ долларын құрауда. Эмигрант-жұмысшылар үшін қор жинау нормасының жоғары болуы тән. Қор жинаудың орташа нормасы түрік эмигранттарында 35 пайызға, пәкістандықтарда 70 пайызға дейін болуда.
Ақшалай аударулар өндірістің өсуі мен жұмыстылық деңгейіне әсер ете алатын ішкі сұранысты ынталандырады. Бірқатар ішкі еңбек рыноктары тар елдерде олар инфляциялық қысымды күшейтіп, импорттың кеңеюіне әсер етуі мүмкін.
Теориялық тұрғыдан, еңбек күші экспортер-елдің табысының, басым бөлігі эмигранттардың ақша аударулары болса да, онымен шектелмейді. Басқа да төлем балансына оң ықпал ететін табыстар - шетелде жұмысқа орналастыратын фирмаларға салынған салықтар, эмигранттардың өз еліне жасаған портфельді және тікелей инвестициялар, оқытуға, денсаулық сақтау мен басқадай әлемдік шығындардын азаюы т.б. Эксперттердің есебі бойынша, отанына қайтқанда мигранттар өзімен бірге, алдында банктер арқылы жасалған аудармаларға тең мөлшерде қаржы әкеледі деп саналуда.
Экспортер - ел үшін болатын оң салдарға еңбек рыногындағы жағдайдың жақсаруы, әлеуметтік шиеленістің әлсіреуі, елге валюта қаржы ағымының ұлғаюын жатқызуға болатыны сөзсіз. Отанына Қайтып келетін реэмигранттар өзімен бірге жоғары өндірістік және техникалық деңгейдегі кәсіпорында істеген тәжірибесін, кәсіпкерлік дағдыларды ала келеді. Бұл елге құрал-жабдық, машиналар әкелінеді. Осы елді әлемдік шаруашылық және экономикалық мәдениетке, тартылуына мүмкіндік беріп, оған сауда-экономикалық серіктес ретінде қызығушылықты жоғарылатады. Осының нәтижесінде экспортер ел маманданған жұмысшыларды ақысыз алады. Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, еңбек миграциясының теріс және оң салдары бар екенін айтамыз. Оны 1-кестеде көрнекті түрде көруге болады.
Теріс жақтары |
Оң жақтары |
1. Активті эмиграция экономика, ғылым техниканың кейбір бағыт-тарының дамуын баяулатады. |
1. Кәсіби ұтыс: кәсіби білімнің жо-ғарылауы, нарықтық экономикамен танысып, оны басқару әдістерін білу. |
2. Қоғам халықтық ең интел-лектуалды тобы, жоғары кәсіби, іс-әрекет белсенділігі бар ғылыми-еңбек потенциалын жоғалтады. |
2. Экономикаға валюта қаржыларының келуі. |
3. Халықтың кетуі елдегі демо-графиялық жағдайға әсер етіп, оның қартаюына әкеледі. |
3. Еңбек рыногында шиеленісті төмендету. |
Әрбір ел өз миграциялық саясатының бағыттары мен мақсаттарын анықтауда еріктілігіне қарамастан, халықаралық ұйымдар құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық ережелер бар. Еңбек миграциясының мәселелерін реттеудің үш деңгейі бар: халықаралық, аймақтық және ұлттық.
Халықаралық деңгейде еңбек күші миграциясын реттеуде 185 мемлекет-мүшесі бар, штаб-квартирасы Нью-Йоркте орналасқан, 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы маңызды орын алады.
БҰҮ-ның арнайы құрылымы - қашқындар ісі бойынша (БҰҰ) Бас комиссары Басқармасы 1950 жылы құрылды. 1951 жылы 108 ел қашқындар статусы конвенциясына қол қойды.
Халықаралық миграция ұйымы (ХМҰ) 1951 жылы, Женевада құрылды. Осы ұйымға 48 мүше-ел мен 35 бақылаушы-ел кіреді. Ұйымның маңызы жылдан жылға өсуде. Халықаралық миграция ұйымының мақсаты - халықаралық миграцияның жоспарлығы мен тәртіптелуін, оны ұйымдастыру, тәжірибе мен ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Оның қалыптасқан ұйымдық құрылымы бар. Сол арқылы талаптанған мигрант пен еңбек бойынша мемлекеттік органдарды қандай да бір елдің еңбек рыногындағы жағдай туралы, оның ішінде кәсіптер, мамандану, жұмысқа алу жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Халықаралық еңбек ұйымы - 1919 жылдан жұмыс істеп келе жатқан, ең қадірлі ұйым болып табылады. Оның құрамына 160 мемлекет мүше болып кіреді.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдар эмиграция елдеріндегі жағдайды зерттейді миграция ағымдарының пайда болуын болжап, барлық мүше елдерді миграциялық салада саясатын үйлестіріп, халық қозғалысына бақылау орнатуға байланысты ұсыныстар беріп, эмиграциялауға шешім қабылдаған адамдар санын қысқартудағы алдын ала шараларын ұсынады.
Сыртқы еңбек миграциясының халықаралық құқықтық негіздеріне жататын төмендегі құжаттар:
10.12.48 жылғы жалпы адам құқығы декларациясы.
16.12.1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактысы.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасу Кеңесінің қорытынды актісі 1.08.1975 жыл.
1986 жылғы Веналық кездесудегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасу кеңесінің мүше елдерінің қорытынды құжаты.
Сыртқы еңбек миграциясы, жұмысшы мигрант пен жанұя мүшелері туралы Халықаралық еңбек ұйымының концепциялары мен ұсыныстары.
Еңбек миграциясы - объективті экономикалық процесс. Ол ұлттық заңдар мен халықаралық нормативті актілер негізінде өркениетті түрлерімен жүзеге асырылады. Осы мәселеге қатысты әлемдік қауымдастықтың көзқарасы, еңбек миграциясының жұмысқа орналасу мақсатындағы іс-әрекеті халықаралық құқықтың объектісі болғаннан бері өзгерді. БҰҰ шеңберінде бірқатар маңызды құжаттар қабылданып, олар азаматтардың басқа мемлекетте кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда заңды мүдделері мен абыройына нұқсан келтірмей, олардың құқықтары мен еркіндігіне қатысты қысымшылық жасау, экономикалық, әлеуметтік және саяси сипаттағы кедергілерді болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталды.
1966 жылы БҰҰ қабылдаған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт мүше елдерді азаматтардың келу құқығын қамтамасыз ететін норманы бекітті. Пактың 12 бабында әрбір адам кез келген елден, өзінің елінен де кетуге және келуге құқылы деп, Жалпы адам құқығы декларациясының 2 тарауының 13 бабын толық қайталауда (1948 жылы).
Қазіргі уақытта көптеген ұйымдар мен мекемелер, әсіресе БҰҰ шеңберінде, жұмысшы күші мен халықтың миграциясы мәселерімен айналысуда.
Тақырып 10.Технологияның халықаралық айырбасы
1. Халықаралық саудада тәжірибе жүзінде ғылыми -техникалық білімдерді айырбастауға қатысты бірнеше терминдер қолданылады. Соның ішінде, «халықаралық технология айырбасы», «өнеркәсіптік технология айырбасы», «ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің халықаралық айырбасы», «технологияның берілуі» сияқтьы терминдер кең қолданыла бастады. Ғылыми -техникалық білімдер саудасы бойынша жасалынатын операциялар мазмұны-коммерциялық негізде шетелдік сатып алушыларға тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар, тәжірибелік құндылығы жоғары ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін беру. Тәжірибе жүзінде мұндай операциялар технологиямен халықаралық айырбас деп аталады.
Формасы жағынан бұл сыртқы сауда келісімін сақтай отырып, технологияның берілу негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар «ғылыми-техникалық байланыстар» терминінің де мәні зор. «Ғылыми-техникалық байланыстар» халықаралық сауда операциясын жүргізу жолмен жүзеге асырылатын өндірістік тәжірибе, техникалық өңдеулер, тәжірибелік-конструкторлық, ғылыми зерттеулер нәтижелерімен айырбас негізінде байланыста болатын валюта-қаржылық, құқықтық қарым-қатынастар жиынтығы. Әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде маңызды роль атқара отырып және осы жүйенің маңызды бөлігі ретінде, ғылыми-техникалық байланыстар әлемдік қол жеткізілген жетістіктердің жедел түрде ғылым мен техника саласында қолданылуына жағдай жасайды.
2. Берілетін технологияның түрлері:
1. Пайдалы, тиімді модельдер.
2. Өнеркәсіптік үлгілер.
Пайдалы, тиімді модельдер мәні жағынан «шағын ойлап табу» болып табылады және ол барлық елде бірдей қорғала бермейді. Өнеркәсіптік үлгілер өнеркәсіп бұйымының эстетикалық қораптауын сипаттайды. Ғылыми-техникалық, өндірістік, басқару, коммерциялық, қаржылық сипаттағы білім мен тәжірибе немесе халықаралық сауда келісім шарттарында сатып алу объектісі болып табылатын, әрі ғылыми зерттеу процесінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру, өткізу және пайдалануда қолданылатын тәжірибенің барлығы «Ноу-хау» түсінігін қамтиды. Мазмұны жағынан «ноу-хау» конструкторлық, технологиялық, өндірістік, басқарушылық, коммерциялық, қаржылық та болуы мүмкін.
«Ноу-хау» құжаттар формасында (сызба, нұсқалар) немесе белгілі бір салада өндірістік тәжерибесі мол мамандардың жіберілу жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен мамандар өздері ойлап тапқан немесе қызметіне байланысты өзі білетін өндіріс процесіндегі технологиямен ғылыми-техникалық жетістіктер туралы қандай да бір мәліметтерді рұқсатсыз жарияламауға міндеттенеді.
3. Қазіргі жағдайдағы технологиямен халықаралық айырбасқа тән белгілер:
- Ғылыми-техникалық біліммен халықаралық айырбас дамуының объективтік сипаты.
-Технологиялық білімдердің монополизациялануы.
-Технологияның берілуі саласындағы фирмалардың мақсаты бағытталған саясаттың жүргізілуі.
- Сыртқы экономикалық дамудың бір құралы есебінде фирманың, технологияның корпорация ішінде айырбасын қолдануы.
- Орта және ұсақ фирманың технология халықаралық айырбасқа белсенді түрде араласуы.
- Әлемдік тауар нарығы ТҰК (транс ұлттық корпорация) арасындағы бәсекелестік күрестің күшеюіне әкеп соқтыратын, технология халықаралық айырбас ортасындағы қарама-қарсылықтың күшеюі.
- ТҰК-тің дамушы елдердің экономикалық тәуекелділіктің жаңа формасын құруға деген ынталар.
- Дамушы елдердің технологиясының берілуінде белгілі бір тәртіпті орнату үшін күресуі.
4. Технологияның берілуі саласындағы іс-әрекеттің халықаралық кодексін әзірлеу қажеттілігі туралы шешім 1947 ж.БҰҰ бас Ассамблеясында қабылданды. Кодекс жобасы 10 бөлімнен тұратын мынадай 10 преамбуладан тұрады:
- Қолдану ортасын анықтау;
- Мақсаттар;
- Қағидалар;
-Технологияның берілуі бойынша келісімді ұлттық реттеу;
- Шектеулі іскерлік тәжірибе;
- Жақтардың жауапкершілігі мен міндеті;
- Дамыған елдер үшін арнайы реттеулер;
- Халықаралық әріптестік;
- Келіспеушілікті шешу мен қолданылатын ережелер;
- Басқа да шарттар.
Тақырып 11. Халықаралық экономикалық интеграция
Экономикалық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары. Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының зандылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көп жақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болды.
Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің бұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді керсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайды.
Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскери қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенін ғаламдық Қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақытында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.
Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.
Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар - кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттык және т. б. механизмдер мен нормалар.
Төртіншіден, жоғарғы технология және озық техниканың, информатика және т. б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.
Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономикасы дамуына және еңбек бөлінісінің терендеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.
Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймактардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.
ХХ-ғ. екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халыкаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.
Қазіргі Экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен "integer" - толық) - экономикалық тұлғалардын бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінін тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық-шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара "кедергілерді" жою бағыттарында айқын көрінеді.
Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынадай алғышарттарын бөліп көрсетеді:
интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі. Мемлекетаралық интеграция, көпшілік жағдайда, индустриалды мемлекеттер арасында немесе дамушы елдер арасында қалыптасуда. Тіптен, индустриалды дамыған елдер және дамушы елдер шеңберінде интеграциялық процестер бірегей экономикалық даму деңгейінде тұрған елдер арасында жедел жүргізілуде. Дамушы және индустриалды елдер арасындағы интеграциялық типті бірлестіктерді дамыту фактілері кездесуі өте сирек және өмірде бар болғанымен, жанадан дамып келеді. Сондықтан, олардың тиімділігі туралы айту, қорытынды жасау әлі де болса ертерек. Шаруашылық механизмдерінің бастапқы сәйкессіздігінен ол елдер серіктестік туралы әр түрлі өтпелі келісім- шарттардан, сауда-жеңілдіктерінен және т.б. бастайды. Олардың іс-әрекет мерзімі ұзақ мерзімге созылып, нашар дамыған елдерде жетілген нарық механизмі қалыптасқанша созылады;
елдердің жағрапиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байла- ныстарының болуы. Әлемдегі көпшілік интеграциялық бірлестіктер жағрапиялық жақын орналасқан бір континенттегі көршілес елдерден басталған, тіптен бір тілде сөйлейтін және ортақ транспорт коммуникациялары бар елдер. Интеграциялық бірлес- тікке ұмтылған бастапқы елдер тобына - интеграциялық өзекке - біртіндеп басқа көрші мемлекеттер де кіре бастайды;
экономикалық интеграция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық. даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселе- лердің бірлігі. Экономикалық интеграция бірігетін мемлекеттер алдында тұрған нақтылай мәселелерді шешуге бағытталған. Сол себепті, негізгі міндеті нарықтық экономиканың негіздерін құру болып табылатын жеке елдер нарық жоғары дамыған, жалпы ортақ валютаға өткелі отырған елдермен интеграциялана алмайды. Сол сияқты, халқын су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналған елдер халықаралық капитал қозғалысының еркіндігін басты назарда ұстайтын елдермен интеграциялық құрылымға бара алмайды;
Демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі (экономикалық өсудің қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялык, әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. Мысалы, демонстрациялық эффектіні бұрынғы рубль аумағындағы елдердің тіпті іс жүзінде оған ешқандай көзге ілерлік макроэкономикалық алғышарттардың жоқтығына қарамастан, ЕО-на мүше болуға ұмтылыстарынан байқауға болады;
- "домино эффектісі". Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық қайта бағыт-бағдарға байланысты шарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді. Бұл интеграция маңындағы елдердің саудаларының жиі қысқаруына әкеледі. Олардың кейбіреулерінің интеграцияға маңызды назары болмаса да, оның сыртында шеттеп қалып қалмас үшін өзінің интеграциялық процестерге қызығушылық тілегін білдіреді. Мысалы, көптеген Латынамерикалық елдердің тез арада Мексикамен сауда туралы келісімдерін жасай бастауы оның Солтүстік Америка еркін сауда аймағы - НАФТА-ға кіруімен түсіндіріледі.
Қазіргі халықаралық экономиканың пайда болуы мен дамуындағы сансыз көп интеграциялық бірлестіктер өздерінің алдарына ұқсас мақсаттар қояды.
Масштабтың экономикалық басымдылығын пайдалану. Масштаб экономикасы теориясының негізі, нарықтық көлемдерді кеңейтуді, трансакциондык. шығындарды қысқарту және басқадай басымдылықты қамтамасыз ету. Бұл, өз кезегінде, үлкен нарықтарға көбірек назар аударатын тікелей шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді, себебі олардың сұранысын қанағаттандыра алатын дербес өнеркәсіпті құру мәні пайда болады. Регионалды масштабтарды ұлғайту мақсаты көбіне Орталық Америка және Африка интеграциялық топтарында айқын көрінеді.
Қолайлы сыртқы экономикалық ортаны құру. Көптеген интеграциялық бірлестіктердің басты мақсаты саяси, әскери, әлеуметтік, мәдениеттік және басқадай экономикалық емес облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы және өзара түсінушілігін нығайту болып табылады. Жағрапиялық орналасуы жағынан бір-біріне жақын және даму барысында ұқсас мәселелердің бар болуы, өзара экономикалық міндеттермен нығайтылған, кершілес елдермен жақсы қатынастын қалыптасуы - маңызды саяси приоритет болып табылады. Оңтүстік -шығыс Азия және жақын Шығыс елдері интеграциялық бірлестіктерді құра отырып, алдарына дәл осы мақсатты нақты қойды.
Сауда саясаты мақсатын шешу. Аймақтық интеграция ВТО-ға мүше болуға ұмтылған елдердің көпжақты сауда келіссөздерінде позициясын нығайтуының әдісі ретінде қарастырылады. Елдердің регионалды блок атынан келісімді сөз сөйлеп-орындауы сауда саясаты облысында басымдырақ және тілекке сәйкес салдарға жетуге мүмкүншілік береді деген көзқарас қалыптасқан. Сонымен бірге, жан-жақты сауда келіссөздеріне қарағанда, регионалды блоктар өзара сауда үшін тұрақты және алдын ала болжамды ортаны құруға мүмкүндік береді. Солтүстік және Латын Америкасы,) Оңтүстік-Шығыс Азия интеграциялық бірлестіктерінде коллективтік күшеюге көпжақты сауда келіссөз шеңберінде ерекше үміт жүктейді.
Экономиканың құрылымдық қайта қүрылуына көмектесу. Нарықтық экономиканы құрушы немесе терең экономикалық реформаларды іске асырушы елдердің нарықтық дамудың жоғарырақ деңгейіндегі елдердің регионалды сауда келісіміне қосылуы нарықтық тәжірибенің берілуінің маңызды каналы таңдап алған нарықтық курстың өзгермейтін кепілі ретінде қарастырылады. Дамуы жоғарырақ елдер көрші елдерді интеграциялық процестерге қоса отырып, онда нарықтық реформасының тезделуіне және толық әрі сыйымды нарықтың құрылуына қызығушылықпен қарайды. Осындай мақсаттарды көздеп көптеген батыс еуропалық мемлекеттер ЕО-на әр түрлі формада қосылуда.
Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау. Интеграциялық бірлестіктер үшінші елдерге қарсы дискриминациялық шараларды қарастырмайды, себебі ол жергілікті өндірушілерді қолдау жолы ретінде кеңірек регионалдық нарықтың пайда болуын қамтамасыз етеді. Осындай протекционистік көңіл-күй Латын Америкасы және Африка елдерінде СахараданОңтшүстікке, әсіресе 60-70 жылдары басым болды.
2.Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері. Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері, идеологиясы, анықтамалары мен аттарының белектігіне қарамастан, олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп Қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интегра-цияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі (1-ші кесте).
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы Кадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. "Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге карағанда қолайлырақ режим ұсынады. Белгілі дәрежеде бұл ГАТТ/ВТО-да қалыптасқан кедендік одақ құру мақсатымен қол қойылған уақытша келісімдердегі ең қолайлы жағдай принциптерінен ауытқу болып табылады. Әр елдің ұлттық кедендік тарифтерінің сақталуына негізделген преференциалдық келісімдер интеграциялық процестің алғашқы қадамы емес, тек оған дайындық кезеңі деп қарасты-рылуы қажет, себебі ол тек дамыған формаларында ғана сол процеске айналады. Преференциалдық келісімдерді басқару үшін мемелекетаралық органдар құрылмайды.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылык. өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолданылады. Еркін сауда аумағы мүше-елдердің бірінде орналасқан кішігірім мемлекет аралық секретариатпен басқарылуы мүмкін, бірақ көбіне аталған секретариатсызақ аумақ дамуының негізгі параметрлерін тиісті ведомстволар басшыларының мезгілді қеңестерінде келісу арқылы жұмыс атқарады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифты енгізу және бірыңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Кедендік одақ тауарлар мен қызметтердің ішкі интеграциялық алымсыз саудасын және олардың аймақтағы 1-ші кесте қозғалысының толық еркіндігін көздейді. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекет аралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап (қажет) етеді. Көбіне олар тұрақты қызмет ететін мемлекетаралық секретариатқа негізделген тиісті ведомстволарды басқаратын министрлердің мезгілді кеңесі түрінде өтеді.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бірынғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан, сырткы саясатты мемлекетаралық үйлестірудің анағұрлым жоғарғы деңгейін талап етеді. Бұндай үйлестіру тұрақты қызмет ететін секретариатқа негізделген қатысушы мемлекеттердің ел басшылары мен үкіметтерінің мезгілді кеңесулерінде (әдетте кылына 1-2 рет), қаржы министрліктерінің, орталық банктердің және басқа да экономикалық ведомстволардың басшыларының жиірек кездесуі кезінде іске асырылады. ЕО-та бұл мемлекет және үкімет басшылары Европалық Кеңесі, ЕО-тын министрлер Кеңесі кәне ЕО-ың секретариаты
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Бұл кезеңде жай іс-әрекетті үйлестіру және экономикалық дамуды бақылау ғана қабілеті бар органның орнына, бүкіл топтың атынан оперативті шешім қабылдай алатын орган қажет. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекеттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше мемлекеттер Үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО-ғы шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси Одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым кепшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді. Бірақ интеграциялык. топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті әз алдына бұндай мақсаттар қойған жок.
ЕО, НАФТА-ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интрегация тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, ендірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдерінің ассоциациялары кемегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртүтас экономикалык кеңістіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, 6үл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тек құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.
Халықаралық экономика тұрғысынан интеграцияны бағалаудың екі көзқарасы бар: ол не ауқымдырақ еркін саудаға қадам, не сауда жолдарындағы тосқауыл ретінде қарастырылады. ГАТТ/ВТО ережелеріне сәйкес, ең қолайлы жағдай режимінен бір ғана ауытқу бекітілген - ол ГАТТ-ң 24 бабы. Осы бап бойынша кедендік одақ және еркін сауда аймағын құру мүмкіншілігі бар. Ережелерге сәйкес интеграция құрудан бұрын, біршама ұзақ мерзімге "өтпелі келісімдер" қабылдануы мүмкін. Нәтижесінде кедендік одақ немесе еркін сауда аймағы құрылады, бірақ мына шарт орындалуы қажет: тек мүше-елдер арасында "барлық тауарларға" сауда тосқауылдары жойылып, басқа елдермен саудада тосқауылдар саны көбеймеуі қажет.
Интеграциялық қауымдастық дамудың қай деңгейінде тұрғанын дәл анықтау өте қиын. Бұл бір жағынан нақтылай, толық ақпараттың жоқтығы, екінші жағынан, жарияланған мақсаттар мен қол жеткен жетістіктер арасындағы үлкен келіспеушілік нәтижесі. Кейбір жағдайда, өзін экономикалық одақ деп атайтын топ, тек кедендік тарифтерді өзара жоюдың алғашқы сатысында болуы мүмкін, яғни тіпті еркін сауда аймағы деңгейіне де жетпеген. Немесе, ортақ кедендік тарифтер әлі қарастырылмаған, тек қағаз жүзіндегі кедендік одақ болуы мүмкін.
Халықаралық экономикада интеграциялық топтар оқтын-оқтын пайда болып, жоғалып отырады, әсіресе дамушы елдер арасындағы топтар. ГАТТ/ВТО мәліметтері бойынша, 90-шы жылдардың орта шенінде дүние жүзінде 30-дан астам әр типті интеграциялық топтар пайда болған. Салыстыру үшін айта кетейік, 80-ші жылдары 5-6 ғана топ болған, оның өзінің басым көпшілігі іс жүзінде істемеген. 70-ші жылдары интеграциялық топтар саны 18-20-ға жуық болған. Ол кезде интеграцияның дүние жүзінде таралуына түрткі болған Батыс Еуропадағы интеграциялық процестер.
Әрекет етуші негізгі интеграциялық топтарды жарияланған түпкі мақсаттары бойынша классификацияласақ, қазіргі халықаралық экономикада интеграциялық процестің дамуының әрбір сатысында тұрған интеграциялық топтардың бар екенін байқауға болады (2-ші кесте). Кейбір топтар белгіленген интеграциялық бағдарламасын толық орындап, тек оның кейбір жақтарын жетілдіруде (Австралия-Жаңазеландия ЕСА, Балтық ЕСА, Орталық Америка ортақ нарығы және т.б.). Бірак, басым көпшілігі қойылған мақсатқа жетудің алғашқы сатысында. Мысалы, өзін кедендік одақ деп атайтын Шығыс-кариб елдерінің ұйымының жеті елінін тек Доминика, Сент-Винсент және Гренадины сияқты үш мемлекеті ғана үшінші елдерге қатысты ортақ кедендік тарифті қолданады. Ал өзінін мақсаты ретінде 51 Африка мемлекеттерінен экономикалық одақ құруды көздеген Африкан экономикалық қауымдастығы оны 1994 жылдан бастап 34 жылға созылатын өтпелі кезеңде қалыптастыруды жоспарлап отыр.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, экономикалық интеграцияның алғашқы қадамдарынан кедендік одаққа дейінгі деңгейді іс жүзіне асыру оңайырақ. Жарияланған мақсаттары мен аттарына қарамастан, басым көпшілік топтар не преференциалдық сауда келісімдері, не ЕСА деңгейінде тұр. Олар макроэкономикалық саясатты үйлестіру немесе унификациялау міндеттемелерін қарастырмайды, сондықтан іс жүзінде енгізу үшін қолайлырақ (оңайырақ). Ең дамыған интеграциялық қауымдастық, әрине, Еуропалық Одақ. Белгілі дәрежеде ол интеграцияның кейбір элементтері меңгерілген модель.
