- •3.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •3.2 Ұйымдастыру іс-шаралары
- •3.3 Техникалық іс-шаралар
- •3.3.1 Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •3.3.2 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
- •3.3.3 Ауа алмасуын есептеу
- •3.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау
- •3.3.5 Жарылыстардың алдын-алу іс-шаралары.
- •3.4 Санитарлы-гигеналық іс-шаралар
- •3.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
- •3.3.6 Химиялық заттармен улануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •3.4.2 Метеорологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •3.4.3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру және есептеу
- •3.4.4 Шудан қорғау
- •3.4.5 Өндірістік дірілден қорғау.
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
3.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау
Жарақат ретінде көрсетілген келесідей жағдайлар топталынған:
1) жұмыс орны тəртібінде, өндіріс құралдары, жеке қорғаныс құралдарын дайындау мен жүргізу кезінде, жұмыс уақытының аяқталуы бойынша немесе басталар алдында.
2) жұмыс ұйымдастырушы немесе жұмыс берушінің тапсырмасымен байланысты, өзінің міндетін немесе жұмысын орындаумен болған орнында немесе іс сапар уақытында жəне жұмыс орнында, жұмыс уақыты аралығында;
3) өндірістік зиянды жəне қауіпті əсерлердің нəтижесінже;
4) жұмыс уақытында, жұмысшы зерттеуінің жолы бойынша, жұмыс орнында қызмет ету объектілері арасындағы жылжумен байланысты əрекеттерді, жұмыс берішінің тапсырмасын орындауы бойынша əрекеттерді, жұмыс берушінің тапсырмасын орындауы бойынша;
5) жұмыс берушінің көлігінде;
6) қызметтік жол жүруі үшін пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазба түріндегі келісімі бар болған кездег, жеке көлікте;
7) жұмыс берушінің бұйрығы бойынша, өзінің жəне басқа ұйымның территориясына келген кезеңінде, сонымен бірге жұмыс берушінің жеке меншігін қорғау кезінде;
8) жұмыс орны бойынша немесе іс сапары кезінде жұмысшының қызметтік міндетін орындауы кезінде, оны қасақана өлтіру жəне оны жарақаттауы.
Егер жарақат алған жұмысшы, тұрғындарды əлеуметтік қорғау аймағындағы орталық орындаушы органдардың территориялы бөлімшесінде көмек түрлерін (емдеу, қосымша тамақтану, дəрі –дəрмек алу, медициналық тексеруден өту, санитарлы-курорттық емдеу, зиян шегушінің емделу орнына барып – қайтуына төлем ақысын қоса алғанда), алмаса, ұйым жарақат алған жұмысшыға еңбек ақысына қосымша жəрдем ақы береді жəне қосымша шығынды төлейді.
Арнайы медициналық жəне тұрмыстық күтім қажет, зиян шегушіге, шығынды əрбір күтім түріне байланысты бірден кем емес есептік айлық көрсеткішінен бөліп отырады.
3.3.5 Жарылыстардың алдын-алу іс-шаралары.
ЭСТҚ-АҚ-2 мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысында көп мөлшерде өрт және жарылыс қayiптi материалдар жиналған. Қондырғыда жоғары өнімді көптоннажды құрал-жабдықтарын пайдаланғанынан кейбір аппараттарда және технологиялық жүйелерде мұнай өнімдерінің мөлшері көбейеді, бұл қондырғыньң кейбір аймақтарында өрт және жарылыс қауіпті материалдардың концентрациясы жоғарлауына әкеліп соқтырады. Өндірістің өртке жəне жарылысқа қауіптілігі дəресесі 5-ке бөлінеді: А,Б,В,ГжəнеД.
А – дəрежесіне өртке қауіпті өндіріс жатады. Онда жататын газдар мен оңай тұтанатын газдар. 28 С температурада жарылысқа қауіпті булы газ ауаны, қоспаны құрайды.
Б – дəрежесіне жарылысқа қауіпті өндіріс жатады, шаңды булы газ ауаны құрайды.
В – дəрежесіне қиын жанатын сұйықтар мен материалдар (сондай-ақ шаңдар) жатады.
Г – дəрежесіне балқыған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар жатады.
Д – дəрежесіне мұздай күйдегі заттар мен материалдар қолданылатын өндіріс жатады.
Өртке қарсы жарылыстарды анықтау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын жəне өндірістік шарттарды үнемі ескеру керек. Көп жағдайларда сенімді техникалық құралдарын қамтамасыз ететін, яғни өрттің алғашқы сатысында алдын алуға болатын минималды-шекті құралдарды қолданамыз.
