- •Әдеби шолу
- •1.1 Көмірлердің түзілу кезеңдері
- •Көмірдің физикалық және химиялық құрылымы
- •Көмірдің молекулалық модельдері
- •Көмірлерді әртүрлі еріткіштермен өңдеу. Көмірдің еруі.
- •2 Экспериментік бөлім
- •2.1 Бастапқы көмірдің физика-химиялық сипаттамаларын анықтау
- •2.1.1 Көмірдің ылғалдылығын анықтау
- •2.1.2 Көмірдің күлділігін анықтау әдістемесі
- •2.1.3 Көмір құрамындағы жалпы күкірт мөлшерін анықтау
- •2.2 Көмірді механикалық активтеу
- •2.3 Көмірді экстракциялау процесінің әдістемесі
- •2.5 Хромато-масс-спектрометриялық (хмс) талдау әдісі
- •3 Тәжірибе нәтижелері мен оларды талқылау
- •3.3.1 Бензол экстрактісінің көмірсутектік құрамы
- •3.3.2 Толуол экстрактісінің көмірсутектік құрамы
- •3.3.3 Пиридин экстрактісінің көмірсутектік құрамы
- •3.3.4 Төрт хлорлы көміртек экстрактісінің көмірсутекті құрамы
- •Қорытынды
3.3.4 Төрт хлорлы көміртек экстрактісінің көмірсутекті құрамы
Хроматографиялық талдау көмегімен зерттелген төрт хлорлы көміртек экстрактісінің көмірсутекті құрамы 14-суреттегі сызбанұсқада келтірілген.
Қатты
қалдық
+
шығын
14-сурет - Төртхлорлы көміртек экстрактісінің көмірсутектік топтық құрамы
Зерттеу нәтижесі бойынша төрт хлорлы көміртек экстрактісінің құрамында парафиндер, изопарафиндер, ароматты көмірсутектер бар болатыны анықталды (15-сурет). Төртхлорлы көміртек экстрактісінің көмірсутектік топтық құрамы келесідей көмірсутектерден құралады:
Н-алкандар – н-гексан (0,621%), н-гептан (0,006%);
Изоалкандар – 2-метилгексан (0,994%), 3-метилгексан (0,047%);
Ароматты көмірсутектер – бензол (98,333%).
15-сурет - Төртхлорлы көміртек экстрактісінің хроматограммасы
Физика-химиялық талдау нәтижесінің көрсеткіші бойынша төртхлорлы көміртек экстрактісінің көмірсутектік шикізат құрамынының басым бөлігін ароматты көмірсутектер, яғни бензол (98,33%) құрайды.
Сонымен, алынған мәліметтерге сүйенетін болсақ, көмірсутекті өнімдер құрамы еріткіш табиғатына байланысты ерекшеленетіндігі анықталды. Мысалы, бензол экстрактісінен алынған көмірсутекті өнімдерінде басқа еріткіштерге қарағанда азда болса оттекті қосылыстар болатыны айқындалған. Ал төртхлорлы көміртек экстрактісінің құрамы тек қана парафин, изопарафин және ароматты көмірсутектерден тұратынын көруге болады.
Қорытынды
Сонымен зерттеу нәтижелері бойынша келесі тұжырымдарды жасауға болады:
Бастапқы көмірге механикалық өңдеу жүргізіліп, құрамы ИҚ-спектроскопия әдісімен зерттелді. Зерттеу барысында бастапқы көмірге қарағанда механикалық өңделген көмірде гидроксиль топтардың жұтылу жолақтары айтарлықтай жоғарлағаны анықталды.
Көмірді экстракциялау процесінің принципиалды және технологиялық сызба-нұсқалары құрастырылды.
Көмірді бензолмен экстракциялау процесі жүргізіліп, алынған сұйық өнімдердің көмірсутекті құрамынының басым бөлігін парафиндер (70,32 %), нафтендер (17,85 %) және ароматты көмірсутектер (6,14 %) құрайтыны анықталды.
Толуолмен экстракциялау процесінен алынған сұйық өнімдердің көмірсутектік құрамынының басым бөлігін парафиндер (53,06 %), изопарафиндер (3,66 %) және ароматты көмірсутектер (33,88 %) құрайтыны дәлелденді.
Пиридинмен экстракциялау өнімдерінің басым бөлігін изопарафиндер (16,72 %), нафтендер (14,79 %) және ароматты көмірсутектер (67,72 %) құрайтыны анықталды.
Төртхлорлы көміртекпен өңдеу өнімдері құрамынының басым бөлігін бензол (98,33 %) құрайтындығы анықталды.