Тақырып 12. Халықаралық валюталық – қаржылық жүйе
1. ХХ ғ. ортасынан бастап халықаралық – экономикалық қаржы валюта қатынастары дами бастады. Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастың жиынтығы. Валюталық қатынастар орта ғасырда Андверпенде, Батыс Европаның сауда орталығында вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге асты. Бұл жерде барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер бойынша жүргізілген. Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуында халық есеп айырысулар банктер арқылы жүзеге асырған. Халықаралық валюталық қаржының даму процесінде валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеуші формасы. Ол ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекеттік келісімдермен бекітілген. Валюталық қатынастарда ең алдымен ұлттық- валюталық жүйе қалыптасты (ҰВЖ). ҰВЖ дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген елдің валюталық қатынастырын ұйымдастыру формасы. ҰВЖ- сі валюта курсымен паритетінен тұрады. Влюта курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталық арақатынасы немесе басқа елдің валютасы арақатынасы көрсетілетін жеке бір елдің валюталық бағасы. Паритет – валютаның алтын мөлшеріне сәйкес арақатынасы. Халықтық валюта жүйесі дегеніміз – дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Бұл дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай пайда болып немесе ғаламдық деңгейде валюталық қаржылық қатнастарды реттеуші механизм. Сонымен бірге ҰВЖ-мен тығыз байланысты.
2. Халықаралық валюталық жүйе даму эволюциясында 4 кезеңнен өтеді.
1 кезең – Алтын стандарт жүйесі – бұл жүйе ХІХ ғасырда қалыптасып немесе заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Мұндағы шешім бойынша алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі. Алтын монополиялық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа деген салыстырмалы түрде тиімді болады. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескере бастады.
2 кезең – валюталық жүйе заңды түрде 1922 жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференцияда бекітілді. Ол алтын девиздік стандандарт принципі былайша банкноттар алтынға емес, вексель, чек, яғни дивиздерге айырбасталды. Дивиздік валюта ретінде доллар мен фунт, стирлинг қабылданда.
3 кезең – валюталық жүйе 1944 ж Бреттон – Вудстандағы халықаралық конференцияда бекітілді. Бреттон-Вудстан мынандай принциптерден тұрады:
1. Алтын елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айналымының функциясын орындайды.
2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, яғни алтынмен қатар әртүрлі елдердің валюталық құнын анықталғаннан өлшем ретінде әртүрлі етті.
3. Басқа елдердің орталық банктермен үкімет мекемелері долларды АҚШ қазына мекемелерінде айырбасталған.
4. Валютаның өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңесуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер негізінде жүргізіледі.
5. Елдер кез келген басқа валютаға қатысты өз валютасының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды.
6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар халықаралық валюталық қаржы арқылы реттелді. Бұл қор Бреттон-Вудс конферециясында құрылды.
4 кезең – Валюталық жүйе 1976 жылы халықаралық валюталық қаржының Ямайкада өткен мәжілісінде қалыптасты.
3. Еуропалық одақ шеңберінде өткен келіссөздер нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюталық жүйесі құрылды. Еуропалық валюталық жүйе – ұлттық валютаның экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуі мен байланысты экономикалық қатнастар жиынтығын көрсететін халықаралық валюта жүйесі, Еуропалық валюта жүйесі 3 әлемнен тұрады.
Экю-еуропалық валюта халықтың негізі.
Валюта курстарымен интервенциясының механизмі.
Валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын миханизмі.
Европалық валюта жүйесінің дамуы мен қызмет етуі «делор» дегенмен тығыз байланысты. Еуропалық одақтың көрнекті қайраткері Ж Делор Еуропаның валютасын біріктіру жөнінде 3 сатылы жоспар ұсынды:
Еуропалық одақтың жекелеген елдері арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру.
Еуропалық одақтың орталық банкін құру.
Ұлттық валюталарды Еуропалық одақтың ортақ валюталарына аудару.
1990 жылы Еуропалық валюталық жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия, Испания, Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас европалық экономикалық кеңістік құру жөніндегі Мастарихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің басшылары валюталық Одақ құруды құптады.
Тақырып 13. Валюталық бағам және оны реттеу
Қандайда болмасын экономикалық жүйенің, экономикалық түпкіт мақсаты-бағалар тұрақтылығын, экономикалық өсу мен толық жұмыстылықты қамтамасыз ету. Бұл жағдайда айырбас валюта бағамы мен оның мүмкін өзгерістері айналымдағы мөлшерінің және баға деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қатар, экономикалық саясаттың маңызды аралық мақсаты болып табылады. Бірақ валюта бағамы өзгерісі экономиканың барлық салалары мен секторына біркелкі әсер етпейді. Ұлттық күшеюге экспортқа жұмыс істеп жатқан салалардың импорт өнімдерімен бәсекелесу мүмкіндіктерін азайтады. Сонымен қатар ұлттық валюта құнының өсуінің кері әсерлерімен шектелмейді, өйткені одан импорттық шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс салалары тұрады. Ал ұлттық валюта құнының азаюы кезінде ұтушы мен ұтылушылар орны ауысады. Соған қарамастан, импортерлер мен экспортерлер өз экономикалық іс-әрекетінің жоспарлаудың тұрақты негіздерін қамтамасыз ету үшін болжамды өзгермелі валюта бағамдарымен жұмыс істеуге ұмтылады.
Валюта бағамдарының өзгерісінің экономика секторына әсерінен басқа, валютаның төмендеуі немесе жоғарылауы макроэкономикалық деңгейде маңызды әсерлерді тудырады. Экспорттық операциялар мемлекеттің жалпы шығындар деңгейін жоғарлатады. Таза экспорт шығындардың бір бөлігі болғандықтан, өгерісі мультипликативті әсер арқылы ұлттық табыстың өзгерісіне әкеледі; Бұл өз кезегінде, экономикада жалпылама сұранысты өзгертіп, өндіріс, жұмыстылық пен бағаның нақты көлемінің деңгейіне әсер етеді; Таза экспорт ұлғаю салдарынан валюта құнының құнсыздануы ел экономикасына экспонсионистік әсерін берді. Ал валюта құнының қымбаттауы экономикада іскерлік іс-әрекеттің төмендеуіне әкеледі. Одан басқа валюта бағамының өзгерісі экономиканы ұсыныс дағдарыс жағдайына келтіреді. Валюта бағамдары импортталатын өндіріс факторларының деңгейіне қатты әсер етіп, тұтыну тауарларының бағасына әсер тигізеді. Сонымен бірге валюта бағамның өзгерісі ішкі нарықта бәсекелестіктің шиеленісуі салдарынан импортталатын өндіріс факторлар бағасына жанама әсер береді.
Түзету кажеттілігін көрсететін кәрсеткіштер. Сауданың аз бағалық икемділігі кезінде тепе-теңдікті бұзатын сыртқы факторлар әсерінің орнын толтыруы, валюта бағамдарының өте үлкен өзгерістерін қажет етеді. Валюта бағамының ауытқуларының ұлғаюы капитал ағымына кері әсерін беруі мүмкін. Өйткені шетел инвесторлары, иілмелі валюта бағамының, осы мемлекеттің қатал ақша-несие саясатын ұстану мүмкіндігіне кері әсерін беруіне байланысты мазасыздану жағдайында болады.
Сөйтіп төлем балансының, әсіресе ағымдағы операциялар балансын теңестірілуінің негізгі міндеті - валюта бағамына жүктеледі. Ол тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұранысты көрсетіп, ішкі (ΔP) және сыртқы (ΔSP**) нарықтағы тауарлар бағасымен анықталады. Бұл жерде сыртқы нарықтағы бағалар спот-курсты (ағымдағы) пайдаланып ішкі нарықтың бағаларына келтірілуі тиіс. Ағымдағы есеп пен шетел және ішкі рыноктардағы салыстырмалы бағалар арасындағы функционалды тәуелділік (SP*) /(Р) ретінде көрсетіліп, тура пропорционалды болады. Егер (SР*)/(Р) жоғарыласа, ағымдағы есеп балансы да өседі.
Ағымдағы операциялар есебіне әсер ететін тағы бір фактор, ел ішінде (Ү*) және шетелде (Ү*) жасалатын ұлттық табыс болып табылады. Ел ішінде жасалатын ұлттық табыс тауарлар мен қызмет көрсету импорты арқылы ағымдағы есепке әсер етеді. Ал импорттың өсуі тұтынудың жоғарылауына әкеледі. Импорт тұтынудың бір бөлігі болғандықтан, импорт табыспен бірге жоғарылап, ағымдағы есептің азаюына әкеледі. Сол себептен Ү* мен ішкі ағымдағы есептің арасындағы қатынас оң болады. Басқаша айтқанда Ү* өсуі шетелдіктердің импортының өсуіне әкеледі (немесе ұлттық экспорт өсуіне) және ағымдағы еееп балансының өсуіне әкеледі. Сөйтіп ағымдағы есеппен көрсетілген өзгермелер арасындағы функционалды байланыстылықты былайша көрсетуге болады:
САВ = САВ (SР*/(Р, Ү, Ү*) (1)
Капиталды есеп те кейбір өзгермелерге тәуелді. Оның қатарына: мемлекет ішіндегі және оның шекараларынан тыс салыстырмалы пайыздық қойылымдар жатады. Ішкі пайыздық қойылым мен капиталды есеп арасындағы функционалды тәуелділік тура пропорционалды болады. Басқаша айтқанда ел ішіндегі пайыз қойылымының өсуі шетел капиталын тартып, халықаралық қорлар ағымының келуін қамтамасыз етеді. Соған сәйкес капиталды есеп пен шетелдегі пайыздың қойылымы (R*) арасындағы байланыстылық кері пропорционалды. R* өсуі мемлекеттен инвестициялық қорлардың кетуіне әкеледі. Ең соңында капитал есебі айырбас бағамына (е) тәуелді. Пайыздық қойылым, айырбас бағамы мен капиталды есеп арасындағы тәуелділік былай көрсетіледі.
КА =КА (г, г*, е) (2)
Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сәйкес, капиталды және ағымдағы есепке әр түрлі валюта бағамының тәртіптері қалай әсер ететінін көрейік.
Бекітілген валюта бағамы жағдайындағы реттеу. Бұл жағдайда жеке меншік сектор тауарлар мен активтердің кез келген көлемін тұрақты айырбас бағамымен сатып, не сатып алуы мүмкін. Егер шетел валютасына сұраныстың өсуі болса, орталық банк оның дефицитімен кезігеді. Ол шетел валютасының қымбаттануына әкеледі, ал бұл бекітілген айырбас бағамы жағдайына тиімсіз. Егер шетел валютасының ұсынысы көп болса, орталық банк оны сатып алып, өз қорларын толықтырып, осы әрекет арқылы шетел валютасының қажетсіз құнсыздануын болдырмайды. Сөйтіп валюталық нарықтағы орталық банктің баға реттеу мен интервенциялар сәйкестіліктің мөлшерлік әдістері болып, шетел валютасына бекітілген бағаларды ұстауға мүмкіндік береді.
ΔRFX = CАВ (SР*)/(Р, Ү, Ү*) + КА (г, г*, е) (3)
7) теңдігіне сәйкее, егер орталық банк импортты жабу үшін өз қорларын пайдаланса, ол ағымдар есеп дефицитіне пара-пар болады. Төлем балансының сауда балансынан басқа барлық есептері теңестірілген деп болжамдайық. Сауда балансында импорт экспорттан 100 млн. АҚШ долларына асады. Осының салдарынан мемлекет экспорттан асқан мөлшерін орталық банк корларын пайдаланып төлеуі тиіс.
Бірақ орталық банк ішкі пайыз қойылымын сыртқы қойылымға сәйкес өзгерте алады. Елде ағымдағы есеп дефициті бар және орталық банк өз алтын валюталық қорларын шығындағысы келмейді деп болжам жасайық. Сондықтан тепе-теңдікке капиталды есепті ұлғайту арқылы жету үшін, қысқа мерзімде ішкі пайыз қойылымын r шетелдегі r* сәйкес ұлғайтуды қажет етеді. Сөйтіп ішкі салымдардың жоғары табыстылығы ағымдағы операциялары есебінің дефицитін қаржыландырып, орталық банкке өз алтын валюталық қорларын пайдалану қажеттілігі болмай қалады.
Иілмелі валюта бағамы жағдайындағы реттеу. Иілмелі валюта бағамы кезінде орталық банк валюта нарығында интервенцияларын жүзеге асырмайды. Көбінесе шетел валютасына сұраныстың өзгеруі валюта бағымының ауытқуына байланысты болып, ол өз кезегінде ағымдағы және капиталды есептерге әсер етеді.
Валюталардың еркін жүзуі төмендегідей нәтижелерге әкеледі деп есептеледі:
O = ΔRFX = CAB (SP* /(P, Y, Y*) + KA (r, r*,e) (4)
Төменде көрсетілетін мысалдар ағымдағы және капиталды есептер теңсіздігінің валюта бағамына қалай әсер ететін түсінуге көмектеседі.
АҚШ ағымдағы есеп бойынша 100 миллион. АҚШ доллоры көлемінде дифициті болып, бірақ орталық банк оны валюта нарығындағы интервенция арқылы жабуды қаламайды деп болжам жасайық.. Бұл жерде капиталды есеп те артық мөлшер болуы мүмкін және оны осы дефицитті жабуға пайдаланылады. Енді 100 милл. доллор АҚШ резиденттерінен шет ел азаматтарына бағытталады. Мысалға, АҚШ төлемдерді долларды жасап, 100 милл. доллор шетелдіктердің банк есеп – шоттарына аударылады. Егер валюта бағамы бекітілген болмаса, дәстүрлі төлем балансының тұрғысынан АҚШ доллорын бағасы төмендеуі керек.
