- •Әдеби шолу
- •1.1 Көмірлердің түзілу кезеңдері
- •Көмірдің физикалық және химиялық құрылымы
- •Көмірдің молекулалық модельдері
- •Көмірлерді әртүрлі еріткіштермен өңдеу. Көмірдің еруі.
- •2 Экспериментік бөлім
- •2.1 Бастапқы көмірдің физика-химиялық сипаттамаларын анықтау
- •2.1.1 Көмірдің ылғалдылығын анықтау
- •2.1.2 Көмірдің күлділігін анықтау әдістемесі
- •2.1.3 Көмір құрамындағы жалпы күкірт мөлшерін анықтау
- •2.2 Көмірді механикалық активтеу
- •2.3 Көмірді экстракциялау процесінің әдістемесі
- •2.5 Хромато-масс-спектрометриялық (хмс) талдау әдісі
- •3 Тәжірибе нәтижелері мен оларды талқылау
- •3.3.1 Бензол экстрактісінің көмірсутектік құрамы
- •3.3.2 Толуол экстрактісінің көмірсутектік құрамы
- •3.3.3 Пиридин экстрактісінің көмірсутектік құрамы
- •3.3.4 Төрт хлорлы көміртек экстрактісінің көмірсутекті құрамы
- •Қорытынды
2.1.3 Көмір құрамындағы жалпы күкірт мөлшерін анықтау
Әдіс отын өлшендісін Эшка қоспасымен (MgO + Na2CO3) өртеп, алынған күлді ерітіп, барий сульфаты түрінде тұнбаға түсіріп, салмағын анықтауға негізделген. Ол үшін массасы 0,5-1,0 г көмір өлшендісін алдын-ала күйдірілген, салмағы өлшенген тигельге салады. Тигельдегі көмір өлшендісінің үстіне 3 г Эшка қоспасын салып, жақсылап араластырып, қоспаның бетін 2 г Эшка қоспасымен жабады. Тигельді муфельді пешке орналастырып, пешті (815±25)0С температураға дейін қыздырады да, осы температурада 2 сағат ұстайды. Отын өлшендісін өртеп болғаннан кейін тигельді пештен алып, бөлме температурасына дейін суытады. Салқындатылған өртендіні стаканға ауыстырып, үстіне 10 см3 сутегі асқын тотығын құйып, 30 минут 800С температурада қыздырады да, 5 минут сутегі асқын тотығы ыдырағанға дейін қайнатады. Стакандағы қоспаны сүзіп, сүзгідегі тұнбаны ыстық сумен шаяды. Алынған ерітіндінің жалпы көлемі 250 см3 аспауы қажет. Осы ерітіндіге бірнеше тамшы метил қызылын тамызып, ерітіндіні бейтараптау үшін бірнеше тамшы тұз қышқылы ерітіндісін тамызады да, үстінен 1 см3 тұз қышқылы (1:1 қатынастағы) ерітіндісін қосады. Бұдан кейін көміртегі диоксидін ығыстырып шығару үшін 5 минут бойына қайнатады.
Қайнап жатқан ерітіндіге үздіксіз араластыра отырып, тамшылатып 10 см3 барий сульфаты ерітіндісін қосады да қайнау температурасына жақын температурада 30 минут ұстайды. Түзілген барий сульфатының тұнбасын тығыз сүзгі қағаз арқылы сүзеді. Қағаздағы тұнбаны хлор иондарынан толық арылғанша ыстық сумен шаяды. Ылғалды сүзгішті тұнбасымен алдын-ала күйдіріліп өлшенген тигельге салып, кептіргіш пеште кептіреді. Бұдан кейін тигельді муфельді пеште (815 ± 25) 0С температурада 15-20 минут күйдіреді. Тигельді муфельді пештен алып, бөлме температурасына дейін салқындатып өлшейді.
Аналитикалық
сынамадағы күкірттің массалық үлесін
(S
)
пайызбен
келесі формула бойынша есептейді:
мұндағы m1 - отынды сараптау кезінде алынған барий сульфатының массасы, г;
m2 - бақылау тәжірибесі кезінде алынған барий сульфатының массасы, г;
0,0080 - 10 см3 стандартты калий сульфаты ерітіндісінен алынған барий сульфатының массасы, г;
0,1374 - барий сульфаты массасының күкіртке есептегендегі коэффициенті;
m - көмір өлшендісінің массасы, г.
Аналитикалық сынамадан күкірттің массалық үлесін екі, үш отын өлшенділерін қатар алып анықтайды. Екі тәжірибе нәтижелері арасындағы айырмашылық 0,002 г артпауы керек.
2.2 Көмірді механикалық активтеу
Органикалық массаның реакцияға қабілеттілігін жоғарлату үшін көмірді механикалық активтейді. Ол үшін көмірді сыртқа тебуші шарикті МЛ-1 зертханалық диірменінде (1-сурет) 10 минут бойына өңдейді. МЛ-1 зертханалық диірменнің техникалық сипаттамалары 3-кестеде келтірілген.
3-кесте - МЛ-1 зертханалық диірменнің техникалық сипаттамалары
Параметрлер |
Параметрлер мәні |
Тиімді көлем, см3 Бастапқы және алынатын заттың ірілігі, мм Жұмыс істеу камерасының материалы Ұнтақтау уақыты, минут Тұтыну қуаттылығы, Вт Аумақ мөлшері, мм ұзындығы ені биіктігі Массасы, кг Шариктер саны (жұмысқа қолданғаны) |
50 3-0,06 Титан 10 120
263 150 270 9,5 6 (2) |
1 - электр қозғалтқыш; 2- стержень; 3- жұмыс істеу камерасы; 4 – қақпақ; 5 – тумблер; 6 - қорытпа көрсеткіші; 7- бұрама; 8 – тығын.
1-сурет - Көмірді механикалық активтеу диірменінің сызбанұсқасы