1997 жылы Ұлыбритания Гонконгты бақылауды Қытайға берді. Осы уақыттағы саяси белгісіздігі нәтижесінде Гонконг инвесторларын көбісі өз қаражаттарын Канадаға салуға ынталы болды. Сөйтіп Канада он капитал ағымы байқалып, ол Канаданың төлем балансының капиталды есебінің артық мөлшеріне әкеледі. Канада да бекітілген валюта болған жағдайда, бұл ресми алтын валюталық қорлардың ұлғайуына әкелер еді. Ал иілмелі валюта бағамы жағдайында, бұл артық мөлшер Канада доллорының қымбаттануына әкелер еді.
Төлем балансының теориясына сәйкес бағалар табыс және пайыз қойылымдағы өзгерістер валюта бағамына әсер етеді.
Одан мынандай қорытынды жасауға болады.
ішкі нарықтағы бағалардың өсуі экспорттың азаюына әкелгендіктен, ол өз кезегінде ұлттық валютаға сұраныстың азаюы, оның құнсыздануына әкеледі.
Ұлттық табыстың өсуі ұлттық валютаның құнсыздануына, импортқа деген сұраныс ұлғаюына байланысты, шетел валютасына сұраныстың өсуіне әсер етеді.
Ішкі пайыз қойылымының өсуі ішкі активтерге сұраныстың ұлғаюына әкеліп, шетел активтеріне деген сұранысты төмендеткендіктен, ол ұлттық валютаның қымбаттануына әсер етеді.
Егер ағымдағы операциялар балансының нашарлауының басты себебі ырықтандыру кезеңінде барлық өтпелі экономика елдері кезіккен, ішкі нарық бағаларының күрт өсуімен мемлекеттің бәсекелестік қаблетінің төмендеуімен байланысты болса, ұлттық валютаның девальвациясы бәсекелестік қаблетті ықпал ете алады.
Түзетулердің қажеттігін сыртқы баланстың жалпы бағалау негізінде, орта мерзімдегі келешегіне сай қарастыру қажет. Көп жағдайда бұл бағалау төмендегідей көрсеткіштермен толықтырылады:
Валюта бағамының нақты тиімді индексі. Бұл көрсетгкіш көбінесе валюта бағамын түзету қажеттігін бағалау үшін қолданылады. Егер валюта бағамының нақты тиімді индексінің, елдің әлемдік нарықтағы орны тепе-теңдік жағдайында деп саналған кезеңнен жоғары болса (ұлттық валюта ревальвациясы), бұл мемлекеттің сыртқы нарықтағы бәсекелестік қаблеттілігінің төмендеу нышаны болады. Валюта бағамының нақты тиімді индексі екі жақты сауда ағымдарының негізінде анықталады, бірақ экспорттың бәсекелестік қаблетін бағалау үшін үшінші елдер нарығында бәсекелес-экспортерлер үлесін есепке алудың артықшылығы болар еді. Шығындар көрсеткішін ең толық анықтайтын көрсеткіш болып өнім бірлігіндегі еңбек күші шығындары болып табылса да, көптеген дамушы елдер бойынша бұл ақпараттың жоқтығы валюта бағамының нақты индексін есептеу үшін тұтыну бағалар индексі қолданылады. Бірақ , егер тұтыну бағалар индексінің құрамына сыртқы сауда потенциалды бар тауарлардың басым бөлігі енгізілсе , валюта бағамының нақты өсуі тек қайта бағаланған валютаның ,табысты түзетуін жүргізілгенін ғана көрсетіп, елдің бәсекелестік қабілетінің жоғалтуын анықтамай, валюта бағамына тағы түзетулер енгізілу қажеттілігін көрсетпейді. Сондықтан валюта бағымы индексінің мәнінің өзгерту себептерін білу маңызды.
Параллельді нарықтағы бағам. Ондай нарық болса, валюта бағымының дұрыстығын бағалауды жүзеге асыруда қажет болатын тағы да бір көрсеткіш болып табылады. Мысалға параллельді нарықтағы айырбас бағамының ресми бағамына қарағандағы төлем деңгейі, ұлттық валютаның ресми бағамы жоғарылатып қойылғанын көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар параллельді нарықтағы бағамды қарастыру кезінде, оның көлемін және ресми іс-әрекет ету рұқсаты барын есепке алу қажет, өйткені ресми емес нарықтағы бағамға тәуекелділіктің көп үлесі енгізіледі.
Әр мемлекетте айырбас бағамының нақты тиімді индексін есептеудің белгілі бір әдістемесі бар. Төменде Қазақстан Республикасы үшін әдістеме келтірілген. Жалпы алғанда, әр түрлі елдердің әдістемелері арасындағы маңызды өзгешеліктері жоқ, мәселе тек жағдайлары мен қорытынды мәліметтерді пайдалануда.
Айырбас бағамының нақты тиімді индексін есепттеу әдістемесі.
Алғы шартты көрсеткіштер
Республиканың жалпы тауар айналымдағы үлес салмақтарына сәйкес, Қазақстанның негізгі сауда партнерлерін таңдау.
Сауда партнерлері елдердің елдердің валюталарының қатысты наминалды айырбас бағамдары.
Сауда партнерлері – елдерінің тұтыну бағалар индексіндегі өзгерістері.
Теңгенің долларға қатысты айырбас бағамы.
Қазақстандағы тұтыну бағалар индексінің өзгеруі.
Индексті есептелуге қатысты болатын, базистік кезеңді таңдау.
Негізгі алгоритм
Мәліметтерді өзгерту
Сауда партнерлерінің үлес салмағы тұрақтандыру арқылы сауда партнер мемлекетінің – Wi үлес салмағын жалпы тауар айналымында табу үшін:
Wi = (Wixx/(x+m) + (Wimxm/(x +m)
мемлекеттің экспорттағы үлес салмағы тауар айналымындағы жалпы көлеміндегі үлес салмағына көбейтіліп, мемлекеттің импорттағы үлес салмағының Республиканың жалпы тауар айналыындағы импорт көлемінің көбейтіндісімен қосылады.
Тұтыну бағалар индексі бағасының базистік кезеңіне қатысты өзгерту.
Тенгенің кросс бағамын шетел сауда партнерлерінің валюта бірлігіне – Siт әрбір есепті кезеңге есептелуі.
Тенгенің кросс-бағамы = шетел валютасының долларға қатысты бағамы/теңгенің долларға қатысты бағамы.
Наминалды тиімді айырбас бағамының индексін есептеу.
Есепті кезеңдегі базалық кезеңге қатысты тенгенің айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу.
ΔSi = Siт/Si0
Бұл жерде:
ΔSi – теңгенің есепті кезектегі айырбас бағамының шетел валютасының бірліктерінде көрсетілген өзгерістері (кері лотировка).
Siт – есепті кезеңдегі тенгенің бағамы.
Si0 – базалық кезеңдегі тенгенің бағымы.
NEER – номиналды тиімді айырбас бағамының индексін есептеу.
NEER = 100 x Пі (ΔSi)w
оның есептеулі Республика тауар айналымындағы топтар бойынша шетел мсауда партнерлерінің тұрақталған үлес салмағын есепке ала отырып, тенгенің айырбас бағамының өзгеріс индексіне көбейт\індісімен есептелінеді.
Тенгенің есепті кезеңіндегі базалық кезеңімен салыстырғандағы нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу.
Әр бір сауда партнерлері үшін салыстырмалы бағалар индексін - RP (relatibe prices) есептеу:
RP = CPI*/CPI
Бұл жерде: CPI*(PIF)- Қазақстанның сауда партнері мемлекеттеріндегі бағалар деңгейі.
CPI(Pd) – Қазақстандағы тұтыну бағалар индексі.
REER = Пi[NEER x (Pif)] = 100x Пi(ΔSi/Ppi)w
Есептеулі тенгенің айырбас бағамының өзгеріс индексінің сауда партнерлерінің салыстырмалы бағалар ингдексіне түзетіліп, Республиканың тауар айналымындағы тұрақталған мемлекеттің үлес салмағын есепке ала отырған көбейтіндісі арқылы жүзеге асады.
Алынған нәтижелер. Алынған нәтижелерді қабылдау номиналды және нақты тиімді айырбас бағамының есептегі кезеңінің өзгерістер индекстерін бағалау негізінде болады.
Осы әдістемені пайдаланудың негізгі қорытындының мәні мынандай:
Тиімді айырбас бағамы индексінің өсуі, негізгі сауда партнер мемлекеттердің валюталарымен салыстырған.да ұлттық валютаның қымбаттауы туралы айтуға болады және басқада біркелкі жағдайларда жергілікті тауарлардың бәсекелесінің қаблеттігінің төмендеуіне әкеледі.
Девальвация салдары. Мемлекеттің төлем балансын жақсартудың ең тиімді әдісі сыртқы нарықтардағы ұлттық валютаның құнының өзгеруі болып табылады. Бұл әдісті мемлекеттің сыртқы экономикалық операциялардың ағымдағы есебінің дефицитін қаржыландыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда және ағымдағы есптің сальдосы кезінде пайдалану өте тиімді. Мемлекеттің валюта бағамын өзгертуінуң негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық потенциалы бар тауарлардың салыстыр малы ішкі пайдалылығын өзгерту болып табылады. Олар экспорттық потенциалы бар тауарлардан құралады. Бұл тауарлардың нақты экспортталатын және өндірілетін әрі ел ішінде тұтынылатын деп бөлінеді де, экспорттық және импорттық потенциалы бір тауарлардың, яғни импорт тауарлардың және олардың отандық өндірістегі баламаларының ең жақын ауыстырушы болып табылады. Тауарлардың ішкі бағалар деңгейі әлем нарқындағы жағдайымен валюта бағымына байланысты анықталып, егер бар болатын болса, экспорттық дотациялар және халықаралық тасмалдау шығындарымен тарифтерге байланысты болады. Ал экспорттық мжәне ипорттық потенц иалы жоқ тауарлар (оның негізін қызмет көрсетулер құрайды) бағасы мемлекет ішіндегі ұсыныс пен сұраныс арқылы анықталады.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық ағымды операциялар есебінің теріс салбдосы көптеген себептерге байланысты болып, бір қатар факторлардың бірлескен әсерін көрсетеді. Осындай негізгі факторлар қатарына кіретіндер:
ел ішіндегі ұсыныстың қалыпсыздығы ;
Әлемдік нарықтағы пайыз қойылымның ұлғаюына байланысты борышты өтеудегі шағындардың өсуі;
сыртқы сауда жағдайының нашарлауы;
импорььық бағалардың экспорттық бағаларға қарағанда жоғарлауы;
Экспонсионистік ақша – несие және бюджеттік саясат.
Төлем балансы мемлекеттің капитал ағымы келуімен ресми сыртқы қорларды пайдалану арқылы қаржыландыра алу мүмкіндігі болғанға дейін пассивті бола алады, бірақ ол шексіз жүргізіле алмайды. Үлкен және ұзақ мерзімді төлем байланысының дифицетімен өмір сүруге болмайды, тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін арнайы шаралар қабылдану қажет. Үкіметтің қарамағында бір қатар мүмкін шаралары бар. Оның ішінде валюта бағымын түзетуде бар және ол, көбінесе, қосымша шаралармен қатар қолданылады. Сонғыларына ақша + несие және бюджеттік саясатты қаталдату, борыштың мерзімдерін қайта қарастыру, бағаларды ырықтандыру және сол сияқты құрылымдық мәселелер жатады.
Валюта бағамын өзгерту өте экспонсионистік сипаттағы қаржы саясатының әсерінен болған ағымдағы есеп сальдосының нашарлауы кезщінде өте тиімді. Бірақ сыртқы сауда жағдайларының нашарлауы да валюта бағамын өзгеруді қажет етуі мүмкін.
Егер сыртқы сауда жағдайларының нашарлауы, мысалға дамыған өнеркәсібі бар елдердің экономикалық іс- әрекетінің құлдырауынан шыққан экспорттық бағалар төмендеуінен пайда болса, дамушы елдер өз валюта бағамын өзгертпей, экономикалық жағдай мен бағалардық циклдік өзгерісінің келуін күтуіне болады. Бірақ экспорттық бағалардың төмендеуі кейбір экспорттық тауарларға сұраныстың ұзақ мерзімді төмендеуімен сипатталса, онда мысалға өндірістік технология өзгерісі нәтижесінде сұраныстың азаюы, экспорт құрылымын ұлғайту мен валюта бағымын өзгерту қажет болуы мүмкін. Тәжірбие жүзінде дамушы елдердің өндірісі дамыған елдердің циклдық жақсаруын күтуі үшін жеткілікті қорлар мен мүмкіндіктерінің болмауы мүмкін. Одан басқа дамушы елдер өздерінің экспорттық қысқа және орта мерзімде кеңейтуге мүмкіндіктері болмайды. Осы жағдайларда экспорттық сектор табыстылығын қалпына келтіру үшін девальвация қажет болады.
Өзгеріссіз валюта бағамы мен шетел валютасындағы экспорттық бағалардың төмендеуі жағдайында экспорттың табыстылығы азаяды. Девальвация болса экспорттың ұлттық валютадағы бағасын жоғарлатып, ішкі нарықта өндіріс үшін қолданылатын факторлармен еңбек күші шығындары да сол дәрежеде өспеген жағдайда табысты болады. Ішкі нарықтағы шетел валютасының девальвациядан кейінгі жоғары бағасы дәстүрлі емес экспорттық іс-әрекеттің дамуын ынталандырып, мемлекеттің экспорттық базасын кеңейтуге әсер етеді.
Аса көп мөлшерлі макроэкономикалық саясаттың экспансияся, нақты салық және басқадай төлемдер мен үкімтеке өз еркімен және банктік емес секторлармен ұсынылатын несиелер көлемінен асып кететін мемлекеттік шығындардан туындайды. Пайда болатын бюджет дефициты банк жүйесінен қарыздану арқылы қаржыландырылып, ол банктердің жеке секторды несиелеуімен қатар елде өтімділіктің артық мөлшерін қалыптастырады. Экспансионистік ақша-несие саясаты табыстың ұлғаюына әкеледі, соның салдарынан ел ішіндегі шығындардың өсуінен сыртқы сауда потенциалы жоқ тауарлардың бағасын жоғарлатуға мәжбүр қылады. Бекітілген валюта бағамы кезінде осының бәрі сыртқы сауда потенциалы жоқ тауарлардың бағаларының сыртқы ранокта бағасы қалыптасатын потенциалы бар тауарларға қарағанда салыстырмалы өсуіне әкеледеі. Сондықтан елде сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың тұтынылуының өсуінің екі себебі бар: номиналды табыстың өсуімен олардың бағаларының салыстырмалы төмендеуі. Ішкі тұтыну құрылымында сыртқы сауда потенциалы бар тауарларға жұмсалатын, қаржы үлесінің өсуіне бағытталған мезгілде, оның өндірісі жергелікті өндіріс факторларға шығындар өсуімен пайдалылығы төмендеген сайын тиімсіз бола береді. Сондықтан экспансионистік ақша-несие бюджеттік саясаты салдарынан ағымдағы сыртқы экономиканың есептің сальдосы сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың мемлекет ішінде тұтыну мөлшерінің өсуімен оның ұсынысының азаюына қарай нашарлай береді.
Импортқа әкімшілік шектеулер қоюға бармас үшін, экспорттың табыстылығын қалпына келтіріп, шығындарды мемлекет ішіндегі табыс деңгейіне сәйкес келетін деңгейге дейін азайту қажет. Негізінде бұл екі мақсатқа қол жеткізу үшін девальвацияны пайдалануға болады. Өйткені:
Девальвация сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың ішкі рынокта бағасын жоғарлатып, оның өндіріс табыстылығын басқа тауарларға қарағанда көтереді. Ағымдағы баланс жағдайы, осы тауарларға жұмсалатын қаржы бөлігінің өсуіне қарай жақсарып, оның өндірісі ұлғая түседі.
Сонымен қатар девальвацияның шығындар деңгейін төмендету тенденциясы бар. Өйткені девальвация кезінгде сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың бағасы ішкі нарықта басқа тауарларға қарағанда жоғарылағандықтан, ел ішінде бағалардың орта деңгейі көтеріледі, ал табыс пен шығындардың нақты төмендейді.
Бір маңызды атап кететін жағдай, сыртқы экономикалық ағымдағы опрециялар есебін жақсарту үшін шығындардың нақты мәнін азайту қажет болады, ал бұл өмір деңгейінің төмендеп кетуіне әкелуі мүмкін. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі сыртқы тепе-теңдіктің ауытқуларын өздігінен жоймайды.
Девальвация тиімді болу үшін ұлттық валютаның нақты құнсыздануы керек. Басқаша айтқанда, девальвация әсерінен сыртқы сауда потенциалы бар тауарлардың басқа тауарларға қарағанда салыстырмалы бағаларының өзгеруімен өндіріс табыстылығының жоғарылауы бұл тауарлардың одан кейінгі баға көтерілуінен кейін жойылмауы қажет. Өйткені девальвация ел ішіндегі жалпы бағаның орта деңгейінің көтерілуіне әкелетіндіктен, жұмыс ісетушілердің өмір деңгейінің төмендеп кету салдарынан еңбек ақыны жоғарлату талаптары болатыны күмәнсіз. Одан басқа тауар мен қызметтерге шығындардың жалпы көлемінде мемлекеттің үлесі импорт пен девальвация ауқымына сәйкес өсе түседі де, енді сыртқы борышты өтеудің ұлттық валютадағы эквиваленті деп жоғарылай түседі. Ұлғайған бюджеттік шығындардың бір бөлігі халықаралық саудадан түсетін салықтардың өсуімен жабылуы мүмкін, бірақ нәтижесінде бюджетке түсетін салмақ ұлғая түседі.
Ол өз кезегінде бәсең ақша-несие саясатын жүргізуіне әкелуі мүмкін. Себебі, ол көбінесе жұмыстылық пен бюджет ұғымдарына тәуелді болып отырады. Ал девальвациядан пайда болған басымдылықтарды сақтау мақсатында еңбек ақымен бюджеттік шығындар көлемін шектеу өте қажет.
Девальвацияның табысты болуы мемлекет бюджетінің дефициттік ақша имиссиясы арқылы қаржыландырылып, соның көмегімен нақты валюта бағамы қалыптасып, бәсекелесті қабілеті қалпына келуіне байланысты болады. Мәселе, тек валютаны ьаға өсу қарқынымен салыстырғанда қаншалықты девальвациялау қажет болғанында, өйткені валюта және тауар рыноктарында экономикалық сілкіністерге бейімделу жылдамдықтары әртүрлі.
Мемлекет сыртқы сауда жағдайларының нашарлауымен кезікск, валюта девальвациясын пайдалануда өте сақ болуы қажет. Егер экономика импортқа қатты тәуелді болса, онда девальвация кезінде импорттық шикізатты пайдаланатын жергілікті өндірушілер шығыны жоғарылап кетеді. Осының салдарынан өз негізінде ішкі нарықтағы бағалар деңгейінің жоғарлауы, ұлттық валютаның нақты қымбаттауы, бәсекелестік қаблеттің төмендеуімен ағымдағы операциялар балансының нашарлауына әкеледі. Бұл жағдайда бәсекелестік қаблетті қалпына келтіру мәселесі экономика құрлымын қайта құру, инвестициялық саясатты қайта қарастыру сияқты жолдармен шешілуі тиіс.
Әр түрлі елдер экономиканың дағдарысынан әр түрлі валюта бағамдарының тәртібі саясатын пайдалану арқылы шыққаны бәрімізге де белгілі. Мысалға,соғыстан кейінгі Жапония экономикалық дағдарыстан бекітілген айырбас бағамы бар ақша бірлігімен шыққан Тайвань болса иілмелі бағам тәртібінің екі жақты жүйесін қолданған. Мемлекеттің ішкі бағалар деңгейінің әлемдік нарық бағалар ара қатынасымен орнатылған ұлттық валюта бағамы халықаралық есеп айырысу жүйесіндегі тепе-теңдікті қолдауды қамтамасыз етеді. Валюта бағамының төмендеуі, не жоғарлауы төлем балансының жағдайын бұзады. Ұлттық валютаның артық мөлшері эмиссия әсерінен ішкі рыногтағы құнсыздануы және басқа елдердің ұлттық экономикаларымен тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Сондықтан валюта қатынастарындағы мемлекеттік реттеу аясы өзара есеп айырысудағы тепе-теңдікті қам тамасыз ететін ұлттық валютаның басқа валюталарға қатысты бағамдарын анықтауда болып отыр. Валюта бағамын реттеу әдістерінің саны өте көп. Ол тікелей немесе жанама әсер ету арқылы жүзеге асырылады.
Тікелей тәртіп белгілеу немесе валюталық шектемелер, көбінесе көп мөлшерлі төлем балансының дефициті және үлкен сыртқы борыш жағдайында қолданылады. Валюталық шектемелер төлем балансының мынандай тауарларын түзетеді: сауда балансы, қызмет көрсету мен саудалық емес операциялар балансы, капитал қозғалысымен несиелер балансы. Валюталық бағамға жанама әсер етудің мәні реттеудің нарықтық әдістерін пайдаланып, соған сәйкес ақша-несие, валюта және салық бюджеттік саясат жолымен қолдану болып табылады.
Валюта бағамына сонымен қатар, үкіметтің белгілі бір іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасатын экономикалық жағдайда әсер етеді. Ұлттық валютаның қалқымалы бағамы мемлекеттік экономикалық жағдай өзгерісіне байланысты ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкүндік береді. Еркін ауытқымалы валюта бағамы кезінде сыртқы сауда балансының нашарлауы (теіс сальдо) валюта жағдайына әсер етіп, оның бағамының төмендеуіне әкеледі. Елдің шетел валютасының ағымы айналымдағы ұлттық ақшалардың жалпы массасын азайтпайды да, ақша бірлігі бағамы төмендей бастайды. Сөйтіп ұлттық валюта бағамы әлемдік нарықта қалыптасатын жағдайды өте сезгіш болады.
Қалқымалы бағам кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті реттеу қарыз капиталы нарығында пайыз қойылымын өзгерту арқылы әсер етуге бағытталған ақша-несие аясындағы анықталатын пайыз мөлшерінің деңгейі инвестициялық сұраныстың өсу немесе төмендеуіне тікелей әсер етіп, одан кейін жалпы сұранысқа әсерін береді. Пайыз қойылымының өсуі инвестициялық белсенділікті арттырып елге қоса инвестицияларды тартады. Ал пайыз қойылымының төмендеуі, керісінше, инвестицияларды шет елдерге бағыттайды. Ұлттық валютаның басқа валютаға қарағанда тұрақты бағамының төмендеуі экспорттық өнімге шығындар өсуіне ықпал етіп мемлекеттің импортқа шығындарын жоғарлатып сыртқы қарыз көлемі мен қарыздың негізгі бөлігі мен пайыздарын өтеуін жоғарлатады. Бюджеттік шығындармен бюджет дефицитінің өсуі байқалады. Соңғысының көлемі ұлттық валюта бағамының төмендеу дәрежесіне байланысты. Төмендеу неғұрлым көп болса, ұлттық валютада есептелетін дефицитті жабу шығындары соғұрлым өсе түсіп, мемлекеттің бюджеттің тепе-теңдігі бұзылуы жоғары тола береді. Шетел валютасының қымбаттауы ұлттық валюта бағамы төмендеуі импортты ұлғайтады және экспорттың тауарлар бәсеке қаблеттілігіне теріс әсер етіп, экспорттың өндіріс даму қарқынын баялатады. Ол сыртқы сауда балансын нашарлатып, сыртқы сауда дефицитін ұлғайтады.
13.2 Тепе- теңдік валюталық бағам. Валюта бағамынын қозғалысына орталық банк шетел валютасын сату мен сатып алу арқылы жүргізілетін валюта интервенцияларымен әсер етеді. Айналымнан ұлттық валютаны шығару арқылы орталық банк елдің төлем балансы дефициті кезінде бағамды жоғарылатуға (құлдырауын тежеуге) мүмкіндігі бар. Керісінше, шетел валютасын сатып алу арқылы, ол ақша массасын ұлғайтуын төлем балансы оң сальдосы кезінде ұлттық ақша бірлігінің бағамын төмендетеді Сонымен бірге ұлттық валюта қалқымалы валюталық бағам кезінде төлем балансының жағдайына байланыссыз алыпсатарлық факторларға өте әсерлі болады. Оның бағамын және сыртқы экономикалық тепе-тендікті қолдап отыру еркін айналымдағы валюта қорларының зор көлемі болуын қажет етеді. Бағамға интервенция арқылы әсер ету бағытты болғанымен, қысқа мерзімді сипатта болады. Негізінен валюталық интервенцияның мақсаты ұлттық валютаның бағамының валюта рыногындағы жағдайын мемлекеттегі экономикалық жағдайына сәйкестендіріп, оның төмендеп, не жоғарылап кетуін болдырмау. Сонымен қатар валюталық интервенцияның тиімді болуы, оның әсерінің ұлттық валюта бағамының өзгеру тенденциямен сәйкес бағытталған кезде болады. Одан басқа сыртқы рыноктардағы валюта интервенциялары іші резервтерінің көлеміне тікелей әсер етіп, сол арқылы айналымдағы ақша мөлшеріне әсер етеді. Бірақ бір ақша-несие саясатын ішкі нарықта жүргізу мен сыртқы валюта рыноктарындағы экономиканың белсенділікті бөлу мүмкіндігі бар. Бұл әдіс стерилизация деген атауға ие болып, сыртқы рыноктағы шетел валютасында көрсетілген активтердің әрбір сатылуын, ел ішінде бағалы қағаздын ашық рыногында сондай көлемде сатып алумен қатар жүргізіледі. Және, керісінше сыртқы рыноктағы әрбір сатып алу ішкі рыноктағы сондай көлемде сатумен жүреді.
Бекітілген валюта бағамы кезінде төлем балансы көлеміне не әсер етеді? Төлем балансына әсер етуді екі бөлікке бөлуге болады: сауда балансына әсер ету мен капитал қозғалысы бойынша балансқа әсер ету. Сауда балансы немесе экспорт пен импорт айырмасы; ұлттық өнім шығарумен теріс байланыста, ал валюта бағамына оң байланыста болады. Сонымен қатар, ол шетел сұранысының тәуелсіз өзгерістерге байланысты, мысалға шетел автомобильдерін сатып алудан жергілікті автомобильдерді сатып алуға көшуі сияқты өзгеруі мүмкін. Төлем балансының қаржылық бөлігі ең алдымен пайыз қойылымына (ел ішінде және сыртқы) тәуелді болады. Жоғары пайыз қойылымы шетелден капиталды тартады, бірақ ол қарқынды инфляция әсерінен номиналды пайыз өсуі емес, нақты пайыздар өсуімен сипатталуы тиіс. Түйсік негізінде оңай түсінілетін, жоғары пайыз қойылымы біздің елге шетел капиталын тартып, төлем балансының.оң сальдосын береді деген тұжырым рас, бірақ ол қысқа мерзімде (пайыз көтерілгеннен кейін бір жыл немесе одан аз мерзім) әрекет етеді. Ұзақ мерзімде бұл механизм жұмыс істемей, тіпті кері бағытта екі себептен әрекет ете бастайды:
Алдымен жоғары пайыз мөлшері, шетелден қарыздарды инвесторлардың елімізде қарыз формасында сақтаған өз активтер корларын қайта құрғанша тартады. Бірақ ол қайта құру процесі біткенде оның ағымы саябырлай бастайды.
Егер пайыз қойылымын жоғарылату қысқа мерзімде шетелден капиталдарды тарту мен төлем балансын жақсартуды жүзеге асырса, одан кейін бұл жоғарылату кері нәтижелерге алып келеді. Оның себебі қарапайым - алынған қарыздар қайтарылуы тиіс. Егер жоғары пайыз қойылым бүгін бізге қарыз берсе, ертең оны пайыздармен қаайтару керек, Біз жоғары пайыздарды капиталдар (қарыздарды) тартуды пайдалану туралы, қарыздардың негізгі сомасы ғана емес, оған жоғары пайыздарды төлеуге көңіл бөлмей айта алмаймыз.
Осы себептерге байланысты пайыз қойылымын жоғарылату елдің төлем балансын жақсартады деген тұжырым тек қысқа мерзімде ғана рас болады. Сондықтан осы пайымдауларды пайдалану, экономикалық саясат алдында тез арада дағдарыстың алдын алу мақсатында ғана қолданылуымүмкін. Өйткені ұзақ мерзімде жоғары пайыз мөлшері жалпы төлем балансына кері әсер ететіні белгісіз.
Мысалға, Корей Республикасының жүргізген валюта-несие саясатының тиімділігі шетел несиелерінің тартуының қолайлы тәртібінде жатыр. Бұл ішкі және сыртқы нарықтағы ұсынылатын несиелер арасындағы пайыз қойылымдарындағы айырмасымен түсіндіріледі. Көрсете кететін жағдай, Корей Республикасының Үкіметі мен Орталық банкі тартылған қарыздарды реформалаудың бастапқы сатыларында өте тиімді пайдалана білді. Одан кейін шетел капитал салымдарының тиімділігі күрт төмендеп кетті, оның себебін бақылау жоқтығымен түсіндірілді. Бұл тәжірибе Қазақстан үшін өте пайдалы. Дамуды ынталандыруда шетел қарыздарын алу кездерінің болуы өте маңызды, бірақ мәселе оны пайдалануда, бақылау ұйымдастыруда болып отыр. Бұл мәселе қазіргі уақытта өте маңызды болуда, өйткені несиелеудің ішкі және сырты нарықтағы пайыз қойылымдары арасындағы айырмашылық кәсіпорындарды ішкі рынокта қарыз алуға ынталандырмайды.
Корея Республикасының Орталық банкі валюта бағамын реттеу мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Кореялық волютаның долларға қатысты ақылды девальвациясы корей тауар өндірушілерінің сыртқы рыноктарда бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етті. Өкінішке орай, біз оны Қазақстанның Ұлттық банкі туралы айта алмаймыз. Бірақ девальвацияның тек қысқа мерзімде ғана тиімді болатынын ешқашан естен шығармау керек. Әйтпесе ол төлем балансындағы бұрмалау мен елдің сыртқы экономикалық орнының нашарлауына әкеледі.
Тақырып 14. Халықаралық қаржылық нарықтар
Халықаралық қаржы нарығының құрылымы. Әдетте валюта нарығы спот мәмілелеріне және де валюта дериваттарына бөлінеді – тікелей форварттар, своптар, фьючерстер, опциондар.
Спот мәмілелері – екі жұмыс күні ішінде жай стандартты келісімшарт негізінде екі валютамен есептесу.
Фьючерс – валютаға деген стандартталған форварттық келісімшарттар, олардың саудасы биржада өтеді.
Форварт – нақты тауар жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың белгіленген бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форварт мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының ықтимал серпінін ескеретін түзетулер енгізіле отырып белгіленеді.
Опциондар – мезгілдік биржа мәмілелеріне енгізілетін шарт, ол бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі.
Географиялық валюта нарығы қатты шоғырланған. Үш қалада (Лондон, Нью-Йорк және Токиода) валюта саудасының 55% өтеді, және де Лондонда 30%. Осы үш қаладағы валюта айналымы күніне 161- тан 464 млрд. долл дейін құрайды. Келесі топқа Сингапур, Гонконг, Цюрих және Франкфурт кіреді. Олардың күнсайынғы айналымы 76-105 млрд. долл. тең.
Валюталық нарықта техникалық мәмілелер сауда жүргізуші жақтармен тікелей немесе банктер, телефон, телефакс көмегімен жүргізіледі.
Арбитраж — бір нарықта валютаның немесе басқада активтердің сатып алуын, оның басқа нарықта дер кезде сатылуын және сату мен сатып алу бағалары айырмашылығы негізінде пайданы алуды қарастыратын операция.
• Қорғалмаған пайыздық арбитраж — тәуекелдерді хеджирлеу механизмін пайдаланбай инвестицияларды жүзеге асыру үшін спот нарығында валютаны сатып алу.
Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары. Халықаралық қарыз нарығында қарыз міндеттемелері айналысқа түседі, олар қарыз алушыдан қарызды қарыз берушіге алып беру құқығын дәлелдейді. Бұл қарыз міндеттемелері алуан түрлі болуы мүмкін. өтеу мерзімі бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, қарыздар типі бойынша – мемлекеттік, мемлекетпен кепілденген, және жеке, қарыз түрі бойынша – ресми және жеке қарыз. Ресми қарыз міндеттемелер халықаралық ұйымдар алдындағы және екі жақты міндеттемелер болып бөлінеді. Жеке қарыз міндеттемелері коммерциялық банктерге, облигацияларға, басқада қарыз болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік борыш, кепілденген мемлекеттік борыш, жеке кепілденбеген борыш.
Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:
Осы ұйым мүшелерін несиелеу;
Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайымен танысу мақсатында елге келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттін бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;
Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда ғана беріледі;
Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;
Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып, жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.
Халықаралық қаржы ұйымдарының пайыздық қойылымы әр түрлі. Әлемдік қайта құру мен даму банкі стандартты "квалификациялық қарыз алу сомасы" қойылымын, ЕҚҚжДБ - LIBOR, ХВК, - арнайы қарыз құқығының (SDR) пайызымен анықталатын стандартты қойылымын пайдаланады.
Несие беру кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджетінің дефициті мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, несиені өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.
Әлемдік тәжірибені талдау кезінде, сыртқы борышты әлем шаруашылығы мен мемлекет даму нәтижелерімен, даму бағыттары мен барлык, факторлармен байланыстыра қарастыру қажет. Өйткені елдер басқа мемлекеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар алдында міндеттемелері бар екенін ұмытпау қажет. Әрине көптеген елдердің қиыншылықтармен кезігуі сыртқы қарыздардың қажетті пайданы қамтамасыз ететін жобаларға салынбауынан болды. Оған көптеген дәлелдер бар, мысалы 70-жылдары алынған қарыздардың басым бөлігі жинак, коэффициенті төмен кезді бастан өткеру үшін, капиталды шетке шығаруды қаржыландыру мен сол кезде нарық бағаларында тиімділігі өте төмен жобаларды қаржыландыру үшін қолданылды. Тіпті қаржылар басынан бастап тиімді орналастырылғанына қарамастан, жоспарланбаған пайыз қойылымы мен сыртқы сауда жағдайының келеңсіз өзгерісіне байланысты, нақты пайда нормасын жеткіліксіз еткен болатын. Бұл жағдайларда кептеген дамушы елдердің сыртқы борыштары ұлғайып, оны өтеу үшін алынатын пайдасы жеткіліксіз болды.
Сыртқы қарыз бойынша әдебиеттерде мұнайды экспорттаушы елдердің ЖІӨ-де тұтыну нормаларын жоғарылатып, ал мұнай импортер елдері төмендеткенде әлемдік қарыз дағдарысы болмас еді деп к,арастырылған. Бірақ мұнай экспортер елдері экспорттан ұлғайып жатқан түсімдер шеңберінде тұтынуын жоғарылата, ал мұнай импортерлері ағымдағы операциялар есебінің дефицитін болдырмау үшін тұтынуын шектей алмады.
Мұнай өндіруші елдердің ағымдағы операциялар есебіндегі артық қаржылар нәтижесінде коммерциялық банктерді қаржыландырды. Банктер болса, осындай мол қорларды алғаннан кейін, оған пайыз төлейтін болғандықтан, тиімді орналастыратын тұтынушылар іздеді. Оларды сауда дефициті бар мұнай импортер елдерден тапты. Бұл шешім әркайсысына ыңғайлы болды: мұнай өндіруші елдер қысқа мерзімді салымдар жасап, одан пайыз көлемінде пайда алып отырды, ал мұнайды импорттаушы елдер мұнай импортын қаржыландырудың уақытша көздерін тапты.
Соңғы 15 жыл ішінде пайда болған қарыз мәселелері батыс елдерінің қаржы-несие саясаттарының тұрақты факторы болды. Оның шешілуін жеңілдету үшін екі клуб құрылды: қарыз беруші мемлекеттерді біріктіретін Париж клубы және 600 батыс елдерінің коммерциялық банктері мүше болып табылатын Лондон клубы. Қарыз міндеттемелері көп болған жекелеген мемлекеттердің қарыз құрылымын қайта қарау, мерзімін өзгерту мен кейде бір бөлігін немесе толықтай көшіру тәжірибесі күнделікті іске айналды. Бірақ кешірімді сомалар көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес, ал Батысқа қарызданудың өсуі әлі шешімін тапқан жок,.
Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, міндеттемелерді орындамаудың кең етек жайылуын болдырмау қажеттігі аталады. Өйткені бұл ірі қарыз берген несиелеуші-банктерді қаржы тұрақтылығы мен халықаралық төлем механизмінің дұрыс әрекет етуіне қауіп төндіруі мүмкін. Қалыптасқан жағдайларда Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) ерекше орын берілді. ХВҚ жүргізілген шараларда маңызды орын алып, тікелей өзі немесе басқа ұйымдар мен коммерциялық банктердің келісілген несиелерді беруді үйлестіруді жүргізді.
Қаржы қиындықтары мол, борышы үлкен дамушы елдер 1982-1985 жылдар аралығында төлем балансының ағымдағы есеп дефицитін күрт азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл шаралар, 1983 жылы мен 1984 жылғы қолайлы халықаралық қаржы жағдайымен қосарланып, төлем балансының сыртқы дефицитінің күрт азаюына әкелді. Бірақ бұл азаю импорт пен капитал салымдарын күрт азайту есебінен ғана жасалды, ал ел экономикасының дамуы мен төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізді. Сондықтан осы әдіс арқылы экономикалык, жағдайын күрт жақсарту көп ел үшін қиын болып, жеке меншік несиелеушілердің жаңадан қарыз беретініне үміттенуге болмайтыны түсінікті болды.
ХВҚ-ның экономикалық тұрақтандырудың күшті бағдарламаларын қолдаудың негізгі құралы болып, құрылымдық қайта құруды кең ауқымда қаржыландыру (ЕСАФ) болуда. ЕСАФ 1987 жылы Атқарушы кеңес шешімімен құрылып, 1994 жылдың ақпан айында ол кеңейтіліп, ірілендірілді. Қазірде ЕСАФ ХВҚ төлем балансындағы қиыншылықтары тұрақты, төмен табысты мүше-елдерге қаржылай көмек (жеңілдіктері бар несиелер түрінде) көрсетудің негізгі механизмі болуда.
ЕСАФ шеңберіндегі қаржылар түбегейлі орта мерзімді құрылымдық қайта құру бағдарламаларды қолдау мақсатында ұсынылады. ЕСАФ шеңберіндегі тұрақтандыру шаралары үш жылдың ішінде төлем баланс жағдайын тұрақтандырып, экономикалық өсуді ынталандырады деп болжануда.
Сонымен қатар, қарыз мәселесін жоюдың негізгі құралдарына: қарыз міндеттемелерін акцияға айырбастау, қарызды сатып алу, қарызды қайта ұйымдастырумен қайта қаржыландыру кіреді. Әрбір мемлекет өзіне тиімді деп санаған әдістерді қолданады.
Қарызды қайта қарастыру операцияларының мәні бар қарыз міндеттемелерін ұлттық, немесе шетел валютасындағы жаңа қарыз міндеттемелеріне ауыстыру болып табылады. Ескі және жаңа міндеттемелер шарттары бір-бірінен қатты өзгешеленуі мүмкін. Мысалға, жаңа қарыздың номиналды құны ескі міндеттемелердің номиналды құнының дисконтын көрсетуі мүмкін немесе номиналды к.ұны өзгеріссіз қалып, келісімді пайыз қойылымы ескі міндеттемелерге қарағанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. 1980 жылмен 1997 жыл аралығында 50 мемлекет осындай қайта қарастыруға байланысты 250 келісім жасаған.
Бұл әдістің кемшілігі - мемлекеттің жағдайын қысқа мерзімде ғана жеңілдеткенімен, ұзартылған кезеңде қосымша пайыз төлеу есебінен жалпы нәтижелік қарыз көлемін ұлғайтады.
Мемлекет өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда борышты өтеу шарттарын жеңілдету қажеттігі туындайды және ол негізінен қарыздың құрылымын қайта қарау жолымен жүзеге асырылады.
Қарыз құрылымын қайта қарау тек қысқа мерзімде ғана тұрақтандырушы фактор болып, стратегиялық жоспарда дағдарыс жағдайын өзгерте алмайды. Оны өзгерту үшін, макроэкономикалық тұрақтандыру қатал шаралармен қатар жүзеге асырылуы керек.
Қарыз құрылымын қайта қараудағы Париж клубының әлемдік тәжірибесі қызығушылықтудыратыны сөзсіз. Ол борыш құрылымын қайта қарастыруды қарыздар мемлекет экономикасының жағдайына байланысты жүргізуге мүмкіндік береді. Борыштың құрылымын қайта қарау механизм түрлеріне:
төлемді кейінге қалдыру (каникул) механизмі;
борышты жою механизмі;
борыштың төлеу мерзімін ұзарту механизмі;
жеңілдікті пайыз қойылымдарын қолдану;
қарыздар мемлекетті төлем қабілетті деңгейге жеткізу үшін қосымша несиелеу жатады.
Қарыздар мемлекеттерде туындайтын мәселелер бірдей - өзінің сыртқы міндеттемелерін есептеу қиындықтары, өз позициясын бағалау мен сыртқы нарықтағы бағалар динамикасын көп жылдарға болжау қиындықтары. Ал бағаның ауытқулары сыртқы борышты өтеу мәселелерін ұлғайтады (дұрыс басқару кезінде - қысқартады). Мысалға 1986-1988 жылдары Кеңес Одағының сыртқы борышының өсуіндегі негізгі себеп - қосымша қарыз алу емес, доллардың бағамының басқа валюталарға қатысты өзгеруінен болды.
Сөйтіп, сыртқы қарыз алу ұлттық экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін ең бір күшті қауіп екені түсінікті.
Тақырып 15. Төлем балансы
Төлем балансы түсінігі. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елді әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге берілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.
Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық валюта Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұскау, ХВК 5-басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:
резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды есепке алу;
операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;
қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету;
әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;
операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша тіркеу.
Резидент және резидент еместер. Төлем балансын құруда сыртқы экономикалық операцияларды ішкі шаруашылык. операциялардан айыру қажеттігінен резидент ұғымы үлкен маңызға ие болады.
Сыртқы экономикалық операцияларды нақты ұйымдар, компаниялар немесе жеке тұлғалар жасайтындықтан, олар халықаралық экономикалық қатынастар тұрғысынан қарағанда не елдің резиденті, не резиденті емес есебінде саналады. ХВҚ-ың ұсыныстарында "Мемлекеттің экономикасы басқа территорияға қарағанда осы территориямен тығыз байланысқан шаруашылықтардың жиынтығы. Осы елдің төлем балансы, егер көрсетілген шаруашылықтар елдің резиденті болып саналса, олардың басқа елдермен операцияларын көрсетеді. Ал егер олар резидентдеп есептелмесе, олардың осы елмен операцияларын көрсетеді".
Резиденттерді анықтауда түрлі елдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалға: АҚШ-та резиденттерге осы елде тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компания- лар жатқызылады. Ал шет елде тұрып жатқан американ азаматта- рының (мемлекет қызметкерлерінен басқа) АҚШ резиденттеріне жатқызылуы, олардың шет елде болу мерзіміне байланысты. Американ корпорацияларының шет елдегі еншілес кәсіпорындары, филиалдары АҚШ үшін шетел фирмалары ретінде саналады.
Алманияда төлем балансы тұрғысынан резиденттерге шаруашылық мүдделерінің ортасы осы елде орналасқан, ұлттық нышаына қарамай, жеке және құқықтық тұлғалар жатқызылады. Осыған байланысты ГФР резиденттеріне ел азаматтары ғана емес, сол елде іс-әрекетін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер де жатады.
Қазақстанда резиденттер қатарына:
Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы бар, сонымен бірге шетелде уақытша немесе шетелде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлғалар кіреді;
Қазақстан заңдарына сәйкес құрылған құқықтық тұлғалар, олардың республикада және шет елде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері резидент болып саналады:
Республикадан тыс орналасқан Қазақстанның диплома- тиялық, сауда және басқадай ресми өкілдіктері кіреді;
Валюталық заң тұрғысынан жоғарыда көрсетілгендерден басқа барлық құқықтық не жеке тұлғалар, Қазақстанда немесе шет елдерде орналасқанына қарамастан, біздің елдің резиденті болып саналмайды.
Резидент еместерге кіретіндер:
елге келген туристер, кеме мен ұшақтардың экипаж мүшелері, маусымдық жұмысшылар, т.б. және шекаралас облыстарда тұрып жатқан шетел жүмысшылары (өйткені олар тұрақты мекен-жайына байланысты сол елдердің резиденттері болып саналады).
дипломаттар, консульдік өкілдіктер және мерзіміне қарамастан шетелде жүрген әскери қызметкерлер.
Қазіргі заман жағдайларында резиденттік мәселе күрделене түскенін атап кету қажет. Ол әлемдік шаруашылықтағы капитал интерұлттануы, трансүлттық корпорациялар іс-әрекетінің кең ауқымдылығы, еңбек күші миграциясының қарқындылығы мен сол сияқты процестерге байланысты.
Егер де төлем балансы резидент пен резидент еместер арасындағы барлық мәмілелерін тіркейтін болса, экономикалық мәмілелер ұғымына түсінік беру маңызды. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мәмілелер деп бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге қүқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбасы аталады (Линдерт Г.Х. Экономика мирохозяйственных связей). 5 мағынада кез келген экономикалық мәмілелер әрқашанда жақты болғандықтан, олар төлем балансында екі жақты жазу пісі бойынша есептеу жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Осы елдің ұрғысынан қарағанда мәмілелердің бұл жақтары дебеттік және кредиттік баптарға бөлінеді. Көп жағдайларда кредит операциялары оң белгісімен, ал дебеттіктер теріс белгісімен жазылады.
Төлем балансында "+" және "-" белгілерінін пайдаланылуы.
Операциялар |
Кредит |
Дебет |
1. Ағымды есеп |
|
|
Тауарлар мен қызмет көрсетулер |
Тауарлармен қызмет көрсетулер экспорты |
Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты |
Табыс |
Резидент еместерден түскен төлемдер |
Резидент еместерге жіберілген төлемдер |
Ағымдағы трансферттер |
Резидент еместерден түскен төлемдер |
Резидент еместерге төленген төлемдер |
2. Капитал, қаржы және қорлармен жасалатын операциялар есебі |
||
Капиталдар трансферті |
Резидент еместерден түскен төлемдер |
Резидент еместерге төленген төлемдер |
Қаржы активтері мен міндеттемелері-мен жүргізілетін операциялар |
Қаржы ағымының келуі (резидент еместер алдында міндеттемелердің ұлғаюы немесе резидент еместерге талаптардың азаюы) |
Қаржы ағымының кетуі (резидент еместерге талаптардың ұлғаюы немесе резидент еместер алдында міндеттемелердің азаюы) |
Кредит - бұл құндардың кетіп, осы елге оның орнын толтыратын Құндардың келуі немесе төлемдер түсуі тиіс. Ал дебет -құндардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс екені белгілі.
Екі жақты жазу әдісі есебінде кредиторлық жазулар сомалары Дебеттік жазулар сомаларына тең болып, жалпы нәтижесі нольге тең болуы тиіс, Көптеген алдын ала дайындау есебін өндеу негізінде жинақталған төлем балансына төлемдер мен тұсімдерді немесе елдің басқа елдермен жүргізген операцияларындағы міндеттемелері мен талаптарындағы өзгерістерді керсететін көрсеткіштер енеді. Сөйтіп төлем балансын құру принципіне сәйкес оң көрсеткішердің қорытынды сомасы оның теріс көрсеткіштер сомасына тең болып, барлық жағдайларда формальды тепе-теңікті қамтамасыз етуі қажет. Осыған сәйкес төлем балансы әрқашан тепе-тең болады. Бірақ тәжірибеде есептер балансы шықпайды. Оның негізгі себептеріне мәліметтердің әр түрлі көздерден алынуы, кейбір баптар бойынша ақпараттардың төмендетіліп көрсетілуі немесе есептеуде көрсетілмеуін айтуға болады. Сонымен қатар әдістемелік және есептік сипаттағы қателіктер мен байқаусыздықтар да орын алады. Сондықтан төлем балансының барлық есептерінде "таза қателіктер мен байқаусыздықтар" бабы болып, ол есептеуде көрсетуге тиіс болған операциялары бағалаудағы қателіктер мен байқаусыздықтарды керсетеді.
Төлем балансында көрсетілетін ағымдар (қорлар емес) екі бағытта болады. Ағымдар белгілі бір кезеңде саналса, қорлар тек бір уақыт мезгіліне ғана анықталады.
Төлем балансын құрастыруда ағымдарды тіркеу уақытын білу өте маңызды. Тәжірибеде көбінесе мемлекеттің төлем балансын құрастыруда мәліметтерді жинау мен дайындау мерзімі бір жыл болып белгіленеді. Өйткені кәсіпорындардың төлем балансында көрсетілетін бірқатар операцияларының бағалық мәліметтері жылдық негізде ғана түсетініне байланысты. Бірақта, бұл кейбір мемлекеттердің тоқсан сайынғы ұлттық есептер сметасына сәйкес келетін тоқсандық төлем баланстары үшін мәліметтер дайындауын жоққа шығармайды. Ол кейбір мәліметтердің (мысалға, экспорт пен импорт) көбінесе үш ай, тіпті ай сайын келіп түсу мүмкіндігіне байланысты.
Операциялар меншік құқығының заңды түрде ету мезгілінде тіркеледі. Оны келісімге қатысушы екі жақтың бухгалтерлік кітаптарында операцияны тіркеу кезінде жүзеге асырылады деп саналады. Бүл жерде екі жақта осы операцияға бір мезгілде әсер ету тиіс. Операция бойынша төлем уақыты келгенде есептеп қосу әдісі негізінде, мысалға нақтылай есеп айырысу кезінде емес, пайыздарды төлеу кезінде жүзеге асырылады, Көбінесе сауда, қаржы, қызмет көрсету операциялары екі жақта бір мезгілде тіркелмеуі де мүмкін. Бүл жағдайда кәсіпорындарды сұрастыру нәтижелері мен түскөн сауда және валюта құжаттар негізіндегі бастапкы мәліметтерге уақытша өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды.
15.2 Ағымдығы опреациялар шоты. Операциялар нақты (тауарлар, қызмет көрсетулер, табыс, өндірістік емес және қаржылық емес активтер) және қаржылық ресурстарымен жүргізілетін операцияларға бөлінеді. Ұлттык, есептер жүйесіне сәйкес операциялар мынандай түрлерге бөлінеді:
а) нақты ресурсты нақты (бартер) немесе қаржылық (нақтылай ақшасыз есеп айырысу, несие және т.б.) ресурсқа айырбастау.
Соңғысына жаңа қаржы талаптары мен міндеттемелерін жасақтау немесе жоқ қылу (қарызды кешіру) кіреді.
б) бір қаржы ресурстарын басқасына айырбастау;
в) өндіріс факторларын пайдаланудан (еңбек пен капитал) түскен табыстар мен төлемдер;
г) қайтарымсыз трансферттер - бір жақтың екінші жаққа экономикалық бағалықтарды ешбір талаптарды тудырмай беруі немесе ешқандай міндеттемелерді тудырмай бағалықтарды кабылдауы.
Трансферттер ағымдағы және капиталды болуы мүмкін. Халықтың көшіп-қонуымен байланысты материалдық және қаржы ресурстарының қозғалысы капиталды трансферттерге кіреді.
Барлық қаржылық, сауда және тағы басқа операциялар нарықтық негізде жүзеге асырылатыны белгілі. Сондыктан төлем балансының операцияларының бағалары сатушы мен сатып алушылар арасында ерікті айырбас кезінде қалыптасатын нарықтық бағалармен бағалануы тиіс. Бұл жерде нарықтық баға түсінігін әлем нарығында қандай да тауарға қалыптасатын баға болып табылатын жалпылама бағалық индикатормен шатастырмау қажет.
Бірақ нарықтық бағаларды қолдануға келмейтін операцияларды қалай бағалау керек? (оларға біз бартерлік мәмілелерді, филиалдар арасындағы операциялар мен трансферттерді жатқызамыз). Бұл жағдайларда нарықтық бағалардың орнына олардың орнын басатын көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Мысалға, бартерлік сауда кезінде, бағалар олардың сатылу жағдайындағы деңгейде есептеледі.
Экспорт пен импорт тауарларының сауда операцияларының тіркелуі Инкотермс талаптарына сәйкес есепке алынады. Басқаша айтқанда, экспорт экспортер елдің кедендік шекарасынан тыс тасымалдау шығындарын есептемейтін франкоборт немесе ФОБ бағаларында есептелінеді. Импорттауарлары кеденде халықаралық сақтандыру мен тасымалдау шығындары кіретін СИФ негізінде тіркеледі. Бірақ төлем балансындағы есептеріне импорт та ФОБ негізінде тіркеліп, сақтандыру мен жүк тасымалдау "қызмет көрсету" бабында көрсетіледі.
Операциялар төлемдерінде кез келген валюта, оның ішінде ұлттық валютаны пайдалану мүмкін болғандықтан, соңғысының уақыт аралығында валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде талдаулық мәні төмендеп кетуі мүмкін. Осы себептен төлем балансының есептерінің жүргізілуі көбінесе бір тұрақты шетел валютасында (мысалға АҚШ долларымен немесе арнайы қарыз құқығымен) есептелініп, елдер арасында салыстыру жүргізуді жеңілдетеді. Мәліметтерді жүзеге асырылған валютамен есептелінетін бірлікке келтіру кезінде, операциялар орындалған күндегі валюталық бағамның нарықтық бағамына сәйкес келемін пайдалану орынды.
Мәміленін орындалу мезетін белгілеу. Төлем балансына енетін мәліметтерде операцияның орындалу мезетін белгілеу мәселесі де өте маңызды болып табылады. Бағалар сияқты, мәмілелерді орыкдау уақытында да кептеген мүмкін шешімдері бар. Операцияның орындалу уақытын көрсететін көрсеткіші ретінде шарттарға қол койылу немесе келісімге келу, тауарды түсіру, оны жеткізу, кедендік процедурадан өту, қызмет көрсету, табыс есептелінуі мен төлемдер жүргізу уақыты қызмет атқаруы мүмкін (ХВҚ басшылығы мәміленін орындалу мерзімін таңцағанда, меншіктің ауысуы ұлттық есепте жүргізу уақытымен бір кезде болуын ұсындық).
Алдында айтылып кеткендей, әр түрлі қателер мен бұрмалауларды болдырмау шарасыздығына байланысты, телем балансына "қателер мен байқаусыздықтар" бабы енгізілген. Төлем балансы әрқашан формальды тепе-теңдікте болу қажет, нақты мәліметтердің ауытқулары осы бапқа енгізіледі. Бірқатар жағдайларда, телем балансы баптарының бар топтастырылуына қандай да бір себептермен жатқызыла алмайтын жағдайда немесе жасыру мақсаттарында көрсеткіштер осы бапқа енгізіледі. Осы баптың көрсеткіш-тері әдістемелік қателіктерді ғана көрсетпей, есепке алынбаған, оның ішінде контрабандалық операцияларды көрсеткендіктен, түрақты болады.
Ағымдағы операциялар есебі - тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен ағымдағы трансферттермен жасалатын нақты операцияларды қамтиды. Ағымдағы операциялар есебінің оң сальдосы тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді. Ал теріс сальдо тауарлар мен қызмет көрсетулердің импортын, табыстар мен трансферттердің төленуін білдіреді. Жоғарыда келтірілген операциялар әр түрлі баптарда төмендегідей топтастырумен көрсетіледі.
Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өнделген одан кейінгі қайта импорт-қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспорт құралдарымен сатып алынған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді. Сыртқы саудадағы операциялардың толық есепке алынбауына байланысты, қамтылуында толықтырулар жасалады. Ол "челноктық" сауда және операциялардың бағалау қундарындағы мәліметтермен толықтырылып, экспорт пен импорт бартерін "эквивалентсіз бартерға" теңестіріліп, резидент және бейрезиденттер жүзеге асырған импорттың СИФ құнын әдістеме талаптарына сәйкес жүк тасымалдау мен сақтандыру құндарын алып тастау арқылы импорттың ФОБ құнына келтіріледі. Қазақстанда жүк тасымалдау немесе фрахт құны ТМД елдерінің тауарларының 7 пайыз құнымен бағаланып, әлемнің басқа елдері үшін 14 пайыз мөлшерінде бағаланып, ресми статистикада көрсетіледі.
Қызмет көрсетулер, олардың барлық деңгейлерін қамтып, оған көбінесе жүк және жолаушылар тасымалдау, туризм, кенес беру мен білім беру қызмет керсетулері сияқты, техникалық көмек геофизикалық, құрылыс, коммуникациялықжәне үкіметтік қызметтер кіреді.
Табыс - өндіріс факторлары болып табылатын еңбек пен капиталды пайдаланудан түскен табыс қызметкерлерге жәрдемақы, тікелей және портфельді, басқадай инвестициядан алынған табыс пен қорлардан құралады. Капиталдан алынған табыс дивиденд, пайыз немесе басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін.
Ағымдағы трансферттер. Бұл бапқа, техникалық немесе гуманитарлық көмек сияқты экономикалық құндылықтары қайтарылмайтын грантгардың берілуіне немесе алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен жасалатын операциялар кіреді. Осы бапқа, сонымен қатар жеке тұлғалардың ақша жіберулері мен салықтары, үкіметтің әр түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға төлейтін жарналары да кіреді.
Елдің халықаралық жағдайын анықтауда ең алдымен экспорт пен импорт арақатынасы бағаланады. Шет елде сатылған және елге келген тауарлар көлемдерінің деңгейін анықтау бізге сауда балансын алуға мүмкіндік береді.
Сауда балансының шығарылуы кеден мекемелерінің сауданың статистикалық мәліметтерін өңдеуіне байланысты тұрақты шығарылуы мүмкін.
Сауда балансы экспорт пен импорт арасындағы айырма ретінде шектелген ақпарат берсе де, ол жалпы жағдайды талдаудың өте маңызды мәліметі болып табылады. Өйткені халықаралық қатынастардың 80 пайыз көлеміндегі үлесі саудаға тиесілі. Сауда балансының сальдосын шығарудың есептелуіндегі қиыншылықтар әлемдік статистикада экспортты ФОБ бағаларында есептелуіне байланысты туындауда. Басқаша айтқанда, оған тасымалдау мен сақтандыру және т.б. құндар кірмейді. Ал импорттасымалдау мен сақтандыру құндары енген СИФ бағаларында есептелінеді. Мамандардың пікірінше, әкелінетін тауарлардың құндарының орта есеппен 10 пайызын қүрайтын айырмасы есептеу кезінде алынып тасталынады.
Сауда балансы төлем балансының жалпы нәтижесінің көп бөлігіне әсер еткенмен, бірақ теріс сауда сальдосы міндетті түрде жалпы дефицитке әкелмейді.
Экспорт-импорт операцияларын "көрінбейтін" саудамен (қызмет көрсету) толықтыру тауар мен қызмет көрсетулер балансын алуға мүмкіндік береді.
Кейбір елдер үшін "қызмет көрсету" тарауы өте елеулі болады. Мысалға ел территориясы арқылы ауқымды туристік ағымдары өтетін мемлекеттерде туризмнен түсетін төлемдер маңызды үлес алады.
Қызмет көрсетулерді сату туралы ақпараттардың жанама есептеулер нәтижесінде алынатындығынан баланстардың кешігіп жарық көруіне әкеледі.
15.3 Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты. Енді капиталдар мен операциялар және қаржы операциялар есебін қарастырайық. Ол негізгі екі категориядан: капиталды және қаржылык есептерден тұрады. Капиталды есепке капиталды трансферт пен өндірістік емес, бейқаржылық активтер операциялар енеді. Өз кезегінде қаржы есебі халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.
Капиталды есептің негізгі құрамдас бөлігі болатын капиталды трансферттерге мүлікке, негізі қорларға меншік құқығын қайтарымсыз беру мен борыштарды кешіру кіреді.
Ақшалай қаржылардың қайтарымсыз берілуі капиталды трансфертке жатқызылуы үшін, ол қаражат негізгі қорлар мен капиталды құрылысқа бағытталған жағдайда ғана саналады.
Қаржы есебі төмендегідей функционалды категорияларға бөлінеді:
Тікелей инвестициялар - негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвести-циялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары. Ол акционерлік капиталға, қайта инвестицияланатын табыстарға және капиталдың басқа түрлеріне бөлінеді. Тікелей инвестициялар көлемі капитал салымдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің тиімділігі мен экономикалық өсу қарқындылығының болашағы бар болуына байланысты. Капитал салымдарын тартуды ынталандыру жағдайын қалыптастыру үшін нақты құқықтық негіздердің болуымен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, сенімділігі мол мемлекеттік саясаттың болуы қажет.
Тікелей инвестициялар тауар, жылжымайтын мүлік пен қаржы ресурстар түрінде болуы мүмкін. Төлем балансында тікелей инвестициялар - шетелдегі экономикалық мәні бар активтергө тікелей инвестициялар (резиденттердің басқа ел экономикасына инвестициялар) және резидент еместер алдында экономикалық міндеттеме сипатындағы ұлттық экономикаға тікелей инвестициялар (осы экономикаға резидент еместердің инвестициялары) болып бөлінеді.
Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, сонымен қатар туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар кіреді. Оның ішіне валюталық және пайыздық своптар да кіреді. Қазақстан Республикасында 6үл категорияға корпоративтік бағалы қағаздарға жасалған инвестициялар кіріп, оның ішінде үлесі 10 пайыздан төмен болған акциялар көлемі мен мемлекеттік қарыздың бағалы қағаздары енеді. Қарыздық бағалы қағаздарға мерзімі бір жылдан астам облигациялар мен айналымдағы вексельдер, ақша нарығының құралдары мен қаржылық туындылар кіреді.
Баскадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жекеше қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, оның ішінде тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді.
Резервтік активтер - мемлекеттін сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансынын маңызды бөлігі болып табылады. Төлем балансының стандартты есептерінде, олар қорларды көрсететін статистикалық көрсеткіштер ретінде емес, жалпы сыртқы активтердің өзгерісін көрсетіп, оның төлем балансының қажеттігіне пайдалана алатындығын меңзейді. Халықаралық резервтер Ұлттық банк операция жүргізетін мемлекеттің сыртқы активтерінен құралады. Олар төлем балансының дефицитін қаржыландыру, валюта бағамын реттеу мен ұлттық валюта тұрақтылығын қолдау үшін валюта нарығында интервенциялар жүргізуге пайдаланыла алады. Резервтік активтерге шетел валюталары (қолма-қол ақша, депозиттер мен бағалы қағаздар), монетарлық алтын, ХВҚ арнайы қарыз құқығы мен ХВҚ-дағы резервтік позиция мен басқадай талаптар кіреді. Төлем балансында алтын қорларының орталық банк пен халықаралық қаржы ұйымдарының алтынды сату-сатып алу операциялар нәтижесіндегі өзгерістерді көрсету қабылданған.
Резервтік активтер ретінде әрекет ету үшін, оған сәйкес келетін баптар ақша-несие реттеу мекемелерінің тиімді бақылауында болуы тиіс. Өйткені олар осы қүралдарды пайдалану арқылы төлем балансының дефицитін тікелей, немесе теріс сальдосын жанама реттеу, мысалға шетел валюта нарығында интервенция жолымен резервтік активтерде және резервтік міндеттемелерде өзгеріс енгізу мақсатында қолдана алу қажет.
15.4 Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі. Резервті активтер қаржылық шоттың басқа баптарына қарағанда, мемлекеттің тікелей бақылауында болады және онымен экономикалық саясаттың мақсаттарына жету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Резервті активтер — елдің халықаралық жоғары өтімді активтері, олар үкімет немесе ақша өкіметінің бақылауында болады және қай кезде болсада төлем балансының тапшылығын қаржыландыруға және ұлттық валюта бағамын реттеуге қолданылуы мүмкін.
Атап кету керек, резервті активтер төлем балансын қорғаудың екінші құралы болып табылады. Ағымдағы операциялардың елеулі тепе-теңсіз жағдайы кезінде, яғни тауарлар мен қызметтер импортын төлеуге қаражаттардың жетіспеушілігі кезінде үкімет қосымша сыртқы несиелерді тартуға барады. Тек осы шараларды қолдану ешқандай нәтиже бермеген кезде, үкімет сырты шоттарды төлеуде резервті активтерді пайдаланады.
Төлем балансы шеңберінде көрсетілетін резервті активтер тек нақты қолдағы бар активтерді қамтиды. Жалпы алғанда, өзгерісі төлем балансында «сызықтың астында» көрсетілетін, резервті активтер келесі активтер сомасынан құралады: монетарлық алтын, қарыз алудың ерекше құқы, валюта активтері, басқада міндеттемелер, айрық қаржыландыру.
